Мемлекет және құқық ұғымы


Жоспар
1. Кіріспе.
1. Мемлекет және құқық ұғымы.
2. Мемлекеттік құқық мәні мне ерекшелігі.
Қорытынды.
Кіріспе.
Мемлекеттік органдар бірнеше топқа бөлінеді, олар атқаратын қызметтеріне сәйкес жүйе-жүйеге, сала-салаға жіктеледі. Мемлекеттің органдар өкілетгігінің шеңберіне карай үш топқа бөлінеді:
1) . Мемлекетгік билік органдары: Парламент, Президент және Маслихаттар; 2) . Мемлекеттік атқару органдары: үкімет, министрліктер, ведомстволар, жергілікті басқару органдары, әкімдер. Мемлекеттік органдарының құрылу тәртібі мен алдына қойылған мақсаттары. Мемлекеттік органдар үш топка бөлінеді: өкілетті органдар, атқару органдар және сот немесе құқық қорғау органдары.
Республика Президенті мемлекеттік аппаратта ерекше орын алады, ол үш биліктің біріне де жатпайды. Ол мемлекет билігінің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді. Президент - мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтың, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін жоғарғы лауазымды тұлға. Президент халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының адам және азамат- ықтары мен бостандыктарының нышаны әрі кепілі.
Жоғарғы өкілеті органдарды халық сайлайды. Парламент - заң шығару функциясын жүзеге асыратын Республиканың ең жоғарғы өкілді органы. Оның өкілеттік мерзімі - төрт жыл. Парламент тұрақгы негізде жұмыс істейтін екі палатадан: Сенат және Мәжілістен тұрады. Сенат облыстардан, республикалық маңызы бар қаладан және астанасынан екі адамнан тиісінше барлық өкілді органдары депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан тұрады. 7 депутатты Президент тағайындайды. Мәжіліс Республиканын әкімшілік-аумақтық бөлінісі ескеріле отырып құрылатын және сайлаушылар саны шамамен тең бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын 67 депутаттардан тұрады. Негізінде заң шығару тек парламенттің құзыреті, бірақ кейде басқа жоғарғы органдар осы жұмысқа кіріседі. Парламент кейбір зандарды қабылдау құқығын Президентке береді, оны делегаттылық заңдылық деп атайды. Казақстан тарихында екі палаталық парламент 1995 жылғы Кон-ституциясында жарияланған. Бұл Парламенттің қабылдаған заң-дарының сапасын көтеруге, парламентті біршама тұрақты және орнықты органға айналдыру үшін колданған шара. Қазакстанның сайлау жүйесі мажоритарлық типке жатады, сайлауға көп саяси партиялар қатысады. Бұл палатаға сайланғаи депутаттар 25 жасқа толуы керек. Қазақстан парламетінің ерекшелігін жоғарғы палатасының құрылуы және оның қызмет бабы керсетеді. Депутаттардың бір жартысы екі жылға, ал екінші жартысы төрт жылға сайланады. Сенатқа 30 жасқа толған адамдар депутат болып сайланады. Парламент негізгі заң шығарушы орган. Парламенттің сессиясы онын, палаталарының бірлескен жане бөлек отырыстары түрінде өткізіледі. Парламенттің үйлестіруші органдары - бюро, жұмыс органдары - тұрақты комитеттері, бірлескен комиссиялары болып табылады. Президент мемлекеттің жоғарғы қызметкерлерін тағайындағанда парламент келісімін береді, олардан есеп алады, соғыс және бітім мәселелерін шешеді, халық референдум тағайындау туралы бастама көтереді, конституциялық заңдылық туралы жыл сайын жолдауын тыңдайды, өзінің ішкі сұрақтарын шешеді, және басқа да Конституция жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Парламенттің әр палатасының бөлек отырысында шешетін құзыреті бар. Сенат тағайындау мәселелерінің көбіне өзі қатыса-тын болса, Мәжіліс заң козғау және каржы мәселелерді шешеді. Парламент қабылдаған зандарға Президент қол қояды да, занды осыдан кейін жариялайды. Заң шығару жұмысын президенттің өзі де атқара алады. Бұл екі жағдайда бола алады: Парламенттің екі палатасының депутаттары уақытша заң шығару билігін Пре-зидентке 2/3 дауыспен рұқсат берсе (Конституциянын 53 бабы), Президент заң жобалардың карау басымдығын белгілейді, Пар-ламент осы жобаны енгізілген күннен бастап бір айдың ішінде
қарауы тиіс. Заң шығару жұмысын тікелей халықтың өзі де атқара алады, бұл жағдай референдум деп аталады. Казақстанның 1995 жылғы Конституциясы осылай алыңды.
Атқару билік өкіметтің қолында жиналған. Президенттік рес-публикаларда өкімет саяси және ұйымдық тұрғыдан президент қамтитың атқарушы билік тармағына жатады. Парламенттің қаты-суымен Президснт басқарады әрі құрады, оның дербес кұзыретті алқалы шешуші органы. Кабинет мүшелері бүкіл халық сайлаған Президент алдында дербес жауап береді. Үкіметтің нақты егеменділігі нақты мемлекет басшысының субъективтік пікіріне тікелей тәуелді. Қазақстан Республикасының үкіметі - атқарушы билікті жүзеге асыратын, атқарушы органдардың жүйесін басқа-ратын және олардың кызметіне басшылық ететін мемлекеттік орган. Оның зандық ауқымы тұрғысынан - Конституцияда және қолданылып жүрген зандарда белгіленген. Бұл занда Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылы 18 желтоқсандағы кон-ституциялық күші бар жарлығымен бекітілген. Президент Үкімет мүшелерін тағайындағанда Конституцияның 64 бабының 1- тар-мағы бойынша парламенттің келісімін айтуға тиіс. Ал үкіметті құру процедурасы өте күрделі және бірнеше кезеңнен тұрады. Соны мен Өкімет аткару билікті жүзеге асырады және бүкіл атқарушы органдардың жүйесіне басшылық жасайды. Қазақстан Республи-касының Үкіметін Прсмьер-Министр, оның орынбасарлары, Рес-публика Үкіметі аппаратының басшысы, Республика министрлері, мемлекеттік комитеттерінің төрағалары құрайды. Үкімет және нормативтік қаулылар қабылдайды және нұсқаулар береді.
Орталык салалық аткару билік министрліктердің, ведомство-лардың, мемлекеттік комиссия және комитеттердің колына берілген. Олар қарауындағы мемлекетгік басқару салаларындағы істің жайы үшін жауап береді. 1997 жылғы Наурыздың 4-дегі Президентгің жарлығымен Өкіметтің жаңа құрылымы белгіленген: Премьер-Министр, оның орынбасарлары, Үкімет аппаратының басшысы, 14 министрлік және 11 мемлекеттік комитет. Олар өзінің құзыреті бойынша бұйрық және инструкция қабылдайды. Үкімет өзінің бүкіл қызметіне Конституцияда және Республика Президентінің алдында жауапты. Премьер-Министр, оның орын-басарлары жәие Үкімет апттаратының басшысы Төралқаның құра-мына кіреді. Премьер-Министр өзінің өкімімен Төралқа құрамына Үкіметтің басқа да мүшелерін кіргізуге хақылы. Министрлік тиісті мемлекетгік басқару саласына басшылықты, сондай-ақ зандармен көзделген шекті-салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Респуб-лика орталық аткарушы органы болып табылады.
Мшлекетйк комитет тиісті мемлекеттік баскару салаарында мемлекетгік саясатгы жүргізетін және осы мақсатта зандарга са- лааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Респубдика комитеті, бас басқармасы, комиссиясы, агенттігі жөне Үкімет құрамына кірмейтін өзге де республикалық. мемлекеттік басқару органы. Үкімет құрамында орталық атқарушы орган болып табылады. Министрліктің, мемлекеттік комитеттің жанындағы департамент, агенттік, сондай-ақ Республика мннистрлігінің, мемлекеттік комитетінің жанындағы өзге де мемлекеттік басқару органы бо-лады. Ол министрлігінің, мемлекеттік комитетінің құзыреті шегінде арнайы атарушы және бакылау-қадағалау функцияларының, сон-дай-ақ салааралық үйлестіруді не мемлекеттік басқару саласында дербес басшылықты жүзеге асырады.
Сот билігі, Конституцияның 75-бабына сәйкес Казақстан Рес-публикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады, Сот билігі азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғайды. Сот ісін жүргізудің азаматтық, қылмыстык және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасында сот жүйесін Республиканың Жоғарғы Соты мен Республиканың жергілікті соттары (облыстық және ола-рға теңестірілген соттары, аудандық (қалалық) құрайды. Респуб-лика аумағында ҚР Әскери (өскердің, кұрамалардың, гарнизон-дардың) соттары болады.
Жоғарғы Соттың құрамын пленум, төралқа, азаматтық шаруа-шыдық, қылмыстық, әскери алқалары құрайды. Қандай бір атау-мен арнаулы және төтенше соттарды құруға жол берілмейді. Сот-тар тиесілі билікті ешкімнің еркіне қарамастан КР Конституииясы мен зандарына сәйкес жүзеге асырады. Сот төрелігінің принциптері Конституцияда белгіленген: адамның кінәлі екендігі занды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп саналады. Бір құкық бұзушылық үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық немесе өкімшілік жауапқа тартуға болмайды. Өзіне заңмен көзделген соттылығын оның келісімінсіз ешкімнің өзгертуіне болмайды. Сотқа әркім өз сөзін тындатуға қақылы. Жауапкершілікті белгілейтін және күшейтетін, азаматтарға жаңа міндеттемелер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлататын зандардың кері күші болмайды. Айыпталушы өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетгі емес. Ешкім өзіне-өзі, жұбайына және заңмен белгіленген шектегі жақын туыстарына қарсы айғақ беруге міндетті емес.
Адамның кінәлі екендігі жөніндегі кез келген күмән туғызатын жағдай айыпталушының пайдасына қарастырылады. Заңсыз тәсілмен алынған айғақтардың заңды күші болмайды. Қылмыстық занды ұқсастығына карай қолдануға жол берілмейді. Республика соттары қызметі зандылық, судьялардың тәуелсіздігі, баршанын заң және сот алдындағы тендігі, тараптардың жарыспалылығы мен тең құқылығы, істерді караудың жариялығы принциитерінің негізінде құрылады.
Жаңа Конституция бойынша сот қызметкерлері жаңа әдіспен тағайындалатын болды. Жоғарғы Соттарды тағайындау үшін Президенттің жанында Жоғарғы Сот Кеңесі құрылды. Оның қызметін Президент өзі басқарады. Бұл орган Жоғарғы Соттың төрағасын, судьяларды, облыстық соттардың төрағаларына лауы-зымды кандидаттарды іріктейтін және ұсынатын өкілетті орган. Ал басқа төменгі сотгарға тағайындалатын кызметкерлердің Әділет министрі басқаратын әділеттілік алқасы кадр мәселелерін шешеді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік аппаратында ерекше орынды Конституциялық Кеңес алады. Бұрынғы Конституция бойынша ол Конституциялық Сот деп аталып, баска құзыреттерге ие болатын. Бұл Кеңестің ішкі құрылысы мен тағайындалу процесі өте кызық. Төрағасын және екі мүшесін Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды, екі мүшесін - Се-наттың, ал қалған екеуін Мәжілістің төрағалары тағайындайды. Бұл мемлекеттік органның құқықтық жағдайы, алдына қойылған мақсаттары мен қызмет бабы Қазақстан Республикасы Презедентінің 1995 жылғы 25 желтоқсандағы "Қазақстан Респуб-ликасынын Конституциялық Кеңесі туралы", заң күші бар, Жар-лығында айтылған болатын. Бұл мемлекеттік органның негізгі мақсаты - Конституциялық заңдылықты корғау, ал сол үшін ол мынандай құзыреттерін орындайды: Парламент депутаттарының сайлауының дұрыстығын тексереді, Парламент қабылдаған заңдар мен халықаралық шарттардың Конституцияға сәйкестігін Президент қол қойғанға дейін қарайды.
Атқарушы биліктің жоғары органы ретінде Үкіметке Қазақстан Республикасы Конституциясымен жөне Президенттін "Казақстан Республикасынын Үкіметі туралы" 1995 жылғы 18 желтоқсандағы конституциялық зан күші бар Жарлығымен орнықтырылған кең өкілетгіктер берілген.
Үкімет мемлекеттің экономикалық саясатынын негізгі бағыттарын, оны жүзеге асырудың стратегиялық және тактикалық шараларын әзірлейді; экономикалық бағдарламаларды республикалық бюджетті әзірлейді және оның орындалуы туралы есебін құрады, оның орындалуын қамтамасыз етеді; республиканың каржы жүйесін әзірлеп, оны нығайту жөніндегі шараларды жүзеге асырады; валюталық каржылық және материалдық ресурстарды күру және пайданану кезінде зандылықтың сақталуына мемлекеттік бакылауды қамтамасыз етеді; кұрылымдық және инвестициялық саясатгы жүзеге асырады; бағаның құрылуы жөніндегі мемлекеттік саясатты әзірлеп, жүргізеді, мемлекетпен реттелуші баға қолданылатын өнім, тауар және қызмет номенкулатурасын белгілейді; мемлекетгік меншікті басқадруды ұйымдастырады, онын қорғалуын қамтамасыз етеді.
Әлеуметтік салада Үкімет мемлекетгік саясаттың, мемлекеттік бағдарламаның негізгі бағытгарың әзірлейді; енбекке ақы төлеудін жүйесі мен шартың азаматтардың әлеуметтік қорғалуын, мемлекеттік тұрғыдан әлеуметгік қамтамасыз етілуі мен әлеуметгік қамсыздандырылуын белгілейді; аймақтарды әлеуметтік дамыту мәселелерін шешуді қамтамасыз етеді; жастар, дене мәдениеті мен спорт, туризм, әлеуметгік әріптестік проблемаларын шешуге ықпал етеді.
Зандылық пен құқық тәртібін нығайту саласынла Үкімет құқыктық реформаның жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді; азаматтардың, құқықтары мен бостандықтарын сақтау мен қорғау, заңдылық пен құқықтық төртібін, республиканың қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін, мемлекеттік шекараның аумақтық тұтастығы мен корғалуын камтамасыз ету жөнінде шаралар әзірлеп, жүзеге асырады.
Әдебиеттер.
1. Жоламан. К. Д. Мемлекет және құқық теориясы. -Алматы, 2001.
2. Сапарғалиев. Ғ. Қазақстан Республикасының Концтитуциялық құқығы. -Алматы, 2004.
Жоспар
Кіріспе.
1. Мемлекеттікң билік тармақтары.
2. Парламент, Үкімет құзыреттері.
Қорытынды.
Кіріспе.
Құқық дегеніміз - мемлекет белгілеген немесе санкциялаған жал-пыға бірдей міндетті мінез-құлық ережелерінің (нормаларының) жүйесі, олар арқылы қоғам мен жеке тулғалардың аса маңызды мүдделері жүзеге асырылады. Құқықты анықтаудың нормативтік және кең ауқымды амал-тәсілдері бар.
Нормативтік амал-тәсілдер тұрғысынан құқықты анықтағанда аса маңызды белгілер ретінде мыналар ерекшеленеді: құқық нормала-рының мемлекеттік-ерікті, нормативтік, шартты анықталған және биліктік сипаттары.
Кең ауқымды амал-тәсілдер тұрғысынан құқықты анықтаған кезде аса маңызды белгілер ретінде мыналар ерекшеленеді: міндетті мінез-құлық ережелерінің өзара пайдалылығы, олардың әділдігі; құқықтық қатынастарға құқық ұғымына әлі шартты түрде бекітілмеген нормаларды енгізу, қолдану; құқық пен заңдарды бөлу.
Құқық қоғамдық қатынастарды реттеу мен тәртіпке келтіруде маңызды рөл атқарады. Құқық қағидаттары - оның мән-маңызын айқындайтын және білдіретін негізгі бастаулар. Құқықтың негізгі қағидаттарына: құқық теңдігі, құқықтар мен міндеттердің бірлігі, гуманизм, әлеуметтік әділеттілік, демократизм жатады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz