Мектепке дейінгі мекемелерде балалардың ойын әрекеті. Оның түрлері. оларды ұйымдастыру әрекеті


Жоспар
Кіріспе 1 - 2 бет
I. Негізгі бөлім. Мектепке дейінгі мекемелерде балалардың ойын әрекеті 3 - 5 бет
I. I. Балабақшадағы жүргізілетін ойындардың маңызы мен мазмұны 6 - 8 бет
I. II. Мектепке дейінгі мекемелерде балалардың ойын туралы зерттеген ғалымдар 9 - 10 бет
I. III. Балабақшада жас ерекшелігіне байланысты жүргізілетін ойын түрлері 11 - 13 бет
II. Бөлім. Ерте тас дәуіріндегі ойынның даму тарихы 14 - 16 бет
II. I. Мектепке дейінгі мекемелерде ойынның түрлері 17 - 23 бет
II. II. Мектепке дейінгі жасөспірім баланы тәрбиелеу мен дамыту ісіне байланысты мақсаттарды шешуде театрдың ерекше рөлі 24 - 28 бет
II. III. Мектепке дейінгі мекемелерде балалардың ойындарында көзделетін басты мақсат 29 - 30 бет
III. Қорытынды 31 - 32 бет
IV. Қосымша 33 - 35 бет
V. Пайдаланған әдебиеттер тізімі 36 бет
Кіріспе
«Бесіктен бағу көрмеген, өмірден қағу көрер», - дегендей
Егеменді еліміздің тәуелсіз Мемлекет мәртебесін алғаннан кейінгі негізгі мақсаттарының бірі жан-жақты дамыған, парасатты бүлдіршін тәрбиелеу. Ел Президентінің «Қазақстан - 2030» бағдарламасында біздің жас мемлекетіміз өсіп-жетіліп кемелденді, біздің балаларымызбен немерелеріміз онымен бірге ержетеді. Олар өз ұрпағының жауапты да, жігерлі, білім өрісі биік, денсаулығы мықты өкілдері болады - деген сенімді сөз бекер айтылмаған.
Бала тәрбиесі - күн сайын жүргізілетін тынымсыз процесс. Республикамызда қазіргі таңда бала тәрбиесіне үлкен көңіл бөлініп келеді. Еліме, жеріме деген сүйіспеншілік балабақшадан бастап қаланады. Қоғам талабына сай балабақшадағы тәрбиеші ой-өрісі жаңашыл, шығармашыл деңгейде қызмет атқара алатын, мәдениеті жоғары, ізденімпаз, нәзік психолог, тынымсыз еңбекқор, терең білімпаз, шеберліктің шыңына шыққан тәрбиеші болуы керек. Әрбір тәрбиеші бүгінгі күн талабына сай тәрбиенің мазмұнын, мақсатын, ғылымилығын, міндеттері мен қағидаларын қайта қарас-тырып, әр түрлі пайда беретін тәсілдерді пайдаланудың мәні жеке тұлға ретінде дамуына, жалпы азаматтық, ұлттық сана-сезімін қалыптастыруға міндеттіміз. Ал мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеудің басты құралы - ойын. Ойын балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын- балаларға ақыл-ой, дене шынықтыру және сұлулық тәрбие берудің маңызды құралы. Ойын айналадағыны танудың тәсілі. Балалардың өмірінде кездескен қиыншылықтарды жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады, логикалық ойлауын дамытады.
Ойынды ұйымдастыру тәрбиешіден көп ізденісті талап етеді, себебі бала білімді игереді, ақыл-ой қызметі дамиды, өзара қарым-қатынас жасайды, белгілі бір нәтижеге жетеді. Дұрыс ұйымдастырылған ойын үлкен жетіс-тіктер есігін ашады, бала еркін, қызығушылықпен ойнап қана қоймай ізденімпаздық, тап-қырлық т. б. сезім қабілеттерін қалыптастырады.
Мектепке дейінгі балалардың жан-жақты дамуы үшін ойынның ролі ерекше. Ойын - жалпы адамзат мәдениетінің бірегей феномені, оның қайнар көзі мен шыңы. Мәдениет феномені ретінде ойын оқытады, дамытады, тәрбиелейді, әлеуметтендіреді, көңіл көтертеді, дем алдырады, сонымен қатар, ол сықақтап, күлдіріп, кез-келген әлеуметтік мәртебенің шартты екендігін көрсетеді Мектепке дейінгі мекемелерде адамгершілік тәрбиесі тәрбиелеу және білім беру үрдісінде әр түрлі іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Ұлы педагог В. Сухомлинский «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз, қиялсыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды» дейді, демек, шәкірттің ақыл-ойы, парасаты ұлттық салт-сананы сіңіру арқылы байи түспек. Фольклортанушы ғалым Ә. Диваев «Қазақ балаларының ойындары» деген еңбегінде адамның жас ерекшелігін үш топқа бөледі: «…өмірге келгеннен бастап жеті жасқа дейінгі бала, жеті жастан он бес жасқа дейінгі балалар, он бес пен жиырма жас аралығындағы жастар…». Осының негізінде қазақтың ұлттық ойындарын үш топқа бөліп қарастырып, бірінші топқа, сол жастағыларға лайықты: «санамақ, тәй-тәй, айгөлек, соқыр теке, қуырмаш, алақан соқпақ, ақ серек-көк серек» т. б. ойындарын, ал одан кейінгі топқа: «тақия тастамақ, тартыс, сиқырлы қоржын, бәйге, көкпар, асық, хан талапай, теңге алу, қыз қуу, орамал тастамақ, ақсүйек, күрес» т. б. ойындарын жатқызуға болады. Мұндай ойындар баланы тез ойлауға, тапқырлыққа баулып, жаңа тақырыптарды жылдам меңгеруге ықпал етеді, сөз тіркесіне, ұйқастыруға дағдыландырады. Олармен ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерді тәрбиелеуге болады. Ал балаларды қоршаған ортамен таныстыру, тіл дамыту, табиғатпен таныстыру, бейнелеу өнері сабақтарында өлі-тірі табиғатқа деген сүйіспеншілік, үлкендердің еңбегіне қызығу мен сыйластық сияқты адамгершілік сапалары қалыптастырылады Ойын бала үшін - нағыз өмір. Егер тәрбиеші ойынды ақылмен ұйымдастырса, ол балаларға ықпал жасауға мүмкіндік алады. А. П. Усова былай деп атап көрсетті: «Балалардың өмірі мен іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру - оларды тәрбиелеу деген сөз. Тәрбиенің тиімді процесі ойын және ойынның өзара қарым-қатынастары формаларында жүзеге асырылатын себебі сол, бала мұнда өмір сүруді үйренбейді, өз өмірімен тіршілік етеді». Ойынды балалар өмірін ұйымдастырудың формасы ретінде пайдалана отырып алдымен солардың ортақ мүддесін бағыттап және дамытып отыру, балалар ұжымын топтастыруға күш салу керек. А. С. Макаренко ойынның балалар өмірін ұйымдастырудағы ролін жоғары бағалай келіп, тәрбиешінің ролі туралы былай деп жазды: «Мен де педагог ретінде олармен аздап ойнауға тиіспін. Егер мен тек қана үйретіп, талап етіп, айтқанымды істетіп тұрсам, онда мен, бәлкім, пайдалы, бірақ жақындығы жоқ бөгде күш қана боламын. Мен міндетті түрде аздап ойнауға тиіспін және мен өзімнің барлық әріптестерімнен осыны талап еттім». Ойнамайтын бала жоқ. Ойынға қызықпайтын адам жоқ. Көңiл көтермейтiн адам, сауық құрмайтын халық жоқ. Үлкен де, кiшi де ойнап көңiл көтередi, бiр нәрсеге берiле қызығады, әр жетiстiктен қанағат табады. Ал қызығу, қуану, қанағаттану - өмiрдi тамашалаудың көрiнiсi немесе өмiрде сауық құрудың нышаны. Ойын-сауыққа үлкен-кiшiнiң бәрi де әуес. Айтпағымыз, өмiр кейде ойын-сауыққа ұқсас, ойын-сауықсыз адамның өмiрiн көз алдыңа елестете алмайсың. Ойынның тарихы тереңде, көне дәуiрден басталады. Оның қалыптасу кезеңдерi мен тарихы өз алдына әңгiме. Ойын халықтың өмiр сүру салтынан, өмiр сүру үшiн күресiнен туындаған қажеттiлiктiң бiрi. Ойын-сауық еңбектiң мазмұны мен құралына орай түрленген, жетiлген. Қазақ - ойын-сауықшыл халық. Бүгiнде қазақтың 100 ден аса ойын түрлерi мәлiм. Қазақ "баланы жастан” дегенде, ойын-сауық арқылы жасөспiрiммен тәрбиелiк жұмысты ертерек және жас ерекшелiктерiне қарай жүргiзудi пайымдайды.
I. Негізгі бөлім. Мектепке дейінгі мекемелерде балалардың ойын әрекеті
Ойын- бала әрекетінің негізгі түрі. Ойын арқылы балалар қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады. Бала ойынында да қоғамдық, ұжымдық сипат болады. Мәселен, кез- келген бала еш уақытта жалғыз ойнамайды, қатар құрбыларымен бірлесіп ойнайды, сол арқылы бала бір- бірімен өзара қарым- қатынас жасайды. Ойын балалар үшін айналадағыны танып, білу тәсілі. Балалар ойындарының тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А. С. Макаренко былай жазады: «Бала ойында қалай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан ұқсас болады. Сондықтан келешек қайраткер азаматты тәрбиелеу алдымен ойыннан басталады». Ойынның негізгі ерекшелігі - ол балалардың қоршаған ортаны - адамдардың қимылын, іс- әрекеттерін, олардың бала қимылынан туған жағдайдағы қарым- қатынасын бейнелеуі болып табылады. Ойында бөлме, теңіз де, ұшақ та, темір жол вагоны да болуы мүмкін. Балалар үн- түнсіз ойнамайды, жүреді. Ойын процесінде сөйлесу қарым- қатынасы үлкен роль атқарады. Сөйлесе жүріп, балалар пікірлесіп, әсер алысады, ойынның түпкі ниеті, сюжеті немес мазмұнын анықтайды. Ойынның негізгі құрылымдық элементтері мыналар: ойынныі түпкі ниеті, сюжеті немесе мазмұны, ойын әрекеттері, рольдер, ойынның өзінен туатын және балалар жасайтын немесе ересектер ұсынатын ойын ережесі.
Ойынның түпкі ниеті- бұл балалардың нені және қалай ойнайтынының жалпы анықтамасы. Мысалы, «Дүкен», «Аурухана», «Ұшақтар», «Отбасы», «Бала бақшасы» және т. с. с болып ойнайды.
Ойынның сюжеті, мазмұны- бұл оның жанды тұлғасын құрайтын, ойын әрекеттерінің, балалардың өзара қарым- қатынастарының дамуын, көпжақтылығын және өзара байланысын анықтайтын нәрсе Ойынның мазмұны оның қызықты етеді, ойнауға ықылас пен ынтаны қоздырады. Ойын процесінде балалардың өздері ойнаушылардың мінез- қүлқы мен өзара қарым- қатынасын анықтайды және реттейтін ереже белгілейді. Ойын бала үшін нағыз өмір. Егер тәрбиеші ойынды ақылмен ұйымдастырса, ол балаларға ықпал жасауға мүмкіндік алады. Тәрбиеші балаларға жақын болуға, олардың ойындарының сүйікті қатысушысы болуға тиіс. Ойынның мазмұны мен ережесін, өзінің ойындағы ролін пайдаланып, ойнаушылардың ынтасын басып тастамай, әдеппен ойынның барысын, олардың өзара қарым- қатысын бағыттап отырады. Өзі де сол рольге қатыса алады. Ойынның көп уақыты серуенде өтеді. Сондықтан, аулада арнаулы құрылыстар, ғимараттар (кемелер, автобустар), көптеген құрылыс материалдары- күректер, доптар, секіргіштер болуға тиіс. Ойын сонымен бірге оқу үстіндегі оқытумен де тығыз байланысты. Ойын ешқашанда өзінің қызығушылығын жоғалтпайды, тек оның мазмұны, сипаты өзгереді.
Рольді ойын элементтері сәбилік шақта пайда болып, дами бастайтындығын біз айтып өткенбіз. Рольді ойындарда балалар үлкендермен бірге болуға тырысып, ерекше ойын түрінде ересектердің өзара қарым-қатынастары мен еңбектегі қызметін еске түсіреді.
Мектепке дейінгі шақта ойын іс-әрекеттің басты түріне айналады, алайда бұл қазіргі баланың, әдетте, көп уақытын өзіне қызғылықты ойындармен өткізетіндігінен емес, ойын баланың психикасында сапалық өзгерістер туғызатындығынан болады.
Мәселен, қолына түскен затпен қимылдар жасағанда немесе үлкендердің үйреткендерін орындағанда әсіресе, шынайы заттармен емес, ойыншықтармен орындалса бала ойнап отыр деп жиі айтамыз. Бірақ бір әрекетімен екінші бір әрекетті, бір затпен екінші бір затпен бейнелегенде ғана нағыз ойын болады. Ойын әрекеті белгілік сипатта өтеді. Тек ойында ғана бала санасында белгілік функция қалыптасатындығы неғұрлым айқын байқалады. Белгілік функцияның ойын үстінде көрінуінің өз ерекшеліктері бар. Заттар мен ойын балаларының ұқсастығы, мәселен суреттің бейнеленген болмысқа, (шындыққа) ұқсастығы әлдеқайда төмен болады. Әйтсе де ойындық алмастырғыштар балама затпен әрекет жасағандай дәрежеде олармен әрекет жасауға мүмкіндік беруге тиіс. Сондықтан бала таңдап алынған заттың баламасына өзінше ат беріп және оған белгілі бір тән қасиеттерді таңа отырып, оның да кейбір ерекшеліктерін ескертеді. Мектеп жасына дейінгі бала негізгі заттың баламаларын таңдағанда олардың нақты шынайы қарым- қатынастарын негізге алады. Мысалы, шырпы талы - қонжық, тұтас талы- кірекей, шырпы қорабы- қонжықтың төсек- орны болатындығына ол бірден келіседі. Бірақ, қораптың- қонжық, шырпы талы оның төсек орны болуы керек деген шешімге ол мүлде келіспейді. Бала бұған: «Бұлай болмайды», - деп жауап береді.
Мектеп жасына дейінгі бала ойын іс- әрекетінде заттарды ажыратып қана қоймай, сонымен қатар өзіне қандай да бір рольді алады да, сол рольге сәйкес іс- әрекет жасай бастайды. Бала өзін аттың немесе қорқынышты аңның орнына қоя тұрса да, көбіне ол ересек адамдарды: анасын, тәрбиешісін, ұшқышты, шоферді бейнелейді. Балаға ойын іс- әрекеті процесінде адамдар арасындағы қарым- қатынасты, олардың құқықтары мен міндеттері біртіндеп ашыла түседі.
Айналасындағыларға қатысты міндеттер- баланың өз басына алған рольді орындау қажет екендігін сезгендігі. Өзге балалар одан өзіне алған ролін дұрыс орындауды күтеді және талап етеді. Мысалы, сатып алушының ролінде бала өзінің алғандары үшін ақша төлемей кетуге болмайтындығын түсінеді. Дәрігердің ролі оны шыдамды болуға және ауруға талап қоя отырып, бала ойынға қатысушылардың ролін орындайтын басқалардың да құқықтарына ие болады. Мәселен, сатып алушының роліндегі бала өзіне ойыншықтар сөресінде бар кез келген товарды жіберуді талап етуге және басқа сатып алушыларға жасалатындай қатынасты талап етуге құқықтары бар. Дәрігер өзіне құрмет пен сенімділік қарым- қатынасты, өзі берген нұсқауларды емделушілердің орындауларын талап етуге құқықтары бар. Сюжетті ойынның мәні рольді орындаушының өзіне қойылған міндеттерді орындауы мен ойынға қатысушы өзгелерге де қатысты құқықтарды іске асыру болып табылады.
Балалар өздерінің рольді ойындарында айналасындағы шындықтың көп жақтылығын көрсетеді. Олар үй тұрмысынан, үлкендердің еңбектегі іс- әрекеті мен олардың еңбектегі қарым- қатынастарынан көріністер көрсетіп, замана оқиғаларын (космостық ұшулар, арктикалық экспедициялар) және басқаларды бейнелейді. Балалар ойындарында көрсетілетін шындық рольді ойындардың сюжеті болады. Балалар араласатын өмір ауқымы неғұрлым кең болса ойын сюжеті соғұрлым кең де сан алуан келеді Сондықтан да мектепке дейінгі кішкентайлардың ойын сюжеттері шағын, ал мектепке дейінгі ересектердің ойын сюжеттері өте сан алуан. Бес-алты жастағы балалар қонақтар, қызы мен анасы, балабақша ойындарын ғана емес, колхоз, өмірі, көпір салу, космос кораблін ұшыру сияқты ойындарды да ойнайды.
Ойын сюжетінің әр алуандылығы артқан сайын ойын уақытының ұзақтығы да артады. Мәселен, үш- төрт жастағы балалар ойынынң ұзақтығы бар болғаны 10-15 минут болса, төрт- бес жастағы балалар ойынының ұзақтығы 40-45 минутқа, мектепке дейінгі ересектерінің бірнеше сағатқа, тіпті бірнеше күнге созіла береді.
Балалар ойынынң кейбір сюжеттері мектепке дейінгі кішкентайларда да, ересектерінде де қызы мен анасы, балабақша ойындары кездеседі. Бірақ ойын сюжеттері мектепке дейінгі жастағы балалардың бәріне ортақ болғанымен ойындардың ойналу сипаты түрліше: бір тақырып төңірегінің өзінде мектепке дейінгі ересектер ойыны кішкентайлар ойынына қарағанда анағұрлым алуан түрлі. Әрбір жасқа ортақ сюжет төңірегінде болмысты түрлі жақтарынан көрсете білу тән. Мәселен, челюскиншілер болып ойнауда балалар дамуының түрлі сатыларын байқауға болады. Сәбилер үшін бұл ойынның ең түйінді жері- мұзжарғышпен жүзу. Жас сатысы жоғары болғанда бірінші орынға полярлық эпопеяға қатысушылардың сыртқы әлеуметтік қарым- қатынастары мен әлеуметтік сатысы (кімнің жолы үлкен), капитанның, машинистің, радистің тағы басқаларының мінез- құлық ережелері шығады. Ақырында, моральдық, асқақ сезім түріндегі ішкі әлеуметтік қарым- қатынастардың бәрі өзекті мәселеге айналады. Ұқсас ойындарды балалар кез келген жаста ойнай береді, бірақ түрліше ойнайды.
Сонымен, сюжетке нұсқау ойынды толықтай сипаттамайды. Сюжетпен қатар, рольді ойынның мазмұнын да ажырату қажет. Ересектер іс- әрекетінен бала нені негізгі сәт деп бөліп көрсетсе, ойынның мазмұны сол болып табылады. Әр түрлі жастағы балалар тобы ортақ сюжетті ойынға түрліше мазмұн береді. Айталық, кішкентайлар ересектердің қандай да бір істерін еске түсіре отырып, тек белгілі бір заттармен белгілі бір қимылды әлденеше рет қайталайды. Заттар арқылы үлкен адамдардың шынайы істерін қайталап көрсету мектепке дейінгі кішкентайлар ойынының негізгі мазмұны болып табылады. Мысалы, сәбилер түскі тамақ ішу ойынын ойнағанда қандай да бір қимылды бірнеше рет қайталай отырып, нан тіледі, ботқа пісіреді, ыдыс- аяқ жуады.
I. I. Балабақшадағы жүргізілетін ойындардың маңызы мен мазмұны
Ойындар мазмұнына қарай, өзіне тәне ерекшеліктеріне қарай сюжетті- рольді, драматизациялық, дидактикалық құрылыс ойындары, қимылды ойындар, ұлттық ойындар облып бөлінеді.
Сюжетті- рольді ойындар мектепке дейінгі балалар өмірінде елеулі орын алады. Сюжетті- рольді ойындардың ерекшелігі сол, оны балалардың өздері жасайды. Ойынның дербес әрекеті айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар ұзақ та, қысқа да болуы мүмкін. Сюжетті рольді ойында бейнелеу құралы роль мен ойын әректтері болвп табылады. Өзінің сипаты жағынан бұлар көбінесе еліктеу, шындықты көрсету болып табылады. Мысалы, «Дүкен» ойынын ойнағанда балалар сатушы мен сатып алушының әректтеріне, ал «Аурухан» болвп ойнағанда дәрігер мен науқастың әрекеттеріне еліктейді. Педагог өткізілегн ойынға талдау жасап, оның балаларға тигізген тәрбиелік ықпалын бағалауға, өз тобындағы сюжетті- рольді ойындарына әрі басшылық ету тәсілдерін ойластыруғв тиіс.
Драматизациялық ойындарда мазмұн, рольдре, ойын әрекеттері қандай да бір әдеби шығарманың, ертегінің, т. б. сюжеті мен мазмұнына шарттас болады. Ол сюжетті- рольді ойынғ ұқсас. Драматизация ойынында балаға қандай болсын айқын тәсіл көрсетпеу керек. Ол үшін ойынның шын мәнінде ойын болғаны дұрыс.
Ойын дүниеге ашылған үлкен жарық терезе іспетті. Ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Адамды өжеттікке, батылдыққа, шапшаңдыққа, ептілікке, тапқырлыққа, байсалдылыққа үйрететін осы- ойын. Баланың ойнайтын алғашқы ойындары - бұл заттық ойын. Басқаша түсіндірсек, бұл затты игеру. Сіз балаға беретін ойыншықтар арасында қуыршақ та, аю да ұсақ ойыншықтар да болады. Бастапқыда балалар ойыншықтарға басқа заттарға қарағандай қарайды, яғни олар үшін ойыншықтардың басқа заттардан айырмасы жоқ. Екі жасқа толғанда олардың ойыншықтармен ойнауы елеусіз болады. Бір жарым жастан бастап үлкендер көрсеткен әрекеттермен қатар өзі бақылаған әрекеттерді де жасай бастайды. Олар жасанады, таранады, қуыршақты құшақтайды, оны сүйеді- бұл рольдік ойын.
Бір жарым жастан кейін балалар көмекші, ойын басушы ойындарын ойнай бастайды. Осы аралақта балалар өзін үлкен адамдарша сезініп, нақты әрекет жасай бастайды. Бұл мектеп жасына дейінгі балалардың ойын әрекеті дамуының негізгі кезеңдері. Осыдан келе балалар мектеп келгенде спорттық ойындарға әуестігі артады. Олар футбол, волейбол, қалашық ойындарын ойнай алады. .
Халқымыздың ұлы перзенттерінің бірі, заманымыздың аса көрнекті жазушысы М. О. Әуезов: «Біздің халқымыздың өмір кешкен ұзақ жылдарында, өздері қызықтаған алуан өнері бар ғой. Ойын деген, менің түсінуімше, көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір ерекше мағыналары болған» деп тегіннен тегін айтпаса керек. Мұхтар Омарханұлының бұл пікірі теориялық қағидаларға ғана сүйеніп айтылмаған, өзі өмір сүрген ортасының шындығынан және Семей қаласында тұңғыш отау көтерген «Ярыш» атты футбол командасының құрамында ойнаған белсенді өмір тәжірибесінен шығарған қорытындысы деп білеміз. Ұлттық ойындар біздің көз алдымызға тап осы суреттерді елестеді. Қазақ халқының ұлттық ойындары өте ертеде туып, оның тұрмыс жағдайларына үйлесімді жасағандай әсер етеді. Қазақ халқының тарихи көне жырларының эпостары мен лиро эпостарының қай- қайсысын алып қарасақ та, олардың өн бойынан халықтың ұлттық ойындарының әдет- ғұрып салттарының алуан түрлерін кездестіреміз.
Балалар ойыны айналадағы дүниенің айнасы іспеттес. Ойын қоғам өмірінің жағдайларымен тікелей байланысты болады. Оның бала өміріндегі орны, формасы және мазмұны ересек адамдардың тұрмыстық күйімен, еңбек формасымен және мазмұнымен салыстырыла, жанама түрде айқындалады. Осыған орай балалар ойынының тәжірибе артықшылығы үшін, көрсетуде, өмір жолын жаңа бастаған жас ұрпақтың бойына дағдыны, тәрбие ережесін дарытуда белгілі бір мәні бар.
Совет педагогикасы мен психологиясының теориясы ойынды баланың дербес белсенділігін айналадағы дүниемен араласуы дүниені, өзін тануының, өзінің көп қырлы мүмкіндіктерін сынап көруінің алғашқы бір көрінісі деп қарайды. .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz