Зарарсыздандыру


С- 4 препаратымен өңдеу әдісі (первомур epiтіндici) .

Бұл препарат тұрақсыз, тез бұзылады, сондықтан оны қолданудан алдын дайындайды, Дайындау техникасы: Шиша ыдысқа 170 мл 33% су тегінің асқын тотығын құйып үстіне 85 мл 100% құмырска қышқылын құямыз. Екеуін араластырып, ауызын жауып і сағатка тоңазытқышка немесе мұздай суға салып қоямыз. Екеуінің арасында реакция жүріп первомур epітіндіci пайда болады. Сонан соң жұмыс ертіндісін жасаймыз. Шылапшынға 10 литр су құйып шиша ыдыстағы ерітіндіні соған құйып араластырамыз. 1% первомур ерітіндісі пайда болады. Осы шылапшынға ағынды суда жуынған қолдарды 1 минут ағымында батырып тұру арқылы өңдейді. Сонан соң қолдарды алып залалсызданған сүлгімен сүртеді. Шылапшындағы ерітіндімен 5 адамның қолын өндеуге болады.

2. Қолдарды хлоргексидин биглюконат (гибитан) epiтіндісімен өңдеу.

Гибитан epітіндici 20%- 500 мл болып шиша ыдыста шығарылады. Қолдарды өңдеуге 0, 5% ерітіндісі қолданылады. Бұл ерітіндіні дайындау үшін шиша ыдыстағы ерітіндіні 70% спиртпен 1:40 есебінде араластырамыз. Ерітіндіні лотокка құйып, салфетканы малып алып, қолдарды саусақ ұшынан шынтаққа дейін екі peт салфеткамен өңдейді.

Қолдарды «Аллсепт С» ертіндісімен өңдеу.

Бұл ерітіндімен өңдеуден алдын қолдарды және шынтақты ағынды сумен және иіс сабынымен 2 минут ішінде жақсылап жуады, стерильді дәке сүлгімен сүртеді. Содан кейін құрғак қолдарға ерітіндінің 5 мл порцияларын жағады (екі реттен кем емес) және қолдың және шынтақтардың терісіне 3 минут ішінде толық кепкенше жағады.

Қолдарды кран астына ағынды сумен жуу.

Залалсызданған қолғаптарды өзіндік кию және дәрігерге кигізу.

Мейірбике операциядан алдын алдымен өзі залалсызданған қолғап киеді.

Бұл ic әрекеттер келесі тәртіпте орындалады:

1. Қолғап шеттерін манжет ретінде сыртқа қарай бүктейді.

2. Он алақанның 1 және 2 саусағымен сол қолғаптың бүктелген шетіне

кіргізіп қолғапты сол алақанға кигізеді.

3. Қолғап киген сол алақанмен он қолғаптың, бүктелген шетіне кіргізіп оны

он алақанға тартып кигізеді.

4. Саусақтардын орналасуын өзгертпей, қолғаптың бүктелген шеттерін

орнына қайтарады.

5. Сол әрекетті сол қолғап жағынан да орындайды. Бірақ есіңізде сақтаңыз -

қолғаптарды киген соң саусақтарды қолғаптардың iшіне салуға

болмайды.

6. Соңында қолғаптарды спиртті шарикпен өңдеу керек. Залалсызданған

қолғап киілген қолдарды шынтақ буыннан бүгіп белден жоғары көтеріп

тұру керек (күту қалпы) .

Хирургтардың қолдарына қолғап кигізу. Хирургтың қолдарына қолғап кигізу.

Операциялық м/б қолғапта. Операциялық м/б қолғапсыз.

Зарарсызданған халатты өзіндік кию және дәрігерге кигізу.

Операциялық мейірбике операцияға бірінші болып дайындалатын болған соң, қолдарын өңдегеннен кейін залалсызданған халатты өзіндік киеді. Бұл ic

әрекет келесі тәртіппен орындалады:

1. Бикс тұратын қондырғының педалын басып биксті ашады. Жайманың шеттерін сыртқа қайырады. Дұрыс орналастырылған жағдайда бетінде сүлгі, халат және белдіктер болады.

2. Алдымен залалсызданған сүлгіні алып қолдарын кептіреді.

3. Халатты алып, оны баска жерге тимейтіндей етіп жағасынан ұстап жаяды.

4. Халатты жағасынан сол алақанмен ұстап тұрып он қолына киеді.

5. Кейін он алақанымен халаттың жағасын ұстап тұрып сол қолына киеді

6. Халаттың қол ұштарындағы бауларын өзі байлайды.

7. Халаттың арқасындағы бауларын санитарка байлайды.

а - санитарка халаттың арқасындағы б-күту калпы.

байламдарды тартып байлайды.

- хирургке халат кигізу.

Таңу бөлмесі мейірбикесінің столын дайындау.

Залалсыздандырылған столды дайындаудан алдын мейірбике келесі іс-шараларды орындайды:

1. Қолдарын ағынды суда сабынмен жуып, өңдеу әдістерінің бірімен

қолдарын өңдеп алады.

2. Таңу бөлмесіне (немесе операция жасайтын бөлмеге) барып, халат

салынған биксті ашып, ішінен халатты алып киеді (санитарка халаттың

арқасындағы түймелерімен белдігін байлайды) .

3. Мейірбике зарарсыздандырылған қолғаптарды өзіндік киіп, спиртпен

өңдеп алады.

Зарарсыздандырылған столды дайындау тәртібі:

1. Столдың үстіне зарарсыздандырылған жайманы бір қабат етіп төсейді.

Жайманың шеттері столдың шетінен 15-20 см асылып тұруы керек.

2. Екінші зарарсыздандырылған жайманы алып, екіге бүктеп, бірінші

жайманың үстіне төсейді.

3. Столдың үстіне құрал-саймандарды, тігіс материалдарын, салфеткаларды,

тампондарды қояды.

4. Олардың үстін екіге бүктелген жаймамен жабады, шеттерін цапкалармен

қыстырады.

Зарарсыздандыру, түрлері, әдістері. 1% лизоформин ерітіндісін даярлау және қолдану.

Зарарсыздандыру дегеніміз қоршаған ортадағы жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын жою. Екі түрі бар: Профилактикалық және ошақты. Профилактикалық: күнделікті, қорытынды, соңғы.

  1. Медициналық және зертханалық құрал жабдықтардың барлық

түрлерін қолданып болғасын зарарсыздандырады.

2. Парентеральды шаралар жүргізетін бөлмелерді (операциялық,

таңғыш, ине егуі, зертханалар)

3. төсек орын, медициналық және таңғыш материалдарды салфеткалар,

дәкелер.

4. биологиялық бөлінділер (ұйыған қан, сарысу)

Зарарсыздандырудың үш тәсілі бар:

Механикалық зарарасыздандыру: бөлмені желдету, ылғалды жинау, төсек орын жуу, қолды тазалау.

Физикалық зарарсыздандыру: ультракүлгін сәулесімен, күн сәулесімен, кептіру, қайнату, кварцпен емдеу.

Химиялық зарарсыздандыру: химиялық заттармен жою. (зарарсыздандыру ерітіндісімен) .

Зарарсыздандырудың тәсілі:

1. Беті жабық ыдысқа толығымен батырып қою. Бромсепт, гигосепт.

2. Бөлменің ішін зарарсыздандыру ерітіндісімен сүрту (хлорамин, кальций

гипохлорид) .

3. Зарарсыздандыру ерітіндісіне төсекті жібіт қою (бір кг бес литр

зарарсыздандыру ерітіндісіне) (кальций гипохлорид) .

4. 1:5 қатынасындай тәртіппен зарарсыздандыру ұнтағын үстіне сеуіп, уақыт

өткесін кезін жою (кальций гипохлорид) .

Зарарсыздандыру ҚР денсаулық сақтау министрлігі 2003 жылғы 31 қаңтар №96 бұйрыққа сай қолданылған құралдарды жуылады. Сутегі асқын тотығымен 0, 5% ерітінді, жуғыш ерітінді 0, 5% жылы су 25'С, і5 минут батырып қою. Әр қайсы 30 секунд мақталы дәке салфеткасымен жуылады. Сосын дистилденген сумен шайылады, құралдарды 85'С құрғақ ыстық шкафқа кептіреді.

Емдеу бөлмелерді тазарту ерекшеліктері (палаталар, коридорлар, сан бөлмелер, ванналық бөлмелер)

Бөлмені ағынды жинастырудан өткізу мақсаты:

Санитарлық гигиеналық талапты сақтау, аурухана ішілік жұқпаны алдын алу.

Емдеу сауықтыру мекемелерінде ағынды жинастыру екі рет ылғалды әдіспен, кей жағдайларда жиірек жүргізіледі.

Жинастыру үшін мына құралдар болу керек (шелек, шара, швабра, шүберек) .

Әзірлеу керек: шелек, швабра, шара, еден жуу ушін шүберек, таза шүберек, зарарсыздандыру ерітіндісі, халат, орамал, алжапқыш, резеңке биялай, өлшемі бар ыдыстар.

Іс әрекеттері:

Орамалды тағып, халатты, алжапқышты, резеңке биялайды киіңіз. Зарарсыздандыру ерітінділерінің бірін әзірлеңіз. Бөлмеге ылғалды жинастыру жүргізіңіз: таза шүберекті ерітінділердің біріне малып, жихаздарды, терезе алдын сүртіңіз. Еденді мынадай тәртіппен жуу қажет: қабырғалардан ортаға, сонан соң төрден сыртқа қарай. Ылғалды жинастырудан соң бактериоцидті шамды 30 минутқа қосыңыз. Жинастыру құралдарын зарарсыздандыру қажет: еден жуатын шүберек пен қабырға сүртетін шүберекті зарарсыздандыру ерітіндісіне бір сағатқа бөлек-бөлек салып, сонан соң оларды суда шайып, кептіру қажет.

Ине егетін бөлмеге жалпы жинастыру жүргізу.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Медициналық әртүрлі құралдар
Жануар өнімдерін жəне шикізаттарын тасымалдау кезінде ветеринарлық-санитарлық бақылау
Суды тазалау әдістері
Су тазалау әдістерінің талдауы
Дезинфекция
Медициналық құралдарды өңдеу кезеңдері
Лайды радияциялық өңдеу жайлы мәлімет
Хирургиялық инфекциядан сақтану жолдары
Індетке қарсы санитариялық шаралар
Жануарлардың өлексесін зарарсыздандыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz