Әскери қызметпен шектеу түріндегі жазаның орындалуы


Жоспары
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Әскери қызметпен шектеу түріндегі жазаның орындалуының тәртібі мен жағдайы.
2. Сотталған әскери қызметшілерге қатысты қамауды атқару.
3. Тәртіптік әскери бөлімде ұстау түріндегі жазаны атқарудың тәртібі мен жағдайлары.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Сотталғандарды түзеу жұмысында тәртіптік әскери бөлімнің командованиесіне жәрдемдесу мақсатында роталарда өзін үлгілі мінез-құлқымен, еңбекке және әскери қызметке адал қарауымен көрсеткен сотталушылардан қоғамдық кеңестер құрылады.
Қоғамдық кеңес сотталғандардың жиналыстарында сайланады және оны тәртіптік әскери бөлімнің командирі бекітеді, оның қызметіне бақылау жасауды сол жүзеге асырады.
Қоғамдық кеңес тәрбие шаралары мен сотталғандардың бос уақытын
ұйымдастыруда бөлім командиріне көмек көрсетеді, сотталғандармен жеке
тусіндіру жұмысын жүргізеді, түзеліп келе жатқандардың қатарына қосуға кандидатураларды немесе жазадан шартты-мерзімінен бұрын босатуға ұсынылатын кандидатураларды талқылауға қатысады.
Сотталғандарға мынадай көтермелеу колданылады:
алғыс жариялау;
грамотамен, бағалы сыйлықпен немесе ақшамен марапаттау;
қосымша бір қысқа мерзімді немесе ұзақ кездесуге не туыстарымен телефон арқылы сөйлесуге рұқсат ету;
бұрын қолданылған тәртіптік жазаны алу.
Өздерінің түзеу жолына түскендігін үлгілі мінез-құлқымен және еңбек пен әскери қызметке адал қарауымен дәлелдеген сотталғандар жаза мерзімінің кемінде үштен бірін өтегеннен кейін тәртіптік әскери бөлім командирінің бұйрығымен түзеліп келе жатқандар қатарына қосылады.
Түзеліп келе жатқандар қатарына қосылғандар арасынан өзінің түзелуін үлгілі мінез-құлқымен және еңбек пен әскери қызметке адал қарауымен дәлелдеген сотталғандарды тәртіптік әскери бөлімнің командирі занда белгіленген тәртіппен жазадан шартты-мерзімінен бұрын босатуға ұсынуы мүмкін.
Сотталғандарға мынадай жазалар қолданылады:
сөгіс;қатаң сөгіс;
түзеліп келе жатқандар қатарынан шығарып тастау;
отыз тәулікке дейін гаупвахтада ұстап қамау.
1. Әскери қызметпен шектеу түріндегі жазаның орындалуының тәртібі мен жағдайы
Соттың үкіміне сәйкес әскери бөлімнің командир! соттан үкімнің көшірмесі мен оны атқару туралы өкім келіп түскен соң үш күннен кешіктірмей бұйрық шығарады, онда сотталған әскери қызметші қандай негізде және қандай мерзім ішінде лауазымды өсіруге және әскери атақ беруге ұсынылмайтыны, кезекті әскери атақ беру үшін еңбек сіңірген жылдарына қандай мерзім есептелмейтіні тусіндіріледі. Сонымен бірге сот үкіміне сәйкес сотталған әскери қызметшінің ақшалай үлесінен әскери қызмет бойынша шектеуді өтеу кезеңінде тиісті бюджетке қандай мөлшер ұсталып қалатыны көрсетіледі. Бұйрық әскери бөлімде жарияланады, сотталған әскери қызметшінің назарына жеткізіледі және атқаруға қабылданады.
Үкімнің келіп түскені туралы, тиісті бұйрықтың шығарылғаны туралы және оның атқарылуға қабылданғаны туралы әскери бөлімнің командирі үкімді шығарған сотқа үш күн мерзімде хабарлайды. Бұйрықтың көшірмесі сотқа жіберіледі.
Сотталған әскери қызметшінің ақшалай үлесінен соттың үкімімен белгіленген ұстап қалу лауазымдық айлықақысынан, әскери атағы бойынша үстемеақысынан, ай сайынғы және өзге үстемеақылары мен басқа да қосымша ақша төлемдерінен есептеледі.
Әскери қызмет бойынша шектеуге сотталған әскери қызметшінің жазаны
атқару тәртібінде соттың үкімімен белгіленген мерзім ішінде лауазымын жоғарылатуға болмайды.Егер жасаған қылмысының сипаты мен өзге де мән-жайлар ескеріле отырып, сотталған әскери қызметшіні бағыныштыларға басшылық етуге байланысты қызметте қалдыру мүмкін болмаса, ол әскери бөлімніңтиісті командирінің шешімі бойынша әскери бөлімнің ішінде де, басқа бөлімге ауыстырылуына байланысты да басқа лауазымға ауыстырылады, бұл туралы үкімді шығарған сотқа хабарланады.
Сотталған әскери қызметшімен әскери бөлімнің командирі жасаған қылмысының сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін, сотталған әскери қызметшінің жеке басын, сондай-ақ оның мінез-құлқы мен әскери қызметке көзқарасын ес-кере отырып тәрбие жұмысын жүргізеді.
Соттың үкімімен және әскери бөлім бойынша жарияланған бұйрықпен белгіленген мерзім аяқталғанға дейін үш күннен кешіктірмей әскери бөлімнің командирі әскери қызмет бойынша шектеу түріндегі жазаның атқарылуын тоқ-тату туралы оның тоқтатылатын күні көрсетілген бұйрық шығарады. Бұйрықтың көшірмесі үкімді шығарған сотқа жіберіледі.
Соттың укімімен белгіленген мерзім аяқталғанға дейін сотталған әскери қызметші Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негіздер бойынша әскери қызметтен босатылуы мүмкін. Бұл жағдайда әскери бөлім командирі сотқа жазаның етелмей қалған бөлігін жазаның неғұрлым жұмсағырақ түрімен ауыстыру туралы не жазадан босату туралы ұсыныс жолдайды.
2. Сотталған әскери қызметшілерге қатысты қамауды атқару
Қамауға сотталған әскери қызметшілер жазаны гаупвахтада өтейді. Офицерлер, прапорщиктер, мичмандар, сержанттық, старшиналық және қатар-дағы құрамдардың әскери қызметшілері әзге негіздер бойынша гаупвахтада ұсталатын әскери қызметшілерден белек және жеке ұсталады.
Қамауға сотталған әскери қызметшілер жазаны өтеу үшін үкімді атқару ту-ралы соттың екімі алынғаннан кейін әскери жарғыларда белгіленген тәртіппен ұш күн мерзімде гаупвахтаға жіберілуге тиіс.
Гаупвахтада ұсталатын сотталған әскери қызметшілерге қатысты қамау туріндегі жазаны атқарудың қылмыстық-атқару кодексінің 64-бабында, сондай-ақ әскери жарғыларда белгіленген тәртібі мен жағдайлары қолданылады.
Сотталғандарға үлгілі мінез-құлқы үшін алғыс немесе бұрын қолданылған жазаны мерзімінен бұрын алу түрінде көтермелеу шаралары қолданылады.
Жазаны өтеу тәртібін бұзғаны үшін сотталушыға сөгіс немесе он тәулікке дейінгі мерзімге жалғыз адамдық камераға көшіру туріндегі жаза қолданылуы мүмкін.
Көтермелеу және жазалау шараларын қолдану құқығын гарнизонның
бастығы мен әскери коменданты пайдаланады.Қамау туріндегі жазаны өтеу уақыты әскери қызметгің жалпы мерзіміне
және кезекті әскери атақ беруге арналған еңбек сіңірген жылдарына есептелмейді.Жазаны өтеу уақытында сотталушыны кезекті әскери атақ беруге, жоғары қызметке тағайындауға, жаңа қызмет орнына ауыстыруға және әскери қызІиеттен босатуға ұсынуға болмайды, бұған денсаулығы бойынша қызметке жарамсыз деп танылған жағдайлар қосылмайды.
Қамауға сотталған әскери қызметшілерге жазасын өтеу уақытында ақшалай үлес төленбейді.
3. Тәртіптік әскери бөлімде ұстау түріндегі жазаны атқарудың тәртібі мен жағдайлары
Тәртіптік әскери бөлімде ұстау түріндегі жазаны жеке тәртіптік батальондар немесе жеке тәртіптік роталар атқарады. Тәртіптік әскери бөлімдердің . ұйымдық құрылымы мен олардың санын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі белгілейді.
Тәртіптік әскери бөлімдерге жалпы басшылықгы тиісті құрылымдық бөлімшелер арқылы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі жүзеге асырады.
Сотталғандарды тәртігттік әскери бөлімдерге жіберу мен қабылдау Қазақстан
Республикасының Қорғанью министрлігі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
Тәртіптік әскери бөлімдерде ұсталатын сотталғандарға қылмыстық-атқару кодексінің ережелеріне сәйкес негізгі түзеу құралдары, сондай-ақ әскери оқу қолданылады.
Сотталған әскери қызметшілер қылмыстық-атқару кодексінің 12-тарауында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген режим талаптарын сақтауға міндетті.
Тәртіптік әскери бөлімде жазаны өтеу кезеңінде барлық сотталғандар
өздерінің әскери атағы мен бұрынғы қызметінің сипатына қарамастан солдаттардың (матростардың) жағдайында болады және сол бөлімге белгіленген киім нысаны мен айырым белгілері бірыңғай болады.
Сотталған әскери қызметшілердің қысқа мерзімді және ұзақ кездесулерге құқығы бар.
Туған-туыстарымен және өзге адамдармен қысқа мерзімді кездесулер
тәртіптік әскери бөлім өкілінің бақылауымен тәртіптік әскери бөлім командирі белгілеген күндер мен сағаттарда жұмыс пен сабақтардан бос уақытта арнайы жадбықтапған бөлмеде төрт сағатқа дейінгі созылатын етіп айына екі рет беріледі.
¥зақ кездесулер тәртіптік әскери бөлімнің арнайы жабдыкталған үй-жай-
ында не бөлім командирінің қалауы бойынша одан тыс жерде узақтығы үш
тәулікке дейін бірге туру үшін жұбайына (зайыбына) жақын туыстарына ғана
бір жыл ішінде терт рет беріледі.
¥зақ кездесу уакьгтында сотталғандар жұмыс пен сабактардан босатыпады.
Сотталушының етініші бойынша қысқа мерзімді немесе ұзақ кездесулер
тәртіптік әскери бөлімнің командир! белгілеген тәртіппен телефон арқылы
сейлесумен ауыстырылуы мүмкін.
Сотталғандар заң кемегін алу үшін адвокатымен оңаша кездесуге хақылы. Адвокатпен кездесуді уақыт жағынан шектеуге болмайды.
Сотталғандар айына бір посылка, кездесу кезінде сәлемдемелер, ал бандерольдарды - олардың санына шек қоймай алуына құқығы бар.
Сотталғандардың атына келген посылкалар, сәлемдемелер мен банде
рольдар ашылады және оның ішіндегіні тәртіптік әскери бөлім екілінің бақылауымен олар атына жіберілген сотталғандар алады.
Посылкадан, сәлемдемеден, бандерольдан табылған, сотталушыда болуға тыйым салынған нәрселер немесе заттар әлып қойылады, сотталушының жеке заттарының тізіміне енгізіледі, сейтіп жаза мерзімін етегенге дейін
оның басқа жеке заттарымен бірге сақталады. Бұл орайда атылатын және
суық қару, оқ-дәрілер, улы және есірткі заттар алып қойылады және сотталушыға қайтарылмайды. Мұндай нәрселер мен заттардың табылғаны туралы тәртіптік әскери белімнің командирі дереу прокурорға хабарлайды.
Сотталғандардың атына келіп түскен ақша олардың жеке шоттарына
есептеледі.
Сотталғандарға санына шек қойылмай хаттар мен жеделхатгар алуына және салуына рұқсат етіледі.
Келген хаттарды тәртіптік әскери бөлімнің өкілі береді, сотталғандар
оларды соның бақылауымен ашуға міндетті. Бұл орайда табылған тыйым
салынғандары алып қойылады. Хаттар мен жеделхаттардың мазмұны
тексерілмейді.
Сотталғандардың жіберетін хаттарын ашуға тыйым салынады.
Ерекше мән-жайларға - жұбайының (зайыбының), жақын туысының
елуіне немесе науқастың өміріне қатер төндіретін ауыр сырқатына, сотталушыға немесе оның отбасына елеулі материалдық запал келтірген зілзалаға байланысты оған тәртіптік әскери бөлімнің шегінен тыс жерге бару-қайту жолына кететін уақытты есептемегенде, ұзақгығы жеті тәулікке дейін қысқа мерзімді жол жүруге рұқсат берілуі мүмкін. Сотталушының тәртіптік бөлімнің шегінен тыс жерде болу уақыты жазаны өтеу мерзіміне есептеледі.
Сотталғандарға мерзімді қызметтегі әскери қьізметшілер үшін көзделген
демалыстар берілмейді.
Сотталғандар тәртіптік әскери бөлімнің өндірістік кәсіпорындарына
(объектілеріне) не Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі белгілейтін басқа объектілерге еңбекке тартылады.
Сотталғандарды әскери кәсіпорындарда жұмыспен қамтамасыз етуге
мүмкіндік болмаған жағдайда олар режим талаптары сақталып, басқа мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдарға еңбекке тартылуы мүмкін.
Сотталғандардың еңбегі еңбек туралы заңда белгіленген еңбекті қорғау,
қауіпсіздік техникасы мен ендірістік санитария ережелері сақтала отырып, қолданылып журген заңдарға сәйкес у. йымдастырылады.
Сотталғандар орындайтын жұмыстарға қолданылып жүрген заңдарға
сәйкес сол кәсіпорында (ұйымда) белгіленген нормалар мен бағалар қолданылады. Сотталғандарға есептелген табыс сомалары төленбейді.
Сотталғандардың еңбегі үшін кәсіпорындардың (ұйымдардың) есептеген сомасының 55 проценті тәртіптік әскери бөлімге оны абаттандыру, оның
ендірістік базасын құру мен дамыту, сотталғандарды материалдық көтермелеу және олардың әлеуметтік-тұрмыстық мұқтаждарын шешу қорын құру үшін аударылады, ал қалған бөлігі мемлекеттік кірісіне аударылады.
Сотталғандарды әскери оқыту Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі әзірлейтін арнаулы бағдарлама бойынша ұйымдастырылып, жүргізіледі. Сабақтарды еткізу үшін қажетті оқу-материалдық база құрылады.
Сотталғандармен тәрбие жұмысын тәртіптік әскери бөлімнің командова-ниесі ұйымдастырып, жүргізеді. Ол қылмыстық-атқару кодексінің 105, 106-баптарында жазылған принциптерде құрылады.
Сотталғандар келген әскери бөлімдердің командирлері тәртіптік әскери бөлімнің командирімен үнемі байланыс жасап тұруға, бұрынғы бағыныштыларының мінез-құлқына ден қоюға және олардың түзелуіне жәрдем керсетуге міндетті.
Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)
жергілікті атқарушы органдары мен. қоғамдық бірлестіктердің сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізуде тәртіптік әскери бөлімнің командованиесіне жәрдем көрсетуіне болады.
Сотталғандарды түзеу жұмысында тәртіптік әскери бөлімнің командованиесіне жәрдемдесу мақсатында роталарда өзін үлгілі мінез-құлқымен, еңбекке және әскери қызметке адал қарауымен көрсеткен сотталушылардан қоғамдық кеңестер құрылады.
Қоғамдық кеңес сотталғандардың жиналыстарында сайланады және оны тәртіптік әскери бөлімнің командирі бекітеді, оның қызметіне бақылау жасауды сол жүзеге асырады.
Қоғамдық кеңес тәрбие шаралары мен сотталғандардың бос уақытын
ұйымдастыруда бөлім командиріне көмек көрсетеді, сотталғандармен жеке
тусіндіру жұмысын жүргізеді, түзеліп келе жатқандардың қатарына қосуға кандидатураларды немесе жазадан шартты-мерзімінен бұрын босатуға ұсынылатын кандидатураларды талқылауға қатысады.
Сотталғандарға мынадай көтермелеу колданылады:
алғыс жариялау;
грамотамен, бағалы сыйлықпен немесе ақшамен марапаттау;
қосымша бір қысқа мерзімді немесе ұзақ кездесуге не туыстарымен телефон арқылы сөйлесуге рұқсат ету;
бұрын қолданылған тәртіптік жазаны алу.
Өздерінің түзеу жолына түскендігін үлгілі мінез-құлқымен және еңбек пен әскери қызметке адал қарауымен дәлелдеген сотталғандар жаза мерзімінің кемінде үштен бірін өтегеннен кейін тәртіптік әскери бөлім командирінің бұйрығымен түзеліп келе жатқандар қатарына қосылады.
Түзеліп келе жатқандар қатарына қосылғандар арасынан өзінің түзелуін үлгілі мінез-құлқымен және еңбек пен әскери қызметке адал қарауымен дәлелдеген сотталғандарды тәртіптік әскери бөлімнің командирі занда белгіленген тәртіппен жазадан шартты-мерзімінен бұрын босатуға ұсынуы мүмкін.
Сотталғандарға мынадай жазалар қолданылады:
сөгіс;қатаң сөгіс;
түзеліп келе жатқандар қатарынан шығарып тастау;
отыз тәулікке дейін гаупвахтада ұстап қамау.
Тәртіптік ретпен қамалып сотталғандар жазаны тәртіптік әскери бөлімнің
гаупвахталарындағы жалғыз адамдық камераларда өтейді.
... жалғасыКомандирлердің көтермелеу мен жазаларды қолдану жөніндегі құқықтарын, оларды қолдану тәртібін, сондай-ақ оларды есепке алуды әскери жарғы-лардың талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі белгілейді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz