Оқушылардың оқу дағдыларын қалыптастыру туралы


Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
- Оқушылардың оқу дағдыларын қалыптастыру
- Жылдам оқуға үйрету мүмкіндіктері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Оқу сабақтарында білім мен тәрбие алу үшін қажетті әр түрлі оқу дағдылары қалыптасады. Оқу дағдысын қалыптастыру әдеби жазба тілі және сөйлеу тілімен байланысып жатады. Оқушылармен жүргізілетін түрлі жаттығулар, тілдің заңдылықтарды, ережелері меңгертілгенде ғана оқу дағдысын қалыптастыруға болады.
-Бастауыш сынып оқушылары оқулықтағы қысқа мәтіндерді ғана оқып жаттығатын болса, кейін 7 - 8 сыныптарға барғанда жаңа пәндер көбейіп қана қоймай, ондағы тапсырмалар көлемі де ұлғаяды, әдебиет, география, тарих, физика мен биология пәндеріне кіреді.
Егер бастауыш сынып оқушысы минутына 38 сөз оқитын дәрежемен орта буынға шықса, ол 6 - 7 сыныптарда 8 беттен тұратын 6500 сөзді 170 минут, яғни 3 сағатта оқып шығуына тура келеді. Ал баяу оқитын бала мәтін мазмұнын 1 рет оқығанынан түсінуі мүмкін емес, сондықтан оған 2 - 3 рет қайталап оқу керек. Сонда оған тапсырманы оқып шығу үшін 9 сағат уақыт қажет болады. Оған мектепте өткізетін 6 сағат уақытын қоссақ, 15 сағат шығады. Ал үйге тек оқу ғана емес, жазба жұмыстары да беріледі. Сондықтан балаға 24 сағат уақыт та жетпеуі мүмкін. Мұндай ұзақ уақыт жұмыс істеу мүмкін емес. Сол себептен балалар үлгірмеушілер қатарына қосылады. Осыдан жоғары сыныпта оқу сапасы күрт төмендеп, үлгірмеушілер қатары көбейеді. Бұл, әрине, оқушының психологиясының бұзылуына әкеліп соғады. Оның оқуға деген қызығушылығы болмайды.
Болашақта осындай жағдайларды болдырмау үшін бастауыш сыныпты бітіріп шыққан оқушы минутына кем дегенде 120 -130 сөз оқитын болуы керек. Осы мәселеге байланысты біздің көрсетіп жатқан жұмыстарымыздың бір түрі - « Көру диктанттары». Жүргізу уақыты 5 - 8 минут.
18 жинақтан тұрады. Әрбір жинақ 6 сөйлемнен құрылған. Әрбір сөйлемдегі әріптер саны мен есте сақтау уақыты берілген. 8 әріптен тұратын сөйлемді 4 секунд есте сақтап жазу керек. Келесі жинақтарда әріптер саны көбейіп күрделене түседі. 18 - жинақта 46 әріптен тұратын сөйлемді 8 секунд есте сақтап жазып беру керек. Бұл жұмысты үздіксіз, күнде - күнде қайталап, 54 күн қатарымен жүргізу керек. Бұл, біріншіден, оқушының оқу шеңберін кеңейтеді және оның зейінін, есте сақтау қабілетін дамытуға көмектеседі. Грамматикалық қателерді азайтуға әсер етеді.
Оқушылардың оқу дағдыларын қалыптастыру
Мен сыйлар деп дүние, келдім міне,
Бір жас деп есігіңнен ендім міне.
Мен азатпын, мен ақпын, мен өсемін,
Не қылсаң да басымды бердім міне! - деп ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров жырлағандай, алдындағы мектеп табалды рығын алғаш аттаған бала психологиясының іргетасын қалап, күнделікті білім беруді шеберлікпен ұйымдастыра алу - әрбір бастауыш сынып мұғаліміне үлкен жауапкершілік, міндет. Бастауыш сыныптағы «әдебиеттік оқу» пәнінің мақсаты - бастауыш сынып білім алушыларын білім, білік және дағдыларымен қатар, олардың әдеби сауатын ашу, көркем шығармаларға деген қызығушылы ғын арттыру, ұлтжандылық сана-сезімін дамыту, сөз өнерін шығармашылықпен игеруіне жағдай туғызу болса, алдымызда оны шешудің үлкен міндеттері тұр . Көзделген міндеттерді іске асыру үшін балалардағы оқу дағдысын дұрыс қалыптастыру қажет. Оқу дағдысының қалыптасуы балаларға ұсынылатын материалдың түсініктілігіне, жеңілдігіне және қызықтылығына байланысты екендігі әрбір мұғалімге аян. Баланы дұрыс, түсініп, шапшаң және мәнерлеп оқуға үйрету мәтін бойынша жұмыс дұрыс жүргізілгенде ғана сабақ өзінің оң нәтижесін береді, тиімділігі артады, оқу сапасы жақсарады.
Оқу сапаларына оқу түрлері жатады. Оқудың алғашқы кезеңінен дұрыс оқу дың негізі басталады. Осы кезде жеке сөзді әріптеп оқытпай (а-ғ-а-ш, б-а-л-ы-қ) буындап буындарды жалғастырып оқуды ( а-ғаш, ба-лық ) меңгерту қажет. Буындармен ойын ұйымдастыру, оқушыға күн сайын бірнеше буындарды тізбекпен көрсете отырып оқыту пайдалы болмақ. Кейде оқушы әріп, буын, сөз қалдырып кетсе, кейде екі рет қайталайды, буынды жұтып қояды, әріптерді алмастырып айтады. Қате оқыған сөзді таптыру, талдау жасатып, сол сөзге мағынасы жуық сөздер таптырту, қайта оқыту, тыңдап отырған оқушыларға түзеттіру тәрізді жаттығу түрлері орындалады. « Түсініп оқу- оқушының оқыған мәтінінің мазмұнын анық, терең ұғынуы» деп түсінсек, түсініп оқуды жүзеге асыруда алғашқы кезде өздеріне түсінікті, қызықтыратын, ішінде қиын дық тудыратын сөздері өте аз сюжетті мәтіндерді таңдаған дұрыс.
Тиін.
Мынау-тиін(суреті) . Оның үйі- ағаш қуысы (суреті) . Ол жаңғақ(суреті) пен саңырауқұлақты(суреті) жақсы көреді. Адамдар тиінге тиіспейді. Балалар оны жақсы көреді.
Мұғалім түсініп оқуға жаттықтыруды балаға таныс: жануар, аң, тағам, жеміс, киім-кешек, құс жайлы жазылған жеңіл мәтіндерден бастау керек. Мұндай мәтіндерде заттың аты, сипаты, әрекеті және оқушыны адамгершілік ке тәрбиелейтін сөйлемдер болғаны дұрыс. 2, 3, 4 сыныптарда мәтін мазмұны мен ұйымдастырылатын жұмыс түрі қиындайды. 2 сыныпта өтетін Ыбырай Алтынсариннің «Ата-әжеме хат» мәтіні бойынша төмендегідей жұмыстар жүргізуге болады.
- Интерактивті тақта немесе мазмұнды суреттер арқылы пошта мекемесі, пошташы, хат түрлері, мекенжайына қарай топталған хаттар көрсетіліп, ауызша талданады. Не білесің? Қалай аталады? Қандай қызмет атқарады? Қызметі . . . Пайдасы . . . Айырмашылығы . . . (білімдерін көрсету)
- Шығарманың түрін, жанрын анықтау. Жазушы хатын кімге арнаған? Қандай сөйлемдер қолданған? Әр бөлікте не туралы жазылған? Аяқталған ойды тауып, ат қою. Атасы қандай ақыл берген? Тірек сөздерді, кейіпкерді табу, оған мінездеме беру, автордың негізгі ойын анықтау үшін ауызша талдау арқылы түсінуіне жағдай жасалады. Сөздік жұмыс ұйымдастырылады. (мұғалімнің көмегімен түсінуі тиіс)
- Хатты қолданып көрдің бе? Адамдар не үшін қолданады? Хат жазу арқылы оның түрлері мен ерекшеліктерін байқату. Ол тиімді ме екен ? Неліктен? Электронды поштаны естідің бе? Қайсысында жазылған хат жылдам жетеді деп ойлайсың? деп ізденіске түсіріп, ойларын дәлелдетіп, өмірмен байланысы анықталады.
- Сипаттау, суреттеу, жалғастыру, электронды пошта мен жай поштаның ортақ белгілерін табу арқылы білімдері жинақталады.
Мәтінді баяу оқыған бала оның мазмұнын түсінбейді. Кейде шапшаң оқимын деп қате оқып жатады. Шапшаң оқуға жүйелі түрде күнбе-күн оқыту арқылы ғана дағдыландыруға болады. Сабақта команда арқылы бір мезгілде бастатып, 1минут өткенде тоқтатып, өздеріне санатып үйрету қажет. Қарындаш пен неше сөз оқығанын түртіп алады, оқуды жалғастыра ды, тоқтап санайды. Екінші түрі мұғалім мәтін ұсынады. Көз бен кітап арасындағы қашықтықты сақтай отырып бала іштей 1 рет оқиды. Осыдан соң мұғалімнің қадағалауымен дауыстап оқып шығады. Қате оқылған сөз болса, мұғалім оқыған сөз санынан шегереді. Мұғалім оқушылардың оқу техникасын үнемі бақылап, ескерту жасап отырған жөн.
Қате оқу * түсініп оқу // дұрыс оқу + норма н/ж н/т
Сыныптан тыс уақытта өз беттерімен шығармаларды оқып, әрбір оқушы оқырман күнделігін толтыратын болса, ол оқу көрсеткішіне үлкен әсерін тигізеді. Сыныбымның оқушылары оны мына үлгіде толтырады.
1. Күні 2. Тақырыбы (жанры) 3. Авторы 4. Кейіпкерлері 5. Автордың негізгі ойы 6. Менің пікірім(суретім)
Мәнерлеп оқу дегеніміз- қарапайым сөйлеу тіліне жақын, еркін оқу. Бала ларды мәнерлеп оқуға дағдыландыруда мұғалім өзі мынадай жаттығулар орындауына болады.
- Нақышына келтіре өзі оқиды, ой екпінін дұрыс қоя отырып, дауысын құбылта оқып, шығармадағы көңіл- күйді сездіре біледі. Оқу интонация сына: дауысының бірде жоғары, бірде төмен түсуіне, ырғағына, дұрыс кідіріс жасауына, көтеріңкі дауыспен ерекше оқылуы тиіс сөзге ( екпін түскен сөз) назар аударуы қажет. Ой екпіні түскен бір топ сөзді бөліп оқу да( назардан тыс қалмауы тиіс)
. . . Тыңдамап еді ешкімді,
Қателігін кеш білді. ( «Тәкаппар» 2-сынып )
- Оқытпас бұрын кідірістерді анықтап, қарындашпен белгілейміз. Сөйлем ішіндегі сөздер бірнеше тіркестен тұрса, оқыған кезде әрбір тіркес қысқа кідіріс (І) жасап оқылады. Әрбір сөйлем белгілі бір ойды білдіріп тұратын болғандықтан сөйлем аяғында біршама кідіріс(ІІ) жасалады. Бірнеше сөйлем құралып оқиғаны суреттеп, сипаттап болған соң екінші бөлікке ауысарда ұзағырақ кідіріс(ІІІ) жасалады. Бұл кідіріс дауысты шаршаудан сақтайды.
- Балалардың әңгімелеу, сипаттау мәтіндерін әңгімелете отырып, телефонға жазып алып кейін оны өзіне тыңдатып, осы әңгімені қағаздан оқытып салыстыртамын. Балалар айырмашылықты лезде табады. 2 сынып оқулығында берілген Асқар Тоқмағамбетовтың « Құлақ пен тымақ» мысал- өлеңін үнтаспадан тыңдаған оқушылардың әрқайсысы маған ұқсап, айнытпай оқуға тырысты.
- Оқушыны сөйлеу техникасына жаттықтыру- мәнерлеп оқудағы шарттың бірі. Балаға тыныс алу, ауаны жұту және сыртқа шығаруды, еркін дем алуды үйрету қажет. Оқу барысында дем алуын басқара алмаған оқушы мәнерлеп оқи да алмайды.
- Мәнерлеп оқуға үйреткенде мысалдарды көп оқытудың пайдасы зор. Себебі онда оқиға, кейіпкерлер, келеке - келемеж, күлкі, өсиет- өнеге бар. Оларды тек дауыс ырғағы арқылы ғана меңзеуге болады.
Бастауыш сыныптағы осы тәжірибемнің мынадай тиімді жақтарының барын байқадым.
- Оқушылардың оқуға деген қызығушылықтары артты. Кітапханамен байланыстары күшейді. Өз бетімен жұмыс істеуге дағдыланды.
- Оқыған шығармалары төңірегінде көп пікірлесетін болды. Өз ойларын ашық айта білетін болды. Іштей бір-бірінен қалмауға тырысады.
- Кейіпкерлерге мінездеме беру арқылы жағымды, жағымсыз әдеттер мен мінездерді ажырататын болды.
- Көркем шығармада суреттелген оқиға, кейіпкерлер іс - әрекеті мен қарым-қатынасының нақты өмірмен байланысын көрсете алатын болды.
- Мәтін туралы ауызша және жазбаша пікір білдіре алады.
- Бойларында жалпыадамзаттық құндылықтар: қызығушылық, өз бетімен жұмыс істеуге деген құлшыныс пен сенімділік оянды.
Оқу дағдысын қалыптастырудың нәтижесі диаграммада көрсетілген. Әрбір ұстаз шығарманы оқыту арқылы бала бойына асыл қасиеттерді дарытуды естен шығармағаны жөн.
Жылдам оқуға үйрету мүмкіндіктері
Егеменді еліміздің бүігінгі таңдағы ең басты мақсаты - жан -жақты әлемдік білім кеңістігінен орын алу болып табылады. Жас ұрпаққа білім беру де, оларды болашақ еліміздің тұтқасы етіп тәрбиелеу-әр ұстаздың, әр мектептің ең басты, ең қасиетті міндеті .
Мектепте ана тілі сабағы баланы саналы түрде оқуға, жазуға және сөйлеуге үйретеді. Бастауыш сыныпта ана тілі бағдарламасы 3 құрамды бөліктен құралады:сауат ашу, тіл дамыту, оқу дағдысын қалыптастыру.
Дұрыс, түсініп, жылдам, мәнерлеп оқу - бір- бірімен тығыз байланысты. Сондықтан оқушыны жаттықтыру үшін де әр сабақта іске асырып отыру қажет.
В. Н. Зайцев -Донецк мемлекеттік университетінің оқытушысы өзінің лабораториясында « Жылдам оқуға үйрету мүмкіндіктері » деген тақырыпта жан-жақты тәжірибе жүргізіп, құнды әдістемелік ұсыныстар жасады.
Мәтінді әрі жылдам, әрі дұрыс, әрі мазмұнды түсіне оқи білу -үлкен еңбектің жемісі. Сондықтан жылдам оқу-оқушы үлгерімінің негізгі факторы.
Әдетте кім тез оқыса, сол көп оқиды, көп оқыса-көп біледі. Оқу жылдамдығы артқан сайын, есте сақтау қабілеті де, ақыл -ой еңбегіне ынталығы да арта түседі. Сондықтан бізге В:И Зайцев жылдам оқудың маңызына, оның ғылыми, экономикалық, тәрбиелік мәндерін аша келе . жылдам оқи білуге үйрету жолдарын, оның мүмкіндіктерін толық қарастыра отырып, тәжірибе жұмыстарынан бірнеше ұсыныс жасайды. Бұл ұсынысты кез келген мектеп жағдайында пайдаланып жұмыс істеуге болады. Оқу жаттығу жұмыстарын бірден ұзақ жүргізгеннен гөрі жиі жүргізгені тиімді. Сондықтан белгілі бір дағдыны -қалыптастырғанда оған жаттығуды ұзақ уақыт жүргізгеннен де жиі, бірақ қысқа жаттыққан дұрыс.
Біздер әдетте үйде баланы отырғызып, /әңгіме, ертегіні / оқып болмай, тұрмайсың деп міндеттеп қоямыз. егер бала нашар оқитын болса тұтас ертегіні, не әңгіме оқу үшін бір сағаттан аса уақыт керек. Ал бұл жағдайда біріншіден, баланы жалықтырып шаршатады, екіншіден, оның оқуға деген ынтасын жояды. Онан да 5 минуттан бірнешеге бөліп оқытса, әлдеқайда тиімді. Бала бір абзацты оқып, мазмұнын айтады.
Сухомлинскийдің жаппай дауыстап оқу -негізгі әдістерінің бірі болған.
Қазір бұл әдіс барлық жердегі көптеген мектептерде тиімді әдіс ретінде қолданылып жүр. Мұнда әр оқушы 2 минуттай жаттыға алалды.
Жаппай дауыстап оқу дегеніміз - барлық оқушы бірден, көршісіне және басқаларға кедергі жасамайтындай дәрежеде дауыстап оқиды.
Әркім өзінше өз жылдамдығымен оқиды. Уақытты 2 минуттан бірте -бірте 5 минутқа дейін көбейтуге болады. Әр сабақтағы 5 минуттық оқу.
Егер баланың темпі нашар болса, оқығысы келмесе не істеу керек ?
Мұндай жағдайда үзіп-үзіп оқу тиімді. Бала 1-2 жол оқып, сурет көреді де, дем алады. Мұндай суретті кітапшалар, ертегілер алып балаларға оқуына тиімді.
Оқу техникасының төмен болу себебінің бірі - баланың есте сақтау қабілетінің нашар болуынан. Мысалы: бала 6- 8 сөзден тұратын сөйлемді оқыса, соңына келгенде басындағы 2-3 сөзді ұмытып қалады да, сөйлем мазмұнын түсінбейді.
Оқушының есте сақтау қабілетін нығайту - оқушының сауатты жазуының бір негізгі шарты болып табылады. Көп тәжірибенің бірі ретінде профессор И:Т: Федоренко жасаған көру диктантын пайдалануға болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz