Сауат ашу және жазу әдістемелік құрал



1 Сауат ашу
2 Сауат ашуға дейінгі дайындық кезеңі
3 Сөзді буынға бөлу
Қазақстан Республикасының білім туралы заңында:”білім беру жүйесінің басым міндеттерінде: білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау және жеке адамның шығармашылық,рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру,жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы парасатын байыту’’-деп атап көрсеткен.Осыған сәйкес қоғам алдына білім жүйесін саналық жағынан жаңарту,жалпы білім беретін ХХІ ғасыр мектебінің жаңа моделін таңдау,оқушының жеке басын үйлесімді дамытуға бағыттайтын міндеттер қойылып отыр.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейіенгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында:’’білім берудің деңгейлері мен мазмұн анықтағанда мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды үздіксіз білім берудің бастапқы деңгейі’’деп көрсеткен.Осы деңгейдің мақсаты мен міндеттерін айқындап , онда: ’’ мектепалды даярлығының мазмұнын мектеп жасына дейінгі балаларға тән қызмет түрлерін жасына және даралығына сай тәсілдерді ескере отырып қайта қарау және оқу- тәрбие үрдісін ұйымдастыру кезінде заттық кеңістік ортасын жасау ; мектепке дейінгі және бастауыш білімнің оқыту бағдарламаларының үйлесімділігі, баланы шаршаудан қорғау мақсатында оны оңтайлы жүктемемен қамтамасыз ету, салауатты өмір салтының құндылықтарына баулу арқылы денсаулығын нығайту ’’ делінген .

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Сауат ашу және
жазу
әдістемелік құрал

Алматы кітап
Сауат ашу және жазудан әдістемелік құрал.
Қазақстан Республикасының білім туралы заңында:”білім беру жүйесінің
басым міндеттерінде: білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар
жасау және жеке адамның шығармашылық,рухани және дене мүмкіндіктерін
дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін
қалыптастыру,жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы парасатын
байыту’’-деп атап көрсеткен.Осыған сәйкес қоғам алдына білім жүйесін
саналық жағынан жаңарту,жалпы білім беретін ХХІ ғасыр мектебінің жаңа
моделін таңдау,оқушының жеке басын үйлесімді дамытуға бағыттайтын міндеттер
қойылып отыр.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейіенгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасында:’’білім берудің деңгейлері мен мазмұн анықтағанда
мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды үздіксіз білім берудің бастапқы
деңгейі’’деп көрсеткен.Осы деңгейдің мақсаты мен міндеттерін айқындап ,
онда: ’’ мектепалды даярлығының мазмұнын мектеп жасына дейінгі балаларға
тән қызмет түрлерін жасына және даралығына сай тәсілдерді ескере отырып
қайта қарау және оқу- тәрбие үрдісін ұйымдастыру кезінде заттық кеңістік
ортасын жасау ; мектепке дейінгі және бастауыш білімнің оқыту
бағдарламаларының үйлесімділігі, баланы шаршаудан қорғау мақсатында оны
оңтайлы жүктемемен қамтамасыз ету, салауатты өмір салтының құндылықтарына
баулу арқылы денсаулығын нығайту ’’ делінген .
Осы міндеттерді жүзеге асыру бағытында мектепалды даярлығына
әзірленген сауат ашу бірінші сыныптағы әліппені оқуға даярлықты жүзеге
асыруға үйлестіріліп жасалады.Себебі, ондағы рухани –адамгершілік
құндылықтың іргетасы қаланады.Сауат ашу арқылы баланың танымдық
белсенділігі, қоршаған ортамен қарым-қатынасы дамып интеллекті баийды. Ол
үшін сауат ашудың негізгі мақсаты- оқу дағдысының негізін қалау,
фонетикалық есту қабілетін дамыту, дыбыстарды ажырата білу, әріптің баспа
түрін таңбалап жазу, әріптерді таныту, буын, сөз, сөйлемді оқытуға үйрету
саутты жазу дағдыларын қалыптастыру өздігінен оқуға, жазуға дағдыландыру,
кітап оқуға қызығушылығын арттыру, ауызша сөйлеуге үйрету жүзеге асырылады.
Осы мақсатты шешу үшін, сауат ашуда төмендегідей міндеттерді жүзеге
асырады:
-оқушылардың жас ерекшелігін ескеру;
-оқыту принциптерін басшылыққа алу;
-сөйлеу тілінің дыбыстық ерекшеліктерін меңгерту,яғни сөздегі
дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету;
-буындап оқу әдісі арқылы, сөзді тұтастай оқуға дағдыландыру;
-дыбыстарды әріптермен дұрыс таңбалауға, жазуға сөз ішіндегі олардың
байланысу тәсілдерін сақтап сөздерді тұтас жазуға үйрету;
-жазудың талаптарын орындату;
a) -балалардың сөйлеу тілін, байланыстырып сөйлеуін дамыту;
Сауат ашуда жоғарыда көрсетілген мақсат пен міндеттерді жүзеге асыру үшін
төмендегі принциптер басшылыққа алынады.
Интергациялау принципі- мазмұны жағынан бір-біріне жақын пәндердің (ана
тілі, қазақ тілі, қоршаған әлем, бейнелу өнері, музка т.б.) өзара және
пәннің ішіндегі материалдардың арасындағы байланыстарын
анықтап,оқушылардың білімін тереңдетеді.
Проблемалық принцип-оқу процесінің мазмұнын, әдістерін,ұйымдастыру
формаларын проблемалы сипатта болуын қарастырады.
Гуманизациялау(ізгілендіру)принципі -оқушылардың ішкі сезім күйлеріне
әсер етіп,сезімдік толғанысын көзқарасын қалыптастырады:
-Әрбір оқушының жеке басының ерекшелігін ескере отырып,жеке дара
жұмыс жүргізу;
-Оқушылардың танымдық белсенділігін,ой-өрісі мен тілін дамытып,оқуға
деген белсенділігін арттыру;
Сондай-ақ сауат ашуда дидактикадағы басқа да принциптер басшылыққа
алынады.
Сауат ашу мына бөлімдерден тұрады:
а)сауат ашуға дейінгі кезең;
ә)сауат ашу кезеңі;
б)сауат ашудан кейінгі кезең;
Сауат ашу. Мектепалды сыныптарында,топтарында бағдарламаға сәйкес алты
жастағылар төмендегіні меңгеруі тиіс:оқуға алфавиттің барлық әріптерін
пайдалану;барлық әріптерді жазуға үйрету(кіші және бас
әріптер);сөздерді,сөйлемдерді жазып уйрену.
Сауат ашу дыбыстық талдау, жинақтау әдісі арқылы іске асады.Қазіргі
ғылымға негізделген оқыту әдістемесінде әріптер және оқуға үйретуден
бұрын дыбыстық талдауға арналған жаттығулар пайдаланылады.Бұл сауат ашу
процесін нақтылы жетілдіреді.
Алты жастағыларды оқытудың тиімді амалдарын саналы меңгеру үшін
мұғалім төменде келтірілген негізгі жағдайларды білуі тиіс:
1.Дыбыстық талдау сөзден жеке дыбыстарды бөліп алып және оларды атап
берумен шектелмейді.Ол сөздегі дыбыстардың бірізділігін дыбыстық
құрылымын сақтап,сол қалпында қабылдап және қайтадан еске түсіру
шеберлігінен айқындалады.Балалар ана тілінің дыбыстық құрылымының, әр
дыбыстың маңызын түсінуі керек(жуан,жіңішке,дауыссыз дыбыстардың
дыбысталу нұсқалары).
2.Сөздің дыбыстық құрылымын талдауды білу.Ашық буындағы дауыссыз
дыбыстың дыбысталуы одан кейін тұрған дауысты дыбысқа байланысты,тәуелді
екенін түсіну,балалардың буындап оқудың тез және нақтылы игеруіне негіз
болады.
3. Оқу мен жазуға үйретудің элементері қатар жүреді. Оқу мен жазудың
негізі – ана тілінің дыбыстық жүйесі екендігін ескеру керек.
Оқу үшін де,жазу үшін де балаға сөздің дыбыстық құрылымын түсінуі
өте маңызды.Сондықтан да,сауат ашуға дайындық төрт аптаға дейін
созылады.Әріппен танысуға дейін сөздің дыбыстық құрылымын талдауға
арналады.
4.Буындап оқуды меңгеру.Буындап оқу арқылы сөзді тұтастай
жылдам,түсініп оқу.Ашық,тұйық,бітеу буын түрлерін түсіндіру.
Сауат ашуға дейінгі дайындық кезеңінде балалар сөздегі
дыбыстарды мұқият тыңдап,олардың бірізділігін түсіндіру.Талдайтын
сөздер екі дыбыстан басталып,біртіндеп,үш-төрт дыбыстан құралатын яғни
бірте-бірте күрделенеді.Дыбыстар талдауға,оларды белгілейтін шартты
белгілермен таныстырылады. Дауысты дыбыстар –қызыл текшемен,дауыссыз
дыбыстар- көк текшемен.Дауысты дыбыстардың ерекшелігі созып айтылуында.
Төртінші аптаның соңында балалар әріптермен таныса бастайды,
дауыстылар(а,о,у,ы,) дауыссыздар(р,л,н,с).Дыбыстық талдау балаларды
сауатты жазуға дайындайды. Әртүрлі дыбыстық буындық құрылымдық сөздерді
талдау,сауат ашу кезеңінде жалғаса береді.Балаларда дауысты, дауыссыз
дыбыстар мен әріптердің өзара байланысы буын және екпін жөнінде
түсінік қалыптасады.Дыбыстарды ажырату үшін сөз ішіндегі немесе буындағы
дыбысқа екпін түсіріп айту;Сөздің дыбыстық немесе буындық құрылымын
модельдеу;Мысалы:
а-на

жуан дауысты

жіңішке дауыстылар

дауыссыздар

Өтілетін дыбыстың сөздің басында, ортасында, аяғында келуін, дауыс екпіні
арқылы жыратуға мән беріледі. Сөздерді модельдеуде әр дыбыстың таңбалауын
айыра білуге және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әріптерден сөз жасау
Cауат ашу әдістемесі пәнінен дәрістер
«Қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастыру»
Бастауыш сыныпта сауат ашу барысында оқушылардың тілін дамыту және сөз қорын арттыру
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихи дамуына үлес қосқан ғалымдар еңбектерінің орны
Балабақшада сауат-ашуды түсіндірудің әдістері
Бастауыш сыныпта сауат ашу кезеңінде көрнекілікті тиімді қолданудың жолдары
Қазақ тілін оқыту әдістемесі жайында дәрістер
“Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту теориясы мен технологиясы” пәнінен дәрістер
Бастауыш сыныптарда сауат ашу жүйесінде деңгейлеп оқытуды жетілдіру әдістемесін теориялық жағынан негіздеу
Пәндер