Ағымдағы міндеттемелердің аудитін ұйымдастыру


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
:
МАЗМҰНЫ: КІРІСПЕ . . .
: 5
:
МАЗМҰНЫ: І бөлім «ОҢТҮСТІК ҚҰС» АҚ -ң ӨНДІРІСТІ БАСҚАРУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ СУБЪЕКТІНІҢ ҚЫЗМЕТІН ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ
:
: 1. 1.
МАЗМҰНЫ: «Оңтүстік құс» АҚ-дағы басқарудың құрылымы және технологиялық процестердің қысқаша сипаттамасы . . .
: 6
: 1. 2.
МАЗМҰНЫ: «Оңтүстік құс» АҚ-ң қаржы - экономикалық қызметінің жағдайы . . .
: 16
:
МАЗМҰНЫ: ІІ. БӨЛІМ АҒЫМДАҒЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІҢ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
:
: 2. 1.
МАЗМҰНЫ: Жабдықтаушылармен есеп айырысуды ұйымдастыру . . .
: 19
: 2. 2.
МАЗМҰНЫ: Еңбек ақы бойынша есеп айырысу . . .
: 26
: 2. 3.
МАЗМҰНЫ: Бюджетпен есеп айырысу есебі . . .
: 32
:
МАЗМҰНЫ: ІІІ. БӨЛІМ АҒЫМДАҒЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІҢ АУДИТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
:
: 3. 1
МАЗМҰНЫ: Жабдықтаушылармен және сатып алушылармен есеп айырысу аудитiнiң бағдарламасы . . .
: 33
: 3. 2
МАЗМҰНЫ: Еңбекақы бойынша есеп айырысуларды тексерудің бағдарламасы . . .
: 41
: 2. 3
МАЗМҰНЫ: Бюджетпен есеп айырысу аудиті . . .
: 53
:
МАЗМҰНЫ: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
: 61
:
МАЗМҰНЫ: РЕЗЮМЕ . . .
: 62
:
МАЗМҰНЫ: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . .
: 63
:
МАЗМҰНЫ: ҚОСЫМШАЛАР
:

КІРІСПЕ

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру әдістемелік нарықтық қатынастырға сай жасалуы туындап отыр. Нарықтық экономикаға дамыған сайын олармен бірге өндірістер, кәсіпорындар, компаниялар, банктермен шаруашылық серіктіктер бірге дамуда.

Кез-келген кәсіпорын бухгалтериясында қызметтің маңызды бағыттарының бірі жұмысшылар еңбекақысының есебі болып табылады. Бухгалтер жұмысының неғұрлым күрделі және жауапты учаскесі болғанына байланысты еңбек және еңбекақы есебі кәсіпорынның есептік жүйесінде басты орындардың бірін алады.

Қазақстанның нарықтық шаруашылық жүйесіне өту жағдайында экономикалық және әлеуметтік хал-ахуалдың өзгеруніе сәйкес еңбекақы төлеу, жұмысшыларды әлеуметтік қорғау және қолдау саласындағы саясат та елеулі елдердегі төлеу жүйесін жан-жақты зерттеуді талап етеді.

Еңбекақы шығындары өнімнің өзіндік құнының маңызды элементі болып табылады, сондықтан оның есебін дұрыс ұйымдастыру еңбек өнімділігінің артуына, өзіндік құнның төмендеуіне, халықтың өмір сүру деңгейінің жоғарылауына әсер етеді.

Осы аталғандар мәселенің өзектілігін айқындап, дипломдық жұмыс тақырыбын таңдауға негіз болды. Жұмысымыздың негізгі мақсаты еңбекақыны ұйымдастырудың теориялық аспектілерін жүйелеу, нақты бір мекеменің мысалында талдамалық мәліметтерді зерттеу, сондай-ақ еңбекақы есебі, аудиті және оны талдау бойынша ұсыныстар жасау болып табылады.

Қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді орындау қажет:

  • еңбекақы категориясының мәнін анықтау;
  • еңбекақыны ұйымдастыру және оны реттеудің негізгі принциптерін зерттеу;
  • жұмысшылармен еңбекақы бойынша есеп айырысулардың аудитін жүргізу тәртібін қарастыру;
  • жабдықтаушылармен есеп айырусу тәртібін зерттеу;
  • бюджетпен салық бойынша есеп айырысу тәртібін анықтау;
  • жабдықтаушылар мен есеп айырысу операцияларының аудитін қарастыру;
  • бюджетпен есеп айырысу есебін аудиторлық тексеру тәртібін анықтау.

Дипломдық жұмысты орындау барысында отандық және шетелдік ғалымдардың озық еңбектері, заң және нормативтік актілер, статистикалық ақпараттар, баспа материалдары және Оңтүстік Қазақстан облысы кешенді мамандандырылған балалар Оңтүстік құс АҚ нақты мәліметтері қолданылды.

І ӨНДІРІСТІ БАСҚАРУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ СУБЪЕКТІНІҢ ҚЫЗМЕТІН ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ

1. 1 Өндірісті басқарудың құрылымы және технологиялық процестердің

қысқаша сипаттамасы

«Оңтүстік құс» АҚ ауыл шаруашылық саласындағы құс шаруашылығымен айналысатын кәсіпорын. Негізгі тауары - жұмыртқа, жұмыртқаұнтағы және де құс еті.

Кәсіпорында келесідей цехтар жұмыс істейді:

  • инкубация цехы: 1 ғимарат;
  • жас құсты өсіру 7 цехы;
  • туатын құсты өсіру 10 құс цехы: 9 ғимарат;
  • өндіріс цехы, тауарлы жұмыртқа өндіру үшін: 11 ғимарат;
  • қосымша цехтар, оларға:

а) жем дайындау цехы - құс өсіруге арналған жемді сақтау цехы;

ә) қасаптық цех - құсты сою цехы;

б) сұрыптау (сорттау) цехы, жұмыртқаны салмағына байланысты сұрыптау (сорттау) :

- 40 гр дейін - тауарлы емес жұмыртқа, яғни сатуға арналмаған жұмыртқалар, оларды жас құстардың жеміне немесе жұмыртқа ұнтағын дайындауға пайдаланылады;

- 42 мен 48 гр арасында - майда жұмыртқалар, «М» белгісі қойылады;

- 48 бен 54 гр арасында - ІІ сорттық жұмыртқалар, көк мөр қойылады;

- 54 пен 60 гр арасында - І сорттық жұмыртқалар, қызыл мөр қойылады;

- 60 гр жоғары - таңдамалы (супер) жұмыртқалар. Бұндай жұмыртқаларды сапасына байланысты сұрыптап, сатуға немесе ішкі қажеттіліктерге жұмсайды.

в) автопарк - өз өнімін сатуға арналған көлік;

г) санцех, өнімінің санитарлық таза, сапалы өнімді өндіру жағдайын бағалайтын мамандар цехы;

ғ) қазандық - база мен цехтардағы жылулықты бақылайтын бөлім;

д) МЖШ (механикалық жөндеу шеберханасы) - негізгі құралдарды техникалық қызмет көрсету мен жөндеуге арналған;

е) құрылыс цехы- құрлыс пен ғимараттарды жөндеу және салуға жауапты цех;

ж) электроцех- электр құрылғыларды, электр шамдарды қадағалау және электр энергиясын пайдалануын бақлау.

Кез-келген кәсіпорын секілді «Оңтүстік құс» АҚ, президент басқаратын иерархиялық құрлымы бар. Бұл кәсіпорын акционерлік қоғам болғандықтан, меншік құқығы акциялардың бақлау пакетімен анықталады. Кәсіпорынның барлық бөлімшелері арасында тығыз байланыс орнатылған, ол берілетін ақпараттардың мәні мен маңыздылығына байланысты. Мысалы, цехтардан алынатын жұмыртқалардың кім?, қанша?, кімге? Бергені секілді сұрақтарға жауапты белгіленген құжаттарда рәсімделіп, жұмыртқалар қоймаға тапсырылады. Бұл мәліметтер сауда бөліміне өткізіліп, накладной рәсімделеді де, күн аяғында тауарларды сату есеп беруі жасалынады. Бұл накладнойларда сорттарға байланысты жұмыртқалардың саны, ыдыстық заттардың саны және тауарлардың жалпы соммасы мен ҚҚС (15%) көрсетіледі. Бұл мәліметтер күделікті бухгалтерге өткізіліп, осының негізінде сауда есеп беруі құрастырылады. Кейіннен осындай ақпараттар жинақтаушы құжаттарға жіберілік бас экономисттің алдына барады, ол осы алынған мәліметтерді алдыңғы жыл мен ағымдағы жылдың мәліметтерімен салыстырып, талдау жасайды. Яғни құс басының өзгерісі, әрбір цех бойынша жұмыртқаның көбеуі не азайуы, себебін анықтайды. Осы ақпарат кейіннен коммерциялық директордың шешіміне әсер ете алады, яғни құс басын көбейту мақсатында қанша жұқмыртқа инкубаторға жіберілуі, ал жұмыртқа ретінде қаншасы сатылу керек екендігін анықтайды. Құрлымдар арасындағы қжаттардың айналысы директорлар кеңесінде талқыланып бекітіледі.

Соңғы жылдары кәсіпорында құрылыс жұмысының нәтижесінде өндіріс кеңейді. Кәсіпкерлердің форумында «Оңтүстік құс» АҚ құс шаруашылығындағы қызмет еткісі келген серіктестерді тауып алып, 2001-2002жылы Германия Республикасының құзіретті азаматтары мен екі жақты тиімді келісім-шарт жасасты. Осы жылдар аралығында Германияның «Лемон» тауқтары импортталды. Бұл тауықтар үлкен еңбек пен халықаралық тәжірибие нәтижесі деп танылады. Тауықтың мұндай түрінің өндіріске енуі, жоғарғы нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берді- жұмыртқалардың жоғары сапалы болуы мен тауықтардың үлкендігі мен оның салмағының едәуірлігі.

Жоғарыда айтылғандай «Оңтүстік құс» АҚ бірінші қажеттілікті тауарларды шығарады (жұмыртқа, тауық еті, жұмыртқа ұнтағы, жартылай фабрикаттар) . Нарықтың бұл сегменті импортталатын өнімнің түрлерімен толықтай қамтылмаған, өйткені мұндай тауарлар тез бұзылады, ал олар әр дайм жаңа болуға тиіс.

Өндірілетін өнім диетикалық қасиеттеріне байланысты жоғарғы сұранысқа ие. Сонымен қатар жұмыртқа кондитерлік және кеспе өндірістеріне де қажет. Барлық жұмыстар механикаландырылған және оперативті болып табылады, осының нәтижесінде жұмысшылардың жұмысы жеңілдетілген. Акционерлік қоғамның негізгі өнімі сатылатын тауық жұмыртқасы. Оның жиналуы, сортталуы, мөр басылуы толықтай автоматты түрде жүргізіледі. Жас құстарды өсіру мен жұмыртқалардың инкубаторлардағы сақталуы арнайы құрылғылармен жабдықталған.

Кәсіпорын болашақта құрал жабдықтарды (өзінде барынан басқа- Германия, Бельгия, Канада), Израиль мен Чехиядан және басқадай мемлекеттерде сатып алатын ниеті бар. Егер бұл жоспарлар орындалатын болса, онда өндіріс ұлғайып, жоғарғы технологиялық құрал-жабдықтарды шығарылған өнім жоғарғы сапаға ие болады, осының нәтижесінде шығарылған өнім тек бідің елде емес, сонымен қатар шет елдерде де жоғарғы сұранысқа ие болар еді.

«Оңтүстік құс» АҚ күрделі өндірісттік, негізгі, қосымша және қосалқы өндірісі бар кәсіпорын болып табылады. Негізгі өндіріс бұл- жұмыртқа алу мақсатында құс өсіру, бұл өндіріске арнайы жағдайлар жасалынған.

Технологиялық прцесс келесідей сипатта бола алады (1 сызбасы) : Әрбір базада бірнеше цех бар, ал әрбір цехтың өзінің мақсаты бар (1 цехта 5-6 мың тауық басы болады) . Өндірісттік цехтардағы тауқтарды туатын (аналық) деп бөліп, оларды қораздармен бірге бір цехта ұстайды. Аналық тауықтардан шыққан жұмыртқа белгілі темпиратурада инкубаторға 21-22 тәулікке жатқызады. Кейіннен оларды жас тауық үйірмесіне жібереді. Шөжектерде өзін тамақтандыру табиғи ынтасы болғанды. Жас тауық үйірмесінде шөжелер 120 күн (4 ай) болып кейіннен оларды үлкендеу үйірмеге жібереді, 5-6 ай өткеннен кейін оларды негізгі үйірге, шөже шығаратын бөлімге жібереді. Бұл қайта өндіру процессінің тиімділігі, барлық қажетті жағдайлардың бар болғанымен айқындалады (жағдайлар, жем, құрал-жабдықтар) .

Сонымен қатар өндірісттік цехтарда тауықтарды өндірісттік үйірге бөледі, сол үйірде сататын жұмыртқаларды өндіреді. Бұл үйірде тауықтар қоразсыз жүреді, бір цехте 30 мың тауық болады. Бұл жұмыртқалар арнайы машинамен жиналып қоймаға жіберіледі, ол жерде жұмыртқалар арнайы сұрыптауды жүзеге асырады. Оларды категорияларға сәйкес сұрыптайды: Үлкен жұмыртқалар- 60 гр жоғары, І сорттық жұмыртқалар- 54 пен 60 гр арасында- қызыл мөр қойылады; ІІ сорттық жұмыртқалар - 48 бен 54 гр арасында, көк мөр қойылады; майда жұмыртқалар- 42 мен 48 гр арасында, «М» белгісі қойылады; ал 40 гр төмен салмағы бар жұмыртқалар- сатуға жарамайтын болып танылып оларды жем ретінде қолданылады.

Сатуға арналған жұмыртқалардың барлығы нарыққа жіберіледі. Тасмалдаған кезде жұмыртқаларды гофра ыдысына салады.

Өндірістің міндеті шарты- бұл санитарлық гигиеналық шарттарды қатаң орындалуы, ол үшін санитарлық цех ұымдастырылып, тазалайтын және ауа тазалайтын құрылғылармен толықтай жабдықталған. Тамақтандыру технологиясы- тамақтандыру мезгіліне сәйкес жасалынған арнайы технология арқылы жүзеге асады. Комбикорм- жем, бірнеше жем түрінің қосындысынан тұрады (бидай, арпа, сұлы және т. б. ), канцкормдар- бұл арнайы қоспалардан дайындалатын жем, оған- витаминдер, аскарбиналық және лимон қышқылдары, ас содасы, күкірт, примекс, креолин, сары және қызыл корофил, метионин, лезин және т. б. Бұл жемдер құстың ауыруға төзімділігі мен жалпы саулығына оң ықпалын тигізеді. Оларға ветеринариялық блокта арнайы дәрі егіледі. Норма сәкес келмейтін құстарды, ауыруға немесе басқа жағдайларға байланысты, оларды қасаптық цехқа жіберіліп ары қарай мақсатына байланысты жіберіледі.

Құстардың бір бөлігін сойып олардың етін сатуға жібереді.

«Оңтүстік құс» АҚ барлық өнімдері- жұмыртқа, ет қайтарылған кезде арнайы лабороториялық бақлау жүргізіліп, жарамды өнімдерді тоңазытқыштарға жіберіліп, ертесіне қайтадан нарыққа шығарылады.

Кез-келген кәсіпорынның негізгі мақсаты, шикізат пен материалдарды экономикалық тиімді пайдалану мен өндірісттік емес шығындар мен жоғалтуларды жою нәтижесінде, өндірісттік тиімділікті арттыру.

Жолға дұрыс қойылған есеп кәсіпорынның дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін бірден-бір құралы. Оның ақпараттары технологиялық процесстердегі кез-келген аутқуларды дер кезінде дабылдауы керек.

Инкубациялық жұмыртқа

келіп түседі

Тәуліктік шөжелер

120 күнге келіп түседі

немесе

Қайта өндіру цехы

Сызба 1 Жұмыртқаларды өндіру технологиялық сызбасы

Жұмыртқалардың өндірісттік есебінің негізгі мақсаты- белгілі бір кезеңдегі 1000 дана жұмыртқа өндіруге кеткен шығындарды анықтау. Бухгалтерлік есптің дұрыс жүргізілуін қадағалау мен басқаруды «Оңтүстік құс» АҚ бас бухгалтері жүзеге асырады. Әрбір кәсіпорын үшін өндірісттік есептің дұрыс ұйымдастырылғаны маңызды орын алады, ал ол өз кезегінде жалпы өндірісттің ұйымдастырылуының дұрыстылығына тәуелді болады.

«Оңтүстік құс» АҚ өндірістің толық цикілы шөжелерді өсіруден басталады. Құс шаруашылығында, басқа салалардағы секілді өндіріс негізгі және көмекші болып бөлінеді. Сонымен қатар өндірісттік емес шаруашылық та бар. Негізгі өндіріске- өнім өндіру және оны сату жатқызылады, яғни кәсіпорынның құрылуының негізгі мақсаты.

Осылайша «Оңтүстік құс» АҚ негізгі өндірісіне келесілер жатқызылады:

Кесте 1 - Негізгі өндіріс түрлері

Шығындар есебі жүргізілетін цехтар атауы
Өнім атауы
№: 1
Шығындар есебі жүргізілетін цехтар атауы:

Инкубация цехы.

Шөжелердің арнайы темпиратурадағы 21-22 тәулікте ашылуы

Өнім атауы: Тәуліктік шөжелер
№: 2
Шығындар есебі жүргізілетін цехтар атауы:

Жас құс цехы.

120 күндік шөжелердің үйірмесі

Өнім атауы: Жас тауықтар
№: 3
Шығындар есебі жүргізілетін цехтар атауы:

Өндірісттік цех.

Сататын жұмыртқаны өндіру, оны сұрыптау, қорапқа салу

Өнім атауы: Сататын жұмыртқа

«Оңтүстік құс» АҚ негізгі өнімі жұмыртқа болып табылғанымен, қосымша өнім өндірісі де қолға алынған. Осыған сәйкес 900 шотқа қосымша субшоттар жүргізіледі, нақтырақ айтқанда 900-3, бұл шотта келесі цехтардың шығындары көрініс табады:

  1. Қасаптық цех;
  2. Сүйек ұнының қайта өңдеу цехы;
  3. Жұмыртқа ұнтағын шығару цехы;
  4. Етті-сүйектік ұнды шығару цехы;
  5. Наубайхана;
  6. Ыдыстық заттарды шығару цехы.

Қосымша өндіріс, негізгі өндірісті әр-түрлі энергиямен, сумен, жылумен, жеммен, көлік және басқа қызметтермен, сонымен қатар негізгі құралдарды жөндеу жұмыстарын қамтамасыз ету үшін ұйымдастырылған.

«Оңтүстік құс» АҚ қосымша өндіріске келесілер жатқызылады:

  1. МЖШ (механикалық жөндеу шеберханасы) ;
  2. Құрылыс цехы;
  3. Автокөлік паркі;
  4. Тракторлық парк;
  5. Электірлік цех;
  6. Қазандық;
  7. Жұмыртқа қоймасы;
  8. Жем дайындау цехы;
  9. Санитарлық цех.

Сонымен қатар «Оңтүстік құс» АҚ қызмет көрсету мен тұрмысттық жағдайларды қамтамасыз ету шаруашылығы да бар:

  1. ТКШ (тұрмысттық комуналдық шаруашылық) ;
  2. Асхана;
  3. Монша;
  4. Демалыс саябағы.

«Оңтүстік құс» АҚ үздіксіз көлемдік өндірісі бар, ұзақ уақыт бойы бір түрлі өнімді- жұмыртқаны, шығаратын кәсіпорындар санатына жатқызылады. Мұндай типтегі кәсіпорындарды сипаттайтын негізгі ерекшеліктерінің бірі, өнім көлемінің ауқымдылығы, яғни жоғарғы мамандандырылған денгей, автоматтандырылған жүйе және өндірістің шапшандылығының әсерінен пайда болатын өнім көлемінің ұлғайуы.

Әрбір кәсіпорынның іс-әрекеті өнімді өндіруге кеткен шығындарды, тауарларды сатудан, қызмет көрсетуден түске табыспен жабу. Бұл жұмысшылардың тарапынан технологияның және өндірістің ұйымдастырылуын жақсаруын, жасырынды қорларды анықтау мен тауар сапасын жақсарту, тауардың бәсеке қабілеттілігін арттырун талап етеді.

Бұл ретте бухгалтерлік есептің рөлі жоғары, оның алдында келесідей тапсырмалар тұр: өнімнің ассортименті мен сапасына байланысты шығарылуының есебін дұрыс жүргізу; оның өзіндік құнын төмендетудің жолдарын іздеу; өндіріске кеткен шығындардың дұрыс есепке алынуын қадағалау; өнімнің өзіндік құнын дұрыс калькуляциялау; пайдаланылмаған қорларды анықтау, өндірісттік емес шығындарды жою және әртүрлі жоғалтуларды болдырмау.

Өндірісттегі шығындардың есебін жүргізу үшін «Оңтүстік құс» АҚ кешендік шоттар жүйесін пайдаланылады, оның құрамына 90 «Негізгі өндіріс» бөлімшенің шоттары кіреді:

900-1 - «Оңтүстік құс» АҚ негізгі цехтар бойынша шығындардың есебі;

900-3 - қосымша өнім түрлері бойынша шығындардың есебі;

920 - қызмет көрсетуші және қосалқы цехтар бойынша шығындар есебі;

940 - әлеуметтік саладағы шығындар;

930 - қосымша шығындар есебі.

Өнімді өндіруге кеткен шығындардың есебін, бақлауын жүргізу үшін кәсіпорында келесідей ведомосттер қолданылады: № 10 «Негізгі өндірістегі цехтар бойынша шығындар» журнал-ордерге арналған №1 «900 шоттағы шығындар есебін» жүргізу ведомасті; №10 журнал ордерге арналған № 3 «әлеуметтік саладағы шығындар есебі» ведомость; № 10 журнал-ордерге арналған №3 «Кезең шығындары» ведомості.

Аталған ведомосттерге жазу енгізуге келесілер негіз болады:

- алғашқы құжаттар;

- өндірісттік есеп берілер;

- «Материалдардың (жалақының) шығарылуын бөлу» құрастырылған кесте, бұл кестеде ондіріске кеткен материалдардың, жемнің, шикізаттардың және басқадай материалдық қорлардың пайдалануы көрсетіледі, осыған қоса өндірістегі жұмысшылардың жалақысы және жалақыдан ұсталынымдар көрсетіледі;

- «Негізгі құралдардың тозу сомасын есептеу және қайта бағалау соммасын есептеу» кестесі, бұл кестеде өндірістің шығындарына қосылатын негізгі құралдардың амортизация соммасы көрсетіледі;

- «Материалды емес активтер бойынша тозу сомасын есептеу» кестесі, бұл кестеде өндірістің шығындарына қосылатын материалды емес активтер бойынша амортизация соммасы көрсетіледі.

Сызба 2 -Өнім өндіруге кеткен шығындар есебін ұйымдастыру

«Оңтүстік құс» АҚ өндірістің шығындары мен өзіндік құнды калькуляциялау шығарылған өнімнің әрбір түрі бойынша жасалынады, осыған орай шығындардың келесідей классификациясы қарастырылған:

  1. Шикізат пен материалдар;
  2. Технологиялық мақсатқа арналған отын мен энергия;
  3. Өндірістегі жұмысшылардың жалақысы;
  4. Әлеуметтік салық;
  5. Құрал-жабдықтарды пайдалану шығындары;
  6. Қосымша шығындар.

Бұл шығындар баптарына жекелей тоқталып қарастырып өтейік.

«Шикізат пен материалдар» бабына шығарылған өнім құрамына кіретін пайдаланылған шикізаттар мен материалдар құны жатқызылуы тиіс. Осылай бола тұра, біздің кәсіпорнымыздың ерекшелігіне байланысты (шығарылған өнім нақты технологиялық процесс деп атай алмағанның нәтижесінде), өнімді шығаруға кетке кейбір шығындарды- жемді, әр-түрлі дәрі-дәрмек пен витаминдаерді, қоспаларды енгіземіз.

«Технологиялық мақсаттарға арналған отын және энергия», келесідей цехтардың шығындары көрсетіледі: электрлік цех, қазандық, жанар-жағар май, яғни негізгі өндірісттің технологиялық қажеттілігіне жұмсалатын шығындар. Жылу энергиясының жоспарлық шығындары, әрбір өнім бірлігіне жұмсалатын нормасына сәйкес анықталады, соған қоса кей-бір отын түрлерінің (мазут) көлік-дайындау шығындары өзіндік құнына енеді. Мұндай қосалқы өндірістегі пайдаланатын шығындардың құнын, қосалқы цехтардың калькуляция баптарына енгізеді.

«Еңбек ақы» бабында өндірістегі жұмысшылардың негізгі және қосымша жалақысын жоспарлануын және есебін жүргізеді. Жұмысшылардың негізгі жалақысы өнімнің өзіндік құнына тікелей түрде енеді.

«Әлеуметтік салық» бабы бойынша 20 % әлеуметтік салық соммасының еңбек ақының мөлшерлемесіне сәйкес бюджетке аударылу есебі жүргізіледі.

«Қосымша шығындар» бабы келесідей элементтерден тұрады:

  1. Негізгі өндіріс амортизациясы;
  2. Қосалқы өндіріс амортизациясы;
  3. Негізгі өндірісті жөндеу;
  4. Қосалқы өндірісті жөндеу;
  5. Есептеуіш техниканы жөндеу;
  6. Күзетшілерді қамту;
  7. Жалпы мақсаттағы ғимараттарды қамту;
  8. Автокөліктерді қамту: жүк және жеңіл;
  9. Санитарлық лабороторияны қамту;
  10. Еңбекті қорғау;
  11. Су төлемдері;
  12. Іс-сапар шығындары;
  13. Материалды емес активтердің амортизациясы.

Көрсетілген қосымша шығынның баптары бірнеше шығын топтамасынан тұрады: құрал-жабдықтарды қамту және пайдалану шығындары; цехтік шығындар; сумен қамту мен су құбыр шығындары; электрмен қамту және жылумен қамту шығындары; құрал-жабдықтардың тозуы және басқадай шығындар.

«Оңтүстік құс» АҚ ауылшаруашылығында қызмет ететін кәсіпорын болып табылғандықтан өз қызметін патент негізінде жүзеге асырады, соның есебінен кәсіпорын өнімнің өзіндік құн калькуляциясын жылына 1 рет жыл аяғында есептеп шығаруға құқылы.

Алғашқы есепті ұйымдастыру

Жұмыртқа өндірудің шығындары негізінен, тауықты өсіруге, оларды бағуға, қарауға байланысты кеткен шығындардан көрініс табады, осының салдарынан барлық құжат айналысы, жұмыртқаның өндіріс процессімен бірге жүріп отыра ды да құстармен тікелей байланыста жүргізіледі:

«Оңтүстік құс» АҚ өндірісттік есебтің алғашқы құқжаттарының қандай нысандары арқылы жүргізілетіндігін кеңінен қарайық. Құс есебін материалдық жауапты тұлғалар- бригадирлер, құсшылар және т. б., жүргізеді. Құстардың қырылуы немесе олардың амалсыз союы «Құстар мен жануарлардың есептен шығу актісі» арқылы жүзеге асады. Жануарлар мен құстардың сатылуын «Тауар-көлік накладнойы» арқылы жүзеге асады. Жолдағы салмақтағы жоғалтуларды өндірісттік шығындарға немесе кінәлі тұлғаларға жатқызады. Құжаттардың мәліметтері рәсімделгеннен кейін, оларды «Жанарлар мен құстардың қозғалысының есеп кітабына» және фермадағы мал мен құстардың қозғалысы жайында есеп беру жасалады.

Мал (құстардың) есебі «Жанарлар мен құстардың қозғалысының есеп кітабында» жүргізіледі, бұл кітап мал мен құстардың қозғалысы жайында есеп беруін жасау үшін негіз болады. Әр ай сайын әрбір материалды жауапты тұлға мұндай есеп беруді бухгалтерияға тапсырады. Жазбаларды бухгалтерия тексеріп: жем-күн саны, ведомостте көрсетілген жем шығындарына тең келуі керек және т. с. с. Барлық есеп берулерді жауапты тұлғалар алғашқы құжаттардың негізінде бекітіп қосымшалармен бірге бухгалтерияға өткізіледі.

Осы есеп берудің негізінде бас бухгалтердің орынбасары «Журнал-ордер №9» және «Құстардың негізгі үйірмесі мен жас құстар есебі» құжаттарын толтырады. «Оңтүстік құс» АҚ құстар есебі 223 шотта жүргізіледі. Аналитикалық есеп шоттары есеп топтарына байланысты ашылады: жұмыртқалық бағыттағы тауықтар, жас тауықтар, аналық тауықтар, өндірісттік тауықтар, жөндеу жас тауықтары, ет бағытындағы тауықтар, шөжелер, т. б.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорындағы ағымдағы міндеттемелерді есепке алуды талдау
Кредиторлық берешек аудитінің есебі
Бюджетпен есеп айырысудың бақылауы мен аудиті
Кредиторлық берешек сомасының шынайлығын тексеру
АҚША ҚАРАЖАТТАРЫ ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Дебиторлық берешектің түрлері
Шаруашылықтың міндеттемелердің есебін ұйымдастыру
Міндетті аудит. Міндетті аудиттің мазмұны, субъектілері
Аудит және бизнесті категориалдық талдау
Бухгалтерлік баланс және оны талдау амалдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz