Мұхтар Шаханов поэзиясы



ЖОСПАР:

КІРІСПЕ
1.Мұхтар Шаханов поэзиясындағы рухани­адамгершілік құндылықтар
2.Шәкәрім шығармаларында орын алған елдік рухани құндылықтар
3.Рухани құндылықтың негізі − дін
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Рухани құндылық − адам жанының алтын арқауы.Халқымызда «Ердің артында мол байлық қалғанша, жақсы аты қалғаны игі» деген аталы сөз бар. Бірақ, бүгінгі жастар рухани байлықтан гөрі матариалдық байлықты үстем орынға қоятын жалаң көзқарастың жетегінде жүр. Себебі, олар адам жанының алтын арқауы – рухани құндылық екенін ұмыта бастаған сыңайлы.
Болашағынан үлкен үміт күттіріп, халқына жарамды адам болуды көздеген әрбір азамат мұндай тұманды ойдан аулақ болуы керек. Қазіргі жастардың дені – жоғары атақ-мансап пен ақшаны өмірінің алтын діңгегі санап, «ақша болса, бәрі де болады» дейтін пасық идеядан әлі күнге арыла алмай келе жатқаны ащы болса да шындық. Әрине, сананы тұрмыс билеген заманда салауатты өмір салтына ілесіп тірлік жасау үшін ақша қажет екені белгілі. Дегенмен, «Бар байлықты жинауға тырысқан адам – бақытсыз» боларын, бақ пен дәулеттің көшпелілігін, байлықтың бейне қолға ұстаған мұз сияқты еріп кететін мезеттік нәрсе екенін неге ойламаймыз? Асылы, адамзаттың шынайы байлығы – қанағат пен еңбекте жатыр.
Адамның дүниеқоңыздықпен жинаған мал-мүлкін бөгде біреулердің ұрлап әкетуі де, тіпті, қара ниет қаскүнемдердің әдейі өртеп жіберуі де мүмкін ғой. Ал санасында, ішкі әлемінде жатқан рухани қазынасын ешкімнің де тартып ала алмасы анық. Ел ішінде «Жақсылардың кеудесі алтын сандық» деген бағалы сөз осыдан қалса керек.
Ең бастысы - өмірімізге сара жол нұсқайтын, ізгі ниеттің нұрын құяр ғұламалардың сөзін көңілімізге ұялатсақ, өміршең ойға берілеріміз шүбәсіз.

«Адамға адал досты табу қиын,
Көбіне дос етеді мал мен бұйым.
Қасыңнан, досыңнан да бірдей сақтан,
Егер де болса зердең, баста миың»,- деп айтып кеткен еді, ұлт үшін ұрандаған Алаш қайраткерлерінің бірі – Ахмет Байтұрсынов.
«…Ғұлама машайықтар мен ақылман даналарды бөлек, дара тұлғалар ретінде сыйлап, құрметтей білдім, батыл адамдармен дос болдым. Өйткені, Алла Тағаланың өзі де, ер жүрек құлдарын ұнатқан ғой. Олармен дидарласып, өзара сырласып, таза ниет, пәк кісілерді жаныма жақын тұттым. Сондай-ақ, ізгі ниетімен берген ақ батасын алдым», - деп өзінің өнегеге толы өмірінен ұрпақтарына мөлтек сыр шертіп кеткен екен Махамбет бабамыз.
Мінеки, «Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» деген осы болар.
Ұлт келешегінің кепілі – жастарға рухани кедейшіліктен, ертеңімізге немқұрайлы қараудан аулақ болайық дегім келеді. Соңымызда көл-көсір байлық қалғанша, жас жеткіншек ұрпақтарға үлгі боларлық өнегелі іс қалсын
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. М.Шаханов «Эверестке шығу» − Алматы, «Атамұра», 2003ж
2. М.Шаханов «Дәуір дастандары» − Алматы, «Жазушы», 1992ж
3. М.Шаханов «Танакөз» − Алматы, «Рауан», 1996ж
4. «Ана тілі» журналы, №9 2000ж
5. «Ана тілі» журналы, №10 2004ж
6. «Ақиқат» журналы, №2 1999ж
7. «Ақиқат» журналы, №3 2004ж
8. «Ұлағат» журналы, №1 2000ж
9. «Тіл мен дін» журналы, №2 2005ж
10. «Тіл мен дін» журналы, №4 2006ж
11. «Жас алаш» газеті, 20 мамыр 2004ж
12. «Жас алаш» газеті, 22 мамыр 2004ж
13. Шәкәрім Құдайбердиев «Иманым», − Алматы, «Арыс», 2000ж
14. Шәкәрім Құдайбердиев «Үш анық», − Алматы, 1991ж
15. Интернет материалдары

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР:

КІРІСПЕ

1.Мұхтар Шаханов поэзиясындағы рухани­адамгершілік құндылықтар

2.Шәкәрім шығармаларында орын алған елдік рухани құндылықтар

3.Рухани құндылықтың негізі − дін

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Рухани құндылық − адам жанының алтын арқауы.Халқымызда Ердің артында
мол байлық қалғанша, жақсы аты қалғаны игі деген аталы сөз бар. Бірақ,
бүгінгі жастар рухани байлықтан гөрі матариалдық байлықты үстем орынға
қоятын жалаң көзқарастың жетегінде жүр. Себебі, олар адам жанының алтын
арқауы – рухани құндылық екенін ұмыта бастаған сыңайлы.

Болашағынан үлкен үміт күттіріп, халқына жарамды адам болуды көздеген
әрбір азамат мұндай тұманды ойдан аулақ болуы керек. Қазіргі жастардың дені
– жоғары атақ-мансап пен ақшаны өмірінің алтын діңгегі санап, ақша болса,
бәрі де болады дейтін пасық идеядан әлі күнге арыла алмай келе жатқаны ащы
болса да шындық. Әрине, сананы тұрмыс билеген заманда салауатты өмір
салтына ілесіп тірлік жасау үшін ақша қажет екені белгілі. Дегенмен, Бар
байлықты жинауға тырысқан адам – бақытсыз боларын, бақ пен дәулеттің
көшпелілігін, байлықтың бейне қолға ұстаған мұз сияқты еріп кететін
мезеттік нәрсе екенін неге ойламаймыз? Асылы, адамзаттың шынайы байлығы –
қанағат пен еңбекте жатыр.
Адамның дүниеқоңыздықпен жинаған мал-мүлкін бөгде біреулердің ұрлап
әкетуі де, тіпті, қара ниет қаскүнемдердің әдейі өртеп жіберуі де мүмкін
ғой. Ал санасында, ішкі әлемінде жатқан рухани қазынасын ешкімнің де тартып
ала алмасы анық. Ел ішінде Жақсылардың кеудесі алтын сандық деген бағалы
сөз осыдан қалса керек.
Ең бастысы - өмірімізге сара жол нұсқайтын, ізгі ниеттің нұрын құяр
ғұламалардың сөзін көңілімізге ұялатсақ, өміршең ойға берілеріміз шүбәсіз.
 
Адамға адал досты табу қиын,
Көбіне дос етеді мал мен бұйым.
Қасыңнан, досыңнан да бірдей сақтан,
Егер де болса зердең, баста миың,- деп айтып кеткен еді, ұлт үшін
ұрандаған Алаш қайраткерлерінің бірі – Ахмет Байтұрсынов.
...Ғұлама машайықтар мен ақылман даналарды бөлек, дара тұлғалар ретінде
сыйлап, құрметтей білдім, батыл адамдармен дос болдым. Өйткені, Алла
Тағаланың өзі де, ер жүрек құлдарын ұнатқан ғой. Олармен дидарласып, өзара
сырласып, таза ниет, пәк кісілерді жаныма жақын тұттым. Сондай-ақ, ізгі
ниетімен берген ақ батасын алдым, - деп өзінің өнегеге толы өмірінен
ұрпақтарына мөлтек сыр шертіп кеткен екен Махамбет бабамыз.
Мінеки, Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді деген осы болар.
Ұлт келешегінің кепілі – жастарға рухани кедейшіліктен, ертеңімізге
немқұрайлы қараудан аулақ болайық дегім келеді. Соңымызда көл-көсір байлық
қалғанша, жас жеткіншек ұрпақтарға үлгі боларлық өнегелі іс қалсын!
 

1.Мұхтар Шаханов поэзиясындағы рухани-адамгершілік құндылықтар

Қазақ халқы аса күрделі проблемаға маңдай тіреді. Өз ұлтымыздың
ішінен орыс және батыс мәдениетімен жете сусындаса да, ана тілінде екі
ауыз сөйлем құрай алмайтын, құраса да күнделікті тіршілік ауқымындағы
жүрдім-бардым әңгімеден алыс ұзай қоймайтын және онысын кемшілік деп
есептей бермейтін үлкен топ – Космополит қазақтар тобы пайда болды. Енді
қалыптасқан жағдайға көзді ашып қарайтын мезгіл де жетті деп білеміз. Қайта
олардың мемлекеттік тілге бұрылуына, рухани құндылықтарды мойындауына және
игеруіне мүмкіндігінше ат салысып, еңбегі сіңген белгілі ақын, қоғам
қайраткері М. Шаханов осы орайда бұл мәселеге байланысты Космополит
қазақтар атты өлеңінде тереңінен ой қозғайды:
Безбүйрек нарықтың бәсейтіп даңғырын,
Зарланған, қорланған туған тіл тағдырын
Космополит басшылар шешпей ме, шеше ме?
Тіліміз қала бере ме панасыз адамдай көшеде?
Ұлт үшін қазір бұл – Нөмірі бірінші мәселе
М. Шаханов поэзиясы өз халқының тарихи тәжірибесіне сүйене отырып,
бүгінгі таңдағы аса ділгер, жан толқытар проблемаларға жаңа кілт таба
білуімен қуантады.
Дарын танылды. Адал күш танылды. Ар-намыс танылды. Бұл ақынымыздың
әрбір шығармасын оқығаннан кейін, азды-көпті ойланбай қала алмайсыз. Ой мен
сезімге едәуір жүк түседі... Адамзаттың ата жауы адамның өзі екені қашаннан
бері айтылып келе жатқан шындық. Мұхтар Шаханов шығармасының басты
жетістігі осы мәңгілік проблемалар хақында ой жарыстыруында.
М. Шахановтың ақындығы мен ойшылдығы бір бөлек әңгіме болса,
философтығы бір басқа дүние. Бізге керегі – М. Шаханов поэзиясының, яғни
өлеңдерінің ой-ілімдері. Оның өзі де, ойы да әлемді шарлап кеткен. Сөйтіп
барып ой түйген, содан барып, адамзат туралы толғанысқа түскен, әлемге
жауар бұлттай түнеріп тұрған зұлымдықтан, апаттан құтқару үшін дабыл
қаққан. Мұндай ерлік – Мұхтар Шаханов сияқты санаулылардың қолынан ғана
келмек.
Біздің ойымызша, адамзаттың бүгінгі таңдағы рухани көркем ойының
биігінен қарай отырып, М. Шаханов рухани-адамгершілік құндылықтар
тұрғысынан сан қырлы, еліміздің таза ұлттық рухынан тыныс алған күрделі
туынды – тұлпарларын әлемдік әдебиеттің үйіріне қосты. Поэзия есігін алғаш
ашқанда, М. Шаханов әлі ешкім бастамаған жол іздеуге мақсат ұстанған
болатын. Бұл күнде оның өз жолы бар. Оқырман қауым сол жолдың әлі де болса
кеңи түсіп, ақынның алда талай татымды дүниелер беретініне сенімді.
Қоғам тіршілігін майданға теңесек, Мұхтар ең алдыңғы шепте, оқтың өтінде
өлімге бас тіккен жанкешті жауынгер секілді. Бұл жолда
Мықты болсаң, жарқыным, ізіңді сал елсізге,
Ізсіз жандар өнерде толып жатыр сенсізде - деп, кейінірек жазған бір
өлеңінде жолын қууға талап білдірген бір інісіне айтқандай, Мұхтардың талай
талпынысы, еңбегі зая кетпеді.

Мұхтар шығармаларының негізгі лейтмотиві – адамдықты, адалдықты,
әділдікті, тазалықты, пәктікті паш ету; ездікті, зұлымдықты әшкерелеу.
Тегінде, бұл – бүкіл ақ ниетті өнер атаулының мұраты болса керек. Бірақ,
Мұхтар осы жайларды ешкімге ұқсамай, өз даусымен, өз дәлелімен өрнектеуге
тырысады. Мысалы:
Өмір жайлы сан толқыдым, толғандым,
Достар, достар менен үміт үзбеңдер
Мені кілең адал ойлы жандардың
Қатарынан іздеңдер,
дейді ақын. Оның өлеңдері бірде осылайша жан сезімін алдыңызға бар
ақиқатымен жайып салған адамның сырындай қабылданса, енді бірде
жігерлендіруші күш танытып отырады:
Өзің-ақ айтшы ғаламда мынау
Жеңудің бәрі жеңіс пе?
Жігітке арман жеткізіп пе еді
Өз сорын өзі жеңбесе.
Өмірдің барлық сәтсіздіктері
Бақытсыздық емес ендеше!
Өмірде өз қабілетіңді дұрыс танып, қоғамның, халқыңның қажетіне жарау
үшін арманды дұрыс таңдай білу керектігін уағыздай отырып, осындай
қорытындыға келді.
Мұхтар Шаханов сонау поэзияға алғаш келген кезінен бастап ел
тағдырын жырлаудан жалыққан жоқ Сейхундария, Күре тамырды іздеу, Сенім
патшалығы секілді философиялық поэмаларында ақиқат пен жалған, сенім мен
күдік, махаббат пен қызғаныш, адалдық пен арамдық, ізгілік пен қиянат,
ерлік пен сатқындық секілді рухани өмір өлшемдерінен болмыс заңдарына
бойлай отырып, бар жақсылықтың басы – туған анаға, туған жерге деген
сүйіспеншіліктен басталатынын дәлелдейді:
Төсінде өзім қызық күндер кешірген,
Дархан далам кетпейді бір есімнен.
Қанша үңілсем, көрінбейді жас шегі,
Сенен шырқау таулар да көп еңселі.
Даңқы сенен биіктер бар.
Солардың барлығынан артық сүйем мен сені.
Ақ қарыңа арманымды түнеткен,
Өзіңсің ғой жүрегіме гүл еккен.
Сол жүрекпен қызды сүйсе несі айып,
Сені сүйем қызды сүйген жүрекпен.
Өміріңде бір адамды беріле
Сүймегендер – сүйе алмайды сені де!
(Туған жермен сырласу)
Мұхтар шығармаларының ерекшелігі, адамды селт еткізер тұсы - өлеңнің
ішкі мазмұны, өлеңдегі ойдың тереңдігі мен көкейкестілігі. Табиғатында
суреткерлік қасиеті басым болғандықтан ол ашынған жүрек, ақырған ашу,
қанжылаған қайғыны мезгіл, мекенсіз өлеңнің өзегіне итере салмайды, соған
әкелген жағдай мен заманды, тарих пен тағдырды баяндап, тұтас бір өмір
келбетін жасайды. Айтар ой, айшықты сезім кейіпкер тағдырымен, ақынның өз
тағдырымен тікелей астасып жатады. Сенім патшалығы поэмасын оқыған адам
осының куәсі болар еді:
Бірдей төзіп ыстыққа да,
Салқынға
Жер астында жатпай ма алтын көзден таса қалпында?
Қашан қазып алғанша күтетін
Шындық кейде ұқсайды сол алтынға!
Сен ақынсың өніп шыққан ертеңге
Қандай өрсі ұсынасың ертеңге?
Қандай жеміс ұсынасың ертеңге?
Ойлан, ойлан...
Әділеттің қылышы
Енді сенің желкеңде,
Енді сенің желкеңде!

Ол ой маржанын бүкіл әлемнен, ал поэзияның басуларын халықтық жырдан
іздейді. Мұхтардың Жеңілген жеңімпаз хандығы Отырар дастаны немесе
Шыңғысханның қателігі атты шағын поэмасындағы қираған қаланың тағдыры
бүгінгі халық тағдырымен тікелей астасып, ұрпаққа ауыр да абыройлы
жауапкершілік жүктелгендей болады. Сатқындықтың құрбаны болған Отырар ойран
болды. Осы кезге дейін дауасы табылмаған сатқындық туралы, адам бойындағы
ең жек көрінішті қасиетті ақын осылайша өз жырына арқау етті.

Қазір адамның ақыл-парасатымен бірге нәпсісі үстемдік құрған кезең.
Нәпсі қуаты бүгінгі жылтырақ бұқаралық мәдениетті туғызады. Адамды
өлтіру, қорлау, зорлау, азаптау, міне қазіргі күннің қызықтырар басты
тақырыптары. Ал, қазір жер жүзі соғыс алаңына (ойындар, кинофильмдер
арқылы) айналды. Мұның бәрі жас ұрпақ санасына мысқалдап сіңе бермек.
Нәпсі философиясынан Рух философиясын жоғары қою адамзат мүддесіне сай
екенін Мұхтар Шаханов тамаша дәлелдеп шыққан және ол Рух болмысын қорғауды
проблема етіп көтерген. Бұл биік гуманистік позиция автордың әлемдік
деңгейдегі ой-санасының көрінісі.

Жалпы байқап отырсақ нені жырласа да – достықты ма, махаббатты ма,
табиғатты ма – тереңнен тартып, философиялық ойға құру, күтпеген тың
байламдар жасау – Мұхтар творчествосына тән бір ерекшелік.
Мұхтар Шахановтың Жазагер жады космоформуласы (Шыңғысханның пенделік
құпиясы) атты поэмасы екі жыл бұрын оқырман қолына тиген Өркениеттің
адасуы атты кітабымен үндес, бір-бірін толықтырып тұрған, терең
философиялық астары бар, мәңгілік өмір айналымының сыры мен жұмбағына
үңілген, оқырманның алдына түйіні күрделі сауалдар тастап, терең ойға
тартатын дүние екеніне көз жеткіздік.
Мәңгілік өмір айналымының қозғаушы күші не? Ақ пен қара... Оң заряд
пен теріс заряд... Жарық пен қараңғы... Періште мен шайтан... Махаббат пен
зұлымдық... Міне осылай жалғасып кете береді...
Мәңгілік өмір осылай жалғасып кете бермек пе? Егер қозғалыстың
қозғаушы күші қарама-қарсы екі күш дейтін болсақ, онда зұлымдықтың да
азаматтың дамуына қосқан өзіндік үлесі болғаны ғой, деген заңды сұрақ
туындайды. Иә, белгілі бір дәрежеде солай екені рас. Екі күштің күресі
қалай, қашан басталды десек түп тамырымызға үңілуге тура келеді.Құл сырттай
ғана бағынышты болуы мүмкін. Ішкі байламы берік, рухы мықты болса ол
адамдық қалпын жоғалтпайды. Ал ішкі Менінен айырылған адам рухсыздық
дертіне шалдығады. Рухсыздық – барлық бақытсыздықтың бастауы. М. Шаханов
адамзатты осы РУХСЫЗДЫҚ АПАТЫНАН сақтандырды...
Әуел баста Алланың рухынан жаратылған Адам өмір айналымына не үшін
жіберілді. Әрине, эволюциялық жетілу жолынан өтіп, өсіп, өркендеп,
пенделіктен періштелік биіктікке дейін көтеріліп, тазалап барып Ұлы Рухқа –
Аллаға қайта қосылу үшін жіберілген деп түсіндіреді қазіргі заман
ойшылдары. Адамзаттың эволюциялық даму жолына көз жіберетін болсақ, талай
тар жол, тайғақ кешуден өтті. Мың өліп, мың тірілді.
Қазір біз компьютер, интернет дәуірінде өмір сүріп отырмыз. Шегімізге
жеттік, енді Жерді қойып, Ғаламның тағдырына да жауаптымыз біз! Біз енді
Мейірім мен Махаббатты төрге шығаруымыз керек. Біз сонда ғана Ұлы
Мейірімге, Ұлы Махаббатқа қосыла аламыз. Онсыз тұйыққа тірелеміз.
Жапон ғалымы Хироенори Итоның Мұхтар Шахановтың Жазагер жады
космоформуласы романы туралы жазған: Это произведение уникально тем, что
в историческом плане освещает смертельную борьбу добра и зла, наталкивает
нас на мысль о надвигающейся катастрофе бездуховности, способной уничтожить
человечество или привести к такой безобразной форме существования, которая
обусловит его саморазрушение и самоуничтожение (12. 2 бет) деген пікірі
көпке ой салады ғой деп топшылаймыз. Адамзат Рухсыздық апатының алдында
тұр. Ақшаға құл болу, материалдық байлыққа бас ию адамды рухани
азғындыққа бастайды. Бұлай жалғаса берсе, адам санамен емес
қарынмен ойлайтын халге жетпек. Бізге енді Менен асқан мықты жоқ! деген
озбыр күш иесі емес, Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп... дейтін жылы жүрек
керек. М.Шаханов – осындай поэзиялық ақын. Ал өзінің Өркениеттің адасуы
деген дастаны да шоқтығы биік туынды. Бұл поэма қазіргі әлемдік поэзиядағы
жетістіктердің бірі ретінде ЮНЕСКО тарапынан жоғары бағаға ие болып,
көптеген елдердің қызығушылығын туғызғаны мәлім.
Шаханов Өркениеттің адасуында маңызды мәселені көтерген, ол – адамзаттың
қазіргі адасуы. Енді оның екінші проблемасы бой көрсетпек, ол – адасқан
цивилизацияны жөнге салу. Міне, осы тұста жалған пайғамбарлар, әуесқой
әулиелер, дүмше саясаткерлер көптеп өсіп-өніп кетсе, сөйтіп олар жығылған
үстіне жұдырық дегендей, суға батар–батпас болып тұрған жанды мүлдем
батырып жіберсе не болмақ? Шаханов сага поэмасын оқығанда осындай терең
ойларға ақынмен бірге сүңги бересің, ол адамды ой тұңғиығына батыртып,
санаға салмақ, ойға өріс береді.
Мұхтар Шаханов Желтоқсан оқиғасына орай азаматтық әрі парасаттылық
көрсетті.
Өзі айтқандай:
Ұлттың бағы жанар ма екен хас тұлпары, нары жоқ,
Ал, біреулер намысы жоқ, жігер, қауқар, қоры жоқ.
Кемсітпекші желтоқсанның жалаң аяқтары деп
Жоқ!!! Кешегі сын сағатта көкірегінде жанып от,
Тұрған олар аяз сорған қызыл беттің ары боп,
Дәуірінің тауығына шашылмаған тары боп.
Мұхтар Шаханов жайлы қандай еңбек жазылса да, желтоқсан оқиғасы
мен ақын Мұхтар есімі аталары хақ.Халық намысы жер етілген сол жылдары
Мұхтар Шаханов болмағанда күні бүгінге дейін желтоқсанға қатысты
мәселелердің кейбірі, бәлкім, әлі де жабулы қазан күйінде қалар ма еді?
Желтоқсан Мұхтардың азаматтығының, парасаттылығының, нағыз халық ақыны
екендігінің айшықты мезеті болғаны аян.
М.Шаханов поэзиясы тоғанға жиналған судың бөгетін ашқанда арындап
ағатындай көрінеді. Мұхтардың да көкірек сарайында көптен жиналып
қордаланған ой-армандары арындап жыр жолдарына құйылғанын байқаймыз.
Ақын шығармасына ойлы сөз жазған Шыңғыс Айтматов Қазақ поэзиясында бұрын-
соңды мұндай қуатты дүниені кездестірген емеспін, - деп өте жоғары
бағалапты. Шыңғыс айтса айтқандай, адамзат тарихынан сыр тартқан небір
тағлым аларлық жәйттер, кесек-кесек қанатты тың ойлар, батыл тұжырымдар жан-
дүниеңді баурап алып, асыл армандарға жетелейді. Тек өзің емес еліңнің,
бүкіл адамзаттың болашағы үшін ақынмен бірге толғанасың.
Өзіңе де бір міндет жүктелгендей болады. Өмірден өз орныңды
іздейсің. Қанша оқығанда сусының қанбайды. Қазақ поэзиясының әлемдік
деңгейге көтерілгеніне мақтанғың келеді. Өлеңдерін айтпағанда алғашқы
поэмасы Танакөзбен-ақ ол талайды тамсандырған. Бұған қарап талантты
таланттың танитынына көзің жететін секілді.

Мұхтар Шахановтың поэзиясының мықты бір ерекшелігі – бұрынғы
дәуірлерден қалған үлгі, ғибрат әңгімелерді қазіргі заманның құбылыстарына
байланыстыра айта алатындығында. Оның халыққа кең танылған поэмаларының,
өлеңдерінің басқа ешбір ақынның жаратылысына ұқсамайтын тосын келбеті осы
тарапта болатын. Қандай тақырыпта ой қозғамасын өлеңдерінің ішкі астарында
адамға, достыққа, халыққа, Отанға деген құрмет сезімі сезіліп тұратын
рухани-адамгершілік құндылықтарға толы екенін байқадық. Егемендігімізді
алғанымызбен, қоғамдағы көптеген жастарымыздың ұлттық рух пен ұлттық
болмысын жоғалтып бара жатқандығы бәрімізді толғандырады. Сол рухсыздық
апатынан сақтануда Мұхтар Шахановтың адамгершілік құндылықтарға толы
поэзиясы көмеккке келетініне сенімім мол.

2.Шәкәрім шығармаларында орын алған елдік рухани құндылықтар
Ұлттық сана-сезімді жетілдірудің жолдарын табу және оны іс жүзіне асыру
– қоғамдық қайраткерлердің еншісіне жүктелген аса ауыр мәселе. Бұл істі
жүзеге асырушылардың бірі философтар.
Шәкәрім тарихи мәдениеттен өнеге алып отырады, дүниетанымы біртұтас,
жаңашылдықпен әуестеніп безбейді және консервативтілік ескішіл де емес.
Шәкәрім дәстүрлі мәдениеттегі мәндік көріністерді анықтайды, рәміздейді.
Сол кездегі қолы жеткен деректері де аз емес екенін біз білеміз, олар –
шығыс даналығы мен батыс философиясы. Поэзия көшпенді түркілердің тұрмысына
ыңғайлы басты атрибуты болса, осы поэзияның рухани тылсым табиғаты ұлттық
сана сезімді қалыптастыруда бірнеше артықшылықтары бар: біріншісі, рифмалық
үйлесімділіктің арқасында тыңдаушының қабылдауына жеңіл, ақпаратық мазмұны
бай өнер саласының бірі, екінші тағы бір ерекшелігі, ол әрқашанда
гуманизмнің шеңберінде өмір сүреді. Сондықтанда көшпенді дала мәдениеті
әрқашанда сөзге шешен болған деуге толық негіз бар.
Өз елінің болашағынан үміт үзбеген Шәкәрім халықтың басына төнген
қасіреттерден сын жасай отырып самалға шығудың бағдарын бере алған. Оның
орасан бір артықшылығы: бірнеше тілдерді білгені. Соның нәтижесінде парсы,
араб, орыс тілдерде жазылған мәдени туындыларды қазақ тіліне аудара білді.
Кез келген тілден жасалған аудармаға, әсіресе өлең аудармалары үшін екінші
автор құқығын беруге болады. Себебі поэзия жалған рифма мен немқұрайлылық
құрылымнан тұра алмайды және ол бірыңғайлы тұтастық идеяның мазмұны.
Ақынның поэтикалық шығармасын талдай отырып оның жан дүниесінің
түбіне жеткендей боласың. Немесе ақын болмысты поэзия тілімен бейнелеген
сәтте, өзінің жасырын жатқан сырын жариялай бастайды. Сонымен қатар ақын,
жер бетіндегі жалған дүниені поэзия арқылы мәңгілікке айналдырады.
Шынында да поэзияда бір құпия жатқаны рас. Сондықтан да бүгін күнде жырау
мен ақындардың шығармасына ерекше көңіл бөлген жөн, өйткені әр ақынның
табиғатында ақиқаттың сәулесі жарқырап тұрады, ал поэзияны тек әдеби жанр
саласы деп қарастыру ғылымның заманына сай кезекті адасуларының бірі
сияқты.
Шәкәрім поэтикалық идеясының ерекшелігі кездейсоқтық рифмадан
тұрмайды, онда нәрсіз су кездеспейді, тек мазмұнды себептілік бар.
Ақындар шығарманы ерекше тылсым жағдайда жаратады деп Платон,
айтқанындай, оны біз бүгінде шығармашылық шабыт деп атап жүрміз. Бұл
поэзияның негізінде жатқан құпия ерекшелігін айқындай отырып, көркем
шығармашылықтағы тылсымдылығының бейсаналық рөлін белгілегендердің ішінде
Платон алғашқылардың бірі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұхтар Шаханов поэзиясының қалыптасуы мен даму жолы
Мұхтар Шаханов поэзиясындағы рухани-адамгершілік құндылықтар
Бүкіл әлем даму біз үшін ұшы қиырсыз мәселе
Ақын Мұхтар Шаханов
Мұхтар Шаханов жайлы пікірлер
Мұхтар Шаханов Рух және ыза дауылы немесе бес ғасырлық арман
Қазақ халқына тән ұлттың рухтың катеориялары
М.Шаханов – халқымыздың ұлттық қасиетін қастерлеуші ақын
Мұхтар Шаханов өмір жолының кезекті кестесі
Шығыстың Шахановы
Пәндер