Бастауыш мектептің математика сабақтарында ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын есептерін қолдану арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту жайлы


МЕДЕТБЕКОВА НҰРГҮЛ НИЯЗБЕКҚЫЗЫ
Бастауыш мектептің математика сабақтарында ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын есептерін қолдану арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту
13. 00. 02 - Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі
(математика)
Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін
алу үшін дайындалған диссертацияның
АВТОРЕФЕРАТЫ
Қазақстан Республикасы
Алматы, 2010
Жұмыс М. О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде орындалған
педагогика ғылымдарының докторы, профессор Қағазбаева Ә. К.
педагогика ғылымдарының кандидаты Қайыңбаев Ж. Т.
Диссертация 2010 жылы «__»сағатАбай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіндегі педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д 14. 08. 05 диссертациялық кеңесінде өтеді.
Мекен-жайы: 050012, Алматы қаласы, Төле би көшесі 86, 4-қабат, 415 бөлме.
Диссертациямен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің кітапханасында танысуға болады (050010, Алматы қаласы, Қазыбек би көшесі, 30)
Автореферат 2010 жылдың «» таратылды.
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Еліміз егеменді мемлекет болғалы бері барлық салаларда ауқымды өзгерістер жүріп жатыр. Мұндай өзгерістерден білім беру саласы да тыс қалған жоқ. Қазіргі білім беру (саласы) жүйесі әлемдік өркениеттің барлық талабына сай келетін, парасатты, білім мен біліктілігі жетілген мамандар дайындауды қажет етеді. Сондықтан да Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің міндеті ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау екендігі айтылған.
Іс-әрекеттің айрықша түрлерінің бірі ойын болып табылады. Ойын оқу әрекетіне тән бірқатар қасиеттерге ие екендігі белгілі. Мұны мектеп оқушыларының білімі мен дағдыларын қалыптастыруға бағыттауына мақсатталуы айқын көрсетеді. Сонымен қатар ойын оқушыларға қозғау салуға, оларға түрткі болуға да бағытталған. Ол төмендегідей бірқатар қайталанбас қасиеттерге ие: балалар мен жасөспірім жеткіншектер үшін оның оңайлығы мен игерімділігі, демократиялылығы («ойын барлығын да қабылдайды»), игерілуі тиіс шынайы ақиқаттың барынша әралуан қырларын модельдеуге мүмкіндік беретін ойындық құралдардың бейімділігі, ең бастысы-балалар үшін ойынның тартымдылығы. Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?»-деп айтқандай, бала өмірінде ойын ерекше орын алады. Баланың өмірі, қоршаған ортаны танып, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Олар ойын ойнау барысында өздерін еркін сезінеді. Іздемпаздық, тапқырлық әрекеті (сезіну, қабылдау, ойлау, зейін қою, ерік арқылы) байқалады.
Ойындарды мақсатты пайдалану мәселесі қандай да бір деңгейде бастауыш оқушыларына тәрбие беру теориясы мен оқыту тәжірибесінде шешімін тапқан. Педагогикалық ғылымның аталған саласына Л. А. Венгер, В. В. Давыдов, А. В. Запорожец, Н. Н. Подьяков, А. П. Усова, Д. Б. Эльконин және тағы да басқа ғалымдар өздерінің елеулі үлестерін қосты.
Бастауыш мектеп тәжірибесінде ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын есептерін барынша біржақты түсіну және мұғалімдер мен оқушылар тарапынан оған деген әралуан қарым-қатынасты байқауға болады. Көптеген мұғалімдер мен әдіскерлер, мұндай ойынмен «қызықты» сипатта берілген тапсырмалар мен жаттығуларды ғана байланыстырады. Олар рольдік және басқа да ойындарды сабақтарда қолданудың орынсыздығы мен мақсатқа сай келмейтіндігі туралы айтады. Сондай-ақ қазіргі кезде көбінесе, ойынды екінші қатарға шығару байқалады. Ойын игерілген білімдер мен дағдыларды бекітуге арналған құрал ретінде ғана мойындалды. 1 және 2 сынып арифметика курсына арналған ойындар жүйесін жасап шығарған әдіскер Н. В. Огаркова да осындай ой-тұжырымға келген. Кейбір зерттеулер мен әдістемелік әдебиеттерде оқыту үрдісіндегі ойындарды пайдалану ерекшеліктерін айқындайтын ойын мен оқу іс-әрекеттерінің өзара байланысы жеткілікті айқындалмағаны еместігі байқалады.
Жас ерекшелік психологиясы саласында ойынды Б. Г. Ананьев, А. В. Запорожец, А. Н. Леонтьев, А. А. Люблинская, С. Л. Рубинштейн, Д. Б. Эльконин ғалымдар зерттеді.
Ойынды адамзат іс-әрекетінің арнайы формасы ретінде дамытудағы тарихи аспектті Е. А. Покровский, Р. И. Жуковская, Р. И. Меджерицкая, В. Г. Яковлева ғалымдардың зерттеулерінде сипатталды.
1980-1985 жылдардан бастап, ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын есептерінің мазмұны мен қызметін айқындау, нақтылау бағытында бірқатар іс-әрекеттер жасала бастады. Кіші мектеп жасындағы балаларды оқытуда ойынды пайдалануға байланысты М. И. Моро, А. М. Пышкало, В. Н. Рудницкая, Л. И. Смагина, Н. А. Янковская тарапынан жекелеген әдістемелік ұсынылымдар жасалды.
Кейбір әдіскерлердің пікір-көзқарастары бойынша ойын оқыту әдісіне жатқызыла бастады. Математиканы оқыту үрдісінде мазмұнды ойын есептердің қолданылымдары жеке оқушылардың ой-өрісін, біліктерін, дағдыларын қалыптастырудың құралы ретінде ғалым-әдіскерлер А. Е. Әбілқасымова, Ә. К. Қағазбаева, Д. Рахымбек, Б. Баймұханов, А. М. Мүбәраков, Е. Ж. Смағұлов, Ж. Т. Қайыңбаев, М. Ө. Мұсабеков, Г. О. Жетпісбаеваның т. б. еңбектерінде қарастырылған.
Ойынды бастауыш мектепте оқыту барысында қолдануға арналған Қазақстандық ғалымдардың біраз еңбектері бар. Атап айтсақ: Ж. С. Сардарованың кандидаттық диссертациясы бастауыш мектептің оқу процесінде пайдаланылатын дамытушы компьютерлік ойындар жүйесін теориялық тұрғыдан негіздеуге және оларды пайдаланудың әдістемесін жасауға арналған. Б. А. Нарқұлованың диссертациялық жұмысы 5-ші сыныптың қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындарды қолданудың тиімді әдістемесін жасау, дидактикалық ойындардың түрлерін, өзіндік белгілерін айқындау қарастырылған. Бастауыш сыныпта ұлттық-дидактикалық ойындарды пайдалануға Р. Жиеналиев пен Р. Қ. Керімбековтың ғылыми жұмыстары арналған. А. Ж. Алдажанова мен З. Н. Күдебаеваның ғылыми зерттеулерінде бастауыш сынып оқушыларының сабаққа қызығушылығын арттыруда дидактикалық ойындардың алатын орны жан-жақты қарастырылған. С. М. Иманбекованың ғылыми еңбектерінде жаңа технология үдерісінде математика сабағында ойын элементтерін тиімді пайдалану арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту мәселелері зерттелген. Математика сабақтарында дидактикалық ойындарды пайдалану арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру проблемасы Т. Қ. Жаспанованың ғылыми еңбегінде қарастырылған. Г. Қазенованың еңбекгі ойын арқылы оқытуға арналған. Білім беру барысында ойын технологиясын қолдануда С. Кемазанова қарастырған. Р. Керімбаева мен Т. Керімбаеваның еңбектерінде дидактикалық ойындардың түрлері зерттелген. Оқушыға білімінді берік меңгерту құралы ойын екендігі А. Рысқұлбекованың еңбегінде тұжырымдалған. Р. И. Кенжебекованың кандидаттық диссертациясы бастауыш мектепте сыныптан тыс жұмыстарда математикалық ойын есептерін пайдалану әдістемесіне арналған. А. Ө. Байдыбекованың зерттеу жұмысы бастауыш сыныптардағы математиканы оқытуда компьютерді пайдаланып кейбір математикалық ойындарды қолдану қарастырылған. Б. М. Тажиғұлованың кандидаттық диссертациясы пәнаралық дидактикалық ойындарды оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру құралы ретінде қарастыруға арналған. А. К. Айтпаеваның зерттеу жұмысында қазақтың ұлттық ойындары бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеу құралы ретінде қарастырылған.
Кіші мектеп жас кезеңі (6-10 жас аралығы) ең алдымен жүйелі оқу әрекетін дамытудың барынша маңызды кезеңі болып табылатындығын атап өту қажет. Бұл жас кезеңінде балалардың бойында оқу біліктері қалыптастырылады, сол себепті де оқу іс-әрекеті кіші мектеп жасындағы балалар үшін жетекші іс-әрекеттердің бірі болып табылады.
Демек, бастауыш мектепте математиканы оқытуда ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын есептерін қолдану арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту қажеттілігімен және ондай қолданудың теориялық негізделіп әдістемесінің жасалмауының арасында қарама-қайшылық бар екендігі анық байқалады. Бұл қарама-қайшылық «Бастауыш мектептің математика сабақтарында ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын есептерін қолдану арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту» атты тақырыбының көкейкестілігін дәлелдейді.
Осыған орай зерттеудің проблемасы ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын есептерін қолданып бастауыш мектепте математиканы оқыту барысында оқушылардың ой-өрісін дамыту болып табылады.
Зерттеудің мақсаты: бастауыш мектептің математика сабағында ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын есептерін қолдану арқылы оқушылардың ой-өрісін дамытудың ұйымдастырушылық педагогикалық, дидактикалық шарттарын анықтау және әдістемесін жасау, оны тәжірибе жүзінде тексеру.
Зерттеу нысаны: бастауыш сыныптарда математиканы оқыту үрдісі.
Зерттеу пәні: бастауыш мектептегі математика сабағында ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын есептерін қолдану арқылы оқушылардың әдістемесі.
Зерттеудің болжамы: егер бастауыш мектептегі математика сабағында ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын есептерін қолдану арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту теориялық-әдістемелік тұрғыда негізделсе және оның әдістемелік кешені жасалса, онда оқушылардың ой-өрісі артып, оқу сапасы артады, өйткені бұл жағдайда, оқушылардың математиканы оқуға деген қызығушылығы мен ынтасы күшейе түседі.
Зерттеу міндеттері:
- бастауыш мектептегі математика сабағында ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын есептерін қолданудың қазіргі жағдайын анықтау және ол ойындарды қолданып оқушылардың ой-өрісін дамытудың теориялық негізін анықтау;
- ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын есептерін қолданып оқушылардың ой-өрісін дамытудың әдіс-тәсілдерін анықтап, оны психологиялық-педагогикалық тұрғыда негіздеу;
- бастауыш мектептегі математика сабағында ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын есептерін қолданып оқушылардың ой-өрісін дамытудың әдістемесін жасау, оның тиімділігін тәжірибелік эксперимент арқылы тексеру.
Зерттеудің жетекші идеясы: бастауыш мектептегі математика сабағында ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын есептерін қолданып оқушылардың теориялық-әдістемелік тұрғыда негіздеп, тиімді қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығы мен ынтасын арттырып, оқу сапасын жақсартуға болады.
Зерттеудің ғылыми-әдіснамалық негіздерін: білім беру жүйесінің философиялық, психологиялық-педагогикалық, ғылыми-әдістемелік негіздері, тұлға дамуының жалпы философиялық принциптері, бір тұтастық туралы диалектикалық теориясы, бастауыш мектепте білім берудің қазіргі мәселелері, ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын есептерін оқу барысында қолданудың ғылыми-әдістемелік теориясы, ойындар туралы отандық және шетелдік ғалымдардың әдістемелік еңбектері құрайды.
Диссертациялық зерттеудің теориялық, әдіснамалық, ғылыми әдістемелік және эксперименттік қағидаларын негіздеуде дидактикалық ойындарды қолданудағы жүйелілік, тұлғалық және іс-әрекет тұрғысынан қараудың жалпы ғылыми қағидалары, іс-әрекеттің философиялық, психологиялық, педагогикалық теориялары мен әдістемелік негіздері, идеялары қолданылды.
Зерттеудің көздері: зерттеу проблемесы бойынша философтардың, әлеуметтанушылардың, психологтардың, педагогтардың, математик-әдіскерлердің еңбектері; Қазақстан Республикасы үкіметінің ресми материалдары; Білім және ғылым министрлігінің орта мектепте білім беру мәселелеріне қатысты нормативті құжаттары мен оқулықтары және оқу-әдістемелік кешендері (стандарттар, типтік оқу бағдарламалары, оқу құралдары және т. б. ) ; білім беру саласын ақпараттандыру тұжырымдамасы мен бағдарламасы; педагогтардың ғылыми жетістіктері мен озық тәжірибелері және т. б.
Зерттеудің әдістері: зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруда теориялық (модельдеу, аналитикалық-синтетикалық, салыстырмалы, индуктивті-дедуктивті талдау), эмперикалық (сұрау, бақылау, педагогикалық эксперимент, педагогикалық озық іс-тәжірибелерді жинақтау) ; әлеументтану (сауалнама) ; білім беру жүйесі субъектілерінің тәжірибелерін талдау, салыстыру, зерделеу, жинақтау, тәжірибелік-әдістемелік жұмыстарды жүргізу, математикалық-статистикалық өңдеу әдістері қолданылды.
Зерттеудің тәжірибелік-эксперименттік базасы. Оңтүстік Қазақстан облысының Бәйдібек ауданындағы Ж. Жабаев орта мектебі, Төлеби ауданындағы М. Әуезов орта мектебі, Шымкент қаласындағы Т. Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназиясы, Т. Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназиясы.
Зерттеу жұмыстары: (2003-2009 ж. ж. ) үш кезеңде жүргізілді:
Бірінші кезеңде (2003-2004 жылдар) педагогикалық зерттеу-әдіснамасы теориясының жалпы және қарастырылып отырған проблемаға қатысты отандық және шетелдік әдебиеттерді мақсатты зерттеу және талдау; бастауыш мектептегі математика сабағында ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын есептерін қолданудың қазіргі жағдайын айқындау; бастауыш мектепте математиканы оқытудың стандарты мен бағдарламасын, оқулықтары мен әдістемелік оқу құралдарын жоспарлы зерделеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижеде зерттеу жұмысының тақырыбы, нысаны, мақсаты, болжамы, әдіснамасы мен пәні анықталады. Айқындау эксперименті жүргізіліп, оның нәтижелеріне қорытынды жасалды.
Екінші кезеңде (2005-2006 жылдар) ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді және озық тәжірибелерді зерттеп талдау негізінде ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын есептерін бастауыш мектеп оқушыларының атқаратын рөлі мен қызметі және мүмкіндіктері айқындалды. Сонымен қатар, ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын есептерін қолдану арқылы меңгерілетін оқу материалдарының ішкі байланысы анықталды. Жүргізілген эксперимент негізінде бастауыш мектептегі математика сабағында ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын есептерін қолданып оқушылардың ой-өрісін дамыту әдістемесі теориялық тұрғыдан нақтыланды.
Үшінші кезеңде (2007-2009 жылдар) жүргізілген теориялық және тәжірибелік жұмыстар қорытындыланды. Бастауыш мектептегі математика сабағында ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын есептерін қолданып оқушылардың ой-өрісін дамытудың әдістемесі жасалып, оның тиімділігі оқыту эксперименті арқылы тексерілді. Аталған эксперимент нәтижелері сараланып, өңделді. Зерттеу жұмысының нәтижелеріне теориялық талдау жасалды, қорытындылар негізделіп шығарылды. Диссертациялық жұмыс, оған қойылатын талапқа сәйкес рәсімделіп, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар дайындалды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
- бастауыш мектептегі математика сабағында ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын есептерін қолданудың қазіргі жағдайы, оны қолданудағы кемшіліктер мен қиыншылықтар және оның себептері айқындалып, ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын есептерін оқушылардың ой-өрісін құралы ретінде қолданудың теориялық-әдістемесінің негіздері анықталды;
- ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын есептерін бастауыш мектеп оқушыларының ой-өрісін дамыту құралы екендігі негізделіп, олардың оқушылардың іс-әрекеттерінің шығармашылығын арттырудағы ролі мен атқаратын қызметінің ерекшеліктері айқындалды;
- бастауыш мектептегі математика сабағында ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын есептерін оқушылардың ой-өрісін дамыту құралы ретінде қолданудың әдістемесі жасалынды.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы: бастауыш мектептегі математиканы оқыту барысында ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын есептерін қолдану әдістемесі, бастауыш сыныпта қолданылатын ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын есептерінің математикалық мазмұны мен оларды қолданудағы мақсаты ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын есептерін сабақ барысында қолдану арқылы дайындықтары әртүрлі оқушылардың ой-өрісінің даму ерекшеліктерінің айқындау жолдары дайындалды.
Жұмыстың практикалық маңыздылығы: зерттеу нәтижелерін бастауыш сыныптардың оқулықтарын және әдістемелік құралдарын дайындағанда, бастауыш мектепте математиканы оқыту барысында оқушылардың ой-өрісін дамытуда бастауыш мектеп мұғалімдерінің білімін жетілдіру курстарында пайдалануға болады. Дайындалған ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын есептерін мектеп мұғалімдері өздерінің күнделікті іс-тәжірибелерінде қолдана алады.
Қорғауға ұсынылатын қағидалар:
- ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын есептерін бастауыш мектептегі математика сабағында оқушылардың ой-өрісін дамыту үшін қолданудың психологиялық-педагогикалық негізі;
- ұлттық және дидактикалық ойындар мектеп оқушыларының ой-өрісін дамыту құралы екендігінің дәлелдемесі;
- бастауыш мектептегі математика сабағында ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын есептерін оқушылардың ой-өрісін дамыту үшін қолданудың әдістемесі;
Зерттеу нәтижелерінің дәлелдігі мен негізділігі: қойылған проблемаға сай әдіснамалық және теориялық қағидалар мен зерттеу пәніне сәйкес әдістердің қолданылуымен, бастапқы теориялық қортындылар мен соңғы тәжірибелік-эксперименттік көрсеткіштердің өзара дәл келуімен, олардың тиімділігінің бастауыш сынып оқушыларының ой-өрісін дамыту қорытындысының эксперимент арқылы тексеріліп, оның нәтижесі жоғары екендігінің дәлелденуімен және зерттеудің негізгі қорытындылары мен ғылыми-әдістемелік ұсыныстарының бастауыш мектеп практикасына енгізіліп, мақұлдануымен қамтамасыз етілген.
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу мен іс-тәжірибеге енгізу: зерттеу жұмысының негізгі қағидалары мен нәтижелері тәжірибелік-эксперименттік сынақтан өткізіліп, өзінің дұрыстығын дәлелдеді. Диссертацияның негізгі мәселелері келесі халықаралық және республикалық ғылыми-әдістемелік конференцияларда талқыланды:
Сондай-ақ республикалық ғылыми-педагогикалық басылымдарда зерттеу жұмысының қорытындылары жарияланды.
«Жоғары кәсіптік, базалық білім және жеке пәндерді оқыту әдістемесі» атты ғылыми-әдістемелік конференцияның еңбектері-І (Шымкент, 2005ж. ) «Білім берудің инновациялық моделі: бағыттары мен болашағы» халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары (Ақтөбе, 2007ж. ), «Әуезов оқулары -7 М. Әуезов және қазақтанудың өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның еңбектері. (Шымкент, 2008ж. ), XVII Международная научно методическая конференция Педагогический менеджмент и прогрессивные технологии в образовании. (Пенза, 2009ж. ), М. Сапарбаев атындағы ОҚГИ-ның 15 жылдығына арналған «Қазіргі таңдағы білім мен ғылымның мәселелері» атты VІ Халықаралық ғылыми-практикалық конференция. (Шымкент, 2009ж. )
Оның ішінде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің білім және ғылым саласын бақылау жөніндегі комитет алқасы ұсынған баспаларда: «Ұлт тағылымы» (Алматы, 2008), «Ізденіс» (Алматы, 2009), «Ұлт тағылымы» (Алматы, 2009), «Қазақстан жоғары мектебі» (Алматы, 2010) .
Диссертацияның құрлымы. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, екі тарау мен қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі негізделген, зерттеу нысаны, пәні, мақсаты, болжамы мен міндеттері анықталған. Зерттеу кезеңдері, зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы мен практикалық маңыздылығы, зерттеу нәтижелерінің нанымдылығы көрсетілген.
«Бастауыш мектептегі математика сабағында ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын есептерін оқушылардың ой-өрісін дамытудың писхологиялық-педагогикалық негізі» атты бірінші тарауда бастауыш мектептегі математика сабағында ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын есептерін қолданудың қазіргі жағдайы анықталып, ондағы кемшіліктер және олардың себептері айқындалып, ол ойындарды оқушылардың ой-өрісін дамыту үшін қолданудың психологиялық-педагогикалық негіздері сипатталған. Сонымен қатар бұл бөлімде ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын есептерін бастауыш сынып оқушыларының рөлі мен атқаратын қызметінің ерекшеліктері айқындалған.
«Бастауыш мектептегі математика сабағында ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын есептерін оқушылардың ой-өрісін дамытуда қолданудың әдістемесі» атты екінші тарауда бастауыш сыныптарда математиканы оқыту барысында ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын есептерін қолданудың әдістемесінің негізі сипатталып, онда ойындарды қолданудың қажеттілігі қандай оқу материалдарына байланысты болатындығы жөнінде айтылған және бастауыш мектепте математиканы оқыту барысында қолданылатын ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын есептерін математикалық мазмұны ашылып оларды қолданудағы мақсат айқындалған. Сондай-ақ, ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын есептерін сабақ барысында қолданғанда дайындықтары әртүрлі оқушылардың ой-өрісінің дамуының ерекшеліктері айқындалып, педагогикалық эксперимент пен оның қорытындысы сипатталған.
Қорытындыда жүргізілген зерттеу жұмысының негізгі нәтижелері тұжырымдалған.
Қосымшада зерттеу барысында қолданылған материалдар енген.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Елімізде жүріп жатқан саяси-әлеуметтік реформаларға байланысты жалпы білім беру салаларына қойылатын талаптар да өзгеруде. Себебі білім беру жүйесі қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуында жетекші роль атқарады.
Қазіргі уақыттағы білім беру қызметкерлерінің алдында тұрған басты мақсат-еліміздегі білім беруді халықаралық деңгейге көтеру және білім сапасын жетілдіру, жеке тұлғаны қалыптастыру, қоғам қажеттілігін өтеу, оны әлемдік білім кеңістігіне кіріктіру болмақ.
ХХ ғасырдағы көрнекті Нидерланды ойшылы И. Хейзинг «Ойнаушы адам» ұғымы «Жасаушы адам» ретінде елеулі қызметті бейнелейтіндігін айтады. Шындығында іс-әрекеттің қалған түрлерінің ешқайсысында да адам ойындағыдай өзінің психофизиологиялық, интеллектуалдық мүмкіндіктерін әйгілей алмайды. Ойын оқытады, дамытады, тәрбиелейді, әлеуметтендіреді, көңіліңді аулайды, демалыс сыйлайды. Баланы ойыннан ажырату-оның дамуының басты көзінен, шығармашылық импульсінен және әлемді тану үдерісін жандандырудан айыру болып табылады. Ойын-баланың барлық өмірлік бағыттарының реттеушісі. Дидактикалық ойындар таным және бастауыш білім беруде оқушылардың іс-әрекетінің белсендіргіші. Ол балалардағы балаға тән қасиеттерді сақтайды және дамытады, балалардың өмір мектебі және «даму тәжірибесі» Бала ойнай отырып өмірді таниды, өзін оған дайындайды, жасампаз адам ретінде қалыптасады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz