Мектеп жасына дейінгі балалардың қарым-қатынасын жетілдіретін тренингті ұйымдастыру


МАЗМҰНЫ
2. 1. 5-6 жастағы қазақ балаларымен қарым-қатынас тренингін
ұйымдастыру . . .
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі . Әлеуметтік-экономикалық дамудың қазіргі кезеңінде, оқу-тәрбие жұмысының жаңару заманында ағарту саласының мектеп жасына дейінгі тәрбиелеу, білім беру буынында шешуін күткен келелі мәселелер тұр. Атап айтқанда, ол балалардың жеке басын дамыту, психикалық дамуын, даралық ерекшеліктерін, ішкі потенциалын анықтап, жан-жақты зерттеу негізінде оқу-тәрбие жұмысын балалардың жақын арадағы даму аймағына бағыттау. Ал балалар тәрбиесіне, дамуына мектеп жасына дейінгі кездің ықпалы аса зор екені белгілі.
Мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесі, оқуы және дамуы жайлы теория мен тәжірибе қарым-қатынас мәселесінде киылысады. Ал баланың психикалық қасиеттерін, танымдық үрдістерін, және психикалық қалып-кейіптерін тұтас қамтитын, балалар психикасының дамуындағы басты көрсеткіш әрі фактор болатын, әмбебап ерекшелік балалардың қарым-қатынас саласы.
Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі қарым-қатынастың балалардың жеке тұлға ретінде дамуында алатын орнына, рөліне және қарым-қатынастың даму ерекшелігін анықтауға арналған зерттеулер ғылыми қорда аз емес. Аталмыш кеңістікте А. В. Запорожец [1], Д. Б. Эльконин [2], Л. И. Божович [3], Х. Т. Шерьязданова [4] және т. б. ғылыми зерттеулері кеңінен таралған. Қарым-қатынас негізінде балалардың барлық жеке басының қасиеттері дамып, психикалық кейіптері қалыптасады.
Сонымен қатар карым-қатынас балалардың танымдық үрдістерінің жетілуін қамтамасыз ететін бірден-бір фактор және жағдай болады. Ал балалардың өзін-өзі дамытып, жетілдіруі, реттей алуы, олай болса, өзіндік бағаның дұрыс болуын қамтамасыз ететін де балалардың ересектермен және басқа балалармен жасайтын өзара әрекеттестігі, өзара қатынасы және өзара ақпарат алмасуында болады. Ғылымдағы балалар қарым-қатынасының мәнділігі әркімге-психологтарға, педагогтарға, ата-аналарға аян, және ол әртүрлі балалардың әлеуметтенуіне қатысты зерттеулерден белгілі болғанымен, балалар қарым-қатынасында шешілмеген мәселелер жеткілікті.
Мектеп жасына дейінгі қазақ балаларының қарым-қатынасын зерттеп, сол арқылы баланың психикалық тұрғыдағы, дамыту және түзету мәселелерінің шешімі әлі күнге дейін жүйелі табылмаған. Қазақ балаларының тәрбие, оқыту үрдістерін психологиялық, педагогикалық жағынан қамтамасыз ететін мамандардың арнайы контингентке бейімделген зерттеу әдістері жоқтың қасы. Осы контексте ұлттық ойындар, құндылықтар баланың жеке басын дамыту үрдісінде таптырмайтын әмбебап құрал және әдіс болуы керек. Себебі ұлттық ойындардың, жаңылтпаштар мен жұмбақтардың халықтық педагогика тақырыбын қамтымайтыны болмайды [5] .
Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту, тәрбиелеу мекемелері өз функцияларының тізгінін босатып жіберуі, ересектердің қоғамдық дағдарыстан әрқалай күй кешуі бір жағынан , екіншіден экологиялық, медициналық мәселелердің бала дамуында орын алуы, үшіншіден - қазақ балаларының мектеп жасына дейінгі кезеңдегі қарым-қатынас ерекшеліктерін ескеру негізінде оқыту, тәрбиелеу және дамытудың назардан тыс қалуы, ғылымда бала қарым-қатынасын жетілдіру жолдарының бір жүйеге келмеуіне әкелді.
Бұл жағдайда оқытудың дәстүрлі формалары, әдістері мен құралдары жарамдылығы шамалы, тиімділігі төмен, тіпті кейде теріс мәнге ие болатындығы С. М. Жақыпов [6] еңбектерінде баса көрсетіледі.
Соңғы 30-40 жыл ішінде қарым-қатынас механизмдерін дамытудың белсенді, жедел әдісі-тренингтер ұйымдастырылып, қолданылуда. Олар топтық жұмысқа негізделіп, тиімділігі дәлелденген (Л. А. Петровская [7], Н. И. Хрящева [8], Т. А. Яценко [9], А. Г. Ковалев [10] т. б)
Әлеуметтік-психологиялық тренингтердің әр түрі - сензитивті, оқытып-жаттықтырушы, өнер-би, арт (сурет) тренингтердің - мектеп жасына дейінгі балаларға тигізетін психологиялық әсері көп. Дегенмен де қазақ балаларымен жүргізілетін тренингтер ерекшеліктері осы күнге дейін назардан тыс қалып отыр. Осыларды ескере отырып біздің дипломдық зерттеу жұмысымыз 5-6 жастағы қазақ балаларының қарым-қатынасын тренингтік әдістермен жетілдіру жолдарын қамтиды.
Сонымен дипломдық зерттеу жұмысымыздың тақырыбын: " Мектеп жасына дейінгі балалардың қарым-қатынас тренингін ұйымдастырудың психологиялық мәселелері" деп алдық.
Зерттеу мақсаты - мектеп жасына дейінгі балалардың қарым-қатынасын жетілдіретін тренингті ұйымдастыру.
Зерттеу объектісі - мектеп жасына дейінгі балалардың қарым-қатынасын жетілдіру үрдісі.
Зерттеу пәні - мектеп жасына дейінгі балалардың қарым-қатынасын жетілдіру үшін қазақ тілінде тренингтік сабақтарды қолдану мүмкіндіктері.
Зерттеу болжамы - мектеп жасына дейінгі балалардың қарым-қатынасын жетілдіру, қазақтың ұлттық ойындарын, мәдени, әдептілік құндылықтарын қамтитын арнайы құрастырылған тренингтік сабақтарды ұйымдастырумен байланысты болуы мүмкін.
Зерттеу міндеттері:
1. Мектеп жасына дейінгі балалардың психикалық дамуындағы қарым-
қатынас мәселелерінің теориялық негіздерін қарастыру.
2. Мектеп жасына дейінгі балалардың қарым-қатынасын жетілдірудегі қазақтың ұлттық ойындарының, мәдени және әдептілік құндылықтарының мүмкіндіктерін анықтау.
3. Балалардың қарым-қатынас жасау ерекшеліктерін жетілдіретін тренингтік сабақтарды модификациялау және оларды ұйымдастырудың тиімді жолдары мен әдістерін айқындау.
Зерттеудің әдіснамалық негізін жеке бастың әлеуметтік мәні мен оның іс-әрекет жүйесінде даму ерекшеліктері (Л. С. Выготский [11, А. В. Запорожец, Д. В. Эльконин [12], В. В. Давыдов [13], А. И. Леонтьев [14] ) ; мектеп жасына дейінгі баланың жетіліп дамуы (Л. И. Божович, В. С. Мухина [15] ) ; қарым-қатынастың онтогонезде жетілуі (М. И. Лисина [16], Х. Т. Шерьязданова), тренингтік топтық жұмыс (Л. А. Петровская, Н. И. Хрящева, Т. А. Яценко, АГ. Ковалев ) құрайды.
Зерттеу әдістері. Эксперимент барысында балалардың қарым-қатынас саласын зерттеуге арналған Г. А. Урунтаева [17], Х. Т. Шерьязданова, т. б. әдістемелері, эксперттік баға, бақылау, байқау әдістері қолданылды. Эксперименттен алынған нәтижелерге статистикалық өңдеу әдістері қолданылып, мәнділігі анықталды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі. Мектеп жасына дейінгі балаларда тренингтік сабақтардың психологиялық әсерін ашу арқылы қазақ балаларының қарым-қатынасын жетілдіру ерекшеліктерін анықтаудан көрінеді. Баланың қарым-қатынас сферасындағы ұлттық құндылықтардың әлеуметтік мәнін, тренингтің тиімділігінің әдістемелік негізін тағайындаумен анықталады.
Зерттеудің практикалық мәнділігі. Зерттеу нәтижелерін мектеп жасына дейінгі балалардың жеке басының дұрыс жетілуіне, қарым-қатынас жасау тиімділігін арттыруға қатысты жұмыстарды пайдалануға мүмкіндік беруінен көрінеді. Алынған нәтижелер мектеп жасына дейінгі мекемелерде психологиялық қызмет, көмек көрсету жүйесінде пайдалануға жарамды, сонымен қатар мектеп жасына дейінгі мамандарды дайындау салаларында да пайдалы.
Зерттеу жұмысының базасы. Зерттеу-тәжірибе жұмысы Түркістан қаласының № 6 М. Әбенова атындағы орта қазақ мектебінің мектепке даярлық топтарында жүргізілді.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Ғылыми еңбек кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан тұрады. Пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қосымша соңында берілді.
I-тарау. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ КАРЫМ-ҚАТЫНАСЫН ЖЕТІЛДІРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
- Мектеп жасына дейінгі балалардың қарым-қатынасының педагогикалық-психологиялық негіздері
XX ғасырдың ортасында дүниенің әр түкпірінде қарым-қатынас мәселесіне арналған зерттеулер шамамен бір уақытта пайда болып, тарала бастады.
Мұндай зерттеулердің ішінде балалардың қарым-қатынас сферасына қатысты еңбектер ерекше орын алады. Ғылымда мектеп жасына дейінгі балалар психикасының дамуындағы қарым-қатынас аса маңызды фактор ретінде тағайындалған.
Қарым-қатынас адамдардың өзара әрекеттестік және өзара қатынас жасауының ерекше формасы.
С. И. Ожегов [18] сөздігінде қарым-қатынас ұғымы өзара келісім,
іскерлік және достық байланыс арқылы анықталады. Нақты әлеумет-
танулық, психологиялық, педагогикалық зерттеулерде қарым - қатынас ұғымы өзара әрекеттестік, байланыс ұғымдарымен жақын мағынада қолданылады. Сонымен қатар қарым-қатынас контексінде өзара әрекеттесуді, қатынасты тиімді жүзеге асырудың тәсілдері, дағдылары, құралдары, адамның қабілеті мен қасиеттері жүйесінде қарастырылады. Қазіргі кезде катынас мәселесін философия, психология, әлеуметтану, этика, психолингвистика - осы сияқты, әр саладағы ғылымдар әр жақты зерттейді. Мысалы, Л. П. Буева [19] іс-әрекет пен қарым-қатынас өзара байланысты деп тұжырымдайды, М. С. Каган [20] қарым-қатынасты адамның іс-әрекетінің бір түрі, құрылым мен атрибутына тән деп қарастырады, М. В. Соковин [21] адамның қарым-қатынасын коммуникативті іс-әрекет, қатынас, өзара түсіну және өзара әсер ретінде қарастырады.
"Қарым-қатынас" ұғымының көп анықтамаларының арасында біз-"коммуникативті іс-әрекет" ұғымымен синоним деп қарастыратын (А. Н. Леоньтев [22], М. И. Лисина, Х. Т. Шерьязданова, Т. И. Суркова [23], Д. А. Исмаилова, Ж. А. Абишева [24] және т. б. ) позицияларына жүгініп, М. И. Лисинаның анықтамасын арқау етеміз. Сонымен карым-катынас деп - екі (немесе одан да көп) адамның қатынастарын жасап, реттеуі мен ортақ нәтиже алуды мақсат етіп, келісім мен бірлестікке бағытталған өзара әрекеттерін айтамыз. Олай болса, біз зерттеуімізде карым-қатынастың мазмұнды жағына, іс-әрекет жүйесіндегі қарым-қатынастың орнына, 5-6 жастағы балалардың психикалық дамуының қарым-қатынас байланысын анықтауға, балалардың қарым-қатынас қажеттілігі мен мотивтерін анықтауға баса назар аудардық. А. Н. Леонтьев іс-әрекеттің қай түрін болмасын қарым-қатынаспен қабаттас болады деп түсіндіреді. Ол іс-әрекетті қарым-қатынастың қажетті шарты ретінде қарастырады. А. Н. Леонтьевтің қарым-қатынасты іс-әрекеттің өзгеше түрі деп талдау концепциясы, Б. Г. Ананьевтің [25], А. А. Бодалевтің [26] коммуникативтік әрекет жайлы ілімдер біздің зерттеуіміздің әдіснамалық негізі болды.
Ал отандық ғалым С. М. Жақыпов бүтіндей оқу-тәрбие үрдісінің тиімділігін анықтайтын факторлардың бірі және оқытушы мен оқушының арасындағы өзара әрекеттестік деп бірлескен диалогтық танымдық іс-әрекетті (совместно-диалогическое познавательное деятельность) тиімділік критериі деп көрсетеді. Мұнда өзара әрекеттестік, қарым-қатынас мәселесі шешілгенде танымдық іс-әрекетті қалыптастыру үрдісіне жетекшілік жасау мүмкіндігі пайда болатындығы дәлелденеді.
Б. Г. Ананьев, А. А. Бодалев концепциялары қарым-қатынаста "субъект - субъект" жазықтығында қарастыруды негіздейді, басқаша айтқанда оқу-тәрбие үрдісіндегі ұйымдастырылатын қарым-қатынас тең позициялы түрде жүргізу басты мәселе болады. Осы тұрғыда қарым-қатынасты жетілдірудің өзі баланы коммуникативті қарым-қатынастың субъектісі ретінде қарау, тану, дамыту кажет болады.
Қарым-қатынас мәселесін талдауда оның құрылымдық компоненттерін анықтап алу зерттеуге арқау болатынын білдік. Бұл мәселені 1977ж. В. В. Давыдов көтергенді. Г. М. Андреева, П. Яноушек [27] зерттеулерінде қарым-қатынас мақсат-бағдарлы, индивидтердің бір-бірін қабылдай алуы, түсіне алуы, өзара бірлесіп іс-әрекет жасауы және ақпарат алмасу үрдісі деп қарастырылады.
Балалардың ересектермен және басқа балалармен қарым-қатынас жасауы әр-түрлі ғылыми позициядан түсіндіріледі. Сол кезден бүгінге дейін "бала(лар) мен ересек(тер) " жүйесіндегі қарым-қатынас "бала - бала(лар) " жүйесіндегі зерттеулерден көш ілгері және жан-жақты қарастырылған.
Балалардың 7 жасқа дейінгі кезеңдегі қарым-қатынас сферасының ерекшеліктері мен дамуын эксперимент түрінде зерттеу және теориялық тұрғыдан жалпылау үшін А. В. Запорожец жетекшілігімен Советтік Социалистік Республика Одағының, Педагогика ғылымдары академиясының жанындағы жалпы және педагогикалық психология ғылыми-зерттеу институтында арнайы лаборатория ашылды. Бұл кеңестік ғалымдардың қарым-қатынас механизмдері мен оның өзгеріп, даму, жетілу жағдайлары философтар мен социологтардың (М. С. Каган), психолингвистердің (Л. А. Леоньтев ), әлеуметтік психология (Б. Ф. Поршнев [28] ), жас ерекшелік және бала психологиясы (В. С. Мухина [29] ), педагогикалық психология (В. А. Кан-Калик [30] ) саласындағы мамандардың зерттеу пәніне айналды.
Қарым-қатынасты зерттеуде ең алдымен оның құрылымдық компоненттерін анықтау қажет. Осыған орай зерттеу барысында Г. М. Андрееваның қарым-қатынастың құрылымын талдау нәтижесіне жүгіндік. Ол қарым-қатынасты бір-бірімен өзара байланысты 3 жағынан қарастырады: коммуникативтілік, интерактивтілік және перцептивтілік. Коммуникативті жағы мәлімет беру, алмасу мәселесімен анықталады; интерактивті жақтың мәні қарым-қатынас жасаушы жұптастардың өзара әрекеттестігінде болады, ал перцептивті компонент - адамдардың бірін - бірі қабылдауы, өзара түсінушіліктері. Ғалым бұлай жіктеп, бөлудің шартты ғана екендігін, қарым-қатынас үрдісінде оның 3 жағы да көрінетіндігін дәлелдейді. Біздің зерттеу де осы позицияны арқалана отырып, балалардың ересектермен, басқа балалармен қарым-қатынас жасауын зерттеуде коммуникация, интеракция және перцепция ерекшеліктерін дамытуды алға қойды. Бұл контексте қарым-қатынастың теориялық негізіне іс-әрекеттің құрылымы жайлы түсінікті қабылдаймыз. Біз балалардың қарым-қатынасын коммуникативті іс-әрекет деп қарастыратын А. Н. Леонтьев, М. И. Лисина концепцияларына сүйенеміз. Сонда қарым-қатынастың құрылымын анықтайтын коммуникация, интеракция және перцепция коммуникативті іс-әрекет деп қарастырылады.
Әдебиеттерде қарым-қатынастың пәні, карым-қатынасты жүзеге асыруды қажетсіну, қарым-қатынас құрудағы мотивтер, қарым-қатынас әрекеті, міндеттері, құралдары мен нәтижесі де қарым-катынас элементтері ретінде қарастырылады. Біз олардың әрқайсысын жекелей айқындадық.
Мұнда Т. В. Драгунова [31] бойынша қарым-қатынастың пәні қарым-қатынасқа субьект рөлінде болатын басқа адам, яғни қарым-қатынас жасаудағы жұптас адам болады.
Қарым-қатынасты зерттеу мәселесімен айналысушы ғалымдардың көпшілігі (А. Г. Ковалев, М. И. Лисина, В. С. Мухина және т. б. ) адамдардың қарым-қатынасты жүзеге асыруда қажетсіну, басқа адамды танып білуге ұмтылу, ниет білдіру ерекшеліктерін тағайындаған.
М. И. Лисина, С. Ю. Мещерякова [32], және т. б. еңбектерінде қарым-қатынас мотиві "затталған қажеттілік" деген А. Н. Леоньтев түсіндірмесіне негізделіп, адамның қарым-катынаста танымдық іскерлік және жеке бас мотивтері болатындығы, баланың коммуникативтік мотивтерінің топтары мен генезисі сипатталады.
Психология мен оған салалас ғылымдарда қарым-қатынас құралдарынының сипаттамалары, жүйелері келтіріледі. (А. А. Леонтьев)
Қарым-қатынас құралдарын қолданып, жалпы нәтиже алу тәсіліне де талдау жасалық. Карым-қатынас тәсілі оның бірлігі деп танылады (М. И. Лисина, Д. А. Исмаилова т. б. ) . Әдебиеттерде қарым-қатынас тәсілі әрекеттік формада "коммуникациялық біліктілік" әсер ету, реттеу, байланыс жасау, ақпарат беру тәсілдері, жалпы нәтиже алуды қамтамасыз етуге бағытталған әсерлер жүйесі, әдіс пен амалдар жиынтығы (Д. А Исмаилова, Ж. С. Абшиева) ретінде анықталады. Ал А. А. Бодалев қарым-қатынас әсер ету тәсілдерін интеллектуалдық, эмоционалдық және еріктік деп үшке бөледі. Біздің зерттеу аспектімізде қарым-қатынас тәсілдерін жетілдіру ең негізгі мәселе болып табылды.
Қарым-қатынас анықтамасындағы (М. И. Лисина бойынша) оның жалпы нәтижесі ретінде қарым-қатынастан шығатын материалдық және рухани сипаттағы құрылым алынды. Нақтыласақ, жалпы нәтиже - өзара қатынас, таңдамалы бауырластық, қарым-қатынас субьектілерінің бейнесі (А. А. Бодалев), деп қарастырылады.
Әдебиеттерге талдау жасай отырып қарым-қатынас механизмдерін қарым-қатынастың тиімділігін анықтайтын, өзара түсінікті сипаттайтын күрделі психологиялық құрылым деп түсінеміз. Осы орайда В. С. Агеев [33], А. А. Бодалев сынды ғалымдар топ ішіндегі және өзара қарым-қатынастың механизмдерін көрсетіп, оларға эмпатия, идентификация, рефлексия, стереотипизацияны жатқызады.
Қарым-қатынас компоненттерінің дамуы, өзгерісі нәтижесінде интегралды, тұтас құрылым пайда болады. Ол коммуникативті іс-әрекеттің даму деңгейін анықтайды. А. В. Запорожец, М. И. Лисина бұл ерекше құрылымдарды "қарым-қатынас онтогенезінің сатылары", "қарым-қатынас формалары" деп атаған.
Ал М. И. Бобнева [34] қарым-қатынас барысында жеке адамның ішкі жан-дүниесі қалыптасатындығын қарым-қатынас формаларын зерттеу арқылы көз жеткізген. Көп ретте қарым-қатынас жайлы қарастырғанда "қарым-қатынас стилі" деген үғым да анықталынады, "қарым-қатынас стилі" деп адамдардың байланыс жасау тактикасын, не болмаса позициясын айтады (Х. Т. Шерьязданова, Т. Н. Суркова ) .
В. С. Мухина қарым-қатынас стилін "әлеуметтік" психологиялық әсер етудің дара - типологиялық ерекшелігі деп түсіндіреді. 1930-шы жылдары Н. Левин үш стилін ұсынғанды. Осыдан соң Р. Липпит, К. Уйтд қарым-қатынас стилінің авторитарлық, демократиялық және либералды босаң деген классификациясын жасаған еді. Қазірде Г. Андерсон [35], А. А. Бодалев, т. б. ғалымдар қарым-қатынас стилінің классификацияларын ғылыми қорда берген.
Біздің зерттеу жұмысымызда 5-6 жастағы балалардың қарым-қатынас сферасындағы стиль ұғымын, ересектердің, ата-аналардың, педагогтардың балаларға психологиялық әсері, ықпалы деп тағайындаймыз.
Қарым-қатынастың қажеттіліктері, мотивтері, тәсілдері, құралдары, формалары, стилдері . . . мектеп жасына дейінгі балалардың қарым-қатынастарын жетілдіру, коррекциялау мәселері үшін аса мәнді деп санаймыз.
Балалармен жүргізілетін зерттеу, әсіресе диагностикалық жұмыс, олармен қарым-қатынас саласында профилактикаға және коррекцияға негіз болатындығымен маңызды. Осыған орай педагогикалық, психологиялық әдебиеттерде балалардың қарым-қатынасын анықтау әдістемелерінің тиімді түрлері жасалынған. Біз зерттеу барысында мұндай еңбектерді талдай отырып, 5-6 жастағы балалардың қарым-қатынасын айқындау мақсатында жасалынған әдістемелерді бірнеше топқа бөлдік. Баланың коммуникативті іс-әрекетінің тиімділігін оның жеке бас, когнитивті қасиеттерімен байланыстырып, осы қасиеттерді зерттеп, бағалауға мүмкіндік беретін әдістемелер жасалынды.
Әртүрлі қарым-қатынас жағдайларын талдауға негізделген зерттеу тәсілдерінің тобы белгілі. Мұнда қарым-қатынас жағдайы экспериментатор вербалды түрде немесе көрнекі құралдар көмегімен жасайды. Карым-қатынас жағдайын талдау әдістемелері балалардың жас және даралық ерекшелігін, әлеуметтік ортасын және қарым-қатынас сферасын ескеруге мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде нақты қарым-қатынас жағдайын талдау әдістерін диагностикалық мақсатта қолданудың өрісі кеңейген. Мұнда қарым-қатынас субъектілерінің коммуникативтілік біліктіліктерін тиімді қолдана алуын анықтау мүмкіндігі бар.
Осы тұжырымдар негізінен зерттеу жұмысымызға арқау болды.
Сонымен, қарым-катынас категориясын сипаттайтын қарым-қатынастың кажеттілігі, мотивтері, формалары, тәсілдері, стильдері интегралды. Ғылымда қарым-қатынастың деңгейлері де қарастырылады. Б. Ф. Ломов [36] үш - макродеңгей, мезадеңгей және микродеңгейді сипаттайды.
Макродеңгей индивид басқа адамдармен қалыптасқан қоғамдағы қатынастарға, дәстүрге, салтқа сәйкес қарым-қатынас жасауынан көрінеді.
Мезадеңгей тақырып мазмұнымен анықталады.
Микродеңгей - мазмұны және сыртқы көрсеткіштері (сұрақ-жауап, ым-ишара т. б. ) арқылы көрінетін контактілік байланыс.
А. Б. Добрович [37] қарым-қатынас бірлескен іс-әрекетті реттейтін, таным мен сананы қалыптастырудың құралы болады деп анықтайды да, қарым-қатынастың конвенционалды, қарапайым, манипуляциялық, стандартты, іскерлік, ойын рухани деңгейлерін бөліп көрсетеді.
Қарым-қатынастың топтық жағдайдағы әлеуметтік психологиялық эффектілерін, механизмдерін талдау мақсатымен В. С. Агеев теориялық және эмпирикалық зерттеу жүргізген. Алайда қарым-қатынастың этникалық жақтарын зерттеу теория мен тәжірибеде әлі де болса жеткіліксіз деңгейде. Осы орайда біздің зерттеуіміз қарым-қатынас тренингі арқылы оны қалыптастыру ерекшеліктеріне арналып отыр.
Педагог-ғалымдардың қарым-қатынасты зерттеулерінде өзіндік бағыт бар. Мұнда баланың психикалық дамуы, жетілуі, нақты бір білім, дағды және біліктілікті игеруі қарым-қатынас арқылы іс-әрекет барысында жүзеге асатындығы аксиома ретінде саналады. Осы мәселеге кезінде А. В. Луначарский [38], Н. К. Крупская [39], С. Т. Шацкий [40], АС. Макаренко [41] және т. б. аса көп назар аударған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz