«Мемлекеттік құқық теориясы» пәні бойынша дәріс сабақтарының контактілік мәліметтері
№1. Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдісі
№2. Мемлекеттің пайда болуы
№3. Мемлекет мәні мен функциялары, тектері.
№4. Мемлекет нысаны
№5. Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің орны

Мемлекет пен құқық теориясы дегеніміз – қоғамның жалпы заңдылықтарын, құқықтық өмірді ұйымдастырудың принциптерін және теориясын анықтайтын, болжайтын белгілі бір жүйедегі қоғамтану ғылымы.
Мемлекет және құқықтың жалпы теориясының пәні – мемлекет пен құқықтың пайда болуының, дамуының және қызмет етуінің жалпы заңдылықтары.
Кез келген ғылымның өз пәні, өзі зерттейтін заңдылықтарының анықталған шеңбері болады. Зандылықтар дегеніміз – белгілі бір құбылыстардың маңызын білдіретін шынайы тұрақты қатынастар. Мемлекет пен құқық теориясының пәнін мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың өмір сүруі мен дамуының жалпы заңдылықтары құрайды.
Сонымен, өзіне тән ерекшеліктерін ескере отырып мемлекет пен құқық теориясына мынандай сипат беруімізге болады:
а) мемлекет пен құқық теориясы қоғамдық ғылым, себебі ол қоғамдық өмірдің анықталған бөлігі – мемлекет пен құқықты зерттейді;
ә) тікелей мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды зерттейтіндіктен, құқықтық ғылым;
б) барлық құқықтық ғылымдарға қатысты жалпы мәселелерді зерттейтіндіктен, жалпы теориялық құқықтық ғылым;
в) тереңдетілген байланыстар мен қатынастарды ашудың негізінде басты қорытындыларды жасайтындықтан, негіз салушы (фундаменталды) ғылым;
г) салалық заң ғылымдарымен өзара байланысты бағыт беруші, әдістемелік мәндегі ғылым;
д) құқықтық ғылым курсына кіріспе ғылым, себебі ол мемлекеттік-құқықтық құбылыстарға біртұтас сипаттама беру кезіндегі заңдық түсініктердің негізгі жүйесін қалыптастырады.

Негізгі әдебиеттер:
1. Ағдарбеков Қ. Мемлекет және құқық теориясы. Қарағанды, 2001.
2. Байжанова Г.Т., Әділбекова Қ.Қ. Мемлекет және құқық теориясы пәні бойынша мемлекет бөліміне арналған дәрістер жинағы. Қарағанды, 2003.
3. Жоламан Қ.Д., Мұқтарова А.К., Тәуекелов А.Н. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 1999.
4. Ибраева А.С., Сапарғалиев Ғ.С. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 1998.
Қосымша әдебиеттер:
1. Байжанова Г.Т., Әділбекова Қ.Қ. Мемлекет және құқық теориясы пәні бойынша терминдердің түсіндірме сөздігі. Қарағанды, 2001.
2. Гревцов Ю.И. Очерки теории и социологии права. 1996.
3. Историческое и логическое в познании государства и права. Л., 1988.
4. Казимирчук В.П. Право и методы его изучения. М., 1965.
5. Карбонъе Ж. Юридическая социология. М., 1986.
6. Козлов В.А. Проблемы предмета и общей методологии права. Л., 1989.
7. Сырых В.М. Метод правовой науки: основные элементы, структура. М., 1980.

Мемлекеттік құқық теориясы пәні бойынша дәріс сабақтарының контактілік
мәліметтері
Контактілік дәріс сабақтарының кестесі
№ Тақырыптар Сағат саны
1. №1. Мемлекет және құқық теориясының пәні мен4
әдісі
2. №2. Мемлекеттің пайда болуы 4
3. №3. Мемлекет мәні мен функциялары, тектері. 4
4. №4. Мемлекет нысаны 2
5. №5. Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің 2
орны
Барлығы 16
№ 1. Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдісі
Мемлекет пен құқық теориясы дегеніміз – қоғамның жалпы заңдылықтарын,
құқықтық өмірді ұйымдастырудың принциптерін және теориясын анықтайтын,
болжайтын белгілі бір жүйедегі қоғамтану ғылымы.
Мемлекет және құқықтың жалпы теориясының пәні – мемлекет пен құқықтың
пайда болуының, дамуының және қызмет етуінің жалпы заңдылықтары.
Кез келген ғылымның өз пәні, өзі зерттейтін заңдылықтарының анықталған
шеңбері болады. Зандылықтар дегеніміз – белгілі бір құбылыстардың маңызын
білдіретін шынайы тұрақты қатынастар. Мемлекет пен құқық теориясының пәнін
мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың өмір сүруі мен дамуының жалпы
заңдылықтары құрайды.
Сонымен, өзіне тән ерекшеліктерін ескере отырып мемлекет пен құқық
теориясына мынандай сипат беруімізге болады:
а) мемлекет пен құқық теориясы қоғамдық ғылым, себебі ол қоғамдық
өмірдің анықталған бөлігі – мемлекет пен құқықты зерттейді;
ә) тікелей мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды зерттейтіндіктен, құқықтық
ғылым;
б) барлық құқықтық ғылымдарға қатысты жалпы мәселелерді
зерттейтіндіктен, жалпы теориялық құқықтық ғылым;
в) тереңдетілген байланыстар мен қатынастарды ашудың негізінде басты
қорытындыларды жасайтындықтан, негіз салушы (фундаменталды) ғылым;
г) салалық заң ғылымдарымен өзара байланысты бағыт беруші, әдістемелік
мәндегі ғылым;
д) құқықтық ғылым курсына кіріспе ғылым, себебі ол мемлекеттік-
құқықтық құбылыстарға біртұтас сипаттама беру кезіндегі заңдық
түсініктердің негізгі жүйесін қалыптастырады.
Мемлекет пен құқық теориясы пәнінің өзіне тән ерекшеліктерін білу үшін
зерттелетін ғылымның басқа да қоғамдық және құқықтық ғылымдармен байланысын
қарастыруымыз қажет. Қоғамдық өмірдің ең өзекті мәселесі - мемлекет пен
құқық тек мемлекет пен құқық теориясының ғана емес, басқа да философия,
экономикалық теория, әлеуметтану, саясаттану, тарих, психология, логика
тәріздес қоғамдық ғылымдардың зерттеу обьектілеріне жатады.
Мемлекет пен құқық теориясы мен басқа қоғамдық ғылымдардың арасындағы
байланысты сипаттауда екі түрлі қағида маңызға ие болады. Біріншіден,
мемлекеттік құқықтық құбылыстарды зерттеу кезінде басқа әлеуметтік
шынайылықтан алшақ кетуге болмайды. Сондықтан, мемлекет пен құқықты зерттеу
кезінде басқа қоғамдық ғылымдардың жеткен жетістіктері міндетті түрде
қолданылады. Екіншіден, құқықтық шынайылық басқа құбылыстармен байланысып
жатқандықтан, қоғамдық өмірдің басқа салаларын - экономикалық, мәдени,
саяси және тағы басқалар зерттеу заң ғылымдарының, соның ішінде мемлекет
пен құқық теориясының көмегінсіз толық бола алмайды.
Сонымен, мемлекет пен құқық теориясының басқа қоғамдық ғылымдармен
байланысы екі түрлі сипатқа ие болады. Бір жағынан, мемлекет пен құқық
теориясы қоғамдық ғылымдардың жетістіктерін пайдаланса, екінші жағынан,
қоғамдық ғылымдар мемлекет пен құқық теориясының тұжырымдарына сүйенеді.
Бұндай қорытынды ғылыми білімнің бірлігі мен өзара байланысы қағидасынан
шығады.
Құқықтық ғылымдардың ерекшеліктеріне келсек, олар мемлекеттік құқықтық
шынайылықтың өзекті мәселелерін арнайы зерттеумен шұғылданады. Барлық
құқықтық ғылымдарды өз пәндерінің ерекшеліктеріне байланысты бірнеше
топтарға жіктеуге болады.
Теориялық құқықтық ғылымдар мемлекеттік құқықтық құбылыстардың аса
маңызды жалпы сұрақтарын зерттейді. Тарихи құқықтық ғылымдар мемлекеттік -
құқықтық мекемелердің (мемлекет пен құқық тарихы) немесе мемлекет пен
құқық ілімдерінің (саяси құқықтық ілімдер тарихы) даму процессін
қарастырады.
Салалық құқықтық ғылымдар (конституциялық, қылмыстық, азаматтық,
әкімшілік, еңбек және т.б.) нақты құқықтық мекемелер мен нұсқауларды және
тиісінше құқықтық практиканы зерттейді.
Қолданбалы құқықтық ғылымдар (криминалистика, сот медицинасы, сот
психиатриясы және т.б.) табиғи және техникалық ғылымдардың жетістіктерін,
құқықтық мәселелерді шешу үшін қолданылады.
Заңдық ғылымдар жүйесінде мемлекет және құқық теориясының алатын орны
ерекше. Мемлекет және құқық теориясы мен тарихи-заңдық ғылымдардың
ұқсастығы олардың мемлекет пен құқықты тұтас қарайтындығына байланысты,
айырмашылығы тарихи-заңдық ғылымдар зерттеу барысында мемлекеттік-құқықтық
нысандарды даму үрдісінде хронологиялық тәртіппен, тарихи әдістерді қолдана
отырып зерттейді, теория осы құбылыстарды тұжырымдап, олардың дамуының
жалпы заңдылықтарын анықтауға тырысады, логикалық әдісті қолданады.
Салалық заңдық ғылымдарға қатысты мемлекет және құқық теориясы
тұжырымдаушы роль атқарады. Ол мемлекет пен құқықтың дамуы мен қызмет
етуінің барынша жалпы заңдылықтарын зерттеп қорытындылайды, барлық салалық
заң ғылымдарына ортақ мәселелерді қарастырады, әдістемелік, бағыттаушы роль
атқарады. Сонымен қатар өзі де салалық заң ғылымдарының жетістіктерінен нәр
алады, яғни ондағы фактілі материалдарды өңдеп, қажетіне жаратады. Мемлекет
және құқық теориясының өзге заңдық ғылымдармен арақатынасы өзара тығыз
байланысты екі жақты қатынас екендігіне көз жеткіздік.
Әрбір ғылымның зерттеу пәнімен қатар зерттеу әдістері де болады.
Методология дегеніміз – білім алу үшін ғылымда қолданылатын тәсілдер,
ережелер және қағидалар жиынтығы. Мемлекет пен құқық теориясының зерттеу
әдістері екі үлкен топтан құралады:
-жалпы ғылымдық зерттеу әдістері
- жеке ғылымдық зерттеу әдістері.
Жалпы ғылымдық зерттеу әдістері – барлық ғылымдармен қолданылатын жалпы
зерттеу әдістері, барлығына ортақ қағидалар. Оларға анықталған философиялық
бағыттарды жатқызуымызға болады. Қазіргі кезеңде жалпы ғылыми зерттеулер
материализм мен диалектикаға сүйенеді.
Жеке ғылыми зерттеу әдістері дегеніміз – нақты білім алу үшін
қолданылатын ережелер, тәсілдер, әдістер жиынтығы. Олар зерттеу процессінің
деңгейі мен бағытына байланысты көптүрлі болады.
- Нақты-әлеуметтік тәсілдер негізінен ғылыми ақпарат жинау кезінде
қолданылады. Оларға жататындар: бағдарлау – мемлекет пен құқық теориясында
бағдарлау обьектілеріне құқықтық практика мен мемлекеттік мекемелер жатады.
Сұрау, анкета жүргізу, сұхбаттасу, сараптама және т.б. әдістер арқылы
субъектілердің мемлекеттік-құқықтық аймақтағы нақты әрекеті туралы мәлімет
жинауға болады.
Мемлекет пен құқық теориясында қолданылатын негізгі әдістердің бірі –
логикалық әдіс. Логика – ойлау тәсілдері мен әдістері туралы ғылым. Заң
ғылымының зерттеу процесінде анализ және синтез тәсілдері де қолданылады.
Анализ – теориялық және тәжірибелік зерттеу процесінде күрделі обьектілерді
талдау, құрамды бөліктерден жіктеп ажырату. Синтез – сол талданған
бөліктерді жинақтап қосу арқылы белгілі бір объектіні, затты құрастыру.
Жеке ғылыми зерттеу әдістерінің түрлеріне: формалды-заңдық, жүйелік,
функционалдық, статистикалық, әлеуметтік, салыстыру жатады.
Формалды – заңдық әдіс заңдық түсініктерді анықтауға, олардың
қасиеттерін ажыратуға, жіктеу жүргізуге, құқықтық нұсқауларды түсіндіруге
мүмкіндік береді.
Жүйелік тәсіл – қоғамдағы мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды жүйеге,
салаға топтастырып зерттеу.
Функционалдық тәсіл – қоғамдағы заңды құбылыстардың әлеуметтік бағытына,
маңызына, қызметіне қарай жіктеп зерттеу жүргізу.
Статистикалық әдіс – заңды құбылыстардың санды деректеріне, фактілеріне
сүйене отырып зерттеу жүргізу.
‡лгілік әдіс – болған құбылыстың үлгісін жасап, сол арқылы істің
мазмұнын, көлемін жобалап барып зерттеу жүргізу.
Әлеуметтік тәсіл – жүйелік, функционалдық, стстистикалық, үлгілік
тәсілдер арқылы жүргізілген зерттеулердің қорытынды нәтижелерін біріктіріп
зерттеуді жалғастыру.
Салыстырмалы – құқықтық әдіс – бірнеше мемлекеттерді, құқықтарды
салыстырмалы зерттеу және олардың тарихи даму процестерінде теңестірмелі
әдіспен зерттеу жүргізу.
Мемлекет және құқық теориясы курсының жүйесі. Мемлекет пен құқық
теориясы екі үлкен бөлімге бөлініп қарастырылуда: мемлекет теориясы және
құқық теориясы. Мемлекет теориясында мемлекет түсінігінің, мемлекеттіліктің
пайда болуының және тарихи дамуының жалпы мәселелері, мемлекеттің және
мемлекеттік аппараттың қызметтері мен үлгілері, қоғамның саяси жүйесіндегі
мемлекеттің алатын орны мәселелері қарастырылады. Ал, құқық теориясында
құқық түсінігі, құқықтың пайда болуы және тарихи дамуы, құқық нормалары
және жүйесі, құқықтық нормативтік актілер, құқықтық сана, құқықтық қатынас,
құқықты жүзеге асыру, құқықбұзушылық, құқықтық жауапкершілік, заңдылық және
тағы да басқа көкейтесті мәселелер қарастырылады.
Мемлекет және құқық теориясының қазіргі заңгердің заңдық дүниетанымы
мен құқықтық мәдениетін қалыптастырудағы ролі.
Отандық мемлекет және құқық теориясы, оның дамуы.
Негізгі әдебиеттер:
1. Ағдарбеков Қ. Мемлекет және құқық теориясы. Қарағанды, 2001.
2. Байжанова Г.Т., Әділбекова Қ.Қ. Мемлекет және құқық теориясы пәні
бойынша мемлекет бөліміне арналған дәрістер жинағы. Қарағанды, 2003.
3. Жоламан Қ.Д., Мұқтарова А.К., Тәуекелов А.Н. Мемлекет және құқық
теориясы. Алматы, 1999.
4. Ибраева А.С., Сапарғалиев Ғ.С. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы,
1998.
Қосымша әдебиеттер:
1. Байжанова Г.Т., Әділбекова Қ.Қ. Мемлекет және құқық теориясы пәні
бойынша терминдердің түсіндірме сөздігі. Қарағанды, 2001.
2. Гревцов Ю.И. Очерки теории и социологии права. 1996.
3. Историческое и логическое в познании государства и права. Л.,
1988.
4. Казимирчук В.П. Право и методы его изучения. М., 1965.
5. Карбонъе Ж. Юридическая социология. М., 1986.
6. Козлов В.А. Проблемы предмета и общей методологии права. Л.,
1989.
7. Сырых В.М. Метод правовой науки: основные элементы, структура.
М., 1980.
№2. Мемлекеттің пайда болуы
Алғашқы қауымдық қоғамның экономикасы ортақ меншікке негізделген және
онда екі түрлі қағида жүзеге асырылған: 1) рецепроктылық - барлық табылған
өнім ортаға жинақталған, 2) редистрибуция – ортақ табыс барлығына бірдей
тең негізде бөлінген.
Алғашқы қауымдық құрылыстың әлеуметтік негізі – ру, яғни туыстық
байланыстардың дәнекер болуына және шаруашылықты бірлесіп жүргізуіне
негізделген адамдардың тарихи қалыптасқан бірлестігі болды. тайпа көсемін
сайлаған. Бұлардың билігі әлеуметтік биліктің негізін құраған.
Оның негізгі белгілері: а) әлеуметтік билік тек ру шеңберінде таралып,
оның еркін білдіреді және қандас туыстыққа негізделеді;
ә) ол тікелей қоғамдық болып, алғашқы қауымдық демократия, өзін-өзі
басқару бастамасында құрылады;
б) алғашқы қауымдық қоғамның барлық маңызды мәселелерін шешу кезінде
билік органдары ретінде ру жиналыстары, көсемдер және әскери басшылар
танылады.
Әлеуметтік нормалар дегеніміз адамдардың күнделікті тұрмыс-
тіршіліктерін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, әлеуметтік-экономикалық
негізде айқындалған, сана-сезім еркімен қалыптастырылған адамдардың мінез-
құлық ережесі. Мемлекет пайда болғанға дейінгі кезеңде өмір сүрген
нормалардың белгілері:
а) алғашқы қауымдық қоғамдағы қатынастар - әдет -ғұрыптармен, яғни
тарихи қалыптасқан, бір ұрпақтан екінші ұрпаққа беріліп, дәстүрге айналған
әрекет тәртібі нормаларымен реттеліп отырған;
ә) жазбаша түрде бекітілмесе де, адамдар әрекеті мен санасында өмір
сүрген;
б) негізінен дәстүрге айналу күшімен, сондай-ақ сендіру және мәжбүрлеу
(рудан аластау) шараларымен қамтамасыз етіліп отырған;
в) барлық ру және тайпа мүшелерінің мүдделерін білдірген.
Мемлекет ерте таптық қоғамның саяси, құрылымдық, аумақтық ұйымы ретінде.
Мемлекет - қоғамдағы аса маңызды таптық қатынастарды және өзге де жалпы
адамзаттық мәселелерді шешуді және орындауды қамтамасыз ететін, тарихи
қалыптасқан қоғамды ұйымдастыратын бірден-бір жан-жақты әмбебап саяси ұйым.
Мемлекетті алғашқы қауымдық қоғамдағы әлеуметтік өкіметтен ажырататын
мынадай негізгі белгілері:
1. Қоғамнан ажыратылған ерекше көпшілік (жария) биліктің болуы.
Мемлекеттік биліктің ерекше белгісі - оның жалпылық және әмбебаптық
сипатында.
2. Тұрғындардың аумақтық ұйымдастырылуы.
3. Тұрғындардан салықтарды жинау
4. Мемлекетте арнаулы мәжбүр ету аппараты болады.
5. Жалпыға міндетті нормативтік актілердің болуы.
6.Мемлекеттің келесі негізгі ерекшелігі – егеменділігінің болуына
байланысты. Мемлекет егемендігі - мемлекеттік биліктің саяси-құқықтық
ерекшелігі, оның ішкі басқа биліктен және шет мемлекеттерден тәуелсіз өз
мақсаттарын шешуге құқығы және еріктілігі.
Мемлекеттің әлеуметтік маңызындағы дуализм: мемлекет қоғамды басқару
құралы және таптық қайшылықтарды шешу құралы ретінде.
Мемлекет өндіруші экономиканы қамтамасыз ететін әлеуметтік институт
ретінде.
Мемлекеттің шығуының негізгі теориялары: материалистік теория, табиғи-
құқықтық теория, органикалық теория, күш көрсету теориясы, психологиялық
теория, діни, технократиялық, патриархалды, келісімдік және өзгелер.
Мемлекеттің шығу нысандары: шығыстық, афиндік, римдік, германдық және
өзгелер.
Мемлекет анықтамаларының әртүрлілігі. Мемлекет қоғамның саяси, құрылымдық
және аумақтық ұйымы ретінде. Мемлекет мәніндегі жалпы әлеуметтік және
таптық. Мемлекет саяси-құқықтық қауымдастық ретінде. Мемлекеттік егемендік.
¦лт және мемлекет. Мемлекет пен экономиканың өзара байланысы. Мемлекеттілік
дамуы. Мемлекеттің даму кезеңдері. Әр түрлі халықтарда мемлекеттіліктің
дамуының әртүрлілігі.

1. Алексеев А.С. К учению о юридической природе государства и
государственной власти. М., 1995.
2. Бачило И.Л. Факторы, влияющие на государственность Государство и
право. 1993. № 7.
3. Берман Г. Западная традиция права: эпоха формирования. М., 1994.
4. Бутенко А. П. Государство: его вчерашние и сегодняшние трактовки
Государство и право.1993. № 7
5. Власть. Очерки современной политической философии Запада. М., 1989.
6. Косарев А. И. Происхождение и сущность государства. М., 1969.
7. Нурпеисов Е.К., Котов А.К. Государство Казахстан: от ханской валсти
- к президентской республике. – Алматы: Жеты жаргы, 1995.
8. Филиппов Г. Г. Социальная организация и политическая власть.
М.,1985.
9. Энгельс Ф. Семьяның, жеке меншіктің және мемлекеттің пайда болуы.
Алматы,1982.
№3. Мемлекет мәні мен функциялары, тектері.
Мемлекет мәні – оның мазмұнын, мақсатын, қызмет етуін, яғни билік және
оның тиесілік мәселелерін анықтайтын басты ерекшелік. Мемлекет мәнін
қарастыру барысында оның екі жағына назар аудару қажет. Біріншіден, әрбір
мемлекет саяси билікті ұйымдастырушы болып табылады. Бұл мемлекет мәнінің
формалды жағы көрсетеді. Екіншіден, бұл ұйым кімнің мүддесіне қызмет
ететіндігін анықтау қажет, бұл оның мәндік жағын білдіреді.
Мемлекет теориясында аталған екі негізгі: таптық және жалпы әлеуметтік
қөзқараспен қатар, мемлекет мәнін анықтаудың діни, ұлттық және нәсілдік
көзқарастары да танылған. Басқаша айтқанда, мемлекет мәні көпжақты.
Мемлекет мәнін анықтайтын теориялар:
- элита теориясы;
- технократиялық теория;
- плюралистік демократия теориясы.
Мемлекет функциясы – қоғам дамуының белгілі бір кезеңіндегі мемлекеттің
әлеуметтік мәні мен маңызын, рөлін көрсететін оның әрекетінің басты
бағыттары. Мемлекет функциясы әр түрлі негіздер бойынша жіктеледі. Кеңестік
ғылымда мемлекет функциясын ішкі және сыртқы қызмет деп бөле қарастырған.
Ішкі қызмет елдің өз ішінде жүзеге асырылады және саяси билікті іске
асырумен байланысты; сыртқы қызмет - мемлекеттің өзге елдермен қарым-
қатынасын қамтиды. Бұл жерде айта кететін мәселе, мемлекет функциясын ішкі
және сыртқы деп бөлудің шарттылығы. Қазіргі кезеңде кез келген мемлекетпен
жүзеге асырылатын мемлекет функциясын төрт топқа жіктеу танылған:
- мемлекеттің экономикалық функциясы. Оған экономиканың дұрыс қызмет
етуін және дамуын әртүрлі шаралардың (елдегі меншік нысандарын қорғау,
сыртқы экономикалық байланыстарды ұйымдастыру және нығайту...) көмегімен
қамтамасыз ету жатады.
- саяси қызмет. Бұған мемлекеттік және қоғамдық қауіпсіздікті, сондай-ақ
әлеуметтік және ұлттық келісімді қамтамасыз ету, өзара күресуші әлеуметтік
күштердің қарсылығын басу, ел егемендігін ішкі және сыртқы күштердің қол
сұғушылығынан қорғау мәселелерін шешу жатады.
- мемлекеттің әлеуметтік функциясы. Мемлекет тұрғындарының құқықтары мен
бостандықтарын қорғау, азаматтардың әлеуметтік қажеттіліктерін
қанағаттандыру шараларын іске асыру, тұрғындардың қажетті өмір сүру
деңгейін қолдау, еңбек жағдайын, оның ақысын, тіршілік деңгейін қамтамасыз
ету мәселелерін шешеді.
- идеологиялық қызмет. Мемлекеттің аталған функциясыне елдегі басым
идеологияны қолдау, білім беруді ұйымдастыру, ғылымға, мәдениетке қолдау
көрсету тәріздес жұмыстар жатады.
Мемлекет функциясын жүзеге асыру нысандары құқықтық және
ұйымдастырушылық болып екіге бөлінеді. Құқықтық нысандарға құқық
шығармашылық (нормативті актілерді дайындау және қабылдау), құқыққолдану
(нормативті актілерді іске асыру) және құқық қорғау (адам және азамат
құқықтары мен бостандықтарын қорғау, құқық бұзушылықтың алдын алу және
кінәлі жанды заңды жауапкершілікке тарту) әрекеттері жатады.
¦йымдастырушылық нысандар арасынан экономикалық (несиелеу, мемлекеттік
тапсырыстар, бағаны реттеу және т.б.), саяси (әртүрлі саяси ағымдарды ортақ
келісімге келтіру, халықаралық келісімдер және т.б.), идеологиялық (халыққа
үндеу, күнделікті тәрбиелеу жұмыстары, үгіт-насихат және т.б.) және тікелей
ұйымдастырушылық (жоспарлау, бағдарлау, тексеру және т.б.) әрекеттерді
бөліп көрсетуге болады. Ал әдіс-тәсілдерінің қатарынан сендіру немесе
мәжбүрлеу, көтермелеу немесе жазалауды көруге болады.
Мемлекет типологиясы – сан алуан мемлекеттердің өздеріне тиісті тұтастай
алынған маңызды қасиеттері мен жақтарының жиынтығы және жалпылама
ерекшеліктерінің жүйесі. Қазіргі кезеңде мемлекет типологиясына екі түрлі
көзқарас орын алған: өркениеттік және формациялық.
¤ркениеттік көзқарас бойынша жіктеудің негізгі өлшемі ретінде руханилық
белгілер - мәдени, діни, ұлттық, психологиялық ерекшеліктер алынады.
Қазіргі таңда өркениеттің әртүрлі түсінігі бар екенін ескерсе, осы тұрғыдан
мемлекеттерді де сан түрге бөлуге болатынын көреміз. Мысалы, өркениеттік
сипатына байланысты шығыстық, батыстық және аралас мемлекеттер болуы
мүмкін. Тарихи кезеңдерге байланысты көне, ортағасырлық және қазіргі
мемлекеттер деп бөлуге болады. Тарихи және мәдени даму сипатына байланысты
шаруалық, өндірістік және ғылыми-техникалық болып бөлінеді. Экономикалық
даму деңгейіне байланысты жоғары дамыған, орташа дамыған және дамушы
мемлекеттер болып таралады. Формациялық көзқараста негізгі өлшем ретінде
әлеуметтік-экономикалық белгілер (қоғамдық-экономикалық формация)
қолданылады. Аталған көзқарастың өкілдерінің ойынша, қоғамдық дамудың
шешуші факторы базис болып табылады, ол қондырмалық құбылыстардың: мемлекет
пен құқықтың да типін анықтайды. Мемлекеттің тарихи тектері дегеніміз
белгілі бір экономикалық формацияға сәйкес пайда болған, олардың таптық
мәнін көрсететін мемлекеттің негізгі қасиеттерінің жиынтығы. Экономикалық
базис типіне сай мемлекеттер: құл иеленушілік, феодалдық, буржуазиялық,
социалистік (соңғы кездері бұларға азиаттық өндіріс тәсіліне негізделген
мемлекеттер мен прафеодализм қосыла қарастырылуда) болып бөлінеді.
Қазіргі кезеңде мемлекет типологиясына қатысты мәселе қарастырылғанда,
көпшілік формациялық көзқарасқа жүгінетіндігіне қарамастан, оның да кем
соғатын тұстары бар екенін ескеру қажет. Оған алдымен, шығыстық
мемлекеттерді типтеу мәселесі жатады. Мемлекет типологиясындағы келелі
мәселелердің бірі ретінде өтпелі мемлекет түсінігінің де толық бағасын
алмағанын атап кетуге болады. Бұндай мемлекеттер жалпы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz