Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық мәдениетін калыптастырудың педагогикалық бағыттарын теориялык тұрғыда негіздеу


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев 2014 жылдың 17 қаңтары күнгі Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі жолдауында: «Басты мақсат - Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол - «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті . . . «Қазақстан - 2050» стратегиясы - барлық саланы қамтитын және үздіксіз өсуді қамтамасыз ететін жаңғыру жолы. Ол - елдігіміз бен бірлігіміз, ерлігіміз бен еңбегіміз сыналатын, сынала жүріп шыңдалатын үлкен емтихан. Стратегияны мүлтіксіз орындап, емтиханнан мүдірмей өту - ортақ парыз, абыройлы міндет [1] .
Біріншіден, барлық дамыған елдердің сапалы бірегей білім беру жүйесі бар. Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. 2020 жылға қарай Қазақстандағы 3-6 жас аралығындағы балаларды балабақшамен 100 пайыз қамту жоспарлануда. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды. Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс», - деп атап көрсетті.
Мектеп жасына дейінгі балалардың мемлекеттік міндетті білім беру стандартының жобасында: «Мектепке дейінгі білім беру - Қазақстан Республикасының жалпы білім беру жүйесінің құрылымдық бөлімі ретінде маңызды роль атқарады, себебі оның шегінде баланың табиғилық сапалары мен ерекшеліктері анықталып, олардың даму жағдайлары қамтамасыз етіледі . . . » деп көрсетілген [2] .
Тәуелсіз мемлекетіміз келешек ұрпақты ұлттық, халықтық және этностық-мәдени тұрғыда тәрбиелеуі бүгінгі күннің өзекті мәселесінің бірі. Мұндай мәселенің шешімін табу үшін үздіксіз білім беру жүйесі айтарлықтай дәрежеде қайта қаралып, оны жетілдіру жолдары қарастырылуда. Бұл жердегі алға қойыльщ отырған негізгі міндеттер - қазақстандық білім беру жүйесінің әлемдік білім беру аренасына толық енуінің бірінші ұлттық даму стратегиясын жасалынып, моделін құру болып отыр.
Мұндай талаптардың жүзеге асырылу жолындағы жұмысты үздіксіз білім берудің алғашқы баспалдағы - мектепке дейінгі мекемелерде баланың білімге деген құштарлығын арттырып, ұлтымызға тән қасиеттерді бойына сіңірген ұрпақ тербиелеуден бастағанымыздың маңызы өте зор болар еді.
Жаңару заманында этностық мәдениетті қалыптастыру мәселесі үлкен маңызға ие болып отыр. Адамзат қоғамның екі бағытында дами алады деп болжайды: мәдениеттің бір-бірімен араласуы немесе мәдениеттің бір-біріне қайшы келуі. Бірақ, екі көзқарастың да тарихи дағдарысқа алып келуі ғажап емес. Мұндайдан шығудың үшінші жолы бар, ол мәдениеттің диалогы, бұндай жағдайда ешқандай мәдениет өз ерекшелігін жоғалтып алмай, әлемдік қоғамға шығуына мүмкіндік ала алады. Міне, сол себепті мәдениеттің диалогына шығу мәселесі этностық-мәдениеттің қалыптасуы арқылы шешімін тауып, этникалық қауымдастықтың мәдени түрде өзара әрекеттесулеріне келеді.
«Қазақстан Республикасындағы этникалық-мәдени білім беру» тұжырымдамасында (1996) атап көрсетілгендей, халықтың этностық мәдениеті өз тарихи дамуында, мәдениетінде болған оқиғаларды білуі, қалыптасқан рухани құндылыққа адалдық, ұлт қаһармандарын қастерлеу нәтижесінде құралады. Ол ұлттық азат және ерікті жасампаздық шығармашылығьі процесінде қалыптасады. Этностық мәдениет жағдайына халықтың өзі тудырған әлеуметтік-мәдени жүйе арқылы қол жетеді. Бұл жүйеге отбасы, мектепке дейінгі балалар мекемелері, оқу орындары, ұлттық, мәдени орталықтар, бұқаралық ақпарат құралдары, көркем және ғылыми әдебиет, ғылыми-зерттеу және әкімшілік мекемелері, тағы басқалары жатады [3] .
Мұндай жағдайда этностық мәдениет қалыптастыру мәселелерін педагогикалық тұрғыдан зерттеудің маңыздылығы артады. Қоғамның қазіргі қарқынды даму кезеңінде мектепке дейінгі ұйымдардың оқу-тәрбие үдерісінде балаларды жан-жақты дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеуді жүзеге асырып, этностық мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік беріп, халықтың рухани мәдениетін зерделеп, ой елегінен өткізіп, оны қазіргі заман құндылықтарымен байланыстыра білуге машықтандыру қажет.
Ғылыми әдебиеттерге талдау жасау негізінде этностық, этностық мәдениет мәселесі философия, саясаттану, тарих және этнографиялық салаларында (Э. З. Александренков, Ж. М. Әбілдин, Ю. В. Бромлей, В. И. Козлов, Қ. Е. Көшербаев, Ә. Н. Нысанбаев, Б. Ф. Поршнев, И. А. Снежкова, Э. К. Суслова, Ғ. Т. Телебаев және т. б. ) ; әлеуметтану мен мәдениеттану салалары бойынша (С. М. Арутюнян, М. Х. Балтабаев, Л. М. Дробижева және т. б. ) ; этнопсихология бойынша (В. А. Вяткин, Қ. Б. Жарықбаев, Н. Е. Елікбаев, Б. А. Әмірова, О. Х. Аймаганбетова, А. П. Оконешникова, У. Г. Солдатова, Г. М. Старовойтова, Ю. В. Хотинец, Е. И. Шлягина және т. б. ) көрінетіні айқындалды [4-26] .
Қарастырылып отырған мәселенің педагогикалық аспектісін талдауға бірқатар этнопедагогикалық зерттеулер жүргізген ғалымдардың еңбектері бар (Г. Н. Волков, А. Э. Измайлов, Я. И. Ханбиков, Е. Л. Христова, К. Б. Жарықбаев, С. К. Қалиев, С. А. Ұзақбаева, Ж. Ж. Наурызбай, М. Х. Балтабаев, К. Ж. Қожахметова, Р. Қ. Дүйсембінова, Р. К. Төлеубекова, К. А. Оразбекова, Ж. Асанов, Ә. Табылдиев, Қ. Бөлеев, Ш. Б. Кульманова, Л. С. Сырымбетова, Ш. М. Мұхтарова және т. б. ) . Отандық педагогика ғылымындағы этностық мәдениет бойынша этнопедагогикалық зерттеулерді қарастыратын еңбектер де баршылық (И. Әршібеков, А. Х. Мұхамбаева, Б. Е. Қаирова, Г. Р. Бахтиярова, Е. Ш. Қозыбаев, С. К. Әбильдина, К. Е. Ибраева, Т. М. Шакирова, Г. К. Тлеужанова, Р. М. Айтжанова және т. б. ) . Соңғы кездері қазақ этнопедагогикасының мәселесі бойынша ғылыми жұмыстар саны жас педагогтардың зерттеулерімен көбеюде [27-55] .
Этностық мәдениет бойынша зерттеулер негізінен мектеп оқушыларына және студенттерге арналған, ал мектепке дейінгілердің этностық мәдениетін қалыптастыру мәселесі бойынша педагогикалық зерттеулер дамып келеді. Көптеген зерттеулердің әдіснамалық бағдарына Ж. Ж. Наурызбайдың Қазақстан Республикасында этномәдени білім беру тұжырымдамасы алынды
[3, 45-б] .
Мектепке дейінгі ұйымдардың оқу-тәрбие үдерісін талдауда балалардың этностық мәдениетін қалыптастыру мақсатында мектепке дейінгі мекеменің жұмысының мазмұнында ұлттық құндылықтарды қалыптастыратын мәдени элементтердің балалардың жас ерекшелігіне және мүмкіндіктеріне сай қолданылмай отырғаны мәлім болып отыр.
Сондықтан да дәстүрлі ұлттық кұндылықтар негізінде жан-жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеудегі қазіргі қоғамның қажеттіліктері мен мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық мәдениеттін қалыптастыру жүйесінің жеткіліксіз екендігі; мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық мәдениетін қалыптастырудың мүмкіндігі мен бұл мәселенің педагогикалық теория мен тәжірибеде аз зерттеліп жатқандығы арасында бірнеше қайшылықтардың бар екендігіне көз жеткіздік. Мұндай қайшылықтардың шешімін табу мақсатында этностық мәдениетті мектепке дейінгі шақтан бастап қалыптастырудың жолдарын анықтауды біздің зерттеу мәселелеріміздің айқындалуына және зерттеу тақырыбымызды «Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық мәдениетін қалыптастыру» деп нақтылап алуымызға негіз болып отыр.
Зерттеудің нысаны: мектепке дейінгі ұйымдардың педагогикалық үдеріс.
Зерттеудің пәні: мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық мәдениетін қалыптастыру.
Зерттеудің мақсаты: мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық мәдениетін калыптастырудың педагогикалық бағыттарын теориялык тұрғыда негіздеу.
Зерттеудің міндеттері:
- мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық мәдениетін қалыптастырудың ерекшеліктерін анықтау;
- мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық мәдениетін қалыптастырудың үлгісін жетілдіру;
- мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық бағыттарын айқындау;
Зерттеудің көздері: зерттеу проблемасы бойынша философтардың, мәдениеттанушылардың, педагогтар мен психологтардың еңбектері; педагогиканың ғылыми жетістіктері мен озық педагогикалык тәжірибелерді мектепке дейінгі ұйымның практикасына ендіру мәселесіне байланысты ресми қркаттар; оқу-әдістемелік кешен; автордың көпжылдық педагогикалық тәжірибесі.
Зерттеудің әдістері: аналитикалық (ғылыми, әдістемелік әдебиеттерді талдау, модельдеу, жіктеу, жүйелеу, жалпылау, т. б. ) ; диагностикалық (сауалнама, жеке және топтық әңгіме, сұхбат, бақылау, тестілеу, т. б. ) ; статистикалык (зерттеу нәтижелерін математикалық өңдеу) .
Диплом жұмысының құрылымы: жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланған деректер көздерінен және қосымшалардан тұрады.
«Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық мәдениетін калыптастырудың теориялық-әдіснамалық негіздері» атты б ірінші бөлімде: мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық мәдениетін қальштастырудың ерекшеліктері; Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық мәдениетін қалыптастырудың теориялық үлгісі берілген.
«Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардын этностық мәдениетін қалыптастырудың әдістемесі» атты е кінші бөлімде: мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық бағыттары; мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық мәдениетін қалыптастырудағы әдістемелік жұмыстар жасалынған.
1 МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА БАЛАЛАРДЫҢ ЭТНОСТЫҚ МӘДЕНИЕТІН КАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық мәдениетін қалыптастырудың ерекшеліктері
ХХ ғасырдың екінші жарты жылдығынан бастап өз этностық мәдениетті саналы түрде меңгеріп алу үдерістері, яғни нақты этносқа, этникалық қауымға тиісті көптеген мәселелер күрделі маңызға ие болды.
Этностық мәдениеттің өсуі ХХ-ғасырдын екінші жартысындағы адамзат дамуының өзекті сапаларының бірі деп қарастырылады. Жеке адамдар мен жалпы халықтардағы өзінің тарихына деген қызығушылық ор түрлі формада көрінеді: ежелгі салттарды, фольклорды т. б. қабылдаудан бастап өзінің ұлттық мемлекетін кұруға дейінгі ұмтылысы.
Егерде адамзаттың қандай да бір халықка тиісті екенін саналы түрде меңгеру, оның ерекшеліктерін іздеу және оны зерттеу, этностық мәдениеттің педагогикалық аспектісін қарастырудан тұрады.
Этностық мәдениетті түсінудіру - оның пайда болу табиғатын зерделеп, мәнін талдаудан тұрадығы белгілі.
Әлеуметтану сөздігінде этносқа мынадай анықтама береді: этнос (гректің «еіһпоз» - «тайпа», «халық» деген сөзінен шыққан) - ортақ белгілері мен тұрақты тілі, мәдени және психологиялық ерекшеліктері, ортақ салт-дәстүрлері бар белгілі территорияда тарихи қалыптасқан адамдар тобы. Этностың пайда болуына территория мен шаруашылық бірліғі әсер етеді. Даму барысында территория ортақтығы жеке белгі ретінде жойылуы да мүмкін. Этнос - белгілі бір мәдени тұтастық. Оған «біз» - «олар» деген антитеза тән, яғни әрбір этностың өзіндік этникалық санасы бар.
Саясаттану сөздігінде этнос (грек. ) - тілінен аударғандағы қазақша мағынасы - мәдениетіндегі, мінез-құлқындағы ерекшеліктері ортақ, белгілі бір аймакта (территорияда) тарихи даму кезеңнен қалыптасқан, өз қауымдастығының бірлігін сезінетін адамдар жиынтығы [9, 6-б] .
«Этникалық» терминінің анықтамасында және ғылыми интерпретациясында үш негізгі аспектіні көрсетуге болады:
- интеракциялық (этникалық топаралық өзара әрекет формасында интерпретацияланады) ;
- атрибуциялық (этникалық - топтың сапасы) ;
- субъективті-символикалық (этникалык ен алдымен этникалық сәйкестілік ретінде қарастырылады) .
Біздің зерттеуімізге соңғы аспектісі маңызды. Себебі этникалық мәдениет «өзін басқа топтардан ерекшелендіру үшін мәдениеттің кейбір аспектілерін субъективті-символикалык түрде пайдалануды» көздейді. Жеке бастық этностық мәдениет - ол «өзін саналы түрде қандай да бір этникалық тұрғыдан қауымдастыққа жатқызып, сонымен қатар белгілі бір этникалық ерекшеліктерді пайдалану».
Этникалық, сонымен қатар ұлттық идентификацияньщ маңыздылығы мен қажеттілігі жеке тұлғаның үш психологиялық қажеттілігі арқылы анықталады:
- Қауіпсіздік пен қорғанысқа қажеттілік.
- Белгілі бір қауымға тиістілік қажеттілігі.
- Өзіндік ерекшелікке, бірден-бір «Менге», өзіне сенімділікке, басқаларға тәуелді болмауға қажеттілік.
Адамның бұл қажеттіліктері бір-бірімен қарама-қайшылыкқа түсіп, идентификация мен даралык процестерінің бірлігімен түсіндіріледі.
Біздің зерттеп отырған мәселелерімізді анықтаудағы алдымызға қойған міндеттің бірі - «мәдениет» терминін талдаудан тұрады.
Этнопсихология мен этнологияда «мәдениет» термині әр түрлі этникалық қауымдарды айқындау үшін және мәдениет пен адамның психологиялық сипаттамалары арасындағы езара байланысты зерттеуде қолданылады.
«Мәдениеттану» сөздігінде мәдениетке мынадай анықтама беріледі: мәдениет - адамдардың әлеуметтік болмысты сақтау мен жаңарту жөніндегі қызметі және осы қызметтің жемістері мен нәтижелері [56] .
Мәдениет - әлеуметтік табиғаты бар курделі динамикалык жүйе, ол әлеуметтік қатынастарда көрініп, адам іс-әрекетінің заттары мен тәсілдерін, құнды бағалықтарын құруға, сақтауға, кең таратуға бағытталып, әр түрлі жағдайларда адамдардың озара түсінушілігін қамтамасыз етеді.
Мәдениет - әлеуметтену үдерісінде және басқа да мәдениет өкілдерімен қарым-қатынас жасау негізінде бір адамнан екінші адамға беріліп қоймай, сонымен қатар адамның нақты бір қауымға жататынын қалыптастыратын шынайы ішкі сезім, яғни ұқсастық сезімі. Әсіресе этностық-мәдени сәйкестілік тұрақты және адамдар үшін үлкен маңызға ие. Жеке тұлға үшін өзінін, этникалық тобы оның өмірлік үмтылысының бағыттарын анықтайды және ол этостық-мәдени сәйкестілік өзінен жоғары тұрып, одан кейін де өмір сүретінін біледі. Өз этносын табиғи түрде қабылдағанда адам оны таңдамайды. Этностық-мәдени сәйкестілік өмірге келумен, ана тілінде сөйлеу іскерлігімен, мәдени ортамен анықталып, мінез-құлық ережелерімен және жеке тұлғаның дамуымен анықталады. Адамдар үшін этностық-мәдени сәйкестілік дегеніміз рефлексияға жатпайтын, «Мен кіммін және Мен кімдермен біргемін?» деген сұраққа ез бетімен жауап бере алуы.
Адамдар ұлттық мәдениетке көтерілу сатысында өз ұлтының құндылықтарын, ережелерін негізге алады.
Барлық анықтамаларда мәдениет туралы пікірталастар көп болғанымен оның мазмұньшының сабақтастығы, ұрпақтан ұрпаққа оның құндылықтарыньщ ауысьш, жалғасьш жататындығымен, тұрақтылығымен көрініс табады. Атап айтқанда, бұл игілік, мұрат ұлттыц сақталуын, бұзылмауын қамтамасыз етіп, тарихи тәжірибе мен табиғи ортаға бейімдейді. Осы негізде мәдениеттің дәстүрлі түрлеріне, ұлттық болмыстың жолын ұстауға мүмкіндік жасайды.
Ұлттық мәдениеттің қайта өркендеуі, оның тарихи аясының кеңеюі ұлт тағдыры үшін зор маңызды, ол ұлттың қабілеттілігін, рухани күшінің жеткіліктіліғін көрсетеді. Ұлттың рухани мұралары мен дәстүрлерін, қахармандык, ерлік салтын қастерлеу - ұлттық идеяньщ басты көзі болады, оның дүниежүзілік өркениеттер арасындағы өзіндік дербестігін нығайтады.
Л. С. Выготский жеке адамның эмоционалдык өрісінің дамуын көрсетуде өнер мен мәдениет оның қайта құрылуындағы негізгі құрал екендігін айтып, «өнер адамның асфектілі көрінісін өзгертіп, оның мінез-құлқының дамуында, әлеуметтенуінде келелі роль атқарады» - деген.
Ұлттық сананың қалыптасуындағы мәдениет, өнер рольдерін ашуда, оның маңызын көрсетуде де Л. С. Выготскийдің триадасы «сана - мәдениет - жүріс-тұрыс» туралы пікірін тыскары қалдыра алмаймыз. Себебі, әр ұлт өзінің ұлт больга қалыптасуында өзінің рухани мәдениеті: әдебиеті, өнері, ғылымы арқылы мінез-құлық, болмыс, сана-сезім ерекшеліктерін анық көрсетеді. Сөйтіп, өзінің өмір сүру ұзақтығы, мәдениетінің ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, ұлт бастамасы «баланың» өз мәдениетіне ену мүмкіндігімен анықталады [57] .
Әлеуметтік жағдайлардың: тұрмыс-тіршіліктің, әдет-ғұрыптың, салт-дәстүрлердің жеке адамның ұлт өкілі ретінде дамуындағы мәдениеттің ролін А. Г. Асмолов жеке адамның әлеуметтік типтік мінез-құлқы деп көрсеткен [58] .
Адамның қоршаған ортамен қатынасында адамзат бірлестігінің мәдени құндылықтар потенциалы байқалады. Ол медиатор арқылы (Л. С. Выготский) -белгі, сөз, символ, салт-жоралар, этностық-мәдени белгілер, олар санада халықтың тіршілік әрекетінің дамуы мен ұйымдастыру тәсілі жайлы білім ретінде белгіленіп, болмысты жалпылап бейнелейтін мәнге айналады. Солар арқылы ғана табиғи психикалық формалар мәдени адам қабілетіне айналады дейді А. Н. Леонтьев [59] . Нәтижесінде индивид өз мәдениетін меңгереді. Мінез-құлық мәдениеті (қажетгіліктер, аффектілер, қарым-қатынас, әрекет), рухани мәдениет (ойлау мәдениеті, сөз мәдениеті), психикалық табиғи формасы мәдени формасы бола бастайды.
Этностық мәдениет әрбір этнос мәдениетінің өзге этностардың мәдениетінен өзіндік сипаттары бойынша ерекшеленеді. Мұндай сәйкестіліктің негізі этностық кезеңдегі өзіне-өзі ұқсастығы мен оның мәдениетінің дамуындағы сабақтастық болып табылады. Бұл - мәдениеттің басқа этникалық мәдениеттерге ықпал ету қабілетін туындатады.
Ж. Ж. Наурызбай «этникалық сәйкестілік маңызды проблемалардың бірі . . . Оған этникалық өзіндік сана-сезім, өзіндік тұрмыс, ұлттық мінез, «басқалармен» салыстырғанда белгілі топқа жататынын сезінуі кіреді. Этникалық сәйкестілікті нақтылау - ол этностық-мәдени сәйкестілік болып табылады. Этностық-мәдени сәйкестілік адамдардың әлеуметтік-мәдени жүйесі арқылы беріледі» - дейді [60] .
Этностық мәдениетті қалыптастыруда оқу-тәрбие факторлары әсер етеді. Сонымсн қатар оған биологиялық және басқа да әлеуметтік факторлардың әсерін де ұмытпауьшыз қажет. Жеке тұлғаның психологиялық және физиологиялық, анатомиялық ерекшеліктерін есепке ала отырып, біз жеке тұлғаның этностық мәдениетін қалыптастыруға оқу-тәрбие факторларының әсері көп екенін айтамыз.
Этностық мәдениетті қалыптастыру үдерісінде тәрбиелеу мен оқытудың ролін корнекті ғалымдардың пікірлерінен көруге болады.
Этностық мәдениет қалпына халықтың әлеуметтік-мәдени жүйесі арқылы қол жетеді. Бұл этностық мәдениетке жетуге септігін тигізетін тетіктер жиьштығының дәл өзі. Оған біз мектепке дейінгі балалар мекемелерін, оқу орындарын, ұлттық-мәдени орталықтарды және т. б. жатқызуға болады.
Қандай мемлекетке де барша мемлекетгік құрылымы тәуелсіз мемлекеттік белгілермен сәйкес келетін сәйкестілік жағдайына қол жеткізу - әмірлік кажеттілік. Бұған жетуде өзіндік сәйкестілік процестерінің тоғысуы ерекше. Мұнда, бір жағынан, мемлекеттің біртұтас халқының бір бөлігі ретінде барлық азаматтардың, ел аумағында қызмет етіп жатқан мемлекеттік құрылымдардың және барша саяси күштердің қалыптасқан жағдайға берген бағасы айрықша маңызға ие болса, екінші жағынан, тәуелсіз мемлекет ретінде Қазақстанға халықаралық қоғамдастықтың берген бағалауы да басым роль атқарады.
Этностық мәдениетті қарастырғанда бір мәселені еске алған жөн болар еді. Өзінің ұлттық түбірінен қол үзген адамды толыққанды тұлға санауға болмас та, бірақ, этникалық мәдениет рухында тәрбиеленсе де, басқа ұлттық әуенді білмеген, оны сезініп, түсінбейтін, адам да - рухани жарымжан. Ұлттық мәдениеттің қуатты таратушысы әрі оны жалпы адамзаттық мәдениетпен байланыстырушы ретінде оқу-тәрбие мекемелеріндегі балаларды өз халқының жүрек лупілін сезінуге, ұлттық асылдарды (тіл, зерде және т. б. ) көздің қарашығындай сақтауға, озық дәстүрлер мен тәжірибені дамытуға, бөгде мәдениетті, басқалардың да этникалық-ұлттық және мәдени-әлеуметтік қажетсінулерін түсініп, мойындауға үйретуге тиіс. Бұл үшін ол тәрбие берудің жоғары руханилыққа, ой-сана мен адамгершілікке бағытталған әдістері мен құралдарының бара-бар жиынтығын, тәлім-тәрбие әдістемесінің тың жолдарын игере білуі керек. Сондай-ақ, білім берудің мазмұны мен құрылымын да қайта қарау қажет.
Адамдарды ұлтқа біріктіретін шешуші күш - ұлттық сана-сезім. Неміс ғалымы Отто Бауэр өзінің «Ұлт мәселесі және социалдемократия» атты еңбегінде: «Ұлт дегеніміз - ортақ тағдыр, генетикалық және мәдени мұра негізінде қалыптасқан мінездің ортақтығы», - дейді. Ұлттық ерекшеліктің, даралықтьщ сақталуы, О. Бауэрдің айтуынша, дүниені бірден-бір қайталанбас өзінше қабылдайтын ұлттық апперцепция механизміне байланысты [61] .
Ұлтты біріктіретін де, ұлтты ұлттан айыратын белгі - ұлттық сана-сезім. Ол «біз» және «олар» деген әлеуметтік-психологиялық терең тамырлы, келелі құбылысқа негізделген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz