Көркем әдебиетпен жұмыс әдістемесі


Көркем әдебиетпен жұмыс әдістемесі
Жоспар:
- Баланың тілдік және жеке тұлғаның дамуындағы балалар көркем әдебиеттің маңызы.
- Көркем әдебиет-бала тілін жан-жақты дамыту құралы.
Көркем әдебиет -«өнер сөзі »-өнердің бір, түрі шындықты бейнелеуді сөз арқылы жеткізу, бейнелердің көрнекі бейнеленуі. Сөз - адамда көрнекі бейнелерді келтіретін жалғыз бейне емес. Бұл пиктографиялық хаттама және символикалық бейнелеу өнерінде көрінеді. Ал көркем әдебиет сөз арқылы жеткізіледі. Басқа өнер түрлерінен ерекшелігі: сөз арқылы біз көргенді, естігенді, уайымымызды, сезімімізді, ынтамызды басқаларды жеткіземіз. Сөздің құдіреті мен күші, үлкен ерекшелігі жанның қыр-сырының қозғалысын, әртүрлі әлеуметтік процестерді нақты жеткізеді.
Мектеп жасына дейінгі бала, көркем әдебиетпен жұмыс жасауға тәжірибесі жоқ, ең алғаш балабақшада көркем әдебиетті оқуға кіріскенде қызығушылығы арта түседі. Баланың психологиялық ерекшелігі әр әдеби шығармадан эмоционалды әсер алуы қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс екенін айыра білуіне байланысты. Аталған қасиеттерді дамыту бала әдебиетті өнердің бір түрі деп түсінгендей, бейнелік мінезін түсініп сезіне алады. Көркемділігін сезіну арқылы балада ең бағалы тәрбиелі қасиет қалыптасады: өнерде белсенді болу.
Шығармашылық қабылдаудың негізгі қасиеттерінің бірі шығарманың мазмұнын ұғып, түсіну. Балалардың өнер туралы білімі дамыған сайын (көрнекілі, музыкалы, театыр және т. б. ) көркем әдебиетпен ұштастыруға болады. Әдебиет, тіл дамыту арқылы өнердің әр түрін таныстыруға болады. Қабылдау кең көлемді болу үшін әдеби шығарманың мазмұнын айтқызу өте орынды. Күрделі мазмұндауда балаға қосымша сұрақ қоя отыра, баланың зейінін аудару, есіне түсіруге көмек тесу. Көмектесе отырып әдеби шығарманың мазмұнын толық қабылдай алады. Бала әңгімені, ертегіні, өлеңді, жаңылтпашты, жұмбақты және т. б. тыңдаған соң эмоциональды әсер алады, әңгімені жақсы түсінеді және меңгереді. Әдеби шығарма баланы жан-жақты тәрбиелейді, адамгершілік қасиеттерді, көркем эстетикалық талғамды қалыптастырады. Көркем сөздің мағынасын қабылдануы мен қалыптасуы көп жұмыс істеуді талам етеді, баланы фольклор мен балалар әдебиетімен таныстыру керек. Берілген кітаптағы әңгімені оқып, суреттегі берілген бейнені әңгіме ретінде түсіндіріп беруін талап еткен дұрыс. Балада көркем әдеби шығармалар жайлы түсінігі кеңейіп, ұсақ фольклорды ажырата алады. Көркем әдеби шығармалар арқылы балалардың қызығушылығын оятуда, ойыншықпен жұмыс істеу балалардың әңгімені жақсы түсінуіне көмектеседі. Сабақтарда көркем әдеби шығармаларды кеңінен пайдалану балалардың көздік қорын молайтуға көмектеседі. Әдеби шығармаларды қабылдауды мынадай әдістер жүзеге асады:
- әңгімелеу-баланың әдеби шығармамен танысу;
-тақырыптың экскурсия, балаларды әдеби шығарманы қабылдауға үйрету
-мәнерлеп оқу, тәрбиешінің балалар мен эмоциональды қатынасқа түсуі, уайымдау, эмоция мен ойлау қабілетін дамыту;
-әңгімелеу, оның мазмұндау формасы көркем эстетикалық шығарма ретінде қабылдау;
-көркем шығарманы қорытындылау, кейіпкердің мінезі, жағдайлар, шығарма идеясы т. б
-шығармашылық тапсырма, баланың, сөздік қоры дамыту, күрделі сөйлемдер құрастыру, сөздің мәнерлігі;
-сюжеттердің сай келуі, кітап иллюстрациясы, техникалық жабдықтар. Көркемдік-сөздік әрекетте балалардың мәнерлеу өнерінің дамуына және қалыптасуына үлкен мән беріледі: балаларға поэзиялық шығармаларды ырықты дауыспен нақты жеткізу, сөздік дыбыстардыдұрыс айту, айтылған әнгімеге өз көзқарасын білдіру. Баланы көркем әдебиет үлгілерімен таныстырып, сана - сезімін тәрбиелеп, сөйлеу қабілетін дамыту жауапты мәселе. Көркем әдебиет шығармалары балаларға адамға тән сезімдер дүниесін ашып, жеке адамға, кейіпкердің жан - дүниесіне қызығушылығын тудырады.
Көркем шығарма кейіпкерлерімен бірге қуану - қайғыруды үйрене отырып балалар өзінің айналасындағы жақын адамдардың көңіл - күйін байқауға үйренеді. Оларда адамгершілік сезім, қайырымдылық қасиет әділетсіздікке қарсы тұру қабілеттері оянады, адалдық нағыз азамат қасиеттері қалыптасады. "Сезім - білімге жол ашушы, шындықты сезбеген адам оны түсінбейді және оны тани білмейді де", - деген болатын В. Г. Белинский. Көркем шығармада бейнеленген сезімдерді ұғына отырып, балалардың сезімталдығы жетіліп, дамиды.
Баланың әдебиетпен таныстығы халық шығармашылығының ең қарапайым түрлері-тақпақ, өлең, халық ертегілерінен басталады. Адамгершілік қасиеттерді, рухани бағыттылықты, өтірік мысқылдарды, тілдің көркемдігін түсінуін қалыптастыру-шағын көлемдегі фольклорлық шығармалардың ерекшелігі. Ертегілер, өлеңдер, әңгімелер оқылғаннан кейін алған әсерлі сезімдерін тыңдаушыларға жеткізе білуді үйренеді.
Мектепке дейінгі ұйымдарда мектепалды даярлық балаларының жас ерекшелігіне орай қолданылатын оқу-тәрбие әдістерінің түрлеріне тоқталамыз. Сөздік әдісіне: баяндау, репродуктивті, эвристикалық, әңгімелесу, т. б. жатады.
Баяндау әдісі арқылы сабақта балаларға жаңа білім беріледі. Баяндау әдісін қолдану үшін материалдарды тәрбиешінің өзі жетік те, толық білуі тиіс. Баяндау барысында шығарманың басталуы, өрбуі, шарықтау шегі және аяқталуын дауыс ырғағы арқылы шебер жеткізе отырып, көркем шығарманы баланың санасына жеткізуге жағдай жасалады. Дауыс ырғағы, эмоциялық сезімі, кейіпкерге енуі, бет-қимыл қозғалысы, мимикасы, т. б. шығарма мазмұнына сәйкестендірілген жағдай ғана, баяндаушы өз мақсатына жетеді. Мұндай әдіс көркем шығармаларды меңгертуде көрнекі орын алуға тиіс. Себебі, сөз шеберлігін, әдеби сөйлеуді балалар тәрбиешіден үйренеді.
Репродуктивті әдісті сабақта қолдану кезінде тәрбиеші түрлі сұрақтар қойып, тапсырмалар орындатып, балалардың жаңа білімді меңгеруіне, өткенді естеріне түсіруіне, яғни шығарма кейіпкерлерін суреттеуі немесе оқиғаны қысқаша өз түсінігі бойынша айтып беруге жетелейді. Балалардың өткен тақырыпты естеріне түсіруге және жаңа материалдарды меңгертуде мазмұнды суреттер беріліп, ойыншықтарды пайдаланып әңгімелеу ұсынылады.
Эвристикалық әдістің көмегімен көркем шығармаларды меңгертуде түрлі педагогикалық жағдаяттар туғызатын сұрақтар мен тапсырмаларды балалардың өздігінен шешуіне мүмкіндік туғызылады. Сондай-ақ, баладан өздігінен ойын жүйелі құрастыру және өз ойын толық жеткізу талап етіледі. Сөздік әдіске жататын баяндау, әңгімелеу, әңгімелесу, қысқаша әңгіме құрастыру тәсілдері мектепалды балаларының ойын өрбітіп, тілін дамытуда өте тиімділік көрсетеді. Бұл әдіс тәрбиешінің баламен жұмыс істеуіне және жаңа материалды талдап, шығарманың мәнін саналы түсінуіне жағдай жасайды.
Бақылау-көркем әдебиет сабағында шығармаларды балаларға саналы түрді түсініп меңгерту, оларды өмірмен байланыстыру, өздігінен қорытынды жасай білуге баулу көзделеді. Бақылау арқылы баланың ой тоқтатуы, зейін тұрақтылығы, тілін дамытуға жағдай жасалады.
Мектепалды даярлығына сөздік әдісіне жататын тәсіл-тыңдау. Бұл жастағы балалардың тыңдауына арналған көркем шығармалардың көлемі молаяды, кеңейеді. Көркем шығарма мазмұны да күрделене бастайды. Сондықтан, бұл жастағы балалардың оқыған шығарманы тыңдауда зейіні тұрақтанады да, әңгіменің мазмұнына, оның жекелеген кейіпкерлеріне өзінің көз қарасын білдіре алады. Бұл кезде көркем шығарма жанрларын ажырата біледі. Көркем шығарма жанрларын терең қабылдау үшін тәрбиеші оның мазмұнына сай атрибуттар мен қажетті кейіпкерлерді пайдалануға тырысады. Мысалы, ертегіні талдауда тәрбиешінің ауызша әңгімелесуі ғана емес, оның мазмұнына сай салынған суреттерді тамашалап, сахналық көріністі пайдаланса, балалар есте сақтау процесін жүзеге асырады. Сонда ғана ертегінің тәрбиелік мәні ашылып, балалар ол жөнінде өзіндік қортынды жасап, ертегі кейіпкерлерін салыстырып, өмірмен байланыстыра алады. Тәрбиеші үшін ең негізгі көрсеткіш балалардың көркем шығарманы қабылдау. Бұл жөнінде В. А. Сухомлинский: "Бала бала болуы керек" яғни ертегіні тыңдай отырып, оның кейіпкерлерінің адалдықтың зұлымдықты, жақсылықтың жамандықты жеңуі, жан ашырлық танытуы, қуану, ренжу, образға енуіне мүмкүндік жасау керек. Сонда ғана тәрбиеші алға қойған мақсатына жете алады деп қорытындылайды.
Әдеби шығармаларды оқу барысында тілдік - көркемдік әрекет жүзеге асады: әңгімелерді тыңдау, әңгімелеп айту, өздеріне таныс әңгімелерге ұқсастырып өздігінен әңгіме құрастыру. Сол арқылы бала шығармашылыққа талпынады. Сондай - ақ, тақпақтарды, мақал - мәтел, жаңылтпаш, жұмбақтарды пайдаланады. Тілдік-көркемдік әрекет, яғни көркем шығармаларды сахыналау, қуыршақ театырымен, сюжетті-ролді ойындармен тығыз байланыста жүзеге асырылады. Тілдік -көркемдік әрекетке жатқа айту да енеді. Балалардың мәнерлеп айтуына өлең, тақпақтарды жатқа оқуға, белсенділік танытуға әр-түрлі тәсілдер әсер етеді. Жұмбақтарды жатқа айту және шешу, мақал-мәтелдерді жатқа айту өз ойын қысқа да образды жеткізуге дағдыландырады. Бұл жерде тәрбиешінің сөйлеу техникасына, дауыс ырғағына, балалардың сөзді дұрыс айтуына баса мән беріп отырады. Мектепалды даярлығында балалардың тілін ұстауда сабақта және сабақтан тыс уақытта жаңылтпашты, мақал-мәтелді пайдаланудың тиімді екені айтпасада түсінікті. Сондықтан да, тілдің техникасына, дауыс ырғағына арнаулы жаттығулар ұйымдастыру қажет.
Әңгімелеу әдісі: Мектепалды балаларын тәрбиелеуде тілдік-көркемдік әрекеттің маңызы зор . Балалар бейнелі суреттерді, ойыншықтарды пайдаланып, оқылған ертегі, әңгімелерге ұқсас өздерінің қиялымен әңгіме құрастырады. Кей жағдайда өмірде көргендерін, теледидардан тамашалаған мультификациялық фильмдерді, киноларды әңгімелейді. Мысалы: №31 Балабақшаларда мектепке даярлықтоп топ балаларының құрастырған әңгімелерін келтіруге болады.
Арман:: Мен теледидардан «Ну, погоди» мульлтфильмін көремін. Ондағы мысық пен тышқан екеуі қашан досасар екен деп ойлаймын. Біздін үйде ит бар. Оның аты-Ақтөс.
Алтынай: Мен теледидардан көп мультфильмдер көремін. Ондағы қыздар әдемі. Менде өскенде әдемі болғым келеді. Оның көйлегі маған ұнайды мамам көп жұмыс жасап ақша тапқанда, сондай көйлек алып береді.
Ерлан: Теледидардан «әнші балапан »концертін көремін онда қыздар мен балалар ән салып билейді маған апам ән салуды үйретеді.
Мұндай жұмыс түрлерін жүргізуде байқағанымыз, балалардың көрген - білгендерін байланыстыра әңгімелеу, оқыған шығарма мазмұнын естеріне түсірту арқылы айтып беру, өз шығармашылығымен әңгіме, ертегі құрастыру мүмкіндіктерін анықтау еді.
Сондай-ақ, бейнелі сурет бойынша өз шығармашылығымен әңгіме құрастыруға көңіл бөлінеді. Мысалы: «Құстарға қамқорлық» деген сурет бойынша әңгіме құрастыру үшін төмендегідей жұмыстар жүргізіледі.
Мақсаты: Құстар және олардың тіршілігі туралы түсінік беру. Құстардың адамға пайдасын ұғындыру, оларды сақтауға, қорғауға баулу. Табиғатқа деген сүйіспеншілікке, қамқорлыққа тәрбиелеу. Өз ойларын толық жеткізе білуге дағдыландыру.
Сабақтын бірінші бөлімінде балаларға өтілетін тақырыпқа байланысты сұрақтар қойылып, олардың жауаптары алынды.
Ал екінші бөлмеде сурет бойынша жұмыс жүргізілді . Балалар сурет бойынша әңгіме құрастырды. «Құстарға қамқорлық» суреті қолданылды.
Балалардың көңілін құстарды қорғауға аударды. Тәрбиеші жұмбақ жасырып, олны балаларға шештірту арқылы олардың ойлауына жағдай жасады.
Сабақтың үстінде тәрбиеші балаларға экологиялық тәрбие беру мәселесіне көңіл аударды.
Сабақтын қорытынды бөлігінде «Ақымақ қасқыр»ертегісі оқылды
Әңгіменің мазмұнын балалар қайталап айтты.
Соңынан балалар « Ақ көгершін» әнін орындады.
Ал, келесі сабақ қазақ суретшісі Ә. Қастеевтің «Жайлауда» деген суреті бойынша әңгіме құрастырылды.
Мақсаты: Балалардың жыл мезгілдері туралы білімдерін бекіту. Көрген білгендерін естеріне түсіріп, өз шығармашылығымен әңгімелеп айтып беруге баулу. Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігімен таныстыру арқылы балалардың сөздік қорларын молайту.
Жаңа сөдер: киіз үй, оның бөліктері (шаңырақ, кереге, уық, түңлік, т. б. ) ою- өрнек, төрт түлік мал (жылқы, түйе, сиыр, қой)
Алдын ала жүргізілетін жұмыстар: күннің екінші жартысында ата-аналардың көмегімен Ә. Қастеев атындағы ұлттық мұражайға апарылады. Қазақтың киіз үйін, киімін, үй ішіндегі жасаулар мен сәнді бұйымдарды көрсетеді.
Жыл мезгілдерінің негізгі ерекшеліктерін салыстыра отырып «Жазда» деген диафильмді көрсету.
Сабақ соңында ақын С. Иманасовтың «Жайлауда» жеген өлеңінен үзінді оқу.
Ал, күннің екінші жартысында Ә. Қастеев атындағы ұлттық мұражайдан не көргендерін балалар өздері әңгімелеп береді немесе суретке салады. «Қалауы бойынша мүсіндеу»
Балалардан өздерінің көрген-білгендері, саклған суреттері туралы балалар өздері баяндайды.
Бұдан шығатын қорытынды: Тәрбиешінің сабақ барысындағы жұмыс түрлерін түрлендіруіне байланысты шығарманы мәнерлеп оқу, көркем сөз оқу шеберлері мен ақындардығ өздері щқыған өлеңдерді үн таспаға жазып пайдаланса, балалардың көркем шығармаға деген қызығушылығы артары сөзсіз. Сондықтан, мектеп алды дайындық топ балалары үшін көркем сөз оқу шеберлерінің үнтаспаға жазып алған «Қарға баласны аппағым » дер, «кірпі баласын жұмсағым» дер деген қазақтың халық ертегісі оқылды.
Ертегі мазмұны балалардың сезіміне әсер етіп, ата-ананың балаға деген махаббатын, сүйіспеншілігін түсінуге мүмкіндік тудырды. Осы ертегіні талдау барысында балалар өздері ата-ананы қалай құрметтейтіні туралы әңгімеледі.
Үнтаспада оқылған ертегінің мазмұны балалардың көңіл күйіне үлкен әсер болғандығын олардың әңгімелерінен байқадық. Балалар өз ойын жеткізу барысында сөз тауып, сөйлем құрастыруына, ертегінің мазмұнының мәнін байланыстыруына мүмкіндік жасалды.
Көркем әдебиетті қолданудағы басты мақсат- оны өмір тәжірбиесімен байланыстыру, шындық пен жалғастыру болғандықтаг үнемі әдеби мәтінді талдауда балалар күнделікті өмірден көргендері мен байланыстыруға жағдай жасалып отырылды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz