Ауыз су қалай алынады


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:
Ауыз су қалай алынады
Су қоры және оның пайдаланылуы дүние жүзінің 3/4 болігін су алып жатыр. Су - баға жетпес табиғат байлығы. Жер жүзіндегі барлық тіршілік суға байланысты. Сусыз тіршілік болуы мүмкін емес. Ол зат алмасу процесінде шешуші роль атқарады. Ал зат алмасу процесі - барлық органикалық өмірдің өзегі екені белгі. Су адам және жануарлар денесіндеқажетті түрде кездесетін кұрамды бөлік. Ересек жануарлардың жалпы массасының 45-70%-і, ал адам мен жануарларды эмбриондарының 97%-і судан тұрады. Сондыктан да, денедегі судың өзгеруі организмге тікелей әсер етеді. Егер денедегі судың 10-12%-і жоғалса, организм әлсірейді, дене дірілдейді, шөлдеу пайда болады. Ал су мөлшерінің 20-25% азаюы адамды өлтіріп жіберуі мүмкін. Кейбір жануарлар (балықтар, киттер, дельфиндер, кұндыздар т. б. ) тек қана суда өмір сүреді.
Ауа райы өте ысыған кезде (температура 35-40" С-е жеткенде), адамдар мен жануарлар денедегі судың азаюын ауыр сезінеді. Бұл жағдайда организмге керекті су мөлшері 2- 3 есе өседі. Судың органнзмге жетпеу, қорыту процесінің бұзылуына, қандағы судың азаюына әкеліп соқтырады. Сондықтан да, сапалы тұшы судың болуы - адамның денсаулығы мен жануарлардың өсіуне олардың өңімділігін көтерудегі басты шарттың бірі.
Халық шаруашылығына қажетті тұщы су көзі тек қана адамдар мен жануарлардың ішуі үшін емес, жер суаруда да, өнеркәсіпті дамытуда да, барлық технологиялық процестерді жүзеге асыруда да пайдаланылады. « Су- ландшафтың қаны» деп текке айтылмаған. Сусыз ландшафта ешқандай өмір болуы мүмкін емес
(Планетамыздың гидросфера қабатының дені (58%; мұхит суларынан тұрады. Олар жер бетінің 70%-тек астамын қамтып, орташа тереңдігі төрт километрлік ұшы-қиыры жоқ телегей теңіз болып жатыр. Ал тұщы сулар қоры онша көп емес, жер асты суларын қоса есептегенде 35 млн текше километрден аспайды. Дүние жүзіндегі тұщы сулардың 30 проценті жер асты сулары, оның өзік көп жағдайда пайдалануға мүмкіндік жоқ
Ал мұхиттардың, теңіздердің суларын шаруашылықта, онаң ішінде ауыз су керегіке пайдалану болащақтың, ісі. Қазір елімізде ара салмағы мардымсыз, теңіздер суының жылына тек ғана 0, 3 млн текше метрі тұщытылады. Біздің республикамызда су тұшытқыш станция Актау қаласында ғана бар. Республикамызда тұщы су қорының көп пайдалану нәтижесінде азайып бара жатқаны, тұзды су қондырғыларын көбейту қажет етеді. Себебі, қоғамымызда тұщы су пайдалану жыл Сайын өсіп келеді. Егер ерте кезде бір адамға шаққанда тәулігіне 12-18 литр су пайдаланылса, XX ғасырда мәдениеті дамыған елдерде оның шамасы 200-400 литрге жетіп отыр. Әсіресе, тұщы су қорын шаруашылықтын әр саласында, оның ішінде ауыл шаруашылығында пайдалану басым. Мысалы, тәулігіне бір адамға 10 л, бір бас ірі қара малға 40 л, бір қойға 10 л су керек. Ал егін шаруашылығының тұщы суды көрексінуі мұнан әлде-қайда көп. Әсіресе жүгері мен күріш есіруге ете көп су керек. Вегетациялық мерзім ішінде жүгерінің бір гектар жеріне 3 мың т, күріштің бір гектар жеріне 20 мың тоннаға дейін су кетеді. Суармалы егін шаруашылығы суды өте көп керек етеді. Егер суармалы емес шаруашылықта бір гектар жерден өнім алу үшін 1200 текше метр су жеткілікті болса, суармалы егіншілікте оның мөлшері 12-14 мың текше метрге дейін жетеді. Суармалы егіншіліктің тиімділігі жоғары екені белгілі. Бірақ осыған қарап суды қалай болса солай пайдалана беруге болмайды. Бұл бағыттың қандай қолайсыз жағдайға әкеліп соқтыратынын Арал теңізі мен Балкаш көлі денгейінің төмендеуіне байланысты соңғы жылдары әңгіме болып жатқан орны толмас кемшіліктерден көруге болады.
Су қорын ластамай ысырапсыз пайдалану жолдары
Есептеулер көрсетіп отырғандан, жер шарында жыл сайын әр түрлі мақсатқа 150 км 3 су жұмсалады, ал өзеңдер мен жер асты суларының есебінен жылыға 600 км 3 су жинауға болады. Бірініш қарағанда, жер шарындағы су мөлшері жеткілікті сияқты. Бірақ, өзендерге т. б. су қоймаларына жыл сайын 150 км 3 ластанған сулар жіберіледі. Олардың тек жартысы ғана тазартылады. Осының салдарынан ластанған сулар көптеген мөлшерде табиғи суларды бүлдіреді. Сөйтіп, тұщы су қоры жыл сайын азайып келеді. Әсірес адамдардың көптеп мекекдейтін жерлерінде, ауа райы егіншілікке қолайлы, жылы жерлерде тұщы су көзі жеткіліксіз.
Су корының Қазақстан үшін өте маңызды роль атқаратыны белгілі. Себебі онын территориясында өте көп шөл және шөлейт далалар бар. Су климат пен ауа райының өзгеруіне тікелей әсер етеді. Су қорына байланысты әрбір регионның климаты да өзгеріп тұрады. Мұны теңіздер мен көлдердің де деңгейінің өзгеруіне байланысты ауа райының өзгеруінен байқауға болады. Арал теңізінің шөгіп бара жатқанына байланысты бұл мекенді қоңыстанған елдердің климаттық жағдайы да өзгерді. Балкаш көлі деңгейін төмендеуі оның төңірегіне орналасқан жерлердін климаттық жағдайынын өзгеруіне әсер етуде. Өткен кездерде және қазіргі жағдайда көріп отырғанымыздай, суы кеткен жердің нұры кетеді, ол біртіндеп солып кұла тұзге, шөл далаға айналады. Кең дала, кұлазыған шексіз жазира сусыз қалганнан кейін, ондағы адамзат және жануарлар дүниесі де шөліркентін болады.
Қазіргі кезде өндірісте де тұщы су қоры молынан пайдаланылады. Мысалы, бір тонна шойын алу және оны болатқа, прокатка айналдыру үшін 300 м 3 су керек, бір тонна мысты алу үшін - 500 м 3 , никель алу үшін - 3500 м 3 , синтетикалық каучук және жасанды мата алу үшін 2000 - 2500 м 3 , жасанды жібек алу үшін - 400 м 3 , сода алу үшін - 300 м 3 су керек.
Егіншілікте тұщы су қоры молынан шығындалады. Бір килограмм әр түрлі өсімдік массасын алу үшін 150 - 200 ден 800 - 1000м 3 -ке дейін су керек. Біздің елімізде жыл сайын өсімдік транспарациясына шамамен 3500 км 3 су жұмсалады, бұл жылдык жауын-шашынның үштен бір бөлігі. Бұл мал шаруашылығында, шаруашылык-тұрмыстық керектерге пайдаланған су мөлшерінен едәуір көп. Мысалы, бір гектар жүгерінің пісіп-толығуы үшін 2000 - 3000 т. су керек, бір тонна бидайды. күрішті мақтаны өндіру үшін сәйкестіріп алғана 1500, 4000, 10 000 т. су керек. Бір гектар ауыл шаруашылығында пайда-ланылатын жерді суғару үшін 8-12 мын м 3 су қажет.
Әсіресе, жоғарыда аталған өнімдер ескі техника күшімен алынса, су шығыны да өсе береді. Сондықтан да, суды молырақ үнемдейтін немесе сусыз жұмыс істейтін жаңа техникаға көшу керектігі кезек кеттірмейтін актуальды мәселеге айналып отыр.
Көптеген су массасың атомдық электросанциялар пайдалануда. Қуаттылығы бір мың мегаватт атом станциясы минутына 3млн. литр су пайдаланады.
Қазақстанда шамамен 200 жасанды су қоймасы бар, олардың сиымдалығы 94 млрд текше метрден астам. Қьгзылқұм, Арыс-Түркістан, Шеңгелді, Ақдала. Шилісай т. б. суландыру массивтері қызмет істеуде) Орал-Көшім, Жәнібек және Шідерті суландыру жүйелері салынды, XI - бесжылдықта Бартоғай су қоймасы пайдалануға бергізілді, 170 км-лік Үлкен Алматылық канал. Ертіс - Қарағанды каналының -су ресурстары игерілуде. 9 мың км су науасы салынады. Сулардың транспорттық маңызы да зор. Көптеген сулардың шипалық қасиеті бар.
Табиғат байлығына адамдардың әсері
Ғылыми-техниканың ғарыштап дамуы табиғатты тиімді пайдалану ісін ұйымдастыруда адамзаттың алдынғы бірқатар жаңа міндеттер қойып, табиғатты қорғаудың көптеген мәселелерін шиеленістіріп жіберді. Ғылыми-техникалық дамудың барысында негізгі бағыттың әрқайсысы оларды шешудің өзіне ғана тән жолдарын іздестіруді талап ететін табиғатты қорғаудың өзіндік мәселелерін алға тартып отыр. Табиғат ресурстарын пайдалану көлемінің артуы, тұрған орта-ның өндіріс және тұтыну қалдықтарымен ластануынын өсуі, адамзаттың энергиямен қарулануының артуы жаңа затттар жасап, өндірістің жаңа салаларынын пайда болуы, ауыл шаруашылығын интенсивтендіру, халқы көп ірі қалалардың кебеюі негізгі шешімін тезірек табатын мәселелердің қатарына жатады.
Сонғы ондаған жылдар ішінде табиғат ресурстарын пайдаланудың артуына байланысты адамзаттың табиғатқа тигізетін әсері ете күшейді. Адамзат өндірістік қызмет процесіне барған сайын табиғатты елеулі өзгерістерге ұшыратушы, табиғаттағы геологиялык жүйенін зат алмасуының тепе-теңдік кұрылымын бұзушы қуатты фактор ретінде көрінеді.
Ғылыми-техникалық революция экологиялық ортанын ластануына қарсы күрестін міндеттерін қиындатып жіберді. Ластану дегенміз ауаның, жер мен судың физикалық, химиялық немесе биологиялық қасиеттерінің біз қаламайтын қолайсыз өзгерістерге ұшырауы, ол қазір немесе болашақта өсімдіктердід, жануарлардың, адамның өміріне, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығындағы өндіріс процестеріне, табиғат ресурстарыныа жай-күйіне қолайсыз ықпалын тигізуі мүмкін.
Өзіннің тегі мен қасиеттеріне қарай барша автропогендік ластағыштар сан түрлі болып келеді. Өнеркәсіп қалдықтары соның ішіндегі анағұрлым көп тарағандары.
Табиғи ресурстарды пайдалану көлемінің үнемі артуы табиғи ортаның өндіріс қалдықтарымен ластану проблемасын шиеленістіре түседі. Мысалы, өнеркәсіптік-тұр-мыстық ағындар арқылы ластанған судың көлемі, қазірдің өзінде өзен суының. 16%.
Суармалы егіншілікті өркендету жедел көбеніп келе жатқан адамзатты азык-түлікпен қамтамасыз етудің қажетті жағдайларының бірі болып табылады. Сондықтан да суармалы жерлердің аумағы барған сайын жедел қарқынмен өсіп келеді. Кең көлемдегі суармалы егіншілікті, су қоймаларын жасау, ылғалы мол аудандардан кұрғақшылық аудандарға су жеткізу - осылардыа барлығы да региондың, сондай-ақ орасан зор көлемде табиғи процестердің барысында елеулі өзгерістер еңгізу арқылы жүзеге асырылады.
Ерте кезде безгек ауруы суармалы егіншіліктің тұрақты жол серегі болып келді. Археологтар мен тарихшылар Жетісу мен Оңтүстік Шығыс Азияда (цивилизацияның) еркендеп дамудың әлденеше рет жойылып кетуі елеулі дәрежеде безгек эпедемиясына байланысты болды деп есептейді.
Үй малдарының эктопаразиті- масалардың көбеюі де ылғалы мол су қоймаларына байланысты.
Су арқылы улы химикаттар аса үлкен аймақтарға тарайды. Егінді, әсіресе күріш пен мактаны суарған су өзенді ластап қана қоймайды, сонымен бірге көлдерді де былғайды. Судың улы химикаттармен ластануының бірнеше жолдары бар. Олар қар және жаңбыр суымен де ластанады. Судағы пестицидтер балықтарға үлкен зиян келтіреді. Жыл сайын өзендерге уланған су қосылып отырады. Олардың ішінде жанармай қалдықтары, улы қосылыс - фенолдар, тұздар, қышқылдар бар. Мысалы, АҚШ-тың оңтүстігінде 1950 жылдары химиялық улы препараттарды жиі пайдаланған. Мақташылар қоңызбен күресу үшін ең күшті улы препараттарды қолданған. Мақтаға шашылған у суарылған сумен қосылып кішкене бұлактарға кұйылған, олар жинала-жинала өзен сияқты ағып көлдерге, теңіздерге құйылған. Нәтижесінде өзен-көлдердің балықтарына зиянын ти-гізген.
Ауасы мен суының ластануы жағынан Алматы облысы да қолайсыз экологиялық жағдайға душар болған аймақтардың бірі. Ластау көздері негізінен тұрмыстық және өндіріс қалдықтары, су көздеріне жақын орналасқан мал шаруашылығы кешендері мен улы химикат-тыңайтқыштарды сақтайтын қоймалардың сыйымдылығы жылына 30 мың тонна ғана, ал облыстың «Сельхозхимия» бірлестігіне жылына 100 мың тоннадан астам тыңайтқыш түседі. Қоймалардың жетіспеуінің салдарынан осы тыңайткыштардың дені, ашық аспан астында далада сақталады. Мұндай жағдайлар Талғар, Балқаш, Іле аудандарының шаруашылықтарында орын алған.
Тыңайтқыштарды өлшеусіз пайдалану, топырақты өндірістік қалдықтармен ластау, жердің кұрамындағы зат алмасуын қиындатып бүлдіруде. Алматы облысында кейінгі 20-25 жыл ішінде ауыл шаруашылық өнімдерінде нитраттың құрамы ұлғайып кетті. Мысалы, 1989 жылы облыстық санэпидстанция базарға түскен көкөністі тексергенде 23, 5%-де нитрат рұқсат етілген мөлшерден көп жоғары болып шыққан.
Алматы облысынын жерінде 124 үлкенді-кішілі өзен бар. Бұл өзендердін бойында мал қораларымен қоса қойды карелинге тоғытатын орындар орналасқан.
Осындай табиғат көрінісі сырттай карағанда ешкандай зиянсыз көрінуі мүмкін. Дегенмен оның әрекеті көрінбей көзден таса болып қала алмайды. Жұрт бір сәтте өзендер мен көлдердің бетінде қисапсыз қалкьп жүрген балықтарды көрген. Олар біраз күннен кейін шіріп, борси бастаған.
... жалғасыТабиғатта тірі организмдер арасында трофикалық байланыс болады, демек тамақтық байланыс. Мысалы, адамзат масаларды улы химикаттар шашып қырады. Маса-шіркейді құртуға шашылған пестицидтерді суда тіршілік ететін жәндіктер (планктондар) денесіне сіңіреді екен. Оларды ірі жәндіктер қорек етеді. Ал ірісімен де, ұсағымен де балықтар коректенеді. Удың залалы балықтармен қоректенетін құстарға да тиеді. Өлген кұстарды лабораториялық зерттеулерден өткізгенде, олардың май қабаттарыда у болып шықты.
Табиғатта кұстарға жем болатын ірілі-ұсақты тірі организмдер - балдырлар, дафниялар, циклоптар, ұлулар, балықтар химиялык анализден өткізілген. Балдырлар мен ұлулардын организміндегі токсофеннің мол жері миллионның 0, 3 бөлігіндей ғана болды. Ал дафнияда бұл пестицид миллионның 0, 2-0, 7 ұсақ балықтарда 0, 3 бөлігіндей болатыны анықталды. Сайып келгенде, судағы қарапайым жәндіктер улы химикаттардың қоймасы деуге болады.
Ауыл шаруашылығында пестицидтер кен қолданылғандықтан кейінгі кезде сыртқы қоршаған ортаның мөлшерден тыс уланғаны байқалып отыр. Бұлар адам баласына және жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне үлкен зиян келтіруде. Улар ең алдымен ауаға қосылады, ауадан - суға, судан - топыраққа, топырақтан - өсімдіктерге, өсімдіктерден - малдарға малдардан адамдарға тарайды. Сөйтіп көзге көрінбейтін биологиялық тізбек жасайды. Сондықтан, жердің неше түрлі пестицидтермен мөлшерден тыс уланбауын қадағалап отырған жөн.
Ауыл шаруашылық өндірісін интенсивтендіруде де тигізетін әсерлері бар. Қазіргі заманғы ауыл шаруашылық өндірісін машиналар мен кұрал-саймандар қолданбай жүргізу мүмкін емес. Алайда ауыл шаруашылық өндірісінін негізгі құралы - жерге әсерін тигізетін қуатты техкиканы абайлап қолдануды қажет етеді.
Әсіресе егіс даласын әлденеше рет кайталап өңдегенде ауыр доңғалакты тракторлар мен басқа да ауыл шаруашылық машиналары топырақты терекдете нығыздап тастайтындығы соңғы жылдары дәлелденіп отыр. Мұндай нығыздалған қабат топырақтың түрі мен оған жасалған әрекетіне қарай әр түрлі тереңдікте пайда болады. Әдетте, нығыздалған қабатты казіргі заманғы кұрал-саймандармен өңдеу қиын, ол тіпті терең жыртқан күннің өзінде қалады. Мұндай қабат капилларлық байланысын үзіп, топырақтық су, ауа және химиялық режимін бұзады, бұл сайып келгенде егіннің шығымдылығын төмендетеді. Ауыл шаруашылық машиналарынын салмағы мен қуатын өсірудің белгілентен шегі бар, ол шек топырақ қабатының ерекшеліктерін ескере отырып қойылуы керек. Бұдан басқа, топырақтың терең нығыздалуына жол бермес үшін, егіс даласының топырағына қысымы аз түсетін шыңжыр табанды тракторлармен өңдеген дұрыс.
Ғылыми-техникалық прогресс өндіріс күшін дамытады, адамдардың тұрмыс жағдайын жақсартады, оның әл-ауқатын арттырады. Сонымен бірге адамдардың қызметінің артуы, табиғатқа араласуы, кей уақытта қоршаған ортаға экологиялық және биологиялық мағына жағынан ешуақытта айтып қалпына келтіре алмайтындай өзгеріс кіргізеді. Қоршаған ортаның ластануы, бүлінуі, ресурстардың сарқылуы адамдардын тікелей әсерінің нәтижесі.
Егер бір жылда жер қойнауынан алынған минералдық ресурстарды вагондарға артатын болсақ, ол поездың ұзындығы жер шарын 16, 5 есе орап алған болар еді. Шын мағынасында жаңағы табиғаттан алынған барлық шикізаттардың қоғамның пайдасына қоршаған ортаға тек бір проценті ғана пайдаланылады да, ал қалған барлық бөліктері экологиялық уланған күйінде лақтырылып тасталынады.
Рас, біздің елімізде табиғат байлығы үшін теңіз. Әлі де талай миллиард адамдарды миллиондаған жылдар бойы асырауға жетеді. Деседе пайдалы қазба байлықтары, көмірі, табиғи газы, мұнайы жетпей жатқан елдер де бар.
Адамдар мұнайды ертеден «қара алтын» деп атады. Ал, қазіргі кезде мұнай алтыннан да қымбат. Тіпті мұнай өндіруді бір сәтке тоқтатқанның өзінде - жылу электростанциясы, заводтар, транспорттың барлық түрі тоқтайды. Қаладағы тіршілік сөнеді. Егер мұнайды қазіргі жағдайға сәйкес көп мөлшерде пайдаланатын болсақ, онда оның қоры 37 жылға ғана жететін көрінеді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz