Қайта тәрбиелеу педагогикасы, пәннің мақсаты мен міндеттері, зерттеу әдістері


Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Гуманитарлық-педагогикалық сырттай оқу факультеті
СӨЖ
Тақырыбы: Қайта тәрбиелеу педагогикасы, пәннің мақсаты мен міндеттері, зерттеу әдістері.
Қабылдаған: Мелдебекова Ү.
Орындаған: Рахимжанова А.
Тобы: СМД-211дж
Түркістан - 2013 ж.
Қайта тәрбиелеу педагогикасы, пәннің мақсаты мен міндеттері, зерттеу әдістері.
Жоспары:
- Пәннің обьектісі, басқа пәндермен байланысы.
- Қайта тәрбиелеу педагогикасының зерттеу әдістері
- Қорытынды
Пәннің обьектісі, басқа пәндермен байланысы.
Еліміздегі келешек жас ұрпақты тәрбиелеуде, олардың рухани-адамгершілік, тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруда ауқымды тәрбиелеу үдерісіндегі қайта тәрбиелеу педагогикасының алатын орны ерекше. Осыған орай жеткіншек жастағы қиын балаларға қайта тәрбие беру талабы да өсіп отыр. Қазіргі заман талабына сәйкес болашақ ұрпақтың тәрбиесі мен тәртібін жетілдіру қажеттілігі басым. Халқымыздың ғасырлар бойы өз ұрпағын ар-ұжданы таза, адамгершілігі мол азамат тәрбиелеуде ұлттық тәрбие көздері де маңызды орын алған. Тәртіп бұзушылық, зорлық-зомбылық, дөрекілік, қатыгездік т. б. теріс әрекеттер қоғамымызда жеткіншек оқушылар арасында азаймай, керісінше, көбеюде. Отбасы тәрбиесінің бәсеңдеуі, мектеп пен отбасы тәрбиесіндегі сабақтастық пен бірліктің ішінара бұзылуы қиын бала проблемасын үдетіп отыр. Қайта тәрбиелеу педагогикасы қиын балаларға тәрбие беруде, олардың пайда болу, шығу себептерін анықтауда теориялық мәселелерді, сонымен бірге, қайта тәрбиелеу тәжірибелерімен танысуды, қиын баланы қайта тәрбиелеу әдіс-тәсілдерін қарастырады.
Пәннің мақсаты: Орта және кәсіптік орта білім беру мекемелеріндегі болашақ оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастырушы, оны жүргізуші педагог-психологтарды даярлауда студенттердің кәсіби дайындығын, ұстаздық шеберлігін, мәдениетін көтеру және жеткіншек, жасөспірім жастағы қиын балаларды қайта тәрбиелеу құралдары арқылы оқыту мен тәрбиелеудің әдістеріне үйрету. Болашақ педагог-психологты мектепте ұстаздық қызмет жасай отырып, қиын балалар мен оқушыларды анықтай білуге үйретіп, оқу процесінде, отбасында кездесетін олардың мінез-құлқын, жеке ерекшеліктерін есепке алу жолдарын меңгереді. Тиісті бағытта қиын балалармен қайта тәрбиелеу жұмыстарын істеу әдістеріне үйренеді. Сонымен қатар қиын балалардың пайда болуының алдын-алудағы теориялық білімдер жүйесін меңгереді.
Пәнді оқыту міндеттері:
болашақ педагог-психологтарды қайта тәрбиелеу педагогикасының тарихы мен теориясына, әдістеріне үйрету;
қиын балаларды қайта тәрбиелеу құралдарын пайдалану дағдылары мен біліктерін қалыптастыру;
көрнекі құралдар, дидактикалық материалдар жасау, оларды тәрбиелеу іс-әрекетінде, шараларында пайдалануға үйрету;
педагогикалық және әдістемелік әрекеттерге дайындау. Қиын балалармен жұмыс істеуде отандық, орыс ғалымдарының тәжірибесін, шетел ғалымдарының пікірлерімен таныстыру. Қиын балалардың туындау себептерін, оқу процесінде, мектеп, класс ұжымында оларды басшылыққа алу қағидалары, оқу-тәрбие процесінде олармен жұмыс істеудің, қайта тәрбиелеудің педагогикалық-психологиялық негізін, ондағы мұғалім қызметін анықтау.
Мына пәндермен байланысты: философия, эстетика, этика, құқықтану, мәдениеттану, қайта тәрбиелеу психологиясы, педагогика тарихы, тәрбие теориясы, этнопедагогика, Психология» (жеке тұлға), қайта тәрбиелеу психологиясы, іс-әрекет, психологиялық үрдіс, қарым-қатынас педагогикасы, «Мамандыққа кіріспе» (кәсіби іс-әрекет, маманның жеке тұлғасы, кәсіби іс-әрекеттің обьектісі, маман іс-әрекетінің функциясы, өзіндік білім алу) .
Қайта тәрбиелеу педагогикасының зерттеу әдістері.
Тәрбие кез келген қоғамның маңызды функциясын құрайды. Дамыған демократиялық қоғамда дүниетанымы жоғары, адамгершілік қасиеті мол, терең идеялы, сенімді, қоғамдық белсенді, болмысқа шығармашылық көзқараспен қарайтын жаңа адамды жеке адам ретінде тәрбиелеу басты мақсат пен міндетке айналып, қарым-қатынас құрудың маңызды шарты болып табылады.
Бұл міндетті шешу қазіргі психология-педагогикалық білім жүйесінде талданған ғылыми принциптерде іске асырылады және оларды үнемі теориялық жағынан дамытып отыруды көздейді.
Тәрбие психологиясын зерттеудің маңызды мәселелердің ішінде жеке адамды онтегенезде қалыптастырудағы негізгі деректерді, заңдылықты, кезеңдерді, шарттарды, механизмдерді және ерекшеліктерді ашу басты орын алады. Бұл мәселелер даму үрдісіндегі адамның іс-әрекеттерінің түбегейлі проблеммеларын, оның санасы мен жеке іс-қимылын жетілдіру тұрғысынан зерттеледі.
Жеке адамның моральдік-еріктік өрісін, адамгершілік санасын, адамгершілік түсініктерін, ұғымы мен принциптерін, сенімдерін, қылығын, адамгершілік негіздерін, адамгершілік сезімдерін, басқа адамдарға, қоғамға деген қарым-қатынасын білдіретін мінез-құлық тәсілдері мен әдеттерін қалыптастырудағы психологиялық механизмдерді аша отырып, тәрбие психологиясы даму үрдісіндегі жеке адамды белсенді «жобалауды», қазіргі балалық шақтың түрлі кезеңдеріндегі тәрбиелеу процесін ұйымдастырудың принциптері, шарттары мен ерекшелігінің жалпы заңдарын табады.
Тәрбие психологиясы оқушылардың тәрбие ықпалы жағдайындағы психикалық іс-әрекеттері заңдылықтарын шәкірттердің өзін-өзі тәрбиелеуінің психологиялық негізін аша отырып, осы механизмдердің жеке адам қасиетін қалыптастырудағы ықпалын зерттейді.
Әрбір жас кезеңдерінің өзгешелігін ескеру-тәрбие процесін ұйымдастырудағы қажетті шарт. Алайда ескеру-тәрбие жұмысының мазмұны мен формаларын белгілі бір жастағы балалардың психикалық дамуының межесіне бағындыру деген сөз емес. Баланың жеке басының нақ осы кезеңде бастарқы даму жағдайында тұрған, бірақ болашақ соған тиесілі сапаларын қалыптастыруды қамтамасыз ете отырып, дамыру перспективаларын ескеру маңызды. Нақ осы жағдайда жеке адамды жобалау процесі ұйымдастырылады, мұны құру, әлбетте, жеке адамның адамгершілік сфераларын қалыптастыруға сөзсіз ықпал жасайтын жеке адамның толып жатқан жеке-дара қажеттерін ескеруді де талап етеді.
Бала дамуының қайнар көздері мен жағдайларының, оның жеке басының қалыптасуын түсініп алмайынша, тәрбиенің психологиялық механизмдерін ашып беру мүмкін емес. Адамның әлеуметтік тіршілік иесі ретіндегі тіршілік етуінің, дамуының, адам қажеттерін іске асырудың айқындаушы шарты, яғни адамның жеке адам ретіндегі даму шарты - адам араласатын көп қырлы іс-әрекеттер жиынтығы. Іс-әрекеттің даму, күрделену баланың психикасының дамуын айқындайды. Сондықтан тәрбие міндеттерін шешу адам іс-әрекеттерінің өзара бағыныңқылығының психологиялық заңдылықтарына, олардың динамикасына сүйенуге тиіс. Тәрбиелік ықпал жасау жүйесін құру кезінде бала араласатын іс әрекеттің алуан түрлерінің сипаты мен ерекшеліктерін, олардың маңызын, көлемі мен мазмұнын ескеру қажет.
Қоғамның моральдік нормалары мен талаптарына сәйкес келмейтін мінез-құлықты әдетте әлеуметтік жат деген терминмен белгілеу қабылданған.
«Қиын» аталатын балалар-педагогикалық назардан тыс қалған балалар. «Қиын»деген термин қазіргі практикада жеке басын тәртіпке салу қажет балалардың кең ордасын білдіреді. Бұған ересектердің талабына, кеңесіне қарсылық көрсететін тілазар, ерке, қыңыр балалар да жатады. Мұндай ауытқудың іс-жүзіндегі себебін анықтау оларға қатаң талап қоя және іс-әрекеттің қжымдық формаларына енгізе отырып, балалардың қажеттілігі мен ынтасына назар аудару-еркелік, тілазарлық болдырмау мен оны жеңудің негізгі жолы. Балалардың белгілі бір бөлігі сотқарлығымен, тәртіпсіздігімен, дөрекілігімен ерекшеленеді. Баллардың ерекше тобын мінез-құлқына еңбекке құштар ықыласы мен әдеті жоқ, жалқау балалар құрайды. Тәрбиешілерге мұндай баланың ұмтылысын, күш-жігер көрсетуін аңғарту және мадақтау, оның бойында еңбекке деген қажетсінуін ояту, сан алуан іс-әрекеттен қуаныш табуды үйрету өте қажет.
Ең теріс қасиет - жалған айту болып табылады. Ондай балалар да бар. Мұндай кемшілікпен күресе отырып, қиялдау мен шындықты әдейі бұрмалауды ажырату қажет. Жалған айту жаза алудан қорқудың да, жағымсыз қылықтарын жасыруға ұмтылудың да, өзін таныту, айналасындағылардың назарын өзіне аударудың да салдары болуы мүмкін. Балалардың жолдастықты өзінше бір түсінуі, жолдасының теріс қылығын жасыру амалы ретінде де өтірік айту жиі кездеседі.
«Қиын» балалармен жұмыс істеу:
1. Балаға ілтипатпен, ізгі тілектестікпен қарау.
2. Оның жағымсыз қасиеттеріне сүйену; оның адамгершілік күшіне, потенциял-
-ды мүмкіндіктеріне сену сияты өте биязылық дара қатынас қажет.
Тәртіп бұзушы жеткіншектерде оқуға деген ынта жойылды.
«Қиын» мектеп оқушысының жеке басының қалыпты адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру үшін тәрбие ықпалдарының жүйесін құрудың алғашқы кезеңдерінің бірі-тиісті жағдай және сөзсіз талаптылықты сақтай отырып, ересектердің ойластырылған қатынасын құру.
Әртүрлі балаларда берілген көп салалы іс-әрекет жүйе, жеткіншектердің жолдастарымен педагогтармен қарым-қптынасы ерекше болады. Оларды осы іс-әрекетіне қарап бірнеше топтарға бөлуге болады: Бірінші топ. Бұл топтың балаларына жолдастық, батырлық туралы теріс түсінік қалыптасқан, ұялу сезімі өте нашар дамыған. Олар арсыз, дөрекі, төбелесқор болып келеді.
Екінші топ. Бұл топтың өкілдері артықшылық жағдайға ұмтылып, әлсіздерді, кішілерді қыспаққа алады. Олар тәртіпті оқтын-оқтын бұзып отырады.
Үшінші топ. Бұл топтың балалары өздері жасаған тәртіп бұзушылықтардың лайықсыздығын түсінеді. Алайда балалар бойындағы дұрыс адамгершілік көзқарастар нанымға айналмаған, сондықтан қанағаталуға деген эгоистік ұмтылыстар немесе тап болған жағдайға қарсы тұра білмеу қоғамға қарсы теріс қылықтар туғызып, моральға жат тәжірбиенің жинақталуына алып келеді.
Төртінші топ. Нашар деформацияланған қажеттіліктері бар оқушылар құрайды. Балалар өз күштеріне сенбеумен, жігерлі жолдастарының алдында жағынумен сипатталады.
Бесінші топ. Бұған тәртіп бұзу жолына кездейсоқ түскен мектеп балалары кіреді. Олар жігерсіз әрі ықпалға иілгіш келеді.
«Қиын» балаларды осылай типке бөлу тәрбие ықалы жүйесін тұтасымен мүм -кіндік беріп қоймай, сонымен бірге, қиын қақтығыс жағдайында тұрған әрбір балаға жеке дара қатынас жасауды жүзеге асыруға жол ашады. Мұнда «Қиын» мектеп оқушыларын жан-жақты қоғамдық пайдалы іске тарту жұмысының жүйесі өте маңызды. Бұл қызметті ұйымдастырғанда олардың ерекшеліктерін ескереді, оны көп салалы ұжымның тарам-тарам жүйесі іске асырады. Дәл осындай мақсатқа сәйкес құрылған жүйе балалардың әлкуметтік жат мінез-құлықтарын бірте-бірте жойып, «қиын» мектеп оқушыларына тән жағымсыз қасиеттерді түзеп қана қоймай, олардың бойында жеке адамның тұрақты моральдік жігер сапасын қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
«Қиын» балалардың қоғамдық пайдалы іс-әрекетінің жүйесін ұйымдастыру мәні, негізгі мағынасы, принциптерімен тәсілдері «қалыпты» балалармен бірдей.
Олар әдетте қиын бала болып көрінуі мүмкін. Бірақ кейбір кездерде басқаларға деген жақсы қасиеттері және басқаларға деген көмегімен көзге көрінерлік жұмыстар атқаруы мүмкін. «Қиын» балалар өмірде қатты адасқандар. Ия, әркім адасуы мүмкін, бірақ оларда дұрыс түсінік пайда болуы керек. Олардың өмірде жіберген қателіктерін жөндеп, өмірге жаңа көзқарас қалыптастыру қажет.
Қорытынды
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz