Педагогикалық практикаға есеп беру


Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Философия және саясаттану факультеті

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКАҒА ЕСЕП БЕРУ

Орындаған:

Философия және ғылым методологиясы кафедрасының

МКЛқ- 03 тобы ІІ курс магистранты Астаубаева

Äûáûñòûº ºàòàð:

Äûáûñòûº ºàòàð

:
Äûáûñòûº ºàòàð: Àóäèî ºàòàð
:
Äûáûñòûº ºàòàð:
:

Тексерген:

Педагогикалық практика жетекшісі

ф. ғ. к. аға оқ. Бейсенов Б. Қ.

Алматы - 2004ж

ХАТТАМА

Сынақ сабақтарын талқылау

Негізгі мағлұматтар :

Өткізу уақыты: 29 қазан 2004 жылы сағ: 08:30

Өткізу орны: ҚазҰУ философия және саясаттану факультетті

Сабақтың формасы: Дәрістік

Магистрант : Жүзей Мырзахмет Аманқұлұлы

Аудитория (факультет, курс, студенттер саны) философия және саясаттану факультеті 3 курс, 7 студент, Дінтану тобы 208 аудитория.

Сабақтың тақырыбы: “ Исламда неке”

1. Өз-өзіне есеп беру

Өз-өзін анализдеудің қысқаша мазмұны: Практика жетекшісінің көмегімен осы лекцияға жан-жақты дайындалдым. Осы практикада қолданған іс-тәжірибем алда керек болады және көмектеседі деп ойлаймын, өткізілген сабақ алдына қойылған талаптарға сай мақсатына жетті деп ойлаймын.

2. Коммиссияның бағалауы

А) Жағымды жақтарын бекіту

Сабақ мазмұны жағынан түсінікті баяндалды. Магистрант лекцияны мазмұнды, ғылыми материалдармен байланыстыра өткізді. Оқытушы магистрант ретінде студенттермен араласа отырып сабақты қызықты әрі

тартымды өткізді.

Б) Негізгі ескертпелер

Б. 1) Мақсатқа сүйену, жоспар, мотивация: Дәріс сабағының тақырыбының алдында өткен сабақ тақырыбымен байланыс барын атап өту қажет.

Б. 2) Негізгі мазмұны (жүйелігі, логикалығы, мақсат пен жоспар байланысы және т. б. )

Жаңа тақырыпқа байланысты сұрақтар қойып, негізгі сұрақтарға қортынды жасалды

Б. 3) Лекция оқудың техникасы (жүргізу, мәтінге байлаулығы, танымдық іс-әрекеттерге белсенділігі, аудиторияға иемденуі және т. б. ) : Дәрістік материал аудиторияға сапалы және анық жеткізілді. Бірақта студенттердің басқа пәндерден алған білімдерін көбірек пайдаланған жөн.

Б. 4) Студенттердің іс-әрекеттері(белсенділігі, кері байланыс және т. б) : Аудиториямен байланыс барлық дәріс сабағының барысында байқалды. Студенттердің сұрақтарына білімді және нақты жауап бере білді. Студенттерді қызықтыру үшін берілген теориялық материалдарды көркем түрде көрсеткен жөн.

3. Коммиссияның қорытындылауы: Жалпы қортындыласақ Жүзей Мырзахметтің «Исламда неқеі» тақырыбына жүргізген ашық дәріс сабағы түсінікті жоғарғы оқу орнына сай дәрежеде өтті. Магистрант аудиториямен жұмыс жасауға дайын. Өткізілген ашық дәріс сабағын коммиссия « » бағаға бағалайды.

Педагогика кафедрасының оқытушысы п. ғ. к. доц: Тұрсынова . А. Б.

Педагогикалық практика жетекшісі ф. ғ. к. аға оқ: Бейсенов Б. Қ.

Психология кафедрасының оқытушысы п. ғ. к. доц: Ахтаева Н. С.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің философия және саясаттану факультетінің

2 курс магистранты Жүзей Мырзахмет Аманқұлұлының педагогикалық практика уақытында жүргізген жұмыстарының нәтижесін

БАҒАЛАУ.

Магистрант Жүзей Мырзахмет Жоғарғы мектеп педагогикалық практикасын Философия және ғылым методологиясы кафедрасында 25/09/04-14/12/04 аралығында өтті.

Практика уақытысында Жүзей Мырзахмет кафедра мұғалімдерінің лекциялық, семинарлық сабақтарына қатысып, сабақтың өту әдістерімен, түрлерімен танысты. Қатысқан сабақтары талданды.

Жүзей Мырзахмет практика уақытында 6 сабақ өткізді, олардың үшеуі лекция, үшеуі семинар сабақтар. Әрбір сабаққа дайындықпен келіп, сабақтан кейін практика жетекшісімен талданып отырды. Кемшіліктер келесі сабақтарда азайып, сабақ өтілу деңгейі бірте-бірте жақсарды.

Күнделікті уақытылы толтырып отырды.

Педагогикалық практика уақытысындағы жұмыстарына қарап Жүзей Мырзахметке мынандай « » баға берілді.

Философия және ғылым методологиясы

кафедрасының меңгерушісі ф. ғ. д. проф: Орынбеков М. С.

Практика жетекшісі ф. ғ. к. аға оқытушы: Бейсенов Б. Қ.

Педагогика кафедрасының оқытушысы п. ғ. к. доц: Тұрсынова А. Б.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия және саясаттану факультетінің 3 курс студенттері дінтану бөлімінің

Мінездемесі

Топ дінтану мамандығы бойынша білім алып жатыр. Бұл топта 7 студент бар. Студентердің жастары 19-26 аралығында, жас аралықтары біршама болса да студенттер өз-ара жақсы қарым-қатынаста, сонымен қоса бір-бірімен жақсы тіл табыса алады. Ал топтың білім деңгейі жақсы және тәрбиелі жан ұядан шыққандары көрініп тұр. Топтың 70% жуығы 4-5 ке оқиды. Студенттер ішінде семья құрғандары да бар. Осы студенттер мерекелік және спорттық іс-шараларға белсене қатысады. Студенттер ғылымға, білімге және қоғамдық жұмыстарға белсенді көңіл бөледі. Студенттер әрқашан көңілді және бір-біріне бауырмал, қиын сәттерде достарына көмек көрсете алады. Сабақтан тыс кездерінде театрға, киноға, тауға саяхатқа шығып тұрады.

Топ студенттері өздері арасында және оқытушылар арасында сыйлы және бір-бірімен сыйласа біледі.

Педагогика кафедрасының оқытушысы п. ғ. к. доц: Тұрсынова . А. Б.

Педагогикалық практика жетекшісі ф. ғ. к. аға оқ: Бейсенов Б. Қ.

Психология кафедрасының оқытушысы п. ғ. к. доц: Ахтаева Н. С.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің философия және саясаттану факультетінің ІІ курс магистранты Жүзей Мырзахметтің жоғарғы мектеп педагогикасында өткен практикасына берген

ЕСЕБІ

Педагогикалық практиканың өту мерзімі: 25. 09. 04 - 14. 12. 04

1. Педагогикалық практиканы философия және саясаттану факультетінің дінтану мамандығының 3 - курс бакалаврларына өттім. Топ 7 студенттен тұрады және топ студенттері практика барысында сабаққа тұрақты қатысып отырды. Жалпы топ мен өткізген сабақтар бойынша жақсы білімдерін көрсетіп, әр сабаққа белсенді қатысып отырды.

2. Мен практика уақытысында үш дәрістік және үш семинар сабақтарын өткіздім, олардың ішінде бір дәрістік сабақ ашық сабақ ретінде өтті. Әр сабақтың алдында практика жетекшісімен сабақты өткізу жолдарын талдадық, ал сабақтан кейін жетекші өз ескертулерін айтып, ақыл-кеңестерін берді. Нәтижеде практика соңына қарай менің сабақ беруім бастапқыға қарағанда әлдеқайда жақсарды.

3. Аудиториядан тыс жұмыстарым: Сабаққа үлгермей жүрген студенттермен сабақтан тыс жұмыс істедім, қосымша тапсырмалар берілді. Сондай-ақ кафедра мұғалімдерінің сабақтарына, профессорлардың лекциясына қатыстым. Мұғалімдердің сабақ беру әдістерімен жақын таныстым. Өткізілген сабақтар жоғарғы деңгейлі, ғылыми түрде берілді.

4. Тәрбие жұмыстары бойынша барлық дінтанушы магистрант-практиканттар факультетте “Рамазан айының қасиеттілігі” тақырыбында ҚМДБ-ның өкілімен өткіздік.

Келесі тәрбие жұмысымыз “Ислам өркениеті және мәдениеті” атты тақырыпта Иран Ислам Республикасының Мәдени орталығының өкілі мәдениеттанушы доктор Хайдар Ниомен кездесу өтті. Пікірталасқа факультет оқытушылары да қатысып, ой бөлісті.

5. Практика өту барысында үнемі психология және педагогика жетекшілерімен кездесіп отырдық. Бұл кездесулер арқылы өзімізге түсініксіз сұрақтарымызға жауап алдық және өтілетін сабақтарымызға қажетті нұсқаулар мен тапсырмалар алып отырдық.

  1. Жоғарғы мектепте педагогикалық практикадан өткенен кейін жоғарғы мектеп педагогы қандай болу керек деген сұраққа жауап бере аламын деп ойлаймын. Яғни жоғарғы мектеп мұғалімі өз пәні бойынша терең білімді студенттермен жеке және топпен жұмыс істей алатын, өз білімін студентке жеткізе білетін, өткізілген сабақтары аудиторияны қызықтыратын болу керек.

Педагогика кафедрасының оқытушысы п. ғ. к. доц: Тұрсынова . А. Б.

Педагогикалық практика жетекшісі ф. ғ. к. аға оқ: Бейсенов Б. Қ.

Магистрант: Жүзей М. А.

Әл-Фараби атындаы ҚазҰУ-нің философия және саясаттану

факультетінің ІІ курс магистранты Жүзей Мырзахметке

МІНЕЗДЕМЕ

Жүзей Мырзахмет 1998 жылдан 2002 дейін Халықаралық Қазақ Араб университетінде, дінтану және араб тілі факультетін аяқтады. 2003 жылы Әл-Фараби атындағы КазҰУ-дың философия және саясаттану факультетінің дінтану бөліміне түсіп қазіргі кезде осы университеттің магистратурасында оқиды.

Магистрант Жүзей Мырзахмет жоғарғы мектеп педагогикалық практикасын дінтану кафедрасында 25/09/04-14/12/04 аралығында өтті. Практика уақытысын Жүзей Мырзахмет жауапкершілікпен атқарды.

Жүзей Мырзахмет 3 дәрістік 3 семинар сабағын өткізді, әрбір сабаққа дайындықпен келіп үлкен жауапкершілігін көсетті, сабақтан кейін практика жетекшісімен өткізілген сабақ талданды. Магистрант Жүзей Мырзахмет сабақ беру барысында өзінің педагогикалық қабілеттерін байқатты. Факультетте магистранттар өз топтарымен тәрбие жұмыстарын жүргізді.

Магистрант Жүзей Мырзахмет педагогикалық практиканы барлық бағдарламаға сай жақсы орындады және кездескен қиындықтарды үнемі практика жетекшілерімен бөлісіп отырды. Жоғарғы мектеп педагогикалық педагогикасын Жүзей Мырзахмет сәтті аяқтады, өзіне берілген тапсырманы толық орындады.

Педагогика кафедрасының оқытушысы п. ғ. к. доц: Тұрсынова . А. Б.

Педагогикалық практика жетекшісі ф. ғ. к. аға оқ: Бейсенов Б. Қ.

Психология кафедрасының оқытушысы п. ғ. к. доц: Ахтаева Н. С.

Ғылыми жетекшісі, ф. ғ. д. проф: Орынбеков М. С

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің философия және саясаттану факультетінің ІІ курс магистранты Жүзей Мырзахметтің өткізген сабағына

Т А Л Д А У

Сабақтың тақырыбы:

« Исламда неке»

Мақсаты:

Ислам дініңдегі некелесу мәселесін жанжақты түсіндіру. Ислам дініндегі жанұя құру мәселесі, олардың негізгі шарттарын және алатын орны.

Қатысқандар:

Факультеттегі практика жетекшісі ф. ғ. к. аға оқытушы Бейсенов Б. Қ., психалогия кафедрасынан п. ғ. к. доц. Ахтаева Н. С., педагогика кафедрасынан п. ғ. к. доц. Тұрсынова А. Б., ІІ курс магистранттары: Абжалов С. Ө., Сандыбаев Ж., Сейтбеков С.

Лекция сабағы ІІІ курс бакалаврларына арналған Ислам антропологиясы пәнінің бағдарламасына сай өтілді.

Лекцияның басында Ислам дінінде жанұя құру туралы сөз қозғалды. Қазақстандағы бүгінгі күндегі Ислам дінінің шарттарына сай жанұя құруы мен қоса, ежелгі салт-дәстүрдің орны аталып, пайдалы жақтары айтылып өтті.

Лекцияның мақсатына сай алынған материалдар толық қамтылды.

Студенттер жағы белсенділік танытып, сұрақтар қойып отырды. Сабақ өз мақсатына жетті деуге болады.

Педагогика кафедрасының оқытушысы п. ғ. к. доц. Тұрсынова . А. Б.

Педагогикалық практика жетекшісі ф. ғ. к. аға оқ. Бейсенов Б. Қ.

Психология кафедрасының оқытушысы п. ғ. к. доц. Ахтаева Н. С.

Қатысқан магистранттар Сейтбеков С. С

Сандыбаев Ж. С

Абжалов С. У.

Философия және саясаттану факультетінің дінтану кафедрасының ІІ курс магистранты Жүзей Мырзахметтің педагогикалық практикасының

Жеке жоспары

Педагогикалық практиканың өту мерзімі 2004 жылдың 25-ші

қыркүйектен 14-ші желтоқсан аралығында

Орындалу

мерзімі

Істелінген жұмыс
: 1.
Орындалумерзімі:

1-ші апта

20. 09-25. 09

Істелінген жұмыс:

2-ші курс магистранттарының педагогикалық

практикасына арналған ұйымдастыру конферен-

циясына қатынасу, педагогикалық практиканың

жоспарын құру.

: 2.
Орындалумерзімі:

2-ші апта

27. 09-02. 10

Істелінген жұмыс: Мұғалімдер лекциясына, семинарларға қатысу.
: 3
Орындалумерзімі:

3-ші апта

04. 10-09. 10

Істелінген жұмыс:

Сабақтарға қатысу сабақтың формасымен танысу.

Алғашқы семинар сабақтарына дайындық жасау.

: 4
Орындалумерзімі:

4-ші апта

11. 10-16. 10

Істелінген жұмыс:

Лекцияларға жоспар құрып, аудиторияға сабақ

өткізу.

: 5
Орындалумерзімі:

5-ші апта

18. 10-23. 10

Істелінген жұмыс:

Келесі лекциялар мен семинарларға дайындық,

Басқа практиканттардың сабақтарына қатысу.

: 6
Орындалумерзімі:

6-шы апта

26. 10-30. 10

Істелінген жұмыс: Семинар сабағын дайындау және өткізу.
: 7
Орындалумерзімі: 7-ші апта 01. 11-07. 11
Істелінген жұмыс:

Кафедра оқытушыларының сабақтарына қатысу,

Лекция өткізу, ашық сабаққа дайындалу.

: 8
Орындалумерзімі:

8-ші апта

08. 11-13. 11

Істелінген жұмыс:

Ашық сабақ өткізу және оны талқылау.

Студенттермен қосымша жұмыс істеу.

: 9
Орындалумерзімі:

9-шы апта

15. 11-20. 11

Істелінген жұмыс:

Семинар сабағын өткізу, басқа магистранттардың

Ашық сабақтарына қатысу.

: 10
Орындалумерзімі:

10-шы апта

22. 11-27. 11

Істелінген жұмыс:

Студенттермен тәрбие жұмысын жүргізу, кеш

Ұйымдастыруға дайындық, сұхбат жасау.

: 11
Орындалумерзімі:

11-ші апта

29. 11-04. 12

Істелінген жұмыс: Педагогикалық практика қортындысына дайын-дық жасау.
: 12
Орындалумерзімі:

12-ші апта

06. 12-11. 12

Істелінген жұмыс: 2-ші курс магистранттарының педагогикалық практикасына арналған қортындылау конференциясына қатысу, педагогикалық практикадан кафедрада есеп беру.

Педагогика кафедрасының оқытушысы п. ғ. к. доц: Тұрсынова . А. Б.

Педагогикалық практика жетекшісі ф. ғ. к. аға оқ: Бейсенов Б. Қ.

Магистрант: Жүзей М. А.

Тәрбие сағатына хаттама

Өткізу уақыты: 14. 10. 2004 сағ. 13 00

Өткізу орны:

Философия және саясаттану факультеті. 203 ауд.

Тәрбие сағатының тақырыбы:

«Рамазан айының қасиеттілігі» (ҚМДБ өкілімен кездесу)

Тәрбие сағатының мазмұны:

«Рамазан айының қасиеттілігі» атты тәрбие сағаты ІІ курс дінтанушы магистранттарының ұйымдастыруымен өткізілді. Кездесу өткізуге байланысты хабарландырулар ілінді.

«Рамазан айының қасиеттілігі» атты тәрбие сағатында ҚМДБ-ның өкілі рамазан айының өзге айлардан ерекшелігін, осы айда Құранның түсуі, Қадыр түнінің қасиеттерін жан-жақты түсіндіріп, студенттердің сұрақтарына жауап берді. Бұл іс-шараға педагогика кафедрасының оқытушысы п. ғ. к. доц. Тұрсынова А. Б., ф. ғ. к. доц. Рысбекова Ш., ф. ғ. к. аға оқ. Бейсенов Б., п. ғ. к. доц. Ахтаева Н. С. қатысып, тәрбие сағатының соңында осы іс-шараға өз бағаларын берді. Бұл тәрбие сағаты өте жоғары деңгейде өтіп, қатысқан кісілер көптеген мәліметтерге ие болды.

Педагогика кафедрасының оқытушысы п. ғ. к. доц: Тұрсынова . А. Б.

Педагогикалық практика жетекшісі ф. ғ. к. аға оқ: Бейсенов Б. Қ.

Магистрант: Жүзей М. А.

Тәрбие сағатына хаттама

Өткізу уақыты: 19. 10. 2004 сағ. 13:00

Өткізу орны :

Философия және саясаттану факультеті. 208 ауд.

Тәрбие сағатының тақырыбы:

«Ислам өркениеті және мәдениеті»

(Иран Ислам республикасының мәдени орталығының бас маманы доктор Хайдар Нио мырза)

Тәрбие сағатының мазмұны:

«Ислам өркениеті және мәдениеті» атты тәрбие сағаты ІІ курс дінтанушы магистранттарының ұйымдастыруымен өткізілді. Кездесу өткізуге байланысты хабарландыру іс шаралары жүргізілді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дипломалды практика бағдарламасы
Өндірістік практика бағдарламасы
Университеттегі практика жетекшісінің бағалауы
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін үздіксіз педагогикалық практика арқылы даярлау
Озық педагогикалық тәжірибе және педагогика ғылымы жетістіктерін практикаға енгізу, педагогикалық инновацияның критерийлері
Жоғары оқу орынындағы студенттердің педагогикалық практикасы
СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІН ДАЙЫНДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Диссертация қорғау
Кәсіптік практиканы ұйымдастыру
Алгебра, геометрия және логиканың таңдаулы мәселелері пәнінен емтихан сұрақтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz