Экология және табиғатты тиімді пайдалану жолдары


ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ

Табиғат қорғаудың экологиялық негіздері

Табиғат - адам баласының тіршілік тынысы әрі таусылмас қазынасы Адам табиғаттың туындысы ретінде біте қайнасып, өмірше қажетті азық қорын осыдан алады Биологиялық түр ретінде алғашқы адамдар табиғат ресурстарын тұрпайы күйінде пайдаланып келді Бертін келе, саналы түрде үй шаруашылығымен айналысып, өсімдіктерді баптап өсіріп, жануарлардың кейбір түрлерін қолға үйретті.

Адам баласының саны артқан сайын табиғат байлықтарын пайдалану еселеп өсті. Енді бос жатқан жердің, судың иесі табылып одан әрі жер мен оның байлығы үшін талас - тартыс әрбіді. Осының бәрі табиғатқа бұрын соңды болмаған шығын әкелді. Алғашында табиғат қорлары сарқылмайтын сияқтты кершгенімен, бірте-бірте оның қоры таусыла бастағанын адам баласы сезінді. Мысалы, дүние жүзіндегі орман қоры 40 млн км 2 деп есептесек, оның соңғы 150 жыл ішінде 35 %-ы кесілген екен. Соңғы ғасырда өмір сүрген адамзат қауымдастығы табиғатты қорғау қажет екенін түсіне бастады. Ол үшін табиғат қорларын есепке алып, оны тиімді пайдалану керектігін үғынды.

Табиғат қорғау дегенініз табиғат ресурстарын пайдалану барысында оның тиімді жолдарын іздеу, қайта түлету, сол сияқты бүліну, ластану жолдарына қарсы бағытталған халықаралық, мемлекеттік және қоғамдық ауқымдағы іс-шаралар жатады.

Табиғат қорғаудағы негізгі мақсат - оның байлығын тиімді пайдалана отырып, болшақ ұрпаққа қазқалпында жеткізу. Ол үшін біз табиғат қорларын жете білуіміз қажет.

Табиғат қорлары сарқылмайтын және сарқылатын болып екіге бөлінеді. Сарқылмайтын қорлар адам баласына тәуслсіз болып келеді. Соның бірі - су. Жер шарындағы судың үлесі барлық жердің 2/3 алып жатыр. Сондықтан оның қоры үздіксіз айналымға түсіп, қалпына келіп отырады. Ал экожүйелердің таралуы уақып пен кеңістікке қатысты салыстырмалы түрдегі айлағаны объектілер.

Қалпына келетін қорлар да адамның ақыл-ойына тәуелді болады. Олар - топырақ, өсімдік пен жануарлар әлемі. Аталған қорларды барынша пайдалану, бір жола жойып жіберуге апарады. Мысалы, адам баласының теріс іс-әрекеттінен жер бетіндегі аңдардың 106, қүстардың 139 түрі біржола қүрып кеткен. Тіптен, қазақ даласында тіршілік еткен жабайы түйе, қүлан, жабайы жылқы, жолбарыстар бүгінде жоқ. Ал өсімдіктер мен жануарларды, топырақты ұзақ уақыт сақтап қалуға мүмкіндік бар. Ол үшін табиғат қорларын қорғаудың барлық шараларын колдану керек. Топырақ қарашіріндісінің түзілуі өте ұзақ -мыңдаған жылдарға созылады, ал оның бүлінуі әп-сәтте. Осыған орай адам баласы топырақтың құнарлығын сақтау үшін агротехникалық шараларды дүрыс қолданып, косымша органикалық минералды тыңайтқыштар беріп отырады. Топырақтың тозуы көптеген антропогендік факторларға байланысты. Соның негізгілері - топырақ эрозиясы, тозуы, шөлге айналу және ластану. Осының бәріне де адамның іс-әрекеті себепші.

1-сызбанұсқа

Табиғат қорларының жіктелуі

Табиғат қорғаудың бірінші ұстанымы. Табиғат байлықтарын пайдалануды тұтынушылардың мақсатын ескере отырып жүзеге асыру. Мысалы, орман тек құрылыс материалы емес, ол ауа райын реттеуші, ылғал көзі, дәрідәрмек, аң мен құстың мекені, топырақты қорғаушы және адам үшін денсаулық кепілі екенін ескеру қажет.

Табиғат қорғаудың екінші ұстанымы. Табиғат байлықтарын пайдалану барысында оның жергілікті жер үшін маңызы мен корын қатаң есепке алу. Бұл әсіресе орман, су қоры үшін қажет. Мысалы, Әмудария мен Сырдария өзендерін ауыл шаруашылығына барынша пайдаланып, оның Арал теңізі үшін маңызы ескерілмеді. Нәтижесінде Арал теңізінің біржола құрып кету қаупі төніп түр.

Табиғат қорғаудың үшінші ұстанымы. Табиғат қорларын пайдаланғанда олардың бір-бірімен байланысты екендігін есте сақтау керек. Яғни, табиғаттың тарихи-табиғи байланысын, тепе-теңдік процесін бұзбау деген сөз. Мысалы, Семей оңіріндегі Шыңғыстау ормандарының құрылыс үшін кесілуі - осы өңірді аң-құсы мен шұрайлы жайылымынан айырды.

Экология мен табиғат корғау ғылымдары бірін-бірі толықтырып Отырады. Экология ғылымы табиғатты тиімді пайдалану мен қорғаудың ғылыми-теориялық негізін жасайды. Сонымен бірге табиғат ресурстары мен оның құраушыларында экологиялық факторларды қоршаған ортамен және адамның іс-әрекетімен байланыстыра отырып зерттеп, оны жүзеге асырудың негізгі тұжырымдары бекітіледі. Ал табиғат қорғау гылымы - экология ғылымының негізгі тұжырымдарын жүзеге асыратын мемлекеттік немесе қоғамдық игі істер жиынтығы. Экология мен табиғат қорғау ғылымдары бір-бірімен үйлесімді әрекет еткенде ғана табиғат апаттарына жол бермейді. Нәтижесінде табиғат ресурстарын тиімді пайдалану мен оны қорғаудың жоспары жүзеге асады. Сондықтан "табиғат қорғау" ұғымының мәні зор. "Табиғат қорғау" үғымына жақын "қоршаған ортаны қорғау" ұғымы да жиі қолданылады. Ол адам баласының қоршаған табиғи ортасы әлеуметтік-экономикалық түрғыда корғаудың жиынтығы. Адам баласы табиғат қорғауды жүзеге асыру үшін табиғатты тиімді пайдалану жүйесі бойынша жұмыстар атқарады. Ал табиғатты тиімді пайдалану - табиғат ресурстарын пайдалану мен оны қайта түлетудің ең ұтымды әрі адамға пайдалы технологиясы.

Адам баласы табиғатты қорғау үшін оның заңдылықтары мен негізгі ұстанымдарын білуге міндетті:

1. Биосфера иіегінде барлық тірі организмдер бір-бірімен байланысты және қарым-қатынас жағдайында ғана тіршілік етуге бейімделген. Бұл байланыстардың біреуінің бұзылуы табиғаттағы тепе-теңдікке өзгерістер әкелуі мүмкін. Сондықтан адам баласы әр-бір табиғат құраушыларының орта мен табиғи экожүйедегі рөлін білуі тиіс.

2. Табиғатта ешбір зат жоғалып кетпейді. Егер адам баласы жаңа бір затты дүниеге әкелсе оны жоюдың да жолын ойлауы керек. Ол зат табиғи айяалымға түсуі тиіс. Мысалы, адам полиэтиленді ойлап тапты. Полиэтилен табиғатта айналымға түспейді. Себебі, оны ыдырататын редуцент (бактерия) жоқ. Осыдая барып жер бетінде коқсықтар көбеюде.

3. Заттардағы барлық өзгерістер энергия жұмсаумен жүзеге асады Яғни, энергияының сақталу заңы бойынша жұмыс істейді. Сол үшін адам баласы табиғатты пайдаланған кезде оны өндіру мен қайы түлетуді үйлестіре отырып адам мен табиғаттың қауіпсіздікті сақтауы керек

4. Табиғаттаты экожүиелер мен ондағы қарым-қатынастар ұзақ жылғы тұрақты даму эволюциясының жемісі Сондықтан адам баласы оны бұзбауы керек Ал бұзған жағдайда қайтымсыз экологиялық анаттарға алыл келуі мүмкін. Осыған орай, табиғат корғау ғылымы алдында бірнеше маңызды міндеттер тұр.

а) өндірісті, өнеркәсіпті және агрокешендерді игеру кезінде табиғатқа түсетін салмақ ең аз мөлшерде болуы керек,

ә) өндіріс пен өнеркәсіп салаларын ұйымдастыру кезінде адам баласы мен табиғат арасында экологиялық қауіпсіздік сақталуы тиіс.

б) табиғат, ресурстарын игеру кезінде оның қоршаған ортаға паидалы әсеріне көңіл бөлінуі керек,

в) табиғат ресурстарын сол қалпында сақтау үшін қорықтар, қорыққорлар, ұлттық саябақтар мен басқа да ерекше қорғалатын объектілерді көбейту қажет.

г) қоршаған орта мен адам баласының денсаулығын сақтау үшін экологиялық қауіпсіздік шаралары қадағаланып отырады.

Табиғат міндеттері мен ұстанымдарын жүзеге асыру алдын aла ескерту және нақты шешім қабылдау арқылы анықталады.

Алдын ала ескерту шаралары белгілі бір аймақтағы табиғат обьектілерін анықтап, оны корғау мен қалпына келтіруді жоспарлап отырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоршаған ортаны ластанудар қорғау жолдары
Экология ғылымының қоғамдағы ролі
Қазақстанның физикалық география курсында экологиялық білім мен тәрбие беру
Экологиялық білім беру сатысы
Экология есептерін компьютерлік модельдеу
Химия курсын дәстүрлі оқыту технологиясы
Үздіксіз экологиялық білім беру және оның сапалығы
Экология сабағында жергілікті материалдарды пайдаланудың әдістемелік жүйесі
Экологиялық білімін қалыптастыру және тәрбие беру теориялық негізі
Қоршаған ортамен таныстыруда мектепалды даярлық топ балаларына экологиялық тәрбие беру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz