Саяси сана туралы


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Саяси сана

Саяси сана - өмірдегі саяси қатынастарды бейнелейтін, оларды түсініп-сезінетін, адамдардың бұл саладағы іс-әрекеттеріне бағыт-бағдар беретін әлеуметтік сезімдер, түсініктер, көзқарастар жиынтығы. Яғни, адамдардың саяси өмірді түсініп, сезінуі. Оған ең алдымен қоғамдағы саяси идеяларды, көзқарастарды, мақсат-мүдделерді ұғынуы, саяси билікке қатынасуы жатады. Олар адамның іс-әрекетіне, әр түрлі жағдайда өзін-өзі ұстауына тікелей әсер етеді.

Саяси мінез-құлық саясаттанудың пәндік мазмұнын құрайды.
Саяси сана мәдениетінің тағы бір маңызды элементі - саяси тіл. Жалпы тілдің қолданысында да мәдениет болатындығы белгілі. Тіл мәдениетіне тікелей қатысты бұл күндері жиі айтыла басталған мәселе - сөздерді орнымен жұмсамау, мән-мағынасына жете үңілмеу, мақал-мәтел, фразеологизмді өзгертіп қолдану сияқты сәтсіздіктер. Тағы бір мәселе, шаршы топ алдында ауызша сөйлеу жайы. Бұл күндері теледидар мен радиодан немесе жиын-жиналыс мінбелерінде, қысқасы, шаршы топ алдында ойымызды еркін, жатық, әсерлі етіп айтып беру дағдымыз мәз емес. Көбіміз топ алдында мүдірмей, жинақы түрде әсем сөйлей алмаймыз. Енді-енді жандана бастаған бұл істе тілге деген жауапкершілік пен ықылас болса, орысша сөйлеп келген адам қазақша да сөйлеп, тыңдаушысын сүйсіндірер еді.

Саяси сана деңгейлері

Саяси сана деңгейлері - қарапайым саяси сана және теориялық саяси сана, саяси психология және саяси идеология деген деңгейлерден тұрады. Қарапайым саяси сана қалыптасып жүйеге түспеген, күнделікті саяси өмірден туған әдет-ғүрып, дағды, дәстүрлі нанымдар, тағы сол сияқтылардың жиынтығы. Ол күн сайынғы саяси өмір тәжірибесін байқап, пайымдаудан пайда болады. Саясаттың тереңіне бойламай, себеп-салдарын сараламай, көбіне сыртқы белгілеріне байланысты қорытынды жасайды. Сондықтан ол саяси сананың төменгі сатысына жатады. Теориялық саяси сана жағдайлардың мән-мағынасын анықтап, оларды айтарлықтай жоғары дәрежеде теориялық түрғыдан жинақтап бейнелейді. Сондықтан ол тұжырымдамалар мен көзқарастардың жүйесі болып келеді. Теориялық саяси сана қарапайым саяси сананың негізінде пайда болады және олар бір-біріне ықпал етеді. Теориялық саяси сана стихиялық түрде туындамайды, оны арнайы дайындығы жоғары саяси сауаты бар теоретик адамдар қалыптастырады.

Саяси сананың функциялары

Саяси сананың функциялары - саясаттың институтционалдық емес элементі ретінде келесі функцияларды орындайды: когнитивті, яғни, саяси субъектілер функцияларын орындау мен модификациялау үшін қоғамның әрдайым білімді жетілдіру мұқтаждықтарын көрсету; коммуникативтік, яғни, субъектілердің өзара және билік институттарымен саналы өзара қарым-қатынасын қамтамасыз ету; идеялық, яғни, саяси әлемді өзінше түсінуге субъектілердің қызығушылық танытуын түсіндіруі.

Саяси сана және саяси мәдениет

Саяси сананың мәні. Саяси сана қалыптасытрудың жолдары. Саяси сананың формасының қалыптасуы: саяси теория, мемлекеттік- паритиялық және бұқаралық саяси сана. Саяси сананың құрылымы. Қоғамдық пікір.

Саясат және мәдениет. Саяси мәдениет ұғымы. Саяси мәдениет тұжырымдамасы. Саяси мәдениетті қалыптастырудың құрылымдық элементтері: саяси сана, саяси жүріс-тұрыс, саяси тәжірибе. Саяси субмәдениеттер: аймақтық, социоэкономикалық, этнолингвистикалық, діни, жас шамасы.

Саяси мәдениет функциялары: реттеушілік, ықпалдастық, танымдық, коммуникативтік, тәрбиелік және т. б.

Саяси мәдениеттің типологиясы. Саяси мәдениеттің үш типі: патриархалды, азаматтық, белсенділік. Саяси мәдениеттің авторитарлық және демократиялық типтері.

Саяси әлеуметтену ұғымы. Демократиялық саяси мәдениетті қалыптасытру. Қазіргі Қазақстан саяси мәдениетінің ерекшеліктері және Қазақстан Республикасындағы әлеуметтену проблемалары.

Саяси элита ұғымы. Элитаның классикалық теориялары. Саяси элиталар өмір сүруінің факторлары. Саяси элиталардың функциялары: стратегиялық, ұйымдық, интегративтік және т. б. Саяси элитаның жіктелуі. Қазіргі элита теориялары. Бюрократизм саяси феномен ретінде.

Элиталар мен көшбасшылар саясат субъектілері ретінде. Саяси элитаны қалыптастыру тәсілдері. Саяси көшбасшылықтың теориялары: белгі теориясы, жағдайлық тұжырымдама, психолгиялық тұжырымдамалар, интегративтік амал.

Саяси көшбасшылықтың типологиясы. Саяси көшбасшылықтың түрлері.

Саяси технологиялар ұғымы. Саяси технологиялар саясаттанудың ажырамас бөлімі ретінде. Саяси процестегі технологияны анықтаудағы амалдардың дамуы. Саяси технологиялардың мәні, ерекшелікті белгілері.

Саяси технологиялардың құрылымы.

Саяси технологиялардың қоғамдық- саяси өмірді танып білудегі маңызы. Саяси технологиялардың типтері.

Саяси технологияларды қалыптастыру және олардыі қазіргі дүние жүзінде рөлінің артуы.

Саяси талдаудың мәні және ерекшеліктері. Саяси талдау процесі және оның негізгі кезеңдері. Саяси талдаудың әдістері. Саяси ақылдасу. Ақылдасудың сатылары және тәсілдері. Саяси шешімдерді қабылдау. Мемлекеттік саясатты қалыптастыру технологиялары. Дағдарыстық технологиялар. Саяси жанжалдарды реттеудің технологиялары. Ақпаратты технологияларды қалыптастырудың факторлары. Шешім жасау мен қабылдауды ақпараттық технологиялары. Ақпаратты рыноктағы технологияның ерекшеліктері. Ақпаратты рыноктағы мемлекеттің стратегиялық тәртібі.

Үгіт- насихат типті ақпараттық технологиялар. Паблик технологиялар (PR) .

Ақпараттық саяси рыноктағы компьютерлік технологиялар. Интернет мазмұны және технологиялары.

Сайлау жүйесі. Пропорционалды сайлау жүйесі. Мажоритарлық сайлау жүйесі. Аралас сайлау жүйесі, сайлау науқаның ақпараттық талдаумен қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасы сайлау жүйесінің типін анықтау проблемасы. Сайлау науқанының стратегисы. Сайлау науқанының тактикасы.

Саясаттану ілімінде бұл тақырыптың маңызы зор. Ол нақтылы саяси жүйенің сипатын, қазіргі саяси тәртіптің мәнін, қоғамдық топтардың саяси санасы мен іс- әрекеттерінің ерекшеліктерін, саяси процестердің даму жолын және бағытын түсінуге жол береді.

Саяси мәдениет дегеніміз, қоғамдағы саяси идеялардың, принциптердің, құндылықтардың, саяси дәстүрдің жиынтығы. Ол қоғамдағы кез келген саяси іс-әрекетті бағыттап, бақылай алады. Саяси мәдениеттің бірнеше элементтері бар. Олар:

Саяси стереотип (қағида) - саяси билік, саясат туралы қарапайым, эмоционалды сезімге негізделген білімсіз түсінік.

Саяси сана - саналы және санасыз, рационалды және иррационалды, нормативті және эмперикалық сезімдер мен түсініктердің жиынтығы.

Саяси менталитет - ірі әлеуметтік топтардың әлеуметтік- психологиялық сапалы тұрақты жағдайы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси сана жайлы
Саяси сананың мәні, құрылымы мен ерекшеліктері
Саяси мәдениеттің қазіргі қоғамдағы орны
Философиядағы сана мәселесі
Құқықтық сана түсінігі
Құқықтық сананың түсінігі
Құқықтық сана және құқықтық мәдениет туралы ақпарат
Саяси сана және саяси мәдениет
Халықтық құқықтық сана
Құқықтық сана және құқықтық мәдениет. Құқықтық мәдениет - әлеуметтік құбылыс
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz