Сөзжасамның тәсілдері


Сөзжасам
Сөзжасам орыс. словообразование - тіл білімінің жаңа мағыналы туынды сөздердің қалыптасуы мен мағыналық дамуын, жасалу тәсілдерін зерттейтін саласы. Зат не құбылыс туралы ұғым тілде таңбаланып, сөзжасамдық процесс негізінде атау ретінде танылады. Сөзжасамның зерттеу нысанына атаудың жасалуы, қалыптасуы, ұғымда қалыптасқан бейненің тілдік таңбасы, туынды сөздің жасалу сипаты, әдіс-тәсілдері, жаңа мағынаның ішкі құрылымы, т. б. жатады. Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі атаудың қалыптасуымен қатар, мағынаның дамуын, ұғым-мағына - атаудың кешенді бірлігін қарастырады.
Сөзжасамның тәсілдері:
Семантика-фонетика - кей дыбыстардың сәйкесуі нәтижесінде жаңа сөз жасау мүмкіндігі;
Семантикалық сөзжасамдық - сөз тұлғасы өзгермей-ақ, жаңа мағыналы туынды сөздің жасалуы;
Семантика-синтетикалық сөзжасамдық - негізге сөз тудырушы жұрнақтардың жалғануы арқылы екіншілік мағынаның туындауы;
Семантика-аналитикалық - негіздердің бірігуі, тіркесуі, қосарлануы арқылы ерекше мағыналы атау жасау қабілеті.
Бір-екі буынды сөздермен салыстырғанда, аналитикалық жолмен жасалған туынды атауларда (тұрақты тіркестерде) ұлттық танымның сипаты айқын көрінеді. Жалпы мағынаның жіктелуінен жеке мағына туындағанда, жалпының негізгі белгілік мәні жекеге көшеді де, атаудың номинативтік мағынасында сақталады. Атау заттың қасиет-белгісінің бар мәнін ашпайды, ерекше белгісін айқындайды. Жеке мағыналы атаулар өздерінің негізгі, өзек мағыналары арқылы жүйеленіп, бір семантикалық өрісті құрайды. Сөзжасамның жүйелілігі оның кешенді бірліктерінің болуымен байланысты. Сөзжасамның кешенді бірліктері мыналар: Сөзжасамдық тұлға, Сөзжасамдық ұя, Сөзжасамдық мағына, Сөзжасамдық үлгі, Сөзжасамдық қалып, Сөзжасамдық тізбек, Сөзжасамдық жұп, Сөзжасамдық саты, Сөзжасамдық тарам, Сөзжасамдық байланыс. Сөзжасамдық тұлғалардың бір-бірімен түрлі тәсілдер негізінде бірігуі, қосарлануы, жалғануының өзіндік ішкі заңдылығы болады, ол сөздердің синтагматикалық байланысу жүйесі негізінде іске асады. Әрбір Сөзжасамдық тұлға кез келген Сөзжасамдық тұлғамен жалғанып не қосарланып кете алмайды. Сөзжасамдық тұлғалардың жаңа мағына жасауы - күрделі процесс.
Туынды сөздің екінші мағынасы құрамындағы негіз сөздердің мағынасы арқылы жасалғанымен, оның мағынасы толық қамтылмайды, тек өзі таңбалайтын денотат не сигнификаттың белгісі мен қасиетіне қатысты семаны алып, метафоралану немесе ауыспалылық якифразеология мән алу арқылы өзінің ерекше семасын қалыптастырады. Туынды сөздің екіншілік мағынасы негіз сөздердің тура мағынасы не ауыспалы мағынасы арқылы метафоралануы мүмкін. Мысалы, ақ алмас, ақ бата, ақ пейіл, ақберен, аққұлақ, аққұман, ақорда, ақөлең, ақсауыт, ақ сүтін кешті, ақтабан шұбырынды, ақтұйғын, ақ тілек, т. б. туынды сөздердің мағыналары ақ сөзінің өзек семасы арқылы негізделіп, ауыспалы мәнге ие болған. Туынды сөздердің құрамындағы мағыналық реңді айқындау үшін олардыденотаттық (заттық), сигнификаттық (ұғымдық), коннатациялық (бейнелік) ұғымды білдіретін атаулар деп бөледі.
Фразеологизмдердің қалыптасуында ұлттық негіз басым, сөз тіркесінің жасалуында семантикалық негіз бар.
Сөзжасамдық база орыс. словообразовательная база - белглі бір тілдің сөзжасам жүйесінің негізіне жатқан құрылымдық-морфологиялық ерекшеліктердің жиынтығы.
Сөзжасамдық қосымша (жұрнақтар) орыс. словообразовательный аффикс - Қосымшалар.
Сөзжасамдық мағына орыс. словообразовательное значение - сөз тудырушы негіз бен сөз тудырушы жұрнақтың мағыналарының негізінде туған жаңа мағына. Мысалы: төрт түлік малдың бір түрін білдіретін қой сөзіне мамандықты, кәсіпті білдіретін -шы жұрнағы қосылып, жаңа мағынадағы қойшы сөзін тудырып тұр. Бұл арада негіз сөздің тірек болуымен туған сөзжасамдық мағынаның дәл сипатын анықтаушы қосымшалық мағына болып табылады.
Сөзжасамдық мотивация орыс. словообразовательная мотивация, орыс.
motivation - ниеттену, іздену, дәлелдеу
Сөзжасамдық негіз орыс. словообразовательная основа - туынды сөздердің жасалуына негіз болатын сөз. Бір сөзжасамдық ұяға кіретін түбірлес сөздердің өз ішінде бірнеше сөзжасам негізі болуы мүмкін. Мысалы: өкін сөзінен жасалған өкіну, өкініш, өкінішті, өкінішсіз, өкінген, өкінісу т. б. - бір ұядағы сөздер, бірақ олардың бәрі бірдей тікелей өкін сөзінен туып тұрған жок. Мысалы: өкінішті, өкінішсіз сөздерінің тікелей тудырушы негізі өкінемес, өкініш сөзі.
Сөзжасамдық талдау орыс. словообразовательный анализ - осы кунгі сөзжасам тұрғысынан сөз құрылымын, яғни сөзқұрамындағы
морфемалардың өзара байланысын, қарым-қатынасын аңықтау. Мысалы: көр- түбірінен шыққан көріктендіруі иілер сөзінің құрамында бірнеше сөз тудырушы негіз бар: көрік, көріктен, көріктендір, көріктендіру, көріктендіруші (-лер көптік жалғауы) . Осылардың әрқайсысы өзінен кейінгі туындыларға негіз болып тұр. Мәселен, көр- түбірінен көріктен сөзі тууы үшін, алдымен көрік сөзі жасалуы керек, көріктен дегендегі -тен жұрнағы бірден көр- түбіріне қосыла алмайды, басқалары да осылай. Сол сияқты уйытқы сөзінің тікелей тудырушы негізі уйы- түбірі емес, уйыт- туындысы, ал оның тудырушы негізі - уйы- түбірі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz