Монархияның тарихы



Жоспар.

Кіріспе
Негізгі бөлім
2.1 Монархияның тарихы
2.2 Монархияның түрлері
2.3 Араб елдеріндегі монархиялық билеу жүйесі
2.4 Араб елдеріндегі монархиялық билік

Қорытынды

Пайдаланған әдебиет
Кіріспе
Монархия (грек. monarchіa – дара билік) — жоғарғы мемлекеттік билік бір ғана басшы – монархтың (патша, шаһ,сұлтан, хан, халиф, король, император, т.б.) қолында болатын және ұрпақтан ұрпаққа мұрагерлікпен берілетін басқару тұрпаты. Ерте тарихи даму кезеңінде барлық халықтар Монархиялық сипатта өмір сүрді. Әр халықта Монархия өзінше көрініс тапқанымен, бәріне ортақ белгі – жоғары мемлекет биліктің тақ мұрагерлігі жолымен берілуі болды. Құл иеленушілік кезеңінде түрлі сипатта өмір сүріп, кейбір елдерде республикалық басқару нысанымен алма-кезек ауысып отырды. Феодалдық кезеңде Монархия басты мемлекет басқару нысанына айналды. Оның ертефеодалдық Монархия, феодалдық бытыраңқылық кезеңіндегі Монархия, шексіз Монархия деген түрлері болды. Ерте феодалдық Монархия жауланған жерге басқару жүйесін құру мен ірі жер иеленушілердің пайда болуы барысында қалыптасты. Билеуші этностық топқа сүйенген монархтар ортасында билігі күшті, бірақ жаулаған аймақтарымен экономикалық және саяси байланысы нашар алып феодалдық империялар құрды. Феодалдық бытыраңқылық кезінде монарх “теңдестер арасындағы бірінші” жағдайында қалды. Тауар-ақша қатынасының дамуы, орта және ұсақ жер иелерінің, кейіннен қалалықтардың да феодалдық бытыраңқылыққа қарсы күреске бірігуі біртұтас, орталықтанған Монархияны тудырды.
Біртұтас иерархиялық мемлекет аппараттың, күшті әскердің құрылуы монарх билігін шектейтін ешқандай органы жоқ, шексіз Монархияның құрылуына алып келді. Шексіз Монархияда заң шығару, атқару, сот – үш билік те монархтың қолына шоғырланды. Адамзат сана-сезімінің дамуына, демократияның өркендеуіне байланысты мемл. билікті бірінен бірі тәуелсіз әрі өзара байланысты үш тармаққа бөлу теориясы белең алды. Монархиялық елдер конституция қабылдау арқылы монархтың билігін шектеп, Конституц. Монархия пайда болды. Ондай мемлекетте монарх құзырындағы мәселелер конституцияда нақты белгіленді (негізінен ішкі, сыртқы саясаттың басты бағытын белгілеу, бас қолбасшылық, т.б. аса маңызды мәселелер) әрі ол мемл. билік тармақтарының арбитрі болып танылды. Мұндай елдерде көбіне монарх билігі символик. сипатта болып, құзыреті азаяды. Ол ең бастысы ел бірлігі мен билік тұтастығын білдіретін мемлекет символы қызметін атқарады. Ал нақты билік жүргізетін үкімет басшысын халық өкілдерінің органы немесе тікелей халықтың өзі дауыс беру арқылы сайлайды. Яғни, саяси талас-тартыс үкімет билігі маңайында жүреді де өзгермейтін әулеттік мемлекет басшылығы арқасында саяси тұрақтылық мызғымайды. Қазіргі таңда Жапония, Ұлыбритания, Белгия, Дания, Испания, Швеция, Норвегия, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб әмірліктері, Нидерланд, т.б. өркениетті елдер – Монархиялық мемлекеттер. Бұған қоса кейбір Африка және Тынық мұхит аймағындағы артта қалған ұсақ мемлекеттерде Монархиялық билік сақталған.
Пайдаланған әдебиет

1. Қазақша энциклопедия 6 том 27 бет.
2. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3
3. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-38-491-6

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар.

Кіріспе

Негізгі бөлім

2.1 Монархияның тарихы

2.2 Монархияның түрлері

2.3 Араб елдеріндегі монархиялық билеу жүйесі

2.4 Араб елдеріндегі монархиялық билік

Қорытынды

Пайдаланған әдебиет

Кіріспе

Монархия  (грек. monarchіa – дара билік) — жоғарғы мемлекеттік билік бір
ғана басшы – монархтың (патша, шаһ,сұлтан, хан, халиф, кор оль, император,
т.б.) қолында болатын және ұрпақтан ұрпаққа мұрагерлікпен берілетін басқару
тұрпаты. Ерте тарихи даму кезеңінде барлық халықтар Монархиялық сипатта
өмір сүрді. Әр халықта Монархия өзінше көрініс тапқанымен, бәріне ортақ
белгі – жоғары мемлекет биліктің тақ мұрагерлігі жолымен берілуі болды. Құл
иеленушілік кезеңінде түрлі сипатта өмір сүріп, кейбір елдерде
республикалық басқару нысанымен алма-кезек ауысып отырды. Феодалдық кезеңде
Монархия басты мемлекет басқару нысанына айналды. Оның
ертефеодалдық Монархия, феодалдық бытыраңқылық кезеңіндегі Монархия, шексіз
Монархия деген түрлері болды. Ерте феодалдық Монархия жауланған жерге
басқару жүйесін құру мен ірі жер иеленушілердің пайда болуы барысында
қалыптасты. Билеуші этностық топқа сүйенген монархтар ортасында билігі
күшті, бірақ жаулаған аймақтарымен экономикалық және саяси байланысы нашар
алып феодалдық империялар құрды. Феодалдық бытыраңқылық кезінде монарх
“теңдестер арасындағы бірінші” жағдайында қалды. Тауар-ақша қатынасының
дамуы, орта және ұсақ жер иелерінің, кейіннен қалалықтардың да феодалдық
бытыраңқылыққа қарсы күреске бірігуі біртұтас, орталықтанған Монархияны
тудырды.

Біртұтас иерархиялық мемлекет аппараттың, күшті әскердің құрылуы монарх
билігін шектейтін ешқандай органы жоқ, шексіз Монархияның құрылуына алып
келді. Шексіз Монархияда заң шығару, атқару, сот – үш билік те монархтың
қолына шоғырланды. Адамзат сана-сезімінің дамуына, демократияның
өркендеуіне байланысты мемл. билікті бірінен бірі тәуелсіз әрі өзара
байланысты үш тармаққа бөлу теориясы белең алды. Монархиялық елдер
конституция қабылдау арқылы монархтың билігін шектеп, Конституц. Монархия
пайда болды. Ондай мемлекетте монарх құзырындағы мәселелер конституцияда
нақты белгіленді (негізінен ішкі, сыртқы саясаттың басты бағытын белгілеу,
бас қолбасшылық, т.б. аса маңызды мәселелер) әрі ол мемл. билік
тармақтарының арбитрі болып танылды. Мұндай елдерде көбіне монарх билігі
символик. сипатта болып, құзыреті азаяды. Ол ең бастысы ел бірлігі мен
билік тұтастығын білдіретін мемлекет символы қызметін атқарады. Ал нақты
билік жүргізетін үкімет басшысын халық өкілдерінің органы немесе тікелей
халықтың өзі дауыс беру арқылы сайлайды. Яғни, саяси талас-тартыс үкімет
билігі маңайында жүреді де өзгермейтін әулеттік мемлекет басшылығы
арқасында саяси тұрақтылық мызғымайды. Қазіргі таңда Жапония, Ұлыбритания,
Белгия, Дания, Испания, Швеция, Норвегия, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб
әмірліктері, Нидерланд, т.б. өркениетті елдер – Монархиялық мемлекеттер.
Бұған қоса кейбір Африка және Тынық мұхит аймағындағы артта қалған ұсақ
мемлекеттерде Монархиялық билік сақталған. 

Монархия деп – мемлекеттің жоғарғы өкімет билігі жеке-дара, бір билеушінің
қолында болып, ол әкеден балаға мұра ретінде қалатын түрін айтады. Монархия
абсолюттік, конституциялық болып бөлінеді. Абсолюттік монархия деп жоғарғы
өкімет билігі бүтіндей, тұтас, формальді түрде де шектелместен бір адамның
қолында тұрған құрылысты айтады. Мысалы: Ресейдегі Романовтар әулеті. Қазір
басқарудың мұндай түрі жоқ.
Конституциялық монархияда монархтың билігі белгілі дәрежеде заң шығаратын
билік парламентпен шектеледі. Қазір Бельгия, Голландия, Дания, Иордания,
Испания, Норвегия, Люксембург, Морокко, Жапонияда сақталған.
Мемлекет басқаруы бойынша

Монархияның екі түрі бар: абсолютті және конституциялық

Басқару түрi- жоғары мемле¬кеттік органдарды, олардың қүрылу тәртібін, өз
араларында және халықпен өзара байланысын білдіретін жоғары мемлекеттік
билікті үйымдастыру. Тарихта екі басқару түрі
белгілі: монар¬хия және республика.

Монархия‘’Монархия’’ - алғашқы тарихи басқару түрі. Онда елдегі жоғары
билік бір адаммен жүзеге асырылады. Мемлекет басы – монарх - әдетте билікке
мұрагерлік жолмен келеді және оның билігі басқа билік түрлеріне немесе
сайлаушыларға бағынышты емес.

Монархияның екі түрі бар: абсолютті және конституциялық. Бірінші түрінде
мемлекет басы биліктің барлық түрін өз қолына шоғырландырады. Екінші
түрінде монарх билігі мем¬лекет Конституциясымен шектелге н. Кейбір
жағдайларда ол заңшығарушы билікке қүзыры жетпей, монарх тек өкілдік қызмет
атқарады. Бүл парламенттікмонархия. Басқа жағдайлар¬да монарх атқарушы
биліктің тізгінін өзі үстап, парламентке айрықша ықпал етеді: ол өз алдында
жауапты үкіметті тағайындайды, парламенттің шешімдерін кері қайтару қүқына
ие, парламенттіңжоғарғы палатасының мүшелерін тағайындауы мүмкін әрі
парла¬мента таратуға қүқылы. Бүл түрінде, көріп
отырғанымыздай, монарх пен пар¬ламе нт мемлекет билігін
бөліседі. Кон¬ституциялық монархиян ың бүл түрін дуапистік деп атау да
қалыптасқан. Республика басқару түрі ретінде монархиядан әлдеқайда кеш
пайда болса да, ежелден белгілі. Монархиядан
айырмашылығы мемлекет басшылығы ауыспалы әрі сайланбалы, ал оның билігі
өкілетті орган мен сайлаушылардан тәуелді болып келеді. Республиканың үш
негізгі түрлері белгілі: парламенттік,президенттік  және жартылай
президенттік. 

(гр. μοναρχία — біртұтас билік) — абсолюттік және конституциялық болып
екіге бөлінеді. Абсолюттік монархия — мұраланған тақ иесінің (монархтың)
ешқандай заңдармен шектелусіз, өз қалауынша дара билік жүргізуі. Шыңғыс хан
және оның ұрпақтары билеген Қыпшақ мемлекеттері, XVIII ғасырдың соңындағы
буржуазиялық революцияға дейінгі Людовиктер басқарып келген Франция осы
абсолюттік монархияға мысал. Атадан балаға мұра боп қалған билік иесінің
мемлекеттің сайланып қойылатын басқару органдарымен біте қайнасып,
демократиялық ұстанымдармен үйлесім тауып басқаруын конституциялық монархия
дейді. Мысал ретінде қазіргі Англия, Жапония мемлекеттерін айтуға болады.

Биліктік іс-әрекеттің өзінің мойындалуын сипаттайтын маңызды тұстарының
бірі легитимділік туралы мәселе. Легитимділік термині (лат. legitimus —
заңды) өмір сүріп отырған билікті өзінің бағыныштыларының, сонымен қатар
биліктің басқа субъектілерінің занды деп тануын анықтайды. Легитимділік
терминін тарихи тұрғыда 1830 ж. Франциядағы шілде революциясы кезеңінде
пайда болған легитимистер партиясының іс-әрекеттерімен байланыстырады. Олар
1789-1794 жж. революциялар нәтижесінде биліктен аластатылған Франциядағы
Бурбондар династиясының идеяларын заңды және қажетті деп танып, оны заңды
билік ретінде қайта жаңғыртуды ұсынған еді. Аталмыш ұғым саяси дағдарыстар,
биліктік құрылымдардағы түпкілікті өзгерістер, биліктің ауысу жағдайларында
және осы жағдайлардағы билік өкілеттіктерін кеңейту қажеттілігі пайда
болғанда, олардың зандылық дәрежесі күмән тудырғанда ерекше өткір саяси
мәселеге айналады. Яғни билікті тартып алу, оны заңсыз жаулап алу және
басып алушының өз еркін тану тенденциясы пайда болады. Кандай билік
болмасын өзінің заңды екендігін қорғайды.
Билік легитимділігі ұғымын француз революциясы мен оның салдары ерекше
өзекті мәселе ретінде қалыптастырғанымен, бұл ұғым қарапайым формада саяси
ойлардың бастапқы кезеңдерінде-ақ пайда болған. Адамзат биліктік
катынастардың, билік құру мен бағынудың пайда болу кезеңінен бастап неге
біреулері билік құрып, үстемдік етеді, ал басқалары — оларға бағынып, қол
астында болуы тиіс және билік, оның акциялары бағынушылар үшін қаншалықты
қажетті деген сауалдарға жауап іздеумен келеді. Легитимділік туралы мәселе
билік үшін бәсекелестік күресте өте күшті қару болды. Өйткені, биліктің
ауысуы, биліктік кұрылымдардағы түпкілікті өзгерістер өздерімен бірге
белгілі бір аласапыран мен тәртіпсіздікгі ала келді, осының салдары —
ұзақка созылған қанды соғыстарға апарып соқтырғандықтан, қоғамның саяси
элитасы биліктің алмастырылуын, билік құрушы субъектілерді заңдастырудың әр
түрлі әдістерін, осы процестердің астарында белгілі бір қағидалық
негіздердің бар екенін келтіре отырып жасақтады. Бұл монархиялық режим
жағдайында — биліктің мұраға қалатындығы туралы, республикаларда — биліктің
сайлануы туралы заң.

Орта ғасырларда Еуропада зайырлы элита мен діндарлар арасында билік үшін
бәсекелестік күрес орын алды. Бұл күресте шіркеу ұзақ уақыт бойы зайырлы
биліктің легитимділігін тану кұқығын сақтап калды, яғни шіркеудің беделі
мемлекеттік биліктің занды екендігін тануда шешуші мәнге ие болды.
Легитимация — ең алдымен, осы биліктің қажеттілігін, оның бағыныштылар үшін
игілікті екендігін идеологиялық және құқықтық түрғыдан негіздеу.

Легитимация тек биліктік құрылымдарға, билік субъектісіне ғана емес, сондай-
ақ олардың акцияларына, шешімдеріне, қағидаларына да таралады. Билік
легитимациясы биліктік ықпал ету кеңістігіне, оның шегіне, шекарасына
байланысты. Осы ассоциативті кеңістіктің ішінде билік қажетті деп танылып,
ал оның шешімдері орындалуға міндетті деп саналады.

Билік өзінің ықпал ету кеңістігін игеру үшін биліктік ықпал ету күшіне ие
болуы керек. Бұл күш билік құрушы субъектінің билік ресурстарын: адамдарды
басқару өнері ретіндегі саясатты; саясаттың нақгылық дәрежесін; күш пен
құралдардың қажетті арсеналдарын пайдалана білу кабілеттілігін; әдістердің
ыңғайлығы мен тиімділігін және т.б. қаншалықты игергендігіне тәуелді.

Биліктік ыкпал ету кеңістігі бір мезгілде ассоциацияның соңғы ажырамас
құрылымдық элементі, оның атомы индивид, бағынушы болып табылатын
құрылымданған және ассоциативті кеңістік болып табылады. Демократиялық
қоғамда — бұл азаматтық құқықтар мен міндеттерге ие жеке тұлға. Сондықтан
да демократиялық қоғамда билік легитимациясы оның құқығын қорғайтын заң
шеңберінде жүруі қажет.

Билік легитимациясы — азаматтарға тікелей ықпал ету актісі емес, ол — осы
билікті мойындайтын қоғамдық келісім деңгейінде заңды әлеуметтік-саяси
ортаны қалыптастыру процесі. Легитимацияның актілері биліктің, оның
шешімдері мен іс-әрекетінің маңыздылығы туралы қоғамдық пікірді
қалыптастыратын идеологиялық, саяси, құқықгық іс-әрекет болып табылады.
Билік легитимділігін тану — бұқаралық сананың феномені, сондықган билікті
заңдастыру үшін пайдаланылатын бірқатар идеологиялық қағидалар бар:

Биліктің киелілігі. Биліктің, билік құрушы субъектінің қасиетті, киелі
екендігі мен оларды мифологияландыру. Билік құрушыларға харизматикалық
қасиеттерді таңу.

Биліктің халықгық сипаты: (билеуші бізге туыс, ол —біздің арамыздан шыққан,
ол біздің қажеттіліктеріміз бен мұңымызды жақсы біледі). Легитимация —
биліктің тұрақты, үздіксіз іс-әрекеті, оның өзіне деген қамқорлығы.
оппозициялық күштер билікті, оның шешімдері мен акцияларын заңсыз деп тану
жолында әрекет етеді.

Оппозиция билік кабылдаған зандардың легитимділігін, билік өкілеттігінің
кеңеюіне қол жеткізетін биліктік құрылымдардағы өзгерістерді, олардың
Конституцияға сәйкестігін, олардың қажеттілігі мен дер уақыттық шара
екендігін жоққа шығарады, билік пен оны қолдаушьиар ұсынған аргументтердің
дұрыстығын сынға алады. Легитимация да, делегитимация да — билік пен
оппозиция арасындағы бәсекелестікте пайдаланылатын күрестің әлеуметтік
формасы. Бірақ мұндай күресіің кандайы болмасын Конституция шеңберінде
жүзеге асуы керек.

Билікке келгеннен кейін билік құрушы субъект өз әрекетін легитимдендіру
үшін әр түрлі формалар мен тәсілдерді іздестіреді. Ол референдумдар
өткізіп, өзінің іс-әрекетінде олардың шешіміне сүйенеді, Конституцияға
өзгерістер енгізеді, өз өкілеттігінің кеңеюіне қол жеткізуге тырысады,
билік құрылымдарын жетілдіреді, заңдар шығарады, өзінің әлеуметтік базасын
кеңейту және оппозицияны оқшауландыру, оның әлеуметтік ықпалын әлсірету
мақсатында әрқилы әлеуметтік шаралар өткізеді. Оппозиция биліктің өрекетін
мұқият бақылап, олардың легитимділігін жокқа шығарады, конституциялық
нормалардың, қабылданған зандардың қатаң сақталуын талап етеді. Мұның
барлығы қоғамның демократиялық саяси мәдениетінің дамуына септігін
тигізеді, нарықтық қатынастар жүйесіне сай келетін қоғамның саяси құрылымын
қалыптастырады. Легитимділік туралы мәселенің сыртқы аспектілері де бар.
Билік біріктірген ассоциативтік қауымдастық субъект-субъектілік
қатынастардың мейлінше кең жүйесінде субъект ретінде көрінуі мүмкін. Оның
бұл сыртқы саяси іс-әрекеті осы кең жүйеде қабылданған нормаларға сай
келуі, басқа субъектілердің мүдделеріне, құқықтарына нұқсан келтірмеуі
қажет. Баска ассоциативтік қауымдастықгардың мүдделерін бұзатын билік
құрушы субъект, оның әрекеттері, акциялары заңды деп танылмауы да мүмкін.

Биліктің түрлері:

Биліктің жүзеге асырылу тәсіліне және құрылысына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет басқару нысаны
МОНАРХИЯЛЫҚ БАСҚАРУ НЫСАНЫ ТАРИХЫ МЕН ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
Мемлекет басқару нысанын зерттеудің теориялық құқықтық негіздері
Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы
КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ МОНАРХИЯНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ НЫСАНЫ РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСУЫ
Басқару психологиясының зерттеу әдістері
Ағылшын абсолютизмінің орнауы
Францияның феодалдық құрылысының тарихи кезеңдері
«Мемлекет нысаны түсінігі, түрлері және ерекшелігі»
Кейінгі орта ғасырлардағы Англия
Пәндер