Ортақ меншік құқығы туралы
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
I.ТАРАУ. ОРТАҚ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ
1.1.Ортақ меншік ұғымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2.Ортақ меншіктің түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
II. ТАРАУ. ОРТАҚ МЕНШІКТІҢ ЖЕКЕЛЕНГЕН ТҮРЛЕРІ
2.1.Ортақ үлестік меншік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
2.2.Ерлі.зайыптылардың ортақ меншігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
2.3.Ортақ меншік құқығын тоқтату ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27

КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының жаңа Азаматтық кодексі Қазақстан Республикасы Конституциясының және халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принциптері мен нормаларына негізделген.
Елдің экономикасын көтерудегі, азаматтық, ұлтаралық, діни келісім мен татулықты сақтаудағы, нарықтық қатынастардағы адамның мүддесін қорғауда құқыққа, заңға деген сұраныс арта түсуде. Экономикасы жоғарғы деңгейде дамыған елдерде өзінің даму негізінде кәсіп иесінің секторы арқасында алды. Сондықтан экономикалық рынок кезеңінде бірінші міндет мүлікпен, немесе мүліксіз қатынастарды заңды түрде реттеу. Сондықтан ортақ мншік жөнінде кустық жұмыс жазып отырмын.
Азаматтық құқық қатынастарында басты туындайтын мәселе бұл меншік. Мен өзімнің курстық жұмысымда ортақ меншік құқығын қарастырамын.
Курстық жұмыс барысында ортақ меншікті жеке меншіктен және мемлекеттік меншіктен қандай айырмашылығы бар екенін қарастырдым. Ортақ меншіктің қоғамда алатын орны және т.б.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты мен міндеті – ортақ меншікті кім пайдалана алатының, оның қандай турлері бар екенің, оның қоғамда даму деңгейін көрсету болып табылады.
Бұл жұмысты жазу барысында негізгі жалпылау, сараптау, талдау, зерттеу, жинау әдіс- тәсілдерін қолдандым.
Менің негізгі көтерген мәселем – бұл ортақ меншік құқығын кім иелене, пайдалана, биілік ете алатыны жайлы.
Бұл курстық жұмыстың басқа жұмыстардан ерекшелігі ортақ меншік туралы толық мағлұмат алуға болады. Қазақстандағы ортақ меншіктің дамуы, оны қай салаларда қолдануға болатындығы туралы баяндалады. Ортақ меншіктің құқық қатынастары бірқатар заңдық ерекшеліктерге ие болады.
Курстық жұмыстағы көтерілген ортақ меншік мәселесі бойынша жоғарғы оқу орындарындағы студенттері Азаматтық құқық және міндеттемелік құқық не болмаса кәсіпкерлік құқық пәні бойынша теориялық мәлімет алуға болады. Сонымен бірге, практикалық жұмыста да қолдануға болады.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Нормативтік құқықтық актілер
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30.08.1995ж. (өзгертулер мен толықтырулар 07.10.98ж.) Алматы: Жеті-Жарғы.
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. Жалпы, Ерекше бөлімдері. Алматы, Юрист, 2003 ж.
3. "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заң Алматы: Жеті-Жарғы. 2002 ж.
Арнайы әдебиеттер
4. Төлеуғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы, оқулық, Алматы, 1999 ж.
5. Жайлин Ғ.А. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы, Ерекше бөлім. 1-2 томдар, Алматы, 2003 г.
6. Сулейменов М.К. развитие института права собственности в законодательстве Казахстана. - Научные труды «бдтет». 1997. №1.
7. Зиманов С.З, Состояние и задачи разработки проблем обычного права казахов. Алма-Ата: Наука, 1989.
8. Құқықтану А.Ибраева, Б.Қуандыков, Ш.Маликова, С.Есетова.Алматы 2007.
9. Батырбаев Н.М. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы. Тұран, 2007
10. Тілеуғалиев Ғ. ҚР Азаматтық құқығы. Алматы 2001ж.
11. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі. А. 2003 ж.
12. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. А. 2002 ж.
13. Жайлин Ғ.А. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы, Ерекше бөлім. 1-2 томдар, Алматы, 2003 г.
14. Баянов Е. Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері: Оқулық. Алматы, 2003.
15. Е.Абиль История государства и права РК с древнейших времен до начало ХХ века Астана, 2000
16. Азаматтық құқық пәнінің лекциялық дәптері.
17. Ғ. Сапарғалиев «Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы» А. «Жетi Жарғы» 1998

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
I.ТАРАУ. ОРТАҚ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ
1.1.Ортақ меншік
ұғымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..5
1.2.Ортақ меншіктің
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..7
II. ТАРАУ. ОРТАҚ МЕНШІКТІҢ ЖЕКЕЛЕНГЕН ТҮРЛЕРІ
2.1.Ортақ үлестік
меншік ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..8
2.2.Ерлі-зайыптылардың ортақ
меншігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2.3.Ортақ меншік құқығын
тоқтату ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .22
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
27
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының жаңа Азаматтық кодексі Қазақстан Республикасы
Конституциясының және халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принциптері
мен нормаларына негізделген.
Елдің экономикасын көтерудегі, азаматтық, ұлтаралық, діни келісім мен
татулықты сақтаудағы, нарықтық қатынастардағы адамның мүддесін қорғауда
құқыққа, заңға деген сұраныс арта түсуде. Экономикасы жоғарғы деңгейде
дамыған елдерде өзінің даму негізінде кәсіп иесінің секторы арқасында алды.
Сондықтан экономикалық рынок кезеңінде бірінші міндет мүлікпен, немесе
мүліксіз қатынастарды заңды түрде реттеу. Сондықтан ортақ мншік жөнінде
кустық жұмыс жазып отырмын.
Азаматтық құқық қатынастарында басты туындайтын мәселе бұл меншік. Мен
өзімнің курстық жұмысымда ортақ меншік құқығын қарастырамын.
Курстық жұмыс барысында ортақ меншікті жеке меншіктен және мемлекеттік
меншіктен қандай айырмашылығы бар екенін қарастырдым. Ортақ меншіктің
қоғамда алатын орны және т.б.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты мен міндеті – ортақ меншікті кім
пайдалана алатының, оның қандай турлері бар екенің, оның қоғамда даму
деңгейін көрсету болып табылады.
Бұл жұмысты жазу барысында негізгі жалпылау, сараптау, талдау, зерттеу,
жинау әдіс- тәсілдерін қолдандым.
Менің негізгі көтерген мәселем – бұл ортақ меншік құқығын кім иелене,
пайдалана, биілік ете алатыны жайлы.
Бұл курстық жұмыстың басқа жұмыстардан ерекшелігі ортақ меншік туралы
толық мағлұмат алуға болады. Қазақстандағы ортақ меншіктің дамуы, оны қай
салаларда қолдануға болатындығы туралы баяндалады. Ортақ меншіктің құқық
қатынастары бірқатар заңдық ерекшеліктерге ие болады.
Курстық жұмыстағы көтерілген ортақ меншік мәселесі бойынша жоғарғы оқу
орындарындағы студенттері Азаматтық құқық және міндеттемелік құқық не
болмаса кәсіпкерлік құқық пәні бойынша теориялық мәлімет алуға болады.
Сонымен бірге, практикалық жұмыста да қолдануға болады.
Қазақстан Республикасы заң-құқық ұлттық жүйесінің жылдам қалыптасуы,
Қазақстан қоғамының қалыпты қозғалысы мен үнемі жаңарып отыруы соңғы уақыт
шеңберінде болып жатқан оң өзгерістерді басқаша көзқарастар тұрғысынан
зерделеп, бағамдап алу міндетін алға тартады.
Заңгерлік мамандықты таңдап алған біздер үшін бұл міндет аса қомақты
да күрделі. Біздің таңдап алған тақырыбымыз азаматтық құқықтық
қатынастардың негізгісі деуге де болады. Себебі қазіргі нарық заманында
меншік құқығының ауқымы кеңіп, оның сан алуан түрлілігі қоғамымыздың
дамуына оң ықпал етіп отыр. Қазақстан тәуелсіздік алған жылдардың бастапқы
кезеңінде жекешелендірудің белең алғанын соның негізінде меншік түрлері
көбейді. Қазақстан қазіргі кезде әлемдік нарықтық қатынастарға белсене
араласатын тәуелсіз мемлекет болғандықтан халықаралық қатынастарды
реттейтін заңнамалар мен актілерді бекітуде. Мұның бәрі құқықтың сан алуан
салаларындағы өзгерістерді туғызуда. Сондықтан менің курстық жұмысымның
тақырыбы өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Қазақ халқының тарихы өте күрделі кезеңдерді басынан кешкені белгілі.
Соған байланысты қазақ халқының тәуелсіз мемлекет болу кезеңдерінде біршама
заңдардың қабылданғанын білеміз. Мысалы XVІ ғасырдың бірінші ширегінде
Қасым хан (1511-1520 жж.) тұсында Қасым ханның қасқа жолы атты акті
қабылданса, Есім хан билік еткен кезде (1598-1628 жж.) Есім ханның ескі
жолы аталған заң қабылданған еді. Ал бізге тарихтар қойнауынан хат жолымен
жеткені Тәуке ханның (1680-171 жж.) Жеті жарғысы аталған жинақ болып
отыр. Оның маңызы туралы, ондағы мүліктік және мүліктік емес құқық
объектілері туралы сөз қозғау өз алдына бөлек зерттеуді талап етеді. әңгіме
біздің алып отырған тақырыбымыздың бастауы сонау ықылым заманнан бері келе
жатқан өзекті мәселелердің бірі.
I. ТАРАУ. ОРТАҚ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ
1.1. Ортақ меншік ұғымы
Бір затқа меншік құқығы бірнеше меншік иесіне қатысты болуы мүмкін, ал
мұндай жағдайда ортақ меншік қатынасы пайда болады. Мұндай жағдайда меншік
құқығы бірнеше меншік иелеріне бөлінеді. Ортақ меншік екі немесе бірнеше
адамның меншігіне мүлік түскен кезде пайда болады, оны өзінің мақсаты
өзгертілмейінше бөлуге болмайды (бөлінбейтін заттар), өйткені, ол заңға
сәйкес бөлінуге жатпайды. Мысалы, шаруа (фермер) қожалығы мүшелерінің бірі
одан шыққан кезде, шаруашылықтың өндіріс құрал-жабдықтары бөлінуге жатпайды
(АК-тін, 225-бабы, 2-тармағы).
Бөлінетін мүлікке ортақ меншік заң құжаттарында немесе шартта
көзделген реттерде пайда болады (АК- тің 209-бабы, 4-тармағы).
Мұндай жағдайға жекелеген заттардан құралған не жинақталған заттарды
жатқызуға болады (мысалы, оған кітапхана, сурет галереясы, және т.б.
жатады). Айталық, кітапханадағы кітаптың кейбіреуі бір адамға, басқасы өзге
адамдарға тиесілі болуы мүмкін, мұның өзі шартпен немесе заң құжаттарымен
айқындалады.
Ортақ меншіктің құқық қатынастары бірқатар заңдық ерекшеліктерге ие
болады. Меншіктің құқықтық қатынасында ортақ меншік құқығы субъектілерінің
бір-біріне деген өзара қарым-қатынасы туындайды, яғни ортақ меншіктің басқа
иелері мен үшінші тұлға арасында құқықтық қатынас пайда болады.
Сондықтан да ортақ меншік жалпы меншік қатысушылары арасындағы қатынас
емес, салыстырмалы құқықтық қатынас болып табылады, яғни бұл жерде олардың
қатынастары нақтылы және де құқықтық қатынасқа қатысушыларының аясы
белгіленген. Мысалы, оған бір мүліктің бәріне ортақ болуы дәлел, демек
әрбір қатысушы бірдей мөлшерде немесе үлесіне қарай ие болуы мүмкін.[1,18-
21] Бұл жерде біріне бірі қарсы тұрған жақтар жоқ, қатысушыларды несие
беруші не борышқор деп те айта алмайсың, ал олардың арасындағы келісім тек
ортақ мақсатқа бағытталған. Мәселен, мұрагерлік мүлікке бірнеше адам ие.
Бірлескен меншік иелерінің арасындағы бір-біріне деген қарым-
қатынасының сипаты меншік түрінің сипатымен ерекшеленеді. Оның өзі меншік
құқығының құрылымына сәйкес болуы мүмкін. Былайша айтқанда, бір затты
иеленетін меншік иелері меншік құқығының әртүрлі субъектілері бола алады.
Сондықтан да мемлекет, бір немесе бірнеше жеке тұлғалар сол мүліктің ортақ
меншігіне қатысушылар рөлін атқаратын жағдай аз кездеспейді.
Ортақ меншіктің субъектілері жеке және заңды тұлғалар, оның ішінде
шетел азаматтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен оның әкімшілік-
аумақтық бірлігі бола алады. Ортақ меншік құқығы әртүрлі заңдық фактілер,
атап айтқанда, шарттар, келісімдер, заңда кезделген өзге де реттер
негізінде де жүзеге асады ("Жеке кәсіпкерлік туралы" Занның 3-бабы, 3-
тармағы). Ортақ меншік ерлі-зайыпты адамдардың сатып алған ортақ мүлкінен
де туындайды.
АК-тің 230-бабына сәйкес жай серіктестік қызметінің негізгі ақшалай
немесе өзге де мүліктік жарналары, сондай-ақ олардың бірлескен қызметі
нәтижесінде жасалған немесе сатып алынған мүлік олардың ортақ үлесті
меншігі болып табылады. Ортақ меншік құқығы дегеніміз бірнеше тұлғалардың
мүлікті бір объект ретінде иеленіп, пайдалану мен билік етуін бекітетін,
реттейтін және қорғайтын құқық нормаларының жиынтығы.
Ортақ меншік құқығын субъективті мағынада екі немесе одан да көп
тұлғалардың өздерінің қалауы бойынша қарамағындағы ортақ мүлікті
белгіленген тәртіп пен заң шегінде иелену, пайдалану және билік ету
мүмкіндігін заңмен немесе ортақ меншіктің басқа иелері өзара жасалған
шарттарымен қамтамасыз ету деп түсіну керек.
Ортақ меншік құқығы институтының маңызы мен мағынасы ең алдымен
бірнеше тұлғалардың өздерінің тұтыну қажеттілігін қанағаттандыру үшін
белгілі бір объектіні жария түрде құрып, немесе иеленіп, бірлесіп
пайдалануынан көрінеді. Ортақ меншік шаруашылық жүргізу тәжірибесінде,
сондай-ақ өмірде мүлікті мейлінше тиімді пайдалануына жәрдемдеседі.
1.2. Ортақ меншіктің түрлері
Ортақ меншік бірлескен (үлесі белгіленбеген) және үлестік меншік
болады (АК-тің 209-бабы, 2-тармағы).
Азаматтық кодекс бойынша әрбір меншік иесіне ортақ меншіктің үлесі
тиесілі. Мұндай үлес тең және тең емес дәрежеде бөлінеді. Бірақ та үлестің
көлемі мүлікті иелену, пайдалану және билік етуге байланысты мәселелердің
шешіміне әсер етпейді. Сондықтан да олар ортақ келісім негізінде бірлесіп
шешіледі.
Мүлікке ортақ меншік үлестік меншік болып табылады, бұған мүлікке
ортақ меншік құру заңда көзделген реттер қосылмайды. Ортақ бірлескен
меншік: 1) ерлі-зайыптылардың ортақ меншігі; 2) шаруа (фермер) қожалығының
ортақ меншігі; 3) жекешелендірілген тұрғын үйге ортақ меншік түрінде
болады. Заң құжаттарында ортақ бірлескен меншіктің басқа да түрлері
көзделуі мүмкін (АК-тің 219-бабының 1-тармағы).
Басқа жағдайлардың бәрінде үлестік меншік түрінде көрінеді.
Бірлескен ортақ меншікте оған қатысушылардьщ үлесі болады, бірақ
олардың жалпы мүліктегі көлемі алдын-ала айқындалмауына байланысты оны да
тең деп есептейді.
Мұндай тәртіп ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кезінде бірлесіп тапқан
мүліктеріне де қатысты ("Неке және отбасы туралы" Заңның 32-бабы). Сонымен
бірге "Неке және отбасы туралы" заңы некеде тұрған кездерінде бірлесіп
тапқан дүние-мүліктерін жұбайлардың келісімі арқылы бөлу мүмкіндігін де
жоққа шығармайды. Демек, неке шартында олар мүлікті бірлесіп немесе жекелей
пайдалануына болады ("Неке және отбасы туралы" Заңның 40-бабы).
Келісімге келе алмаған жағдайда әрбір меншік иесі сотқа жүгінуіне
құқылы.[2,58]

2.1. Ортақ үлестік меншік
Меншіктің үлестік түрі деп мүлік объектісін қатысушылар арасында нақты
үлеске бөлуді айтады.
Үлестік меншіктің ерекшелігі оның пайда болу кезінде ортақ мүліктегі
меншік иелерінің үлесі болатындығымен айқындалады. Бөлудің мұндай сипаты
меншік иелерінің келісімдері және заң құжаттарымен тағайындалады. Осы
келісім аркылы қатысушылардың үлес мөлшері айқындалып, өзгеріске ұшырайды,
мұның өзі олардың ортаға салған үлестеріне байланысты болады. Егер
қатысушылардың үлес көлемі келісім шартта немесе заң құжаттарында
көрсетілмесе, онда олардың үлестері тең дәрежеде бөлінеді.
Заңда меншік иелерінің бірінің күшімен мүлікті жақсарту мәселесі
айқындалған. Мүліктегі үлес көлемін айқындауда ортақ мүлікті пайдалану
тәртібін сақтай отырып, оны жаксарту мәселесінің ара-жігін ашып алу керек.
Ортақ мүлікті пайдаланудың белгіленген тәртібін сақтай отырып, оны
жақсартуды өз есебінен жүзеге асырған үлесті меншікке қатысушының ортақ
мүліктегі өз үлесін ұлғайтуға құқығы бар.
Ортақ мүлікті бөліп алып жақсарту, егер үлесті меншікке қатысушылардың
келісімінде өзгеше көзделмесе, оны жасаған қатысушының меншігіне түседі (АК-
тің 211-бабы).
Ортақ мүлікті иелену, пайдалану және билік ету барлық қатысушылардың
келісімімен жүзеге асырылады (АК-тің 212— 213-баптары).
Үлесті меншіктегі мүлікті иелену және пайдалану оның барлық
катысушыларының келісуімен, ал келісімге келмеген жағдайда — сот
белгілейтін тәртіппен жүзеге асырылады (A К-ті ң 213-бабының 1-тармағы).
Ортақ меншік құқығын жүзеге асыру кезінде иелену, пайдалану және билік
ету салдарына мән беру керек. Егер меншік иелері ортақ мүлікті иелену және
пайдалану жөнінде ортақ бір пікірге келе алмаса, онда сотқа жүгіне
алады.[3,35] Егер көзқарас қайшылығын сот шешпейтін болса, оны тараптардың
өздері шешеді.
Ортақ үлестік меншікке қатысушылардың әрқайсысы ортақ мүліктен өзінін,
үлесін заттай күйінде бөліп беруге талап етуге құқылы. Егер үлесті заттай
беліп беруге заң құжаттарында жол берілмесе немесе ол ортақ меншіктегі
мүлікке шамадан тыс залал келтіруіне байланысты мүмкін болмаса, бөлініп
шығушы меншік иесі үлесті меншіктің басқа қатысушыларынан өз үлесінің құнын
төлетіп алуға құқылы (АК-тің 218-бабының 3-тармағы). Ресейдің сот
тәжірибесінде мұндай залалға мүліктің мақсатты пайдаланбауы, оның
техникалық жағдайын нашарлатып жіберуі немесе материалдық не көркем
шығармашылық құндылығын төмендетіп жіберу (мысалы, суреттер, монет,
кітапхана, және т.б.) тәрізді жағдайлар жатады.
Тәжірибеде мүлікті қатысушылар арасында бөлуде немесе олардың біреуіне
немесе бірнешеуіне заттай беруде қиындықтар кездеседі. Біз бұл арада тағы
да Ресейдің сот тәжірибесіне тоқтала кетпекшіміз. Олардың шешімдері
мынадай: белінетін меншік иесінің талабы бойынша қалған катысушылар оған
сұрағанын ақшалай береді, содан кейін әлгі меншік иесі ортақ мүліктегі үлес
құқығынан айырылады. Кейбір жағдайларда ғана меншік иесінің үлесі
айтарлықтай болмаса әрі оны іс жүзінде бөлу мүмкіндігі жоқ болса, сот осы
меншік иесінің келісімін бермегеннің өзінде қалған қатысушыларға оған өтем
төлеуді міндеттей алады.
Сот таласқа түскен мәселеге жан-жақты зерттеу жасап, тараптардың
ұсынған дәлелдемелерімен санасады, мәселен, мүлікті пайдалану кімге қандай,
қажет, оның денсаулығы, кәсіби қызметі қандай, неше баласы бар, отбасында
жұмысқа қабілеттілері бар ма, жок, па, бәрі-бәрі есепке алынады.
Мұндай ережені бөлінбейтін заттарға да қолдануға болады (мысалы,
автомашина, музыкалық құралдар т.б.).[4,28]
Ауылдағы шаруа қожалығына (фермерге) оны қолданбайды. Кейбір жекелеген
жағдайларда, сот нақты жағдайды ескере отырып, үлес меншігіне
қатысушылардың ішінен біреуіне ғана бөлінбейтін затты беруі мүмкін. Бұл
орайда қалған қатысушылардың үлес көлемдеріне мән берілмейді.
Үлес меншігіндегі мүліктерді бөлудің мүмкін еместігі және де Азаматтық
кодекстің 218-бабы 4-тармағында көрсетілген жағдайларға карап, қатысушы бүл
мүлікті пайдалану құқығынан айырылады деуге болмайды. Мұндай жағдайда
мүлікті пайдаланудың қалыптасқан нақты тәртібі ескеріледі, әрі бұл ортақ
меншік құқығындағы үлеске сай келмеуі мүмкін.
Шарттын, немесе сот шешімі негізінде қозғалмайтын мүліктің бір бөлігін
тұлғаның қалай иеленетіндігі белгіленеді. Әңгіме бұл жерде оның заңды үлесі
мен құқықтары туралы болып отыр. Мұндай жағдайда жалпы меншікті бөлуге
болмайды (мысалы, қозғалмайтын мүліктің бір бөлігі бүлінеді, одан қалған
қатысушылардьщ үлесі өзгермейді, олар мүліктің қалған бөлігін иелену мен
пайдалану тәртібін айқындауға құқылы, бұл орайда олардың үлестері
сәйкестендіріле белгіленеді).
Азаматтық кодекстің 214-бабына сәйкес үлесті меншіктегі мүлікті
пайдаланудан алынатын жемістер, өнімдер мен табыстар ортақ мүліктің
құрамына келіп түседі. Үлесті меншіктің қатысушылары арасында жемістің,
өнім мен табыстың одан кейінгі бөлінуі, өзгеше көзделмесе, олардың
үлестеріне сәйкес жүргізіледі.
Үлесті меншіктегі мүліктердің мазмұны бойынша шығынды қатысушылардың
бәрі сәйкестендірілетендей көтереді. Дәл осындай тәртіппен меншік иелері
салық, басқа да төлемдер төлеуге қатысады, сондай-ақ ортақ мүлікті күтіп
ұстау мен сақтауға байланысты шығындарға қатысуға міндетті (АК-тің 215-
бабы). Аталған норма орындалуға міндетті және де ол тараптардың келісімімен
өзгертіледі. Бірақ бұл норма қатысушының бірінің ортақ мүлікке кеткен
шығынды төлеуіне кедергі жасамайды.
Жоғарыда айтып өткеніміздей, өкілеттік билікті жүзеге асырудың өзіндік
ерекшеліктері болады. Заң үлестік меншіктің әрбір қатысушысы өзіне тиесілі
үлесті өзінің қалауы бойынша сатуға, сыйға беруге, мұрагерлікке қалдыруға,
өз үлесіне билік ететіндігін қарастырған. Немесе Азаматтық кодекстің 216-
бабында айтарлықтай сатып алудың артықшылық құқығына ие бола отырып,
белгіленген шарттарды сақтап, оған билігін жүргізе алады. Оған басқа меншік
иелерінің келісімі қажет емес.
Ортақ меншіктің әрбір қатысушысы өз үлесін сатуға құқылы. Заң осы
мүмкіндікті ескере отырып, басқа меншік иелерінің мүддесіне назар аударады,
олар үшін ортақ меншікке бөтен тұлғалардың кіруіне әрқашан қолдау көрсете
бермейді. Азаматтық кодекстің 216-бабы ортақ меншік қатысушыларына сатып
алудың артықшылык, құқығын береді. Үлесті меншік құқығындағы үлесті бөгде
адамдарға сату кезінде сатылатын үлесті оның сатылатын бағасы бойынша және
жария саудаға салу реттерінен басқа тең жағдайларда үлесті меншіктің қалған
қатысушыларының сатып алуға басым құқығы болады.
Үлесін сатушы оның бағасын және оны сатудың басқа да шарттарын ескере
отырып, үлесті меншіктің басқа қатысушыларына өз үлесін бөгде адамға сату
ниеті туралы жазбаша түрде хабарлауға міндетті. Егер үлесті меншіктің басқа
қатысушылары сатып алудан бас тартса немесе қозғалмайтын мүлікке меншік
құқығындағы сатылатын үлесті бір ай ішінде, ал басқа мүлік жөнінен — хабар
алған күннен бастап он күн ішінде сатып алмаса, сатушы өз үлесін кез келген
адамға сатуға құқылы.[5,71]
Үлес сатып алудың басым құқығы бұзыла отырып, сатылған жағдайда,
үлесті меншіктің кез келген қатысушысы үш айдың ішінде сотта өзіне сатып
алушының құқықтары мен міндеттерін аударуды талап етуге құқылы (АК-тің 216-
бабы).
Азаматтық кодекстің 216-бабында үлесті жария саудамен сату жайы
қарастырылған. Меншік үлесі құқығындағы үлесті жария сату меншік
үлестерінің басқа қатысушыларының келісімінсіз тек Азаматтық кодекстін 222-
бабы 2-тармағы мен басқа да заң құжаттарында көрсетілген ретте жүргізіледі.
Азаматтық кодекске үлесті айырбас шарты бойынша басқа біреуге беру
кезінде де үлесті сатудың басым құқығы нормасы жаңалық болып енді (АК-тің
216-бабының 5-тармағы). Бұл жағдайда ортақ меншікке қатысушы тең бағалы
мүлікті ұсыну жөніндегі айырбас шартында көрсетілген барлық міндеттемені
өзіне алады.
Кондоминиумде өз үлесіне билік етудің арнайы белгіленген жүйесі бар.
"Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңның 31-ба-бына сәйкес жалпы меншіктегі
тұрғын үй әрбір меншік иесіне көзделмесе, үлес көлемі тұрғын үйдің пайдалы
аумағына байланысты айқыңдалады. Үйдің тұтастай аумағына кіретін мұндай
үлес сол қалпында бөлінбейді. Үйге меншік құқығының басқа адамға етуі сол
үлесті алғанға тиесілі үлесі өтеді, меншік иесі өзінің ортақ меншіктегі
үлесін өзгеге беруге құқысы жоқ, демек олардың әрқайсысы үйдің өзіне
тиесілі бөлігін қалауынша пайдаланып күтеді. Үйдің жалпы бөліктерін ұстауға
кететін шығын, егер келісімде өзгеше көзделмесе, меншік иесі үлестеріне
сәйкестендіріле бөлінеді. Көппәтерлі үйде меншік иелерінің ортақ әрекеті
керек. Ондай үйді әдетте тұрғындардың өздері пайдаланады. Азаматтық
кодекстің 217-бабына сәйкес үлесті меншік құқығындағы үлес, егер
тараптардың келісімінде өзгеше көзделмесе, шарт жасасқан кезден бастап шарт
бойынша сатып алушыға ауысады. Шарт бойынша мүлік алушының меншік құқығы,
егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, зат берілген кезден
бастап пайда болады (АК-тің 238-бабының 1-тармағы). Азаматтық кодекстің 217-
бабы бойынша үлесті меншік құқығындағы үлес шарт жасасқан кезден бастап
сатып алушыға ауысады. Тараптар бұдан басқа да жайларды қарастыра алады,
мысалы, ол мүлікті берген немесе ақша төлеген кезден де басталуы мүмкін.
Қозғалмайтын мүлікке меншік құқығындағы үлесті бөтен біреуге беруде
келісімдерді тіркеу жөніндегі жалпы ереже қолданылады.[6,45]
2.2. Ерлі-зайыптылардың ортақ меншігі
1. 2. Ерлі-зайыптылардың ортақ меншігі ерекше мәртебеге ие. Азаматтық
кодекстің 223-бабы, 1-тармағына сәйкес ерлі-зайыптылардың некеде тұрған
кезде жинаған мүлкі, егер бұл мүлік ерлі-зайыптылардың үлесті меншігі
болатыны не олардың әрқайсысына тиесілі екені олардың арасындағы шартта
көзделмесе, олардың бірлескен меншігі болып табылады.
Жұбайлардың бірлескен меншігі деп олардың некеде тұрған кезде жинаған
мүліктерін айтамыз. Осы тұжырымнан шығатын қорытынды, егер жұбайлардың
бірінің жекешелендірілген үйі болса, ал оған тіркелмеген екіншісі оны
бірлесіп жинадық деп айта алмайды. Егер некеде тұрған кезде ерлі-
зайыптылардың ортақ мүлкінің есебінен сол мүліктің құнын едәуір арттырған
қаражат жұмсалғаны (күрделі жөндеу, қайта жаңғырту, қайта жабдыктау және
т.б.) анықталса, ерлі-зайыптылардың әркайсысының мүлкі олардың бірлескен
меншігі болып табылады.
Ерлі-зайыптылардың бірінің міндеттемелері бойынша жаза өз меншігіндегі
мүлікке ғана, сондай-ақ бұл мүлікті бөлісу кезінде ерлі-зайыптылардың
біріне тиесілі болатын ортақ мүлкіндегі өз үлесіне ғана қолданылуы мүмкін
(АК-тің 223-бабының 3-тармағы).[7,56]
Жұбайлардың бірлескен меншігіне жұбайлардың әрқайсысының еңбекпен
немесе кәсіпкерлік қызметпен тапқан табыстары, сатып алған заттары, бағалы
қағаздары, зейнетақылары, жәрдемақылары және т.б. жатады. Жұбайлардың
бірлескен меншігіне екеуі бірге тұрған кезде біреуі бала бағып, не басқалай
дәлелді себеппен табыс таба алмаса, ол екіншісінің табысына ортақтасады.
Ерлі-зайыптыларға некеде тұрғанға дейін тиесілі болған, сондай-ақ
олардың некеде тұрған кезінде сыйға тартылған немесе мұрагерлік тәртіппен
алған мүлкі олардың әрқайсысының меншігі болып табылады.
Қымбат бағалы және басқа өсемдік заттарын қоспағанда жеке шйдаланудағы
заттар (киім-кешек, аяқ киім және т.б.) некеде тұрған кезінде ерлі-
зайыптылардың ортақ қаражатына сатып алынғанымен, оларды пайдаланған
жұбайдың меншігі деп танылады.
Жұбайлар ортақ бірлескен меншікке иелену, пайдалану және билік ету
құқықтарын тең дәрежеде иеленеді. Бұл құқықтарды жүзеге асыру үшін
біріншісінің екіншісінен арнайы рұқсат сұрауы міндетті емес, қатысушылардың
бірі өз мүлкіне келісім жасау үшін мүлкіне билік ете береді. Бірақ та
қозғалмайтын мүлік және басқа мүліктерге байланысты біріншісі екіншісінен
алдын ала келісімін алу керек.
Балалар ата-анасының мүлкіне иелік жасай алмайды. Алайда олар ата-
аналарымен бірлесіп ортақ меншікті иелене алады. Мұның өзі ортақ қаржы және
еңбек жұмсау нәтижесінде және заңда көрсетілген ретте жүзеге асады. Мұндай
жағдайда бұл ортақ бірлескен меншік болып табылады.
Ерлi-зайыптылар некеде тұрған кезде жинаған мүлiк олардың бiрлескен
ортақ меншiгi болып табылады. Ерлi-зайыптылардың некеде тұрған кезде
жинаған мүлкiне (ерлi- зайыптылардың ортақ мүлкiне) ерлi-зайыптылардың
әрқайсысының еңбек қызметiнен, кәсiпкерлiк қызметтен және санаткерлiк
қызмет нәтижелерiнен тапқан табыстары, ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiнен
және ерлi-зайыптылардың әрқайсысының бөлек мүлкiнен түскен кiрiстер, олар
алған зейнетақылар, жәрдемақылар, сондай-ақ арнаулы нысаналы мақсаты жоқ
өзге де ақшалай төлемдер (материалдық көмек сомалары, мертiгу не
денсаулығының өзге де зақымдануы салдарынан еңбек қабiлетiн жоғалтуына және
басқаларына байланысты залалды өтеуге төленген сомалар) жатады. Сондай-ақ
ерлi- зайыптылардың ортақ кiрiстерiнiң есебiнен сатып алынған жылжымалы
және жылжымайтын мүлiктер, бағалы қағаздар, жарналар, салымдар, несие
мекемелерiне немесе өзге де коммерциялық ұйымдарға салынған капиталдағы
үлестер және ерлi-зайыптылар некеде тұрған кезеңде тапқан басқа да кез
келген мүлiк ол ерлi-зайыптылардың қайсысының атына сатып алынғанына не
ақша қаражаттарын ерлi-зайыптылардың қайсысы салғанына қарамастан, ерлi-
зайыптылардың ортақ мүлкi болып табылады.[8,49] Қымбат заттар мен басқа да
сән-салтанат заттарын қоспағанда, некеде тұрған кезеңде ерлi-зайыптылардың
ортақ қаражаты есебiнен сатып алынса да, жеке пайдалану заттары (киiм-
кешек, аяқкиiм және басқалар.Некенiң iс жүзiнде тоқтатылуына байланысты
бөлек тұрған кезде ерлi-зайыптылардың әрқайсысы тапқан мүлiктi сот олардың
әрқайсысының меншiгi деп тануы мүмкiн.
Ортақ бірлескен меншік ортақ меншіктің бір түрі болып табылады, оған
қатысушылар жалпы мүліктегі алдын ала айқындалмаған үлестеріне иелік етеді.
Демек, үлестер, егер заңда өзгеше көзделмесе, тең деп танылады. Мұндай
мүліктерді бөлу қатысушының бірі одан шыққанда немесе ортақ меншік
тоқтатылғанда ғана жүзеге асады.
Заңда ортақ бірлескен меншіктің мынадай түрлері қаралған: 1) ерлі-
зайыптылардың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz