Тамақтану тәртібі


Мазмұны
Кіріспе
Тамақтану тәртібі
Тамақтанудың негізгі ережелері
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Балалар мен жасөспірімді дұрыс тамақтандыру олардың денсаулығын нығайтып, дене және ой қабілетінің дамуына мүмкіндік береді, еңбек ету мен сабақ үлгеру қабілетін артырады. Егер тамақтану дұрыс ұйымдастырылмаса, тиімсіз, яғни жеткіліксіз болса, организмде метаболизм, зат алмасу бұзылып, оның айналадағы ортаның зиянды әсеріне және әртүрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұрарлық қабілеті төмендейді.
Балалардың тамақтануының үлкендерге қарағанда, едәуір айырмасы болады. Үлкендерге тамақ организмдегі тіршілік процестерін қолдану үшін, әртүрлі жұмыстарға жұмсалған күш қуатты қалпына келтіру үшін қажет болса, өсіп келе жатқан жас организмге тек өмірлік процестерді ғана қолдану үшін емес, сонымен бірге бүкіл организмнің өсу, даму, қалыптасу процесіне қажет.
Тамақтану сауаттылығының бес негізі бар:
1) Тамақ құрамында негізгі оректік заттардың болуы (нәруыз, май, көмірсу) ;
2) Тамақ рационында қосымша заттардың болуы (витаминдер, микроэлемент) ;
3) Тамақ нәрлігі адам жасына, денсаулық күйіне, табиғат климатына байланысты;
4) Тәулік бойынша тамақтану тәртібінің мөлшерін сақтау;
5) Тамақтанудың санитарлық - гигиеналық нормаға сай болуы.
Тамақтану тәртібі
Тамақтану тәртібі дегеніміз - ас қабылдауда белгілі бір уақытқа бағыну, сондай - ақ тамақтану кезінде астың мөлшерін және мәзірін сақтау деген ұғымды білдіреді. Тамақтану режиміне мына төиендегі принциптер енеді.
Бірінші, тамақтану барысында тәуліктік кесте белгілеу.
Екінші, тәулігіне бір - екі рет қана тамақтану дұрыс емес, белгілі мөлшерде үш - немесе төрт рет тамақтану керек.
Үшінші, тамақ құнарлы болғаны жөн. Себебі, адам ағзасы дұрыс қабылдайтын, оны асқазан еш қиындықсыз қорытатын тағам түрлері, яғни белок, майлар, витаминдер, минералды заттарға бай болғанын адам өзі таңдай алуы шарт. Бұл ретте дәрігер - диоьологтың да кеңесі артық болмайды.
Тәуліктік ас мәзірі әртүрлі болуы керек. Тамақтану кезінде адам өзінің ас қабылдау қабілеті, көңіл - күйіне баса назар аударғаны жөн. Кей ретте тамақ жеңіл жүрсе, кей ретте ол керісінше бұл процесті бәсеңдетеді. Мұны мамандар физиологиялық процесс деп те атайды.
Тәбет дегеніміз - аштыққа қарсы тұратын құбылыс. Ол мына бір принциптермен дәлелденеді. Атап айтқанда, тамақ қабылдау мезгіліне, тағамның түрі, дәмі немесе иісі, түрлі қоспалар, тіпті бұл ретте адам ойы да өзіндік рөл атқарады. Адамның тәбеті шылымға, кофеге, шайға, апиын, ішімдік, тағы басқаларына ашылатын көрінеді. Бірақ, мұндай физиологиялық қажеттіліктен аулақ болған дұрыс.
Тәбет кей ретте асқазанның шұрылдап, маза бермеуі, бос, еш жұмыссыз тұрғандығымен қиналады. Бұл симптом мешкейлерге тән. Бұл орайда халықтық медицина ондай адамдарға бірнеше күн өзіне аштық жариялағанды ұсынады.
Тамаққа деген тәбет сыр білдірмей де келеді. Ол сыртқы фактролардан делдал іздемейді. Адам белгілі тамақты құмартқанда, тәбеті өздігінен пайда болады. Міне, осы кезде адам асханада өзі қалаған ас әзірлеп, дастархан басына жайғасып, тамақтанғанға не жетсін дейді. Және солай да жасайды. Бұл адамның организмі шын мәнінде ас қабылдауға дайын екендігінен жақсы хабар бергендігі.
Тамақтану - ағзаның қуат шығынының орнын толтыруға, тіндерқұрылуына және жаңартылуына және қызмттерін реттеп отыруға кажетті, ағзаға түсетін заттардың қорытылу, сіңу және сіңірілу үрдістері. [1] организмнің өмір сүруге, денсаулықты және жұмысқа қабілеттілікті сақтауға қажет нәрлі заттарды (белок, май, углевод, витаминдер, минералды тұздар) бойға сіңіру процесі.
Дұрыс, тиімді тамақтанған адам біраз ауру-сырқауға ұшырамай, оларды оңай жеңіп отыратын болады. Тиімді тамақтанудың мезгілсіз, ерте қартаюдан алдын-ала сақтан-дырудағы маңызы зор. Асқазаны, жүрек-қан тамыры т. б. сырқатқа ұшырағанда тамақтанудың арнайы ойластырылып жасалған рационы мен режимі емнің бір түрі болып табылады. (Емдік тағамдар мақаласын қараңыз) .
Тамақтану бүкіл организмнің бір қалыпты дамуы мен үйлесімді қызметін қамтамасыз ететіндей болып ұйымдастырылуы тиіс. Ол үшін адамның кәсібіңе, жасына, жынысына сәйкес, тіршілік әрекетіне қарай қажет тамақтық рационы оның құрамындағы белок, май, углевод т. б. заттардың сапасы мен мөлшері жағынан реттелу керек. Организмнің физиологиялық қажеті көптеген жағдайға байланысты, олар ұдайы өзгеріп отырады. Организмнің тамақтан жұғымды заттарды дәл осы сәтте қажетті мөлшерде бойына сіңіріп зат алмасу процесінде бір затты екінші түрге айналдыратын, керекті кезінде пайдалануға болатындай қор жасайтын, реттеуші механизмі болады. Бірақ организмнің реттеу мүмкіндігінің белгілі шегі бар; ол мүмкіндік бала кезде және егде тартқан шақта көбірек шектеледі. Сонымен бірге, бірқатар заттарды, мысалы, кейбір витаминдер (Витаминдер мақаласын қараңыз), алмастырылмайтын амино қышқылын (осы мақаланың Белок бөлімін қараңыз) адам организмі зат алмасу процесінде жинақтай алмайды, ол дайын күйінде тамақпен бірге берілуі тиіс, өйтпеген күнде кісі тамақ жұқпайтын ауруға ұшырайды .
Тамақтық жұғымдылығы оның құрамындағы белок, май, углеводтардың саны мен сапасына байланысты. Дені сау адамның тамақтану рационында белок, май және углеводтардың ара қатынасы 1:1:4-ке жуық болуы керек. 1 грамм белоктың, майдың және углеводтың қуаттылық құндылығы олардың сіңімділігін ескергенде тиісінше 4, 9 және 4 ккал болады. Тамақтық бойра сіңетін құнары организмнің өмірлік маңызы бар функцияларын, оның ішінде зат алмасу мен депо қызметін дұрыс атқаруына жұмсалады. Тамақты сіңіру кезінде организмнің бөлген қуатының мөлшерін тағамның калориясы деп атайды. Тамақтану рационын жасағанда адамның жынысын, жасын кәсібін ескеру қажет; ауыр дене жұмысын істейтін адамдар, мысалы, болат қорытушылар, ағаш кесушілер, ауыл шаруашылығының механизаторлары жеңіл дене еңбегімен немесе ой еңбегімен шұғылданатын адамдарға қарағанда белок, май, углеводтары көп тамақтарды қажет етеді. [2]
Тамақтанудың негізгі ережелері
Қышқылдататын, сілтілететін және қышқыл азық-түліктерді дұрыс ара қатынаста қолдануға жағдай жасайтын ас мәзірін құрудың негізгі төрт ережесі бар. Ал зат айналымы бұзылған адамдар үшін бұған тағы төртеуін қосуға болады.
1 ереже
Ас ешқашан да тек қышқылдататын тағамдардан құрылмауы тиіс, онда міндетті түрде сілтілететін құрам бөлшектер болғаны абзал. Түскі ас мәзіріне тек ет пен макарон немесе балық пен күрішті қосып, артынан торт пен кофе тұтынуға кеңес берілмейді, өйткені бұл - қышқылдататын тағамдар. Міндетті түрде көкөністерді қосу керек (салат, шикі және пісірілген көкөністер) . Әрине, көкөністер тағамда кездеседі, бірақ олардың мөлшері тым аз болғандықтан жағымды әсері байқалмайды.
2 ереже
Ас қабылдағанда сілтіленетін азық-түліктер қышқылдататындарға қарағанда көбірек болуы тиіс. Негіздемелерден тұратын азықтар мен қышқылдататын тағамдардың арасындағы қатынас мөлшері сілтіленетін астың пайдасына қарай жасалуы керек. Сонда қышқыл ішек пен тіндерде зарарсызданады да, ағза өзінің ішкі қорларына жүгінбейді.
3 ереже
Ағза неғұрлым қышқыл болып, зат алмасу процесі бұзылса, сілтіленетін азықтардың саны соғұрлым көп болу керек.
4 ереже
Тек сілтіленетін көкөністерден құрылған диетаға отыруға болады, бірақ көп уақытқа емес (1-2 апта) .
Тек сілтіленетін астан (көкөністер, картошка, банан, шикі бадам және т. б. ) құрылған диетаны үнемі сақтауға болмайды, бұл жағдайда ағзаға ақуыз жетіспейтін болады. Мұндай тамақтану тәртібіне ағзада қышқылдану процесі күрделі болған кезекте және одан туындаған аурулар ушыққан жағдайда болса ғана ұстанған пайдалы.
5 ереже
Тек жемістерді жеу мен йогурттарды ішу - қажетсіз шара, өйткені ағзаға келіп түскен қышқылдардың көп бөлігі сілтілік өнімдермен бейтараптандырылмайды. Сонда ағза негіздемелерді тіндерден алады. Бұл жағдайда адам өзінде ауырсынуды сезінеді: кенеттен жігері кемиді, шаршау, қалтырау, қышыну, буындардағы ауырсыну сияқты белгілер пайда болады. Келесі азық-түліктерде жаңа піскен жемістермен бірге қолдануға мүмкіндік беретін негіздемелер бар: майсыз ірімшік, кілегей, бадам (шикі), банан, салат жапырағы, шикі және піскен көкөністер қоспасы.
6 ереже
Қышқылдататын және қышқыл өнімдерді қолдану ағзаның зат алмасу даралығына негізделеді. Қышқылдарға тым сезгіш келетін адамдар голден алмасының жартысы оларға жеткілікті, ал антоновка алмасының ширегі тым көп екендігін жақсы біледі.
7 ереже
Өте қышқыл тағамдарды жиі жеуге болмайды. Оларды белгілі бір мөлшерде әрі белгіленген уақыт аралығында тұтыну керек.
Уақытынан бұрын желінген жеміс өзімен бірге қосымша қышқылды әкеледі, сондықтан ағза өзінің жұмсалған негіздік қорларына күш сала бастайды. Егер олар жетіспейтін болса, қышқылды-сілтілік теңгерім бұзылады.
8 ереже
Қышқыл өнімдерді ағза оларды тұтынуға дайын болған кезде жеген абзал. Араб мақалы былай дейді: апельсиндер таңертең алтыннан, түсте күмістен, ал кешке қорғасыннан тұрады. Ал зат айналымы бұзылған адамдарға бұл мақалды керісінше оқуға болады: апельсин мен жемістер таңертең олар үшін қажетсіз, ал кешке қарай пайдалы болып табылады.
Көптеген адамдарға таңертең төсектен тұру оңай емес, қан қысымы төмен болады, жасушалық деңгейдегі айналым процесстері баяу жүреді, сәйкесінше қышқылдану процесі де бәсең болады. Бірнеше сағаттық белсенді жұмыстан кейін ғана және бір реттік немесе қосымша ас қабылдағаннан соң ғана ағза қалыпты жұмыс істей бастайды.
Сондықтан ағзаға қосымша негіздемелер қажет. Оларды тағам қоспаларынан алуға болады. Бұл ретте ағзада оңай қорытылатын әрі негізгі минералдық заттектерден тұратын препараттар туралы сөз болмақ. Олар: кальций, калий, магний және т. б.
Осы сегіз ережені қолдана отырып, денсаулық жағдайын жақсартуды әрі қышқылды-сілтілік теңгерімді сақтау мақсатында бұдан былай да дұрыс тамақтану арқылы салауатты өмір салтын сақтап қалуға әбден болады.
Аштық - «табиғаттың дауысы», немесе, асқазан тамақ қажет етеді деген ұғымі. Бұл қағида тамақ ішетін уақыттың келгендігін білдіреді. Ертеректе тамақ ішетін кесікті бір кесте, уақыт жоқ - тын. Адамда тамаққа деген тәбет пайда болғанда ол өзінде ауыз бен өңешінің барын сезінеді. Ал, асқазандағы бұлшық еттердің жұмылуы аштық пен тәбеттің ашылғанынан хабар береді.
Аш адам бір жапырақ нан мен суды да қанағат тұтады. Бұл орайда оның тәбеті жоғары болады. Ал, ашқарақ адамға келсек, ол алдына келгеннің бәрін опыруға дайын. Мұндайда халықтық медицина ондай адамдарға белгілі рацион, кесікті кесте, тамақты қанағатықпен тұтыну керектігін ұсынады.
Асқазан өз қажетін алды делік. Бірақ, тәбет басылмай тұр. Бұл тағамның дәмді әзірленгендінен де болады. «Өзі тойғанмен, көзі тоймай тұрғанын қараша» деген қызғаныш осыны білдірсе керек. Көптеген әдебиеттерде асқазан жартылай бос болуы керек деп жазылады. Бұл ас қорыту процесін жеңілдетеді. Екіншіден, тақыл - тақыл тағам қабылдауға мүмкіндік береді. Адамның тәбеті мен оның асқа деген құмартулығын артырады дейді.
Тойып тамақ ішуге болмайды. Тағамның мөлшері, оның сапасы, қабылдау кестесі, гигиена ережесі және қолайлылық этикасымен реттелуі керек. Тамаққа деген тәбетіңіз болмай тұрып, ас қабылдамаңыз. Тамақтану тәртібі дегеніміз - ас қабылдауда белгілі бір уақытқа бағыну, сондай - ақ тамақтану кезінде астың мөлшерін және мәзірін сақтау деген ұғымды білдіреді.
Асқазан ішілген тамақтан шамамен 4 сағат шамасында босайды, сол себепті тамақ ішудің арасы 3-3, 5 сағаттан кем және 4-4, 5 сағаттан аспасын. Тамақты жиірек ішкен сайын асқазан -ішек жолдары жұмысының ырғағы бұзылады. Егер тамақ ішу аралығында үзіліс өте үзаққа созылып кетсе, онда күшті ашығу сезімі туындайды және оны қанағаттандыру үшін көп тамақ ішу қажет болады, бұл да асқазанның қорытуын киындатады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz