Өсімдіктердің даму циклі барысында ұрпақтардың ауысуы


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

І. КІРІСПЕ . . . 3

1. 1 Өсімдіктердің даму циклі барысында ұрпақтардың ауысуы . . . 4

1. 2 Өсімдіктердің дамуы . . . 6

ІІ. Негізгі бөлім.

2. 1 Өсімдік ұлпаларының түрлері мен қызметтері . . . 8

2. 2 Өсімдіктердің көбеюі мен түрлері . . . 17

2. 3 Өсімдіктердің экологиялық топтары . . . 18

ІІІ. Қорытынды . . . 22

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 24

І. КІРІСПЕ

Ботаника өсімдіктер дүниесін зерттейтін биологияның бір саласы болғандықтан, оның мақсаты жер жүзінде өсетін өсімдіктерді жан - жақты зерттеу, құрылысы мен тіршілік үрдісіндегі заңдылықтарын ашу, өз ара байланысы мен қарым - қатынасын танып білу болып табылады. Тірі табиғатты өсімдіктер және жануарлар дүниесі деп бөлу ертеден қалыптасқан. Бұлардың шығу тегі ортақ, яғни ұзақ және күрделі эволюциялық даму процесінің нәтижесінде қарапайым тіршілік формаларынан пайда болған. Жануарлар дүниесінің қарапайым бір жасушалы өкілдері құрылысы жағынан бір жасушалы өсімдіктерге өте ұқсас. Мұндай ұқсастық жер бетінде ең алғаш тіршіліктің пайда болу кезеңіне жақындаған сайын арта түседі.

Барлық тірі организмдердің денесі майда тор тәріздес клеткалардан тұратыны ерте заманнан, лупа мен микроскоп пайда болған кезден, оларды тіршілік құбылыстарын зерттеуге пайдалана бастағаннан белгілі болған. Клетка- өсімдіктер мен хайуанаттардың өте майданегізгі құрылыстық және қызметтік бөлігі. [1]

Тіршілік әрекеттерін өз алдына дербес жүзеге асара алатын бактериялар, балдырлар, саңырауқұлақтар бір клеткалы организмдерге жатады. Бұлардың басым көпшіліктері өте майда, көзге ілінер-ілінбес организмдер.
Өмірімізде күнделікті көзге түсетін жоғары сатыдағы өсімдіктердің барлығы көп клеткалы организмдерге жатады. Мысалы, ағаштың жапырағанда 2 клетка бар. Егер бір ағаштың жапырақ саны 4 триллионға жетеді екен.
Өсімдіктің жалпы денесін құрастыратын жеке мүшелері - жапырақ, сабақ, тамыр, гүл шоғырлары өз алдына белгілі қызмет атқарады. Олардың әр қайсысы түрліше қызмет атқаратын бірнеше ұлпалардан құралған. Жеке ұлпалар бір-біріне пішіндері және атқаратын қызметтері жағынан ұқсас клеткалар жиынтығынан тұрады. Бір ұлпадағы клеткалардың пішіндері және атқаратын қызметтері басқа ұлпалардағыдан өзгеше болады.
Алайда көп клеткалы өсімдіктердің жеке клеткалары атқаратын қызметін бір клеткалы организмдердің қызметімен салыстыруға болмайды. Себебі, көп клеткалы организмдердегі жеке клеткалар тіршілік әрекеттері, атқаратын қызметі жағынан бір клеткалы организмдерге тән дербестігін жоғалта бастайды.

Сондықтан жеке клеткаларды бір жағынан дербес организмдер, екіншк жағынан көп клеткалы организмдердің ең майда және қарапайым бөлігі деп қарастырған жөн.

Жекеленіп алынған клеткалар көлемдері жағынан да алуан - түрлі болып келеді.

Ең майда деген бактерия клеткасының біреуінің құрамында 10 молекула болады екен.

1. 1 Өсімдіктердің даму циклі барысында ұрпақтардың ауысуы

Көбеюдің жыныссыз және жынысты түрлері бірін-бірі толықтырып отырады. Өйткені жыныссыз көбею кезінде түрдің саны артса, жынысты көбеюде ұрпақтың сапасы жақсарады. Сондықтан да өсімдік түрлерінің басым көпшілігіне ұрпақ ауысу тән, яғни жыныссыз ұрпақ жынысты ұрпақпен және керісінше ауысып отырады. Әрқашан гаметофит гаплоидты (n), спорофит диплоидты (2n) . Гамета мейоз жолымен, ал спора митоз жолымен бөліну арқылы жасалады. [2]

Қосарынан ұрықтанғаннан кейін ұрық қалтасындағы 2 синергид, 3 антипод ұрық дамуында жұмсалады; түйіннен - жеміс; тұқым бүршіктен - тұқым; тұқым бүршік жабынынан - тұқым қабықшасы дамиды.

Тұқымды өсімдіктерде жынынысты көбею кезінде көп жасушалы тұқым түзіледі. Тұқым қоректік заттарға бай. Өсімдіктер тұқым арқылы жер бетіне таралады. Тұқымды өсімдіктер өмірін спорафитті кезеңде өткереді. Оларда екі түрлі спора түзіледі. Ұсақ спорадан вегетативті және генеративті жасушадан тұратын аталық гаметофит (тозаң) дамиды, антеридий болмайды. Генеративті жасуша бөлініп, екі спермии түзеді. Ірі спора тұқымбастама ішінде жасалады. Онда жұмыртқа жасушасы дамиды.

Ашық тұқымды өсімдікке жататын өсімдіктердің барлығы сүректі өсімдіктер, яғни ағаш және бұта тектес, мәңгі жасыл. Олардың гүлі болмайды, аталық және аналық бүрлері бар. Жер бетіне көп таралғаны - қылқан жапырақтылар. Оларға қарағай, шырша, бал қарағай, самырсын, туя, қылша және арша жатады. Қылқан жапырақтыларда микориза құбылысы жиі байқалады. Олар жылу сүйгіш, тік, өте баяу өсетін өсімдіктер. Қылқан жапырақтылардың біререкшелігі - шайыр жолдарыныңболуы. Сабағының құрылысы барлық ағаш тектес өсімдіктер секілді қабықтан, сүректен және өзектен тұрады, бірақ өзегі анық байқалмайды, сүрек жасушалары біркелкі. өркенде аталық және аналық бүрлер болады. Қызғылт түсті аналық бүр өзекше мен оған тығыз орналасқан қабықшадан тұрады. Сыртқы қабыршағы жабын, ішкісі - тұқымдық деп аталады. Тұқымдық қабыршақта екі тұқымбастама түзіледі. Тұқымбастама ашық орналасқан. Ал сары түсті аталық бүр өркеннің ұшында болады. Аталық бүрдің төменгі жағында тозаң түзілетін тозаңқапшығы болады. Ауаға толы тозаңдар өте жеңіл болғандықтан желмен ұшып келіп, ашық жатқан аналық бүрдегі тұқымбастамаға түскен кезде, олардың қабыршағы жабылады да, шайырмен жабысады. Бірақ бұл сәтте жұмыртқа жасушасы дайын болмағандықтан ұрықтану жүрмейді. Аналық бүрдің көлемі үлкейіп, жасыл түске боялады. Тозаңданудан ұрықтануға дейін бір жыл уақыт қажет. Демек, ұрықтану келесі жылы жазда ғана жүреді. Зиготадан тұқым дамиды. Ол эндосперм есебінен қоректенеді. Тұқымның шашылуы үшін жарты жыл қажет. Пісіп - жетілген аналық бүр қоңыр түске ауысады, қабыршақтары ашылып, тұқым анық көрінеді.

Қылқан жапырақты өсімдіктердің тамыры терең бойлайтындықтан топырақты эрозиядан сақтайды. Олардан зиянды бактерияларды жоятын ұшқыш заттар бөлінеді. Қарағай сүрегінен химиялық жолмен өңдеп, жасанды талшық алады. Шырша сүрегі қағаз жасауда шикізат ретінде қолданылады. Ашық тұқымды өсімдіктерден құрылыс материалдары дайындалады. Арша, қылша халық медицинасында қолданылады. [3]

1. 2 Өсімдіктердің дамуы

Жер бетінде миллиардтаған жылдар бұрын өсімдіктер пайда болып, әр дәуірде өзгеріп отырған (2-кесте) .

Жер бетінде өсімдіктердің дамуы (В. Г. Хржановский бойынша)

Эралар ұзақтығы: Эралар ұзақтығы
Дәуірлер: Дәуірлер
Дәуірдегі басым болған өсімдік топтары: Дәуірдегі басым болған өсімдік топтары
Эралар ұзақтығы:

Кайнозой

62-70 млн. жыл

Дәуірлер:

Төрттік (антропоген)

Жоғарғы үштік (неоген)

Дәуірдегі басым болған өсімдік топтары:

Мәдени өсімдіктер пайда болды.

Жабық тұқымды өсімдіктер басым болған.

Эралар ұзақтығы: Төменгі үштік (палеоген)
Дәуірлер: Жабық тұқымды өсімдіктер көбейіп, ашық тұқымдылар азая бастаған.
Эралар ұзақтығы:

Мезозой

240 млн. жыл

Дәуірлер: Бор
Дәуірдегі басым болған өсімдік топтары: Қылқан жапырақтылар және цикадалықтар басым болғанымен, жабық тұқымдылар көбейіп тарала бастаған.
Эралар ұзақтығы: Юра
Дәуірлер: Ашық тұқымдылардан қылқан жапырақтылар мен цикадофиттер үстем болған. Тұңғыш жабық тұқымдылар пайда бола бастаған.
Эралар ұзақтығы: Триас
Дәуірлер: Тұқымды папоротниктер жойылып, ашық тұқымдылар қаулап өсті.
Эралар ұзақтығы:

Палеозой

570 млн. жыл

Дәуірлер: Перм
Дәуірдегі басым болған өсімдік топтары: Климаттың өзгеруі салдарынан флоралар тропиктік және тропиктен тыс деп бөлінді. Ашық тұқымды өсімдіктер пайда болды.
Эралар ұзақтығы: Тас көмір
Дәуірлер:

Плаундар мен қырықбуындардың басым болуы. Жоғары сатыдағы споралылар мен тұқымды папоротниктердің дамуы.

Саңырауқұлақтардың дамуы. Қалың қабатты тас көмірдің пайда болуы.

Эралар ұзақтығы: Девон
Дәуірлер: Псилофиттердің дамуы және олардың құрып кетуі. саңырауқұлақтардың пайда бола бастауы.
Эралар ұзақтығы: Силур
Дәуірлер: Псилофиттердің пайда бола бастауы.
Эралар ұзақтығы: Ордовик
Дәуірлер: Теңіз балдырлары басым болған.
Эралар ұзақтығы: Кембрий
Дәуірлер: Ірі көп жаушалы балдырлар пайда болды.
Эралар ұзақтығы:

Протерозой

2600 млн. жыл

Дәуірлер: Иотний
Дәуірдегі басым болған өсімдік топтары: Қызыл балдырлар пайда болды.
Эралар ұзақтығы: Карель
Дәуірлер: Балдырлар мен бактериялар пайда бола бастады.
Эралар ұзақтығы:

Архей

3500 млн. жыл

Дәуірлер: Жоғарғы свионий
Дәуірдегі басым болған өсімдік топтары: Бактерия тектес ізбестілердің болуы.

Жасуша құрылысына байланысты өсімдіктер бір жасушалы, жасушаланбаған, колониялы және көп жасушалы деп бөлінеді.

Бір жасушалы өсімдіктер денесі бір ғана жасушадан тұрғанымен барлық тіршілік иелеріне тән күрделі тіршілік үрдістері (зат алмасу, көбею, қозғалу, тітіркену т. б. ) жүреді. Оларға бір жасушалы балдырлар - хламидамонада, хлорелла т. б. жатады.

Жасушаланбаған өсімдіктер денесі өте үлкен, 0, 5-1 метрге дейін жетеді. Жасушасының жеке бөліктері жапырақтың, сабақтың, тамырдың қызметін атқарады. Олар көп ядролы ағзалар болып табылады. Жасуша тұтас бір қабықшамен қапталып жатқандықтан, зақымдалуға өте сезімтал. [4]

Жасушаланбаған өсімдіктерге вошерия, ботридиум, каулерпа секілді балдырлар жатады.

Колониялы өсімдіктер - ұсақ жасушалы ағзалар бөлінгеннен соң ажырап кетпей ортақ қабықша ішінде тіршілік етіп қалған ағзалар. Олар бір және көп жасушалы ағзалар арасында аралық орын алады. Колониялы ағзаларға пандорин, вольвокс т. б. жатады.

Көп жасушалы өсімдіктер денесі көп жасушалардан, тіпті әртүрлі қызмет атқаратын күрделі ұлпадан құралған. Төменгі сатыдағы өсімдік денесі талломнан, жоғарғы сатыдағы өсімдік денесі мүшелерден тұрады.

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1 Өсімдік ұлпаларының түрлері мен қызметтері

Ұлпа дегеніміз - шығу тегі және құрылысы ұқсас, бір немесе бірнеше қызмет атқаруға бейімделген, тұрақты және заңды қайталанатын жасушалар жиынтығы.

Өсімдіктердің жер шарынан барлық табиғат зоналарында таралуы, олардың флоралық құрамының алуан түрлілігі - эволюциялық дамудың нәтижесі. Тарихи даму барысында өсімдіктер қарапайым жасушаланбаған түрден, «ядросыз», бір жасушалы эукариотты формадан құрылысы күрделі ағзаларға айналды. Өсімдіктердің сулы ортадан құрлыққа бейімделуі олардың вегетативтік денесінің қарқынды жіктеліп, ең алдымен біркелкі жасушалар қабатынан тұратын талломдық құрылысқа, одан біртіндеп тамыр, сабақ және жапырақ сияқты негізгі мүшелерге ие болуымен жалғасады. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің денесі құрылымы әр түрлі жасушалардың жиынтығынан тұрады. Жасушалар жиынтығынан белгілі бір қызмет атқаруға бейімделген жасушалар тобын Н. Грю (1671) ұлпалар деп атауды ұсынып, паренхималық және прозенхималық деп екі топқа бөлген. Қазіргі уақытта бұл ұғымдар жасушаның түрі ретінде қарастырылады. Ұзындығы мен ені шамамен тең жасушалар паренхималық, ал ұзындығы енінен бірнеше, тіпті жүздеген есе артық жасушалар прозенхималық жасушалар деп аталады. [5]

Өсімдіктер әлемінің эволюциялық даму процесінде құрылымы жағынан күрделі ұлпалар гүлді өсімдіктерде қалыптасты. Осы уақытта ұлпаларды жіктегенде жасушалар тобының анатомиялық құрылысы мен морфологиясы, физиологиялық қызметі және шыққан тегі басшылыққа алынады. Өсімдік ағзасында әр түрлі қызмет атқаруға бейімделген тоғыз түрлі ұлпалар кездеседі: түзуші, жабындық, механикалық, өткізгіш, сорып алушы, қор жинаушы, бөліп шығарушы, ассимиляциялық және ауа жинаушы. Түзуші ұлпадан басқа ұлпалар түпкілікті деп аталады (3-кесте) .

Ұлпа атауы: Ұлпа атауы
Құрамындағы жасушалар: Құрамындағы жасушалар
Құрылыс ерекшеліктері: Құрылыс ерекшеліктері
Орналасуы: Орналасуы
Атқаратын қызметі: Атқаратын қызметі
Ұлпа атауы:

Түзуші ұлпа (меристема) :

1. Төбе меристемасы

2. Бүйір меристемасы

А) алғашқы

Б) соңғы

3. Қыстырма

меристема

4. Жарақат меристемасы

Құрамындағы жасушалар:

Промеристема, бастама (инициалды)

прокамбий перицикл

камбий феллоген

Құрылыс ерекшеліктері:

Жасушалары ұсақ,

жасуша қабықшасы жұқа, қоймалжың цитоплазмаға толы, вакуольдер саны аз,

ұсақ, ядросы ірі және жасуша ортасында орналасқан

Орналасуы:

Сабақ пен тамыр ұшында (бой конус) орналасқан

Атқаратын қызметі:

Сабақ пен тамырдың ұзарып өсуін қамтамасыз етеді

Ұлпа атауы:

Өстік мүшелердің көлденең кесіндісінде сақина түзіп, тін мен сүрек арасында, орталық цилиндр мен алғашқы қабық арасында орналасады

Құрамындағы жасушалар:

Сабақ пен тамыр жуандайды

Ұлпа атауы:

Буында орналасады

Жарақаттанған жерде пайда болады

Құрамындағы жасушалар:

Буын аралығы ұзарады

Жарақат жазылады

Ұлпа атауы:

Жабындық ұлпа:

1. Үлпекқабат

2. Соңғы қабық (перидерма)

3. Қыртыс

Құрамындағы жасушалар:

Негізгі жасушалар, лептесік, түктер

Тоз, жасымықша

Құрылыс ерекшеліктері:

Тығыз орналасқан сыртқы қабырғасы қалыңдаған тірі жасушалар

Тығыз орналасқан біреше қатар тірі және өлі жасушалардан тұрады

Қабаттасқан өлі тоз жасушаларынан құрылады

Орналасуы:

Жапырақ, жас сабақ, гүлді қаптап жатады

Көп жылдық өсімдіктердің бұтақтарын, түйнек, тамырсабақ, тамырды қаптап тұрады

Ағаштардың діңінде пайда болады

Атқаратын қызметі:

Жабындық ұлпалар өсімдіктердің нәзік бөліктерін шамадан тыс буланудан, құрғап кетуден, зиянды микроағзалардың әсерінен, төменгі және жоғарғы температурадан қорғайды.

Ұлпа атауы:

Өткізгіш ұлпа:

1. Ксилема (сүрек)

2. Флоэма (тін)

Құрамындағы жасушалар:

Түтік (трахея немесе сосуд),

түтікше (трахеид)

Сүзгілі түтік, серік жасушалар

Құрылыс ерекшеліктері:

Жасуша қабырғасы сүректеніп, қалыңдап кеткен өлі прозенхималық жасушалар

Көлденең қабырғасы сүзгі тәрізді тірі жасушалардан тұрады

Орналасуы:

Сабақта және тамырда флоэма астында, жапырақтың астыңғы бетіне қарай орналасқан

Сабақ пен тамырда ксилеманың сырт жағында, жапырақтың үстіңгі бетіне қарай орналасқан

Атқаратын қызметі:

Су мен минералдық заттарды тамырдан басқа мүшелерге жеткізеді.

Фотосинтез үрдісінде түзілген органикалық заттарды мүшелерге таратады

Ұлпа атауы: Механикалық
Құрамындағы жасушалар:

Коленхима

Склеренхима

Склереид

Құрылыс ерекшеліктері: Жасуша қабырғасы қалыңдап сүректеніп кеткен өлі жасушалар
Орналасуы: Шоқтарды қоршап жатады және сабақ пен сағақ қырларында орналасады
Атқаратын қызметі: Өсімдік мүшелеріне беріктік, серпімділік, мықтылық қасиет береді
Ұлпа атауы: Ассимиляция-лық
Құрамындағы жасушалар: Мезофилл (борпылдақ, бағаналы)
Құрылыс ерекшеліктері: Хлоропласттарға бай тірі паренхималық жасушалар
Орналасуы: Жапырақ пен жас сабақтың үлпекқабатының астында орналасады
Атқаратын қызметі: Фотосинтез
Ұлпа атауы: Қор жинаушы
Құрамындағы жасушалар:
Құрылыс ерекшеліктері: Өсімдіктер ағзасында жұқа қабықшалы паренхималық жасушалар
Орналасуы: Жемісте, тұқымда, түйнекте, тамырсабақта, пиязшықта, жемтамырда, суккуленттерде кездеседі
Атқаратын қызметі: Ақуыз, май, көмірсуларды, суды, минералды заттарды қоға жинау
Ұлпа атауы: Бөліп шығарушы
Құрамындағы жасушалар: Бездеуіт түктер, шірнелік, гидатодтар, шайыр және сүт жолдары
Құрылыс ерекшеліктері: Жасушалар борпылдақ орналасып, өткізгіш шоқтар келіп ашылады
Орналасуы: Өсімдіктің барлық мүшелерінде кездеседі
Атқаратын қызметі: Артық заттарды, шырынды заттарды, эфир майларын, суды бөліп шығарады
Ұлпа атауы: Сорып алушы
Құрамындағы жасушалар: Эпиблема (ризодерма)
Құрылыс ерекшеліктері: Зат алмасу үрдісі өте активті, жұқа қабықшалы жасушалар
Орналасуы: Тамырдың сору аймағы; астық тұқымдастарының дәнегіндегі ұрықтың қалқаншасы; паразит өсімдіктердің гаусториялары.
Атқаратын қызметі: Сыртқы ортадан су және онда еріген заттарды қабылдайды.
Ұлпа атауы: Аэренхима (ауа алмастырушы)
Құрамындағы жасушалар:
Құрылыс ерекшеліктері: Жасуша аралық қуыстары өте үлкен паренхима
Орналасуы: Ауа алмасуы қиын, батпақты жерлер мен суда өсетін өсімдіктерде дамиды
Атқаратын қызметі: Су мен батпақта орналасқан мүшелерді оттегімен және көмірқышқыл газымен қамтамасыз ету

Түзуші ұлпа (меристема)

Өсімдіктің мүшелері мен түпкілікті ұлпаларды түзетін жасушалар тобын түзуші ұлпа дейді.

Түзуші ұлпаға ядросы ірі, вакуольдері өте ұсақ, жасуша қабықшасы жұқа, тығыз орналасқан ұсақ жасушалар тән. Ол атқаратын қызметі мен орналасуына байланысты төбе, бүйір, қыстырма және жарақат меристемасына жіктеледі.

Төбе (апикалдық) меристемасы өркеннің және тамырдың ұшына орналасып, мүшелердің ұзарып өсуін қамтамасыз етеді. Төбе меристемасы ұрықтан бастама алады. Алғашқы жапырақ, сабақ және тамыр Өсімдіктердің тамыры мен сабағының және бұдан өсіп шыққан бұтақтарының, өркендерінің ұшындағы бой немесе өсу конусын алғашқы түзуші ұлпалардан тұратын төбе меристемасы құрайды. Бой конусының дәл төбесін өсу нүктесі дейді. Өсу нүктесінің жасушалары кариокинез жолымен бөліне келіп, олардан көптеген жас жасушалар пайда болады. Осы жолмен пайда болған бой конусының барлық жасушалары мөлшері және пішіні жағынан біркелкі келеді; олардың қабықшалары өте жұқа және жасунықтан ғана тұрады; вакуолялары жоқ, егер болған кезде де олар тым ұсақ; ядролары ірі болады. Бірінен бірін ажыратуға болмайды. [6]

Өсімдіктер сабағының бой конусының ең жоғарғы жағындағы жасушалар промеристема немесе алғашқы түзуші ұлпа делінеді. Оның бөлінуге қабілетін жоймайтын жасушалар тобы инициалды немесе бастама жасушалар беп аталады. Промеристема жіктеле келе өсімдік мүшелерінің мынандай түпкілікті ұлпаларын жасап шығарады:

1) Промеристеманың ең сыртқы қабатының жасушалары бір-бірімен өте жақын, тығыз орналасады. Бұның жасушаларынан алғашқы жабындық ұлпа - үлпекқабат (эпидермис) пайда болады. Ол жасушалар бір қабат болады. Өйткені, оның жасушалары бөлінген кезде, пайда болған жас жасушалар өсімдіктің ұзына бойына қатарласып көлденең орналасады.

2) Периблема - бірнеше қабат болып жататын паренхималық жасушалар тобы. Бұдан алғашқы қабықтың жасушалары жасалады.

3) Плерома - промеристеманың өзек жағында орналасқан жасушалар тобы. Бұның жасушаларынан өсімдік сабағының орталық цилиндріне (стелласында) орналасқан түпкілікті ұлпалар пайда болады.

Өсімдіктер құрылысының бұл сияқты түзілісі кейбір су өсімдіктерінде, мысалы элодеяда болады.

Сонымен қатар өсімдік сабағының бой конусындағы алғашқы түзуші ұлпаларды осы кезде екі қабатқа бөледі. Оның біріншісі -туника, екіншісі-корпус.

Негізгі меристема жасушалары жіктеледі де, оның арасында прокамбий пайда болады, оны кейде десмоген деп те атайды. Прокамбий жасушалары ұзын және жіңішке болады да, жіктеле келе олардан негізгі сосуд-талшық шоқтары түзіледі.

Өсімдік тамырының бой конусында да, сабақтағы сияқты, алғашқы түзуші ұлпа - промеристеманың бір түрі болады. Оның қызметі сабақтың бой конусындағы промеристема бөлімімен бірдей болғанымен, орналасуы жағынан кейбір айырмашылықтары бар.

Тамыр промеристемасы сабақтағы сияқты ұзынынан қабаттасып жатпастан, көлденеңінен үш қабат болып орналасады. Бұлардың ең бірінші ұшындағы қабатынан - тамыр оймақшасы мен алғашқы жабындық ұлпаның (эпиблеманың) жасушалары, ал үшінші қабатынан - тамырдың орталық цилиндрінде орналасқан түпкілікті ұлпа жасушалары пайда болады.

Элодея өсімдігінің бой конусынан жасалған препараттан бір-біріне тығыз орналасқан, ядролалары ірі, көлемі ұсақ жасушаларды көреміз. Сонымен қатар бой конусынан төмендеу жерде оның сыртында бірнеше төмпешіктерді байқауға болады. Олардың бой конусына жақын орналасқандары әлсіз білінеді де, одан төмендеген сайын жақсы көрініп, біраздан соң ұзара бастайды. Бұлар - бой конусында жаңадан пайда болған алғашқы жапырақтар.

Өсімдік тамырларының бой конуысында да алғашқы түзуші ұлпалар бар. Оларды бидай немесе жүгерінің жас өскіндерінің тамырынан айқын көруге болады. [7]

Тамырдың бой конусын оймақша (саусақтың ұшына киген оймақ тәрізді) қаптап тұрады. Сондықтан мұны тамыр оймақшасы деп атайды.

Ескі жасушалар тамыр оймақшасының сырт жағынан біртіндеп түлеп отырады да, жас жасушалар оның ішкі жағында орналасқан промеристемалық жасушалардың (гистогеннің) бірінші қабатынан (калиптрогеннен) өсіп шығып үздіксіз толысып отырады.

Сонымен қатар, калипроген жасушаларынан сабақтағы дермотоген сияқты жасушалар бөлініп шығады да, бұлардан эпиблема деп аталатын алғашқы жабындық ұлпа пайда болады. Мұның құрылысы да сабақтың бой конусындағы үлпекқабат тәрізді жалаң қабат болады.

Эпиблема басқа жасушалар секілді құрамында тек жасунық болмайтындығымен ерекшеленеді. Амилоидтан тұратын қабықшасының сыртқы бетінде бірте-бірте тамыр түктері пайда болады. Бұлар өскен ортасына байланысты ұзынды - қысқалы жалпы пішіні цилиндр тәрізді және бір жасушадан тұратын эпиблеманың өскіншесі болып табылады. Жас тамырлардың бұл сияқты түктер өсіп шыққан деңгейін сору аймағы дейді. Сору аймағының ұзындығы үнемі 2-3 мм шамасында болады. Оның алдыңғы ұшына жақын жағында жаңа түктер пайда болады, артқы жағында олар біртіндеп түлеп отырады. Соның арқасында сору аймағының ұзындығы азды-көпті біркелкі күйінде қала береді.

Тамырдың бой конусында орналасқан промелистемалық жасушалардың екінші қабаты ары қарай өсе келе периблемаға айналады. Мұның әрбір жасушалары тағы да үздіксіз бөлініп, көбею арқасында, олардан өсімдік тамырының келешектегі алғашқы қабығы жасалады. Бой конусының үшінші қабатының жасушалары плеромаға айналады да, одан тамырдың орталық цилиндірі пайда болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғылым ретіндегі генетика. Тұқым қуалаушылық заңдары
Антер мәдениетінде арпаның гаплоидты өсімдіктерін алу әдісі
Экология ғылымы туралы түсінік
Оқушыларды табиғат пен қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу
Тыныс алудың ферменттік жүйелері
Жеке өсімдік дамуының гормондық негіздері
Кері мутациялар керісінше, мутантты типтерден жабайы типтерге өтуі
Эволюциялық ілімнің негізгі міндеттері
Табиғатты қорғаудан сынып жұмыстары
Буынаяқтылар типіне жалпы сипаттама
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz