Сәбилік кезеңдегі балалардың психикалық дамуының теориялық негіздер
І Кіріспе ... ... ... ... 2
ІІ Негізгі бөлім
І. Сәбилік кезеңдегі балалардың психикалық дамуының теориялық негіздер
1.1. Сәбилік кезеңде баланы қоректендірудің негіздері ... ... ... ...3.9
1.2. Сәбидің психикалық дамуына гигиеналық әсері ... ... ... ... ... 10.14
1.3. Сәбидің дамуына бесіктің әсері ... ...15.20
ІІ. Сәбилік кезеңдегі балалардың психикалық дамуының әдістемелік негіздері
2.1. Баланың бір мен бір жарым жас арсындағы психикасының дамуы ... ..21.22
2.2 Баланың екі жастағы психикасының дамуы ... ... ... ... ... ... ... 23.24
2.3 Баланың үш жастағы психикасының дамуы ... ... ... ... ... ... ... 25.27
ІІІ Қорытынды ... ... 28
ІҮ Пайдаланған әдебиет ... ... ... ... ...29
Ү Қосымша ... ... ... ..30

Сәби жасының ерекшелігі 1-3 жасқа дейін сәбилік кезең деп аталады. Осы кезде баланың денесі де, психикасы да ерекше қарқынмен дамиды. Бала өмірінің алғашқы жылында өзінің денесінің мөлшері мен ғана емесорганикалық саналы өзгешіліктерімен сондай-ақ мінез құлықтарымен ерекшеленеді. Бала өмірінің алғашқы жылында басы біршама үлкен, кеудесі ұзын, аяғы қысқа болады. Осы кезде бұлшық еті де баяу дамиды. Сүйегінің көптеген бөлігі әлі шеміршек болады және оның сүйекке айналуы да кейінірек болады. Бала өмірінің алғашқы жылында жүрегі жылдам соғады. Жүрегінің жиырылу көлемі де шамалы болады. Қан қысымының көлемі үлкендермен салыстырғанда төмен болады. Қан тамыры белгілі бір ырғақпен соқпайды. Бала кеуде клеткасының және кең болуына байланысты олар үлкендерден 3 есе жылдам дем алады. Осы кезде бала организімі ерекше қарқынмен дамиды. Бірақта ішінің бұлшық еттері баяу жетіледі. Сондықтан да үлкендерге қарағанда ас қорыту организмінің жұмысы әлсіз болады.
1. Совет-хан Ғаббасов. «Педагогика мен психология негіздері» Алматы «Таймас» баспа үйі 2008ж .
2. Т.Чувакова. «Ата-аналарға жәрдемақы» Дені сау сәби журнал №5 2008ж.
3. Қ.Ж.Дүйсенова. «Балалар психологиясы» Түркістан 2009.
4. С.А.Мусаева, Т.Б.Бегалиева. «Жас ерекшелік педагогикасы» Астан-2006 «Фалиант» баспасы.
5. Ф.Жұмабекова. «Мектепке дейінгі педагогика» Алматы-2008 «Фалиант» баспасы.
6. А.В.Петровский. «Педагогикалық және жас ерекшелік психологиясы» Алматы «Мектеп» 1987

Жоспар
І Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .2
ІІ Негізгі бөлім
І. Сәбилік кезеңдегі балалардың психикалық дамуының теориялық негіздер
1.1. Сәбилік кезеңде баланы қоректендірудің негіздері ... ... ... ...3-9
1.2. Сәбидің психикалық дамуына гигиеналық әсері ... ... ... ... ... 10-14
1.3. Сәбидің дамуына бесіктің
әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..15-20
ІІ. Сәбилік кезеңдегі балалардың психикалық дамуының әдістемелік негіздері
2.1. Баланың бір мен бір жарым жас арсындағы психикасының
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ...21-22
2.2 Баланың екі жастағы психикасының дамуы ... ... ... ... ... ... ... 23 -
24
2.3 Баланың үш жастағы психикасының дамуы ... ... ... ... ... ... ... 25 -27
ІІІ
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...28
ІҮ Пайдаланған
әдебиет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
Ү
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...30
Кіріспе
Сәби жасының ерекшелігі 1-3 жасқа дейін сәбилік кезең деп аталады. Осы
кезде баланың денесі де, психикасы да ерекше қарқынмен дамиды. Бала
өмірінің алғашқы жылында өзінің денесінің мөлшері мен ғана емесорганикалық
саналы өзгешіліктерімен сондай-ақ мінез құлықтарымен ерекшеленеді. Бала
өмірінің алғашқы жылында басы біршама үлкен, кеудесі ұзын, аяғы қысқа
болады. Осы кезде бұлшық еті де баяу дамиды. Сүйегінің көптеген бөлігі әлі
шеміршек болады және оның сүйекке айналуы да кейінірек болады. Бала
өмірінің алғашқы жылында жүрегі жылдам соғады. Жүрегінің жиырылу көлемі де
шамалы болады. Қан қысымының көлемі үлкендермен салыстырғанда төмен болады.
Қан тамыры белгілі бір ырғақпен соқпайды. Бала кеуде клеткасының және кең
болуына байланысты олар үлкендерден 3 есе жылдам дем алады. Осы кезде бала
организімі ерекше қарқынмен дамиды. Бірақта ішінің бұлшық еттері баяу
жетіледі. Сондықтан да үлкендерге қарағанда ас қорыту организмінің жұмысы
әлсіз болады.
Бала өмірінің алғашқы жылында көбіне сұйық тамақпен тамақтанады.
Алғашқы жылы туғандағымен салыстырғанда бойы 1,5 салмағы 3 есе артады. Екі
жасқа келгенде салмағы 200-250 гр қосады. Бойы ай сайын 1см өсіп отырады.
Сүйек шеміршектері сүйекке айнала бастайды. Екі жасқа келгенде балаларда 20
сүт тісі болады. Бұлшық еттері дамиды. Тыныс алуы баяулап бірқалыпты
ырғаққа келеді.
2. Бір жастың соңында баланың бас миының салмағы 780-800 г болады.
Осы кезде ай сайын 30 грамнан қосылып отырады. Үш жаста миының салмағы 1100-
1200 дейін болады. Осыдан кейін мидың салмағының артуы баяулайды 7 жасқа
келгенде 1250 г болады.
8-9 жасқа келгенде 1300 г болады. 15 жасқа келгенде 1350 болады. 21
жасында мидың салмағының артуы тұрақталады.
Баланың жоғары жүйке жүйесінің алғашқы үш жылы бойында өте тез
дамиды. Дегенмен мұның да өзіндік ерекшелігі болады [3. 33-38б].
І. Сәбилік кезеңдегі балалардың психикалық дамуының теориялық негіздері.
1.1. Сәбилік кезеңде баланы қоректендірудің негіздері.
Ана сүті табиғи нәр. Ана сүті ең күшті де пәрменді нәр болып
табылады. Балаға тамақ беру уақытын тәрбиеден тыс деп түсіну, көп
жағдайларда үлкен қателіктерге ұрындырады. Қашан да табиғи құбылыстардың
да, табиғи заттардың да, тіршілікке тигізер пайдалы әсерлері мол болмақ.
Сондықтан да, әзірше адам баласы табиғи заттардан артылып, ештеңе де жасап
ала алған жоқ. Сол сияқты, нәрестенің қорегі үшін де ана сүтінен артық,
жасанды тағамдарды құнарлырақ деу қиын. Балаға омырау беру, екі жағына да
пайдалы әсер беретін құбылыс. Мәселен, нәрестесін емізу арқылы ана өзінің
де денсаулығын түзеп алады. Тіпті, нәрестенің жігерлі емуінен созылып
қалған құрсақтың тез ықшамдалып, бұрынғы қалпына жылдам келетіні белгілі.
Ал, балаға ана сүтімен даритын қасиеттердіайтып жеткізудің өзі оңай шаруа
емес. Тек анасының сүтімен ғана қоректенген нәрестенің асқазан-ішек жолдары
да, оның бауыры мен бүйректерінің қызметі де, бірқалыпты жақсы жұмыс
істейтіні белгілі. Өйткені, омыраудың сүті кез келген жасанды қоректерден
әлдеқайда таза және құнарлылығы жағынан да салыстыруға келмейді. Оның
үстіне ананың мазасызданбауы мен уақытының үнемделуін ескерсек, ал сапар
шеккендегі ыңғайлықтың өзі неге тұрады десеңізші?! Тіпті, отбасы үшін
қаншама қаржының үнемделуі де аз жетістік болмаса керек. Бұл айтылғандарға
қоса, нәрестенің өзінің қанағаттануымен бірге, тек ему құмарлығын
қандыратын сипаты да, физиологиялық аса үлкен қажеттілік болып табылады.
Жалпы нәрестесін, тек омырауымен ғана қоректендіретін аналардың айтуына
қараған да, бала емізуден алатын жан рахатына ештеңені теңестіру мүмкін
емес көрінеді. Басқаны қойғанда, денесіне тиген сәбиінің ыстық демі жұп-
жұмсақ саусақтарының табына дейін, теңдесіз терең ләззат береді екен. Осы
айтылғандардың бәрі де, қазір әншейін арманға толы елеске айналып отырғанын
айтпауға болмас. Себебі, бұл заманда нәрестесін сүтке жарытпайтын аналардың
саны жылдан – жылға көбейіп отыр. Қазіргі кезде жасанды сүтсіз өсетін
нәрестені табудың өзі қиын. Мұның ұрпақ тәрбиесіне де аса ауыр ықпалы барын
ескерсек, ойланатын жайлар да көбейе түспек. Сондықтан да, бұл мәселе
қоғамның да, ғылымның да алдында, аса үлкен талаптар қоюда.
Омырау беру әдістері. Әр ананың емізу ыңғайлары бар. Оған бала өзі де
әдеттеніп алады. Әйтсе де, көп аналар нәрестесін отырып, емізуді ыңғайлы
санайды. Қайбіреуі жанына алып жамбастай жатып емізгенді тәуір көрінеді.
Жатып емізудің азды көпті өз қиындықтары бар. Ол үшін баланың басына жастық
қойып, ана да қолтығының астын жастықпен тіремесе, нәресте омырауды толық
аузына ала алмай әуре болады. Баланы осы ыңғайсыздық үнемі мазалайтын
болса, оның емшек ему сәттерінің жиі бұзылуынан неврозға шалдығады. Жатып
емізудің тағы да бір кемшілігі, ол ананың осы сәтте ұйықтап кетуінің
ықтималдығы. Мұндай жағдай, әсіресе түнгі мезгілдерде жиі кездеседі.
Ұйықтап кеткен ана нәрестесін тұншықтырып алуы мүмкін. Сондықтан, түнде
отырып қана емізу керек.
Екінші бір ескертетін жәй, ол омырау берер алдындағы ананың көңіл-
күйі, емшектегі сүттің сапасына да мөлшеріне де әсер ететінін білген жөн.
Сондықтан шама келгенше омырау беруге әзірленіп, көңіл-күйді көңілді
ұстауға тырысу қажет. Мұны айналасындағы адамдар да ескерулері керек.
Емшектің танакөзін ауызға дұрыс алу. Егер нәресте үнемі емшектің ұшын
ғана аузына алса, онда ол бір де тамшы сүт сора алмайтыны анық. Себебі,
емшектің әр тұсынан келетін сүт жолдары тек танакөзде ғана тоғысып
жиналады. Сондықтан, нәрестенің танакөзді аузына толық алуын әр кез
қадағалап көмектесіп отырған дұрыс. Сонда сүт те жақсы жүріп, нәрестенің
өзі де құныға еміп рахаттанады. Емшектің ұшын сорудан оның жарылып
жарақаттануы да жиі болады. Жарақаттанған емшектің ұшын бала қызыл иегімен
жаншып жиі ауыртады. Мұндай сәттерде, емшекті баланың аузынан жұлып алмай,
оның иегінің астынан саусақпен басып босатып алған соң, қайыра омыраудың
танакөзін тұтастай аузына алдырып емізуге тырысу керек.
Әр бала әр түрлі емеді. Нәрестенің болмысындағы тума мінез-құлығы мен
психикалық темпераменттерін, емізу сәттерінде анық аңғаруға болады. Мұны
тек байқап қана қоймай, жалпы баланы қоректендіру кездерінде, оған ықпалды
түрде сылай-сипай отырып тәрбие тәсілдерін жүргізуге болады. Бірақ бұл
нәрестенің рахаттана емуіне еш кедергі жасамайтындай етіп, терең
психологиялық шеберлікпен қолдану жолдарын тапқан жөн. Арнайы зерттеулерге
қарағанда, әр баланың емшек ему тәсілдері де сан алуан болатын көрінеді.
Мәселен, біреулері аса жігерлі, қомағайлана сорып, қарны тойғанша жұлқи
тартып әлектенеді. Мұндайлардың қызылиектеріне емшек ұшы ілінетін болса,
оны жаншый жарақаттап та жібереді. Нәрестенің мұндай мінездерін байқаған
ана, омырау берерде барынша сақ болғаны жөн.
Екінші бірі – тым секемшіл болады. Ол емшек ерніне тиісімен-ақ
қозғалақтап, омырауды аузынан шығарып ала береді де, оған ызақорланып қатты
бақырып жылайды. Мұндай баланы саябыр таптырып алғаннан кейін ғана, емшекті
қайыра алуына көмектесу керек.
Үшіншісі – сүлесоқ бала. Көбіне бұлар – алғашқы күндерде емшекті
аузына алмай, ондағы сүттің көбейе саулап тұруын күтеді. Бұларды да
зорлауға еш болмайды. Омыраудың исінуін тосып күтуге тура келеді. Тағы бір
– талғампаз бала. Бұлар әуелі бір тамшы сүтті таңдайына алып татпай, бірден
солқылдата сорып еме бермейді. Ендігі бірі – демалғыш бала. Олар – бірден
сорып-сорып алады да, біраз тыныстап алып, қайыра емуге кіріседі. Сондықтан
оны дұрыс емізу үшін біраз уақыт кетеді. Оны да күштеп жылдамдатам деудің
еш пайдасы жоқ, керісінше көптеген жайсыздықтарға ұшырауға болады.
Міне, өздерің анық сеініп жақсы байқап отырғандай, бала емізудің
тәрбие емес дейтіндердің қаншалықты қателесетінін, байқау тіпті де қиын
емес. Адам тәрбиесінің физиологиялық әрбір кезеңдерінің өздеріне тән тәрбие
тәсілдері бар екені – тайға таңба басқандай көрініп тұрған жоқ па? Жас
босанған аналарға шынын айтсақ, бұл кезеңнің ерекшеліктері де беймағұлым.
Көпшілігі жоғарыда келтірілгендей, нәрестенің сан алуан психологияларын
түсінбеудің салдарынан, ана мен бала тіл табыса алмай қаншама дағдарыстарға
ұшырайтыны айтпаса да түсінікті. Сондықтан ұрпақ тәрбиесін ескі көзқараста
қалдырудың зияны шаш етектен екенін түсініп қана қоймай, пәрменді түрде
жаңа көзқараспен іске кіріспей болмайды.
Тік мінездіні тітіркендіретін не? Нәрестенің тік мінезділігі –
баланың мінез-құлқы қалыптасатындығының бір жанды дәлелі тәрізді.
Табиғатынан тікбақай мінезбен дүниеге келген нәрестелер, көбінесе икемдеуге
келмейтіндіктерімен бірсыпыра ыңғайсыздықтар тудырады. Оның бұл мінезін
анықтау қиын емес. Мәселен, оның басынан ұстап омырауға жақындатқанды
қаламайтындығы соншама, қайта-қайта ышқынып басын жұлып ала береді. Екінші
бір белгісі – оның екі ұртынан қысып аузын ашпақ болған әрекетке де, басын
шайқап қарсылығын білдіреді. Жаңа туған бала, анасының саусағы қай жақ
бетіне тисе де, түйсігімен солай қарай мойнын бұратыны белгілі. Осы түйсік
оған омыраудың ұшын да тез тауып алуына көмектеседі. Тік мінез нәрестелер
бірдемені ұнатпаса, басын қайта-қайта кекжеңдетіп омырауды аузынан алмай
анасын әуреге түсіреді. Кейбір аналар оны күшпен көндірмекші болып мүлдем
бұзады. Ақырында амалы таусылғаннан еңіреп жылаумен өзін де шаршатады.
Әйтсе де, сабыр сақтап психологиялық әдістермен ғана, бірте-бірте тентектің
өзін де тезге салуға болатынын да түсінеді. Халықтың тағылымдарда да,
мұндайларды тек жан дүниенің тәлімдерімен ғана тәрбие жүргізуге болатынын
айтады.
Әр әйелдің сүті омырауына әртүрлі мезгілде келеді. Омырауға сүт
босанғаннан кейін 3-4 күн өткен соң дұрыстап келе бастайды. Бұрын бірнеше
рет босанған әйелдердің сүті ертерек те келе береді. Кейде сүт бірден мол
күйінде келсе, енді бірде жайымен біртіндеп жиналады. Мұның барлығы да,
табиғат шебердің өзі үйлестіріп қойған, физиологиялық заңдылықтарға бағынып
жұмыс істейді. Омырауға сүт келудің осындай заңдылықтарына орай, нәрестенің
де 3-ші және 4-ші күндерден бастап ашығу түйсіктері ояна бастайды. Өйткені,
омыраудағы сүттің молаюуына баланың әртүрлі әрекеттері барынша жылдам ықпал
етеді. Ендеше, ана да, бала да невроздың сипаттары жоқ болса, нәресте өзіне
қажетті сүттің мөлшерін өзі-ақ реттеп алады.
Емізу мерзімдері. Емізудің уақыты мен жиілігі де ретсіз болмауға
тиісті. Оның реттілігі ең әуелі анаға керек. Омырауды күтудің басты шарты
да осымен байланысты. Өйткені, емізу тәртібіне мән бермеуден омырауды
дертке шалдырғаннан кейін, баланың күтімі де, ананың жағдайы да, бәрі де
адыра қалып, ауыр күйге түсіреді. Міне осындай жағдайды болдырмау үшін,
емізудің реттілігін бірінші күннен жолға қою керек. Ол үшін емізу
уақыттарын біртіндеп ұзартып, әуелі омыраудын ұшын шынықтыруға баса көңіл
аудармай болмайды. Сәл жарақат түскеннен кейін-ақ, ол қайта-қайта жаңғырып
мазаны алады. Оны болдырмау үшін не істеу керек?
Ең алдымен алғашқы үш күн бойы, нәрестенің әр емуінің ұзақтығы, тек
5-ақ минуттан аспасын, онан кейін біртіндеп ұзартып, төртінші күні – 10
минут, бесінші күні – 15 минут, содан соң бірнеше күн қатарынан – 20
минуттан аспайды. Егер осылайша емізу тәртібін ұйымдастырған жағдайда,
шамамен он күннің ішінде омыраудың ұшы әбден шынығып болады. Міне бұдан
кейін қалай емізем десең де, нәрестені омырауда қанша ұстау еркіңізде.
Әйтсе де, омырау берудің ұзақтығы 25-30 минут болса жетіп жатыр, ең көп
болғанда 40 минуттан аспау керек.
Омыраудың екеуінде беру керекпе? Осынау жеке-жеке тоқталып отырған
мәселелердің бәрі де, нәрістенің тәрбиесіне жатады. Осылардың әрқайсысы-ақ,
оның Тәні мен Жанын үндестіре ждетілдіруге ықпал етпек. Жалпы кез келген
өркениетті елдерде, ең әуелі бала мен ана күтімдері шешілсе ғана, өзінің
зайырлы мемлекет екенін дәлелдейді. Мұндай елде нәрестені күту режиміндегі
былапыттылық атымен жоғалады. Бала қыңқ етсе омырауды ала жүгіругеболмайды.
Әуелі оның жүзіне қарап неге мазаланып жатқанын түсінуге тырысқан жөн.
Сонан кейін ғана керек етіп жатқанын беруге болады. Реттелген режиммен
емізу арқылы ұзарғандықтан, омырауының сүті молайған аналар, нәрестенің бір
емшегінің сүтімен-ақ қанғаттандыра алады. Келесі жолы екінші омырауын
беріп, осылайша алма-кезек ауыстырып емізуге үйренеді. Бірақ қазіргі кезде
мұндай сүті мол аналар өте сирек кездеседі. Соңғы жылдары, тіпті екі
омырауын беріп те жарытпайтын аналар көп. Себебі, халқымыз ғасырлар бойы
қалыптастырған бала тәрбиесі бұзылып, өз қасиетін өзі тепкен көзсіз
еліктеушіліктің салдарынан, аптаға жетпей-ақ жаңа туған нәресте де, жас
босанған ана да, ұйқыларының қисапсыз қатты бұзылуынан невроз ауруына
шалдығады. Осының кеселінен омыраудың сүті тартылып жатыр, әйтсе де, әр
омырауды 12-15 минуттай қақтап емізу арқылы сүтті аз-кем молайтуға болады.
Өйткені, қотарыла босаған емшекке қайыра сүттің жиналуы жиілейді.
Баланың тойғанын иә тоймағанын қалай білуге болады? Бұл сауалдың
жауабын білуге бірнеше рет босанған аналардың ынталы екені белгілі. Әрине,
мұны нәрестені ұзақ емізу арқылы анықтауға болмайды. Жалпы барлық
нәрестелерге ортақ бір әдет бар, ол омыраудың сүтіне тойғаннан кейін де 10
шақты минут, тіпті жарты сағатқа дейін сорып жатып алады. Себебі, жас
нәрестенің сүт болмаса да, ему рефлексінен алатын ләззаты өз алыдна бөлек
құмарлық. Кейде осы ему құмарлығы қанбаған бала, сүтке тойғанына да қарамай
жылай береді. Жас босанған аналар, нәрестенің осындай табиғи қасиеттері
болатынын білулері керек. Бұл қаситтердің физиологиялық өз қызметі де бар
екенін ескерсек, тіпті емуі қанбаған балалар жүдеп те кетеді. Ендеше, жас
нәресте үшін – сүтке тою өз алдына бір қажеттілік болса, ал омырауда сүт
болсын-болмасын – оны құмарынан шыққанша емудің өзі – екінші қажеттілік
болып табылады.
Көптеген байқаулармен зерттеулердің көмегімен 5-6 айлық нәрестенің
бір рет емгендегі сүтінің мөлшері – 280 мл. Болу керек. Кейде бала еміп
болысымен де жылауы мүмкін, бірақ мұны тоймағанынан деуге болмайды. Себебі,
көбінесе жас баланың ішін жел қуалап мазалайтыны жиі кездеседі. Сондықтан,
ең басты мәселе ана нәрестенің жүзінен, оны не мазалап жатқанын түсіне
алатындай сезімталдыққа үйрену керек [4. 164-169 б].
1.2. Сәбидің психикалық дамуына гигиеналық әсері.
Бір жастан асқан сәбидің гигиенасы. Бір жастан асқан балаларды
гигиеналық дағдыларға үйрету қажет. Ертеңгілік тазаруды ересек адамның
байқауымен баланың өзі өткізуі керек. Тістерді тазалауға үлкен көңіл бөлу
дұрыс: алдымен ата-аналар баланың тістерін тазалайды, біртіндеп бұл
процедураны өз бетімен істеуді үйретеді. Нәрестені жазда күнде шомылдырады,
ал қыста аптасына 1-2 рет. Шомылдырудың соңында үстіне астаудағы судың
температурасынан 1-2° төмен су құйып, баланы шынықтыруға мүмкіндік бар.
Сәби жасындағы бала үшін, бұл жастағы балалар ерекшеліктерін есепке
ала отырып, өткізілетін гимнастика мен массаждың үлкен маңызы бар.
Киімі қимылдарына кедергі жасамайтын қолайлы болуы керек, өйткені бұл
жасатағы балаларға шапшаң қимылдар тән. Іш киімдері міндетті түрде мақта
маталарынан болуы керек, сырт киімінің құрамында синтетикалық талшықтар
болуы мүмкін.
Сәбиді горшокқа үйрету. Баланы дәретке, горшокқа үйрету барысында ата-
аналар мен баланың арасында өзара түсіністік қатынастар қалыптастыруды есте
сақтау керек, сондықтан бала жаңа дағдыларды белсенді игеруі керек. Балаға
туалетке барғанда жаңа дағдыларды қолдануды қалыптастыруға өзіне қатысу
құқын беру керек. Бір жастан асқан балада өз бетімен істеуге күшті талап
анықталады, ол дәретке баруды үйреніп, қанағаттануды бастан кешеді. Кейбір
балаларда үйрену процесі бірнеше айға созылады, ал кейбіреулер горшокты
қолдану дағдыларын едәуір тез үйренеді.
Тамақтанғаннан кейін, ұйқыдан бұрын және соң, серуендеудің алдында
және соң баланы 3-5 минут горшокқа отырғызу ұсынылады. Баланың горшокқа
сұрануын ынталандырудың, дәретке барғысы келгенін тілегін түсінудің,
сәтсіздіктерге жәймен және оң көзқарас білдірудің маңызы өте зор.
Ойыншықтарды дұрыс таңдай білу. Ең маңызды ереже: ойыншық қауіпсіз
болғаны жөн.Ойыншық сататын жерлерге көңіл бөлу керек. Есте сақтаңыз,
балаңыз ойыншықпен жанасады, көбінесе балалар жас көрсеткішіне байланысты
ойыншықты ауыздарына алуға, жалауға және соруға бейім келеді. Сондықтан
ойыншықтарды арнайы сауда орталықтарынан сатып алған жөн. Сауда
орталықтарына арнайы балалар дүкендері жатады.
Дүкендерде әрбір ойыншық мамандар тексерісінен өткен, онда сізге
білікті маман дұрыс таңдау жасауыңызға көмектеседі.
Ашық түсті және сыңғырлаған слдырлақтар.
Сылдырмақтар әртүрлі болады. Қолға ұстайтын және іліп қоятын түрлері
де бар (оларды әдетте төсекке, коляскаға немесе манежге іліп қояды). Ілмелі
сылдырмақтар ешқашан жоғалмайды және әрқашан баланың өз алдында болады.
Нұсқау бойынша төсектің жоғарғы жағына тартылған лентаға ілінген заттар
(тек сылдырмақтар ғана емес) таңдап алуға болады. Мысалы: кішкене доптар,
тіске арналған резиналы сақиналар, оны бала ұстауы, итеруі мүмкін немесе
жай ғана қарайды. Міндетті түрде көңіл бөлу керек, балаңыздың көзімен
ілінген сылдырлақтардың ара қашықтығы 20 см болуы керек. Сонымен қатар
ескеру керек, өз еркімен көтерілу, бір айта кететін жайт, бала ілмелі
сылдырмақпен шатасуы мүмкін. Абай болыңыз.
Резиналы жұмсақ ойыншықтар, әртүрлі аңдар түрлерінен болады. Мұндай
ойыншықтар уақыт өте келе баланы машықтану қызметіне баулиды. Үлкен жеңіл
түрлі-түсті доптар – баланың физикалық жетілуіне және баланы еңбектеп
жүруіне, алғашқы қадам жасауына көмектеседі.
Жұмсақ ойыншықтар – аңдар мен қуыршақтар баланың сүйікті
ойыншықтарына айналады және баламен көп уақыт бірге болады.
Сәбимен серуендеу. Балаларға көшеде серуендеу өте ұнайды., Таза ауа
мен күн сәулесі баланың өсіп дамуына үлкен әсер етеді. Қоршаған ортаның
температурасының өзгеріп отыруы баланың суыққа да, ыстыққа да бейімделуіне
көмектеседі. Серуендеу балаға энергия береді көңіл-күйінің көтерілуіне
жағымды әсер етеді. Баламен серуендеу оның өмірінің екінші аптасынан бастау
керек, көбінесе жақсы ауа райында серуендеген жөн. Серуендеудің 15-20
минуттан бастаңыз.
Кеін сіз таза ауада болу уақытын ұзарта аласыз, содан соң сәбиіңіз
бір жасқа толған соң бірнеше сағатқа қыдыра аласыз.
Кейбір ата-ана қыдыру үшін жаңа туылған сәбиіне сәбиге арналған дорбаны
қолданады. Бұл қыдырудың қолайлы тәсілі және сәбиіңізге ата-анасымен бірге
болу ұнайды, сонымен қатар коляскадағы жағдайдан жақсы. Егер сіз сәбиіңізге
дорба сатып аларда оның сәбиіңіз үшін қолайлы жағдай туғыза алатынына көз
жеткізіңіз. Педиатрлардың пікірін біліңіз және қыдырғанда оны жиі қолдана
бермеңіз.
Қыдыру кезінде сәбиіңіздің жаңа нәрселерді үйренген маңызды. Күннің
немесе желдің сәбидің бетінде сезілуі, бөтен адамдармен кездесу, жануарлар
мен өсімдіктер – бұның бәрі оның дамуына әсер етеді.
• Ата-анаға кеңес: Төмен температурадан абай болыңыз. Егер
ауаның температурасы 7С- болса қыдырмаңыз. Сәбиіңізді күшті желдің әсерінен
сақтаңыз.
• Ыстық күндері сәбиіңізді күннің тікелей түсуінен қадағалаңыз.
Сәбиіңіздің коляскасын жартылай көлеңкелеп қойған дұрыс.
• Егер сіз қыдыруға шығармасаңыз, қатаң түрде сәбиіңіздің
бөлмесін қадағалаңыз – сіз сәбидің қыдыруға арналған киімдерін кигізуіңізге
болады және ашық терезе көзіне ұйықтатуға жатқызыңыз.
• Ұйықтар алдында сәбиіңіздің бөлмесін тексеріңіз. Таза ауа жақсы
ұйықтауға мүмкіндік береді. Тағы есіңізде болсын, бөлменің ауасы өте құрғақ
немесе өте ылғалды болмауы керек.
• Әрқанан сәбиіңізді ауа райына байланысты киіндіріңіз. Есте
сақтаңыз, сәбиіңіздің ысып кетуінен, суықтан қорғануды керек етеді. Сіз әр
күні қалай киінсеңіз, сәбиіңізді де солай киіндіруді ойлаңыз.
Екпе туралы білудің маңызы. Біріншіден сәби өмірі оның денесінің
инфекциядан қорғалуы, оның анасынан плацент арқылы туылғанға дейінгі алған
иммунитетеіне байланысты болады. Аналық антидене бірнеше ай аралығына
сақталады, бірақ бірінші жылдың соңында сәби өзінің әсерін жоғалтады.
Қауіпті инфекциялық аурулар бар: туберкулез, поломиелит, көкжөтел,
дифтерия, сіреспе, қызылша, эпидемиялық паротит, вирусты гепатит,
сәбилердің мүгедектігі және өліміне алып келуі мүмкін. Бұл ауруларды
екпелер арқылы тоқтатуға болады.
Иммунизацияның жоқ болуы сәбилерде инфекциялардың даму қауіпін
тудырады. Сіз дәл уақытында иммунизация жүргізу арқылы сәбиіңізге көмектесе
аласыз.
Бұл күнтізбеде сіздің сәбиіңізге қажет барлық екпелер және оларды әр
жасқа байланысты жүргізілуі көрсетілген.
Жасы Екпелер
1-4 күн БЦЖ, ВГВ – 1
2 ай ОПВ-1, АКДС,
ВГВ-2, Hib – 1
ОПВ-2,
3 ай АКДС-2,
Hib – 2,
4 ай ОПВ-3,
АКДС-3,
ВГВ-3,
Hib – 3
12-15 ай ОПВ-4, ККП
18 ай АКДС-4,
Hib – 4
6-7 жас (1 класс) ВЦЖ-2, АДС, ККП-2
12 жас АД-М
15 жас Қызылша
16-17 жас АДС-М
әр 10 жыл сайын АДС-М-2
БЦЖ – туберкулезге қарсы екпе
ВГВ – вирусты В гепатитіне қарсы екпе
ОПВ – полимилетке қарсы екпе
АКДС – көкжөтелге, дифтерияға, сіреспеге қарсы екпе
НІВ – гемофильді инфекцияға қарсы екпе
АДС, АДС-М – дифтерияға, сіреспеге қарсы екпе
АД-М – дифтерияға қарсы екпе
ККП – қызамыққа, қызылшаға, паратикке қарсы екпе [2. 21-27 б].
1.3. Сәбидің дамуына бесіктің әсері.
Бесіктің тәрбиелік мәні. Бесік – үй шаруасында пайдаланатын заттардың
ешқайсысымен де салыстыруға болмайтын мүлік. Тіпті, оның өзіне тән
қасиеттерін терең талдап дәлелдей алсақ, бүкіл адамзаттық игілікке айналары
қақ. Сондықтан, бесікті ғасырлар бойы пайдаланып келе жатқан Орта Азия мен
Кавказ және Таяу Шығыс пен Түркі елдерінің өмір тәжірибелерін жан-жақты
қамтып, үндестіре зерттеудің мәні зор болар еді. Сонымен қоса, жер
бетіндегі елдердің халық педагогикаларын да, ғылыми негіздерде жүйелеудің
берері мол болмақ. Әсіресе, жарты әлемді алып жатқан Түркі елдерінің
этногенезі мен халық педагогикаларында әлі сырлары ашылмаған жұмбақтары мен
өзгеге ұқсамайтын толып жатқан ерекшеліктері көп-ақ. Сонау, Шумерлер мен
Америкалық үндістердің және Көне Түркілердің арасындағы байланыстарды да,
олардың тілдеріндегі ұқсастықтар мен халықтық тағылымдарындағы
үндістіктерді ашуға, оны бесікті пайдалану тәсілдерін зерттеу арқылы да көп
жағдайлардың сырлары ашылар еді. Өйткені, Бесік – ең көнне игіліктердің
бірі болып табылады.
Жаңа туған бала мен жас босанған ана үшін, бесіктің атқаратын биологиялық
және физиологиялық қызметтерінің теңдесі жоқ. Тіпті, оның арнайы
зерттеулерді қажет ететін кейбір өміршең қасиеттерін басқа ешнәрсемен
салыстыруға келмейді. Себебі бұл қасиеттер – тек бесікке ғана тән.
Енді міне өз билігіміз өз қолымызға тиіп, мемлекетімізді бүкіл әлем
танып отырған сәтте, халқымыздың ықылым замандардан жинақтаған рухани
келбеті мен заттық игіліктерін даралай жіктеп, бүгінге дейін құр сүлдері
қалғандарын қайыра жандандырып, тіпті күнделікті тіршілігімізден ұмыт
қалғандарын түгендейтін де жағдай туған тәрізді. Бұрынғы бодандықпен
бойымызға сіңген жалтақтауды да, құлдық психологиясымен мүлгіген
бойкүйездікті де, уақыт көтермеумен бірге тіпті кешіре де алмайды. Мемлекет
және Халық болып бірлесе қолға алатын екі түрлі игілігіміз бар. Біріншісі
Ана тілі десе, екіншісі Ұрпақ тәрбиесі болып табылады. Міне, осынау – Ел
болудың қос босағасы түзу болғанда ғана Халықтығымыз бен Ұлттығымыз өзінің
дұрыс өрісін таппақ. Бірақ бұл екі қасиет тек қардүріс үгіт насихат уағыз
арқылы жасалынуы мүмкін емес. Олардың, яғни Ана тілі мен Ұрпақ тәрбиесінің
– тербелетін тал бесігі туған еліміздің Халық педагогикасы мен
Психологиясының негіздері болып табылады. Жалпы адам тәрбиесінің тетіктері
мен тәсілдері осы ілімдер арқылы жүргізілуін, әлі күнге дейін халық күтуде
екенін жоғарыда жүйелі түрде сөз еттік. Мынау тереңдей талап айтпақ болып
отырған Бесіктің тәрбиелік мәні де сол халық тағылымдарының құдыретін
көрсетпек.
Әйтсе де, жаңа құрылып жатқан жас мемлекетке экономикалық
қиыншылықтары жетіп артылғанымен, бәрібір адам тәрбиесін қалдыруға еш
болмайды. Себебі, адам факторына мән бермеген қоғам, тіршіліктің өзекті
мәселелерін де дұрыс шешіп алуы мүмкін емес. Ал адам тәрбиесін дұрыс
шешудің қайнар көзі – Халық педагогикасы мен психологиясының негіздерінде
екені – ағартушылық жолында еңбек етушілердің бәріне де аян. Мұның мысалын,
халқының тәрбиесін ежелгі дәстүр –салттарымен дамытып отырған Жапон мен
Қытай елдерінің екеуіне үңілсек те, немесе халықтың тағылымдарының
негіздері бұзылмаған Вьетнам алты-ақ айдың ішінде нарық қиыншылықтарын тез
игеріп алғанына көңіл аударған жөн. Өйткені, адамзаттың барлығына ортақ
ғылыми технология халқының психологиясын ескере отырып, ел басқаруды дұрыс
ұйымдастыра білген мемлекеттерге игі әсер етіп, экономикасының негізгі
түйінділерін тез шешіп алуына көмектесері хақ. Олай болсса, дайын
технологияны әкелудің қиындығы жоқ екен. Ал, жоғарыда айтылған ең басты
мәселе – адам тәрбиесі тек рухани дамуымен байланысты екенін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz