Тауарлы өндірістің өмірге келу себептері мен жалпы сипаттамалары



Алдыңғы тақырыпта экономикалық жүйелердің түрлерін қарастыру барысында ақшалы-тауарлы қатынастарға негізделген, тауарлы өндіріс түріндегі экономикалық жүйелердің түрлері мен үлгілері (модельдері) туралы айтылған болатын.
Тауарлы өндіріс ұзақ өмір жолынан өтіп, эволюциялық даму барысында қарапайым формасынан кемелденген жалпылама формаға дейін өрледі. Тауарлы шаруашылық натуралды шаруашылықты алмастырды.
Натуралды шаруашьшықтың ыдырауына, оның орнына ақшалы-тауарлы қатынастарға негізделген тауарлы шаруашылықтың келуінің негізінде қандай себептер болды? Тауарлы өндіріс дегеніміз қандай өндіріс?

Натуралды шаруашылық дегеніміз патриархалды отбасы немесе қауымдық шаруашылық көлемімен шектелген, басқа шаруашылықтармен экономикалық байланыстары жоқ тұйық шаруашылық. Натуралды шаруашылықтың мүшелерінің барлық қажеттіліктері тек сол шаруашылықта өндірілген өнімдер арқылы қанағаттандырылды. Өндіріс қолмен қимылға келтірілетін қарапайым еңбек құралдары арқылы жүргізіледі. Шаруашылыктың экономикалық негізі қауымдық меншік болды. Шаруашылық процестері көптеген ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлерге сәйкес тікелей реттеліп отырды.
Натуралды шаруашьшық өте ұзақ уақыт мерзімді қамтыды. Ол алғашқы қауымдық қоғамнан бастап құл иеленуші және феодалдық қоғамдарда шаруашылықтың басым түрі болды. Натуралды шаруашылықтың қалдықтары қазіргі заманда да әлемнің кейбір елдерінде (әсіресе, Азия, Африка елдерінің кейбіреулері мен Тұнық мұхитының аралдық елдерінде) кездестіруге болады.
Натуралды шаруашылықтың ыдырауына, тауарлы өндірістің пайда болуына не себеп болғаны туралы айтпас бұрын, тауарлы шаруашылықтың мәнін түсініп алған дұрыс.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Тауарлы өндірістің өмірге келу себептері мен жалпы сипаттамалары.
Алдыңғы тақырыпта экономикалық жүйелердің түрлерін қарастыру барысында
ақшалы-тауарлы қатынастарға негізделген, тауарлы өндіріс түріндегі
экономикалық жүйелердің түрлері мен үлгілері (модельдері) туралы айтылған
болатын.
Тауарлы өндіріс ұзақ өмір жолынан өтіп, эволюциялық даму барысында
қарапайым формасынан кемелденген жалпылама формаға дейін өрледі. Тауарлы
шаруашылық натуралды шаруашылықты алмастырды.
Натуралды шаруашьшықтың ыдырауына, оның орнына ақшалы-тауарлы қатынастарға
негізделген тауарлы шаруашылықтың келуінің негізінде қандай себептер болды?
Тауарлы өндіріс дегеніміз қандай өндіріс?

Натуралды шаруашылық дегеніміз патриархалды отбасы немесе қауымдық
шаруашылық көлемімен шектелген, басқа шаруашылықтармен экономикалық
байланыстары жоқ тұйық шаруашылық. Натуралды шаруашылықтың мүшелерінің
барлық қажеттіліктері тек сол шаруашылықта өндірілген өнімдер арқылы
қанағаттандырылды. Өндіріс қолмен қимылға келтірілетін қарапайым еңбек
құралдары арқылы жүргізіледі. Шаруашылыктың экономикалық негізі қауымдық
меншік болды. Шаруашылық процестері көптеген ғасырлар бойы қалыптасқан
дәстүрлерге сәйкес тікелей реттеліп отырды.
Натуралды шаруашьшық өте ұзақ уақыт мерзімді қамтыды. Ол алғашқы қауымдық
қоғамнан бастап құл иеленуші және феодалдық қоғамдарда шаруашылықтың басым
түрі болды. Натуралды шаруашылықтың қалдықтары қазіргі заманда да әлемнің
кейбір елдерінде (әсіресе, Азия, Африка елдерінің кейбіреулері мен Тұнық
мұхитының аралдық елдерінде) кездестіруге болады.
Натуралды шаруашылықтың ыдырауына, тауарлы өндірістің пайда болуына не
себеп болғаны туралы айтпас бұрын, тауарлы шаруашылықтың мәнін түсініп
алған дұрыс.
Тауарлы шаруашылық дегеніміз шаруашылық субъекттерінің әрекеттері рынок
арқылы байланыстырылатын, өнімнің қоғамдық сипаты тікелей емес,жанама
жолмен (рынок арқылы) анықталынатын, өндірісшілердің экономикалық
оқшаулылығы мен зквиваленттік қатынастарына негізделген шаруашылық түрі.
Тауарлы өндірісте өнімді жеке экономикалық, оқшауланған өндірісшілер өздері
тұтыну үшін емес, басқалар тұтыну үшін, рынокта сату үшін өндіреді. Демек,
мұндай өндірісте шаруашылық субъектерінің қатынастары негізінде ақшалы-
тауарлы қатынас түрінде көрініс табады, өндіріс пен тұтыну нарық арқылы
байланыстырылады. Өнім тауар ретінде белгісіз біреулерге және белгісіз
нарыққа өндіріледі. Белгілі Мажариялық (Венгрия) экономист, тоталитарлы-
социалистік мемлекет солшыл ревизионист деп қудалаған Янош Корнап тауарлы
шаруашылықтың негізгі белгілерін төмендегідей қысқаша таныстырған:
1.Тауар өндірушілердің нарыққа тосқауылсыз кіру және одан кез келген
уақытта шыға алу мүмкіншілігі;
2.Нарықта бәсекенің әділ жүргізілуі және оны көпшілік болып қолдау;
3.Жеке меншіктің еркін қалынасуы және қорғалуы;
4.Рыноктық жүйенің негізгі белгілері және қозғаушы күштері ретінде жеке
инициатива мен кәсіпкерлік.
Тауарлы шаруашылық натуралды шаруашылыққа қарағанда экономикалық прогресті
керемет жылдамдатты, өйткені ол шаруашылық субъектерін еңбек өнімділігін
арттыруға, өндірістерін үнемі жаңалап отыруға объективті ынталандырады.
Сондықтан тауарлы шаруашылық алғашқы қауымдық қоғамның соңғы кезеңі мен құл
иеленуші дәуірден бастап бүгінге дейін дамытылып жатыр. Адамзат одан да
прогрессивті шаруашылықтың түрін ойлап тапқан жоқ. Оған әзірше альтернатива
жоқ.
Оку-әдістемелік әдебиеттерде тауарлы: өндірістің өмірге келу себептері мен
шарттары деп қоғамдык еңбек бөлісуі мен өндірісшілердің экономикалық
оқшаулылығы атап көрсетіледі. Бұл жерде себептері мен шарттарын (қажетті
жағдайларын) шатастырмау керек. Ондай шатастыру үлкен методологиялық
қателік болып табылады.
Қоғамдық еңбек бөлісуі тауарлы өндірістің, ақшалы-тауарлы қатынастардың
қалыптасуының шарты. Ол өздігінен тауарлы өндірісті өмірге алып келе
алмайды. Сондықтан қоғамдық еңбек бөлісуі тауарлы өндірістің пайда болуының
негізгі себебі емес. Бірақ ол тауарлы өндірістің қалыптасуына қажетті
жағдайларды жасап береді. Еңбек бөлісуі болмаса айырбас қатынастары орын
алмайды, демек тауарлы өндіріс мүмкін болмайды.
Еңбек бөлісуі барысында адамдар белгілі бір өндірістермен шүғылданып,
өнімнің белгілі бір түрін өндірумен мамандандырылады. Айырбас кезінде
тұтыну қасиеттері әртүрлі өнімдер өзара айырбасталады. Ешкім бір түрлі
затты дәл сондай тұтыну қасиеті бар затқа айырбастамайды, өйткені ешқандай
қисын жоқ. Ондай әрекеттен нәтиже де шықпайды, пайда да таппайды.
Демек,айырбас орын алуы үшін нарыққа өндірісшілер тұтыну қасиеттері мүлдем
өзгеше әртүрлі тауарлармен келуі тиісті.
Егер, кейбір оку құралдарының авторлары сияқты, еңбек бөлісуін тауарлы
шаруашылықта өмірге алып келетін себеп деп есептесек, онда бірден келесі
көлденең сұрақтарға тап боламыз:
1.Неге алғашқы қауымдық қоғамда тауарлы өндіріс пен ақшалы-тауарлы
қатынастар болмаған? Ол қоғамда еңбек бөлісуі болған еді ғой?
2.Неліктен экономикалық ғылым ақшалы-тауарлы қатынастарды тарихи өтпелі
категория деп есептейді?
3.Егер болашақ қоғамдар ақшалы-тауарлы қатынассыз қоғамдар түрінде
қалыптасатын болса, қоғамдык еңбек бөлісуі жойылып, адамдардың барлығы
еңбектің бір ғана түрімен шұғылданады ма?
Қоғамдык енбек бөлісуі — жалпылама және мәңгі экономикалық заң. Ешқашан
еңбек бөлісуі жоқ қоғам болған емес және болмайды. Кез келген қоғамда
қандай түрде болмасын, адамдардың арасында еңбек бөлісуі объективті
орнайды. Тіпті көне замандарда, яғни адамдар жартылай жабайы өмір кешкенде
де қарапайым түрде табиғи еңбек бөлісуі орнаған болатын (жас мөлшеріне және
жынысына қарай). Кейінірек қоғамдық еңбек бөлісуі орнап (мал шаруашылығы
мен егіншілік шаруашылықтарының бөлініп шығуына байланысты), ол уақыт өткен
сайын тереңдеп отырды. Қазіргі таңда еңбек бөлісуінің тереңдегені соншалық,
өндірісшілер көп жагдайда өнімді басынан аяғына дейін өндірмейді, тек
қүрамдас бөлігін ғана дайын тауар етіп өндіріп, сатады. Сонымен катар еңбек
бөлісуі өндіріс сферасынан асып түсіп, қызмет көрсету салаларын, ақыл-ой
еңбегін де қамтып отыр.
Еңбек бөлісуінің объективті орнауының себебі ол адамдардың экономикалық күш-
қуатын арттырады, уақыттарын үнемдеуге мүмкіндік алып береді. Еңбек бөлісуі
кезінде адамдардың мамандандырылуымен қатар еңбек кұралдары да
мамандандырылып, жетілдіріледі. Егер алғашқы қауымдық қоғамда қарапайым
еңбек құралдары қауымдық шаруашылықтың барлық қажеттіліктерін
қанағаттандыра алатындай деңгейдегі еңбек өніміділігін қамтамасыз ете
алмағандықтан адамдар кауымдасып, бірлесіп еңбек етуге мәжбүр болса,
кейінірек еңбек құралдарының жетілдірілуі жеке шаруашылықтардың бөлініп
шығуына жол ашып берді. Өйткені, біріншіден, жетілген еңбек кұралдары
қауымның қажеттіліктерінен артық өнім өндіру мүмкіншілігін берді. Екіншіден
жеке отбасылар шаруашылықтары қауымнан тысқары және оған тәуелсіз өмір сүру
мүмкіндігіне ие болды. Қауымда артық өндірілген өнімдерді олардың басшылары
(патриархтар мен күштілер) иемденіп отырды. Сөйтіп біртіндеп жекеменшік
қалыптаса бастады.
Жекеменшіктен шаруашылықтардың экономикалық оқшаулылығы туындады.
Шаруашылық субьектерінің экономикалық оқшаулылығы дегеніміз әркім өзінің
жеке шаруашылығына ешкімге тәуелсіз, тәуекелге барып, өзінің қалауы бойынша
шешім қабылдап, егеменді жүргізетін жағдай. Мұндайда меншік иесі өзі
шешеді: нені, кашан және қанша өндіру, кімге және қандай шартпен айырбастау
керек? Оқшауланған жеке шаруашылықтық иесі өзіне тиесілі ресурстардан өнім
өндіруге шығынданады, сондықтан өндірген өнімдерін басқаларға тегін бере
алмайды. Өйткені шығындарының орны толмай қалады. Сондықтан ол басқаға бір
зат берсе, онда сол адамнан берген затына тең келетін басқа бір зат алуы
керек немесе сатуы тиісті. Демек, объективті түрде айырбас қатынасы орын
алады. Айырбас эквиваленті жүргізілсе екі жақ та ұтылысқа түспейді,
шығындары қайтарылып, шаруашылықтары жалғастырыла береді. Тауарлы
шаруашылықтың ерекшелігі, шаруашылық субъекттері эквививалентті айырбас
негізінде ғана пайда тауып, шаруашылықтарын өркендете алады. Эквивалентті
емес айырбас, мысалы алып-сатарлық, уақытша ғана біреуге ғана ұтыс береді.
Сатушы ретінде ұтыс тапқан тұлға кейін сатып алушы ретінде ұтылады (егер
эквивалентті емес айырбас тұракты болса). Демек, эквивалентті емес айырбас
жағдайында ешкім тұракты байлық жинай бермейді. Кездейсоқ біреулер уақытша
баюы мүмкін. Ал эквивалентті айырбас кезінде тиімді жүргізіліп жатқан кез-
келген шаруашылық экономикалық куат жинап, иесі байлығын өсіре береді.
Сонымен жоғарыда айтылғандардың кысқаша қорытындысы былай:
Біріншіден, тауарлы өндірісті өмірге алып келген себеп — жекеменшіктен
туындаған өндірісшілердің (шаруашылықтардың) экономикалық оқшаулылығы.
Экономикалық оқшаулылықты технологиялық оқшаулылықпен шатастырмау керек.
Кейінгісі өндіріс технологиясының ерекшеліктерінен туындайды.
Екіншіден, қоғамдық еңбек бөлісуінің бұл жердегі маңызы, ол ақшалы- тауарлы
айырбас қатынастарының орын алуына қажетті жағдайларды жасайды. Бірақ
олардың туындауына ол тікелей себеп емес. А.Смит еңбек бөлісуінің ролін
былай деп түсіндірген: жұмысшылардың мамандығы мен шеберлігінің өсуі,
машиналарды ойлап табу еңбекті жеңілдетіп, қысқартады, бір адамға бірнеше
адамға жүктелетін жұмыс көлемін орындауға мүмкіндік береді. Әрбір жұмысшы
өзінің қажеттіліктерінен асып түсетіндей өнім өндіруі мүмкін; басқа
жұмыскерлер де дәл осындай болатындықтан, ол өзі өндірген өнімнің үлкен
бөлігін басқалар өндірген өнімнің үлкен бөлігіне айырбастай алады.2
Экономикалық теория еңбек бөлісуінің бірнеше түрін ажыратады: 1. жалпылама
(әлемдік деңгейде); 2. жалпы (макроэкономикалық және ұлттық экономика
деңгейінде); 3. ерекше (ішкі салалық, мысалы жеңіл өнеркәсіп тоқыма
өндірісін, киім тігу өндірісін жіп иіру өндірісін және тағы басқаларын
қамтиды); 4. жекеленген еңбек бөлісуі (әрбір өндірістің ішіндегі).
Меншіктік қатынастар мен нарықтық қатынастардың даму дәрежесіне байланысты
тауарлы өндірістің екі түрі ажыратылады: қарапайым және капиталистік
(дамыған).
Карапайым тауарлы өндіріс ертеректе қол өнершілер мен шаруалардың
шаруашылығы түрінде қалыптасып, олардың өзінің және отбасы мүшелерінің
еңбегімен жүргізілді. Қарапайым еңбек бөлісуі мен карапайым еңбек кұралдары
колданылғандықтан еңбек өнімділігі төмен болды. Бірақ, ол натурапды
шаруашылыққа қарағанда прогрессивті болды, өйткені жеке меншік
өндірісшілердің негізгі мүдделерін қозғалысқа келтірді. Жеке меншік
жағдайында оқшауланған шаруашылықтардың иелері егеменді шешім қабылдау
мүмкінділігін алды. Жеке меншік тауар өндірушілердің жоғары белсенді қызмет
атқаруының негізі болып табылады.
Капиталистік жүйе орнауына байланысты тауарлы өндіріс дамыған түрге өтіп
өндірістер негізінде жалдамалы еңбек арқылы жүргізілетін болды. Капиталдың
қорлануы арқылы шағын өндірістер бертін келе ірі және алып өндірістерге
айналды. Ақшалы-тауарлы қатынастар жалпылама сипат алып, Қоғамдық-
экономикалық өмірдің көптеген сфераларында тарады. Ақшалы- тауарлы
қатынастардың кең жайылғаны соншалық, адамның жұмыс істей алу қабілеті мен
(жұмысшы күші), ақыл ой еңбегі де тауарға айналды.
Қызмет көрсету салалары алуан түрлі. Қызмет көрсету саласына соттары, еңбек
биржалары, ауруханалары, несиелік кассалары, әскери қызметтері, полициясы,
өрт сөндіру күзеті, почтасы, реттеуші органдары мен мектептері бар
мемлекеттік сектор да, мұражайлары, қайырымдылық ұйымдары, шіркеулері,
колледждері, қорлары мен ауруханалары бар жеке коммерциялық емес сектор да
жатады. Қызмет көрсету саласына әуе компаниялары, банктері, компьютерлік
қызмет бюролары, мейманханалар, сақтандыру компаниялары, заңдық фирмалары,
басқару мәселелері бойынша кеңес беруші фирмалары, жеке тәжірибелік
дәрігерлері, кинофирмалары, сан-техникалық жабдықтарды жөндеу жөніндегі
фирмалары және жылжымайтын мүлікті сатумен айналысатын сауда-фирмалары бар
коммерциялық сектордың қайырымды бөлігі де жатады.
Қызмет көрсету секторлары:
1. Әуе компаниялары.
2. Көліктік ұйымдар (теміржол, су жолы, автомобиль).
3. Қонақүй шаруашылығы.
4. Сақтандыру компаниялары.
5. Заңдық фирмалар.
6. Жарнамалық агенттіктер.
7. Тұрмыстық қызмет көрсету.
Қызмет көрсету саласының дәстүрлі салаларының қатарындаәркез жаңа қызмет
түрлері туындауда. Белгілі бір ақыға сізге өз бюджетіңізді жүйелеуге
көмектесетін, таңертең ұйқыдан оятатын, жұмысқа жеткізіп салатын немесе
жаңа үй, жаңа жұмыс, жаңа әйел тауып беретін, болашақты болжайтын және т.б.
қызметтер атқаратын фирмалар пайда болуда. Мүмкін, сіздің жалға трактор
алғыңыз, бірнеше бас ірі қара мал немесе бірнеше соны өнер туындысын
алғыңыз келетін болар? Егер сізге іскерлік қызметтер қажет болса, басқа
фирмалар сіздің конференциялар мен сауда кеңестеріне қатысуыңызды
жоспарлайды, сіз үшін жаңа тауарларды әзірлейді, қажетті деректерді өңдейді
немесе сіздің қарауыңызға уақытша хатшылар және тіпті басшыларды
тағайындайды..
Қызмет көрсету болмысы.
Қызмет көрсету дегенде қызмет түрлерінің және коммерциялық қызметттердің
алуан түрлілігі түсініледі. Қызмет көрсету келесі түрде белгіленеді:
Қызмет көрсету – бір тараптың екінші тарапқа ұсына алатын және негізінен
болмашы саналатын және бір нәрсені иеленуге жол бермейтін кез-келген шара
немесе пайда түрі. Қызмет көрсету өндірісі материалдық түрдегі тауармен
байланысты болуы да, болмауы да мүмкін.
Мейманханада бөлме алуда, банкке ақша сала отырып, ұшақта саяхат жасауда,
психиатрға барғанда, шаштаразға шаш қидырғанда, автомобильді жөндеуге
тапсырғанда, біз барлық осы жағдайларда қызмет көрсетуге жүгінеміз.
Қызмет көрсетуге төрт сипаттама тән:
1. Қызметтер сезілмейді. Оларды көру, дәмін сезу, есту немесе алған сәтке
дейін иіскеп сезу мүмкін емес. Косметологта “бетін жаңартатын” әйел, қызмет
түрін сатып алмайынша оның нәтижесін көре алмайды, ал психиатрға келген
пациент, келу нәтижесін алдын-ала біле алмайды. Сатып алушы сатушының
сөзіне қарапайым түрде сенуге мәжбүр.
Клиенттердің өзіне сенімін нығайту қызмет көрсетуші нақты шаралар ретін
қолданады. Біріншіден, ол өз тауарының сезімділігін арттырады. Пластикалық
операция маманы пациент әйелдің операциядан кейінгі бет-әлпетін алдын-ала
суретін салады. Екіншіден, ол өз қызметін жай ғана сипаттап бермейді, оның
көңілін пайдалы жағына қарай ауыстырады. Мысалы, колледждің қабылдау
комиссиясының өкілі ықтимал студенттерге тек студенттер қалашығындағы өмір
туралы айтып қана қоймайды, сондай-ақ осы оқу орнын аяқтаған студенттер
тамаша орындарға орналасатындығы жөнінде де сөз етеді. Үшіншіден,
сенімділік дәрежесін арттыру үшін жабдықтаушы өз қызметіне маркалық атау
ойлап таба алады, мысалы, Идеал сервис фирмасы (люкс класты демалыс),
Қызыл кілемде қызмет көрсету (яғни жоғары мәртебелі қонақтар үшін).
Төртіншіден, сенім атмосферасын қалыптастыру үшін жабдықтаушы өз қызметіне
белгілі бір атақты адамды насихаттауға тарта алады.
2. Қызмет өзінің қалыптасу көздерінің ажырамас бөлігі, ол адам болсын
немесе машина болсын, материалдық түрдегі тауар өзінің қалыптасу көзіне
қарамастан бола алады. Мысал үшін Марка Алмондтың конценртін алайық.
Көріністік ойын-сауық өзінің орындаушысынан ажырамас бөлігі. Егер жүргізуші
Алмонд науқастанып қалды және оның орнына Маша Растпутина ән шырқайды деп
хабарласа, қызмет түрі ауысып кетеді. Ал бұл дегеніміз қызметті мүмкін
сатып алушылардың саны, яғни Марка Алмондтың “тірі” концертіне қатысуға
тілек білдіргендердің орындаушының концерттік гастрольдерімен ғана
шектелетіндігін білдіреді.
Бұл шектеудің алдын алуға бірнеше стратегиялық қадамдар бар. Қызмет
көрсетуші аса көп клиенттер тобымен жұмыс жасауға үйрене алады.
Психотерапевтер қызметтерін қазір жеке тұлғалар немесе шағын топтар
терапиясынан үлкен аудиториялармен жұмыс жасауға ауыстырған, бұл
психотерапия сеансында 300-ден астам адам отырады. Қызмет көрсетуші жылдам
жұмыс істеуге үйрене алады. Сол психотерапевт әрбір пациентке 50 минуттан
емес, 30 минуттан жұмсай алады және одан да көп клиент қабылдай алады.
Қызмет көрсетуді ұйымдастыру қызмет көрсетушілерді көп мөлшерде дайындауға
мүмкіндік береді және осылайша клиенттер тарапынан өздеріне деген сенімін
нығайтады, атап айтсақ Х. энд Р. Блок фирмасы өзінің салық салу
мәселелері бойынша жалпы ұлттық кеңестер желісін кеңейту арқылы осындай
жетістіктерге жеткен.
3. Сапа тұрақсыздығы. Қызмет көрсету сапасы олардың жабдықтаушыларына,
сондай-ақ олардың көрсетілу уақыты мен орнына байланысты кең ауқымда
тұрақты болмай отыр. В. Сассун курсты жаңа бітірген жас шаштаразға
қарағанда сіздің шашыңызды артық қияды. Сассунның өзі де шаш қию сәтіндегі
табиғи жай-күй мен көңіл-күіне қарай сіздің шашыңызды әр түрлі етіп қиюы
мүмкін. Қызметтерді сатып алушылар сапаның мұндай айырмашылығы туралы аз
білмейді және қызмет көрсетушіні таңдауда басқа сатып алушылармен кеңеседі.
Сапаны бақылауды қамтамасыз ету үшін қызмет көрсету фирмалары екі шараны
жүзеге асыра алады. Біріншіден, жақсы мамандарды тарту және оларды оқытуға
қаражат бөлу. Әуе компаниялары, банктер мен мейманханалар өз қызметтерін
тәуір қызмет көрсетуге үйрету үшін едәуір қаражат жұмсайды. Мариоттың кез-
келген мейманханасында келушіні бірыңғай елгезек және жайдары қызметкерлер
қарсы алады. Екіншіден, қызмет көрсетуші қанағатсызданарлық қызмет
көрсетуді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құн және капитал теориялары
Натуралды және тауарлы өндірісті айырбас пен тұтынушылық құндарын салыстыру
Халықаралық сауда мен әлемдік нарықтың экономиқалық мәні
Аралас экономика, оның мәні және ерекшеліктері
Күкіртті алудың шикізат температурасын жоғарлатумен термиялық сатыдағы шығымын жоғарлату жолдары
Аралас экономика: қалыптасу негіздері және қызмет ету заңдылықтары
Әлемдік қаржы нарығы туралы
Қазақстан аралас экономика кезеңінде
Қоғамның экономикалық нәтижесі мен мемлекеттің рөлі
Аралас экономиканың мәні
Пәндер