3 жас кезеңіндегі балалардың сөйлеуін дамыту


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

М А З М Ұ Н Ы

Кіріспе . . . 3

І Сәбилік кезеңдегі бала психикасын дамытудың теориялық негіздері

1. 1 Сәбилік кезеңдегі бала психикасын дамытудың психологиялық мәселелері. . …6

1. 2 Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық әрекетін дамытудың ерекшеліктері . . . 9

1. 3 Сәбилік кезеңдегі бала психикасының дамуына әсер ететін факторлар . . . 14

ІІ Сәбилік кезеңдегі бала психикасының дамуының әдістемесі

2. 1 Сәбилік кезеңдегі бала психикасының дамуының жолдары……… . . . 18

2. 2 Мектепке дейінгілердің таным процестерінің дамуы. ……. 21

2. 3 Сөйлеу тілін қолдануды және еліктеуді дамытудың әдістемесі . . . 23

Қорытынды . . . 26

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 28

Қосымшалар

Кіріспе

Зерттеу өзектілігі : Сөйлеу тілін түсіну дамытудың әдіс тәсілдердің методикалық әдебиеттерге анализ жасау негізінде ерте жастағы балалардың сөйлеу тілін дамытуға бағытталған түзету жұмыстарының жүйеленген амал тәсілдері іріктелінді. Балаларды оқыту кезінде және амал тәсілдерді жүйелеу және іріктеу кезінде мынадай принциптер басшылыққа алынды.

  1. Онтоногенетиалық принцип. Психикалық дамытуда сензитист кезеңде жүзеге асады. Ал сөйлеу тілін дамыту үшін сензитивт кезең 1, 5 - 3 кезеңі болып табылады. Осы кезеңде бала тілдің негізгі құралдарын игереді. Онтоногенез заңдылығы қалыпты жағдайда көрініс табады. Ал жалпы тілі дамымаған балаларда ұзақ мерзімде көрініс табады. Сондықтан эксперименттік байқауды жүргізу және өңдеу сөйлеу функцияларының формаларының пайда болу бірізділігін ескере отырып жүзеге асырылды.
  2. Жетекші әрекет принципі. Әлеуметтік тәжірибені игеру балада әрекет процесі кезінде жүзеге асады. Әрбір жас ерекшелік топта бала орындайтын әрекет түрлерінің ішінде біреуі жетекшілік әрекет атқарады. Д. Б. Элькониннің айтуы бойынша туғаннан үш жасқа дейін үлкендермен эмоцианалды қарым қатынас жасау және ерте жастағы баланың тұрмыстық және заттық әрекеттері тән. (6) Бұл принципті ескеру (заттық приактикалық немесе ойын) әртүрлі әрекет түрлерін қолдану кезінде баланың сөйлеу тілін дамытып, қалыптастыруға ықпал етеді. Сөйлеу және әрекет ретінде қарастыру Л. С. Выготский оның компоненттерін мынадай бөліктерге бөлді: мақсат, мотив, сөздік әсері және құрау. Бала сөйлеу әрекетінің кейбір ерекшелігі сөйлеу қарым қатынасының мотивтері мен мақсатының қойылуы. Сонымен қатар, сөйлеу мотивін қандай да бір басқа әрекетпен араластыру, мысалға: ойын. Әртүрлі әрекет түрлерін қолдану балада сөйлеу тілін игерудің қажеттілігін қалыптастырады. [1]
  3. Сөйлеу дағдыларының біртіндеп қалыптасуы. Бұл принципті кең және тар мағынада қарастыруға болады. Біріншіден, бұл принцип жалпы ана тілінен игеру логикасын ашады. Баланың тілді игеру процесіне талдау жасады А. И. Гвоздев іске асырды. Лингвистикалық аспектіде сөйлеу тілінің дамуын анықтық ретінде бейнелеуге болады: айқай, гуілдеу, былдырлау, сөз словосочетание сөйлеу байланыстары, сөйлей балада өздігінен туындайды. Баланың гуілдеуі, былдырлауы баланың айқай ерекшелігіне қарағанда стихиялық туындайды: олардың пайда болуы үлкендермен эмоционалдық қарым қатынасымен болады. Сөйлеу тілінің келесі этапы сөздердің т. б. (былдыр сөздер, дыбыстық еліктеу, балама сөздер) сөз тіркестері, сөйлем т. б. Ал тар мағынада бұл принцип айқын қолданылмайтын сөздердің қалыптасуын қарастырады. Ерте жастан қалыпты сөйлейтін балалардың сөйлеу тілін анықтайтын сөзді жетік игеру үшін әртүрлі жағдайда оны қайталаудың санын қажет ететінін көрсетті. Бұл процесті мынандай сызба түрінде көрсетуге болады.

4. Жеке және дифференцирленген ықпал ету принципі қалыпты дамуымен балалармен сөйлеу тілі дамымаған балалардың сөйлеу тілін игеруге бағытталған оқу жұмысы олардың кезіндегі сөйлеу әрекетінің қалпына байланысты ерекшелену қажет. Сондықтан әдіс тәсілдер баланың психикалық және сөйлеу тілінің даму деңгейін кемшілігін ескеру негізінде іріктелініп және қолданылады. Сонымен қатар осы принципке негізінде әрбір балада эмоциональды контакт және дамып қатынастар құрылды.

Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі «Балапан» бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық - Жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 қаңтардағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын іске асыру мақсатында әзірленген.

Тәуелсіздікке қол жеткізгенге дейін Қазақстанда Орталық Азиядағы ең үздік мектепке дейінгі білім жүйесі болды, ол 7 жасқа дейінгі балалардың шамамен 70 %-ын қамтыды.

1991 жылы 8743 балабақша болды, олардың жартысынан астамы (4868) «оңтайландыру» кезеңінде жекешелендірілген, бір бөлігі бос қалған, қираған. Жалпы, 2000 жылға дейін республикадағы балабақшалар саны 1144-ке дейін азайды.

Республиканың тәуелсіздік жылдарында мектепке дейінгі білім жүйесі қайта жандана бастады: балабақшалар саны өсуде, мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған ұйымдардың жаңа түрлері құрылуда.

2007 жылдан бастап 2009 жылдар кезеңінде 142, 1 мың орындық 2557 мектепке дейінгі ұйым ашылды, оның ішінде 75 орындық 612 балабақша.

Бүгінгі күні республикада 4972 мектепке дейінгі ұйым бар, олардың 2003-і балабақша. Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 373 160 адамды немесе мектепке дейінгі балалар санының 38, 7 %-ын құрайды.

Сонымен қатар мектепке дейінгі ұйымдардан орын алу кезегінде 260 мыңнан астам бала тұр, оның ішінде 3 жастан 6 жасқа дейінгі 147 084 мың бала.

Елдегі демографиялық процестер - республикадағы мектепке дейінгі ұйымдардан орын алу кезегінің өсуін айқындайтын бірден бір фактор; 2008 жылдан бастап балабақшалардан орын күтушілер саны 20, 8 мың балаға өсті.

Қазақстанда соңғы 20 жылда бала тууды талдау барысы: 1990 - 1999 жылдарда туудың төмендегенін, ал 2000-2010 жылдары бала туу орташа есеппен 13 мың адамды көрсетті, ол кейіннен мектепке дейінгі ұйымдардан орын алу кезегі жылына 5-7 %-ға өскенімен негізделеді.

Зерттеу нысаны : Мектеп жасына дейінгі балалар.

Зерттеу мақсаты : 3 жас кезеңіндегі балалардың сөйлеуін дамыту.

Зерттеу пәні : Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы.

Зерттеу міндеттері :

-Сәбилік кезеңдегі бала психикасын дамытудың теориялық негіздері;

-Сәбилік кезеңдегі бала психикасын дамытудың психологиялық ерекшеліктерін зерттеу;

-Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық әрекетін дамытудың ерекшеліктері;

-Сәбилік кезеңдеггі бала психикасының дамуының әдістемесі;

Зерттеу әдістері : Теориялық және эмпирикалық әдістер-үш жастағы сәбидің психологиялық даму ерекшеліктері туралы ғылыми еңбектерге теориялық талдау жасалынды және үш жастағы сәбидің психологиялық дамытудың жолдары зерттелінді.

Курстық жұмыстың құрылымы : Кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан, қосымшадан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

І Сәбилік кезеңдегі бала психикасын дамытудың теориялық негіздері

  1. Сәбилік кезеңдегі бала психикасын дамытудың психологиялық мәселелері

Егер нәрестенің психикалық дамуы тым қарапайым түрде кездессе, алдағы екі жылдың ішінде психикалық дамуы ірі өзгерістерге ұшырайды. Сәбилік жасының аяқ кезінде (3 жастағы кезі) бала ақыл-ойының дамуы жағынан едәуір жетістікке жетіп қалады. Психолог Б. Гудинаф өзінің еңбектерінде сәбилік жасына аса көңіл бөледі. Оның ойынша, жаңа туған бала мен үлкендердің психикалық дамуының тең ортасы - сәбилік (3 жас) жасы дейді. Ал осындай ірі жетістіктерге сәбилік аз уақыттың ішінде қалай жете алады? Бұл жетістікке жетудегі себептің бірі (1 жасқа толғанда) баланың түргелеп жүруі. Тікелей жүруге көшу бірден болмайтынын қазақтың балаға «тұсау кесу» дейтін ырымынан да белгілі. Бұл жетістіктің екінші себебі: әр заттың өзіне тән қызметін ажырату. Егер нәресте жасындағылар әр заттың қандай қызет атқаратынын білмесе, енді ол сәбилік жасына көшкенде соның атқаратын қызметінің мәнісін түсіне бастайды. Сәбилік психологиясының дамуына негізгі әсер ететін фактордың бірі: оның қарапайым ойындары мен балалар бақшасында тиісті өнерге үйренуі (сызу не үй салу т. б. ) . Бұл сәбиліктер үшін өзінше әрекеттің түрлері, сондықтан ойын мен іс-әрекеттер сәбилік психологиясының дамуына алкен әсер етеді. Мысалы, ойыншықтармен ойнау осы жас кезеңінің аяғында кездеседі. Әуелгі кезде сәбиліктер ойыншықтардың сылдарлауына, не бояуына мән берсе, бірақ нендей жәндіктің, не машинаның бейнесі екеніне мән бере алмайды.

Сәбилік жасында ойыншыққа байланысты ұлдар мен қыздардың ойыны бірдей емес. 3 жастағы қыз аюдың ойыншығын бергенде оның үстіне көйлек тігіп, кигізіп, кішкентай тәрелкеге ас салып, қасықпен оны тамақтандырады. Ұлға осындай ойыншық ұсынсаң ол одан бас тартып, бұл қыз балалардың қызметіне қатысты, сондықтан оған қатысы жоқ екенін айтады. Ал ұлдар таяқты ат қып мініп, «осы менің атым» жүгіретіні кездеседі. Ойынға қатысушылар аю ойыншығы нағыз аюдың өзі емес екенін, ал таяқтың ат емес екенін өздері де жақсы біледі. Бұл сұраққа өздері былай жауап береді: «Біз әншейін ермек үшін ойнаймыз» - деп жауап береді. Ал осындай ойындағы заттарды (ойыншықтарды) өзге заттың символы (не белгісі) деп түсіну сәбиліктердің фантазиясын, ой-өрісін дамытуға едәуір пайдасын тигізеді. [3]

Сәбилік психикасының дамуын одан әрі өрістетуде оның сөйлеу әрекетінің қалыптасуының ерекше маңызы бар. Осы кезден бастап сөздерден сөйлем құрастыра бастайды. Сәбилік 3 жасқа жеткенде 1200 - 1500 сөз біледі (осыған сәйкес 150 - 20-ге жуық морфемаларды меңгеруі мүмкін) . К. Чутовский өзінің «Үштен беске дейін» атты кітабында сәбиліктер қалай сөйлем құрастыра алады және осыған байланысты икемділігі тілші ғалымдардан кем емес екенін атап керсеткен болатын. Оның ойынша сәбиліктер тіпті ана тілінде кездеспейтін (бұрын айтып көрмеген) жаңа сөйлемдер құрастырады. Мұның себебі сәбилік әлі қандай сөздер айтуға болатынын не болмайтынын білмейді. Себебі жаңа сөйлемді бірден естіп, оны қайталап отырған жоқ. Мұндай сәтсіздіктер кейін үлкендердің көмегімен түзетіледі.

Адам тек ұғымға сүйеніп ойланбайды. Оның ой-өрісі елестету бейнелеріне де негізделеді. Сондықтан әуелі сәбиліктің қабылдауы мен елестетуіне тоқталайық. Сәбилік жасының бас кезінде (1, 5-2 жаста) бала жан-жағына қарап заттарды заттардан, не таныстарды таныстардан ажырата алғанымен, оның қабылдауы әлі нашар дамыған. Сәбилік әуелгі кезде заттың тек бір қасиетіне, не білгісіне мән беріп, өзге жағын елемейтін болады. Мысалы, сәбилік «торғай» сөзді естіп, кейін осы сөзді нақты торғаймен ұшастырады да бұдан соң «торғай» деген сөзді естігенде торғайдың мұрны сияқты ағашты да торғай деп айтатын болған. Себебі торғайдың бейнесін сәбилік әлі тұтас ажырата алмайды. Сол сияқты сәбилік танысының суретін көргенде оның көшірмесі (бейнесі) демей, сол адамның өзі деп түсінеді. Себебі сол адамды ол танитын болғанымен, оның тек бір мүшесін (мұрнын, не шашы мен көзін) есте қалдырған. Ал сәбиліктің қабылдау үстінде заттың бірнеше қасиеттерінің, соның ішінде көлемімен, ұзындығымен, өңімен, түсімен т. б. танысуға келсек, осылар сол заттың бейнесімен бірге елестетіледі. Сәбилік жасының бастапқы кезінде тиісті зат жоқ болса да, оның бейнесін елестету оның үзінділерінде, не кездейсоқ жағына мән беруге негізделеді. Сәбилік жасының аяқ кезінде бала «шеңбер», «төртбұрыш», «үшбұрыш», «тік бұрыш», «көп бұрыш» т. с. с. ажыратып, соларды есінде сақтай алады. Сол кезде сәбилік негізгі түстерді ( қызыл, сары, көк, көкшіл, ақ, қара т. б. ) ажыратып соларды қосымша түстерден айыра батайды.

Сәбилік жасы кезеңіндегі екінші сигналдық жүйенің қалыптасуы. Таным процестеріне байланысты сәбиліктің тіліне де әсер етеді. Егер біреудің бізге таныс емес тілде сөйлеген дауысын естісек, осыған байланысты дыбыстарды ажырата алмаймыз. Бізге сол дыбыстар тек шудан тұратындай болып көрінеді. Мұның себебі үйренгендіктен: ана тілімізде естіген сөздер тек белгілі тәртіпке бағынатын сияқты. Осыны фонематикалық есту деп атаймыз. Фонематикалық есту әркімнің қабылдауының өз тіліне бейімделіп өзге тілдегі дыбыстарды елемеуі. Осы қасиет тек сәбилік жасынан басталып, олар өз тілінің фонематикалық есту ерекшелігін өзге тілдерден ажырата бастайды. [4]

Ж. Пиаже өзінің шығармаларында мектепке дейінгі жасты, соның ішінде сәбилік жасын ойлау операциясына дейінгі жас деп атайды. Бұл жерде Ж. Пиаже «ойлану» деген терминді - проблемалық мәселені шеше білу ретінде (есеп шығару т. б. ) қолданды. Сәбиліктерде ойланудың тек қарапайым түрлері бар, сәбилік жасында нақты ой-әрекеті кездеспейді. Мысалы, сәбилік кубиктерден үй құрастырып жатқанда, оның қасына келіп, не істеп жатырсың десең, осыған ауызша жауап беруге қиналып, салған үйін бұзады да, «қара!» деп соны қайтадан салады. Бұл жағдайда ойын нақты іс-әрекет үстінде «қара!» деп жеткізіп отыр. Ал нақты бейне ойы деп заттардың өзін көрмей тұрғанда, олардың бейнесін басында елестете отырып, соған тіректелетін, ойын жеткізуді айтады. Соңғы ой амалы сәбилікте күшті дамыған.

Бала сәбилік жасының бастапқы кезінде өзін «Мен» дей алмай, көбіне «ол», не өзінің атымен атайды. Л. Н. Толстой бір сөзінде, ол өзінің есін (өзі жөніндегі және өзгелер жөніндегі оқиғаларды) 2 жасымнан бастап біле бастадым дейді. Бұл қате болар. Өйткені, сәбилік жасының аяқ кезінде (2, 5 жастан асқан соң) ғана балалардың көпшілігінде есі кіре бастайды. Баланың есінің кіруінің өзі - ол үшін үлкен жаңалық. Өйткені есі кіргеннен кейін сәбилікте «Мен» деген қасиет пайда болады. Егер сәбилік жасының аяқ кезіне дейін бала есін білмей келсе, кейін «Мен» деген қасиет пайда болмайды. Сананың, яғни естің сәбилікте пайда болуы оның тілінің шығып, ойын сөйлеу арқылы өзгелерге жеткізе алуының нәтижесінде пайда болады. Егер адам тіл білмесе (мұндай жағдайдың болуы мүмкін емес), онда оның есі мен санасы және «Мен» деген қасиеті де болмас еді.

Сәбилікте «Мен» деген қасиет өзін өзгелерден ажырата алудан пайда болады. Бұл үшін сәбилік әуелі айнаға қарап, өзге кісілерден өзін ажыратады. Оған дейін (2-2, 5 жасқа дейін) зерттеушілердің айтуынша, бала айнаның бетінде, тек таныс адамдардың бейнесін ажыратады да, өзінің бейнесін айқын сезе алмайды. Сондықтан өзінің бар екенін (тіршілік ететінін т. б. ) сәбилік жасының аяғына дейін бала ажырата алмайды. Тіл арқылы өзгелермен байланысып, кейін бала үшін сөйлеу қызметі өзін өзгелерден ажыратуға мүмкіндік береді. Мысалы, сәбилік «Мынау Менмін», «Мен Бұзаубаймын» - деп осы сияқты сөздерінде өзін өзгелерден ажыратып отырады.

Еркелеу - сәбилік жасына тән психикалық дамудың өзіндік ерекшелігі. Сәбилік бір істі өзім орындаймын дегенде, солардың бәрін өзбетімен орындау оның қолынан келе бермейді. Сөйтсе де, ол өзім жасаймын дейді. Мысалы, бәтеңкесінің бауын байлау сәбиліктің қолынан келмеуі мүмкін. Бірақ осыған көп уақытын жіберіп, байлай алмағанда жылап, «қалай байлауды маған көрсет» беп өтінеді. Сондықтан бәрін өзім орындаймын деп талаптану сол істі барлық жағдайда жақсы меңгере алуынан емес.

Еркелеудің бір түрі, яғни «дағдарыс» кез сәбиліктерде түрліше кездеседі, біреуде тым айқын, өзгелерде онша білінбейді. Ал осы «менменсу» сәбилікпен дұрыс тәрбие жүргізілмесе, ерегесуге, яғни негативизмге алып келеді. Мысалы, 3 дөңгелекті велосипедке мініп жүрген сәбилікке анасы мінуге рұқсат етпесе, бала ызаланады. Кейін анасы «міне ғой!» десе, ерегесіп «енді мінбеймін» деп отырып алады. Сол кезде «мінбей - ақ қой!» десе, онда «мінемін» дейді. Демек, сәбилік үлкендердің айтқанына қарама-қарсы іс жасағысы келеді. [5]

  1. Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық әрекетін дамытудың ерекшеліктері

Тәуелсіз Қазақстанның Білім заңына орай жаңа ұлттық білім үлгісі бойынша мектепке дейінгі баланың жеке басын тәрбиелеуде педоагогикалық дамудың бұрыннан қалыптасқан әлеуметтік бағыттарын түбегейлі өзгеруге тура келеді. Бұл жастағы балалардың бойында адамға тән қасиеттердің жаұсы, өнегелі үлгілерін ойдағыдай қалыптастыру арқылы мектепке дайындау, мектепке дейінгімекемелердің негізгі міндеті. Баланың тұнғыш рет мектеп табалдырығын аттап, білім алуға ден қоюы оның өміріндегі дамуының негізгі кезеңі. Осы кезеңнен бастап баланың мінезі және жеке ерекшеліктері қалыптаса бастайлды.

Балалардың мектепке дайындығына сапасына келетін болсақ, мектепке дейінгі жаста адам өміріне қажетті психикалық және дене тәрбиесінің сапалары қалыптасады.

Осы шақта қоршаған ортаны қабылдау, өзіне деген қарым-қатынастары, атап айтқанда, 3-7 жас аралығында эмоциялық, танымдық, ерік сезімдері нығаяды.

Баланы мектепке дейінгі оқытудың негізгі бөлімдеріне: балалардың дене бітімі дамуының, психикалық дамуының деңгейі және құрдастарымен, қоршаған ортамен қарым-қатынасы жатады.

Баланы мектепке дайындықты балабақша мен мектептегі әдіс-тәсілдері ұштастыру арқылы жүзеге асыруға болады, бірақ оларға қойылатын міндеттілік, реттілік, ойын-әдістерін пайдалану, өз кезегімен бір-бірден жауап беру сияқты талаптар бірдей болуға тиісті.

Арнаулы дайындық-мектепке баратын балалар санауды, әріптерді танып, біліп қана қоймай, қоршаған орта туралы да толық түсініктері болуы керек. Сонымен бірге таным процестерін (ес, зейін, ой-қиял, қабылдау) де дамытып отыру қажет.

Мектепке барғанда мұғалім таным процестеріне көңіл бөліп, әр баланың жеке ерекешеліктеріне мән беруге тиіс. Егер баланың есі жақсы дамыған болса, ол тез қабылдап есіне сақтайды. Бала есте сақтау процесінен басқа да салыстырып, жалпылап талдау жасауға тиісті. Сонда ғана істеген іске толық қортынды бере алады. Осы жастағы балалардың көрген нәрселерін мағыналы түрде қабылдауға, білуге құмарлықтары артады.

Мектепалды кезеңнің соңында баланың мінезі ерікті болады. Үлкендермен қарым-қатынасында балалар олардың берген білімдерін бар зейінмен қабылдайды. Балада еріктің дамуы төмен болса, берген тапсырманы түсінбей, өз еркімен жасай алмайды. Сондықтан да мектепке баратын балалардың үлкендермен, құрдастарымен жақсы қарым-қатынаста болуының зор маңызы бар.

Өзін-өзі нәтижесін әр-түрлі жолмен зерттеуге болады (сырттай бақылау, сұрақ қою, белгілі бір жағдайға келтірілгенде) . [6]

Ақыл-ой қабілеттерін тексеруді арнаулы тыныш бөлмеде өткізу крек. Оған лайықты бөлме болуға тиісті. Тесттерді әр баламен жеке өткізу керек, ата-аналарды зерттеу жұмысына қатыстыруға болады. Тестер өткізу үшін мынадай талаптар сақталуы керек. Шарты :

а) тестерді және құралдарды алдын-ала дайындау. Әр тестерді өткізу үшін өткізу әдісін жатқа білу қажет;

ә) тапсырманы жан-жақты құрастыру қажет, яғни бір тапсырмада бірнеше мақсат шешіледі.

Мысалы: 1) графикалық диктант-қолдың бұлшық еттерінің дамуын тексереді. 2) Зейін тұрақтылығын тексеру ; 3) Кеңістікті бағдарлау; 4) Естің дамуы; 5) Тестерді ойын ретінде өткізу.

Зерттеу жұмысындағы әңгімеге ата-аналардың қатысуына болмайтынын алдын-ала ескертіп қою қажет. Осы жастағы балалардың жылдың соңына дейін абстрактылы логикалық ойлауы жақсы дами береді. Бірақ тәжірибе түрінде, бала затты көрмей тұрса, берген сұраққа толық жауап бере алмайды. Бала ойлаудың барлық операциялардың жақсы қабылдауға тиісті.

Тестерді бітіргеннен кейін нәтижесін шығарып, әр ата-анаға өз баласының бағасы айтылады. Мектепке барғанда мұғалім таным процестеріне көңіл бөліп, әр баланың жеке ерекшелігіне мән беруге тиіс. Егер баланың есі жақсы дамыған болса, ол тез қабылдап есінде сақтайды. Осы жастағы балалардың көрген нәрселерін мағыналы түрде қабылдай білуге құмарлығы артады.

Демек, баланы мектепке дайындау ісінде тек қана бірігіп жұмыс жүргізгенде ғана көздеген нәтижеге жетуге болады.

Кәмелетке толмаған балғын шақ баланың адам болып қалыптасуындағы ең күрделі әрі қызықты шағы. Осыған қарай ғылым баланың туғаннан бастап мектепке барғанға дейінгі кезеңін төрт топқа бөліп қарастырады.

1. Сәбиліктік шақ (туылғаннан 1 жасқа дейін) ;

2. Сәбилік шақ (1 жастан 3 жасқа дейін) ;

3. Мектеп жасына дейінгі кезең (3 жастан 7 жасқа дейін) ;

4. Төменгі сынып жасындағы балалар (6-7, 10-11 жас аралықтары) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ерте мектеп жасына дейінгі балаларда сөйлеуді дамытуда фольклорды қолдану мәселесін зерттеу
Сауат ашу кезеңінде бірінші сынып оқушыларының сөйлеуін дамытудың теориялық негіздері
Сюжеттік сурет салу процесінде жоғары мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеуін дамыту
Әріптерден сөз жасау
Сөйлеу әрекетінің орталығы
БАЛАЛАРДЫҢ БАЙЛАНЫСТЫРЫП СӨЙЛЕУ ТІЛІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуді дамытуда ойындарды қолдану және коммуникативті құзіреттілігін дамыту
Кохлеарлы имплантациядан кейінгі кешенді оңалту туралы
Кохлеарлы имплантациядан кейінгі кешенді оңалту
ТҰТЫҚПАСЫ БАР МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДА ҚАРЫМ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz