Оңтүстік Қазақстан облысындағы саяси қатыныстар жүйесіндегі саяси мәдениетке тән сипаттар



Саясаттану саласында зерттеулер жасап жүрген мамандар Қазақстандағы биліктің,саяси процестердің сипатын,мән-мазмұнын жақсы ұғыну үшін әуелі қазақтардың дәстүрлі саяси мәдениетін, құндылықтар сатысын,саяси дәстүрлерді және олардың қазіргі замандағы әлеуметтік болмыстағы ролін тұжырымдау қажет екендігін білдіреді[34].
Қазақтардың дәстүрлі мәдениетін зерттеуде батыстық үлгідегі методология,әсіресе классикалық маркстік формула әмбебап зерттеу құралы бола алмайды (әрине,ол зерттеу тәсілінің кейбір тұстарын талдауда қолдануға болатынын жоққа шығарамыз). Шығысқа тән саяси дәстүрлердің қазақ қоғамында әлсіз болуын мынадай факторлармен түсіндіруге болады – деп көрсетеді Ә. Нысанбаев: 1) Қазақ қоғамы өмірінде мемлекеттің ерекше рөлі болған жоқ, өйткені батыстағы түсінікке сәйкес ( маркстік түсінікке деп айтуға болады ) мемлекет болған жоқты. Тапсыз қазақ қоғамы негізінен азаматтық қоғам ретінде қызмет атқарады, мұнда қоғамның қатардағы мүшесінің басқарудың классикалық шығыстық дәстүрлермен анықталатынына қарамастан дала демократиясының белгілі бір ережелері көмегімен реттеледі. 2) Қазақ қоғамын жоғарыдан төмен қарай тік және көлденең қатынастармен байланысып жатқан әлеуметтік организм іспетті, не жүйе түрінде қарауға болады.
Дәстүрлі қоғамның ең белді саяси құндылықтары ретінде мәмілеге келу құбылысын айтуға болады. Мәмілешілдік психологиялық категория емес, керісінше мәдени рухани ұғым. Оның негізінде ортақ тіл табысу мен күш көрсетпеу саясаты жатыр. Мәмілешілдік түсінуден туындайды. Олай болса, мәмілешілдік, мәмілеге келу адамзат баласын сақтап қалудың негізгі парадигмасы деп атасақ қателеспейміз. Азаматтық қоғамның рухани негізі де осы мәмілелік. Мәмілелік қазақ менталитетінің негізгі категорияларының бірі және ғылыми тұрғыдан қызық саяси дәстүр – деп жазады Ә. Нысанбаев(35).
Саяси мәдениеттегі мемлекеттің қамту ауқымы кең. Ол адам мен табиғат, адам мен қоғам, мемлекет пен мемлекет, ұлт пен ұлт, адам мен адам арасындағы қатынастарда кездеседі.

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ІІ. ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ САЯСИ ҚАТЫНЫСТАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ САЯСИ
МӘДЕНИЕТКЕ ТӘН СИПАТТАР

2.1. Қазақстандық саяси мәдениеттің ерекшеліктері
Саясаттану саласында зерттеулер жасап жүрген мамандар Қазақстандағы
биліктің,саяси процестердің сипатын,мән-мазмұнын жақсы ұғыну үшін әуелі
қазақтардың дәстүрлі саяси мәдениетін, құндылықтар сатысын,саяси
дәстүрлерді және олардың қазіргі замандағы әлеуметтік болмыстағы ролін
тұжырымдау қажет екендігін білдіреді[34].
Қазақтардың дәстүрлі мәдениетін зерттеуде батыстық үлгідегі
методология,әсіресе классикалық маркстік формула әмбебап зерттеу құралы
бола алмайды (әрине,ол зерттеу тәсілінің кейбір тұстарын талдауда қолдануға
болатынын жоққа шығарамыз). Шығысқа тән саяси дәстүрлердің қазақ қоғамында
әлсіз болуын мынадай факторлармен түсіндіруге болады – деп көрсетеді Ә.
Нысанбаев: 1) Қазақ қоғамы өмірінде мемлекеттің ерекше рөлі болған жоқ,
өйткені батыстағы түсінікке сәйкес ( маркстік түсінікке деп айтуға болады )
мемлекет болған жоқты. Тапсыз қазақ қоғамы негізінен азаматтық қоғам
ретінде қызмет атқарады, мұнда қоғамның қатардағы мүшесінің басқарудың
классикалық шығыстық дәстүрлермен анықталатынына қарамастан дала
демократиясының белгілі бір ережелері көмегімен реттеледі. 2) Қазақ қоғамын
жоғарыдан төмен қарай тік және көлденең қатынастармен байланысып жатқан
әлеуметтік организм іспетті, не жүйе түрінде қарауға болады.
Дәстүрлі қоғамның ең белді саяси құндылықтары ретінде мәмілеге келу
құбылысын айтуға болады. Мәмілешілдік психологиялық категория емес,
керісінше мәдени рухани ұғым. Оның негізінде ортақ тіл табысу мен күш
көрсетпеу саясаты жатыр. Мәмілешілдік түсінуден туындайды. Олай болса,
мәмілешілдік, мәмілеге келу адамзат баласын сақтап қалудың негізгі
парадигмасы деп атасақ қателеспейміз. Азаматтық қоғамның рухани негізі де
осы мәмілелік. Мәмілелік қазақ менталитетінің негізгі категорияларының бірі
және ғылыми тұрғыдан қызық саяси дәстүр – деп жазады Ә. Нысанбаев(35).
Саяси мәдениеттегі мемлекеттің қамту ауқымы кең. Ол адам мен
табиғат, адам мен қоғам, мемлекет пен мемлекет, ұлт пен ұлт, адам мен адам
арасындағы қатынастарда кездеседі. Бүгінде мемлекет арасындағы
қатынастарды, ұлт аралық қатынастарда шешуде мәмілелік ерекше рөл атқарады.
Мәмілекеттің жарқын көріністерін қазіргі ел басы Н. Назарбаев саясатынан да
көптен кездестіруге болады. Мысалыға, кешегі дәстүрлі қоғам уақытында
жүргізген хандар мен билер саясаты, үш жүздің басын қосуға бағытталған іс-
қимылдар, халықтың ішінара ауыз бірлігін сақтау бағытындағы жүргізілген
саясат, бірлікті ту еткен жалынды да қанатты сөздер бүгінгі өз
тәуелсіздігін құрып жатқан ұрпаққа үлгі-өнеге. Қазіргі демократиялық
құндылықтардың кең қанат жаюы да осы мәмілеліктің көрінісі. Мәселен,
мемелекет пен мемлекеттік емес қоғамдық ұйымдар арасындағы өзара
келісім,саяси партияларды азаматтық қоғамның рухани тірегі болатын негізгі
құндылықтар төңірегінде топтастыру парламент пен үкімет,президент
әкімшілігі арасындағы қарым-қатынастарды дамытуда осы саяси мәдениеттегі
мәмілеліктің көрінісі.
Мәмілелік философия білім даналықты қауыштыратын рухани-әлеуметтік
кеңістік. Онда Шығыс пен Батыстың құндылықтары өз арнасын тауып, тоғысып
жатады. Осы тұрғыдан келгенде, мәмілелік келісімпаздық емес,керісінше
түсіну.
Түсіну мен келісімпаздық екі нәрсе . Түсіну тұтастықтан туындаса,
келісімпаздық жалтақтықтан туындайтын іс-әрекет логикасы. Мәмілеліктің
басты шарты өзара келісім,жақындасу.Ол зорлық логикасы мен күш көрсету
қимылын қаламайды.Мәмілелік - өнер.Ол мәдениет пен мәдениеттіліктің ең биік
көрінісі.
Қазіргі жаңғырту кезеңінде дәстүршілдік өте өзекті тақырып болып
табылады. "Дәстүр" термині өтпелі кезеңде болып жатқан прцестерге қатысты
кез-келген зерттеулерде қолданылады. Дәстүрлі қоғамдық сана мен қоғамдық
қатынас элементтерінің пайда болуы мен бекітілуінің тарихи қалыптасқан
тұрақты формасы ретінде анықтауға болады.
Мұндай дәстүрлі қатынастың шекарасы айтарлықтай кең, сондықтан
дәстүрлі талдау және олардың пайда болуы саясат аясында шектеледі. Алайда,
тек қана қазіргі заманның салт-дәстүрі болып саналатын жақын өткеннің
дәстүрі ғана емес, сондай-ақ саяси санада және саяси мәдениетте тамырын
тереңге жіберген дәстүрлерде қарастырылады.
Барлық дамыған елдерде саяси сипаттағы реформалардың табыстылығы
ұлттық сипат пен ұлттық ерекшелік есебіне негізделген. Сондықтан болар
саяси реформалар бірұлтты мемлекттерде (бір ұлттың ұлттық ерекшеліктерін
есепке алу оңай) қарқынды жүрді. Мысалы оған Жапония, Оңтүстік Корея және
т.б.мемлекеттерді жатқызуға болады. Ал көпұлтты мемкеттерде саяси
реформалар өте баяу жүрді, өйткені ұлт кангломераты бір басым идеологияны
бөліп алуға мүмкіндік бермеді, ал ол пайда болмаған жағдайда да, ойдағыдай
орындалмады. Мұндай мемлекеттердің қатарына көптеген постсоветтік
мемлекеттер кіреді.
Ресейлік және кеңестік империяның сипатты ерекшелігі, бүкіл
мемлекеттік жүйеде үстемдік еткен этностар иерархиясында. Бұл иерархия
Ресейдің басқа халықтарды отарлауымен байланысты заңды түрде пайда болды
және кеңестік мемлекетте басқа элементтермен қатар мемлекеттік және
қоғамдық құрылыстарда және этностар иерархиясында сақталды.[37].
Қазақ даласында ұлтшылдық пен шовинизм феномдерінің көрініс беруінің
өзіндік себебі бар. Мұның пайда болуына түрткі болған Ресей империясының
отарлық саясаты болып табылады. Патшалық Ресей тұсындағы орыстандыру
саясаты үлкен күшпен жүргізілді. Өйткені болашақ кеңестік этностардың
негізгі бөлігін орыс халқы құрауы керек еді және жаңа этностардың орыс
тілінде сөйлеуі шартты, ал бұл жағдай басқа тілдердің әлсіреуіне немесе
мүлдем жоғалуына әкеп соқтырды.Осы саясатта қарсы түрлі ұлттық
идеялар,басқаша айтқанда ұлтшыл идеялар қалыптасты. Мұндай идеяларды
тудырған Алаш азаматтары болатын. Қазақ халқының ұлтшылдығы агрессивті
немесе өзге ұлтты кемісіту үшін қолдаған жоқ.Олар өздерінің құқықтарын
қорғау үшін күресті.
Өз елін, жерін, мәдениетін сүйген ғұлама ойшыл алда келе жатқан
бірнеше ғасырлық бодандықтан халықтың өміріне үлкен үлкен із қалдыратынын
терең сәуегейлікпен айта білген. Тарихи процес қатал.Әлсіздер тарихи
доңғалағының тегеурініне шыдамайды, күштінің ығында жүреді. Мәдениетте мол
ыңғайда қалыптасады, ол көптеген құндылықтарды бойына сіңіреді.
Бірыңғай кеңестік қауымдастықты қалыптастыру кеңестік мемлекеттердің
пайда болуының алғашқы жылдарынан басталады.Мұндай қадам жасауға түрткі
болған интернационализм идеологиясы болды.
Кеңестік мемлекеттің жаңа этнос құру ісі іске аспады, тіпті
этносаралық қарым-қатынас проблемаларын шешуде шамасы келмеді. Кеңес Одағы
территориясындағы шиеленістер, құрылыстың әлсіреуінің алғашқы нышаны
ретінде Кеңес Одағы құламай тұрып-ақ басталған болатын. КСРО халықтарының
дәстүрлері мемлекет тарапынан қатаң идеологиялық прессингке қарамастан
сақталып қалды және және олар бүгінгі постсоветтік кеңістікте елеулі рөл
атқарады. Этникалық шиеленістер көбінесе мемлекеттің қатаң бағытынан және
этностардың мақсат-мүдделерін, құндылықтарын және дәстүрлерін есепке
алмағандықтан туындап отыр. Бұған мысал ретінде Шешенстанды айтуға
болады[38].
Не дегенмен қазақ халқы тәуелсіздікке жол жеткізеді. Мәдениетін,
тілін, дінін, салт-дәстүрін дамытуға жол ашылды. Мемлекеттің ендігі мақсаты
жасқаншақтықты, сенімсіздік пен үрейді жойып, ұлтжандылық пен патриотизмді
қалыптастыру болып табылады.
Ең алдымен, біздер халқымыздың осы уақытқа дейінгі тағдырының ауыр
сындарына қарамастан халық және ұлт болып сақталынып қалуына мүмкіндік
берген саяси мәдениеттің элементтерін анықтауымыз керек.
Қазақстандық тарихшы ғалым К.Нұрпейіс әрбір халықтың өзіндік ұлттық
рухы бар екендігін айтады және ол құбылыстың өмірдің бар саласына өз әсерін
тигізетініне күмән келтірмейді. Біздің ойымызша қазақ тарихында саяси
процестердің дамуында бұл құбылыстың маңызды орны бар. Сонымен ұлттық рухты
бейнелейтін қазақы қасиеттерге нені жатқызамыз?-деген сұраққа зертеуші
төмендегі жауапты береді.
- ғасырлар қойнауынан бастау алып, қалыптасқан, жетіліп нығайған ана
тіліміз;
- ұлттық әдет-ғұрыптарымыз;
- сөз таласында ділмарлығымен, даулы істі шешуде әділеттілігімен, ел
таулығы мен жер тұтастығын қорғауды табандылығымен ерекше құрметке ие
болған атақты билер дәстүрі;
- өз елінің тәуелсіздігін, ата-қонысының тұтастығын сырт жаулардан
қорғауда елім үшін жаным садаға, жерім үшін қаным садаға екеуі үшін
арым садаға, қан төксем кегім үшін төгем, жан қисам елім үшін қиям –
деген серттігіне сай ту байлап, жауға шапқан батырлар үлгісі;
- қиын-қыстау замандарда еңсесі түскен, еркі жасыған халықтың намысын
қайрап, жігерін қамшылаған жортуыл жыраулар өнері;
- отырған тағым емес, билеп отырған халқының бағын билеп отырған хандар
мен басқа да мемлекет қайраткерлерінің жарастылығы;
- халқымыздың басқа жұрттан (қырғыз ағайындарды қоспағанда) айрықша
ерекшелендіріп тұратын суырып салма ақындық өнері;
- қарапайым түрде айтылғанымен, философиялық ішкі иірімдерге бай, ескі
заманнан осы күнге жеткен, бір сұмдық сыры бар қазақтың қара өлеңі;
Қазақылықты немесе ұлттық рухты анықтауға тікелей қатысы бар басқа да
ұлттық қасиеттері болуы мүмкін. Қалай болғанда да
олардың қазақ халқының этномәдени және этнопсихикалық тұтастығынан
туындайтығына күмән келтіруге болмайды[39].
Саяси мәдениет тарихи тұрақтылық сипатқа ие, демек дәстүрлі қоғам
мәдениеті ұлттық психология, тарих, халықтың рухани мәдениеті негізінде
зерттелінеді. Осы аталған мәдениетті зерттеу көздеріне сүйене отырып, қазақ
халқы тарихындағы әлеуметтік-саяси мәдениеттің жаңаруына ықпал еткен
өзіндік кезеңдер болған деп есептейміз:
- дәстүрлі қоғамның саяси мәдениеті мен бағдарлары;
- ΧІΧ ғасырдың аяғы мен ΧΧ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының саяси
мәдениет қалыптасуына тигізген ықпалдары;
- Кеңестік тоталитарлы қоғам таңған саяси мәдениет;
- Қазіргі кезеңдегі саяси мәдениеттің жаңаруы, өзгеріске түсуі,
демократиялық саяси мәдениеттің қалыптасуы;
Әрине, біз егеменді демократиялық мемлекет құруымыз керек, осы
тұрғыда біз барлығын басынан (нөлден) бастаймыз, біздің жеке өзіндік
тәжірибеміз жоқ. Бірақ біздің пайдамызға орай, біздің түпкі саяси сана
сезімімізге еркіндік және демократия – жеке тұлғалардың табиғи жағдайы
ретіндегі түсінігі қалаптасқан.
Сондықтан біздің халықтық дәстүрімізде, қазақтардың қалыптасқан
құқықтарында, саяси мәдениет тарихында, демократия құндылықтарын және оның
қажеттілігін мойындауға мүмкіндік туғызатын жергілікті негіз бар.
Қазақтардың саяси мәдениетінде сөз жарастыру, пікір алмасу және
шешендік өнер жоғары дамыған. Барлық уақытта қазақты сөзбен тоқтатуға
болады, оған міндетті түрде күш қолданудың қажеті жоқ. Алайда, күш оны
бағындырғанмен, бірақ іштей қолданылмады. Пікірталаста, салғаласта, ұрыс-
керісте күш аргумент болған жоқ. Сондықтан "Бас кеспек болса да, тіл кеспек
жоқ".
Қазақ мемлекеттігін күштеу немесе зорлық ету тәсілдерімен нығайту
мүмкін емес еді . Өйткені, бостандық сүйгіш қазақ көшпенділері күштеуге
ұшыраса, тарих деректерінде жазылғандай, тез арада көшіп кетіп отырған.
Шығыс елдерінде бұл міндетті дін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық экономикалық интеграцияның объективті негіздері және мәні
Кәсіпорындағы маркетингтік жоспарлау
Туристік қызметті жоспарлау мен ұйымдастыруда территорияның табиғи және мәдени әлеуетін пайдалану
Этно-мәдени туризмді Қазақстанда дамыту болашағы
Рухани мәдениетке байланысты қалыптасқан этномаркерлі топонимдер
Материалдық мәдениетке байланысты калыптасқан этномаркерлі топонимдер
Қоғамның мәдениеті
Қазақ халқының ұлттық рухани мәдениетінің бастаулары
М.Мақатаев поэзиясындағы символизм
Кәсіпкерлікттің ұйымдық – құқықтық түрлері
Пәндер