Оқушылардың танымдық белсенділігі ұғымының теориялық негізі және мәні


Оқушылардың танымдық белсенділігі ұғымының теориялық негізі және мәні.
Білім беру және оқыту теориясының әдіснамалық негізі- таным теориясы, оқушы тұлғасын жан - жақты және үйлесімді қалыптастыру туралы ілім болып табылады. Бұл теория білім беру және оқытуды арнайы ұйымдастырылатын іс -әрекет ретінде қарастырады. Білім беру және оқыту теориясының оқушыларды оқыту мәселесіндегі талаптарының бірі - танымдық белсенділік пен саналылық.
Бұл талаптың орындалуы оқушылардың оқу материалын түсінуге, өткенді жаңамен байланыстыруға, негізгісі мен қосымшасын анықтауға, алған білімдерін тәжірибеде пайдалануға, өз пікірлерінде оларға сүйенуге ұмтылысынан көрінеді. Білімді саналы меңгеру өз бетімен жаңа білім алуға мүмкіндік беретін ақыл - ой еңбегінің өзіндік тәсілдерін игермейінше іске аспайды. Оқушылардың белсенділік танымдық іс- әрекетінің көздейтін мүддесі -білімнің қоғамдық мәнін ұғыну, қоғамға қызмет ету қарқынын үдету қажеттігі негізінде дамиды. Белсенділіктің ең жоғарғы көрінісі оқушылардың алған білімдерін өмірде, тәжірибеде нәтижелі пайдалана білуі болып табылады. Осыдан келіп, оқыту барысында оқушының іс - әрекетінде танымдық белсенділікті қалыптастыру талабы туындайды.
Танымдық әрекеттің негізінде оқушыларда танымдық белсенділік қалыптасады. Танымдық белсенділік - оқушының оқуға, білуге деген ынта-ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі. Мысалы: мұғалімнің баяндап тұрған жаңа материалын түсіну үшін, оқушының оны зейін қойып тыңдауы, алған білімін кеңейту үшін өздігінен кітап оқып, бақылау тәжірибе жасау сияқты жұмыстар жасауы қажет. Өйткені өтілген материалдарды саналы қайталауда, жаңадан білім алуда, оның жолдары мен дағдыларына үйренуде белсенділіксіз мүмкін емес. Яғни оқушының белсенділігі оқу үрдісінің барлық кезеңінде орын алуы қажет. Сабақ барысында оқушының бойында танымдық белсенділік пайда болса, оқушылардың ақыл - ой қабілеттерінің мынадай элементтері дамиды: зеректілік, байқағыштық, ойлау және сөйлеу дербестігі т. б. Оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту және қалыптастыру мәселесіне зерттеушілер, педагогтардың, әдіскерлердің көптеген еңбектері арналған.
Әрбір жеке тұлғаның болашағы мектебінде шындалады. Ертең осы елге ие болып тәуелсіз еліміздің тізгінін ұстар азаматтар - бүгінгі мектеп оқушылары.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан -2030» Қазақстан халқына жолдауында қазақстандықтардың өмір сапасының артуындағы міндеттердің бірі осы заманғы білім беру мен кәсіптік қайта даярлау, «парасатты экономиканың» негіздерін қалыптастыру, жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалану, инновациялық экономиканы дамыту.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған ролі атап көрсетілген: «педагог қызметкерлер оқушылардың мемлекеттік білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес білім, білік, дағды алуын қамтамасыз етуге, жеке шығармашылық қабілеттерінің көрініп, дамуы үшін жағдай жасауға міндеттті»- делінген.
Мемлекетімізді дамыған өркениетті елдер деңгейіне көтеру үшін болашақ ұрпақты мектеп қабырғасынан бастап жан-жақты білімді, кәсіпкерлік ортаға бейімді етіп тәрбиелеу басты бағытымыз. Біздің міндетіміз дүниежүзіндегі жаңалықтармен, жауапкершілік, ерік күш сезімдерін сіңіру, яғни олардың дамуына үлкен мән беру. Ал дамудың негізі-білімде.
Білім беру саласындағы әлемдік білім кеңістігіне ұмтылуға байланысты жасалынып жатқан талпыныстар мектеп оқушыларының дербестігін, іздемпаздығын, белсенділігін мен шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуды талап етеді. Сондықтан оқушылардың мектепте оқып жүрген кезінде олардың ойлау белсенділігін дамытып, білімі мен біліктіліктерін өмірдің жаңа жағдайында пайдалана білуге қажеттілігі туындайды. Бұл міндеттердің жүзеге асуы оқушылардың шығармашылық іс-әрекеттерін оңтайлы ұйымдастыруға тікелей байланысты. Мектеп оқушысы жаңаша өмір сүріп қоймай, қоғамның әлеуметтік, құқықтық, экономикалық нормаларын меңгере отырып, қоғам мен тығыз байланыста болуын дамыту .
Осы аталған мақсатқа жетудің міндеттеріне тоқтала кетейік :
1) оқушылардың теориялық білімдерін шыңдау
2) оқушылардың жеке дара ерекшеліктерін ескеру
3) шығармашыл тұлға қалыптастыру.
Математиканы оқыту процесін жетілдіру оқушылардың танымдық белсенділігі мен іздемпаздығын арттыруға негізделген. Оқу танымдық қызметі барысында оқушылар қажетті көлемдегі білімді игеріп қана қоймастан, танымдық қабілеті мен шығармашылдық ойлауы да дамытылады. Оқушылардың танымдық қызғушылықтарын дамытуға арналған зерттеулердің нәтижелері оқушылардың танымдық қызығушылығының көрсеткіштері ретінде төменде берілген:
- таным үрдісіндегі белсенділігі, білімге қызығушылығы;
- өздігінен ізденушілік әрекет жасауға ынтасы;
- оқу-танымдық қызметтегі негізгі түйінді анықтау білігі;
- игерілген білімді тасымалдай білуі;
- өз іс- әрекетін бақылауы, бағалауы;
Оқушылардың танымдық қызығушылығының ең жоғары деңгейі танымдық міндеттерді өздігінен шешуге ұтымды жолдарды қолдана білуімен, жаңаны білуге деген қызығушылығының жоғары болуымен және өз іс- әрекетін бақылап, бағалай білумен сипатталады. Орта деңгейде оқушы танымдық іс-әрекет деңгейін өздігінен орындауды оқытушының көмегін қажет етуімен сипатталады, төменгі деңгейде оқушы тапсырманы қайталаумен шектеліп, оқытушының көмегімен орындалады.
Мектептегі ізденіс жұмысының және оқушының ойлау қабілеттінің даму жолдарының алғы шарттарының бірі - баланың пәнге деген қызығушылығын анықтау, тәрбиелеу, жетілдіру, бойындағы ерекше қасиеттерін көрсетуге, дамытуға мүмкіндік көрсету. Осы қағиданың негізінде ерекше қабілеті бар балалар ізденіс жұмыстарына белсенді қатысып тартылады.
Іздену жұмыстары арқылы оқушының ойлау қабілетін анықтап және олардың жетілуіне тиімді жағдай жасау. Балалардың ізденіс жұмысқа бейімделуі - терең білімнің негізі болып ғана емес, оқушының ойлау қабілетінің даму кепілі болып табылады.
Қазіргі өркениетке ұмтылған қоғам талабына сәйкес, Қазақстан Республикасының дамыған елдермен иық тіресіп тұруы үшін, еліміздің болашағы мен қазіргі кезеңі үшін білімді, зерделі, өз бетімен іс-әрекет ете алатын, қоғамнан өз орнын таба алатын шәкірттерді дайындау ұстаздың міндеті.
Оқушының ізденушілік қасиетін қалыптастыру оқытудың түрлі формалары мен әдістері арқылы жүзеге асырылады. Солардың ішіндегі ең тиімдісі (ізденушілік) - оқушының ғылыми қоғамын ұйымдастыру. Биік танымдық қабілет, тұрмыс-тіршіліктің сырын ұғуға талпыныс баланың ерте жасынан туындайды екен. Сондықтан ізденушілікке баулу бастауыш сыныптан басталуы керек. Ендеше мектепте оқушыны ізденіс жұмысына қатыстыра отырып ғылыми мен техниканың жетістігіне сәйкес армандарына жетуге, өз жолдарын дәл табуға ғылымға жетелеу арқылы өздерінің қабілеттін ашуларын көмектесуіміз қажет. Оған қол жеткізетін тиімді ізденіс жұмыс түрінің бірі - оқушылардың ғылыми қоғамын ұйымдастыру.
Зерттеушілік процесс барысында оқушылар белгілі фактілер мен құбылыстарға берілетін түсініктемелер мен дәлелдеулерді өз бетінше іздестіріп, түсінуіне тура келеді. Ол - есеп шығарудан рухани қанағаттануы мен эстетикалық ләззат алуы және зерттеу мақсатына жету мүмкіншілігіне сенімді болуы. Оқушыларды математикалық зерттеу әдісіне үйрету, оларға зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру арқылы математикалық танымдық қабілетін дамытуға мүмкіндік тудырады.
Математиканы оқыту үрдісінде оқушылардың оқу- танымдық іс-әрекеттін көтеру оқу уақытын көп жұмсауды қажет етеді. Осыған байланысты математика сабағында құрал жабдықтардың, математикалық есептерді шығаруда дайын сызбалар мен жазулардың, қолдан жасалған дидактикалық материалдардың тиімділігі зор.
Оқыту процесі шығармашылықпен ұйымдастырылса, онда оқушылардың білім дәрежесі оқытушы айтқан сөздерден емес, өздерінің ізденуі және есеп шығару әдістерін іздеу арқылы қалыптасады.
Қай елде болсын балаға білім беру ісі елеулі орын алып, ұрпағының білімділігі мен біліктілігін шындауға бет бұрды. Шынында да оқушылардың жалпы білімін көтеру үлкен мәселе екені сөзсіз. Еліміздің мәртебесінің биік болуы қоғам мүшелерінің келешек ел қожасы - жас ұрпақтың белсенділігі мен іскерлігіне тікелей байланысты болмақ. Қазіргі таңда еліміздің келешегін, өз елін сүйетін, әдет-ғұрпын, салт-санасын қастерлейтін ұрпақты тәрбиелеу - біздің басты борышымыз.
Зертеушілік әдісте қолдану дағдысы тұлға дамуының негізі: керекті ақпарат, фактіні жинау, түрлі көзқараста сараптау дағдысы, қорытынды жасап, пайымдау .
Ғылыми жобалау әдісіндегі іс-әрекететуші тұлға, зертеушілік шығармашылдық, ролде ойнаушы, іздемпаз тұлға.
Жобалаудың жалпы құрылымы :
1) алдымен жобаның тақырыбын типін таңдау ;
2) зерттеудің маңыздылығы;
3) міндеттерді топтарға бөлу, зеттеу әдістерін талқылау, ақпарат іздеу, шығармашылық шешімдер қабылдау
4) зерттеулердің, шығармашылдық міндеттері бойынша өздік жұмысы, бақылау
5) алған ақпараттары бойынша талқыға салу
6) қорғау
Жобалау әдісіне қойылатын талаптар
-зерттеудегі шығармашылық жоспардың проблемалары мен міндеттерін кіріктірілген білімді, оны шешу үшін ізденушілігін талап ету.
-практикалық, теориялық, танымдық нәтижелердің көрсеткіштері
-оқушылардың өздігінен іс-әрекет етуі.
-жобалаудың мазмұнының құрылымы.
Жобалау әдісінің алгоритмі
1. Проблема
2. Жобалау
3. Ақпарат көздерін іздестіру
4. Нәтижені қорытындылау
5. Презентация.
Білуге деген құштарлық, бақылауға тырысушылық, тәжірибеден өндіруге дайын тұру, әлем туралы жаңа мәлімет жинауға талпынушылық қасиеттер балаға тән дәстүрлі мінез.
Қазіргі кезде зерттеу ісі бүгінгі заман адамының өмір сүру тәсіліне енген кәсіби шеберлігін танытуда өзіндік көзқарасына сәйкес қызмет болып табылады. Бүгінгі білім беру саласының маңызды міндеті баланы өзіндік ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін үйрету. Әр оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастыру үшін оның танаымдық қабілетін түрлі әрекете көрсету үшін зерттеуге дайындау қажет .
Қорытынды:
- Оқу тапсырмаларының үлгі кезеңдеріне бағытталуы (дидактикалық аспект) ;
- Әр түрлі деңгейлілікті және әрбір оқушының жеке ерекшелігін ескеру (педагогикалық аспект)
- Оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастырудағы жүйелікті сақтауды төмендегі негізгі жағдайлар қажет етеді;
- Оқушылардың парасаттылығын қалыптастыруда, ойлау әрекетінде шығармашылық, ақпараттық мәдениет және сауаттылық қызмет байқалады;
- Оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастырудың түйінді мәселелерін шешу мұғалімінің кәсіптілігімен байланысты шеберлігінде дамитыны сөзсіз.
Елдің ертеңі білімнің тереңдігі мен өлшенеді демекші. Үздіксіз өзгеріп тұрған әлем адамнан да қабілет пен қажеттіліктерді үздіксіз дамытуды талап етеді. Сондықтан білім беру саласының басты мақсаты оқушыларды өзгермелі өмірде қорықпай, еркін өмір сүруге, білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеге, өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға, аналитикалық ойлау қабілеттерін дамыту және олардың шынайы өмірде дара тұлға етіп қалыптасуына ықпал ету.
«Шәкірт - нығырлай беретін ыдыс емес, керісінше тұтандыруды талап ететін шырақ» демекші оқушылардың жеке шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту және оларды шынайы өмірдегі дара тұлға етіп дайындау мектептің басты мақсаттарының бірі.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2010.
2. Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңы -Астана, 2004.
3. Әбілқасымова А. Е. « Студенттердің іздемпаздығын қалыптастыру» Алматы, 1994
4. Математика және Физика журналы 2010, №5
Қазіргі жаңа мектептің моделін құрудың біртұтас жолын іске асыруға бағдарланған жалпы орта білім беруді жаңарту мен жаңғырту стартегиясы ең басты нәтиже ретінде оқушының өзіндік дамуы мен өзін-өзі басқару қабілетін дамытуды, таным әрекетінде өзара ықпалдастыққа дайындығын көрсетеді. Білім берудің жаңа сапаға жетудегі басты мақсаты әлеуметтік белсенді шығармашыл тұлғаны қалыптастыру болып отыр.
Мектеп бітірушінің бойында қалыптасатын сапаларға өмірдің жаңа жағдайларына икемделе білуі, игерілген білім мазмұнын, оқу-танымдық әрекеттегі тәжірибесін пайдалана білуі және өз бетімен танымдық-практиалық шешім қабылдау, құндылық бағдарлы және коммуникативтік міндеттерді шеше білуі кіреді. Осыған байланысты оқушының өзіндік әрекетін ұйымдастыру оқу процесінде қазіргі педагогикадағы өзекті мәселелердің бірі. Оқушының өзіндік әрекетін жобалау және жүзеге асыру формалары мен тәсілдері тұрақтала бастаған кезде жалпы білім беретін әр кезеңіндегі оқыту жаңа педагогикалық шешімдер мен түзетулерді, жан-жақты ойлануды талап етеді. Бұл алдымен, оқушылардың өзінің іс-әрекетін ұйымдастыру мен өзіндік білім алу дағдыларын қалыптастыратын ақпараттық және телекоммуникациялық таным процесіне тарту жағдайында өзіндік әрекетінің аясын кеңейтеді.
Оқушының оқу әрекетіндегі өзін-өзі басқару мен басқаруды ұйымдастыру, оқыту процесін моделдеудің психологиялық-педагогикалық және дидактикалық мәселелері бойынша бірқатар ғалымдардың еңбектерінде (Ю. К. Бабанский, А. А. Вербицкий, Ю. Н. Кулюткин, М. И. Махмутов, В. В. Сериков, Г. С. Сухобская, Т. И. Шамова, И. С. Якиманскай т. б. ) жан-жақты талқыланып келеді.
Оқушының білім алу процесіндегі өзіндік пікірі мен ой-жүйесінің негізі бастауыш сатыда қаланатыны белгілі. Сондықтан бастауыш сыныптарда оқитын балалардың жас ерекшеліктерінің және оның мектепке дейінгі жүйемен сабақтастығының ескерілуіне баса назар аударылады.
Жаңа 12 жылдық білім беру жүйесіндегі білім нәтижесі ретіндегі негізгі құзыреттіліктерді қалыптастыру мәселесі осы оқушының өзіндік іс-әрекетін ұйымдастырудың ұтымды жолдарын іздестіруді меңзейді. Ол оқушылардың жас және жеке ерекшеліктеріне қарай педагогикалық-психологиялық негіздеуді қажет етеді.
Сондықтан оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастырудың тиімді жолдарын іздестіру мәселесі білім беру жүйесінің барлық кезеңдерін қамтиды.
Еліміздің беру жүйесіндегі білім мазмұнын жаңғырту процесі оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруға түбірлі өзгерістер әкелуде. Солардың ішінде оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастыруына жағдай жасау мектептің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.
Жалпы оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастыру мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Дегенмен, оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастыруға үйрету тәсілдері бүгінгі күнге дейін өзектілігімен ерекшеленеді.
Баланың өсу кезеңдеріне сай дамуындағы өзгерістер оның өзіндік іс-әрекетіне тікелей байланысты. Бала қоршаған ортаның ықпалымен өзінің іс-қимылын өзгертіп отырады. Айналасындағы үлкендердің, құрбыларының іс-әрекетіне қарап, қызығушылығын да танытып жатады. Сондай-ақ өзінің қарым-қатынасына назар аударуды олардан талап етеді.
Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнмен қамтамасыз ету міндеті тұр. Жалпы орта білім берудің жалпыұлттық деңгейдегі басты мақсаты - Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық, қоғамдық-саяси өміріне белсенді араласуға дайын, құрзыретті тұлғаны қалыптастырауға ықпал ету. Білім берудің әлемдік озық тәжірибелерге сүйеніп әзірленген оқытуда мектеп түлегінен күтілетін нәтиже негізгі құрыреттіліктердің қалыптасуымен айқындалады.
Құзыреттілік - оқушының әрекет тәсілдерін жан-жақты игеруінен көрінетін білім нәтижесі.
Бұл оқушының оқу-танымдық әрекетіндегі өзіндік қызметін анықтауына, өзінің бағдары мен өз іс-әрекетіне баға беруіне, іс-әрекет нәтижесін өзгемен салыстыруға мүмкіндік туғызады.
Әрине, оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастыру, оған басшылық жасау - мұғалім үшін жауапты да, күрделі жұмыс. Оқушының өзіндік әрекетке белсенділігін арттыруға баулу әрбір мұғалімнің алғашқы міндеттерінің біріне айналуы тиіс.
Оқушылардың өзіндік әрекет дағдыларын қалыптастыруда бір-бірімен тығыз байланысты екі міндетті шешу қажет. Бірі - оқушылардың танымдық көзқарасын қалыптастыра отырып, дамыту, екіншісі - өзінің практикалық іс-әрекетін бағалауға, өзіндік қорытынды шығаруға, шешім қабылдауға баулу.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz