Мемлекеттік органдардың е-қызмет көрсетулерін қалыптастыру және дамыту
Қазақстан Республикасында "электрондық үкiмет" қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы (бұдан әрi Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Бәсекеге қабiлеттi Қазақстан үшiн, бәсекеге қабiлеттi экономика үшiн, бәсекеге қабiлеттi халық үшiн" атты 2004 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 8 маусымдағы отырысында № 9 хаттамамен мақұлданған Қазақстан Республикасындағы "электрондық үкiмет" тұжырымдамасының ережелерi ескерiле отырып әзiрлендi.
Осы Бағдарламаның негiзiне "электрондық үкiмет" арқылы прогрессивтi ақпаратты Қазақстанға" қол жеткiзу идеясы алынды.
Қазақстанда "электрондық үкiметтi" қолданысқа енгiзу мемлекеттiк органдардың азаматтар мен ұйымдарға ұсынатын қызмет көрсетулер сапасын жақсартуға және мерзiмiн қысқартуға, мемлекеттiк органдар қызметiнiң ақпараттық базасына қолжетiмдiлiктi қамтамасыз етуге, болашақта әкiмшiлiк жүйенi жетiлдiрудi ескере отырып, құрамы жағынан тиiмдi әрі оңтайлы мемлекеттiк аппарат құруға бағытталған.
"Электрондық үкiмет" құрудың басты басымдықтары Интернет-байланысқа қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында бiлiм деңгейiн көтеру, сондай-ақ мемлекеттiк басқару жүйесiне жаңғырту жүргiзу болып табылады.
Электрондық мемлекеттiк қызмет көрсетудi қалыптастыру кезiнде әкiмшiлiк процестерге технологиялық қайта жабдықтау жүргiзу көзделетiн болғандықтан, "электрондық үкiмет" құру сонымен қатар мемлекеттiк басқару жүйесiн ұдайы жетiлдiрiп отыруға мүмкiндiк бередi.
Әлемдiк тәжірибенi талдауды ескере отырып, Қазақстанда "электрондық үкімет" құрудың ұзақ мерзiмдi болашағы бар және ол үш кезеңде iске асырылатын болады.

Қазақстан Республикасында "электрондық үкiмет" қалыптастырудың 2005-
2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы (бұдан әрi Бағдарлама)
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Бәсекеге қабiлеттi Қазақстан үшiн,
бәсекеге қабiлеттi экономика үшiн, бәсекеге қабiлеттi халық үшiн" атты 2004
жылғы 19 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 8 маусымдағы отырысында № 9 хаттамамен
мақұлданған Қазақстан Республикасындағы "электрондық үкiмет"
тұжырымдамасының ережелерi ескерiле отырып әзiрлендi.
Осы Бағдарламаның негiзiне "электрондық үкiмет" арқылы прогрессивтi
ақпаратты Қазақстанға" қол жеткiзу идеясы алынды.
Қазақстанда "электрондық үкiметтi" қолданысқа енгiзу мемлекеттiк
органдардың азаматтар мен ұйымдарға ұсынатын қызмет көрсетулер сапасын
жақсартуға және мерзiмiн қысқартуға, мемлекеттiк органдар қызметiнiң
ақпараттық базасына қолжетiмдiлiктi қамтамасыз етуге, болашақта әкiмшiлiк
жүйенi жетiлдiрудi ескере отырып, құрамы жағынан тиiмдi әрі оңтайлы
мемлекеттiк аппарат құруға бағытталған.
"Электрондық үкiмет" құрудың басты басымдықтары Интернет-байланысқа
қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
саласында бiлiм деңгейiн көтеру, сондай-ақ мемлекеттiк басқару жүйесiне
жаңғырту жүргiзу болып табылады.
Электрондық мемлекеттiк қызмет көрсетудi қалыптастыру кезiнде
әкiмшiлiк процестерге технологиялық қайта жабдықтау жүргiзу көзделетiн
болғандықтан, "электрондық үкiмет" құру сонымен қатар мемлекеттiк басқару
жүйесiн ұдайы жетiлдiрiп отыруға мүмкiндiк бередi.
Әлемдiк тәжірибенi талдауды ескере отырып, Қазақстанда "электрондық
үкімет" құрудың ұзақ мерзiмдi болашағы бар және ол үш кезеңде iске
асырылатын болады.
Бiрiншi кезең "электрондық үкiметтiң" инфрақұрылымын құру. Аталған
кезең шеңберiнде осы Бағдарламаны iске асыру "электрондық үкiметтiң" шлюзi
мен порталы, банк жүйесiмен өзара iс-қимыл үшiн "төлем шлюзi", ұлттық
бiрегейлендiру жүйесi, мемлекеттік органдардың бiрыңғай көлiктiк ортасы,
орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың ведомствоаралық және үлгілiк
жүйесiн құру мен дамыту, сондай-ақ электрондық қызмет көрсетулерге
қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету жөнiндегi іс-шаралар жүргiзу, ақпараттық
теңсiздiктi жою және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында
бiлiм көтеру жөнiнде жұмыстар ұйымдастыру сияқты базалық құрамдас
бөлiктердi құруға бағытталатын болады.
Осы кезеңде Бағдарламаны iске асыру шеңберiнде ақпараттық және
интерактивтiк қызмет көрсетулер жоспарлануда.
Екінші кезең - "электрондық үкiметтің" сервисiн дамыту азаматтардың
тіршілік-тынысы мен мемлекеттік органдардың жұмыс істеуінің барлық саласын
қамтитын сан алуан сервистердi дамытуға, сондай-ақ әкiмшiлiк процестерге
кең ауқымды технологиялық қайта жабдықтау жүргізуге бағытталатын болады.
Осы кезеңде транзакционды қызмет көрсетулер iске асырылатын болады.
Үшiншi кезең - ақпараттық қоғам құру e-медицина, e-бiлiм, e-мәдениет,
е-демократия және басқалары сияқты жобаларды iске асыруды қоса алғанда
мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызмет көрсетулерiн трансформациялауды,
ақпараттық қоғам құруды көздейдi.
Осы Бағдарламаны iске асырудың бiрiншi кезеңiнiң аяқталу қортындысы бойынша
Қазақстан Республикасы Үкiметi республикада "электрондық үкiметтi" дамыту
жөніндегі бағдарламалық құжатты одан әрi әзiрлеу туралы шешiм қабылдайтын
болады.
Осы Бағдарламада жағдайлар жасауға және "электрондық үкiметтiң"
мүмкiндiктерiн тиiмдi пайдалануға бағытталған шаралар көзделедi, олар
мынадай шешушi сәттерге шоғырландырылатын болады:
1) "электрондық үкiмет" пен оны пайдаланушылардың жұмыс iстеуiн реттейтiн
нормативтік құқықтық базаны дамыту.
Бұл тұрғыда "электрондық үкiмет" құру мемлекеттiк қызмет көрсетулер
регламенттерiн талдауды көздейдi, мұның өзi әкiмшiлiк рәсiмдерге
технологиялық қайта жабдықтау жүргiзу мен мемлекеттiк басқару жүйесiн
жаңғырту тетiктерiнiң бiрi болып табылады;
2) халықты "электрондық үкiмет" мүмкiндiктерiне тарту, яғни бiлiм алу және
ақпарат теңсiздігін еңсеруге, электрондық iс-қимыл рәсiмдерiн орындау мен
халықтың қалың жiгі үшін "электрондық үкiмет" қызмет көрсетулерiне
қолжетiмділіктi ұйымдастыру үшiн қоғамды қажеттi білімдiлiк деңгейiмен
қамтамасыз етуге бағытталған iс-шараларды iске асыру қажеттiлiгі;
3) мемлекеттiк басқарудың барлық деңгейлерiнде әкiмшiлiк процестердi
стандарттау мен нысандандыруды, сондай-ақ мемлекеттiк органдарды
ақпараттандыру мен басқарудың бiрыңғай саясатын әзiрлеу мен iске асыруды
бiлдiретiн мемлекеттік органдарды ақпараттандыру.
"Электрондық үкiметтiң" инфрақұрылымын қалыптастыру екi өзара
байланысты, бiрақ функциялық дербес контурларды iске асыру жағдайында
мүмкiн болады.
Iшкi контур "үкiмет-үкiмет" үлгiсiндегі өзара қарым-қатынастарды
қамтиды және ведомствоаралық әкiмшiлiк рәсiмдерге қызмет көрсететiн
ақпараттық жүйелердi құрайды.
Cыртқы контур "үкiмет-азаматтар" және "үкiмет-ұйымдар" үлгiсiндегi
өзара қарым-қатынастарды қамтиды және мемлекеттiң азаматтармен және
ұйымдармен өзара іс қимылын қамтамасыз етедi.
Бағдарламада Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 16
наурыздағы № 573 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Ұлттық
ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудың және дамытудың мемлекеттiк
бағдарламасының негiзгi ережелерi ескерiледi және салааралық сипатта
болады.
Бағдарламада мынадай ұғымдар мен қысқартулар пайдаланылады:
e-қызмет - ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
көрсетулер құралдарымен жүзеге асырылатын қызмет көрсетулер;
е-үкiмет - мемлекеттiк органдардың ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды кеңiнен қолдану жолымен азаматтар мен ұйымдарға қызмет
көрсетулердi ұсынуға барынша бағдарланған жұмыс iстеу тетiгi;
мемлекеттiк - мемлекеттiк органдардың азаматтар мен ұйымдарға
қызмет көрсететiн және Қазақстан Республикасының көрсетулер
қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкiмшiлiк рәсiмдердi атқаруға бағытталған
қызмет көрсетулер;
АКТ - ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;
е-банкинг - интернет арқылы қолжетiмдiлiктi ұйымдастыру жолымен
банк шоттарын басқару;
ақпараттық - бiлiм мен ақпаратқа қолжетiмділігiнiң әртүрлi
теңсiздiк деңгейiне байланысты халықтың түрлi әлеуметтiк топтарының
АКТ-ны пайдалану мүмкiндiктерiнiң теңсiздiгі;
e-қызмет - АКТ құралдарымен қызмет көрсететiн мемлекеттiк
көрсетулердi органдар, ұйымдар және өзге де шаруашылық жеткiзушiлер
субъектiлерi;
e-қызмет - азаматтар, мемлекеттiк органдар, ұйымдар және
көрсетулердi өзге де шаруашылық субъектiлерi;
тұтынушылар
e-қызмет - түпкi нәтижесi e-қызмет көрсетулердi
көрсетулер жеткiзушiлердiң функциялық мақсаттарына қол жеткізу
регламентi болып табылатын әкiмшiлiк және өзге де процестердi жүзеге
асыруға бағытталған жүйелi iс-әрекеттер жиынтығы.
3. Мемлекеттiк органдарды ақпараттандырудың
қазiргi жай-күйiн талдау:
Қазiргi уақытта Қазақстан Республикасында әртүрлi қызмет салаларында
АКТ-ны дамыту мен қолдануға бағытталған iс-шаралар кешенi кеңiнен iске
асырылуда. Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын
қалыптастырудың және дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы қабылданғаннан
кейiн мемлекеттiк органдардың ақпараттық жүйелерiн құру жөнiндегі жұмыстар
жандана түстi.
Мемлекеттік органдардың автоматтандырылған ақпараттық өзара iс-қимылын
қамтамасыз ету мақсатында бiрыңғай электрондық құжат айналымы жүйесін
енгiзу негiзiнде мемлекеттiк органдардың ақпараттық инфрақұрылымын құру
жүзеге асырылуда. "Жеке тұлғалар", "Заңды тұлғалар", "Мекенжай тiркелiмi",
"Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған жүйесi", "Жылжымайтын мүлiк
тiркелiмi", "Салық төлеушілер мeн салық салынатын объектiлер тiзілімi"
деген мемлекеттiк дерек қорларын, сондай-ақ "Электрондық мемлекеттік сатып
алу орталығы" ақпараттық жүйесiн құру жөнiнде iс-шаралар орындалуда.
Мемлекеттiк органдардың Интернетте электрондық өкiлдiктер құру жолымен
ақпараттар ұсынуын 42 мемлекеттік органның 32-сi жүзеге асырады.
Мемлекеттік қызмет көрсетулердiң 170 түрiне жүргізiлген талдау
нәтижесi бойынша е-үкiметтiң 85 e-қызмет көрсетулерiнен тұратын, осы
Бағдарлама шеңберiнде iске асырылатын базалық қызмет көрсетулер тiзбесi
қалыптастырылды.
Жекелеген мемлекеттiк органдар интерактивтi қызмет көрсетулердi iске
асыруға көшуде. Қазiргi уақытта нақты уақыт режимiнде электрондық цифрлық
қолтаңба тетіктерiн пайдалана отырып, байланыстың электрондық арналары
бойынша барлық салық есептерiн беруге, сондай-ақ мемлекеттiк бюджетпен
өзара есеп айырысуларға салыстыру жүргізуге болады, бұл Қазақстанды ТМД
елдерi арасында бөлiп көрсетiп отыр. Әлеуметтiк төлем алушылардың деректер
банкiн құру, әлеуметтiк жәрдемақылар тағайындау және төлеу, жинақтаушы
зейнетақы жүйесiндегi есепке алу мен талдау жөнiндегi процестердi
автоматтандыру, сондай-ақ әлеуметтiк сақтандыру және мүгедек адамдардың
дерек қорын құру саласындағы ақпараттық жүйелер дамуда.
Е-үкімет элементтерi жергiлiктi атқарушы органдардың кейбiр ақпараттық
жүйелерiнде де бар. Алматы қаласы әкiмдігінiң жанында азаматтарды
тұрғылықты жерлерi бойынша тiркеу, жылжымайтын мүлiк объектілерiн,
автокөлiктердi, халықтың көшi-қон жөнiндегi деректерiн және басқаларды
тiркеудi iске асыратын ақпараттық ресурстармен және ақпараттық жүйелермен
өзара iс-әрекеттi қамтамасыз ететiн бiрыңғай ақпараттық жүйе құрылған.
Мемлекеттік басқаруды ақпараттандыру бөлiгiнде белгiлi бiр проблемалар да
бар, олар:
ақпараттандыру саласындағы нормативтiк құқықтық базаның жетiлмегендiгi;
ведомствоаралық ақпараттық жүйелердi қалыптастыру жөнiндегi функциялар мен
жауапкершiлiктi бөлудi регламенттеудiң болмауы;
көптеген мемлекеттiк органдарда ақпараттандыру қызметтерiнiң болмауы және
ақпараттық технологиялар саласында мемлекеттiк қызметшiлердiң біліктілік
деңгейiнiң жеткiлiксiздiгi.
Қазіргі уақытта ақпараттық қоғам қалыптастырудағы ең басты кедергілердің
бiрi - ақпараттық теңсiздiк деп аталатын кедергiнi жою өзекті мәселе болып
отыр.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 16 наурыздағы № 573
Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық
инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске
асыру барысында Қазақстанда "Ақпараттандыру туралы", "Электрондық құжат
және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының
заңдарынан, басқа да заңға тәуелдi актiлер мен жүйеқұраушы ақпарат
жүйелерiнен, атап айтқанда:
"Жеке тұлғалар", "Заңды тұлғалар", "Атаулы тiркелiм", "Жылжымайтын мүлiк
тiркелiмi" дерек қорларынан;
электрондық құжаттар айналымының ақпараттық жүйелерiнен, электрондық
мұрағаттардан;
Үкiметтiң вeб-порталынан;
е-үкiметтiң элементтері (ықпалдастырылған салықтық ақпараттық жүйе, салық
төлеушiлер мен салық салынатын объектілер тiзiлімi, кедендік
автоматтандырылған ақпараттық жүйе, Зейнетақылар төлеу жөнiндегi
мемлекеттiк орталықтың ақпараттық жүйесi және басқалар) бар ведомстволық
ақпараттық жүйелерден тұратын, нормативтік құқықтық базаны қамтитын е-
үкiмет құру үшiн база қалыптастырылды.
Iске асырылуы Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын
қалыптастыру мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасында тиiстi қаржыландыру
көлемiмен 2005 жылы көзделген iс-шаралар олардың негiзгi мақсаты е-
үкiметтiң негiзiн құрайтын инфрақұрылымның құрамдас бөлiктерiн құру болып
табылатындықтан, осы Бағдарламаның шеңберiнде жүзеге асырылатын болады.
4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
Бағдарламаның мақсаты азаматтар мен ұйымдардың мемлекеттiк қызмет
көрсетулерге жылдам әрі сапалы қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету және АКТ-ны
кеңiнен қолдану арқылы мемлекеттiк органдардың жұмыс iстеу тиiмдiлігін
арттыру болып табылады.
Аталған мақсаттарға жету үшiн мынадай мiндеттердi орындау керек:
мемлекетке, азаматтар мен ұйымдарға ақпараттық қоғам жағдайларында жұмыс
iстеуге мүмкiндiк беретiн нормативтік құқықтық және әдiснамалық база құру;
мемлекеттік органдардың e-қызмет көрсетулерін қалыптастыру мен дамыту;
e-үкiметтiң қызмет көрсетулеріне қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету, ақпараттық
теңсiздiктi жою және АКТ саласында бiлiм деңгейiн арттыру жөнiнде жұмыстар
ұйымдастыру;
e-үкiмет инфрақұрылымының базалық құрамдас бөлiктерiн қалыптастыру және
мемлекеттiк органдардағы ақпараттық инфрақұрылымды оңтайландыру;
е-үкiметтiң ақпараттық инфрақұрылымын қорғауды қамтамасыз ету.
5. Бағдарламаны iске асырудың негiзгi
бағыттары мен тетiгi
Бағдарламаны iске асыру мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады:
1) нормативтiк құқықтық және әдiснамалық қамтамасыз етудi жетiлдiру;
2) мемлекеттiк органдардың e-қызмет көрсетулерiн қалыптастыру мен дамыту;
3) е-үкiметтің қызмет көрсетулерiне қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету,
ақпараттық теңсiздiктi жою және АКТ саласында бiлiм деңгейiн арттыру
жөнiнде жұмыстар ұйымдастыру;
4) e-үкiметтiң порталы мен шлюзiн, банк жүйесiмен өзара iс-қимыл yшiн
"төлем шлюзiн" ұлттық бiрегейлендiру жүйесiн, мемлекеттiк органдардың
бiрыңғай көлiктiк ортасын қамтитын e-үкiмет инфрақұрылымының базалық
құрамдас бөлiктерiн қалыптастыру;
5) ведомствоаралық және үлгілiк ведомстволық ақпараттық жүйелер құру және
дамыту;
6) жергiлiктi атқарушы органдардың ақпараттық ресурстары мен жүйелерiн құру
және дамыту;
7) халықаралық стандарттар базасында e-үкiметтiң ақпараттық инфрақұрылымын
қорғауды қамтамасыз ету;
8) Бағдарламаны орындауда қоғамдық қолдауды қамтамасыз ету.
5.1. Нормативтiк құқықтық және әдiснамалық
қамтамасыз етудi жетілдіpу
Нормативтiк құқықтық және әдiснамалық қамтамасыз етудi дамыту қоғамның
ақпараттық қажеттiлiктерiн қамтамасыз ету, e-қызмет көрсетулердi
тұтынушылардың құқықтарын қорғау, құзыретiн белгiлеу, сондай-ақ е-үкiметтің
жұмыс iстеу жағдайларында мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестіру
бөлiгiнде ақпараттандыру саласындағы қатынастарды реттеуге бағытталатын
болады.
Нормативтiк құқықтық және әдiснамалық қамтамасыз етудi жетiлдiру жөніндегі
іс-шараларды iске асыру жүйелілiк, объективтiлiк және Қазақстан
Республикасының қолданыстағы заңдарының нормаларына сәйкес принциптерi
бойынша жүзеге асырылатын болады.
Мемлекеттiк органдардың e-қызметтер көрсетуi үшiн құқықтық негіз
қалыптастыру мақсатында ақпараттандыру саласындағы әртүрлi аспектiлердi
реттейтін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына талдау жасау
жүзеге асырылатын болады және е-үкiметтiң жұмыс iстеу тәртiбi мен
жағдайларын айқындайтын нормативтiк құқықтық актiлер кешенi әзiрленедi.
Мемлекеттiк басқару жүйесiн жетiлдiру мақсатында е-қызмет көрсетулерді
қалыптастыру кезiнде мемлекеттiк қызмет көрсетулер мен әкiмшiлiк
процестердi жүзеге асыру регламенттерiне талдау жүргiзiлетiн болады, соның
негiзiнде тиiстi нормативтiк құқықтық актiлер әзiрленедi.
Базалық құрамдас бөлiктер мен ведомстволық ақпараттық жүйелердi құрған
кезде бiрыңғай көзқарасты жүзеге асыру және олардың үйлесiмдiлігін
қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттiк органдардың ақпараттық жүйелерiнiң
деректерi мен сервистерiн ықпалдастыру бiрыңғай тетiгiн қамтамасыз ететiн
ұлттық технологиялық стандарттар әзiрлеудi жәненемесе халықаралық
технологиялық стандарттар қабылдауды көздейтiн e-үкiмет инфрақұрылымының
бiрыңғай әдiснамалық базасы әзiрленетiн болады.
5.2. Е-үкiметтiң қызмет көрсетулерiне қолжетiмдiлiктi
қамтамасыз ету, ақпараттық теңсiздiктi жою және
АКТ саласында бiлiм деңгейiн көтеру жөнiнде
жұмыстар ұйымдастыру
АКТ-ны пайдалануда халықтың түрлi әлеуметтiк топтары мүмкiндiктерiнiң тең
болмауы e-үкiметтiң бастамаларын iске асырудағы негiзгi кедергілердiң бiрi
болып табылады. Ақпараттық теңсiздiктiң жоғары дәрежелi басымдығы бар
әлеуметтiк проблема екенiн мойындау және оны рет-ретiмен жою стратегиясын
әзiрлеу қажет.
АКТ саласындағы кәсiби бiлiмдi жетiлдiру жолымен "адами капиталға", әсiресе
өскелең ұрпаққа инвестиция салу әлеуметтік-экономикалық проблемаларды
еңсерудiң басты бағыты болып табылады.
АКТ саласында бiлiмдi көтеру мен компьютерлiк сауаттылықтың бiрыңғай
саясаты iске асырылатын болады, ол мынадай iс-шаралар орындауды көздейдi:
ақпараттық қоғамның қажеттiктерiне байланысты жаңа мамандықтар енгiзу
мақсатында жоғары және орта арнаулы бiлiм беру деңгейлерiнде оқу
бағдарламаларын қайта қарау;
бiлiм берудiң барлық деңгейлерiндегi оқыту бағдарламаларының тiзбесiне
"электрондық үкiмет" шеңберiнде оқыту курстарын енгiзу;
ұлттық оқу бағдарламаларына сәйкес жалпы бiлiм беретiн мектептерге арналған
электрондық көмекшi оқу құралдары кешенiн және АКТ бойынша оқыту
бағдарламаларын әзiрлеу;
бiлiм беру саласын ақпараттандыру мен қашықтықтан оқыту жүйесiн дамытудың
нормативтiк құқықтық және әдiстемелiк құжаттарының жобаларын әзiрлеу;
e-үкiметтiң порталы арқылы мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимыл
негiздерiн қашықтықтан оқыту орталығын құру.
E-үкiметтi қалыптастыру мен қолдауды ғылыми-әдiстемелiк, ақпараттық-талдау
және кадрмен қамтамасыз ету, мемлекеттiк қызметшiлердiң компьютерлiк
бiлiктiлiгiн арттыру семинарлары мен курстарын өткiзу мақсатында e-
үкiметтiң құзырет орталығы құрылады.
Ақпараттық теңсiздiктi еңсеру мақсатында мынадай iс-шараларды iске асыру
жоспарланады:
консультациялық орталықтарды, компьютерлiк курстарды қоса алғанда,
компьютерлiк сауаттылыққа оқытып-үйрететiн жалпыға қолжетiмдi пункттер
құру;
жалпы бiлiм беретiн мекемелердiң Интернетке сенiмдi әрi арзан
қолжетімділiгiн қамтамасыз ету.
E-қызмет көрсетулерге қоғамдық қолжетiмдiлiк желiсiн дамыту қоғамдық
сектордың ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын, атап айтқанда почта
байланысы инфрақұрылымын тиiмдi пайдалану есебiнен қамтамасыз етілетiн
болады. Пайдаланушылар санатына қарай e-қызмет көрсетулерге ақылы, тегiн
және жеңiлдiктi негiздегi қоғамдық қолжетiмдi пункттер желiсi құрылады, бұл
халықтың неғұрлым қалың жiгiн АКТ-ны пайдалануға тартуға мүмкiндiк бередi.
Қоғамдық қолжетімділiк пункттерiн құру бiрiншi кезекте "Қазпочта" АҚ,
"Қазақтелеком" АҚ құрылымдарын, сондай-ақ мектептердi, кітапханаларды, ойын-
сауық орталықтарын, Интернет-кафе желiсiн қамтиды.
Компьютерлiк техника өндiрiсiнiң көлемiн ұлғайтуды және компьютерлiк
техника мен лизинг, Интернетке қолжетiмдiлiк және провайдерлердiң қызмет
көрсету тарифтерi құнын төмендетудi қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы
Президентiнiң 2003 жылғы 18 тамыздағы № 1166 Жарлығымен құрылған
Ақпараттық технологиялар паркi еркiн экономикалық аймағының базасында
арзан компьютерлiк техникалар шығаруды ұйымдастыру жөнiнде шаралар
қабылданатын болады.
Интернетке қолжетімдiлiктi қамтамасыз етудiң тағы бiр бағыты аудан орталығы
деңгейiне дейiн цифрлық көлiктiк орта құру, сондай-ақ ауылдық байланысты
қаржыландыру тетiгiн iске асыру болып табылады. Ауыл халқы үшiн
телекоммуникациялардың сапалы қызмет көрсетулерiне қолжетiмдiлiкке кепiлдiк
беретiн мемлекеттiк реттеу жүйесi iске асырылып, Үкiметтiң 2003 жылғы 18
ақпандағы № 168 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының
телекоммуникациялар саласын дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған
бағдарламасы шеңберiнде телекоммуникациялар саласын тұрақты дамыту үшiн
негiз қаланатын болады.
Ақпараттық теңсiздiктi еңсеру де мектептердi компьютерлiк жарақтандыруды
арттыру үшiн жағдайлар жасау, Интернетке қосылған мектептер санын ұлғайту,
электрондық оқу құралдарымен қамтамасыз ету, сондай-ақ мектептердi
қашықтықтан оқытудың спутниктiк арнасына қосу жолымен бiлiм беру жүйесiн
компьютерлендiру есебiнен қамтамасыз етiлетiн болады. Бұл ретте мемлекеттiк
органдардың компьютерлiк техникасын оларды ауыстырған кезде мектептерге
беру тәжiрибесiн енгізу көзделедi.
Аталған iс-шаралар Үкiметтiң 2003 жылғы 18 ақпандағы № 168 қаулысымен
бекiтiлген Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар саласын дамытудың
2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы, Қазақстан Республикасы
Президентiнiң 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға
арналған мемлекеттiк бағдарламасы шеңберiнде бiрлесiп жүзеге асырылатын
болады.
Ақпараттық теңсiздiкті жою жөнiндегi орындалған iс-шаралар мониторингiн
жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасында ақпараттық қоғамды дамыту
индикаторларының әзiрленген жүйесi негiзiнде iрiктелiп алынған әлеуметтiк
сауал салу тұрақты ұйымдастырылатын болады.
Халықаралық бағдарламалар шеңберiнде ақпараттық технологияларды пайдалану
саласында тәжiрибе тарату жөнiнде ынтымақтастық жандандырылатын болады.
5.3. Мемлекеттiк органдардың е-қызмет көрсетулерiн
қалыптастыру және дамыту
Е-үкiметтің талаптары ескеріле отырып, мемлекеттiк органдардың қызметiн
ақпараттандыру ведомствоiшiлiк мұқтаждарға бағдарланудан азаматтардың және
ұйымдардың мұқтаждары мен мiндеттерiне бағдарлануға көшудi жоспарлайды.
Мемлекеттiк органдардың e-қызмет көрсетулерiн қалыптастыру және сату
ведомстволық ақпараттық жүйелердi құру мен дамыту шеңберiнде жүзеге
асырылатын болады.
Мемлекеттiк органдардың e-қызмет көрсетулер жүйесiн қалыптастыру
мемлекеттік қызмет көрсетулер мен әкiмшiлiк процестердi жүзеге асыру
регламенттерiне функционалдық талдау жүргізу негiзiнде жүзеге асырылады.
Жүргiзiлген талдау нәтижелерi бойынша мемлекеттік басқару жүйесi мен
әкiмшiлiк рәсiмдерiн iске асыруды жаңғырту жөнiнде ұсыныстар тұжырымдау
жоспарлануда.
Осы бағыттағы iс-шараларды жүзеге асыру шеңберiнде e-қызмет көрсетулердi
сату және e-үкiмет инфрақұрылымының базалық құрамдас бөлiктерiмен өзара iс-
қимыл бөлiгiнде мемлекеттiк органдардың ақпараттық жүйелерiне қойылатын
талаптар айқындалатын болады.
Бағдарламаны iске асырудың бастапқы кезеңiнде мемлекеттiк e-қызмет
көрсетулерді әзiрлеу, қабылдап алу, сүйемелдеу және дамыту регламентi,
сондай-ақ оларды құжаттандырудың стандартты нысаны анықталатын болады.
Мемлекеттік органдардың e-қызмет көрсетулердi ұсынуы қолда бар ведомстволық
ақпараттық жүйелерге өзгерiстер енгізудi не ақпараттық жүйелердiң өзара iс-
қимылының стандарттарын ескере отырып, е-үкiметті порталмен бiрiктiру үшiн
жаңа ақпараттық жүйелер әзiрлеудi қарастырады.
Бағдарлама шеңберiнде ведомстволық ақпараттық жүйелер базасында қызмет
көрсетулердің 85 түрiн (70 ақпараттық және 15 интерактивтiк) қамтитын е-
қызмет көрсетулер жүзеге асырылатын болады. Транзакциялық қызмет
көрсетулердi iске асыру банк жүйесiмен өзара iс-қимыл үшiн "төлем шлюзiн"
құрудан кейiн жүзеге асырылады.
Азаматтар тыныс-тiршілiгінiң және ұйымдар жұмысының негiзгi салаларына
сәйкес осы Бағдарламаның қосымшасына сәйкес e-қызмет көрсетулердiң базалық
тiзбесi қалыптастырылды.
5.4. Е-үкiмет инфрақұрылымының базалық
құрамдас бөлiктерiн қалыптастыру
E-үкiмет инфрақұрылымының жұмыс iстеуi оның базалық құрамдас бөлiктерiн
құруға негiзделетін болады, оларға e-үкiметтiң порталы мен шлюзi, "төлемдік
шлюз", ұлттық бiрегейлендiру жүйесi, мемлекеттiк органдардың бiрыңғай
көлiктік ортасы жатады.
Е-үкiметтiң бiрыңғай сәулетiн құру мақсатында e-үкiмет инфрақұрылымының
базалық құрамдас бөлiгін қалыптастыру бойынша техникалық тапсырма
әзiрленетiн болады.
Ведомствоаралық ақпараттық жүйелердiң техникалық құралдары мен ведомстволық
ақпараттық жүйелердiң резервтiк орталықтарын орналастыру үшін серверлiк
орталық ғимаратын салу аяқталады және оны технологиялық жарақтандыру жүзеге
асырылатын болады.
5.4.1. Е-үкiметтiң порталы мен шлюзiн қалыптастыру
E-үкiметтiң тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету мемлекеттiк органдар
ақпараттық жүйелерiнiң e-үкiмет порталы және шлюзiмен өзара iс-қимыл
ықпалдасуын талап етедi. Бұл ретте, ықпалдастырудың негiзгi байланыстырушы
элементi деректер алмасу кезiнде хабарламалардың әмбебап коммуникативтiк
форматы болып табылады.
Аталған өзара iс-қимыл шеңберiндегi портал e-қызмет көрсетулерiнiң
жеткiзушілерi мен тұтынушылары арасында ақпарат алмасудың зияткерлiк
байланыстырушы бөлiгi болып табылады.
Порталдың интерфейстiк бөлiгiн құру "бiр терезе" принципiне негiзделетiн
болады, ол e-қызмет көрсетулердi ұсынатын бiрыңғай интерфейстi, ыңғайлы
навигацияны және барлық қолжетiмдi ақпараттық pecуpcтap бойынша iздеу
тетiктерiн қамтамасыз етедi.
Электрондық құжаттар түрiнде e-үкiмет жүйелерiнде айналымда болатын
хабарламаларды бiрегейлендiрудi қамтамасыз ету мақсатында хабарламаларды
ресiмдеу мен өңдеудiң бiрыңғай ережелерi әзiрленетiн болады.
Осы хабарламалардың тұтастығы мен сақталуы оларды орталықтандырылған
мұрағаттандыру, сондай-ақ резервтiк жабдықтарды пайдалану есебiнен
қамтамасыз етiлетiн болады.
Мемлекеттiк органдардың жаңа әзiрленiп жатқан және қолданыстағы
интеграцияланатын ақпараттық жүйелерiнiң коммуникативтiк форматтағы
хабарламалармен алмасудың стандартты тетiктерi пайдаланылып құрылған
ықпалдардың интерфейстерi болуы керек немесе солармен толықтырылуға тиiс.
Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерiнiң ықпалдасуы мен өзара iс-
қимыл қамтамасыз ететін "үкiметтік шлюз" ақпараттық-технологиялық жүйесiн
iске асыру жүзеге асырылатын болады.
Қазақстан Республикасының ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерiнiң
мемлекеттiк тiркелiмiн дамыту шеңберiнде Қазақстан Республикасындағы e-
қызмет көрсетулердiң бiрыңғай тiзілiмi жасалады, сондай-ақ тиiстi
бағдарламалық қамтамасыз етудiң қажетті пысықтамалары жүргізiлетiн болады.
Жалпымемлекеттiк жiктеуiштер мен анықтамалықтарды жүргiзу жүйесi құрылып,
одан әрi дамытылатын болады.
Мемлекеттік органдардың e-қызмет көрсетулерiнiң дайын болуына қарай оларды
e-үкiметтiң порталы арқылы жүйелi түрде iске қосу жүзеге асырылады.
5.4.2. Банк жүйесiмен өзара іс-қимыл үшiн
"төлем шлюзiн" қалыптастыру
E-қызмет көрсетулердi пайдаланушылардың түрлi банктiк төлем жүйелерiне
бiрегейлендiрiлген қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында төлеушiге
банктi таңдау және деректер берудiң ашық желiсi арқылы қорғанған
электрондық төлемдердi жүзеге асыру мүмкiндiгiн беретiн "төлем шлюзi" iске
асырылатын болады. Өзара iс-қимылдың мұндай тете заңды тұлғалар үшiн де,
жеке тұлғалар үшiн де банк жүйесiнде e-банкингтi жеделдетiп дамытуды талап
етедi.
E-банкинг тетiгі арқылы электрондық төлемдердi жүзеге асыру үшiн e-қызмет
көрсетулердi пайдаланушылардың қажеттiлiктерiн қанағаттандыратын, неғұрлым
тиiмдi төлем аспабы микропроцессорлық технология негiзiндегi төлем
карточкасы болып табылады. Микропроцессорлық карточкалар технологиясы
екiншi деңгейдегi банктерде карт-шоттарға салынған сомалар шегiнде төлем
транзакцияларын ашық желiлер арқылы жүргiзудiң жеткiлiктi деңгейде сенiмдi
әрi қауiпсiз болуын қамтамасыз етедi.
Деректердi берудiң ашық желiлерiнен қорғалған банктiк желiлерге түсетiн
төлемдердi авторландыруға сұраныстар берудi жүзеге асыратын "төлем шлюзi"
(маршрутизатор) Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң "Ұлттық
процессингілiк орталығы" АҚ техникалық базасында iске асырылып, Қазақстан
Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жұмыс iстейтiн болады.
Екiншi деңгейдегi банктердегi өзара iс-қимыл ерiктi негiзде жүзеге
асырылатын болады.
Төлем карточкаларын пайдалана отырып Интернет арқылы мемлекеттiк
органдардың e-қызмет көрсетулерi бойынша электрондық төлемдердi жүзеге
асыру мiндетiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 2 шiлдедегi №
713 қаулысымен бекiтiлген Микропроцессорлық карточкалар негiзiнде Төлем
карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесiн дамыту бағдарламасы шеңберiнде
iске асыру орынды.
5.4.3. Ұлттық сәйкестендiру жүйесiн қалыптастыру
E-қызмет көрсетулердi тұтынушыларды сәйкестендiру мен дәлме-дәлдiкке
келтiру мiндеттерiн iске асыру е-үкiметтің инфрақұрылымын қалыптастырудың
негізгі бағыттарының бiрi болып табылады.
Мемлекеттік органдармен құқықтық қатынастарда азаматтар мен ұйымдарды
сәйкестендiрудiң бiрыңғай ережелерiнiң болмауы заңды тұлғаның тiркеу
нөмiрi, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi, әлеуметтiк жеке код және тағы
басқалары сияқты сәйкестендiрудiң өзiндiк тетiктерi бар ведомстволық
ақпараттық жүйелер құруға әкеп соқты.
Осындай қадамдардың салдарынан заңды тұлғалардың әдiлет, статистика, салық
органдарында бiрнеше рет тiркелу фактiлерi және бiрнеше тiркеу құжаттарының
болу қажеттiгi орын алды. Субъекттердiң тiркеу мәлiметтерiнiң өзгеруiн
қадағалап отыру уақытша фактордың әсерiнен, сондай-ақ әртүрлi тiркеу
органдарының арасында тиiмдi ақпараттық өзара iс-қимылдың болмауынан
күрделене түседi.
Аталған проблемаларды шешу үшiн жеке тұлғаларға сәйкестендiру нөмiрiн,
заңды тұлғалар мен жеке кәсiпкерлерге бизнес-сәйкестендiру нөмiрiн жинақтау
және беру негiзгі функциялары болып табылатын "Жеке тұлғалар" және "Заңды
тұлғалар" деген мемлекеттiк дерекқор құру жөніндегі бұған дейiн басталған
iс-шаралар аяқталатын болады.
Қазақстан Республикасының мекен-жай кеңiстiгiн бiрегейлендiру және мекен-
жайларды машиналық өңдеу мүмкiндiгiн қамтамасыз ету мақсатында әрбiр мекен-
жайға сәйкестендiру нөмiрi берiле отырып, бiрыңғай "Мекен-жай тiркелiмi"
құрылатын болады.
Аталған жүйелердi iске асыру субъектiлердi тiркеу рәсiмдерiн, көрсетiлетiн
e-қызмет көрсетулердiң атаулылығын, ақпараттық жүйелердi құру мен дамыту,
бiрыңғай сәйкестендiру нөмiрлерiн қолдану негiзiнде ведомстволық ақпараттық
жүйелер арасындағы өзара iс-қимылды жетiлдіру жөнiнде iс-шаралар
үйлестірудi жеңiлдету мақсатында жүзеге асырылады. Жеке және заңды
тұлғалардың сәйкестендiру (бизнес-сәйкестендiру) нөмiрлерi мен атаулы
ақпаратты қолдану саласында нормативтiк құқықтық базаға тиiсті өзгерiстер
енгiзiлетiн болады.
E-қызмет көрсетулердi тұтынушыларды дәлме-дәлдiкке келтiру тетiгiн құру
ақпарат алмасу кезiнде сенiмдi қарым-қатынастар тiзбегiнiң көмегiмен
электрондық цифрлық қол қою тетігiн пайдалануға мүмкiндiк беретiн ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz