Педагогика тарихы: пәні мен міндеттері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

ДИДАкТИКАЛЫҚ ЖОСПАР

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Педагогика тарихы: пәні мен міндеттері

1. 1 Педагогика тарихы пәнінің пайда болуы мен дамуы

1. 2 Педагогика тарихының зерттеу мәселесі, мақсаты мен міндеті

1. 3 Педагогика тарихының басқа ғылымдармен байланысы

Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар

2. Ежелгі және орта ғасырлардағы педагогикалық ойлар тарихы

2. 1 Ежелгі Шығыс мемлекеттеріндегі педагогикалық ойлар (Қытай, Үндістан, Египет)

2. 2 Антикалық дәуірдегі Батыстық тәрбие, білім беру және педагогикалық ойлар (Греция, Рим)

2. 3 Орта ғасырлық Шығыстағы тәрбие, мектеп және педагогикалық ойлар

2. 4 Византиядағы педагогикалық ойлар тарихы

2. 5 Қайта өрлеу дәуіріндегі педагогикалық ойлар

Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар

3. ХVІІ-ХІХ ғасырлардағы Батыс Еуропа мен Солтүстік Америкадағы мектеп және педагогикалық ойлар

3. 1 Жаңа заман басындағы педагогикалық ойлар

3. 2 Ағарту кезеңінің педагогикалық ойлары

3. 3 ХVІІ-ХVІІІ ғғ мектептік білім берудің дамуы және жаңа типтік оқу мекемелері

3. 4 ХІХ ғасырдың классик-педагогтары

Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар

ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ

ГЛОССАРИЙ

1. 1 Педагогика тарихы пәнінің пайда болуы мен дамуы

Қандай да болмасын ғылым салаларының пайда болуы және дамуы қоғамның өмірлік қажеттілігінен туады. Мысалы, химия, физика, биология - өзімізді қоршаған табиғатты тану ғылымдары ретінде, философия экономика негіздері - қоғамдық құбылыстарды, психология - жеке тұлғаның санасы мен мінез - құлық ерекшеліктерін тану қажеттілігінен пайда болды.

Философиялық ой - пікірлерден бастау алаған педагогика тарихы тәрбиеге байланысты бірте - бірте жинақталған теориялар мен қағидалар және фактілерді ой елегінен өткізіп, тәрбиенің мәнін даму заңдылықтарын түсіндірудің басты құралы, әртүрлі педагогикалық құбылыстарды жан - жақты зерттеудің ғылыми және әдістемелік негізіне айналды.

Педагогика тарихы өткен дәуірде қол жеткен тәжірибелерді зерттеп, пайдалануға үлкен мән береді.

Педагогика ғылыми пән ретінде қоғамдық құрылыс пен өндірісті сақтап дамытуға, өсіп келе жатқан ұрпақты мақсатты түрде неғұрлым нәтижелі даярлауға деген қоғамның қажеттілігінен туған.

Мұндай маңызда да күрделі мәселелерді шешу үшін, адамзат мәдениеті мен тәрбие тағылымдарының үлгілі тәжірибесіне сүйенудің қажеттілігі анықталуда. Осы тұрғыдан алып қарасақ, еліміздің оқу - ағарту, білім беру ісінің тарихында хранологиясы жағынан ғана емес, мазмұны жағынан да жаңа дәуір басталды. Демек, оқу - ағарту мен білім беру тарихи бетін ашып беретін, оның теориясын жасайтын пән педагогика тарихы. Дәлірек айтсақ, педагогика тарихы тәрбиенің, тәрбие мәселелерімен айналысатын мекемелердің және педагогикалық теориялардың, содан туындайтын оқу - ағарту ісінің дамуын зерттейтін ғылым.

Өткен дәуірде алдыңғы қатарлы педагогтар мен көрнекті ойшылдар тәрбие мәселесіне көптеген бағалы педагогикалық идеяларды ұсынды.

Педагогика тарихының дамып жетілуі - ертедегі шығыс елдерінің (Египет, Вавилон, Үнді, Қытай) философиялық жүйесінде қалыптасып, ежелгі грек философиясының өкілдерінің еңбектерінде саясат, тәрбие мемлекет, жеке адам туралы құнды пікірлермен жалғасын тапты.

Педагогика тарихынан туындайтын тәрбие - белгілері тарихи жағдайларда ғана көрініп және жойылып отыратын басқа қоғамдық құбылыстарға қарағанда ол демек, тәрбие мәңгі бақи категория қатарына жататындыға ғылымда анықталып отыр. Сонау орта ғасырда адамзат ілімінің молаюын, ақыл - парасатының жетілуін, оқу -ағартудың қажеттілігін айтып, білім алудың маңызын анықтауда, орасан зор еңбек сіңірген ғұламалардың бірі - тәрбие, оның теориясын жасаушылырдың төлбасы - Әбу Насыр Әль- Фараби болды. Фараби ғылымды жіктеуде педагогиканы азаматтық ғылымға жатқызды. Фарабидің оқу - тәрбие, білімнің теориясының негізінде салғанын « Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы» атты еңбегінде айқындала түскенін, ағылшын социалист утописі Томос Мордың (1478-1535) өз тәжірибесінде қалай пайдаланғанын анық көреміз.

Педагогика тарихынан белгілі болғанындай, Ибн Сина адамның жан-жақты дамуын және жетілуін тәрбие, оқу, еңбектің жемісі деп қарастырды. Жүсіп Баласағұн ХI ғасырда Фараби ілімін жалғастыра отырып, өзінің «Құтты білік» дастанында отбасы тәрбиесінің негізін салды. Ғұламалар Мұхаммед Хайдар Дулати « Тарихи Рашидиде», Қадырғали Қосымұлы Жалаири «Жылнамалар» атты еңбегінде, Орта Азия ғұламалары Әлішер Науаи; Омар Хайям еңбектерінде бір ғана еңбек тәрбиесінің маңызы мен мәні, оның адамгершілік, ақыл - ой тәрбиесімен негізделгенін өз еңбектерінде атап көрсетті. тәрбие теориясының қарқынды дамуына қарамастан, ХII ғасырдың басына дейін педагогика философияның бір бөлігі ретінде қарастырылып келді. Шынында да, қазірдің өзінде философтардың қай - қайсысы болмасын тәрбие мәселесінен айналып өтпейді. Осының өзі педагогика тарихының проблемасының қоғам мен ғылым үшін аса маңызды екенінің кепілі.

Мұндай тәрбиелік тағылымдар мен педагогикалық ойлар және оқу үрдісінің үлгілі тұжырымдары күні бүгінге дейінгі әлеуметтік - қоғамдық дәуірде ұштасып, өзінің тарихи шешімін тауып отыр.

Қоғамдық өмірдің оқыту және тәрбие теориясы мен практикасы сияқты ең қажетті құбылысына бұл қағиданың тікелей қатысы бар.

Педагогика тарихы зерттегеніндей, педагогиканың өзі ғылым ретінде философиямен бірдей деңгейде келеді. Ағылшын жаратылыстанушысы және философы Френсис Бэкон (1501- 1626) 1623 жылы өзінің «Ғылымның қадір - қасиеті және жетілуі» трактатын жазды. Бұл еңбегінің ол ғылымдарды жіктей отырып, педагогиканы ғылыми білімдердің дербес саласы ретінде қарастырды. Сол кездің өзінде - ақ педагогиканың өзінің статусы чех педагогы Ян Амос Коменскийдің (1592 - 1670) еңбегінде беки түсті. Оның «Ұлы дидактика», «Аналар мектебі» атты еңбектерінде педагогиканың теориялық мәселелерін толықтыра отырып, әсіресе отбасы тәрбиесі мәселелерін биікке көтерді, оның басты мәселелерін шешіп берді.

Педагогика тарихында ХII- ХХ - ғасыр аралығында оқу - тәрбие мәселерінің өрбуі мен шешілуі ұлы өзгерістер әкелді. Педагогикалық теорияны дамытушы педагогтар қатары әр елде өсті. Әсіресе, Ресей озық педагогикалық ойдың отанына айналды. Олар : К. Д. Ушинский, Н. И. Пирогов, В. И. Водовозов, Л. И. Толстой, 60 жылдары орыстың революционер педагогтары Н. Г. Чернышевский, В. Г. Белинский, А. И. Герцен, Н. А. Добролюбов сынды педагогтар педагогиканың демркратиялық бағытта дамуына және халық оғарту проблемаларының түпкілікті қайта құрылуы және шешілуі халық революциясына тәуелді екенін дәлелдеді.

Халқымыздың ардақты ұлдары, өз елін прогресс жолымен қарай бастаған Шоқан, Абай, Ыбырай да сол дәуірдің - қазақ даласына одақтас елдердің озық мәдениеті иен ізгі әсерін жая бастаған дәуірдің жаршысы болды.

Демек, Қазақстандағы педагогикалдық ой - пікір ХIХ ғасырдың екінші жартысындағы, түптеп алғанда қазақ халқының ұлы ағартушыларының әлеуметтік - саяси, философиялық және этикалық көзқарастармен өзекті байланыста дамып жатты.

1999 жылы жазылған «Әйел - жұмысшы» атты алғашқы еңбегімен Ресейдегі жұмысшы әйелдердің тұрмысын, өмірін ашық көрсеткен, көрнекті педагог - Н. К. Крупская бала тәрбиесіне сол кездің өзінде жаңаша қарады.

Осы кезеңдерді көрнекті педагог А. С. Макаренкоөзінің «Ұстаз дастан», «Мұнара үстіндегі ту», «Қиын бала тәрбиесі» атты ұғым мен тәрбиенің жаңа сипаттағы мазмұнды да құнды түрін енгізді.

1910 - 1930 жылдар арасында Қазақстан педагогтары А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов елеулі педагогикалық еңбектерімен көзге түсті. А. Байтұрсынов қазақ тілі білімінің негізінде, мектепке арнап қазақ тілі оқулықтарын жазды. М. Жұмабаев 1922 жылы «Педагогика» атты қазақ тіліндегі тұңғыш оқулығымен, баланы бесіктен бастап тәрбиелеу жөнінде ұсыныстар енгізіп, әдестемелік құралдар жазудың үлгісін көрсетті. Сондай - ақ, жазушы ретінде мектептің ұйымдастыру ісін, мектептің алғашқы қадамдарын шығармашылығына пайдаланды. Ж. Аймауытов «Жантану». «Педагогика» оқулықтары арқылы психология мен педагогикалық пәнаралық байланыстың негізін салды. Педагогикағылымына С. Аспандияров, Х. Досмұханбетов, С. Әлжанов, Б. Қожахметов, Т. Тәжібаев сынды көрнекті педагогтар оқу - ағарту ісін ұйымдастыруда елеулі еңбек етті.

1. 2 Педагогика тарихының зерттеу мәселесі, мақсаты мен міндеті

Қазақстан Үкіметі қабылдаған «Білім туралы» заңның «білім жүйесі» деп аталатын екінші бөлімінде «Білім беру жүйесінің басты міндеттері: Қазақстан Республикасына шын берілген, адал патриот азамат даярлау . . . олар мемлекеттік белгілердің мәні мен мазмұнын терең түсінген, халықтық дәстүрлерді қастерлейтін . . . халықтар досығының негізінде тәрбиеленген, халық, отан, отбасы алдындағы жеке бастың міндеттері мен құқықтарын сезінген . . . Қазақстанда тіршілік етуші қазақ халқы мен басқа да халықтардың тілін, тарихын, салт - дәстүрі мен әдет ғұрыптарын қадір тұтып игеруге пейілді азамат болуы керек» делінген.

Осы міндеттерді ойдағыдай орындап шыға алатын азаматтарды тәрбиелеуші келешек ұстаздар қауымы - оқып, білім алып жатқан жастар.

Жастарға педагогика тарихының пәнінің қыры мен сырын, ғылыми - педагогикалық тұрғыдан игерудің теориясы мен әдіс - тәсілдерін меңгерту мәселесімен педагика тарихы пәні айналысады.

Зерттеу объектісі педагогика тарихы. Педагогика тарихы ғаасырлар бойы ұрпақ тәрбиелеу тәсілдерңне негізделген тағылымдарының бай тәжірибесінің эмприкалық жиынтығы.

Педагогика тарихы ұрпақ тәрбиелеудегі тағылымдарын ғылыми жүйеге келтіріп зерттейтін, оны тәжірибеде қолданудың әдіс - тәсілдерін теориялық тұрғыда сөз ететін ғылыми педагогиканың бір саласы.

Педагогика тарихының мақсаты - отанын, елін, жерін сүйетін, жан -жақты жетілген, саналы намысқор, патриот азамат тәрбиелеу.

Педагогика пәнінің міндеті тәрбие түрлерін жастарымыздың бойына сіңіріп, білім, білік, дағдылырын дамыту, сөйтіп ден еңбегіне де, ой еңбегіне де қабілетті, нарық жағдайыда өмір сүруге икемді, жан - жақты жетілген азамат етіп шығару. Ол жан тәрбиесі мен тән тәрбиесін қатар жүргізе отырып, жастардың қайрат жігерін, ақыл - ойын, педагогика тарихын оқытып тәрбиелеу арқылы әске асырылады.

Педагогика тарихы пәнін оқытып, меңгерту үшін, ең алдымен педагогика тарихының негіздерін үйретуден бастауға тура келеді. Ал ол тарихи ұғымдардың қалыптасуын, тарихи ерекшеліктері мен оның әлемдік өркениетке ұштасуын, кірігу жолдарын теориялық тұрғыда қарастырудан басталды.

Сондықтан педагогка тарихы пәнін зерттеудің ғылыми методологиялық, теориялық негіздерін оқытудан бастаған жөн.

Педагогика тарихы пәні - ғылымдар саласындағы зертеудің негізгі бағыттарын анықтай отыра, қоғам құбылысының тәжірибесін зерттеп және теориялық жағынан жинақтауды, қоғамның экономикалық саяси және мәдени дамуының негізгі заңдылықтарын анықтауды, тәрбие проблемаларын зерттеуді талап етеді.

Педагогика тарихы тәрбиенің, тәрбие мәселелерімен айналысатын мекемелердің және педагогикалық теориялардың дамуын зерттейді.

Осыған байланысты қазіргі кездегі педагогика тарихы ғылымының басты міндетінің бірі - дүние жүзіндегі ең бірінші мектептің құрылу тәжірибесін шын ғылыми түрде жинақтап зерттеу болып саналады.

Педагогика пәнінің міндеті -мұғалімнің педагогикалық білімі мен шеберлігінің қалыптасуына әсер етеді, олардың тәрбие мәселелерін дұрыс шешуіне көмектеседі.

Педагогика тарихының пәнін, міндетін, дамуы мен пайда болуын білу арқылы мұғалім жан -жақты және алған білімдерін тереңдетіп, ұштастыра отыруды көздейді.

Нәтижесінде педагогика тарихының жалпы негіздерін, педагогикалық теориялардың даму эволюциясын игеріп, іскерліктері мен дағдыларын меңгеру қажет.

Мазмұны

1. 3 Педагогика тарихының басқа ғылымдармен байланысы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектеп оқушыларының экономикалық тәрбиесі
Педагогика тарихы курсының мазмұны
Педагогиканың теориялық - әдіснамалық негіздері
Педагогика ғылымының дамуы мен міндеттері
Қазақстан педагогикасының тарихы
Болашақ мұғалімдерді даярлауда қазақ халық этнопедагогикалық білім берудің мазмұны
Болашақ мұғалімдерді 12-жылдық мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие беруге дайындау тұжырымдамасы
Педагогика ғылымының дамуы және мектепке дейінгі педагогика пәні, зерттеу міндеттері
Педагогиканың шығу және даму тарихы
Педагогика тарихы ғылым ретінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz