Педагогикалық шеберлік түсінігі туралы



1. Педагогикалық шеберлік түсінігі
2. Педагогикалық шеберліктің мәні мен маңызы
Пайдаланылған әдебиеттер
Педагогикалық шеберлік үнемі жетіліп отыруды қажет ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеу өнері. Ол өнерге балаларды сүйетін және өз қалауымен жұмыс істейтін әр педагогтің қолы жетуі мүмкін. Педагог – өз ісінің шебері, жоғары мәдениетті, өз пәнін терең меңгерген, ғылым мен өнердің тиісті салаларынан хабардар, жалпы, әсіресе балалар психологиясының мәселелеріне қанық, оқыту мен тәрбиенің әдістемесін жетік игерген маман.
Педагогикалық шеберлік негізі неде?
Заман ағысына сай біліммен қаруланған ой-өрісі жоғары, зерделі, жан-жақты дамыған маман – уақыт талабы. Кеше ғана көк туын желбіретіп шаңырақ көтерген егемен елімізді өркениетке жетелейтін білім бастауында мектеп, ал сол мектепте жас ұрпақ бойына білім негізінің мәңгілік іргетасын қалаушы- ұстаз тұрады. «Мұғалімдер- қоғамның ең білімді, ең отаншыл, білгілеріңіз келсе, ең «сынампаз» бөлігі болып табылады», – деп Елбасы Н. Ә. Назарбаев бекер айтпаса керек. Сондықтан да бүгінгі таңда тәуелсіз елімізге білікті маман, өз ісінің шебері қажет. Ал педагогикалық шеберліктің негізі неде?
Шебер педагог білімді, тәжірибесі мол, жан-жақты бола отырып, оқушыларды жеке тұлға етіп қалыптастыру мақсатында білім мен тәрбиені ұштастыра алуы қажет. Әр оқушының дарындылығын айқындау, олардың дамуына қолайлы жағдайлар жасау, мектеп, жанұя, мұғалімнің ролін анықтау, студенттер мен мұғалімдер ұжымын қалыптастыру – педагогикалық шеберлікті жетілдіруге негізделеді деп есептейміз.
1. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Педагогика / О 74 Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: "ЭКО" ҒӨФ. 2006.
2. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006.
3. Әбиев Ж. Педагогика. Алматы., 2004.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
1. Педагогикалық шеберлік түсінігі
2. Педагогикалық шеберліктің мәні мен маңызы
Пайдаланылған әдебиеттер

Педагогикалық шеберлік түсінігі
Педагогикалық шеберлік үнемі жетіліп отыруды қажет ететін балаларды
оқыту мен тәрбиелеу өнері. Ол өнерге балаларды сүйетін және өз қалауымен
жұмыс істейтін әр педагогтің қолы жетуі мүмкін. Педагог – өз ісінің шебері,
жоғары мәдениетті, өз пәнін терең меңгерген, ғылым мен өнердің тиісті
салаларынан хабардар, жалпы, әсіресе балалар психологиясының мәселелеріне
қанық, оқыту мен тәрбиенің әдістемесін жетік игерген маман.
Педагогикалық шеберлік негізі неде?
Заман ағысына сай біліммен қаруланған ой-өрісі жоғары, зерделі, жан-
жақты дамыған маман – уақыт талабы. Кеше ғана көк туын желбіретіп шаңырақ
көтерген егемен елімізді өркениетке жетелейтін білім бастауында мектеп, ал
сол мектепте жас ұрпақ бойына білім негізінің мәңгілік іргетасын қалаушы-
ұстаз тұрады. Мұғалімдер- қоғамның ең білімді, ең отаншыл, білгілеріңіз
келсе, ең сынампаз бөлігі болып табылады, – деп Елбасы Н. Ә. Назарбаев
бекер айтпаса керек. Сондықтан да бүгінгі таңда тәуелсіз елімізге білікті
маман, өз ісінің шебері қажет. Ал педагогикалық шеберліктің негізі неде?
Шебер педагог білімді, тәжірибесі мол, жан-жақты бола отырып, оқушыларды
жеке тұлға етіп қалыптастыру мақсатында білім мен тәрбиені ұштастыра алуы
қажет. Әр оқушының дарындылығын айқындау, олардың дамуына қолайлы жағдайлар
жасау, мектеп, жанұя, мұғалімнің ролін анықтау, студенттер мен мұғалімдер
ұжымын қалыптастыру – педагогикалық шеберлікті жетілдіруге негізделеді деп
есептейміз.
Тәуелсіз елге – білікті маман демекші, педагогикалық шеберліктің
негізі, өткен пікірімізде айтып кеткеніміздей, білім мен тәрбиені
ұштастырумен қатар – педагогтардың жаңа технологияны меңгере білуінде және
оны өз тәжірибесінде қолдана алуында. Педагогикалық көзқарас бойынша,
технология ұғымы – дәстүрлі оқыту әдістерінен басқа, ерекше үлгіде
ұйымдастырылған педагогикалық өндіріс деген пікір өз уақытында педагог-
ғалымдар тарапынан сынға алынғаны белгілі. Осы сыннан соң бірте-бірте
педагогикалық технологияны оқыту үрдісінің құрамдас бөлігі ретінде
сипаттап, оны дидактикалық үрдістер мен оқыту құралдарымен жабдықтауда жаңа
ақпараттық технологияға негіздеу туралы мәселе қозғалады.
Педагогикалық шеберліктің тағы бір көрінісі – мұғалімнің шығармашылық іс-
әрекеті, яғни оның тұлға ретінде жеке-даралығы және адамның индивид
ретіндегі кейбір ерекшеліктерінің өзгеріске ұшырауы. Осыдан шығарар
қорытындымыз: әрбір педагог мұғалім мамандығын таңдап алған соң, ол
жауапкершілігін бірге ала жүруі керек. Ұстаз өз пәнін ғана емес, дүние
сырын, қоғамдағы өзгерістерді, адам мінездерін, өнердің қуат әсерін білетін
жан болуы қажет.
Біздің ойымызша, инновациялық технологиялар оқытуды ізгілендіру, яғни
оқу құралдарын оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетінде пайдалануға
көмектеседі. Оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдаланудың шарттарының
өзі мұғалімнің әрдайым ізденісте, өздігінен білім алудың жағдайын туғызады.
Ол педагогикалық шарттарға: инновациялық ізденіс қажеттілігі; инновациялық
әдіс-тәсілдер жайлы білім; инновациялық әдіс-тәсілдерінің тиімді жолдарын
қарастыру; инновациялық әдістерді меңгеру; инновациялық әдіс-тәсілдерді
пайдалану және білім беруді ұйымдастыру формалары; инновациялық әдіс-
тәсілдерінін нәтижесінің болуы; инновациялық әдіс-тәсілдердің озық
тәжірибелерін бекіту жатады. Инновациялық іс-әрекетті басшылыққа ала
отырып, педагогикалық шеберліктің басқа құрауыштарының маңыздылығын жоққа
шығармаймыз.
Адам қажырлы еңбегімен табиғатты өзгертсе мұғалім жалпы жасампаз
еңбегімен жаңа адамды қалыптастырып, дамытып, жетілдіріп өмірге дайындайды.
Оқушыларын тек біліммен қаруландырып қана қоймай, назарын, білгендерін
жадында сақтауға, қабілетін, ойлауын, тіл шеберлігін ұштауға, дүниеге деген
құштарлығын, өмірге деген көзқарасын дұрыс қалыптастырып, ықыласын,
сенімін, төзімділігін, іскерлігін, ізденімпаздығын тағы басқадай танымдық
қасиеттерін жетілдіріп, адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеуді өзінің
өмірлік мақсаты, ізгілік мұраты деп санайды.
Талант деген сөзді әркім әр түрлі ұғынуы мүмкін. Талант көбіне, ақын –
жазушылырда, әртістерде, өнер адамдарда кездеседі. Ал, мұғалім болу –
талант па, ол әркімнің қолынан келе бермей ме? – деген сұрақ туады.
Ұстаздың барлығы талант болып тумайды. Егер кез келген мұғалім ынта –
ықылас қойып, табандылық танытатын болса, өз бетімен көп еңбектенсе,
идеялық жағынан сенімді, саяси жағынан есейген азамат болса, өз пәнін жақсы
білсе, оқытудың әдістемесін меңгеріп, бала психологиясын жете білсе,
педагогикалық техниканы қалыптастыра алса, педагогикалық шеберлікке жету
қасиеттеріне ие бола отырып, педагогикалық кәсіпті меңгерсе, педагогикалық
әдепті бойына сіңірсе, онда талантты, шебер ұстаз бола алады.
Педагогикалық шеберлік – ұстаздық талантпен тығыз байланысты.
К.Д.Ушинский: Педагогика теориясын қаншама жетік білгенмен, педагогикалық
әдептің қыр – сырын меңгермейінше бұған оның оның қолы жетпейтіндігін, –
айтады.
Педагогикалық шеберлік – тек қана мұғалімнің жалпы, жан – жақты және
әдістемелік сауаттылығы ғана емес, ол – әр сөзді оқушылырға жеткізе білу,
олардың толық қабыл алуы. Ұстаздық шеберлік: 1) мұғалімнің өмірге
көзқарасы, оның идеялық нанымды, моральды бойына сіңірген адам екендігі; 2)
пәнді жетік білген, ойын толық жеткізетін және оқушылардың бойында әдеп,
әдет, дағды сияқты моральдық нормаларды сіңіре білгендігі; 3) оқыту мен
тәрбиелеудің әдіс – тәсілдерін меңгерген, білгенін қызықты да, тартымды
өткізе алатын, педагогикалық әдеп пен талантын ұштастырған адам ғана
шеберлікке ие болады. Педагогикалық шеберлікте педагогикалық техника деп
аталатын мәселеге мән беріледі. Мұғалім әр сөзін дұрыс сөйлеп, нық айтуы
тиіс, оның жүріс – тұрысы, қозғалысы, отырып – ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектеп оқушыларының экономикалық тәрбиесі
Жаңа педагогикалық технология ұғымы туралы сипаттама беру. Технологияның мақсаты мен мазмұндық ерекшеліктері
Мұғалімнің сабаққа дайындалуы
Оқудың педагогикалық технологиялары түсінігі мен сипаттамасы
Педагогикалық технологиялар жүйесі
. Қазіргі ғылыми әдебиеттегі педагогикалық технология түсінігі
Педагогикалық шеберлік атты арнаулы курс
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНИКА ПЕДАГОГ ШЕБЕРЛІГІНІҢ ЭЛЕМЕНТІ РЕТІНДЕ
Деңгейлік саралап оқыту технологиясы
Өзіндік жұмыс арқылы студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру
Пәндер