Организмнің ішкі ортасы



Организм ішкі ортасы
Организмнің ішкі ортасына қан, лимфа және ұлпа сұйықтығы жатады.ішкі ортанын салыстырмалы химиялық құрамы мен физика-химиялық тұрақтылық қасиеті арқылы организмнің жасушалары салыстырмалы өзгермейтін жағдайларда тіршілік етеді және сыртқы орта әсеріне көп ұшырамайды.
Ұлпа сұйықтығы
Ұлпа сұйықтығы түссі, мөлдір түсті, қанның сұйықтық бөлімінен – плазмадан пайда болады, ол қан тамырлардың қабырғалары арқылы жасушааралық кеңістікке өтеді және жасушаға түсетін зат алмасу өнімдерінен пайда болады. Ұлпаның сұйықтығы организмдегі ұлпаларының барлық жасушаларын қоршап тұрады, олар одан қоректі заттарды, оттегін сіңіріп алады және көміртек диоксидің су және басқа тіршілік өнімдерін оған бөліп шығарады. Ұлпа сұйықтық пен қан (оның плазмасы) аралығында зат алмасу процесі капиллярлардың қабырғалары арқылы диффузия жолмен өтіп жатады.
Лимфа
Лимфа – жартылай мөлдір сарғыш түсті сұйықтық, ол ұлпа сұйықтығынан бөліп шығарылады. Лимфа жасушааралық кеңістікте басталады да лимфа тамырлары бойынша ағады. Құрамына қарай лимфа қан плазмасына ұқсас болады, бірақ онда белоктар аз болады. Лимфа тамырлары бір-бірімен қосылып екі үлкен лимфа тармағын құрайды, олар үлкен венларға құйылады.
Қан
Қан – ашық қызыл түсті сұйықтық, ол тұйық тамырлар жүйесінде айналады және дәнекер ұлпасының бір түрі болады. Органихмде 5 л қан болады.
Қан құрамы
Қан плазмадан (55%) – жасуша аралық заттың сұйықтығы мен форменді элементтерден (45%) – эротроцит, лейкоцит және қан (тромбоцит) пластинкаларынан тұрады.
Қан плазмасы
Қан плазмасы – қанның сұйықтық бөлімі, белоктар коллоидты ертіндісі. Оның құрамына (90-92%) органикалық және анорганикалық заттар(8-10%) кіреді. Плазмадағы оганикалық заттардан ең көбі белоктар (орта есеппен 7-8%) – албуминдер, глобулиндер және фибриноген (фибриногені жоқ плазманы қанның

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Организмнің ішкі ортасы
Организм ішкі ортасы
Организмнің ішкі ортасына қан, лимфа және ұлпа сұйықтығы жатады.ішкі
ортанын салыстырмалы химиялық құрамы мен физика-химиялық тұрақтылық қасиеті
арқылы организмнің жасушалары салыстырмалы өзгермейтін жағдайларда тіршілік
етеді және сыртқы орта әсеріне көп ұшырамайды.
Ұлпа сұйықтығы
Ұлпа сұйықтығы түссі, мөлдір түсті, қанның сұйықтық бөлімінен –
плазмадан пайда болады, ол қан тамырлардың қабырғалары арқылы жасушааралық
кеңістікке өтеді және жасушаға түсетін зат алмасу өнімдерінен пайда болады.
Ұлпаның сұйықтығы организмдегі ұлпаларының барлық жасушаларын қоршап
тұрады, олар одан қоректі заттарды, оттегін сіңіріп алады және көміртек
диоксидің су және басқа тіршілік өнімдерін оған бөліп шығарады. Ұлпа
сұйықтық пен қан (оның плазмасы) аралығында зат алмасу процесі
капиллярлардың қабырғалары арқылы диффузия жолмен өтіп жатады.
Лимфа
Лимфа – жартылай мөлдір сарғыш түсті сұйықтық, ол ұлпа сұйықтығынан
бөліп шығарылады. Лимфа жасушааралық кеңістікте басталады да лимфа
тамырлары бойынша ағады. Құрамына қарай лимфа қан плазмасына ұқсас болады,
бірақ онда белоктар аз болады. Лимфа тамырлары бір-бірімен қосылып екі
үлкен лимфа тармағын құрайды, олар үлкен венларға құйылады.
Қан
Қан – ашық қызыл түсті сұйықтық, ол тұйық тамырлар жүйесінде айналады
және дәнекер ұлпасының бір түрі болады. Органихмде 5 л қан болады.
Қан құрамы
Қан плазмадан (55%) – жасуша аралық заттың сұйықтығы мен форменді
элементтерден (45%) – эротроцит, лейкоцит және қан (тромбоцит)
пластинкаларынан тұрады.
Қан плазмасы
Қан плазмасы – қанның сұйықтық бөлімі, белоктар коллоидты ертіндісі.
Оның құрамына (90-92%) органикалық және анорганикалық заттар(8-10%) кіреді.
Плазмадағы оганикалық заттардан ең көбі белоктар (орта есеппен 7-8%) –
албуминдер, глобулиндер және фибриноген (фибриногені жоқ плазманы қанның
сары суы деп атайды).Одан басқа, қан плазмасы құрамында глюкоза, май,
майтекті заттар, аминқышқылдар, мочевина, зәр және сүт қышқылы,
ферменттер,гормондар т.б. болады. Анорганикалық заттар қан плазманың 0,9-
1,0% бөлімін құрайды. Бұл негізінен натрий, калий, кальций, магний т.б
тұздары. Тұздардың сұйықтықтың құрамы физиологиялық сұйықтық деп атайды,
оның құрамы қан плазмасының тұздар құрамына сай келеді. Медицинада
физиологиялық сұйықтық организмге сұйықтық жеткізу үшін пайдланады.
Қан плазмасында ерітілген белоктар, минералды тұздар және басқа заттар
арнайы осмостық қысымын белгілейді, ол ұлпамен қан арасындағы судың
алмасуында үлкен рөль атқарады. Белоктар плазмаға тұтқырлық (вякость)
қасиетін береді де қан ұю процесінде де маңызды рөль атқарады.
Қанның форменді элементтері
Қанның қызыл түйіршіктері немесе эротроциттер – бұл ядросыз екі жақты
ойыс пішінде қан жасушалары, оның диаметрі 7,5 мкм.
Қанның 1 мм3 көлемінде 5 млн эротроцит болады. Бір адамның
эротроциттер мөлшері 3800 м2. Олардың негізгі қызметі - өкпеден ұлпаға
оттегін өткізу болып табылады. Эротроциттер қызыл сүйек майында пайда
болады. Олар 3-4 ай бойы тіршілік етеді. Көне эротроциттер көк бауырда
ыдырайды. а) сау адамның эритроциттері; ә) ауру адамның гемоглобинінің
эритроциттері. Америкалық ғалым Л.Полинг 1951 жылы үлкен жаңалық ашты.
Медицинада “орақ пішінді клеткалық анемия” дейтін ауру белгілі. Бұл аурумен
ауырған адамдардың қанындағы эритроциттер “орақ” пішінді болады. Аурудың
аты осыған байланысты аталған. Орақ пішінді эритроциттер оттекті тасымалдау
қасиетінен айырылады немесе өте нашар тасиды. Л.Полинг осы аурумен ауыратын
адамның клеткасы мен дені сау адамның клеткасының гемоглобиндерінің бірінші
деңгейіндегі молекулалық құрылымын зерттеген. Ауру адамның гемоглобинінің
құрамындағы аминқышқылдарының тізбегіндегі алтыншы орында тұрған “глутамин
қышқылының” орнын “валин” басатынын анықтаған.
а) сау адамның гемоглобинінің тізбегі; ә) ауру адамның гемоглобинінің
тізбегі.

Міне, бұл аурудың себебі гемоглобин құрамындағы бір ғана аминқышқылының
орын ауыстыруына байланысты екендігі осы тізбектен көрініп тұр. Сонымен
қатар, Л.Полинг пептид молекуласының беріктігі оның құрамындағы оттек пен
азот атомдарының сутектік байланыспен байланысуына негізделген деген
қорытынды жасады. Бұл еңбектері үшін Л.Полинг 1954 жылы Нобель сыйлығына ие
болды.

Карл Лайнус Полинг
(1901 ж.т.)
Америкалық биофизик және биохимик. Белоктың екінші реттік құрылымының
теориясын тұжырымдады. Нобель сыйлығының лауреаты.

 Қанның ақ түйіршіктері немесе лейкоциттер – ядросы бар және белменді
амеба тәрізді қозғалатын түссіз қан жасушалар. Қанның 1 мм3 көлемінде 6-8
мың лейкоциттердің алуан түрлі (лимфоциттер, моноциттер, базофилдер,
эозикофилдер және нейтрофилдер) болады. Олар қызыл сүйек майында, лимфа
түйіндерінде және көк бауырда пайда болады.
Олардың тіршілік ету мерзімі – бірнеше күн. Лейкоциттердің қорғаныш
және қалпына келтіру қызметі олардың қанда антиденелерді құрып,
бактериялардың өзіне сіңіріп, жою қабілетіне байланысты. Қан тамырладың
қабырғалары арқылы өтіп лейкоциттер қан ағымы арқылы организмнің ұлпа,
жасушалар аралығына өте алады да дененің зақымданған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Организмдердің орта жағдайларындағы морфологиялық – экологиялық адаптациялары
Организмнің сұйықтық орталары
Қан организімінің ішкі ортасы
Дененің ішкі ортасы туралы түсінік
Зат алмасудың типтік бұзылуының патологиясы жайлы мәлімет
Қоршаған ортаның экологиялқ факторлары және тіршілік ортасы
Биологиялық ырғақтылық және денсаулық
Анатомияны тірі адамда оқу әдістері
Негізгі тіршілік орталары және оларға сипаттама
Экологиялық фактордың организмге әсері
Пәндер