Сана және өзіндік сана


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Сана және өзіндік сана
  2. Еңбек және саналы іс-әрекет
  3. Тіл және адам санасы
  4. Сана және бейсана

Пайдаланған әдебиеттер

Сонымен, тіршілік дамуы қоршаған болмыс, дүниені бейнелеуді қамтамасыз етуге арналған жануарлардың төн құрылымын пайда етіп, сол қызметке қажетті ағзаларды жікке салды. Бейнелеу қызметінің сипаты неге тәуелді? Неліктен бір жағдайда ол жеке қасиеттерді қабылдайды да, екіншісінде затты тұтастай бейнелейді? Бұл жануарды қоршаган дүниемен байланыстыратын сол жануардың әрекет-қылығының обьектив құрылысына тәуелді. Тіршілік жағдайының өзгермелілігіне жауап бере отырып, жануардың дене құрылысы мен әрекеті де өзгеріске келеді, соның салдарынан психикалық бейнелеудің жаңа формаларының туыңдауына себепші тән мүшелері мен олардың қызметі өзгерген биологиялық талаптарға орай икемдеседі. Жануар психикасы мен әрекстінің және адам іс-әрекеті мен санасының сапалык ерекшеліктері томендегідей:

1. Жануарлар әрекет-қылыгының бәрі адам іс-әрекетінен өзінің тікелей биологиялық, табиғи сипатымен ажы-ратылады, яғни жануар әрекеті тек тіршілікке қажет затқа байланысты әрбір, табиғатта болған инстинктік қатынас шеңберінен аса алмайды. Осыған орай тіршілік иесінің шыңдықты психикалық бейнелеу мүмкіндігі шектеліп, өзіне биологияльгқ тараптан қажет болған заттардың қасиеттері мен сапаларын ғана қабылдау қабілеттеріне ие. Сондықтан да жануарларда заттарды сол күйінде тұрақты, объектив бейнелеу тәсілі қалыптаспаған. Қоршаған ортаның барша заттары олар үшін инстинктік қажет аймағында ғана танылуы мүмкін.

2. Жануардың өзі тектес тіршілік түрлеріне қатынасы басқа тысқы объекттерге, нысандарға қатынасынан бөлектенбейді, яғни жануарларда қоғамдық сезімнің болмауына байланысты бұл қатынас та биологиялық инстинкт сипатында болады. Жануарларда шын жөніндегі еңбек бөліс

атымен жоқ, ал олардың әртүрлі қызметті шеберлікпен орындай алуы табиғи жағдай қажеттіліктеріне орай тума берілген қасиет.

3. Жануарлардың өзара қатынас түрлері олардың "тіліңдегі" ерекшеліктерді де анықтап отырады. Көбіне жануарлар бір-біріне дыбыстар көмегімен өсер етеді Мұндай процестің адамдардың тілдесу қатынастарына ұқсастығы қандай? Әлбетте, қандай да бір сыртқы ұқсастық бар. Бірақ олар ішкі мағыналық тарапынан бір бірінен мүлде басқаша. Адам тілдесу барысында объектив мазмұнды білдіріп, озіне қаратылған ауызша сөзді әншейін бір дыбыс ретінде қабылдап қоймастан, коршаған болмыс шындығын бейнелеген ақпарат деп таниды. Ал жануарлардың дыбыстық әрекеті белгілі мазмұнға сай сараланбай, барша биологиялық қажеттіліктің бәріне бірдей қолданылады (көректі қажетсіну, ұрқу, қорғаныс т. б. ) да, инстинктік, тума бекіген қылықтар шегінен аса алмайды.

Адамның санасының пайда болуы мен оның сипаты психика дамуының ең жоғары, жаңа сатысынан дерек береді. Жануарларға төн психикалық бейнелеуден саналық бейнелеудің айырмашылығы бұл заттасқан шындық болмысты бейнелеу. Ішкі психикалық құбылыстардың болуы, әлемнің субъектив бейнеге енуі адам психикасының мәңгі зерттелетін сыры (А. Н. Леонтьев) .

Сана психикасының ерекше сапалық формасы тіршілік эволюциясында өзінің ұзаққа созылған тарихына ие болғанымен, ол алғашқы рет еңбек пен қоғамдық қатынастарға түскен адамда ғана пайда болды. Адамның саналы әрекетінің үш айрықша белгісі бар.

Олар:

1) адамның саналы іс-әрекеті биологиялық себен-салдармен байланысы жоқ. Кейбір жағдайларда адам биологиялық қажеттікке бойұсынбай, оған қарсы шығады. Мысалы, ерлік пен жан пидалылыққа бару;

2) Адамның саналы әрекеті жануарлардағыдай заттың сыртқы көрінісімен ғана қанағаттанбастан, оны тереңірек, жан-жақты тануға бағытталады. " Адам нақты көрнекіліктен абстрактық бейнелеуге өтіп, объектердің астарлы байланыстарына үңше көз жіберіп, тысқы бейне формасын ғана емес, тереңдегі заңдылықтарын тануға ұмтылады да соларға орай өз әрекет-қылығына бағыт тандайды;

3) Жануар әрекет-қылықтары биологиялық байланыспен бірге, туа беріліп отырса, адамның біліктері мен ептілері қоғамдық-тарих негізінде қалыптасып, олар оқу арқылы ұрпақтан ұрпаққа жеткізіледі.

Яғни адам иелігіндегі әрекет-қылық тәсілдері оның өз тәжірибесінің өнімі емес, өткен еулеттің тарихи-қоғамдық іс-әрекетін игеруден. Адамдагы бұл құбылыс жануарлар болмысында тіпті де болуы мүмкін емес.

Жануар қылығынан мүлде өзгеше, адамның саналы әрекетін қалыптастыратын шарттар:

1) тіршіліктің әлеуметтік-тарихи сипаты;

2) өмірдің қоғамдық еңбекпен байланысы;

3) енбек құралдарын дайыңдап, пайдалана білу;

4) тілдік қатынастың пайда болуы.

Сана - адамның барша психикалық қызметіне ортақ қасиетті бейнелеудің ерекше формасы.

Адамның күрделі құрылған саналы әрекетінің қалыптасуына себепші болган екінші шарт - бұл тілдің туындауы еді. Тіл деп қоршаған дүние заттарын, олардың әрекетін, сапасын және объектілер арасындағы қатынастарды бейнелейтін белгілер жүйесін айтамыз. Сөз сөйлеуге қосыла, тілдесудің негізгі құралына айналды, соның арқасында адам ақпарат топтайды, білдіреді, адамдар әулетінің тәжірибесін үйреніп, игереді. Тілдің келіп шығуы жөнінде талай болжамдар мен теориялар айтылған. Біреулер оны рухани өмір көрінісі дей келе, бір Алланың ісі деп таниды. Екіншілер тілді тіршілік дүние эволюциясының нәтижесі деп қарастырады. Ал, енді ғылыми түрде алатын болсақ, тілдің шығу негізін адамның қоғамдық еңбек қатынастарынан іздеген жөн.

Тіл алғашкыда адамдарың еңбек процесінде қарым-қатынас жасау қажеттілігіне байланысты қалыптасты. Бірлікті тұрмыстық іс-әрекетке қатысты екінші біреуге көңіл-күй ғана емес, еңбекке байланысты заттар жөнінде де ақпарат білдіру қажеттігі туды. Ақпараттардың осы алғашқы белгілері: интонация, ишаралар және қарапайым дыбыстар болды. Тек көп мындаган жылдардың етуімен дыбыс, тіл жалпы әрекеттен бөлініп, дербестігіне жетті.

Тіл - заттарды, олардың қозғалысы, сапасы және қатынастарын білдіріп таңбалар жүйесі. ақпарат жеткізуші құрал ретінде адамиың саналы әрекетінің бұлан былайғы өркендеуінде үлкен маңызга ие болды. Осыдан тіл де, еңбекпен қатар, сана қалыптасуының негізгі себептерінің бірі. Тілдің адам өміріне енуі іс-әрекетке өте мәнді болған үш өзгеріс енгізді:

1) -қоршаған орта заттары мен оқиғаларын жеке сөздер мен сөйлемдерге келтіріп, тіл сол заттарды бөліп алып, оларға назар салып, есте қалдыруға мүмкіндік берді, яғни тіл біз танитын дүниені екі есе көбейтіп, ол жөніңдегі ақикатты жадқа бекіту мен адамның ішкі жан-дүние бейнелерін түзуге жәрдемдесті;

2) -тілдегі сөздер белгілі заттарды атап қана қоймастан, олардың мәнді қасиеттерін абстракт танып, қабылданушы затты тиісті категорияларға жатқызуға көмек берді. Осыдан, тілге байланысты дерексіздену мен корытындьшау процесі қамтамасыз етіліп. сөз енді тек тілдесу құралы ғана емес, бейнелеудін сезімдік дүниеден акыл-сана әлеміне келтірілген ойлаудың да жабдығына айналды;

3) - тіл адамзаттың қоғамдық тарихында жинақталган ақпаратты жеткізудің бірден-бір құралы. Ғасырлар өтуімен қоғамдық тарихи тәжірибедегі ақпаратты ұрпақтан ұрпаққа жеткізумен тіл адамға сол тәжірибені игеріп, жеке басының қолынан келмейтін білім, ептілік пен әрекет тәсілдерін үйреніп алуына жол ашты. Осыдан тілдің пайда болуымен адамда, жануарларда болып көрмеген, психикалык дамудың түбегейлі "жаңа типі өрістеді, тіл сана дамуының ең маңызды, шынайы құралы болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сана ұғымы
Өзіндік сананың қалыптасуы мен құқықтық жауапкершілігі
Өзіндік сана
Сана және тілдің өзара байланысы
Сана - объективті дүниенің бейнесі
Реттеу функциясы
Философияда сана мәселесі
Сана туралы жалпы түсінік
Философия сана мәселесі
Сана адам миының функциясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz