«Еңбекпен қамту» ақпаратты жүйесін құру


Кіріспе

Еңбек ресурстарына байланысты сұраныстар мен ұсыныстарды тек қана еңбек биржасында бақылауға болады. Сондықтан бұл курстық жұмыстың мақсаты сол еңбек ресурстарынының жағдайын талдауға арналған орталықтың жұмыстарын автоматтандыру үшін «Еңбекпен қамту» ақпаратты жүйесін құру.

Қазіргі нарық заманында барлық жерлерге жоғары дәрежелі және экономист білімі бар мамандар қажет. Ал көп адамдар бұл талапқа сәйкес болмағандықтан жұмыссыз қалып отыр. Сол адамдар еңбек қамту орталығының қызметіне сүйенеді және жұмыссыздар саны күннен- күнге өсіп келеді. Ал еңбекпен қамту орталығы үшін сол адамдарды тіркеуге алуының өзі үлкен көлемді жұмыс. Сонымен қатар ол орталықтардың жұмыссыздарды тіркеуден басқа да функциялары бар:

  • Ваканттық орындарды тіркеу;
  • Жұмыссыздарға және басқа да адамдарға жұмыс тауып беру;
  • Еңбек сұраныстарын зерттеу, оқу және ол туралы ақпарат жинау;
  • Жұмыс істеуге ынталы адамдарды тестілеу;
  • Жұмыссыздарды кәсіптік қайта даярлау;
  • Жұмыссызға уақытша әлеуметтік жәрдем қаражат төлеу .

Осы жұмыстардың барлығын автоматтандырсақ, онда уақыт және жұмыс көлемі үнемделеді. Мұндай жұмыс қолданбалы бағдарламалық пакет ендірілгеннен кейін, қаржылық шығынды да азайтады. Көбінесе мұндай саясатқа жұмсалатын қаржы шығыны қайтпайтын әлеуметтік қордың шығындарына жатады. Бірақ жұмыссызға жұмыс тауып беріп, еңбекпен қамту орталықтары біршама әлеуметтік мәслелерді шешеді. Атап айтсақ, қайта жұмыс бар адам өз жұмысының арқасында жалақы қорын құрып, сол жалақысынан мемлекетке подоходты налог және өз зейнет қорына қаржы аудара бастайды. Ал жұмыс беруші әлеуметтік қорға қаржы аударады.

Мұндай нәтижелермен біз еңбекпен қамту орталығының қаржылық, экономикалық тиімділігін атап өтуімізге болады. Сондықтан мұндай орталықтардың жұмысын неғұрлым автоматтандырсақ, олардың қызметі жақсара түседі.

Қазіргі ғылыми-техникалық даму кезеңінде инженерлік, экономикалық, басқару, ғылыми және басқа түрлі есептерді тиімді түрде шешу мен медициналық диагноз қою, тағы басқа зерттеу нәтижелерін жоғары дәлдікпен алуды компьютерсіз ұйымдастыру мүмкін емес. Жалпы бүгінгі күнде компьютерлік техниканы пайдаланбай жұмыс жасайтын сала жоқ деп айтуға болады. Қай сала болса да, мейлі ол медицина саласы болсын, мейлі ол білім саласы болсын, сонымен қатар басқа салалар да компьютерлік техниканы пайдаланбай жұмыс істей алмайтындығын мойындау керек. Осы компьютерді пайдалану технологиясының жұмыс жасауға өзіне тән талаптар қоятыны белгілі. Сондай талаптардың бірі - жұмыс жасауға қажетті берілгендер қорын құру.

Түрлі шаруашылықтарда, оқу орындарында, коммерциялық мекемелерде және тағы басқа салаларда берілгендерді дайындау, оларды өңдеу, сақтау жиі кездеседі. Мұндай мәліметтерді сақтау және өңдеудің көп тараған әдісі - оларды берілген қоры түрінде дайындау. Берілгендер қоры-құрылымы арнайы тәсіл бойынша ұйымдастырылған берілген формат-тағы файлдар жиынтығы. Файл негізінен кесте түрінде дайындалады. Кестелерді дайындау, жылдам түрде олардан қажетті жазулар тобын таңдау (шартты қанағаттандыратын сұраныс құру) , оларды сақтау, жазуларды редакциялау, жолын алып тастау, кестені басып шығару сияқты орында-латын іс-әрекеттер-күрделі жұмыстар. Бұрын, мысалы, турбо Паскальда берілгендер қоры кестесі берілгендер файлы ретінде құрылып, онымен жұмыс істеу үшін программаға арнайы процедуралар мен функциялар енгізілетін. Соңғы кездерде кестелерден тұратын берілгендер қорын құрып, оларды өңдейтін көптеген программалар жүйесі дайындалған. Оларды берілгендер қоырн басқару жүйесі деп атайды. Белгілі БҚБЖ-лер: dbase, Foxbase, Paradox, Access т. б. Жалпы менің курстық жұмысым берілгендер қорымен жұмыс істейтін бағдарламалардың бірі Visual FoxPro бағдарламалау тілінде жасалған. Бұл бағдарламалаық тілдің мүмкіншіліктері өте көп. Visual FoxPro-да реляционды берілгендер қорын басқару жүйесінің барлық атрибуттары қарастырылған. Берілгендер қорында алғашқы кілттік арқылы берілгендердің толықтылығы және кестелер арасындағы байланыс сақталады. Оқиғаларды өңдеуге қосу, өшіру немесе кестедегі берілгендер қорының өзімен жазуды өзгерту үшін триггерлер мен сақтаулы процедураларды қолдануға болады. [2]

Visual FoxPro - дегеніміз, объектке бағытталған, визуальды бағдарламалау. Ол бағдарламалық қамтамасыздандыруды іске асыруда және қазіргі заманғы жобалау тәсілдеріне қойылатын талаптарға толықтай жауап беретін оқиғаларды басқарады.

Visual FoxPro-ның түрлі деңгейдегі дайындықтан өткен қолданушылар қолдана алады. Егер сіз Visual FoxPro-ны енді ғана меңгеріп жатқан болсаңыз және қысқа уақыт ішінде қарапайым бағдарлама құру қажет болса, онда сізге берілгендер қорын, кесте, бағдарлама, форма, есеп беру және т. б. шеберлері көмектеседі. Үлкен және күрделі жобаларды құру үшін сәйкес конструктор-лар мен объектке бағытталған тіл Visual FoxPro базалық класын қолданып қана қоймай, сонымен қатар сыртқы кітапханаларды және қолданушы кластарын құруға көмектеседі.

Осы бағдарламалық тілде мен «Еңбекпен қамту» тақырыбына сай мәліметтермен жұмыс істедім. Мұндағы негізгі мәліметтер Қазақстан еңбек заңдарына байланысты ақпараттар туралы болып табылады. Яғни сол заңдарға байланысты «Еңбекпен қамту» орталығының жұмысымен таныстым және бағдарлама құрдым.

Курстық жұмыстың мақсаты: Visual FoxPro ортасында объектке бағытталған бағдарламалау ортасының көмегімен тақырыбыма сай берілгендер қорын, бағдарлама құрып және құрылған бағдарлама арқылы адам еңбегін жеңілдетіп, еңбек өнімділігін көтеруге көмектесу.

1 Берілгендер қорын басқару жүйесі

1. 1 Реляциялық берілгендер қоры

Бұл бөлімде берілгендердің кең таралған реляциондық модельдері қарастырылады. Нақты реляциондық модельдер мінездемелері мен оның элементтері келтірілген. Оның даму тарихына тоқталайық.

60 - жылдардың соңында түрлі кестелік модельдерді қолдану жұмыстары қарастырылды. Реляциондық берілгендер моделі IBM фирасының қызметкері доктор Эдгар Кодданың (Codd E. F., A Relational Model of Data for Large Shared Data Banks. CACM 13: 6, June 1970), мақаласында «реляционды берілгендер моделі» атты термині алғаш рет қолданылды. Мамандығы болашақта математик Э. Кодд берілгендерді өңдеу үшін көптеген теориялық аппаратты (біріктіру, айырым, декартты туындыларын) қолдануды ұсынды. Ол кез келген берілгендер, математикадан белгілі releation - қатынасы түрінде негізгі екілік кесте жиынтығымен байланысады.

Берілгендер қорын ұйымдастыру кезінде қолданбалы жүйе қолданылатын мәліметтер берілгендер қорына жатады. Мысал ретінде серена немесе экспресс жүйелері, әуе немесе теңіз жол билеттерін сату үшін арналған берілгендер қорының келесі мәліметтері бар:

  • Иерархиялық
  • Желілік
  • Реляциондық
  • Объектілі реляциондық

Реляциондық берілгендер қоры бір-біріен байланысқан кестелерден тұрады. Бір кесте көмегімен берілгендер арасында қарапайым байланыстарды құру ыңғайлы, әсіресе кестеде сақталынатын мәліметі бар бір объектті көптеген объекттерге бөлу. Әр объеттердің қасиеті пен құрылымы бірдей болады. Мысалы кестеде бөлім қызметкерлердің келесі мәліметтері сақталынуы мүмкін: фамилиясы мен толық аты-жөні, жынысы мен ұлты, жасы мен білімі.

Бір кесте ішінде берілгендердің толық логикалық құрылымын көрсету мүмкін емес болса онда кестелерді байланыстыру әдісі қолданылады. Реляциондық берілгендердің физикалық сыйымдылығы қарапайым файлдар арқылы жүзеге асырылады.

Берілгендер қорын құрайтын кестелер қатты дискте орналасқан каталогта сақталады. Ал кестелер файлдарда сақталады. Әр бір кестелер үшін бірнеше файлдар құрылады. Яғни түрлі мәліметтер, кілттер, индекстер және т. б.

Ең аз реляционды берілгендер моделінің бірлігі - ол бөлек ыдыратылмайтын берілгендер мағынасының моделі. Бір облыста фамилиясы, аты жөні біріңғай мағына ретінде қарастырылса, ал басқасында - үшеуі әртүрлі мағыналар ретінде қарастырылады. [3]

Реляционды берілгендер қоры моделінің жетістіктері - ол берілгендерді өңдеудің қарапайымдылығы мен ыңғайлығында. Оның осы қарапайымдылы мен қолдану ыңғайлығы реляционды модельдердің кең қолдануына себеп болдды.

Ал оның негізгі кемшіліктері - ол жад қолданудың үнемді еместігі және берілгендердің өңдеу жылдамдығы кесте мөлшеріне байланыстылығы, иерархилық және желілік байланыстарды құрудың қиындылығы. Сонымен реляциондық берілгендер қоры берілгендер қорында сақталынатын бүкіл мәліметтерді қамтитын қатынастар жиынтығын анықтайды.

Кесте 1-Реляционды модельдің элементтері

Реляционды модель элементтері
Ұсыныс формасы
Реляционды модель элементтері: Қатынас
Ұсыныс формасы: Кесте
Реляционды модель элементтері: Қатынас схемасы
Ұсыныс формасы: Кесте баған тақырыбы
Реляционды модель элементтері: Кортеж
Ұсыныс формасы: Кесте жолы
Реляционды модель элементтері: Маңыз
Ұсыныс формасы: Объект қасиетінің сипатталуы
Реляционды модель элементтері: Атрибут
Ұсыныс формасы: Кесте бағанының тақырыбы
Реляционды модель элементтері: Домен
Ұсыныс формасы: Атрибуттың мүмкіндік мағыналары
Реляционды модель элементтері: Атрибут мағынасы
Ұсыныс формасы: Жазылымдағы жолдың мағынасы
Реляционды модель элементтері: Алғашқы кілт
Ұсыныс формасы: Бір не бірнеше атрибуттар
Реляционды модель элементтері: Берілгендер типі
Ұсыныс формасы: Кесте элементтерінің типі

ЭЕМ-де шетелдік реляциондық БҚБЖ қолданылуы клесі түрдей: dBase III Plus және dBase IV (Ashton-Tate фирмасы), DB2 (IBM), R:BASE (Microrim), алғашқы Foxpro мен FoxBase (Fox Software), Paradox және dBase for Windows (Borland), FoxPro соңғы версиялары, Visual FoxPro және Access (Microsoft), Clarion (Clarion Software), Ingress (ASK Computer System) және Oracle (Oracle) .

Ал отандық берілгендер қорын басқару жүйесіне келесі реляциондық типті жүйелер жатады: ПАЛЬМА (ИК АН УССР), және HyTeach (МИФИ) жүйесі жатады.

Соңғы реляцинды жүйелер объектілі-ориенттелінген жүйесінің кейбір қасиеттері бар. Ондай БҚБЖ әдетте объектілі-реляциондық деп аталады. Ондай жүйеге мысал ретінде Oracle8 өнімін келтіруге болады.

Сонымен барлық реляциялық берілендер қорында ақпараттар бір кестеде жинақталынып, қатарлар мен бағандар жазулар мен өрістер деп аталады. Бұл кесте реляция деп аталғандықтан модельдің аты реляционды деп аталынып кетті.

1. 2 Visual FoxPro ортасының компоненттері

Дүние жүзінде IBM PC және оларға сәйкес келетін компьютерлер үшін БҚБЖның 50 ден астам түрі бар. Осылардың ішінде Қазақстанда дәстүрлі түрде қолданбалы болып Visual FoxPro саналады, оның жаңа нұсқасы Visual Fox Pro 8. 0 қосымшаларды жылдам өңдеуге мүмкіндік беретін толықтырулар мен жақсартуларды қамтиды. Visual FoxPro ақпараттарды сақтау және ұсыну үшін қолданылатын жеке компоненттерден тұрады. Бұл компоненттерге кестелер, берілгендерді ұсыну, формалар, есеп беру, сұраныс, бағдарламалар және кітапхана жатады. Форма мен есеп беруді құру үшін конструкторлар қолданылады, сондықтан бұл компоненттерді көбіне конструтор обьектілері деп атайды. Конструктор обьектілері құрылымды обьектілер болып табылады, яғни интерфейс деп аталатын кішігірім обьектілерден (өріс, диаграмма, рамалар т. б сияқты) тұрады. Интерфейс обьектілеріне мыналар жатады:

  • Мәтіндік обектілер
  • Тік бұрыштар және сызықтар
  • өріс
  • батырма
  • графикалық обьектілер
  • OLE-обьектілер
  • Құжат беттері т. б

Visual FoxPro-да барлық ақпараттар кестелерде сақталады. Әр кестенің бөлек файлда сақталатын уникалды аты болады. Кестеге ат берудегі ережелер Windows-та файлға атау берудегідей. Кестелерден тұратын файлдарға Visual FoxPro-да автоматты түрде DBF ұзартылуы беліледі. Сіздің әр жасаған кестеңізде олмен байланысқан индекс, содай-ақ өрістің Memo және General типтерінен тұратын файлдар болуы мүмкін. Көрсетілген обьектілер жасалған кестемен әрқашанда байланыста болады. Әр обьект бөлек файлда сақталады, және де негізгі обьектілерден тұратын файлдарға өзіңіз атау бересіз, ал кестемен байланысты обьектілерден тұратын файлдар кестенің атауымен сәйкес келуі қажет. Visual FoxPro ішіндегі обьектілердің типіне қарай әр файлға өзі кеңейтілуі беріліп отырады, бұл обьектіні идентификациялауға көмек тигізеді. Файлдардың кеңейтулері 1. 2-кестеде берілген. [5]

Кесте 2- Visual FoxPro обьектілерінің файлдар атауының кеңейтулері

Обьектілер
кеңейтулері
Обьектілер: Жоба
кеңейтулері: PRJ, FPC, CAT, PJX, PJT
Обьектілер: Берілгендер қоры
кеңейтулері: DBC
Обьектілер: Visual FoxPro кестелері
кеңейтулері: DBF
Обьектілер: Құрылымды индексті файл
кеңейтулері: CDX
Обьектілер: Memo-өрісі және General типті өріс
кеңейтулері: FRT
Обьектілер: Форма
кеңейтулері: SCX
Обьектілер: Сұраныс
кеңейтулері: QPR
Обьектілер: Есеп беру
кеңейтулері: FRX, FRM
Обьектілер: Пошталық жапсырылым
кеңейтулері: LBX, LBL
Обьектілер: Мәзір
кеңейтулері: MNX
Обьектілер: Класс кітапханасы
кеңейтулері: VCX
Обьектілер: Бағдарлама
кеңейтулері: PRG, SPR, MPR, QPR
Обьектілер: Сурет
кеңейтулері: BMP
Обьектілер: Дауыс жазылым
кеңейтулері: WAV

Форма -форма терезесінде кестелерді енгізу және көру үшін қолданылады. Формалар экранда корсетілген ақиараттардың өлшеуне шектеу қойып, оны көркемірек түрде көөрсетуге мүмкіндік береді. Мастердің көмегімен сіз форманы құрып, оған алдын ала құрылған шаблондардың біріне сәйкес қойылған ағымдық кесте өрісін орналастыруыңызға болады.

Есеп берулер берілгендер қорында болатын ақпараттарды баспаға шығару үшін қолданылады. Конструтордың көмегімен сіз берілгендердің топтамасы, топталған және есептелетін өрістер кіретін өзіңіздің жеке есеп беруіңізді жасап, оны қажетінше безендендіруіңізге болады. Сұраныс берілгендер қорынан ақпаратты бөліп алу әдісі болып табылады, және де берілгендер бірнеше кестелерге таратылған болуы мүмкін. Visusl FoxPRO-да сұраныстарды құру үлгі бойынша сұраныс деген әдіс қолданылады. Бұл әдісті визуалды ақпараттар негізінде қолдана отырып сіз керек ақпаратты бір немесе бірнеше кестелерден бөліп алуыңызға болады. Visual FoxPro тілінде жазылған бағдарламалар әрқилы операцияларды жүзеге асыру үшін арналған. Обектті-ориентирленген бағдарламаларды қолданғанда әдетте бағдарламалар формада орналасқан обьекттілермен байланысты болады. Алайда бағдарлама тәуелсіз обьект ретінде де қолданылады. Мұндай бағдарламалар формадағы обьектілердің бар жоғынсыз орындалады. Класстар кітапханасы Visual FoxPro-да жасалған класстарды сақтау үшін арналған. Класстар форма құрған кезде пайдаланылуы мүмкін. FoxPro. INI құрылуының параметрлер файлы Visual FoxPro-ның негізгі терезісінің параиетрлерінен тұрады, кесте құру, сұқбат терезесінің параметрлері, инструменттер панелі. Индекстер берілгендерді ретеу және кестедегі іздеуді жылдамдату үшін арналған ссылкаларды сақтайды. Әр кестеде бірнеше индекстер болуы мүмкін. Memo өрісі мәтіндік ақпараттардан тұрады, ал General типті өріс Windows-та жұмыс істейтін басқа салалармен ақпарат алмасу үшін қолданылады.

2 Мәліметтер базасын құру

2. 1 Ақпаратты мәліметтер

Еңбек биржасы және жеке делдалдық фирмалар

Еңбекпен қамту жүйесінің жұмысын реттеуде еңбек биржасының( жұмысқа орналастыру қызметі, жұмысқа орналасуға көмектесу, тіркеу) орыны өзгеше. Еңбек биржасы нарықтық заманда шарауашылық механизмінде ең маңызды құрылымдардың бірі. Олар жұмыс күшін табудағы делдалдық қызмет көрсететін арнайы мекемелер. Көпшілік мемлекеттерде еңбек биржасы мемлекеттік мекеме және өз қызметін еңбек министрлігінің басқаруымен атқарады. Сонымен қатар нарық заманында мемлекеттік мекемелермен қатар жеке фирмаларда қызмет көрсетеді. Олардық тиімділігі өте жоғары. еңбекпен қамту орталығының жұмыстары келесі бағыттармен берілген:

  • Жұмыссыздарды тіркеу;
  • Ваканттық орындарды тіркеу;
  • Жұмыссыздарға және басқа да адамдарға жұмыс тауып беру;
  • Еңбек сұраныстар конъюнктурасын зерттеу, талдау және ол туралы ақпарат жинау;
  • Жұмыс істеуге ынталы адамдарды тестілеу;
  • Жұмыссыздарды кәсіптік қайта даярлау;
  • Жұмыссызға уақытша әлеуметтік жәрдем қаражат төлеу

Қазіргі заманда көптеген адамдар еңбек биржаның қызметіне сүйенбей, тікелей мекемелердің немесе өндірістердің кадрларды реттеу қызметтеріне және жеке делдал агенттердің қызметтерін қолданып отыр. Мұндай жеке делдалдық мекемелер мемлекеттік мекемелермен бірге, нарық заманында жұмыс күштерін тиімді жұмсауға ат салысып отыр. Бірақ ол фирмалар негізінде барлық мамандықтар бойынша қызмет саласын қамти алмай отыр.

Көпшілік елдерде жұмыссыздар жәрдем ақысын алуға арналған заңды шарттар бар. Сол сияқты біздің елде де жұмыссыздықты реттеу, тіркеу және жәрдем ақы төлеу туралы заңды мемлекеттік саясат бар. Сол Қазақстан елінің заңдарына сәйкес еңбекпен қамту орталығы жұмыссыз адам тіркелген күннен бастап 10-күн ішінде мүмкіндігінше мамандығына сәйкес екі түрлі жұмысты ұсынуы керек. Ал мамансыз адамға тегін екі түрлі кәсәптік мамандықты меңгеру ұсынуы керек. Сонымен қатар уақытша жұмыс іздеуші азаматтарды қоғамдық жұмыстарға баулуға болады.

Азаматтарды жұмыссыз деп еңбекпен қамту орталығы барлық төл-құжаттарды 11-күн ішінде түгел тапсырып болған соң шешім шығара алады.

Жұмыссыз деп ұсынылған екі жұмыстан бас тарқандар саналмайды.

Жұмыссызға әлеуметтік жәрдем ақысын тағайындау шешімінде еңбекпен қамту орталығы шығарады. Ал жәрдем ақы өлшемі азаматтар категориясына байланысты дифференцияланады :

  • Жұмыстан шығарылмай тұрып, жалақысы бар тұрақты жұмысты азаматтарға, әлеуметтік жұмыссыз жәрдем ақы алғашқы үш айда орта жалақысы көлемінде толық беріледі, төртінші айда орта жалақының 60 пайызын, кейін 45 пайызын, яғни мемлекеттік ең кіші жалақыдан төмен, ал облыста тағайындалған орта жалақыдан жоғары берілмейді;
  • кез-келген негізбен жұмыстан шығарылған және соңғы жылы тұрақты жұмысы болмаған азаматтарға әлеуметтік жұмыссыздық жәрдем ақы мөлшері республикада заңмен тағайындалған ең кіші жалақы көлеміндей болады.
  • жұмысқа алғаш орналасып жатқан немесе ұзақ уақыт жұмыста үзіліс жасаған азаматтарға (жұмыссыздар) әлеуметтік жәрдем ақы мөлшері республикада заңмен тағайындалған ең кіші жалақы көлеміндей болады.

Әлеуметтік жұмыссыздық жәрдем ақы келесі жағдайларда тоқтатылады:

  • жұмыссызды жұмыспен қамтамасыз етсек;
  • кәсіби қайта мамандандырылғанда ;
  • кәсіби-дәрежесін көтергенде;
  • степендия төлеп қайта кәсіптендірілгенде;
  • зейнет ақы тағайындалса.

Қазақстанда жұмыссыздық және басқада әлеуметтік мәселелерді Еңбек министрлігі реттейді және әр облыста арнайы орталықтар жұмыс жасайды. Осы арнайы орталықтар қоғамда еңбек туралы мемлекеттік саясаттың сақталуын, еңбектің қорғалуын, туындаған келеңсіз жағдайларды заңды түрде шешуге, қоғамға заман ағысына байланысты керек мамандар дайындауда үлкен көлемді жұмыстар атқарады.

Мемлекеттік еңбекпен қамту саясатының негізгі бағыттары:

  • қоғамда денсаулығына немесе басқада жағдайларға байланысты жұмысқа орналаса алмайтын азаматтарға арнайы бағдарламалар бойынша жұмыс орнын құрып беру, арнайы кәсіпке баулу, яғни мүгедек жандарды, жалғыз басты аналарды, жас жеткіншектерді шамаларына қарай жұмыспен қамту;
  • заман ағысына байланысты кейбір мамандардықтарға сұраныс жоқ болғандықтан, азаматтарды басқа мамандыққа қайта баулу, ұзақ уақыт жұмыссыз болып, дәрежесін жоғалтқан мамандарды қайта кәсіптік іс-тәжірибеден өткізу;
  • нарық заманға байланысты кейбір мекемелерді бөліп, шағын бизнестік мекемелер ашып, жаңа сұранысқа байланысты жұмыс орындарын құру және мамандарды қайта кәсәптік баулу

Ұйымдарстыру іс-шаралары.

  • Жұмыс берушілерге және жұмыс іздеуші азаматтарға арнайы ақпаратты- түсіндірмелі қызмет түрлерін ашу арқылы еңбек инфраструктурасын дамыту, сұраныстар мен ұсыныстарды бір ақпаратты берілгендер қорында жинауды ұйымдастыру ;
  • Кең көлемде активті және арнайы еңбек делдалдық формаларды қолдану: вакансиялар жарнамасын, мамандар күндерін, ашық еңбек күндерін т. б. Өндірістің берген сұранысы бойынша шеберлік арнайы технологиялар;
  • Аймақтық мақсатты фондтар құру арқылы шағын кәсіпкерлерге көмек көрсету, қолдау т. б. бағдарламалар жасау (ссуда мен кредиттер, ауқатты адамдардан көмек т. б. . ) ;
  • аймақтық еңбекпен қамту жағдайында болып жатқан өзгерістер бойынша жұмыссыздарды қайта тіркеу, есептеу, берілетін әлеуметтік жәрдемді өңдеу атты проццедураларды қолдану .

Осы жағдайлар еңбекпен қамту орталығының жұмысын автоматтандыруды қажет етеді. [8]

Орталыққа алғаш рет келіп тұрған азамат алдымен анықтама қағазын толтырады. . Осы анықтамалар "Безработные" кестесіне енгізіледі. Бұл мәліметтер кейін басқа кестелерде, сұраныстарда қолданылады. "Вакансии" кестесіне мекемелердің басшылары толтырған анықтамалық форма қағаздардан мәліметтер енгізіледі.

Жұмыссызға әлеуметтік жәрдем ақы аударуға анықтамалық қағаз толтырылады. Арнайы курстарға оқу үшін анықтамалық қағаз толтырылады.

2. 2 Кестелер құру

Бұл БҚ негізгі екі кестесі бар - «Безработные» мен «Вакансии».

«Безработные» кестеге : код безработного, фамилия, имя, отчество, пол, № удостоверения, профессия, разряд, стаж, образование, последнее место работы, город проживания, адрес, возраст, семейное положение, направлен на: код курсов, код договора, дата регистрации толтырылады.

«Вакансии» кестеге : код вакансии, предприятие, профессия, разряд, образование, требуемый стаж, адрес предприятия, занята (да/нет) толтырылады. [11]

Басқа кестелер құрылымы:

«Визиты»: код визита, код безработного, дата визита, замечания.

«Курсы»: код курсов, название курсов, профессия, разряд.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ДАМУШЫ ЕЛДЕРДЕГІ ЕҢБЕКПЕН ҚАМТУ МОДЕЛІ
Жұмыспен қамтудың арнайы түрлері
Еңбек нарығын мемлекеттік реттеу аспектілері
Орталықтар қызметінің тәртібі
Еңбекпен қамту органы және азаматтарды жұмыспен орналастыру кепілдіктері
Материалдық ресурстар және ғылыми-техникалық ақыл-ой нарығы
Дағдарыс жағдайындағы халықты жұмыспен қамтуды реттеу
Нарықтық экономиканың теориялық негіздері
Жұмыссыздықтың мәні, түрлері мен себептері
Еңбекпен толық және тиімді қамту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz