Мәдениеттің әртүрлі элементтерінің қызметтері



Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Мәдениеттің әртүрлі элементтерінің қызметтері
2. Қоғам және мәдениет
3. Танымдық қызметі
4. Реттеу қызметі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Мәдениет ұғымы жалпы философиялық ұғым. Ол латынның coltura-мәдениет туралы ұғым сөзінен шыққан. Бұл ғылым адамның өмір сүру тәсілін өмірдегі материалды және рухани құндылықтарының жиынтығын үйретеді.
Мәдениет – халықтың шығармашылық рухани ізденісі, халықтың даналық, адамгершілік нышандары. Мәдениет – заттың қажеттіліктерін, пайдалығын, әдемілігін, ыңғайлығын үйретеді.
Мәдениеттің екі формасы бар: материалды және рухани мәдениет.
Материалды мәдениет – зат түрінде құндылықтың жиынтығы. Мыс: азық-түлік, киім-кешек, үй-жиһаздары, транспорттар, т.б.
Рухани мәдениетке ой-өріс, сана-сезім, білім, инабаттлық, адамгершілік, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, т.б. жатады
Бұл – мәдениеттің екі формасы біртұтас. Екеуін бір-бірінен ажыратуға немесе бөліп қарауға болмайды. Ел немесе жеке адам қалыпты даму үшін мәдениеттің екі жағына бірдей мән беру керек. Мәдениеттің екі түрі, материалды мәдениет дамығанда рухани мәдениет дамиды.
1. Балалар Энциклопедиясы, 6 том.
2. Қазақ Энциклопедиясы
3. И.Г. Гердер. Идеи к философии истории человечества. Москва, 1977, с. 252
4. Қазақтың дүниетанымы. Алматы, 1993, 36-бет
5. (С. Мырзалин, Ә. Әлпейісов. Қоғам және мәдениет. Алматы, 1992, 14-бет)
6. Ә. Наурызбаева, Н. Скалон. Диалогтың мүмкіндігі. «Шаһар», 1993, № 1, 8б

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Мәдениеттің әртүрлі элементтерінің қызметтері
2. Қоғам және мәдениет
3. Танымдық қызметі
4. Реттеу қызметі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Мәдениет ұғымы жалпы философиялық ұғым. Ол латынның coltura-мәдениет
туралы ұғым сөзінен шыққан. Бұл ғылым адамның өмір сүру тәсілін өмірдегі
материалды және рухани құндылықтарының жиынтығын үйретеді.
Мәдениет – халықтың шығармашылық рухани ізденісі, халықтың даналық,
адамгершілік нышандары. Мәдениет – заттың қажеттіліктерін, пайдалығын,
әдемілігін, ыңғайлығын үйретеді.
Мәдениеттің екі формасы бар: материалды және рухани мәдениет.
Материалды мәдениет – зат түрінде құндылықтың жиынтығы. Мыс: азық-
түлік, киім-кешек, үй-жиһаздары, транспорттар, т.б.
Рухани мәдениетке ой-өріс, сана-сезім, білім, инабаттлық,
адамгершілік, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, т.б. жатады
Бұл – мәдениеттің екі формасы біртұтас. Екеуін бір-бірінен ажыратуға
немесе бөліп қарауға болмайды. Ел немесе жеке адам қалыпты даму үшін
мәдениеттің екі жағына бірдей мән беру керек. Мәдениеттің екі түрі,
материалды мәдениет дамығанда рухани мәдениет дамиды.
Мәдениеттің рухани негізі-дін. Дін танусыз мәдениет тану жоқ.
Мәдениет бұл деңгейде көтеріледі. Ол адам әлемі Мәдениет және табиғат
біртұтас. Адам және мәдениет табиғаттың туындысы. Осы мәселеде ілім туады.
Бұл – антропология деп атайды.
Мәдениеттің өзекті мәселесі-өнер. Өнер – дамның, мәдениеттің алтын
қазынасы, адамның ұлылығы. Ол әсемдікке, әдемілікке, сұлулыққа ұмтылдырады.
Мәденет белгілі бір халықтың қол жеткен табыстары мен шығармашылығының
жиынтығы. Мәдениет адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістегі қызметі
мен өзіндік ерекшелігі. Мәдениет адамдық әрекеттің белгілі бір саласының
жетілу деңгейі.

Мәдениеттің әртүрлі элементтерінің қызметтері
Мәдениет (арабша “маданият” – қала, қалалық; латынша – өңдеу,
өсіру деген ұғымдарды білдіреді) – 1) белгілі бір халықтың қол жеткізген
табыстары мен шығармашылығының жиынтығы; 2) адамзат қауымының белгілі бір
тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері (палеолит мәдениеті,
крит-микен мәдениеті, т.б.); 3) адамдық әрекеттің белгілі бір саласының
жетілу деңгейі (сөйлеу мәдениеті, еңбек мәдениеті, құқық мәдениеті, т.б.);
4) агромәдениет (дәнді өсімдіктер мәдениеті, цитрустық мәдениет, т.б.).[1]
Мәдениет[2] – адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және жасап
жатқандарының бәрін түгел қамтиды. Жай ғана сауат ашудан және тазалық
ережелерін сақтаудан бастап, өмірдің асқан үлгілі шығармаларын жасағанға
дейінгі ұғымды қамтып жатқан – мәдениет саласының өрісі кең. Мәдениет –
тарихи құбылыс. Оның дәрежесі мен сипаты қоғамдық өмірдің жағдайларына
байланысты өзгеріп отырады. Тарихи дәуірлердің алмасуы мәдениеттің мазмұны
мен формаларына сөзсіз терең өзгерістер енгізеді. Мәдениетті тұлғалық
сипатта қарастырғанда, бірнеше елеулі түсініктерге тоқтала кету қажет,
олардың ішіндегі маңыздылары: мәдени әрекет, мәдени орта, мәдени игіліктер
мен қажеттіліктер және мәдени ұйымдар мен ұжымдар. Бұлардың арасында ең
түбегейлісі — мәдени әрекет. Әрекеттену — жалпы адам мен қоғамның өмір сүру
тәсілі, тіршіліктің тірегі. Мәдени әрекет деп, әдетте, мәдениет игіліктерін
өндіруге, таратуға, тұтынуға бағытталған мақсатқа сәйкес әлеуметтік іс-
қимылдарды атайды. Мәдени игіліктерді толассыз жасау нәтижесінде адам
өзінің де мәдени деңгейін көтереді. Осы әрекеттің қайнары, түпкі қозғаушы
күші ретінде ғылым адамның талап-мұқтаждарын, мәдени қажеттіліктерді бөліп
қарастырады. Осылардың қатарына біз мынандай адамдық қажеттіліктерді
жатқызамыз: өмірдің мәні мен мағынасын іздеу, өмірден өз орнын табуға
ұмтылу, шығармашылыққа талпыныс, альтруизм, гумандылық және тағы басқалары.

Мәдени орта ұғымы мәдениеттің коммуникациялық (қатынастық) табиғатымен
тығыз байланысты. Мәдени орта заттық-материалдық, әлеуметтік ұйымдар мен
ұжымдардан, рухани қызмет орындарынан тұрады. Оларға техника мен қүрал-
жабдықтардың даму деңгейі, тұрмыстық мәдени дәрежесі, адамдардың
білімділігі, кәсіптік шеберлігі, рухани мәдениетті сақтау және насихаттау
ұйымдары (мұрағаттар, мұражайлар, кітапханалар, клубтар және тағы басқалар)
жатады. Қайсыбір ұлттық мәдениетті алсақ та, ондағы салт-дәстүрлер жүйесіне
бірден назарымыз ауады. Салт-дәстүр, — дейді белгілі философ Гердер, — тіл
мен мәдениет бастауларының анасы [3].
Мәдениет өзінің кең мағынасында бір ұрпақтың келесі ұрпаққа жолдаған
өмір сүру тәсілі болғандықтан, осы жалғастықты, мұрагерлікті жүзеге
асыратын салт-дәстүрлер жүйесі мәдениет өзегін қүрастырады. Әсіресе, жазу-
сызу болмаған ерте заманда мәдениет ырымдар мен сәуегейлікке, . сенім-
нанымдарға, дәстүрлі түсініктерге иек артқан. Ал салт-дәстүрлерге Ғұзыхан
Ақпанбет мынандай баға береді: Олар — терең философиялық ойдың, ғасырлар
бойы жинақталған тәжірибенің сұрыпталған түжырымы, негізгі нәрі, қысқа да
көркем бейнесі. [4]. Ғасырлар бойы күнделікті іс-тәжірибе негізінде
сұрыпталған жазу-сызу мен азаматтық қоғам өлі жоқ кезде қалыптасқан салт-
дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар мәдени мирасқорлықтың жалғыз мүмкіндігі болды.
Ескі ырымдар мен әдет-ғұрыптардан надандық, анайылықты емес, қазіргі
үлттық мәдениеттердің архетипін аңғарған жөн. Кез келген ұлттық мәдениеттің
негізі мен ділін, ондағы адамгершілік қасиеттер мен дүниетанымды үғыну үшін
мәдениеттің тағы бір түп-тамыры дінге жүгіну қажет. Тоталитарлық жүйе
ұлттық мәдениеттерді құрту мақсатында, дінді апиын деген марксизм
қағидасын басшылыққа алып, ешқандай қасиетті тірліктері жоқ, шолақ белсенді
мәңгүрттерді тәрбиелеуге тырысты.
Ал шындығында діни Ренессанс мәдени дамуда орасан зор роль
атқарды. Дінгедейінгі дүниетаным ретіндегі мифте табиғат қасиетті күштерге
баланса, ұлттық немесе дүниежүзілік діндерде адам мен қоғамның
құдіреттілігіне басты назар аударылады. Осының нәтижесінде өркениет
қалыптасады. Жалпы алғанда, дінтанусыз мәдениеттану жоқ. Мәдениеттің өзекті
бөлігі — өнер. Таңбалы тастағы кескіндер мен тағы адамдардың ырым-билерінен
бастап, Рафаэль менМикеланджелоның  мәңгілік туындыларымен жалғасқан,
халықтың шығармашылық рухынан туған талай сұлу дүниелерсіз, өнер әлемінсіз,
қандай мәдениеттің болсын рухын сезіне алмаймыз. Шынында да, өнер
мөдениеттің алтын қазынасы, адамның ұлылығын білдіретін ғажап көріністердің
бірі — оның әсемдікке, сұлулыққа үмтылуы.
Осыған дейін қарастырылған анықтамалардан бір түйінді ой айтуға
болады: мәдениет — адам әлемі. Мәдениет көріністерінде адамдық парасат,
оқыл-ой, ізгілік пен әдемілік заттандырылып, игіліктер дүниесі құралған.
Сонымен бірге мәдениет адамды тұлға деңгейіне көтеретін негізгі құрал. Әл-
Фараби айтқандай, адам — хайуани мадани, яғни, Мәдениетті жан. Адам —
табиғат туьндысы және ол үшін табиғи орта мәңгілік қажеттілік болып қалады.
Мәдениет адамнан табиғатты бөліп алады деген пікір қанша рет айтылса да,
адамның табиғи шығармашылықтың ең жоғары үлгісі екендігіне күмән жоқ. И.
Гердердің тілімен айтқанда, адам — табиғаттың бірінші азаттық алған
пендесі. Ғасырлар — адамның мәдени дамуының куәсі. Бірақ осы алға қарай
жылжу Жер-Анаға әр уақытта жайлы бола бермеді. Адам қоршаған ортаны өзіне
ыңғайлы тұраққа айналдыруға тырысты, алайда осы белсенділік көп жағдайда
табиғатты күйзелтіп, қүлдыратып жіберді. Мәдениет пен табиғатты қарама-
қарсы қоюдың бір түрі адамның табиғи анти мәдениеттілігі жөніндегі ілімдер
еді (киниктер, Ницше). Контрмәдениет атты XX ғасыр туындысы бұқаралық
мәдениеттегі руханилықтың затқа, тауарға айналуына қарсы қозғалыс сипатында
болды.
Мәдениет пен табиғатты ұштастыруға тырысатын ілім — мәдени
антропология. Оның негізін са-лушылардың бірі — Э. Уилсон. Әрине аталған
ілімдер табиғи-биологиялық заңдылықтарды тым әсірелеп жібереді, әйткенмен
оның қисыны бар сияқты. Өйткені, XX ғасыр мәдениет пен табиғат дилеммасының
адам тағдыры үшін қауіпті екендігін көрсетіп, заман талабына сәйкес
экологиялық мәдениет ілімін тудырды. Адамдық шовинизмді тежейтін бүл
ілімнің негізі есебінде мынадай идеяларды атап өткен жөн:
• академик В.И. Вернадскийдің Ноосфера (парасатты орта) туралы ілімі;
• Рим клубының экологиялық түжырымдары;
• Тейяр де Шарденнің адам жөніндегі гуманистік эволю-циялық теориясы;
• Л.Н. Толстой, М. Ганди, А. Швейцер, Э. Фромм т.б. дамытқан гуманистік
этика т.б.
Тағы айта кететін жайт, осы экология мәселелеріне байланысты Шығыс пен
Батыстың арасындағы айырмашылық туралы. Интровертивтік Шығыс мәдениеті
табиғатқа жақын, ол үстемдік етуге шақырған жоқ. Сонымен, мәдениет адам мен
табиғатты бөліп тұрған қытай қорғаны емес, керісінше, олардың арасындағы
нәзік үндестік және рухани қыл-көпір. Осы үндестікті (гармонияны) одан әрі
жетілдіру — адамзаттың алдындағы келелі міндет. Адам және мәдениет
мәселесін тереңдете түсетін тағы бір жайт адамның қабілеттілігіне, жан-
жақтылығына, шексіздігіне байланысты. Американ ғалымы К. Поппер айтқандай,
адам бірдей үш дүниеге: физикалық, ментальдық (психикалық) және идеалдыққа
жатады.
Сонда мәдениет осылардың қайсысымен көбірек анықталады деген заңды
сұрақ туады. Егер біз мәдениетті тек ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарым қатынас нәтижесінде қалып тасқан ерекше құбылыс
Құқықтық мәдениеттің табиғаты
Жастардың құқықтық мәдениеті
Саясаттанудың ғылым ретіндегі пәні, әдістері мен қызметтері
Студентерге қазіргі қоғамның келбетін, әлеуметтік бейнесін, құрылымын түсіндіру
Адам және мәдениет
Экономикалық жүйелердің типтері
Нарықтық шаруашылықтың артықшылықтары және кемшіліктері
Әлеуметтану пәнінен дәрістер
Мәдениет семиотикасы. Мәдениет анатомиясы туралы
Пәндер