Жаңашыл әдіс-тәсілдер



Кіріспе
ЖАҢАШЫЛ ӘДІС.ТӘСІЛДЕР
Жаңашылдықтың мәні және оның қажеттілігі
Оқушының қызметін және белсенділігін артгыру негізінде ойын технологиясын пайдалану.
Кіріспе
Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңында "Білім беру жүйесінің басты міндеті — ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңцауға бағытгалған білім алу үшін қажетгі жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу " деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарының, әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды.
Қазақстан Республикасының алдында тұрған әлеуметтік-экономикалық міндеттерінің аса күрделілігіне қарамастан, оның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуының сипаты, халықтың рухани, адамгершілік көзқарасы жастар арасындағы тәрбиеге байланысты. Ал ұрпақ тәрбиесі — Қазақстаңда өтіп жатқан реформалар мен ғылыми-техникалық прогрестің алғы шарттарының бірі. Білім беру саласындағы кейбір жағымсыз әрекеттердің орын алуы, мектептердің оқу-тәрбие жұмысының мазмұны, басқа да ТМД елдеріне қатысты халықтың ежелгі даму жолын анықтауда қазақ мемлекетінің білім беру және тәрбие туралы тұжырымдамаларының мақсаты - өрелі идеялар мен қағидалардың ғылыми жүйесін түзу. Бір ретте халықгың этнопедагогикалық мұрасын ұрпақ тәрбиесінде пайдаланудың мәні зор. Алдымен, халықтық педагогиканы іс-әрекетте пайдаланып, адамгершілік сипат пен мінез-құлықты жастар арасында жаңартудың басты қағидалары: жеке тұлғалар арқылы қоғамды дамыту, демократияландыру, ізгілендіру. -
Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатыңда қазіргі кезде Қазақстаңда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан тұрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуды, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғында ұйымдастыруды талап етеді.
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі — маңызды мәселелердің бірі.
Бүгінгі таңца Қазақстаңда Ш.Қаланованың, Ж.Караевтың, Ш.Таубаеваның,
Қ.Қабдықайыровтың, С.Лактионованың, М.Жангіейісованың, Ә.Жүнісбек пен
Қ.Нағымжанованың, С.Көшімбетованың, т.б. ғалымдардың зерттеулерінде
оқытудың жаңа технологиялары жан-жақты қарастырылады.
Елбасымыз Н.Назарбаевтың "Қазақстан—2030" Қазақстан халқына арнаған

Жолдауында "Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағын жауапты да жігерлі, білім өрісі биік, денсаулықтары мыкгы өкілдері болады. Олар бабаларының игі дәстұрлерін сақтай отырып, қазіргі замангы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр. Олар қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгереді, олар бейбіт, абат, жылдам өркендету үстіндегі, күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады " деп көрсетілгендей, ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын қүдіретті күш — білімге тән. Жас мемлекетіміздің болашағы — бүгінгі мектеп оқушылары. Оларға бірдей талап қойып, олардың табиғи қабілеттерін, нақты мүмкіндіктерін анықтап, соған негіздеп оқыту — бүгінгі күннің өзекті мөселесі.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңында "Білім беру жүйесінің
басты міндеті — ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен
практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби
шыңцауға бағытгалған білім алу үшін қажетгі жағдайлар жасау, оқытудың жаңа
технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық
коммуникациялық желілерге шығу " деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту
міндеттері көзделеді. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарының, әр
мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру,
өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым-қатынасқа өту
қажеттігі туындайды.
Қазақстан Республикасының алдында тұрған әлеуметтік-экономикалық
міндеттерінің аса күрделілігіне қарамастан, оның егеменді мемлекет ретінде
қалыптасуының сипаты, халықтың рухани, адамгершілік көзқарасы жастар
арасындағы тәрбиеге байланысты. Ал ұрпақ тәрбиесі — Қазақстаңда өтіп жатқан
реформалар мен ғылыми-техникалық прогрестің алғы шарттарының бірі. Білім
беру саласындағы кейбір жағымсыз әрекеттердің орын алуы, мектептердің оқу-
тәрбие жұмысының мазмұны, басқа да ТМД елдеріне қатысты халықтың ежелгі
даму жолын анықтауда қазақ мемлекетінің білім беру және тәрбие туралы
тұжырымдамаларының мақсаты - өрелі идеялар мен қағидалардың ғылыми жүйесін
түзу. Бір ретте халықгың этнопедагогикалық мұрасын ұрпақ тәрбиесінде
пайдаланудың мәні зор. Алдымен, халықтық педагогиканы іс-әрекетте
пайдаланып, адамгершілік сипат пен мінез-құлықты жастар арасында жаңартудың
басты қағидалары: жеке тұлғалар арқылы қоғамды дамыту, демократияландыру,
ізгілендіру. -
Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатыңда қазіргі кезде
Қазақстаңда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы
мен оқу-тәрбие үрдісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып
жатқан тұрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен
табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық
әлеуетін дамытуды, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғында ұйымдастыруды талап
етеді.
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің
инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі —
маңызды мәселелердің бірі.
Бүгінгі таңца Қазақстаңда Ш.Қаланованың, Ж.Караевтың, Ш.Таубаеваның,
Қ.Қабдықайыровтың, С.Лактионованың, М.Жангіейісованың, Ә.Жүнісбек пен
Қ.Нағымжанованың, С.Көшімбетованың, т.б. ғалымдардың зерттеулерінде
оқытудың жаңа технологиялары жан-жақты қарастырылады.
Елбасымыз Н.Назарбаевтың "Қазақстан—2030" Қазақстан халқына арнаған
Жолдауында "Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді, біздің
балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағын
жауапты да жігерлі, білім өрісі биік, денсаулықтары мыкгы өкілдері болады.
Олар бабаларының игі дәстұрлерін сақтай отырып, қазіргі замангы нарықтық
экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр. Олар қазақ, орыс, ағылшын тілдерін
еркін меңгереді, олар бейбіт, абат, жылдам өркендету үстіндегі, күллі
әлемге әйгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады " деп көрсетілгендей,
ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат
қоғамын алға апаратын қүдіретті күш — білімге тән. Жас мемлекетіміздің
болашағы — бүгінгі мектеп оқушылары. Оларға бірдей талап қойып, олардың
табиғи қабілеттерін, нақты мүмкіндіктерін анықтап, соған негіздеп оқыту —
бүгінгі күннің өзекті мөселесі.
Сондықтан да оқушылардың ой-өрісін, ұлттық мәдениетін, ұлттық рух пен
сана-сезімін дамытып, алғыр тұлғаны қалыптастыруда тәрбие жүйесіндегі
инновациялық іс-әрекеттердің ендірілуі үлкен жетістіктерге жетелейді.
Жас ұрпақ біздің өміріміздің тікелей жалғастырушы өкілі ғана емес,
еліміздің тірегі, мызғымас болашағы. Бүгін мектеп табалдырығын аттаған жас
өркеннің ертең қандай адам болып шығатыны ата-аналар мен ұстаздар қауымының
арасында мәңгілік таусылмас тақырып болып қалып отыргандығы да сондықтан.
Бұл білім мен тәрбиенің егіз ұғым екенін көрсетеді. Сол себепті де білім
беру жүйесінде жалпы азаматтық және ұлттық негізде жеке тұлғаны дамыту және
қалыптастыру үшін қажетті жағдайлар жасалуда.
ЖАҢАШЫЛ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР

Бүгінгі мақсат — әрбір оқушыларға түбегейлі білім мен мәдениеттің
негіздерін беру және олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау.
"Инновация" ұғымын анықтайтын нақтылы анықтама әлі де жасала қойған жоқ. Ш.
Таубаева мен Қ.Құдайбергенованың берген анықтамасына сүйенсек "инновация" —
бұл нақты қойылған мақсатқа жетуде ойға алынған жаңа нәтиже. Нақты мақсат
дегеніміз не? Нақты мақсатқа қандай әдіс-тәсілдердің көмегімен жетуге
болады? Оқу мақсатының жүйесінде берілген мақсаттың негізгі категорияларын
пайдалана отырып, педагог өз еңбектерінің нәтижесі туралы ақпарат алуға
мүмкіндік алады. Демек, мақсат пен нәтиже - жаңалыққа бет бұрудың кілті.
Инновациялық үрдістің негізі - жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану,
жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Кез келген жаңа әдіс жекелік, сондай-ақ
уақытша жоспарға жатады. Бұл яғни, бір мұғалім үшін табылған жаңа әдіс,
жаңалық басқа мұғалім үшін өтілген материал тәрізді.
Инновация мәселелерімен айналысып жүрген бірқатар ғалымдардың
еңбектерін, жазған анықтамаларын қарастырып, талдай келе біз бұл ұғымның
түп-төркінін белгілі уақыт арасында жаңашыл идеяны қайта қарау, жаңалау деп
айтқанды жөн көрдік. Сол ертерек кездің өзінде белгілі қолданылып жүрген
идеялар жаңа бағытта ұсынылса, мұның өзі инновациялы дегі аталған. Осыларды
негізге ала отырып, инновацияны "жаңалық", "жаңа әдіс", "өзгеріс",
"әдістеме", "жаңашылдық", ал инновациялық үрдісті "жаңа әдістеме құралы"
деп ұғатын боламыз.
Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады. Кейінгі
кезенде ғалымдар өз зертгеулерінде оку-тәрбие ісіне жаңалықгарды енгізіп,
тарату мәселесін қарастырады.
Мемлекеттік білім стаңдарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа
педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Ал жаңа педагогикалық
технологияның тұрі, қолдану ерекшелігі, одан туындайтын ділгір мәселелер
бүгінгі таңда әлі нақтыланып белгілі бір жүйеге түспеген дүние.
Қазіргі оқу орындары мен педагогикалық үжымдар ұсынылып отырған
көпнұсқалыққа байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез келген үлгі бойынша
қызмет етуіне мүмкіндік алды. Бұл бағытта білім берудің әр тұрлі нұсқадағы
мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа
технологиялар бар. Сондықтан әр тұрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен
оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде
сынап қараудың маңызы зор. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық
технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес.
Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік,
адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің
қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие
үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының шығармашылық қабілеттерін
арттыруға өз үлесін қосады.
Жаңа технологияны қолдану төмендегідей кезеңдер арқылы іске асады:
I кезең - оқып үйрену; II кезең — меңгеру; III кезең — өмірге ендіру;
IV кезең - дамыту. Жаңа технологиямен жұмыс істеу үшін төмендегідей алғы
шарттар қажет: оқу үрдісін интенсивтендіруді жаппай қолға алу; оқушылардың
сабақтастылығын болдырмау шараларын кешенді тұрде қарастыру.
Оның ғылыми-әдістемелік, оқыту-әдістемелік, ұйымдастырушылық
себептеріне үнемі талдау жасап, назарда ұстау, жаңа буын оқулықтарының
мазмұнын зерттеп білу, пәндік білім стаңдартымен жете танысу, білімді
деңгейлеп беру технологиясын игеру арқылы оқушыларға білімді мемлекеттік
стаңдарт деңгейінде игертуге қол жеткізу, оқыту үрдісін ізгілендіру мен
демократияландыруды үнемі басшылыққа алу. Өйткені оқыту—тәрбиенің негізі.
Сондықтан оқыту да қоғамдық құбылысқа жатады. Оқытуды екі тұрлі
мағынада қарауға болады.
Біріншісі - мектепте арнайы пәндерді оқыту.
Екіншісі - өмірде оқыту, өмірге үйрету. Тәрбиелеу, оқыту - егіз ұғым.
Оқыта отырып тәрбиелейміз, тәрбиелей отырып оқытамыз. Оқыту тәрбиеге
қарағанда нақтылау. Оқыту үйрету арқылы іске асады. Бұл оқытудың маңызы.
Оқыту - тәрбиенің құрамды бөлігі, қайнар көзі, жүйелі тұрі. Оқыту арқылы
тәрбиенің саналылығын, руханилығын, әсемділігін, әсерлігін, адамгершілікке
баулу жолын, еңбекшілдігін, т.б. айқындап толықтыруға болады. Оқыту -
тәрбиенің интеллектуалды тұрі. Оқытудың инновациялық технология бойынша
әдістемелік жүйесі, осы мақсатга сапалы нәтижеге жеткізуге мүмкіндік
беретін танымдық іс-әрекеттер тұрлерінің мазмұнымен тікелей байланысты.
- Сондықтан инновациялық әдіс-тәсілдерді оқыту үрдісіне енгізу барысы
танымдық іс-әрекеттер тұрлерінің мазмұнын, белгілі деңгейде белсенділігін
көздейді. Осы екі үрдістің өзара сапалы нәтижесінде оқушының өз ісіне
сенімділігін, жауапкершілік сезімін, шығармашылық қабілеттілігін
қалыптастыру мақсатын жүзеге асыруға жағдай туғызатын оқытудың инновациялық
негізгі тұрлері анықталады.
- Оқу-тәрбие үрдісінде қолданып, айтарлықтай нәтиже беріп жүрген жаңа
педагогикалық технологиялар мыналар: дамыта отырып оқыту әдістемесі
(Л.Занков, Д.Эльконин, В.Давыдов, В.Репин, В.Левин); оза отырып оқыту
(С.Лысенкова); іс-әрекетті бағалау (Ш.Амонашвили, И.Волков); тірек және
тірек конспектілері арқылы оқыту (В.Шаталов); саралап оқыту; шоғырландырып
қарқынды оқыту жүйесі; деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыта оқыту; жобалап
оқыту технологиясы. _
- Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары: балаға
ізгілік тұрғысынан қарау; оқыту мен тәрбиенің бірлігі; баланың танымдық
күшін
қалыптастыру және дамыту; баланың өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту;
баланың танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту; әр оқушыны оның
қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту; барлық оқушылардың дамуы үшін
жүйелі жұмыс істеу; оқу үрдісін оқушының сезінуі.
Дамыта оқыту — күрделі құрылымды, біртұгас педагогикалық жүйе. Оның
нәтижесінде әр оқушының өзін-өзі өзгертуші субьект дәрежесіне көтерілуі
көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдайлар жасалады. Дамыта оқытудың
дэстұрлі оқытудан айырмашылығы: көздеген мақсатында, мәнінде, мазмұнында,
дамытудың негізгі факторында, мұғалімнің рөлі мен атқаратын қызметінде,
әдіс-тәсілдерінде, оқушының білім алу белсенділігінің түрінде, оку үрдісі
мүшелерінің әрекеттестік ерекшеліктерінде, олардың қарым-қатынас сипатында,
танып-білу үрдісін ұйымдастыру тұрлерінде , т.б.
Осы міндеттерге жүгіне отырып, дәстұрлі білім беру жүйесінде де оқушы
дамуына көмектесетін кейбір қажетті қасиеттерді анықтауға болады. Олар:
- мектепте және әрбір сыныпта, оқу тобында мұғалімдер мен
оқушылардың күш-жігерлерін біріктіретін оңтайлы жағдай тудыратын
ынтымақтастық жұмыс жағдайын қалыптастыру;
- оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы (өзара сыйлас, түсінісу) әрекеттестік
ұстаныммен жеке тұлғалық түсінушілік негізінде іске асырылуы;
- оқыту үрдісінде репродуктивтік және шығармашылық іс-
әрекетгер оқушылардың жеке бас ерекшеліктерімен, уақытша
жағдаймен, оқыту материалының деңгейімен анықталуы;
- оқыту деңгейінің анықталған бірізділікті болуы (оқыту жолдарына,
нәтижелеріне байланысты, білім беру стаңдарттарына сәйкес, т.б.);
- оку материалы бөлек-бөлек пәндерге бөлінуі және соған қоса кіріктірілген
курстардың да болуы (табиғаттану, әлеуметтік ғылымдар, қоршаған орта және
т.б.);
- оқушылардың шығармашылық мүмкіншілігін тудырып, қабілеттерінің жан-
жақты дамуына ынталандыруды көздеген әр тұрлі әдіс-тәсілдерінің кең
қолданылуы (диалог-сабақтар, ғылыми жоба қорғау сабақтары, пікірталас,
іскерлік ойын сабақтары, т.б.);
- оқушылар әжептеуір уақыт аралығында мысалы (бір, не бірнеше жыл)
белгіленген бір тұрақгы топтарда сабақтасуы. Бұл топтардың ішінде аз санды
топтар қалыптасып уақытша (бір, не бірнеше сабақка) қызметтесуінің
мүмкіңдігі және жүлпен жұмыс, жеке оқушымен жұмыс жүргізілуі;
- балалардың эмоционалды-сезімділік және абстрактілі, логикалық ой
кұрастыруын дамытуға ыкпал етілуі;
- үкіметтің білім беру саласындағы стаңдарттары бәріне бірдей екендігін
естен шығармай, жалпы білім беруді кемсітпей, оқыту үрдісінде әрбір
оқушының қажеттіліктері мен қызығуларының ескерілуі;
- оқу жоспарларында міндеттелген және таңдап оқитын пәндердің үйлесімді
косылуы;
- оқушылардың танымдық қызығуын арттырып және білім алу
нәтижелерін жүйелі талдаудан өткізіп, бағалау;
- оқушылардың өздерінің жетістіктерін өздеріне талдатып, өзін-өзі бағалау
әрекеттерінің ұйымдастырылуы.
Қорыта айтқанда, бүгінгі таңдағы ұлттық мектеп белгілі білім мен
дағдылар жиынтығын ғана меңгерген азаматтар ғана емес, ұлттық дүниетаным
негізінде өз қөзқарасы қалыптасқан, әлеуметтік белсенділігі жоғары,
отаншыл, қандай үлтпен болса да тең дәрежеде қатар тұратын тұлғаларды
тәрбиелеп өсіруге бағытталған.

Жаңашылдықтың мәні және оның қажеттілігі

Бүгінгі таңда білім берудің ұлттық жүйесі өте маңызды, қарқынды
өзгерістердің сатысында тұр. Қазіргі кезде қоғам дарынды, қабілетгі
адамдарды қажет етеді. Сондықтан да қазіргі уақытта мамандық атаулының
барлығы дерлік бейімділікті, ептілікті, ерекше ой қызметін ғана емес,
мектеп ұжымынан үлкен жауапкершілікті, қызу белсенділікті талапетеді.
Үздіксіз жаңалық енгізу білім беру мекемелерінің, соның ішінде жалпы
білім беретін мектеп жұмысының дамуының ең басты факторы болып отыр.
Инновацияның мәні неде және оның қажеттілігі қандай себептермен
түсіңдіріледі? Бірінші кезекте инновацияның өмірге енуі мектептің өзінің
жұмыс істеуіне себепші болатын ішкі жағдайларға байланысты.
Білім беру мекемесінің алға қойған мақсатына жетуі үшін басқаруға
ықпал жасайтын (мұғалімдер, мектеп оқушылары) және өзінің басқарушы ішкі
жүйесі (әкімшілік, педагогикалық ұжым) біртұтас жүйе болғандықтан,
инновацияға үнемі орын табылады. Ал жаңа өзгеріс нәтижесі білім беру
мекемелері үздіксіз өзгеретін және дамитын жаңа қайшылықтардың көздері
болады. Сонымен қатар басқарудағы маңызды орын үнемі қозғалыс пен дамуда
болатын педагогикалық және балалар ұжымының қажеттілігіне беріледі.
Инновацияның қажеттілігі сыртқы себептермен де анықталады, мынадай
бірқатар себептерге байланысты: адамдардың мұқтаждылығын қамтамасыз ету
қажеттілігі, мектеп оқушыларының білімге, дағдыға шеберлікке деген
ұмтылысы, жоғары сапалы білім алудағы жеке тұлғаның дамуы. Демек,
жаңалықтың ену қажеттілігі білім алуға деген коньюктураның (бір нәрсеге
әсерін тигізетін жағдайлардың кездесу мұқтаждығынан пайда болады. Ол
сұраныс пен ұсыныс арасындағы қатынаспен, жалпы білім беруге дайындық
деңгейімен, педагог қызметкерлерінің кадрлық әлеуетімен және басқа да
факторлармен анықталады. Технологияны, ұйымдастыруды үнемі жаңғырту
жағдайында ұстап тұрып қана мектеп өз бағытын нығайта алады. Сондықтан да
мектеп басшылары үнемі өзгерістің болып тұруы бірден-бір дұрыс факт екенін
мойындаулары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Интерактивті құралдармен сабақ өткізу әдістемесі
Сын тұрғысынан ойлауды бағалау
Химия пәнін оқытуда ұжымдық оқыту технологиясын қолдану
ҚАНИПА БІТІБАЕВАНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАРЫ МЕН ТӘЖІРИБЕСІ
Сыни тұрғыдан ойлау технологиялары арқылы оқытудың тиімділігі
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ САУАТ АШУ ЭЛЕМЕНТТЕРІНЕ ОҚЫТУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
Оқытудың жаңа әдіс - тәсілдері
Дидактика туралы түсінік
Физиканы оқыту әдістері
Педагогикалық тәжірибе және инновация
Пәндер