Мұнай мен мұнай өнімдерін талдауды жүргізу әдістемелері


1 Кіріспе 3

2 Кафедра зертханалары құрылымы 4.6
Мұнай,газ және полимерлер технологиясы кафедрасының зертханаларымен танысу

3 Мұнай мен мұнай өнімдерін талдауды жүргізу әдістемелері 7.12

4 Химиялық зертханалардағы қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқау 13.15

5 Оқу.зерттеу жұмысы.
Мұнай кокстері 16.20

6 Әдебиеттер тізімі 21
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2009ж халыққа Жолдауында мынаны айқындап берді: «Біздің энергетика мен мұнайхимияның дамуындағы басты сұрақ – энергоөнім бағасын өсіру арқылы бұл секторлардың өнімділігін арттыру. Негізгі секторларды басқару айрықша нәтижелі болуы тиіс – мұнайхимияны, газ ресурстарымен, экспорттық энергомаршруттармен».
2009 жыл Қазақстанның мұнайхимия өндірісі үшін бағыттың дамуының жаңа деңгейлеріне көтерілуіне дәл келеді. Қазіргі таңда энергетика мен минералдық ресурстар Министрлігі АО «ҚазМұнайГаз», АО «Каzakhstan Petrochemical Industries»-пен бірге және басқа да мұнайхимия кәсіпорындарымен әлемдік деңгейдегі мұнайхимия өндірісінің бірнеше біріккен инвестициялық проекттер жасалынды және қолдануға дайындалды.
Инвестициялық проекттерді жасауда тек қана мұнайгаз қор ресурстарының мүмкіндіктері емес, сонымен қатар технологиялық мүмкіндіктері мен мұнай өңдеу зауыттарының модернизацияланған өндірістік ресурстары, ал болашақта басқа да мұнай-газ өңдеу зауыттырының ресурстық және технологиялық мүмкіндіктер анықталып тартылады.
Қазақстанның табиғи ресурстарын тиімді басқарудағы бір бағыттарының бірі шикізатты комплексті өңдеудің инновациялық өндірісін құру болып табылады. Энергетикалық ресурстардың мүмуіндіктерін барынша қолдану және бағасы жоғары мұнайхимия өнімдерін шығарудағы бір бірімен байланысты өндірістерді құру жасалынған жетік инвестициялық проекттерде қарастырылған, олардың қолданысқа енуі Қазақстанның бәсекеге қабілетті экономикасының дамуын қамтамасыз етеді.
1. Рыбак Б.М, «Анализ нефти и нефтепродуктов». Москва..:Химия.1962.-203 с
2. Журнал «Нефть и газ».Перспективы развития нефтехимии.Акчулаков Б.У.,Сармузина Р.Г., Хайдаргалиева Ш.А. 2008 год. №2 издание
3. Гуревич И.Л. Технология переработки нефти и газа. Ч.1.-М.: Химия. 1972. -360с.
4. Надиров Н.К. Высоковязкие нефти и природные битумы.- Алматы.:2001.Том 1.355с
5.Эрих В.М,. Расина М.Г.,Рудин М.Г. Химия и технология нефти и газа. -Ленинград.: Химия. 1985. -407с.
6. Захаров Л.Н. Техника безопасности в химических лабораториях. Ленинград.: Химия 1985.-184 с.
7. Интернет торабы ресурсы

Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Бұл жұмыстың бағасы: 500 теңге
Кепілдік барма?

бот арқылы тегін алу, ауыстыру

Қандай қате таптыңыз?

Рақмет!






Мазмұны

1 Кіріспе 3

2 Кафедра зертханалары құрылымы 4-6
Мұнай,газ және полимерлер технологиясы кафедрасының
зертханаларымен танысу
3 Мұнай мен мұнай өнімдерін талдауды жүргізу әдістемелері 7-12

4 Химиялық зертханалардағы қауіпсіздік техникасы жөніндегі 13-15
нұсқау

5 Оқу-зерттеу жұмысы. 16-20
Мұнай кокстері

6 Әдебиеттер тізімі 21

1 Кіріспе

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2009ж халыққа
Жолдауында мынаны айқындап берді: Біздің энергетика мен мұнайхимияның
дамуындағы басты сұрақ – энергоөнім бағасын өсіру арқылы бұл секторлардың
өнімділігін арттыру. Негізгі секторларды басқару айрықша нәтижелі болуы
тиіс – мұнайхимияны, газ ресурстарымен, экспорттық энергомаршруттармен.
2009 жыл Қазақстанның мұнайхимия өндірісі үшін бағыттың дамуының жаңа
деңгейлеріне көтерілуіне дәл келеді. Қазіргі таңда энергетика мен
минералдық ресурстар Министрлігі АО ҚазМұнайГаз, АО Каzakhstan
Petrochemical Industries-пен бірге және басқа да мұнайхимия
кәсіпорындарымен әлемдік деңгейдегі мұнайхимия өндірісінің бірнеше біріккен
инвестициялық проекттер жасалынды және қолдануға дайындалды.
Инвестициялық проекттерді жасауда тек қана мұнайгаз қор ресурстарының
мүмкіндіктері емес, сонымен қатар технологиялық мүмкіндіктері мен мұнай
өңдеу зауыттарының модернизацияланған өндірістік ресурстары, ал болашақта
басқа да мұнай-газ өңдеу зауыттырының ресурстық және технологиялық
мүмкіндіктер анықталып тартылады.
Қазақстанның табиғи ресурстарын тиімді басқарудағы бір бағыттарының
бірі шикізатты комплексті өңдеудің инновациялық өндірісін құру болып
табылады. Энергетикалық ресурстардың мүмуіндіктерін барынша қолдану және
бағасы жоғары мұнайхимия өнімдерін шығарудағы бір бірімен байланысты
өндірістерді құру жасалынған жетік инвестициялық проекттерде қарастырылған,
олардың қолданысқа енуі Қазақстанның бәсекеге қабілетті экономикасының
дамуын қамтамасыз етеді.
Соңғы жылдары мұнай өңдеу кәсібінің дамуы өндіріс көлемінің тоқтаусыз
өсімімен, саланың техникалық деңгейінің жоғарылауымен сипатталады. ТМД
елдерінде бүгінгі таңда жылына 630-650 миллион тоннаға дейін өндіріледі, ал
Қазақстанда жылына шамамен 60 миллион тонна өндіріледі, бірақ мұнайдың тек
12 миллион тоннасы ғана Қазақстан зауыттарында өңдеуден өтеді. Экономист
ғалымдардың болжауы бойынша Қазақстан 2010 жылға қарай жылына 100 миллион
тоннадан аса мұнай өндіру көзделіп отыр.
Мұнай өңдеу саласының дамуы соңғы жылдары өнімнің өсіміне алып келеді.
Ал бұл өнімді өндіру үшін МӨЗ техникалық өндіру құрылғыларының көп
қажеттігін тудырып отыр. МӨЗ-дердегі басты шикізат мұнай болып табылады.
Негізінде мұнай қазір энергетика, транспорт және т.б. өндіріс салалары
үшін таптырмайтын энергия болып табылып отыр. Мұнайдан көптеген сұйық
отындар (бензин, керосин, дизель майлары және т.б.), майлағыш және арнайы
майлар, пластикалық жаққыштар, парафиндер, техникалық көміртек(сажа),
битумдар, мұнай кокстері және көптеген заттар алынады.

2 Кафедрадағы зертханалары құрылымы

Мұнай, газ және полимерлер технологиясы кафедрасы өте үлкен
зертханалық базамен жабдықталған. Ол жерде келесі мамандықтар бойынша
зертханапық тәжірбиелер жүргізуге болады; Мұнай, газ және көмірдің
химиялық технологиясы, Органикалық заттардың технологиясы, Полимерлерді
өңдеу және өндіру технологиясы. Резина технологиясы лабораториясында (121
А) вулкандау әдісі арқылы резина қоспаларын алады.
Физика-механикалық зерттеу лабораториясында (123А) резина қоспаларының
физика-механикалық көрсеткіштері анықталады.
Нефтехимиялық синтез лабораториясында (206Б) жоғары молекулалы
қосылыстарға синтез жүргізіледі және синтезделген өнімдердің физика-
химиялық көрсеткіштері анықталады.
Физика-химиялық зерттеулер лабораториясында ( 207Б) мұнай мен мұнай
өнімдерінің физика-химиялық қасиеттерін зерттейтін қондырғылар бар (мұнай
құрамындағы суды анықтау приборы (Дин және Старк приборлары), жұмсару
температурасын анықтауға арналған приборлар КИШ, вискизметрлер, мұнай және
мұнай өнімдерінің тығыздығын анықтайтын ареометрлер, Сокслет аппараты, ИРФ-
454Б рефрактометрлері, мұнай өнімдерінің оптикалық тығыздығын анықтауға
арналған ИРФ-22 приборы және мұнай мен мұнай өнімдеріне тәжірибелер жасауға
арналған көптеген приборлар мен аппараттар бар.
Мұнай және мұнай өнімдеріне анализ жасау лабораториясында (208Б) мұнай
және мұнай өнімдеріне жаппай зерттеулер жүргізіледі.
Бұл лаборатория заманаби приборлармен жабдықталған: октанометр SX-200
( компьютерлік бағдарламасыменен), бұл прибормен бензин мен дизель
отындарындағы октан мен цетан санын анықтайды, мұнай өнімдерінің автоматты
түрде қоспа фракцияларын анықтайтын анализатор АФСА-1 (компьютерлік
бағдарламасыменен), пенетрометр ПН-1М, бұл прибормен битумдардың пенетрация
параметрлерін анықтайды, ДБ-150 аппараты арқылы мұнай битумдарының тартылу,
созылу қасиеттерін зерттейді, кокстелу қасиетін зерттейтін аппарат ТЛ-1,
ТВЗ-ЛАБ-1 анализаторы арқылы мұнай мен мұнай өнімдерінің жану
температурасын жабық тигелде анықтайды. Бүл лаборатория заманаби
компьютерлік мұнай өңдеу технологиясы құрылғыларымен қатар жеке виртуальдық
жұмыстармен қамтамасыздандырылған базаға ие.
Б корпусының лабораториялары мұнай және мүнай өнімдерін зерттеу үшін
арналған.
(414Б) лабораториясында мұнай қалдықтарын кокстеу, мұнайды
каталитикалық крекинглеу, битумдарды қышқылдандыру, мұнай битумды түрлерді
экстракциялау.
Мұнайды деструктивті өңдеу лабораториясы (414Б) битумдарды
қышқылдандыру құрылғысымен, мұнай қалдықтарын кокстеу қондырғыларымен,
каталитикалық крекинг аппаратымен, мұнай шикізаттарын пиролиздеу
кұрылғысымен, көмірді кокстеу және жартылай кокстеу қондырғыларымен
жабдықталған.
Мұнайды алғашқы өңдеу және мұнай өнімдерін тазалау лабораториясында
(418Б) мұнайдың фракцияларын анықтау, мұнайды вакуумде айдау, мұнайды
карбамидті департизация процесімен өңдеу сияқты тәжірбиелермен айналысуға
болады.
Мұнайды алғашқы өңдеу және мұнайды тазалау лабораториясында (418Б)
АРН-2 аппараты мұнайды айдау үшін қолданылады, мұнайды дәл ректификациялау
қондырғысы АЧР, мұнайды вакуумда айдау қондырғысы (Богданов құрылғысы)
жабдықталған.
Деструктивті процестер лабораториясында (416Б) мұнай құрамындағы
күкіртті жылдам әдіспен анықтайды, мұнайдың тұтану температурасын, қышқыл
санын анықткау және мұнайды толық зерттеуден өткізеді. Деструктивті
процестер лабораториясында (416Б) мұнай шикізатын каталитикалық крекинглеу
аппараты, мұнай шикізатын дистильді гидротазалау қондырғысы сияқты
қондырғыларымен жабдықталған.
Мұнай, газ және көмір физикасы мен химиясы лабораториясында (416Б)
лампалық әдіспен күкірт санын анықтау приборы, мұнай құрамындағы суды
анықтау приборы ( Дин және Старк приборы), мұнай құрамындағы күкірт санын
жылдам анықтайтын әдістер қондырғыларымен жабдықталған.

2.1 Мұнай,газ және полимерлер технологиясы кафедрасының
зертханаларымен танысу

3 Мұнай мен мұнай өнімдерін талдауды жүгізу әдістемелері

3.1 Тұтану лап ету температурасы.

Тұтану температурасы деп стандартты жағдай-да қыздырылған
мұнай өнімінің булары ауамен оған жалынды жалындатқан кезде тұтанатын қоспа
түзетін температураны атайды.
Тұтану температурасы қайнау температурасымен, яғни буланумен тығыз
байланысты. Әр түрлі мұнай өнімдерінің тұтану температуралары әр алуан,
мысалы, бензин фракцияларының тұтану температурасы минус 400С болса, ал
керосин фракциялары үшін 28-600С, ал май фракциялары үшін 130-3250С
аралығында болады. Тұтану температурасы бойынша оңай буланатын
көмірсутектердің бар- жоғын білуге болады. Мысалы, көмірсутек құрамы әр
алуан фракциялар арасында неғұрлым жоғары тұтану температурасы аз шайырлы
парафинді мұнайлардан алынған майларға тән. Нафтен ароматты мұнайлардан
алынған майлар анағұрлым төмен тұтану тепературасымен сипатталады. Мұнай
өнімдерінің тұтану тепературасын анықтаудың екі әдісі бар: жабық және ашық
тигельде анықтау. Бір мұнай өнімінің тұтану температурасын жабық және ашық
тигельде анықтағанда олардың айырмашылығы, өйткені мұнай өнімі буларының
қажетті концентрациясы жабық тигельде тез жиналатындықтан жабық тигельдегі
температурасы ашық тигельдегіден төменірек. Бұл жұмыста тұтану
температурасы жабық тигельде анықталады.

Тәжірибені жүргізу

Сыналатын мұнай өнімінде ылғал 0,05%-дан көп болған
жағдайда қыз- дырылған ас тұзымен немесе хлорлы кальциймен сусыздындырады.
Сусыз-дырғаннан соң сыналатын мұнай өнімінің жоғарғы қабатын алады.
Прибордың тигелін тәжірибе алдында бензинмен шайып, құрғатады. Сыналатын
өнімді тигелдің ішіндегі сызыққа дейін құяды. Білте ыдысына май толтырады
тігін, трансформатор майы барометр көрсеткішін жазып алады. Тигельді тұтану
температурасынан кем дегенде 300С-қа төмен суытады.Дайын болған приборды
электр торабына қосып, қыздыру жылдамдығын реттейді, ол тұтану
температурасы 500С-қа дейінгі өнімдер үшін 1с мин, 1500С-қа дейінгілер
үшін – 5-8смин, 1500С-тан жоғарылар үшін – 10-20смин болуы керек.
Температура болжамды тұтану температурасынан 200С-қа төменге жеткен кезде
қыздыру жылдамдығын 1-2смин азайтады.Сынауды тұтану температурасы 500С-қа
дейінгі өнімдер үшін әр 1С сайын тұтану температурасы 500С-тан жоғары
өнімдер үшін әр 2С сайын жүргізеді.қақпақтың тесігін сынау кезінде 1
секундқа ашады. Араластыруды тек қақпақты ашқан сәтте тоқтатады. Тұтану
температу-расы деп мұнай өнімінің үстінде алғаш көк жалын пайда болған
сәттегі термо-метр көрсеткен температураны қабылдайды. Алғашқы тұтанудан
кейін сынау-ды қабылданған шарттарға сәйкес 1 –2с сайын жүргізеді, егер
тұтану бірінші жағдайдағы температурада болса, онда тәжірибе аяқталады деп
септейді.Мұнай өнімдерінің тұтану температурасын есептеген кезде барометр-
лік қысымға түзету енгізеді: Т= 0,0345*760 РМұндағы Р- іс жүзіндегі
барометрлік қысым, мм.сын. бағ.Түзетуді барометрлік қысым 760 мм сын бағ
төмен болған жағдайда қосады да, ал 760 мм сын бағ жоғары болғанда алып
тастайды.

3.2 Мұнай өнімдерінің тығыздығын ареометрмен анықтау

Тығыздық деп заттың көлем бірлігінің массасын атайды. СИ
системасындағы тығыздықтың бірлігі кг м3 болып табылады.

Заттың (мұнайдың, мұнай өнімінің) салыстырмалы тығыздығы деп оның
массасының осындай көлеммен алынған дистилденген судың 40С-ғы массасының
қатынасына тең. Салыстырмалы тығыздықты 200С-та анықтайды да, деп
белгілейді. Іс жүзінде тығыздықты 200С-тан бөлек температурада анықтауға
тура келеді, сондықтан тығыздықты Д.И. Менделеев ұсынған формула бойынша
-ға қайта есептеу қажет:

мұндағы – сынақ температурасы кезіндегі тығыздық, кгм3 ;

– 200С-тағы салыстырмалы тығыздық, кгм3;

- тығыздықты 10С-қа орташа температуралық түзету;

t- сынақ жүргізілетін температура, 0С.

Бұл формула мұнай және мұнай өнімдерінің тығыздығы температураның
жоғарылауымен азайып, оның төмендеуімен ұлғаятындығын көрсетеді. Алайда
тығыздықты жоғарыда көрсетілген формула бойынша есептеудің нәтижесі мұнай
және оның өнімдерінің тығыздығын анықтау 00С-тан төмен емес және 500 С-тан
жоғары емес температурада жүргізгенде ғана дұрыс болып шығады.

Температуралық түзетуді былай есептеп шығарады:

Мұнай және мұнай өнімдерінің тығыздығын есептеп шығару үшін басқа да
бірқатар формулалар ұсынылған (Крэг формуласы, Баш НИИНП формуласы және
т.б.).

Мұнай және сұйык өнімдерінің тығыздығын тәжірибе жүзінде ареометрмен
Вестфаль-Мор гидростатикалық таразысымен және пикнометрмен анықтайды.

Приборлар, реактивтер:

Ареометр;

Диаметрі (5см шыны немесе металл цилиндр;

Керосин

Тәжірибені жүргізу реті және алынған нәтижелерді өңдеу

Тығыздықты ареометрмен анықтау Архимед заңына негізделген. Ареометрді
сыналатын сұйықтыққа батырған кезде тығыздықтың градуирленген шкаласы
көрсетілген бөлігінен жоғары шығып тұрмайтындай етіп таңдайды. Цилиндрге
қабырғасын бойлай абайлап, ареометрді салған кезде цилиндрдің сыртына
төгіліп кетпейтіндей етіп сыналатын өнімді құяды.

Таза және құрғақ ареометрді жоғарғы ұшынан ұстап тұрып мұнай өніміне
баяу батырады. Ареометрдің тербелуі тоқтағаннан соң менисктің жоғарғы шеті
бойынша тығыздықтың мәнін есептейді. Мұнай өнімінің температурасын
ареометрдің термометрі бойынша немесе қосымша термометрмен өлшейді.
Ареометрдің шкаласы бойынша есептеу мұнай өнімінің сынақ температурасы
кезіндегі тығыздығын көрсетеді. Табылған тығыздықты қалыпты температурадағы
тығыздығына келтіру үшін Д.И.Менделеев формуласын пайдаланады.
Ареометрдің түріне байланысты параллельді анықтаулардың арасындағы
айырмашылық 0,001- 0,002- ден аспауы тиіс.

Өте тұтқыр – 500С-тағы тұтқырлығы 200 мм2с жоғары мұнай өнімдерінің
тығыздығын анықтау үшін оларды алдын–ала тығыздығы белгілі керосиннің
бірдей көлеммен араластыру қажет. Керосиннің тығыздығы белгісіз болса, оны
ареометрмен анықтайды.

Сыналатын тұтқыр мұнай өнімінің тығыздығын мынандай формула бойынша
есептейді:

мұндағы - қоспаның тығыздығы;

- керосиннің тығыздығы.

Ареометрдің түріне байланысты тұтқыр мұнай өнімінің тығыздығын
параллельді анықтаулардың арасындағы айырмашылық 0,004-0,008- ден аспауы
тиіс.

3.3 Мұнай өнімдерінің тығыздығын пикнометрмен анықтау

Жұмыстың мақсаты мен міндеті – мұнай және сұйык өнімдерінің тығыздығын
пикнометрмен анықтау.

Приборлар, реактивтер, материалдар:

Пикнометр;

Термостат;

Хром қоспасы;

Дистилденген су;

Этил спирті;

Пипетка;

Сүзгі қағаз.

Тәжірибені жүргізу реті және алынған нәтижелерді өңдеу

Мұнай өнімдерінің тығыздығын пикнометрмен тек 20(С-да анықтайды.
Тығыздықты анықтау үшін сыйымдылығы әртүрлі таңбасы және капиллярлы түтігі
бар шыны пикнометрлерді (1 сурет) қолданады.

Мұнай өнімдерінің тығыздығын пикнометрмен анықтау үшін алдын-ала оның
су санын, яғни судың 20(С-да пикнометр көлеміндегі массасын анықтайды. Су
санын анықтаудың алдында пикнометрді хром қоспасымен, дистилденген сумен
және этил спиртімен кезектестіріп шайып, кептіреді. Таза және кептірілгент
пикнометрді 0,0002 г-ға дейінгі дәлдікпен таразыға тартады. Пипетканың
көмегімен пикнометрді дистилденген сумен толтырады (таңбасы бар пикнометрді
– таңбадан жоғары, капиллярлы пикнометрді – бетіне дейін).





1 сурет. Пикнометр


Содан соң, пикнометрді 20(С-да 30 мин бойы термостатта ұстайды.
Таңбасы бар пикнометрдің мойыншасындағы деңгейінің өзгеруі тоқтаған соң,
судың артық мөлшерін пипеткамен немесе сүзгі қағазбен сорып алып,
пикнометрдің мойыншасын ішінен сүртеді. Пикнометрдегі су деңгейін менисктің
жоғарғы шеті бойынша белгілейді. Капиллярлы пикнометрлерде су капиллярдан
шығып тұрады, оның артық мөлшерін сүзгі қағазбен сорады. Су деңгейі 20(С-да
орныққан пикнометрді сыртынан мұқият сүртіп, 0,0002 г-ға дейінгі дәлдікпен
таразыға тартады.

Пикнометрдің су санын мынадай формула бойынша есептеп шығарады:

мұндағы - ішінде суы бар және бос пикнометрдің массасы, г.

Тұтқырлығы аз (50(С-да 75 мм2с көп емес) мұнай өнімдерінің тығыздығын
былай анықтайды. Құрғақ және таза пикнометрді 18-20(С-да пипетка көмегімен
сыналатын мұнай өнімімен толтырады (таңбасы бар пикнометрді – таңбадан
жоғары, капиллярлы пикнометрді – бетіне дейін). Содан соң, тығынмен жауып
мұнай өнімінің деңгейі өзгергенше 20(С-да термостатта ұстайды. Мұнай
өнімінің артық мөлшерін пипеткамен немесе сүұзгі қағазбен сорып алады.
Мұнай өнімінің деңгейін менисктің жоғарғы шеті бойынша белгілейді. Деңгейі
орныққан пикнометрді термостаттан алып, мұқият сүртеді де, 0,0002 г-ға
дейінгі дәлдікпен таразыға тартады.

Сыналатын мұнай өнімінің көрінетін тығыздығын мынадай формула
бойынша есептеп шығарады:

мұндағы - ішінде мұнай өнімі бар пикнометрдің массасы, г;

- бос пикнометрдің массасы, г;

- пикнометрдің су саны.

Көрінетін тығыздықты тығыздыққа мынадай формула бойынша қайта
есептейді:

мұндағы 0,99823 – су тығыздығының 20(С-ғы мәні;

0,0012 – ауа тығыздығының 20(С-ғы және 0,1 МПа

(760 мм сын.бағ) кезіндегі мәні.

Параллельді анықтаулардың арасындағы айырмашылық 0,0004-тен аспауы
тиіс.Өте тұтқыр (50(С-да 75 мм2с астам) және қатты мұнай өнімдерінің
тығыздығын бөлме температурасында таңбасы бар пикнометрде анықтайды. Құрғақ
және таза пикнометрді қабырғаларына жағылып кетпейтіндей етіп шамамен
жартысына дейін толтырады.

Пикнометрде өте тұтқыр мұнай өнімімен толтырған кезде соңғысын 50-60(С-
ға дейін қыздырады. Пикнометрді жартысына ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Мұнай мен мұнай өнімдерін талдау
Мұнай және газ саласында қолданылатын қауіпсіздік техникасы
Кәсіпорынның басқару ісінің ақпараттық жүйесін тұрғызу
Фирманың негізгі қорларының есебінің ақпараттық жүйесі
Іс жүргізудегі ақпараттық жүйені қолдану
Фирманы басқарудың ақпараттық жүйесі
Аймақтық дамуды мемлекеттік реттеу
Кәсіпорынның ақша ағымын басқару
Мұнай және мұнай қоспаларын оптикалық әдістермен зерттеу
Стратегиялық және оперативті контроллинг
Пәндер