Мектеп жасына дейінгі баланың ойынына теориялық сипаттама жайлы


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
І БӨЛІМ. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАНЫҢ ОЙЫНЫНА ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТТАМА
1. 1. Мектеп жасына дейінгі балалардың ойынына сипаттама . . . 6
1. 2. Мектеп жасына дейінгі балалар ойыны жайлы педагогикалық-психологиялық көзқарастар . . . 14
1. 3. Балалардың ой өрісін ұлттық ойындар арқылы жетілдіру . . . 23
ІІ БӨЛІМ. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛА ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ ДАМУЫНА ОЙЫННЫҢ ТИГІЗЕТІН ЫҚПАЛЫ
2. 1. Мектеп жасына дейінгі бала психикасының дамуына ойынның әсері . . . 38
2. 2. Балалар ойынының түрлері және олардың танымдық іс- әрекетке ықпалы . . . 44
2. 3. Ойындар мен ойыншықтардың баланың тілін дамытудағы маңызы . . . 50
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 57
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 59
ҚОСЫМША . . . 61
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі : Қазіргі кезеңде мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру жүйесінің жаңаруына орай, жаңа үлгідегі «Мектеп және балабақша» кешені, гимназиялық, лицейлік, отбасылық, коммерциялық т. б. балабақшалар да іске қосыла бастады. Алайда, отбасында баланы тәрбиелеу мәселесінің арнайы зерттелмеуі, ата-аналар басшылыққа ала қоятындай ғылыми-әдістемелік және көмекші құралдардың жасалмауы, отбасы тәрбиесін осы заманғы талап деңгейінде жүзеге асыруда қиындықтар келтіретіндігін жасыруға болмайды.
Уақыт талабынан туындап, білім беру жүйесінде болып жатқан осындай өзгерістер үзіліссіз тәрбие негізі саналатын мектепке дейінгі мекемелерге, отбасы тәрбиесіне де қозғау салып, баланы тәрбиелеу, қарапайым білім негіздерін меңгерудің мазмұнын жаңартуды, осы заман талабына сай үйлесімді деңгейді қайта құруды міндеттейді. Өйткені, болашақ қоғам қажетін өтерлік, ел иелігіне берік, іс тетігін шеше білетін, бойында Ұлттық сана-сезім, ұлттық психология нышандары орныққан, ғылым мен техника жетістіктерінен хабардар білікті, парасатты жастарды қалыптастырып өсіру - балабақшадан басталатын үзіліссіз тәрбиелеумен, оқытумен жүзеге асырылатын ұзақ үрдіс.
«Балбөбек» бағдарламасындағы басты жаңалықтар: балабақшада өтілетін тәлім-тәрбие мазмұнын түбегейлі жаңарту, халықтық педагогика мұраларының кеңінен қамтылуы, балалардың жас шамасына қарай даму ерекшелігі деп аталатын бөлімінің М. Жұмабаевтың [1] «Педагогика» атты еңбегі негізінде толықтырылуы; баланың мінез-құлқын қазақтың әдет-ғұрып, салт-дәстүрлеріне үйлесімді қалыптастыру көзделіп, бағдарламаға «Имандылық тәрбиесі» деген бөлімнің жасалуы; бұл бөлімге халықтық педагогиканың бала жасына, психологиялық даму деңгейіне лайықты, оның түсінігіне қонымды материалдар таңдалып, « Имандылық тәрбиесі», «Жер байлығы - ел байлығы», «Ақ дастарқан», «Ақ боз үй», «Бабалар өмірі - ұрпақтарға үлгі» тәріздес мақал-мәтелдер аттарымен аталуы; баланың жасшамасына қарай әрбір топтардағы күн тәртібіне қойылатын талаптардың нақтылануы, бүкіл тәлім-тәрбие жұмысын кешенді ұйымдастыру тәсілі мектепке дейінгі тәрбиеде бірінші рет ұсынылды. Бұл жөнінде оқыту, тәрбиелеу мәселесін кешенді жоспарлау туралы қазақ зиялылары А. Байтұрсыновтың [2], М. Жұмабаевтың, және т. б. болашақ ұрпақты тәрбиелеу, оқыту жұмыстарын бір-бірімен сабақтас, кешенді түрде жүргізуді қуаттайтын идеялары алынды. Ұлы педагог-жазушылар «кешенді» сөзін қолданбағанымен бүкіл ой-пікір, идеяларын оқулық мазмұндарынан аңғаруға болады. Тәлім-тәрбиенің сабақтастығы туралы М. Жұмабаев өзінің «Педагогика» атты еңбегінде: «Бала бар нәрсеге ұмтылса, сол нәрсеге баланың денесі, жаны, ақылы, сезімі, қайраты - бәрі бірге жұмсалады - дей отырып, . . . адамның әрбір ісіне жан көріністерінің үшеуі де . . . ақыл, ішкі сезім, қайрат қатынасатын болғандықтан . . үшеуін бірдей тең тәрбие қылу тәрбиешінің міндеті».
Мектепке дейінгі шақ - баланың сезімдік тәжірибесінің орасан зор молайып, ретке келу, қабылдау мен ойлаудың адамға тән формаларын игеру, қиялдың күшті даму, ырықты зейін мен мағыналы істің бастамалары қалыптасу кезеңі болып саналады.
Педагогикалық үрдісті жетілдіруде ойынның алар орнын қазақстандық ғалым Н. Құлжанова да зерттеген. Ойын бала үшін еліктеу, инстинг, күнделікті негізгі әрекет және оның жеке өмірі, - деп дәлелдеген. Н. Құлжанованың [3] айтуы бойынша ойынды әдептілік, тәрбиелік мақсатта пайдалану-баланың болашақ өміріне түзу жол салу, үлкендерге еліктеуі және өмірдің талаптарына сай бейімделуі басты педагогикалық мақсаттар. Ғалым «Бала ойында ғана тынығып», «жұмыс жасап», өсіп жетіледі. «Оның ойлау қабілеті жетіліп, қарым-қатынас жасау мүмкіндігі артады», -деп атап көрсеткен.
Қазіргі таңда “ойын” ұғымының мағынасы кеңейіп, тұрмыс пен мәдениеттің түрлі салаларын қамтуда. Бұрын балалар ойыны мен актер ойыны педагогика мен өнертанудың ғана зерттеу нысандары болып келсе, қазіргі таңда ойын проблемасы психология, әлеуметтану, мәдениеттану, әдебиеттану, т. б. салалардың көкейтесті мәселесіне айналып отыр. Ойын арқылы оқушы білім алуға, оқуға қызықтыра отырып тұлғаны дамуын қалыптастыруға болады.
«Ойын - бала үшін өмірлік тәжірибе», -деп М. Жұмабаев атап көрсетсе, «Ойын - баланың рухани дамуының негізі», -деп Ж. Пиаже, Л. С. Выгоский [4], Д. Б. Эльконин [5] өз еңбектерінде атап көрсеткен. Ойын-балалар үшін күрделі әрекет те бола алады. Балалар білімді ойын арқылы қабылдап, үлкендерден үйренеді. Сондықтан сабақтағы ойын оқушы білімін тыңдап, ой-өрісін кеңейте алады, білім алудағы қызығушылығы артады. Ойын арқылы бала көптеген мәліметтер алады, психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады. Баланың жас ерекшелігіне, сабақтың мақсатына сай ұжымдастырылған ойындардың берері мол. Біздің зерттеушілік тақырыбымыздың өзектілігі де осында. Осы мәселені пайдалану жолдарын терең түсініп оны балабақша тәжірибесінде пайдалану жолдарын жан-жақты меңгеріп алу мақсатымен диплом жұмысымның тақырыбын «Мектеп жасына дейінгі бала психикасының дамуындағы ойынның рөлі» деп анықтадық .
Зерттеу объектісі: Мектеп жасына дейінгі балалар.
Зерттеу пәні: Мектепке жасына дейінгі балалардың таным процестерінің қалыптасуына ойынның маңызы.
Зерттеу базасы: №31 бастауыш мектеп-балабақша кешені
Зерттеу мақсаты: Мектеп жасына дейінгі баланың танымдық үрдістерін ойын арқылы дамыту жолдарын айқындап көрсету
Зерттеу міндеттері:
- Мектеп жасына дейінгі баланың қалыптасуында ойынның психологиялық- педагогикалық мәнін талдау, саралау;
- Танымдық белсенділікті қалыптастыруындағы ойынның түрлері мен
психологиялық ерекшеліктерін айқындау;
- Ойын элементтерін пайдалану тиімділігі, ойын түрлерін қолдану
жолдарын көрсету;
- Мектеп жасына днйінгі балалардың тілін дамытудағы ойынның маңыздылығын көрсету.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер де, тәрбиеші балаларға тәрбие үрдісінде дамытушылық ойындарды пайдаланып, олардың танымдық белсенділігін арттыратындай тапсырмалар беріп отырса, онда балалардың өмірге деген ынтасы артып, танымдық үрдістері мен психологиялық қасиетттерін дамытуға болар еді.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Ғылыми еңбек кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан тұрады. Пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қосымша соңында берілді.
І БӨЛІМ. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАНЫҢ ОЙЫНЫНА ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТТАМА
1. 1. Мектеп жасына дейінгі балалардың ойынына сипаттама
Ойын - жасырын әрекеттің жиынтығы, өзінің ерекшелігін айрықша көрсету, біріншіден, санасыз әр талаппен қатар біліктен артықшылығы басқаға сый берумен; екіншіден, қатысушылардың жасырын түрткісі, құпия әрекет уақытында ойыншы көбінесе жасанды болып көрінеді, бірақ шындығында басқаша әрекет жасайды.
Ойын, Р. Олфильдтің [6] көзқарасы бойынша, еркін әрекеті, өзін «шынайы емес» және күнделікті әрекеттен тыс екенін сезіну, бір жағынан ойнаушыны түгелдей меңгеруі мүмкін, бұл жағдайда ешқандай тікелей материалдық қызығушылықты қумайды, өзіне пайда іздемейді, әдейі шағын шектеулі кеңістік пен уақытта іштей жасайды, реттілікпен өту, белгісіз қағида мен қоғамдық топтардағы өмірге шақырады, қастерлі екенін қоршаған ортада өзін жасырын не болмаса өзінің ерекшелігін, беріктігін барлық мүмкіндігін әлемнен жасырады.
Анықтамалардың негізіне байланысты және басқа да автордың ұйғарымымен келесідей қорытынды шығаруға болады.
Ойын - еркін, шартсыз, алдын-ала шағын кеңістік пен уақыттағы әрекеттің реттілігі, адамаралық әлеуметтік қарым-қатынастың жиегіндегі іс-әрекеті жасалынады.
Бұл анықтамалар ойын әрекеттерімен аспектілерін бөліп көрсетуге көмектеседі, ойында тұлғаралық өзара әрекеттің ерекшелігін, қажеттілігін көрсетеді.
Біріншіден, ойынды әрекеті ойындық емес әрекетке қарама-қарсы, тұру арқылы анықталады, ол үшін келесідей семантикалық оппозицияны пайдаланады: тәуелді-еркіндік, табиғи-жасанды, салмақты-ұшқалақ.
Ойын еркіндікпен белгіленетіні өнерлі, ұшқалақ сай келеді, ойынсыз әрекет-әдепсіз, шынайы, салмақты. Көрсеткіштегі қиылысқан шекарадағы оппозиция ойындық әрекеттен ойынсыз әрекетке өту мен қайту болып табылады.
Екіншіден, басты сапалы мінездеме ойындағы оның бөлектенуімен тұйықталуымен белгіленеді. Бұл нормативті жиекті ойынды білдіреді, мақсат түрткі мен ойын ойнамайтындардың қызығушылығы, ойынның өзінен басқасы анықталмайды. Ойын - өзімен-өзі шектеулі, шектен шығу ойынды тоқтады. Дәл осы ерекшелік шығару, шартсыз секілді: ойын қандай да бір мәселе болсын сыртқы әлемдегі қарым-қатынасты шешуде көмектеспейді, ол тек қана өзінің ойынын жасайды және өзінің ойындық мәселелерін шешеді, өзінің шынайы ойынды реттеп отырады.
Үшіншіден, ойындық структураның тұйықтық мінезі ойын ережесіне бағынады, ойыншылар жазылған қызметті ойын әрекетінің мазмұнын құрайды. Жазылған ойынды, іс-әрекет ойын барысында қоғамдық ойын іс-әрекетке қарағанда айтарлықтай қатаң болады.
Төртіншіден, ең аз дегенде ойын типін екіге бөліп қарастыруға болады - «мақсатты» және «рөлдік» (Хейзинг бойынша бір нәрсе үшін күрес немесе «бір нәрсені көрсету») . Бірінші типке барлық ойындар мысал бола алады, сәттілікке жетуге бағытталған, қарсыласамен жеңіске жету немесе жағдайға байланысты. Ойынның екінші типінде рөлдік ойындар ойналады, түрлі табиғаттың әр түрлі бет-бейнесі пайдаланылады, алдын-ала тапсырылған тексті бейнелейді.
Сонымен, ойынның тағы бір мінездемесі оның қасиетіне байланысты, рефлексті, шындықтың иеленуі. Адам өзінің ойнап жатқанын біледі. Ойын барысында қатысушылар бір уақытта әрекеттің екі түріне қосады., ойын барысындағы әрекет және өзіндік ойын әрекеті; олар «үстіртін» және шын мәнісінде ойнайды. Ойыншы бұл екі мінез-құлықты меңгеру керек, болмаса ойын нәтижелі болмайды.
Ойынның бұл мінездері еркін мінез және рефлексті, оны мектепте озбырлықпен бақылайды.
Еркіндіктің парадоксты қосылуы және Эльконин [7] өзінің зерттеуінде кішкентай балалардың психологиясын бақылады. Ол баланы ойында бір уақытта екі қызметті орындайды деп белгіледі: бір жағынан өзінің рөлін, келесі бір жағынан - өзінің мінез-құлқын бақылайды. Нәтижесінде ойынның арқасында баладағы бар мінез-құлығы қайта құрылады, - ол озбыр болатын болады. Озбырлы мінез-құлық - бұл мінез, мысалға сай келетін болады (бұл мысал басқа адамдағы әрекет қалпы немесе белгіленіп қойған ережедегі қалыпқа жат) және бір уақытта осы мысалмен үлгі ретінде салыстыру арқылы бақыланады.
Мінез-құлықты, рөл секілді белгілеуге болады. Ол қиын ұйымдастырылған құбылыс. Онда мысал бар, мінез-құлықтағы бағыт көрсетуші және сөз сөйлеу үлгісінде бақылау жасауға әрекетті орындауға болады, мысалды анықтаумен және ұйғарымды мысалмен салыстырады. Осы рөл және онымен байланыстылығы өзіне негізгі әрекетті көрсетеді, келесі бөлінбейтін бірлік ойындағы қалыптың дамуы. Онда аффекті - түрткі және операциялық-техникалық жағы бұзылмайтын әрекеті ғана көрсетілген.
Рөлді орындауда рефлексивті деген қабілеті дамиды. Балалардың ойынында өзін басқару қызметі өте төмен болып басқа қатысушылармен қолдауды талап етеді. Бірақ бұл қызмет ойын барысында қалыптасады. Сондықтан да ойында өзін бақылаудағы озбырлық деп атауға болады. Ойындағы жасанды мінездер ойын барысындағы қажетті әдіс болып болашағының негізі болып саналады. Осыған сәйкес адам қалыпқа мән беріп, мінез-құлықтың жаңа жағдайға емес анықталған көрініс бойынша қоршаған ортаны әдетке айналдырып, түсінікті стереотипі; сол арқылы бейімделеді. Үлкен адамдардың қалыпты ойындары (жұмысты ойындары, әлеуметтік психологиялық ойындар), таныс емес жағдайларда адамның мінез-құлқын қалыптастырудағы жаңа әдістерін қажет етеді, үлгілі жағдайда және жаңа мінез-құлықтарын таңдағанда, ондағы мінез-құлық ережесі болып табылады [8] .
Ережені айқын сақтау жағдайы ойын мінезінің кілті сияқты өзара әрекеттің ритуалды көрінісі. Ерекшелікке байланысты ойын серіктестіктің бір-бірінен тұйықтық тәжірибесін үйренеді. Адамдардың ойындары жалпы өзара түсінікті ұйғармайды. Бірақ серіктестер ойын барысында оған жетуге мақсат қоймаған жағдайда мүмкін болады. Мақсат барысында екі серіктес те ойынның ережесін біледі, алдына ашық түрде мақсат қояды, оны жасырмайды: жеңіске жетуге ұмтылады. Серіктесінің жеңілу жүрген жолын алдын-ала біліп, бірін-бірі басқарып, бұны екеуі де біледі. Ойынға қатысушыларға бір-бірінің ойын түсіну өте қажет, бірақ бұл даралықтың өзін-өзі жариялауы емес, кейде өзін-өзі жариялау ойынға кедергі туғызады. Қарым-қатынастың бұл түрі (өзара түсінудің бөлшегі ретінде) жұмысты ортаға қолайлы, егер ұтымды және эмоциональды компоненттер араласса өзара әрекетті кедергі болады.
Ойын барысында серіктестің тұйықтық дәрежесі кейбір зерттеушілердің (Э. Берн) тек қана тұлғаралық әрекеттің «ойынын» аналогиялық тұрғысынан орны да болады, бірақ адамаралық қарым-қатынастың жағдайлық классификациясын ұсынып, серіктестердің ойынға дайындылығы және өзін жариялау дәрежесіне тәуелді болады .
Сонымен Гофман күнделікті ситуациядан өзара әрекетті бөліп көрсетті: «Жеңіске дейінгі ойын» (немесе ашық келіспеушілік), «қимыл-қозғалысты ойындар» және түркі аралас ойындар. Қимыл - қозғалысты ойындар адамдар мақсатпен ережелердің жиынтығын көрсетеді; бұл ережеге сай адамдарды жалпы қабылдайды. Бұл ойындардың мақсаты ортақ келісімге келу, қатысушыларды өзіндік марапаттау рөлі ретінде болып, егер олардың мінез-құлқы берілген ережелерге сәйкес болса.
«Жеңіске дейінгі ойынның» мақсаты қарсыласын жеңу. Бір-біріне «Жабық» жағы бәрібір қарама-қарсы жағы өзінің білім қорындағы дербес жалпы мақсатқа жету үшін пайдалануы мүмкін. Қатысушылардағы «жеңіске дейінгі ойын» қарым-қатынасты ұмытып кетеді: жеңіс - бұл «бірін немесе қанағат етерлік» жағдай деп түсінеді. Осындай жағдайдағы сенім өзін-өзі өлтірумен шамалас болады.
Түрткі аралас ойындағы ойыншылар мен өзара түсіністікпен қарауды жоармалдайды және соның қамын ойлап ашық ұсыныс жасайды, бірақ сол уақытта және эмоциялық дәрежеде шынайы жағдайға еліктеу қабілеті жүреді [9] .
Осылайша нәтижесін шығарарда келесідей қорытынды шығаруға болады: тұлғаралық өзара әрекеттің рөлдік мінез-құлық ережеге бағыну, жасанды жағдай және мотивтерді жасыру, анықталмаған жағдайлардан белсенді етеді.
Ойын -басқа тәрбие нормальдың қайсынан болса да жоғары тұрады.
Өйткені ол біздің барлық тұрмыс тіршілігін ұйымдастыруға, баланың белсенділігін арттыруға, өз бетімен әрекет етуге мүмкіндік береді.
Мектеп жасына дейінгілердің жеке басының қалыптасуына байланысты ойынның мынадай 7 ерекшелігі болады:
1. Бала ойны негізінде түгелдей үлкендерден көргенін, олардың өзара қарым-қатынасын барлық әрекеттерінің түрін бейнелейді.
Бала неғұрлым белсенді әрекет етсе, соғұрлым ойын анық білдіреді және ойын негізінде бір-бірімен тілдік қарым-қатынаста болады.
2. Ойын негізінде тек дана жекелген әрекеттер емес, бірікке қимыл қозғалыстарға әрекеті жүзеге асады. Осы әрекет кезінде бір-бірімен тілдік қарым -қатынаста болады.
3. Адамның басқа әрекеті сияқты бала ойыныңда әлеуметтік сипаты болады. Сондықтан да ойынның мазмұны адам өмірімен қоғамның тарихи өзгешелігіне байланысты ауысып отырады. Баланың ойыны да өзгерген өмір бейнесін көрсетеді. Мысалы: 4 жасындағы баланың ойыны «Өзінің жауына қарсы күресу», «тамақты картошкамен алу» т. б. сан күрделі шаруашылық еңбек сипатында болса, қазіргі кездегі баланың ойынының мазмұны больница, завод космос т. б.
4. Бала өз ойыменде творчествалық шындықты бейнелейді. Кейде өзі қиялға беріліп, фантазиясы мен ойынның мазмұнын да өзгертіп жібереді.
5. Бала ойында да өз басында бар білімге сүйенеді, және ойын мазмұны талпынысына, дамгершілігіне, қабілетіне байланысты өзгереді. Мысалы: бала мгазин, больница ойын ойнау үшін, ол туралы түсінік, мағлұмат білу керек. Сондықтан да ойынды үлкендердің еңбегін бақылау негізінде жүзеге асады деп айтады. Мысалы: экскурция кезінде тәрбиеші балаларды тігіншілердің, теміржолшының еңбегімен таныстырады, балаға үлкендер еңбегінен әсер алуға мүмкіндік туғызу керек. Экскурциядан міндетті түрде толық талдау жасап, тақырыпқа сәйкес ойын ұйымдастыру керек. Бұл баланың алған білімінің кең көлемде нақты есіне сақтап қалуына көмектеседі.
6. Бала бірлесіп әрекет еткен кезде, бірігіп ойын ойнағанда коллективтігін байқауға болады. Өзара қарым-қатынас жасап, келісіп, пікір алысып, ойынның ережесін орындап, коллектив мүддесін қорғап, коллектив бойынша жетістікке жетуді көздейді.
7. Бала есейген сайын жан -жақты дамуына байланысты ойынның мазмұнын дамып күрделеп отырады. Бұл тәрбиешінің жүйелі түрде басшының жасай білуіне де байланысты және осы кезде балаға ойындағы рөлдерді бір -бірінен ажыратып, әр қайсы рольдер бойынша өзіне тиісті міндеттерді атқару керектігін түсінеді.
Кішкене балалар белгілі бір ойында неге ойнау керек екенін сұрамай-ақ ойнай берді, олар құсша сайрай берді. Жасөспірімдерде ойынға ұмтылады, бірақ ойынға шынайылық белгісін енгізуді қажет етеді. Егер оған осындай бір ойын ойна десе жасөспірім жан-тәнімен беріледі.
Ойын өсіп келе жатқан бала организіміне қажеттілігіне тоқталсақ, ойында баланың ден күші дамиды, қолы қатты, денесі икемді. Көзі көргіш болады, аңғарымпаздылығы, тапқырлығы артады. Ойында балалардың ұйымдастыру дағдылары қалыптасады. Ұстамдылығы жағдайды парықтай білуі және тағы басқалар дамиды [10] .
Ойынның тәрбиелік маңызы зор, ерік - жігерді нығайтатын, әділетшіл сезімге, басқа іс түскенде көмектесе білуге және т. б. сол сияқтыларды тәрбиелейтін ойындар бар. Ойын арқылы аңдарды да тәрбиелеуге болады.
Ойын арқылы балалар қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады. Бала ойыныныда да қоғамдық, ұжымдық сипатта болады. Мысалы, кез-келген бала ешуақытта жалғыз ойнамайды, сол арқылы бір - бірімен өзара қарым-қатынас жасайды. Ойын балалар үшін айналадағына танып, білу тәсілі. Балалар ойындарының тәрбиелік маңызын жоғара бағалай келіп А. С. Макаренко былай деп жазады: “Бала ойынында қалай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан ұқсас болады. Сондықтан келешек қайраткер азаматты тәрбиелеу алдымен ойыннан басталады”.
Ойынның негізгі ерекшелігі - ол балалардың қоршаған ортаны, адамдардың қимылын, іс-әрекеттерін олардың бала қимылынан туған жағдайдағы қарым-қатынасын бейнелеуі болып табылады. Ойында бөлме, теңізде, ұшақта, темір жол вагондарда болуы мүмкін. Балалар үн-түнсіз ойнамайды. Ойын процесінде ойын процесінде сөйлесу қарым-қатынасы үлкен роль атқарды. Сөйлесе жүріп, балалар пікірлесіп әсер алады, ойынның түпкі ниеті мен мазмұнын анықтайды. Ойынның негізгі құрылымдық элементтері мыналар: ойынны түпкі ниеті, сюжетті немесе мазмұны немесе мазмұны, ойын әрекеттері рольдер, ойынның өзінің туатын және балалар жасайтын немесе ересектер ұсынатын ойын ережесі.
Рольді ойын элементтері сәбилік шақта пайда болып, дами бастайтындығын біз айтып өткенбіз. Рольді ойындарда балалар үлкендермен бірге болуға тырысып, ерекше ойын түрінде ересектердің өзара қарым-катынастары мен еңбектегі қызметін еске түсіреді.
Мектепке дейінгі шақта ойын іс-әрекеттің басты түріне айналады, алайда бұл қазіргі баланың, әдетте, көп уақытын өзіне қызғылықты ойындармен өткізетіндігінен емес, ойын баланңң психикасында сапалық өзгерістер туғызатыидығынан болады [11] .
1-сурет. Ойынның құрылымы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz