Инновациялық оқыту жағдайындағы педагог креативтілігін дамыту


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 83 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Тарих, педагогика және психология факультеті

Магистрлік ДИССЕРТАЦИЯ

Инновациялық оқыту жағдайындағы педагог креативтілігін дамыту

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3

  1. Инновациялық оқыту жағдайындағы педагог креативтілігін дамытудың ғылыми - теориялық негіздері . . . 7Шығармашылық генезисінің дамуы . . . 7Креативтілік феноменология проблемасының құрылымы . . . 16Креативтіліктің құрылымы, оның байқалу механизмдері . . . 22
  2. Инновациялық оқыту жағдайындағы педагог креативтілігін дамыту процесін ұйымдастыру . . . 34Инновациялық оқыту формалары мен мазмұны . . . 34Инновациялық оқыту формалары мен мазмұны арқылы креативтілікті дамыту . . . 40Инновациялық оқыту жағдайындағы педагог креативтілігін дамытудың эксперименталды зерттеу нәтижелері . . . 61

Қорытынды . . . 74

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 76

Қосымша А Педагогтің инновациялық іс - әрекетке даярлығы . . . 81

Қосымша Ә Оқытудың интерактивті әдістері . . . 84

Қосымша Б Өзін - өзі шығармашылық мәдениетін дамытудың жетістіктері . . 85

Қосымша В Креативтілік ерекшеліктері . . . 86

Қосымша Г Қазіргі білім берудегі оқыту модельдері . . . 88

Қосымша Д Креативтілік түрлері . . . 89

Қосымша Е Инновациялық іс - әрекет моделі . . . 90

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейтестілігі. XXI ғасырда әлемдік өркениет дамудың жаңа этапына кетуде. Қазіргі заманғы жағдайда кез - келген мемлекеттің даму деңгейі табиғи ресурстармен ғана емес, ол интеллектуалды және шығармашылық потенциалмен, ғылыми өндірісте жаңа технологияларды енгізумен де байланысты. Және де музыкалық, әдеби, шығармашылық, инновация, ғылыми ашулардан құралған. Шығармашылық потенциалдың ұлттық индексін өлшейтін ерік те өлшенуде. Бұл жағдайда креативтілікті жүйелі зерттей отыра, ресурс ретінде дамытуға болады.

Практикаға жаңа технологияларды енгізу шығармашылық ойлауы арқылы өндірістік және әлеуметтік өмірге жаңалықтар енгізетін тұлғалар қатарын көбейтуде. Мемлекеттің дамуында зор үлесті елдің интеллектуалды және шығармашылық потенциалы ойнайды.

Қазақстан Республикасының қазіргі заманғы білім беру жүйесінің стратегиялық мақсаты - бәсекелестік қабілетке ие шығармашыл тұлғаны дамыту. Бұл дегеніміз қазіргі заманғы жоғары мектепте болашақ мамандар тек қана белгілі бір білім, дағдыларды меңгеріп қана қоймай, меңгерген шаблон мен алгоритмдерді бүкіл өмір ағымында қолдануы қажет.

Жоғары мектептегі білім жүйесі педагогтің шығармашылық потенциалын дамытуға зор үлес қосу қажет, өнімді ойлауға үйрету керек.

Ғасыр тұсындағы ғылыми білім беру аймағындағы реформалар бар евразиялық кеңістікті де қозғады. ЮНЕСКО-ның генералды конференциясында білім берудің жаңа анықтамасы берілді.

Білім беру тұлғаның мінез - құлқы мен қабілетін жетілдіру қорытындысы мен процесі деп түсіндіріледі.

Жастар үшін басты міндет - білім алу болып табылады. Бірақ та жаңа уақыт қазіргі заманғы жас ұрпаққа білімге жаңа көзқарасты қарауға ұсыныс береді. Әр екі жылда ақпарат көлемі екі еселенеді. Күнделікті өмірге адамның әр алуан аймағында жаңа технологиялар енгізіліп, меңгерілуде. Н. Назарбаевтың білім беру мен ғылым қызметкерлерінің II съезінде ақпараттық өркениет шыңына жету үшін «өмір бақилық білім» моделінен «өмір ағымы барысындағы білімге» көшу керектігін атап өтеді.

Оқыту мен тәрбиелеу процесінде педагог креативтілін дамытудың қажеттілігі қоғам талабынан туындайды. Қоғам қашан да қабілетті адамдарға мұқтаж болып келген. Қоғам барған сайын күрделене түсуде. Түр сипаты мүлдем бөлек жаңа дәуір туып келеді. Сол дәуірге сай өзгеше қабілет қасиетке ие жаңа адам пайда болады. Қазіргі кезде мамандық атаулының барлығы бейімділікті, ептілікті, шапшандықты, ерекше ой қызметін, мол шығармашылық мүмкіндікті қажет етеді және өзін қоршаған түрлі жағдайға без икемділік қана қоймай, оларды керекті бағытына шығармашылықпен бұра білу қабілеттілігіне икемдейді.

Осыған орай, XXI ғасыр мектебінде жаңа талап, жаңа заманға сай педагогтардың ғылыми - қоғамдық атқаратын жұмыстары болашақ мамандардың ғылым мен техникалық немесе өнердің бір саласы тереңдетіп оқыту арқылы танымдық белсенділіктері мен шығармашылық қабілеттерін дамытуына зор ықпал етеді.

Инновациялық оқыту жағдайындағы педагог креативтілігін дамыту ғылыми тұрғыдан қарастырылып, жеке мәселе ретінде қарастырылмаған. Педагогикалық жоғары оқу орындарының креативтілік қабілетін оқу процесіне пайдалана білуге дайындау инновациялық оқыту жағдайындағы жеткілікті, тиімді, ғылыми негізделген түрде ұйымдастырылмай отыр.

Ақпараттық ғасырының талаптары жоғары оқу орындарының педагог креативтілігін дамыту оқу процесіне пайдалана білу құзырлықтарының арасындағы сәйкессіздіктентуған қайшылықтар. Осы қайшылықтарды ескере отырып, зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «Инновациялық оқыту жағдайындағы педагог креативтілігін дамыту» деп алдық.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Инновациялық оқыту жағдайындағы педагог креативтілігін дамытудың теориялық негіздерін айқындау.

Зерттеу объектісі: Инновациялық оқыту жағдайындағы педагогтің кәсіби даму жүйесі.

Зерттеу пәні: Педагог креативтілігін дамыту процесі.

Зерттеу жұмысының болжамы: егер жоғары оқу орындарында педагог креативтілігін дамытудың жүйесі тұлғалық, іс - әрекеттік, инновациялық және технолологиялық сияқты әдіснамалық тәсілдер негізінде құрылса, онда жоғары оқу орнындағы педагогтің кәсіптік деңгейін жоғарылатуға әсер етеді, өйткені педагог инновациялық оқыту жағдайындағы креативтілікке арнайы дайындалады.

Зерттеу міндеттері:

  • педагог креативтілігін дамыту мәселесінің ғылыми - теориялық негіздерін, ғылыми педагогикалық, психологиялық, философиялық, әдістемелік әдебиеттерден жан - жақты зерттей отырып, теориялы қнегізін анықтау;
  • инновациялық оқыту жағдайындағы педагог креативтілігін дамыту педагогикалық негіздерінің мәселелерін ашу,
  • педагог креативтілігін диагностикалаудың нәтижелерінің ерекшеліктерін талдау, қорытынды жасау,
  • инновациялық оқытудың - модульдік, проблемалық, дамыта, интеграциялық, интерактивті оқытуды оқу үрдісіне енгізіп, креативтілік дамыту жолдарын зерттеп, ұсыныстар беру.

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері: Отандық және шет елдік педагогика, психология, философия сияқты ғылым салаларының зерттеу міндеттеріне сәйкестендіре алынған іргелі идеялар жатады.

Зерттеу жұмысы қоғам дамуының тұтастығы мен оның барлық элементтерінің өзара шарты байланыстылығы туралы тұжырымдамалық философиялық қағидаларға, жүйелілік, тұлғалық, әрекеттік, инновациялық сияқты әдіснамалық тәсілдерге, таным теориясына, оқыту процесінің заңдылықтарына, қоғам мен білім берудің интеграциясы, білім мазмұны, инновациялық оқыту әдістері мен форма теорияларына сүйене отырып орындалды.

Зерттеу көздері. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, нормативтік - құқықтық құжаттар, зерттеу мәселесіне арналған отандық және шет елдік ғалымдардың іргелі ғылыми еңбектері, жоғары оқу орындарының оқу - әдістемелік материалдары, тәжірибелік педагогикалық жұмыстар, тұжырымдамалар.

Зерттеудің негізгі кезеңдері:

Бірінші кезеңде (2005 жыл) зерттеу тақырыбы алынып, оның мақсаты, объектісі, пәні және міндеттері айқындалды. Осы мәселеге байланысты педагогикалық, психологиялық, философиялық әдебиеттердегі оқу - ағартушылардың еңбектеріне щолу жасалынды. Педагог креативтілігі ұғымының ғылыми - теориялық негіздері зерттелінді.

Екінші кезеңде (2005 - 2006 жыл) жиналған материалдар, дерек көздері педагогика - психология ғылымының теориялық негіздері тұрғысынан талдауға алынып жүйеленді. Тақырыпқа байланысты мақалалар жарық көрді.

Үшінші кезеңде (2005 - 2006 жыл) эксперименттік зерттеу бағдарламасы құрылып, диагностикалық әдістемелер талданып алынды. Зерттеу материалдары қорытындыланып, диссертациялық жұмыс жинақталып, ғылыми материалдар жетілдіріп, қорғауға ұсынуға даярланды.

Зерттеудің әдістері.

  • зерттеу тақырыбына қатысты ғылыми - теориялық әдебиеттер талдау;
  • білім беру жүйесіндегі оқу процесіне байланысты ресми және нормативтік құжаттар мен мерзімді баспа материалдарын жүйелеу;
  • білім беру жүйесінің субъектілерінің тәжірибесін талдау, салыстыру, зерделеу, жинақтау;
  • тәжірибелік педагогикалық жұмыстарды өткізу, алынған қорытынды нәтижелерді өңдеу,
  • оқу үрдісін дамытуға қатысты материалдарды жүйелеу, оның педагогикалық жағдайларын негіздеу;
  • креативтілікті диагностикалауға арналған психологиялық әдістемелер.

Зерттеу базасы: Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласындағы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңызы: Инновациялық оқыту жағдайындағы педагог креативтілігін дамытудың қажеттілігі дәләлденген. «Педагогикалық креативтілік» түсінігінің мәні анықталды, креативтілікті дамыту нақты зерттеулердің нәтижесі негізінде талдау жасалды, тәжірибеде бірінші рет өтілген.

Зерттеудің ғылыми - практикалық мәнділігі: жоғары білім жүйесіндегі оқытушыларына, әдіскерлеріне, ізденушілеріне, студенттеріне пайдалы әдістемелік нұсқаулары мен құралдарын пайдалана алуы.

Зерттеу нәтижелерінің дәлелдігі мен негізділігі: түрлі ғылыми - педагогикалық әдебиеттерді, нормативтік құжаттарды, педагогикалық баспасөз материалдарын, тәжірибелік - педагогикалық жұмыс нәтижелерін пайдаланумен қамтамасыз етіледі.

Зерттеудің дәлелділігі жұмыстағы қолданылған жүйелілік, әрекеттік, инновациялық және әдіснамалық тәсілдерге сүйенумен қамтамасыз етілді.

Зерттеу жұмысының құрылымы: зерттеу кіріспеден, 2 тараудан, тараушалардан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады. Көлемі 79 беттен тұрады.

Кіріспеде зерттеудің көкейтестілігі, объектісі, пәні, мақсаты, болжамы, міндеттері, теориялық және әдіснамалық негіздері, зерттеу көздері айқындалып, зерттеді ұйымдастыру кезеңдері мен оның ғылыми жаңалығы, теориялық және практикалық мәнділігі ашылып баяндалады.

Бірінші тарау «Инновациялық оқыту жағдайындағы педагог креативтілігін дамытудың ғылыми - теориялық негіздері» деп аталып, зерттеу мәселесі бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерге талдау жасалды. Осы талдау нәтижесінде жасалған тұжырымдамалар мен ұсынымдар негізінде жоғары оқу орында педагог креативтілігін дамыту ғылыми - педагогикалық мәселелері, инновациялық оқытуды оқу процесінде қолдану тәжірибесі мен инновациялық оқыту жағдайындағы педагог креативтілігін дамыту шарттарының сипаттамасы мен негіздемесі берілген.

«Инновациялық оқыту жағдайындағы педагог креативтілігін дамыту процесін ұйымдастыру» атты екінші тарауда, педагогтердің креативтілігін дамытуда инновациялық оқыту жағдайы негізінде педагог креативтілігін дамыту тәсілдерін қолданудың тиімділігін, өлшемдері мен көрсеткіштері айқындалып, жүйені тәжірибелік - эксперименттік жұмысына тексеру нәтижелері талданып, креативтілікті дамытудың педагогикалық - психологиялық моделі дайындалды.

Қорытындыда аталған мәселені зерттеудің нәтижесінде алынған тұжырымдамалар мен эксперименттік жұмыс нәтижелері бойынша ұсыныстар беріліп, зерттеудің болашақтағы даму жолы айтылады.

Қолданылған әдебиеттер тізімі зерттеу барысында талданған психологиялық, педагогикалық әдебиеттер бойынша қамтиды.

Қосымшада «Қазіргі білім берудегі оқыту модельдері», «Креативтілік түрлері», «Оқытудың интерактивті әдістері» графиктік, кестелік сызбанұсқалары берілген.

  1. Инновациялық оқыту жағдайындағы педагог креативтілігін дамытудың ғылыми - теориялық негіздеріШығармашылық генезисінің дамуы

Психологиялық сөздікте шығармашылық - жаңа құндылықтарды, әсіресе материалды және рухани құндылықтарды құру процесі ретінде анықталынады. Мәдени - тарихи құбылыс бола отырып, тұлғалық және процессуалды психологиялық аспектісі де ие.

Шығармашылық - бұл адамның өмір шындығында өзін - өзі тануға ұмтылуы, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға көмектеседі.

Шығармашылық психологиялық тұрғыдан алғанда, нәтижесінде жаңа материалдық рухани құнды дүние тудыратын әрекет. Ал педагогикалық тұрғыдан алсақ, шығармашылық дегеніміз - адамның белсенділігі мен өз бетінше жұмыс істеуінің жоғары формасы және ол әлеуметтік қажеттілігі мен өзіндің ерекшелігімен бағаланады.

Американдық психолог Фромм анықтамасы бойынша шағармашылық дегеніміз - бұл, тани білу, жаңа бір нәрсені анықтауға ұмтылу және өз тәжірибесін терең түйсіне білу қабілеті.

Тұлғаның өзіне деген сенімін арттырып және іс - әрекетін демеп, қабілетін дамытып, шығармашылық жұмысының бастамасын дамытуға және тежеуге жағдай туғызатын шығармашылықты оқытушы.

Жалпы педагогикалық процесте шығармашылық мәселесі маңызды орын алады. Озат ұстаз тұлғалардың шығармашылық қабілетін дамыту барысында оқыту мен тәрбиелеу әдістерінің жаңа түрлерін іздей отырып, өзі шығармашылықты тұлға болып дамиды.

Бұл мәселе белгілі психологтар мен ғалымдар Л. С. Выготский, С. Л. Рубенштейн, А. Г. Ананьев, А. Н. Леонтьев, Сластенин, А. В. Крутецкий, Ю. Л. Львова, республикамыздағы танымал ғалымдар М. М. Мұқанов, Н. Д. Хмель, С. В. Илларионов еңбектерінің өзегі болып табылады.

Педагогикалық еңбекті шығармашылық процесс ретінде қарастырған В. И. Загвязинский, В. А. Кан - Калик, Н. Д. Никандаровтың зерттеулерінде ұстаз шығармашылығының психологиялық негіздері, мұғалімнің жеке шығармашылығын қалыптастыру жолдарына талдау жасалады.

Тұлғаның шығармашылығы қоршаған әлемді өзгертіп, жаңа небір құндылықтарды құра алатын өзбетті, әрі белсенді тұлға формасы ретінде анықталады /1/.

Қоғамдық маңызы бар шығармашылық қоғам мен елдің процесін анықтайды.

Д. Б. Богоявленская концепциясына сай шығармашылық адамның инициативтілігі бойынша кез - келген іс - әрекет түрінің дамуы мен анықталады.

Н. С. Лейтес шығармашылық қабілетті интеллект деңгейінің көрінісі ретінде тұлғаның тұтастай ойлау қабілетің дамуы ретінде сипатталады. Зерттеуде әр жастық шақтағы шығармашылық қабілеттің өзінше көрінуі қарастырылған.

Е. М. Мазалевская шығармашылық феноменін тұлғаның өзіндік реализациясы мен дамуы ретінде түсіндіреді.

А. М. Матюшкин зерттеулерінің (Н. С. Лейтес, Б. М. Теплов, В. А. Крутецкий, Е. И. Игнатьев, Э. А. Голубаева, В. М. Русалов, И. В. Равич - Щербо, А. В. Запорожец, Н. Н. Поддъяков, А. В. Брушлинский, Т. В. Кудрявцев, Дж. Берлайн, Я. А. Понамарев т. б. ) жұмыстарына сүйеніп, шығармашыл дарындылық тұжырымдамасын шығарған. Автордың пікірінше, дарындылықтың психологиялық құрылымы адамның шығармашылығы мен шығармашылық дамуының негізгі құрылымымен сәйкес келеді.

Шығармашылық потенциал - дарындылық негізінің дамуы.

А. М. Матюшкин шығармашылық дарындылықтың синтетикалық құрылымын бөлген, мұнда негізгі құрылымдық компонентке енеді.

А. М. Матюшкин дарындылық, таланттылықты шығармашылық іс - әрекеттің ерекшелігімен, шығармашылық туындауымен сипаттайды.

Теоретикалық концепцияға сәйкес дарындылық бастысы және оның дамуын тұлғаның шығармашылық мүмкіндіктері құрайды.

Е. П. Торренс өзінің жұмысында көп жағдайда Дж. Гильфордтың дивергентті ойлау теориясына негізделген. Дж. Гильфорд дивергентті ойлауды проблеманың шешімін табудағы біртума және ерекше идеяларды құру процесімен байланыстырады /2/.

Шығармашылық ойлауға қабілет міндетті болып табылады, бірақ адамның шығармашылық жетістігі үшін аса жеткіліксіз жағдай болып саналады.

Көптеген авторлар шығармашыл дарындылық проблемасын зерттеуде шығармашылық адамды функциялағанда тұлғалық фактор жоғары рөлді ойнайды деген.

Креативтілік нормативті процесс ретінде танылады, яғни барлық адамдарға тән. Креативті жаттықтыруға болады. Психологиялық диагностау лабораториясымен қатысушылардың шығармашылық ойлауы зерттелінген.

Шығармашылық - пайда болған міндеттерді әлдеқашан белгілі, болған тәсілдермен шешу үшін талап етілетіндердің тысына шығатын жоғары формадағы ойлау. Ойлау процесінде үстемдік еткенде, шығармашылық елес ретінде көрінеді. Мақсат пен іс - әрекет тәсілінің компоненті бола тұра, ол шеберлік пен инициативаның міндетті шарты ретінде шығармашылық іс - әрекет деңгейіне дейін көтереді.

Педагогикалық шығармашылық - оқу - тәрбие міндеттерін мұғалімнің соны, жоғары тиімділікпен шешуі, тәрбие мен оқыту теориясы мен тәжірибесін байытуы.

Мұғалім еңбегі - ғылым, педагогикалық өнер, таланттылық сияқты элементтерден тұратын әр қырлы әрекет. Білім мен тәрбие беруде белгіліні өзгертіп, ал жаңадан жаңаны тудырушы, суреткерлік шығармашылықтың белгісі. Ескілікті елемей жаңа жолмен жүруге бағыт алу, біртүрлілікті қабылдамау, ойлап табу, тудыру, жасап көру - жаңашыл мұғалімнің күнделікті кәсіби жағдайы. Шығармашылық - барлық әрекеттің сапа белгісі, ал шығармашыл мұғалім - барлық реформаның негізгі кейіпкері.

Шығармашылық - мәселені белгілі тәсілдермен шешуге болмайтын жағдайда туындайды. Дегенмен, бұл қисынсыз әрекет емес. Жаңа тапқыр шешім қабылдауға әкелетін әрекет - әр түрлі деңгейде, бірнеше кезеңдерден тұратын күрделі психологиялық үрдіс. Осы мәселені зерттеген ғалымдар педагогикалық шығармашылық төмендегідей кезеңдерден тұратынын анықтаған:

  1. педагогикалық ойдың пайда болуы; 2) түпкі ойды талдау; 3) педагогикалық ойды әрекетке айналдыру; 4) шығармашылықтың нәтижесін талдап бағалау (В. А. Кан - Калик, Н. Д. Никандров) ;
  1. жаңалықты көру; 2) педагогикалық өнертапқыштық құрастыру, модельдеу; 3) жетілдіру (В. И. Загвязинский) /3/.

Бұл кезеңдерде қызығушылық, интеллект, қажетті білімді тез арада меңгере білу, байқампаздық, ойлау операцияларын іске қоса алу, тапқырлық, энтузиазм, табандылық, еркіндік пен өзіне деген сенушілік сияқты тірек сапалардың болуы шығармашылық әрекетті нәтижелі етеді.

Шығармашылық әрекетте мұғалімнің өз еңбегіне сыни тұрғыдан қайта қарауы, қанағат табуы, оны орындаудағы дербестігі, жағымды мотивацияның қалыптасуы, тағы басқа орын алады. Сонымен қатар шығармашылықта мұғалімнің төмендегідей психологиялық сапалары дамиды: жалпы білімнің тереңдігі, сараланған арнайы білімдер, дамыған ақыл - ой қабілеттері мен оның икемділігі, өнертапқыштыққа және еңбектегі жаңалыққа қуана білу, мәселені терең түсіне білу және оны шешудің ең тиімді жолын таңдау алу, эмоциядағы қалыптылық, шыдамдылық, бастаған істі аяғына дейін жеткізе алу, тәуекелге бел байлай білу, саналылық, белсенді өмірлік позиция. Мұғалімнің шығармашылық әлеуетін дамыту теориясы үшін әдіснамалық қағидалардың негізгілерінің бірі әрекеттік ұстаным болып табылады. Әрекет теориясының психологиялық негізін жасаған ғалымдар Б. Г. Ананьев, А. И. Леонтьев, А. Р. Лурья, С. Л. Рубинштейн, Л. С. Выготский оны төмендегідей сипаттайды. Әрекет - іс - қимыл бірлігі, саналы түрдегі, мақсатқа жетуге бағытталған тікелей жасалатын, еркін ниеттілік, белсенділік. Әрекет адам субъект ретінде танылып, оның креативтілігі, іскерлігі, қайраткерлігі қалыптасады. Осы авторлар әрекеттің төмендегідей ішкі құрылымдардан тұратынын белгілейді: қажеттілік және мотив, мақсат, құрал, амал - тәсіл, нәтиже, рефлексия. Бұлар психологиялық теорияларда төмендегідей талданады:

Қажеттілік және мотив - адамның мұқтаждығын өтейтін заттардың мидағы бейнелеуі. Жеке адамның өмір сүруге, дамуға мұғалімнің, тәжірибесінің, басқа да әлеуметтік жағдайларының жеткіліксіз болуын сезінуі. Белсенді әрекеттің негізі. Адамды әрекетке ұмтылдыруға негізгі түрткі болатын ниет. Әрекетке тән сипаттарды ажырату үшін ниетті мақсаттан ажырата білу керек.

Мақсат - әрекет арқылы оның жеткісі келетін ақырғы нәтижесінің үлгісі де, ал, ниет - сол нәтижеге жетуге ішкі талпыныс. Мысалы, адам белгілі белгілі бір мақсатқа жету үшін оны ниет арқылы орындауы мүмкін. Сондықтан әрекет ниетке талдау беруден басталады және ниет әрекеттің сырын ашатын «кілт» болып табылады.

Шығармашылықты әрекет ретінде қарастыру адам дамуының мүмкіндігінің шексіздігінің танытады. Білім алушының үздіксіз білім алу жолындағы белсенділігі туралы Ю. Н. Кулиткин, А. В. Даринский, тағы басқа атап өткен. Шығармашылық сөзсіз мұғалімнің өзінің даралығын, креативтілігін қалыптастырады.

Педагогикалық шығармашылыққа байланысты зерттеулер аз емес, бірақ жаңа субъект - субъектілік парадигма жағдайында шығармашылық адамның өзін - өзі өзгерте алуы ретінде қарастырылады. Себебі - шығармашылық жағдайында жұмыс жасайтын мұғалімнің әрекеті ең алдымен өзіне бағытталады. Ол өзінің «кәсіби дамуының жақын аймағын» ұйымдастыру арқылы ең алдымен өзін дамытады, соның нәтижесінде педагогикалық еңбекті жаңа деңгейге көтереді.

Ғалымдар шығармашылықты әлемді жаңартудың формасы ретінде қарастырады (А. Бергсон, В. И. Вернадский, т. б. ) . Оны жасаушы адам өзіне табиғаттан берілген қабілеттері мен қажеттіліктеріне орай креативтіліксіз өмір сүре алмайтындығына, ал кейбір адамдарда шығармашылыққа деген қажеттілік болмай жатса, ол оның деграцияға ұшырауы деп түсіндіреді. Ғылыми - теориялық еңбектерге талдау жасауға тек шығармашылықта, шығармашылық арқылы ғана адам өз табиғи қалпының шыңына шығады, шығармашылыққа қабілетті адам - қайталанбас, біртуар адам. (В. А. Караковский), жеке тұлға деңгейіндегі шығармашылық «ішкі» «өзін - өзі жасау» және «сыртқы» «қоршаған әлемді өзгерту» жағдайындағы диалектикалық бірлікте жүреді деген қорытынды жасауға негіз болды.

Прогрессивті даму моделі шеңберінде мұғалімнің шығармашылық әлеуеті: бейімделу, өзін - өзі айқындау және өзін - өзі іске қосу кезеңдерінен тұрады. Бейімделу кезеңіне шығармашылық әлеуеттің құндылықтары туралы бастапқы білімдерді жинақтау жатады. Бұл кезеңде ойлау стилін және дүниетанымды қайта құру орын алады. Мұғалім әрекетінде болашақ шығармашылыққа негіз болатын репродуктивті элементтер молаяды.

Шығармашылыққа бейімделу кезеңі оған белсенді араласумен алмасады. Бұл кезеңде мұғалім өз тәжірибесіне жаңа талаптар мен өзінің ішкі қажеттіліктері тұрғысынан баға беріп, оның шеңберінен шығып, жаңа, нақты өмір сұраныстарына сәйкес қызмет етуге бет бүрады.

Өзін - өзі іске қосу кезеңінде мұғалім шығармашылық әрекеттің мәнін түсіну, сол жолда өзін сынап көру, өзінің ашылмаған мүмкіндіктерін, шығармашылық қабілеттерін іске қосады /4/.

Мұғалімнің шығармашылық әлеуетінің дамуының нәтижесінде болатын өзгерістер терістеуді терістеу және сабақтастық қағидаларына сәйкес жүріп отырады. Жаңа құндылықтар жүйесі, ойлау тәсілдері, тұлғаның шығармашылық тәжірибесі бұрынғыны мүлдем жоққа шығармай, соның негізінде жаңалықты тудырады. Бұл - мұғалімнің өзінің педагогикалық әрекетіне өзіндік сыни баға беру, оның бағытын айқындау, қайта құрудың нәтижелі ететін рефлексивтік қабілеттерін дамытудың ең тиімді жолы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инновациялық білім беру үдерісінде болашақ педагог - психологтың креативтілігін дамыту
Болашақ педагог психологтың креативтілігін дамытудың тәжірибелік эксперименттік жұмыстың нәтижелері
БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ КРЕТИВТІЛІГІН ДАМЫТУ - ИННОВАЦИЯЛЫҚ ОҚЫТУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БАСТЫ ШАРТ
Дарынды оқушылардың креативті қабілетін қалыптастыру
Мұғалімдердің креативтілік қабілеттерін арттырудың басқа тәсілдері
Педагогикалық мамандықтың өзгешілігі
Креативтіліктің анықтамалары
Бастауыш сынып оқушыларының креативті ойлауын зерттеу
12 жылдық мектеп мұғалімінің кәсіби – педагогикалық сипаттамасы
Білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың дидактикалық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz