Салыстырмалы педагогика пәнінен дәрістер



Жоспар:
1.Салыстырмалы педагогиканың объектісі мен пәні.
2.Салыстырмалы педагогиканың функциялары (қызметі) мен міндеттері.
3.Салыстырмалы педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы.
Ғылыми обектісі – зерттеуге бағытталған қандай – да болсын толық жүйе немесе көп жақты құбылыс. Салыстырмалы педагогиканың объектісі деп:
-Қазіргі заманғы білімнің дамуы (Б.Л.Вульфсон, З.А. Малькова);
-Әртүрлі елдер мен әлемнің түрлі аумақтарындағы педагогикалық теория мен практика (М.П.Радионов).
-Қазіргі заманғы білім мен тәрбие (А.Н.Джуринский) деп санаған.
Ғылым пәні – бұл зерттеуге арналған жақтары, объект элементтері.
Салыстырмалы педагогиканың пәні болып табылатындар.
Әртүрлі елдердегі, геосаяси аумақтарда және глобальды масштабтағы бөлім дамуының қалпы, негізгі тенденциялары мен заңдылықтары, ортақ тенденциялары мен ұлттық немесе аумақтық спецификаның өзара қатынасы, ұлттық педагогикалық мәдениеттердің өзара баюының формалары мен тәсілдері (Б.Л.Вульфсон, З.А.Малькова).
-компаративизм (салыстыру) және ерекшеліктері айқын көрсетілген елдердің тәрбиесі мен білімі, мектептік-педагогикалық тәжірибелерінің жалпылануы. (обобщения) (А.Н.Джуринский).
- әртүрлі елдердегі және әлемнің аумақтарындағы тәрбие мен білімнің дамуының қалпын (жағдайын), заңдылықтары мен тенденцияларын талдау (анализдеу);
- ортақ тенденциялар мен ұлттық (аумақтық) спецификаның қатынастарын әшкерелеу;
- халықаралық педагогикалық тәжірибелердің, ұлттық педагогикалық мәдениеттің өзара баюының формалары мен тәсілдерінің әртүрлі аспектілерін (жағымды және жағымсыз жақтарын) көрсету;
- мектеп пен педагогиканың дамуын болжау;
- терминологиялық әртүрлі оқуды жою (разночтение).
- Педагогикалық идеялар мен мектептік тәжірибелерді салыстыру.
- Осы негізде универсалды (жан-жақты), болжаулық мінездің теориялық жолдарын (подходов) қалыптастыру (А.Н.Джуринский).
Түсіндіру қызметі білім беру жүйесінің және оның элементтерінің қызметін талдау дегенді білдіреді. Сонымен бірге қазіргі жайды өткен істің нәтижесі ретінде түсіндіріп қана қоймай, қазіргіні талдау арқылы кейінгі істерді болжау міндеті қойылады.
Негізгі қызмет болжау болып табылады. Зерттеу арқылы білім беру саласында мәселенің дамуын алдын ала болжауға болады. Ол үшін бастапқы шарттарды, бірегей ұлттық жағдайларды барынша дәлірек талдау қажет, теорияда, әсіресе практикада бұлар болжаудың алдында істелуі шарт.
Салыстырмалы педагогиканың болжау қызметі сынау қызметімен тығыз байланысты. Қолданылып отырған саясаттың терістігін, оның нәтижесіз екендігін дәлелдеу арқылы салыстырмалы педагогика білім беру ісін жетілдіруге үлкен үлес қоса алады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Нұрғалива Г.Қ ,Құсайынов А.Қ. Мусин Қ.С. Салыстырмалы педагогика. А,1999
2. А.Қ.Құсайынов, М.Т.Есеева Салыстырмалы педагогика әдіснамасы мен әдістеріА.,2008ж.
3. Соколова М.А. Кузмина Е.Н. Родионов М.Л. Сровнительная педагогика, М.1978

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
1.Салыстырмалы педагогиканың объектісі мен пәні.
2.Салыстырмалы педагогиканың функциялары (қызметі) мен міндеттері.
3.Салыстырмалы педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы.

1. Салыстырмалы педагогиканың объектісі мен пәні.
Ғылыми обектісі – зерттеуге бағытталған қандай – да болсын толық жүйе
немесе көп жақты құбылыс. Салыстырмалы педагогиканың объектісі деп:
-Қазіргі заманғы білімнің дамуы (Б.Л.Вульфсон, З.А. Малькова);
-Әртүрлі елдер мен әлемнің түрлі аумақтарындағы педагогикалық теория мен
практика (М.П.Радионов).
-Қазіргі заманғы білім мен тәрбие (А.Н.Джуринский) деп санаған.
Ғылым пәні – бұл зерттеуге арналған жақтары, объект элементтері.
Салыстырмалы педагогиканың пәні болып табылатындар.
Әртүрлі елдердегі, геосаяси аумақтарда және глобальды масштабтағы бөлім
дамуының қалпы, негізгі тенденциялары мен заңдылықтары, ортақ тенденциялары
мен ұлттық немесе аумақтық спецификаның өзара қатынасы, ұлттық
педагогикалық мәдениеттердің өзара баюының формалары мен тәсілдері
(Б.Л.Вульфсон, З.А.Малькова).
-компаративизм (салыстыру) және ерекшеліктері айқын көрсетілген елдердің
тәрбиесі мен білімі, мектептік-педагогикалық тәжірибелерінің жалпылануы.
(обобщения) (А.Н.Джуринский).

2. Салыстырмалы педагогиканың негізгі функциялары (қызметттері).
- әртүрлі елдердегі және әлемнің аумақтарындағы тәрбие мен білімнің
дамуының қалпын (жағдайын), заңдылықтары мен тенденцияларын талдау
(анализдеу);
- ортақ тенденциялар мен ұлттық (аумақтық) спецификаның қатынастарын
әшкерелеу;
- халықаралық педагогикалық тәжірибелердің, ұлттық педагогикалық
мәдениеттің өзара баюының формалары мен тәсілдерінің әртүрлі аспектілерін
(жағымды және жағымсыз жақтарын) көрсету;
- мектеп пен педагогиканың дамуын болжау;
- терминологиялық әртүрлі оқуды жою (разночтение).
- Педагогикалық идеялар мен мектептік тәжірибелерді салыстыру.
- Осы негізде универсалды (жан-жақты), болжаулық мінездің теориялық
жолдарын (подходов) қалыптастыру (А.Н.Джуринский).
Түсіндіру қызметі білім беру жүйесінің және оның элементтерінің
қызметін талдау дегенді білдіреді. Сонымен бірге қазіргі жайды өткен істің
нәтижесі ретінде түсіндіріп қана қоймай, қазіргіні талдау арқылы кейінгі
істерді болжау міндеті қойылады.
Негізгі қызмет болжау болып табылады. Зерттеу арқылы білім беру
саласында мәселенің дамуын алдын ала болжауға болады. Ол үшін бастапқы
шарттарды, бірегей ұлттық жағдайларды барынша дәлірек талдау қажет,
теорияда, әсіресе практикада бұлар болжаудың алдында істелуі шарт.
Салыстырмалы педагогиканың болжау қызметі сынау қызметімен тығыз
байланысты. Қолданылып отырған саясаттың терістігін, оның нәтижесіз
екендігін дәлелдеу арқылы салыстырмалы педагогика білім беру ісін
жетілдіруге үлкен үлес қоса алады.
Болжау қызметімен тасымалдау қызметі де байланысты. Басқа елдің
немесе бірнеше елдің педагогикасын, оқу орындарының жұмыс
тәжірибесінзерттеуде компаративист өз еліне тасымалдауға болатын және
тасымалдануы тиіс құбылыстармен танысады. Тасымалдағанда ол елдің
экономикалық дамуы ғана емес халқының рухани байлығы, сенімі, діни нанымы
үлкен рол атқарады.

Салыстырмалы педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы.
Білім философиясы; Педагогика тарихы; Тәрбие және білім беру теориясы;
Мектептану; Білім берудің экономикасы мен элеметтануы; Демография және т.б.
кіретін ғылыми білімнің бірқатар салаларымен тығыз байланысты.
Ғылыми білімнің саласы ретіндегі салыстырмалы педагогиканың
ерекшелігі—оның пәнаралық сипатының болатыны. Кең салыстыра зерттеудің
міндеттері кейде педагогика ғылымында қалыптасқан мамандықтар шеңберінен
шығып, одан тыс мектепті басқару, дидактика, тәрбие теориясы мәселелеріне
де араласуды керек етеді. Педагогикалық концепциялардың философиямен,
психологиямен, қоғамтанумен байланыстарын, қарастырылып отырған елдің
немесе аймақтың саяси дамуын талдау қажет болады. Сонымен бірге білімнің
өзара жақын салаларының зерттеу әдістерін пайдалануға тура келеді.
Осылайша зерттеу педагогикалық теория мен тәрбиенің дамуының ең маңызды
тенденцияларын ашуға, соның негізінде олардың даму болашағы жөнінде дәлелді
болжам айтуға негіз бола алады.

Бақылау сұрақтары:
1.Салыстырмалы педагогиканың объектісі
2.Салыстырмалы педагогиканың зеттеулер мәні
3.Салыстырмалы педагогиканың зерттеулердің еңбектері
4.Салыстырмалы педагогиканы зерттеулермен айналысатын ұйымдардың ролі
5.Салыстырмалы педагогиканың кеңестік дәуірінде дамуы

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
4. Нұрғалива Г.Қ ,Құсайынов А.Қ. Мусин Қ.С. Салыстырмалы педагогика.
А,1999
5. А.Қ.Құсайынов, М.Т.Есеева Салыстырмалы педагогика әдіснамасы мен
әдістеріА.,2008ж.
6. Соколова М.А. Кузмина Е.Н. Родионов М.Л. Сровнительная педагогика,
М.1978

1. Салыстырмалы-педагогикалық зерттеу тәсілдері.
2. Дәрістің жоспары
1. Өте кең жайылған тәсілдер.
2. Салыстырмалы педагогикалық зерттеу тәсілдерінің мінездемелері.
3.Дәрістің мақсаты
1. Салыстырмалы педагогиканың ең таңдаулы зерттеу тәсілдерімен танысу.
2. Зерттеу тәсілдерінің маңыздылығын ұғындыру.
4. Дәрістің мазмұны
1. Өте кең жайылған тәсілдер. Салыстырмалы педагогиканың зерттеу
тәсілдерінің ең кең жайылғандарға жататындар:- қайнар көздерін;
статистикалық мәліметтерді, әдеби қайнар көздерін, бақылау, сұхбат және
интервью, салыстырмалы тәсіл.
Салыстырмалы-педагогикалық зерттеу тәсілдерінің қысқаша мінездемесі.
Қайнар көздерін зерттеу, бұған жататындар:
- әртүрлі елдердің мемлекеттік құжаттары – заңдар, актілер, конституциялар,
қаулылар, білім беру мекемелерін қадағалайтын және өздерін елдегі білім
беру саласының даму тенденциясы мен жағдайын зерттеудегі маңызды қайнар
көзі ретінде көрсететін әртүрлі деңгейдегі (инструкциялар) құрылымдар,
өйткені қазіргі заманда көптеген елдерде негізінен білім беру саласы
мемлекеттік мінезге ие;
- халықаралық құжаттар – БҰҰ, ЮНИСЕФ және әсіресе халықаралық ағарту
бюросының аясындағы білім беру саласы жөніндегі халықаралық
конференциялардың материалдары мен құжаттары;
-білім беру саласының мазмұндық компоненттері міндетті түрде сақталатын
құжаттар. Олар: оқу жоспары, бағдарлама, оқулықтар, мұғалімдердің әр
сабағындағы жоспары, нақты мектептердің бағдарламалары немесе жұмыс
жоспарлары, сынып журналдары.
Әр ел жинақтайтын білім беру саласын мінездейтін статистикалық
мәліметтерді зерттеу.
- кейбір мемлекеттерде мәліметтер жинау көп емес параметрлермен шектеледі;
- басқа елдерде – статистикалық мәлімет қалың томдарды алып, онда көп
түрлі мәліметтер сақталады.Мектеп пен басқа да білім беру мекемелерінің
күнделікті өмірі, олардың проблемалары, білім беру саласын модернизациялау
тәсілдері мен жолдары жазылған әдеби қайнар көздерін зерттеу. Олардың ең
маңызды деген түрлері:- педагогикалық журналдар мен газеттер; - ғылыми-
педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік журналдар; - білім беру жөніндегі
кітаптар, әдебиеттер;
МПБ, ЮНЕСКО,БҰҰ,ЮНИСЕФ және басқа да халықаралық ұйымдардың
басылымдары.
Бақылау тәсілі – басқа халықтардың білім беру саласын зерттеу
тәсілдері жинағындағы ең басты нәрсе. Бақылау түрлері: қарапайым,
енгізілген (включенное).
Қарапайым (күнделікті) бақылау сырттан зерттеу тәсілімен жүзеге асырылады.
Зерттеу мақсаттарына қатысты:
- Экстенсивті (болуы мүмкін) – негізінен білім беру жүйесімен, оның типтік
мінездерімен, таныстыру кезінде білім беру мекемелерінің қызметіндегі ортақ
және негізділікті көрсету барысында қолданылады.
- Интенсивті – зерттеуші бір-екі мектепті ұзақ уақыт бақылайды; сабақ
барысына, сыныптан тыс іс-шараларға, мұғалімдер және ата-аналар
жиналыстарына жұмыс мазмұны мен мектеп атмосферасына терең кіру үшін
қатысады.
Енгізілген (включенное) бақылау - педагогикалық процеске толығымен
кіріп, оны ұжым мүшесі ретінде ішінде жүріп бақылайды мектеп өмірі туралы
терең мағлұмат береді. Сұхбат пен интервью, зерттеушіге түсініксіз болған
мәселелерді пысықтау үшін, білім беру саласындағы құбылыстар туралы ақпарат
алуға мүмкіндік береді.
Сұхбаттың интервьюден айырмашылығы ұйымдастыру мен мазмұны жағынан
еріктілік, сұхбаттасушылар арасындағы ресми емес қарым-қатынасында. Алайда,
сұхбат алдын ала ұйымдастырылмайды деген пікір болмауы керек. Алға қойылған
мақсатқа сәйкес зерттеуші; сұхбат жоспарын өңдейді; кілттік сұрақтарды
бөледі; сұхбатты фиксациялау құралдарын қолданады (диктофон) т.б.
Салыстырмалы әдіс:
- білім беру жүйелерін ажырату мен ұқсату мінездерін анықтауға ықпал етеді;
- педагогикалық заңдылықтардың ортақ және спецификалық көріністері
фиксациялауға көмектеседі;
- математикалық аппарат пен компьтерлік техниканы қолдану арқылы көптеген
өзара қатынастар мен заңдылықтарды анықтайды.
1. Салыстырмалы-педагогикалық зерттеулер дамуының бастапқы кезеңі.
2. Дәрістің жоспары
1. ХІХ ғ. дейінгі салыстырмалы педагогиканың элементтері.
2.Салыстырмалы педагогиканың негізін салушы.
3.Европа елдеріндегі салыстырмалы педагогиканың алғашқы зерттеушілері.
4.Шетелдегі білім беру саласындағы отандық зерттеушілер.
3.Дәрістің мақсаты
1. М.А.Жюльен Парижскийдің, Европа ғалымдарының еңбектерімен танысу
2. Отандық зерттеушілердің шетелдегі зерттеулерінен мәлімет жинау.
4. Дәрістің мазмұны
1. ХІХ ғ. дейінгі салыстырмалы педагогиканың элементтері.
Басқа елдерде өсіп келе жатқан ұрпақ тәрбиесіне деген қызығушылық бағзы
заманда пайда болған: Грек тарихшысы Геродот Вавилон мен Египеттегі
(Мысырдағы) тәрбие туралы айтқан. Рим тарихшысы Тацит ежелгі
германдықтардың тәрбиесіндегі ерекшеліктерін дәріптеген. XVIII ғ. соңы –
ХІХ ғ.ғ. басы – европалық педагогикалық ой эволюциясының маңызды кезеңі.
Олар ортақ европалық резонансқа ие болды. - Белл – ланкастерлік жүйе; -
Песталоцци педагогикасы; - Руссоның еркін тәрбиесі. - Канттың өнегелік
тәрбие пастулаттары.
2. Салыстырмалы педагогиканың негізін салушы.
М.А.Жюльен Парижский (1775-1848) салыстырмалы педагогика ұғымын 1817 ж.
пайдаланған алғашқы зерттеушілердің бірі болып табылған. Салыстырмалы
педагогика деп ол: - тәрбие және білім беру тәсілдері мен мазмұнын зерттеу,
- түрлі елдердегі білім беру тәжірибелерін аналитикалық салыстырудың
нәтижесі бола алатын теория деп түсінген Жюльен Парижский салыстырмалы
педагогикадан білім беру тәжірибесі мен теориясын жетілдірудің, барлық
европалық елдер үшін ортақ педагогикалық теорияны өңдеудін құралын көрген.
Ол европа еледеріндегі халықаралық және педагогикалық журналдың білім беру
әдістері мен классификациялау үшін халықаралық зерттеу органын құру қажет
деп санады.
3. Европа елдеріндегі салыстырмалы педагогиканың алғашқы зерттеушілері.
Францияда алғашқы педагогикалық саясатшы атағына Сорбонна профессоры
және халықтық білім жоғарғы Кеңес мүшесі В.Кеззен (1792-1867) ие болды.
Үкімет тапсырысы бойынша ол 1830 жылдары бірнеше рет білім беру жүйесін
зерттеу үшін Пруссияға барған.Прусс берудегі енгізулер туралы, олардың
мазмұны мен әдістері туралы баяндамалары оң нәтиже берді. 1865 жылы
ағартушы Ж.М.Бодуэн Бельгия, Германия және Швейцариядағы бастауыш білімнің
қазіргі жағдайы туралы баяндамасын жасады.
ХІХ ғ. 80-90 ж.ж Е.Дрейфус – Бриссак 3 томдық Жаңа тәрбие:
салыстырмалы-педагогикалық зерттеу еңбегін жарыққа шығарды.
ХХ ғ. басындағы еңбектерінен В. Фридельдің Шетелде мұғалімдерді
дайындау (1903) және Шетел педагогикасы (1910) деген кітаптарын ерекше
атауға болады; соңғысында 9 елдегі міндетті оқытуды ұйымдастыруды
салыстырмалы түрде бейнелеген. Бұл Батыс елдерінің мектептерін қарастырумен
қатар (Англия, Германия,Италия, АҚШ) Жапония және Мысырдағы білім беру
саласын ұйымдастыруға мінездеме алған европалық алғашқы еңбектердің бірі.
Германияда ХІХ ғасырдың шетел педагогикалық проблематиканың ірі
зерттеушілерінің бірі – Мюнхен университетінің профессоры Ф.Тирш (1774-
1860). Мектеп басшыларының тапсырыстары бойынша жасалған шетелдік
іссапарлары нәтижесінде Батыс елдері Германия, Голландия, Франция және
Бельгиядағы қоғамдық білім берудің қазіргі жағдайы туралы 3 томдық еңбегін
жазды. (1838)
Келесі он жылдықтағы Л.Штейннің маңызды деген еңбектерінен Германия,
Англия, Франция және басқа мемлекеттердегі бастауыш және кәсіптік білім
беру (1868) және А.Баумейстердің Европа және Солтүстік Америка
елдеріндегі жоғарғы білім беруді ұйымдастыру (1897) ерекше атауға болады.

Англияда салыстырмалы педагогиканың Пионерлері атағын алғандар
М.Арнольд (1822-1888) және М.Сэдлер (1861-1943). Арнольд өзінің
педагогикалық еңбектерінде – Франциядағы халықтық білім (1861),
Германиядағы жоғарғы білім (1874) және басқа еңбектерінде – Англиядағы
және басқа елдердегі білім беру саласы дамуын детермидеген факторларын
белгілі иерархиялық жүйе арқылы анықтауға әрекет жасаған. Оның ойынша екі
фактор басты рөлде – тарихи дәстүрлер мен ұлттық мінез, нақ осылар сол
немесе басқа елде білім беру жүйесінің спецификасын бірінші болып
анықтайды.
- М.Сэдлер әртүрлі елдерде білім беру саласының дамуына ықпал ететін
факторларының анализін жалғастырып тереңдеткен. Сэдлердің ұсынысымен 1894
ж. Лондонда:
- міндетті ағылшын және шетел мектептерінің дамуы туралы ақпарат жинау;
жаңа оқулықтар, мақалалар, педагогикалық құжаттарды және сәйкес келетін
аналитикалық баяндамалардың каталогтарын құру (жасау) болып табылатын
арнайы мекеме ашылған болатын.
ХІХ ғ. АҚШ-та білім беру саласы дамуындағы шетелдік тәжірибелерді
зерттеуге өз үлестерін қосқан ағартудың көрнекті қайраткерлері – Г.Манн
(1796-1859) және Г.Барнард (1811-1900) Европаның жеті мемлекетіне барып,
олардың мектептерімен түбегейлі танысуының нәтижесінде Манн қоғамдық
резонансқа ие болған және үкіметтің арнаулы мектеп білімін жетілдіру туралы
шешім қабылдауына айтарлықтай ықпал еткен бірнеше баяндамасын жасады.
Шетелдік тәжірибені зерттеген, сонымен қатар Европа жерлерінде
педагогикалық саяхат жасаған Барнард болды. Педагогикалық ортада оның
атын шығарған Түрлі еледрдегі халықтық білім беру жүйесі, мекемелері мен
статистика атты 2 томдық монографиясы болды. (1872).
1898-1899 ж.ж Д.Ж. Рассел Колумбиялық университеттің педагогикалық
колледжінің студенттеріне салыстырмалы педагогика бойынша 1-ші курсын оқып
берді.
1910 ж. А.Флекснердің Америка, Англия және Германия
университеттері,1911 ж. Ж.Браунның Германия мен АҚШ-та орта мектеп
мұғалімдерін дайындау кітаптары жарыққа шықты.
4. Шетелдегі білім беру саласындағы отандық зерттеушілер.
Ресейде шетелдік білім беру жүйелерін жүйелі түрде зерттеуді бастаған.
К.Д.Ушинский болған. Оның бірқатар еңбегінде бәрінен бұрын Қоғамды
тәрбиедегі халықтылық туралы (1857) атты атышулы еңбегінде Франция,
Англия, Германия, Солтүстік Америкаға ұйымдастыру және олардың қызметінің
анайылығын анықтап беретін халықтық білімділік туралы очерктері
мазмұндалған.
ХІХ ғ. 60 жылдары тек қана бір Педагогикалық жинақтар атты журналда
оншақты мазмұнды еңбектер жарыққа шыққан.
- Д.Н. Семенов Германия мен Швейцариядағы педагогикалық саяхат туралы
есеп (1866);
- Н.П. Померанцев Неміс және америкалық мектептер (1868);
- Н.Х. Вессель Пруссия, Австрия, Швейцария және Францияның училищелік
(кәсіптік) жүйелер (1869)жазылып басылды.
Батыс елдерінің мектептері мен университетері туралы материалдар
Бастауыш мектеп, Мұғалім, Тәрбиелік журнал, Халықтық ағарту
министрлігінің журналы атты педагогикалық журналдарда, сонымен қатар
Қоғамдық – саяси басылымдарда жарияланып тұрды.
ХХғ. басында ірі монографиялық еңбектер жарыққа шыға бастады.
П.Г.Мижуевтің Франциядағы білім (1900), Америкадағы мектеп пен
қоғам (1902), Европа мен Америкадағы қазіргі заманғы мектеп (1912) атты
еңбектерінде батыс елдеріндегі мектеп жүйесінің қызықты салыстырмалы
мінездемелер мазмұндалған. Е.Янжулдың Американдық мектеп. Америкалық
педагогика әдістерінің очерктері атты кітабы ірі айғақты материалдарға ие
болды.(1901)
Ресейдің салыстырмалы педагогика тарихшысын 1900 ж. жарыққа шыққан орыс
педагогы П.Капнисттің Германиядағы орта біліміне арналған еңбегі қызықтыруы
мүмкін. Онда гимназиялық білімдегі классицизмге аса көңіл бөлінген. Автор
алғашқы бөлімінде отандық білімді дамыту үшін педагогика мен шетел
мектептерін зерттеудің маңыздылығын көрсеткен.
1. ХХ ғ. Шет мемлекеттерде салыстырмалы педагогиканың дамуы.
2. Дәрістің жоспары
1. Салыстырмалы педагогикалық зерттеулермен айналысатын ұйымдарды ашу.
2. Салыстырмалы педагогиканың әдістемелік және теориялық проблемаларын
өңдеу.
3.Дәрістің мақсаты
1. С. педагогикалық зерттеулермен айналысатын ұйымдардың жұмыстарымен
танысу.
2. Салыстырмалы педагогиканың ғылыми білімдерінің өзіндік салаға айналуы
3. Дәрістің мазмұны
1. Салыстырмалы педагогикалық зерттеулермен айналысатын ұйымдарды ашу.
Салыстырмалы педагогиканың ғылыми білімдерінің өзіндік салаға айналуы
ХХ ғасырдың 20 жылдары басталған. Бұл кезеңде негізгі қызметі әлемнің түрлі
елдеріндегі білім беру тәжірибесі мен теориясының дамуын көрсететін
айғақтар мен құбылыстарды жүйелендіру, жинау болып табылатын алғашқы
халықаралық және ұлттық, ақпараттық мекемелер пайда бола бастады. Осындай
мекемелер арасынан ерекше болған халықаралық ағарту бюросы. Бұл бюро 1925
жылы Женева қаласында атақты швейцар педагогы Э.Клапаредтің ұсынысымен
ашылған болатын. Халықаралық ағарту бюросы ғылыми – педагогикалық мекемелер
мен түрлі елдердің ағарту ведомстволарымен қатынас орнатты, халықаралық
педагогикалық конференциялар, педагогтар мен ағарту саласының
қызметкерлерін шетелге іс – сапарға жіберуді ұйымдастырған. Халықаралық
ағарту бюросының жұмысында басылымдық қызметі кең тараған. Халықаралық
ағарту бюросын көп уақыт мерзім көлемінде көрнекті психолог Ж.Пиаже
басқарды, ал оның орынбасары педагог – компративист П.Россело болған.
1946 ж. білім, ғылым және мәдениет жөніндегі БҰҰ (ЮНЕСКО) құрылды. 1969
жылдан бастап халықаралық ағарту бюросы ЮНЕСКО- ның ресми құрылымдық бөлімі
болды. ЮНЕСКО- ныңұйымдастырумы бүгінгі күнге дейін салыстырмалы
педагогиканың даму проблемаларына арналған ғылыми конференциялар мен
семинарлар өтеді.
ХХ ғ. 50 жылдарынан бері бірқатар елде салыстырмалы педагогиканың ірі
зерттеу орталықтары қызмет атқаруда.
- Франкфурт – Майндағы (ФРГ) халықаралық педагогикалық зерттеу
институттары;
- Севрдағы (Франция) халықаралық педагогикалық зерттеу орталығы;
- Зальцбургтегі (Австрия) салыстырмалы педагогика институты.
АҚШ, Англия, Германия, Жапония университетерінде салыстырмалы
педагогика кафедралары ұйымдастырылған. Салыстырмалы педагогиканың ұлттық
қоғамдары пайда болды. Алғашқы осындай қоғам АҚШ- та 1956 жылы құрылған.
Ұқсас қоғамдықтар Батыс Европа елдерінде, Жапонияда, Канадада ашылды.
Ірі аумақтық бірлестік 1961 жылы құрылған салыстырмалы педагогиканың
европалық қоғамы болған. Салыстырмалы педагогикалық қоғамның бүкіләлемдік
кеңесі халықаралық өкіметтік конгрестерді әрдайым ұйымдастырып отырады.
2. Салыстырмалы педагогиканың әдістемелік және теориялық проблемаларын
жүйелі түрде өңдеу бастамасы.
ХХ ғ. 20 – 30 жылдарына қатысты Америкалық педагог, теоретик И.Кэндл
– осы салада елеулі қызмет еткен көптеген ірі еңбектердің авторы.
Салыстырмалы педагогика саласындағы зерттеулер (1933), Білім беру
саласындағы жаңа заман – салыстырмалы зерттеу (1955), Салыстырмалы
педагогиканың әдістемесі (1959) және т.б. Ол алты ел – АҚШ, Англия,
Франция, Германия, Италия және КСРО – ғы білім беру саласын салыстырмалы
түрде анализ жасаған. Осы елдерді халықаралық педагогикалық лабораториялар
(зертханалар) деп атап, сол немесе басқа елдің экономикалық даму деңгейі
мен тұрғындар сауаттылығының деңгейі арасындағы корреляцияны ашық көрсетіп
берді.
Ағылшын компоративисті Н.Хэнс 1929 жылы Лондонда бірнеше елдің
айғақты материалдары негізінде салыстырмалы түрде білім беру саласы
дамуының маңызды әлеуметтік – саяси проблемаларын анализдеген Білім беру
саясатының қағидалары атты кітабын жарыққа шығарды. Компаративист
көзқарасымен қарағанда ең маңыздысы Хэнстің Салыстырмалы педагогика: білім
беру факторлары мен дәстүрлерін зерттеу атты еңбегі 1949 жылы
жарық көрді.
Хэнс, білім беру саласының дамуына бірінші дәрежелік ықпал ететін үш
факторды ерекше көрсететін:
- бірінші факторға ол нәсілді, тілді, табиғат (условие) экономиканы
жатқызған:
- екіншіге – дін (католицизм, протестатизм және т.б.);
- үшіншіге – идеология (гуманизм,социализм, национализм).
Хэнс нәсіл және ұлттық факторларға ерекше көңіл бөлген.
Салыстырмалы педагогиканың әдістемелік проблемаларын герман профессоры
Ф.Шнейдер өңдеген.
Соғыстан кейінгі онжылдықта Батыста компаративист – педагогтардың жаңа
ұрпақтары пайда болды.
- Англияда – Лондон университетінің профессоры Б.Хомиз (1920 - 1993)
өзінің еңбектерінде салыстырмалы педагогикалық зерттеулерде проблемалық
қағидаларды жасап, оларға негіздеме береді.
- Францияда – Сорбонна профессоры М.Дебесс пен Миалареннің
редакторлықтарымен 1972 жылы Салыстырмалы педагогика атты ірі
монография жарық көрді. Бұл кітапта Дебесс өзінің концепциясын нақты
көрсете білген. Оның ойынша салыстырмалы зерттеулерде тарихи (подход)
ерекше орын алуы тиіс.
Франциялық педагогикалық әдебиетте маңызды орын алған А.Векслиардың
Салыстырмалы педагогика. Әдістер мен проблемалар атты кітабы болды(1967).
Мұнда салыстырмалы педагогика дамуының тарихи очерктері жазылған.
- ФРГ- ң көрнекті өкілдері – О.Анвайлер және В.Миттер. Бұл жерде
педагогикалық компаративистика 60 – 80 жылдары Шығыс Европа мен Совет
одағының елдеріндегі білім беру тәжірибесі мен теориясына көп көңіл
бөлген.
- Польшада әдістемелік проблемалармен Польшалық салыстырмалы
педагогиканың негізін қалаушы Б.Наврочинский, сонымен бірге
Б.Суходольский, Т.Вилех, Т.Пенхерский айналысқан. Олардың еңбектерінде
салыстырмалы педагогиканың пәні, функциясы (задачи) анықталған.
Бүгінгі таңда салыстырмалы педагогика түлеуде.
- салыстырмашылардың европалық және бүкіл әлемдік конференциялары жиі
өтуде.
- 1995 жылы Токиода өткен халықаралық конференцияда салыстырмалы
педагогиканың Азиялық ассоциациясын құру туралы шешім қабылданған.
- Барлық дамыған елдерде салыстырмалы педагогиканың ұлттық қоғамдықтары
бар.
- Салыстырмалы педагогиканың проблемалары жөніндегі халықаралық және
ұлттық журналдар шығуда.
1. Салыстырмалы педагогиканың ХХ ғасырда Ресейде дамуы.
2. Дәрістің жоспары
1. Салыстырмалы педагогика кеңес дәуірінде.
2. Соңғы жылдардағы салыстырмалы педагогикалық зерттеулер.
3.Дәрістің мақсаты
1. С. педагогикалық зерттеулермен айналысатын ұйымдардың жұмыстарымен
танысу.
2. Салыстырмалы педагогиканың ғылыми білімдерінің өзіндік салаға айналуы
4. Дәрістің мазмұны
1. Салыстырмалы педагогика кеңес дәуірінде.
Біздің елде 1920 ж.ж. білім берудің қағидалық жаңа жүйесін құру процесі
қарқынды жүру барысында шетел педагогикалық тәжірибесін зерттеуге ерекше
көңіл бөлінген.
Американдық мектепке деген қызығушылық ерекше болды, өйткені ол сол
уақытта Батыстың басты педагогикалық зертханасы ролін ойнаған. АҚШ – ң
мектебі мен педагогикасына Е.Янжулдың, Н.Ильиннің, Е.Гуро, И.
Свадковскийдің, Б.Комаровскийдің, М.Берштейннің мазмұнды еңбектері арналды.
40 – 50 жылдарда салыстырмалы педагогикалық зерттеулер Батыс алдында
тізе бүгушілік пен космополитизмгеқарсы идеологиялық компаниялар
менқатігезді түрде қарсы күрес негізінде педагогикасы сынымен капиталистік
елдердегі мектеп саясаты формасын қабылдаған.
1957 жылы Педагогика тарихы мен Теориясы институттарында (КСРО)
құрылған шетел педагогикасы мен қазіргі заман мектеп секторы ақпараттық
жұмыстан біртіндеп аналитикалық мінездегі зерттеулерге өтіп, шетелдегі
білім берудің тәжірибесі мен қазіргі заманғы теорияны зерттеу жөніндегі
алдыңғы қатары орталық болады. Зертхана күшімен жасалған Халықтық білім
беру және шетел педагогикасы атты рефераттық журнал 1974 жылдарға дейін
жарыққа шығып тұрды.
1966 жылы Мемлекеттік Мәскеу педагогикалық институтында салыстырмалы
педагогика зертханасы ашылған. Ол бірнеше мақала жинақтарын дайындап, 1977
жылы салыстырмалы педагогика жөнінде оқу әдістемесін шығарды (авторлары –
М.С.Соколова, Е.Н.Кузьмина, М.Л.Родионов).
70 – 80 жылдары В.П.Борисенковтың, Б.Л.Вульфсон, А.Н.Джуринский,
В.П.Лапчинскийдің, З.А.Малькованың, И.Б.Марцинковский, Н.Д.Никандрева,
В.Я.Пилиповскийдің, О.И.Салилова, С.А.Тангяна, Т.Ф.Яркинаның т.б.
зерттеушілерінің монографиялары жарық көрді.
- Дамыған және дамушы елдерде білім берудегі реформалардың негізгі
бағыттары байқалды.
- Білім берудің мазмұнын және әдістерін модернизациялау процестері
айқын көрінді.
- Білім берудегі глобальды тенденциялар мен ұлттық спецификаның
қатынастары туралы сауал қойылды.
- Шетелдік педагогикалық ой әртүрлі ағымдары мінездеме алды.
2. Соңғы жылдардағы салыстырмалы педагогикалық зерттеулер.
80-90 жылдары Ресей қоғамтануында салыстырмалы педагогиканы қосқанда
конфронталдиялық риторикамен априорлық идеологиялық берілуден кетуге жағдай
жасайтын жаңа қағидалы ахуал қалыптасты.
Соңғы жылдары баспасөз беттерінде жарияланғандар қатарында .
- білім беру дамуының жағдайы мен тенденциялар обьективті түрде
анализденуі; Шет ел және Ресейдегі білім беру саласындағы реформалардың
жетістіктері мен сәтсіздіктері балансы мінезделді. Оларға жататындар:
Қазіргі заманғы әлемдегі білім берудегі реформалар: көкейкесі және
аумақтық тенденциялар (М, 1995). Салыстырмалы педагогиканың
методологиялық проблемалары атты ғылыми еңбек жинақтары (М, 1991)
Әлемдегі білім беру саласы ХХІ ғасыр қарсаңында (М, 1991). Шет
мемлекеттердегі білім беру жүйесіндегі болжамалы модельдер (М, 1994).
Педагогикалық периодика. 90 – жылдардың соңындағы басылымдар арасындағылар.
Вульфсон Б.Л. мен Мальковтың З.А. Салыстырмалы педагогика (1996 ж).
1. Дамыған және дамушы елдердегі білім берудің экономикалық
нәтижелігі.
2. Дәрістің жоспары
1. Дамыған елдердегі білім беру саласы.
2. Дамушы елдердегі білім беру саласы.
3.Дәрістің мақсаты
1. Білім беру саласына экономиканың тигізетін әсерін ұғыну
2. Дамыған және дамушы елдердегі білім нәтижесімен таныстыру.
й4. Дәрістің мазмұны
1. Дамыған елдердегі білім беру саласы. Дамыған елдерде білім беру
саласындағы жетістіктер (прогресс) ғылыми техникалық революцияның жаңа
кезеңінің сұраныстары мен жоғарғы технологиялық қоғамның қалыптасуы мен
байланысты болады.
Өндірістік революция ХІХ ғасырда сауатсыздық пен бастауыштық білім
берудің кең дамуын талап етсе, қазіргі заманғы ғылыми техникалық революция
бұқаралық орта білім жүйесі мен жастарды әр түрлі орта білімнен кейінгі
біліммен қамтуды кеңейту мақсатын алға қойған.
- Ғылыми зерттеулер мен экспериментті өңдеумен айналысатын жоғары
дәрежелі мамандар саны АҚШ – та 1970 жылдан – 1990 жылға дейін 80%- ға
өскен, Францияда -100 %, Жапонияда -120%.
- АҚШ – та әрбір жетінші жұмысшы колледж (2 жылдықты қосқанда) дипломына
ие болған, 80 жылдардың ортасында әрбір төртінші, ал 90 жылдар басында
әрбір үшінші дипломға ие болған.
Бұндай тенденция КСРО- ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Интерактивті тақтаны орнату
Бастауыш сынып оқулықтарымен жұмыс істеуге болашақ мұғалімдерді даярлау («Ана тілі» және «Дүниетану» оқулықтары негізінде)
Педагогика және психология мамандығында арнайы
Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелерде балаларды ұстау ата - аналар үшін ақысыз
Мектеп пен жанұя бірлігі негізінде оқушыларды жан-жақты дамытудың теориялық негіздері
Электрондық оқулықтың сипаттамасы
Математикадан логикалық есептер жинағы
Орта мектеп оқушыларына биологияны оқытудың пәнаралық байланыс арқылы оқытудың барысы
Бастауыш сынып оқулықтарымен жұмыс істеуге болашақ мұғалімдерді даярлау
Электронды оқулық студент үшін дайын материал
Пәндер