Табиғат тазалығы – денсаулық кепілі


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:
Табиғат тазалығы - денсаулық кепілі
Өткен жылғы баспасөзге жазылу кезінде газет оқырмандарымен кездесіп, олардың ой-пікірін білу мақсатында Павлодар облысына редакциядан журналист Қуат Бораш келген еді. Қасында Ибрахим деген жігіт бар. Осы іссапар мақсатына орай Баянауылға бет алдық.
Екібастұз арқылы жол қысқартып, Баянауылға жақындай бере жігіттерде ес қалмады. Жол бойы табиғаты таңдандырған жерлерге суретке түсе берді. Беті толқынданып, сабынша бұрқырап, ақ көбік атқан Сабындыкөлдің жағасына келгенде: “Қазақтың жеріне жер жете ме, шіркін? - деп көңілі босаған Ибрахим, көзіне жас алды. Баянауылдың тауларында Бөгенбай, Олжабай батырлар бекініс құрып, осы жерде Баян, Жасыбай батырлардың Халден-Сереннің алдыңғы қолына үлкен тойтарыс бергенін, жоңғарларды жеңген жеңіс тойын өткізген Сабындыкөлдің Абылайдай бабамыздың табаны тиген қасиетті жер екенін айтып едік, көл жағасында тұрып еліміздің гимні “Менің елімді” әуелетті. Баянауылдың қатпарлы, текшелеп жинағандай сандық тастардан құралған шоқыларына, сұлу Ақбет тауына, мөлдіреген, қысы-жазы қатпайтын Жасыбай көліне, суы шипалы Әулиебұлаққа бардық. Ертеден халық аузында келе жатқан Кемпіртас атты тас мүсіннің биіктігі соншалық, бас киімің түскенше шалқайып, тастың құпиялы шыңына көз саласың. Тіссіз кемиек аузы ырсиып, кеңкілдеп күліп тұрған кейпіне қарап, өзің қоса күлесің. Тасқа айналып қалмауың үшін көп күлуге, қасында ұзақ тұруға болмайды. Одан әрі, Торайғыр көлінің түстік жиегінде найзадай үшкір басты биік шың - Найзатас тұр. Ашық беті көлге қараған су үстіне асыла біткен үлкен Үңгіртас үңірейеді. Ақбет тауының түбінен сарқырап ағып жатқан Әулиебұлақтың суынан үш рет ұрттаған адам бойындағы аурудан сауығып кетеді деседі. Бұлақ суының құрамында қажетті мөлшердегі иод, фтор, натрий бар көрінеді. Тасты жарып өтетін Баянауылдың қасиетті қара ағаштарының арасында тұрып суретке түстік. Сұлтанмахмұт ақынның зират басына барып, құран бағыштадық. Өкінішке қарай, жол алыс, әрі ойлы-шұңқырлы болған соң, Мәшһүр Жүсіп кесенесінің басына бара алмадық.
- Қазақтың маңдайына кілең бір ғұламалар берген қасиетті жерден қимастықпен аттанып барамыз. Баянауылдың ғажап табиғаты туризмге өзінен өзі сұранып-ақ тұрған жер екен. Жұрт айтса, айтқандай. Жүз рет естігеннен, бір рет көрген артық. Осындай ғажайып жерлерді туризмнің орталығына айналдыратын болсақ, еліміздің ғажайып табиғаты нағыз табыс көзі, елдің өркендеуінің тынысы болар еді, - деп еді Қуат бауырымыз.
Жазда Жасыбайда тұрамыз
Ойды ой қозғайды. Қуат айтқандай, табыс көзі саналатын туризм, туризм кластері жайлы әңгімелер енді-енді ғана ортамызға ене бастады. Жоғарыдағы Баянауылдың тұнған сұлу табиғатына қатысты біз әңгімелеген жайларға қарап отырып-ақ, елімізде тарихи, экологиялық, спорттық және экстремалды туризмнің бірнеше түрін шоғырландырып, дамытуға толық мүмкіндік бар екенін көрдік. Жалпы еліміз бойынша кенжелеп қалған туризм саласын баянауылдықтар жоғарыдан нұсқау күтіп отырмай-ақ, дер кезінде қолға алып, ұтымды пайдаланған кезде ғана тоз-тозы шыққан ауыл жолдары жөнделіп, мәдениет үйлері қалыпқа келтіріліп, таза ауыз су мәселесі шешіліп, ауданның әлеуметтік-экономикалық тұрмыс деңгейі біршама көтерілер еді. Баянауыл мемлекеттік ұлттық паркі аймағындағы туризмді дамыту мәселесі қаржыға кеп тірелген уақытта инвесторлардың да көмегі ауадай қажет болды.
Алғаш рет 1999 жылы облыс әкімдігінің “Баянауыл ұлттық табиғи паркінің аумағында туризмді, демалысты ұйымдастыру жөніндегі” шешімін негізге ала отырып, ауданда бір жылға ғана арналған жұмыс жоспары белгіленіп, “Баян-Сервис” атты мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны құрылды. Кәсіпорын Жасыбай, Сабындыкөл жағасындағы демалыс үйлерінің басшыларымен арнайы келісім-шартқа отырды. Онда атап көрсетілгендей демалыс үйлеріндегі орындарда жергілікті ауыл халқы жұмыс істейтін болып шешілді. Бұл бір. Екіншіден, Баянауылға туристерді көптеп тарту мақсатында оларға демалыс үйлерінде жоғары деңгейде қызмет көрсететін жергілікті маман қыз-жігіттерді осы салаға бейімдеп оқытып шығару мәселесі күн тәртібіне қойылды. Аудан орталығындағы кәсіптік-техникалық лицей статусын алған оқу орны массажист, шаштараз, экскурсовод, официант-бармен, ЭВМ операторларын дайындайды. Демалушылар археологиялық, тарихи ескерткіштермен танысу үшін осындай сапарларға арнайы жабдықталған автобустар жүреді. Жасыбай көлінің үстінен АН-2 ұшағы арқылы жасалатын әуе саяхаты да көпшілікті қызықтырмай қоймасы анық. Жағалауда көл бетінде серуендеп, саяхат құрамын деген демалушыларды қайықтар, катамарандар күтіп тұрады.
Бұл күндері Жасыбай мемлекеттік ұлттық парк аймағында қырыққа жуық демалыс үйлері мұнда келгендерге қызмет көрсетеді. Павлодарлықтар артық қаражат шығарып, алысқа сапар шеккенше, іргеде тұрған Баянауылдың әсем табиғат аясында демалғанды әдетке айналдырған. Жаз басталысымен-ақ бүкіл қала халқы бала-шағасын алып, Жасыбайдың жағасына көшіп барғандай әсер қалдырады. Бір кішкене бүлдіршін қайда тұрасың деген сұраққа “қыста Павлодар, жазда Жасыбайда тұрамыз” деп жауап берсе керек. Ондағы қызмет көрсететін демалыс үйлері бірнеше топқа бөлінген. “Чайка”, “Қарлығаш”, “Малышка” атты арнайы балаларға арналған жағажай, спорт, ойын алаңдары, талапқа сай қызмет көрсету сияқты барлық жағдай жасалған көп қабатты демалыс үйлерінде жыл сайын жүздеген бала демалады. Ал биік таулар баурайындағы Жасыбай көлінің жағасында орналасқан “Факел”, “Қазақстан Алюминийі”, “Кристалл”, “Алға”, “Меруерт” сияқты көз тартар тамаша демалыс орындарында демалушылар үшін барлық жағдай жасалған. Мәселен 300 жеңіл көлікке арналған автотұрақ, дәріхана, емхана бөлімшесі, би алаңдары, телефон автоматтары орнатылған. Мобильдік байланыс жүйесі демалушылардың әрқашан қалтасынан табылады.
Туризмді дамытуға арналды
Осы жуырда ғана облыстық мәслихаттың кезекті бір сессиясында депутаттар облыс көлемінде туризмді қалай дамыту керек деген мәселе бойынша облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының бастығы А. Шнейдмюллердің “Павлодар облысында туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған бағдарламасының аймақтық жобасы мен 2007-2009 жылдарға арналған іс-шаралар” жоспарын баяндаған баяндамасын тыңдады. Александр Викторовичтің айтуынша, облыс аумағындағы туризмді дамытудың екі кезеңнен тұратын бес жылдық бағдарламасы мен осы мерзімге арналған іс-шаралары өте маңызды. Біз бұған дейін Елбасының 2006 жылғы 29 желтоқсандағы Жарлығымен елімізде туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған республикалық бағдарламасы және 2007-2009 жылдарға арналған іс шаралар жоспары қабылданғанын білеміз. Онда туризмді дамытуға республикалық бюджет есебінен Алматы, Астана қалалары, Алматы, Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарына қаражат бөлу мәселесі қаралады. Ал Павлодар облысында 2009 жылы инвесторларды тарту есебінен қонақ үйлердің, басқа да демалыс орындарының құрылысын жүргізу жайы айтылды.
Жалпы, қай жерде болмасын туризм саласын дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыру экономиканың көлік, байланыс, сауда, құрылыс, ауыл шаруашылығы, халық тұтынатын тауарларды өндіру салаларына үлкен ықпал жасайтыны белгілі. Облыста айтарлықтай мол табыс, үлкен кіріс әкелетін туризмді дамытудың мүмүкіндіктері бар. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы Шнейдмюллердің Баянауыл мемлекеттік ұлттық паркінің, “Ертіс орманы” табиғи резерватының, Мойылды курорты өкілдерімен бірлесе жасаған бағдарламасындағы айтылған ойлардың мақсаты осыған дәлел. Облыс аумағындағы туризм саласын дамыту үшін маңызды болып саналатын табиғи рекреациялық және тарихи мәдени факторлардың өзі жеткілікті. Алда тұрған міндет - туризм саласының ұйымдары арасында өзара байланыс орнатып, саланы кадрлық және ғылыми әдістемелік, ақпараттық-жарнамалық тұрғыдан дамыту болып отыр. Туризмді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі жоспарға сәйкес, халықаралық және республикалық туристік көрмелерге қатысуға, мектеп оқушылары үшін автобуспен және жаяу экскурсияларды ұйымдастыруға, арнайы семинарлар мен дөңгелек үстелдер отырысын өткізуге дайындық жасалуда. Бағдарламада көрсетілген бұл іс-шаралардың барысын іске асыру арқылы туризмді одан әрі дамытуға және аймақтық туристік кластерді қалыптастыруға мүмкіндік беріліп отыр. Бұл бағдарламаны іске асыруға республикалық және облыстық бюджет есебінен және заң бойынша рұқсат етілген басқа да қаражат көздерінен бес жыл мерзімге 113, 6 миллион теңге қаржы бөлінеді. Қазіргі кезде облыста қолдарында рұқсат қағаздары бар 40 туристік ұйым қызмет жасайды. Туроператорлық қызметті де жүзеге асыратын бір кәсіпорын бар.
Екі шетелдік қана саяхаттап келіпті
Бағдарламада бәрі жақсы басталып, жақсы жалғасын табатындай болып көрінгенімен де, туризм саласының дамуы біздің елімізде кенже қалғанын мойындау керек. Елбасы елімізді алдағы он жылда бәсекеге қабілетті, дамыған 50 елдің қатарына қосу мақсатын қойды. Өткен жылы Давос экономикалық форумы бәсекеге қабілетті елдердің туризм саласына да назар аударған болатын. Біздегі инфрақұрылымдар, жолдар, көлік сапасы, халықаралық туризм сұранысына жауап бере алмайды. Туризмді ел экономикасының бір саласы деп қарамаудан және осы салаға бейімделген арнайы мамандардың аздығынан, инфрақұрылымдардың әлсіздігінен бұл іске бел шешіп кірісу әлі де баяу жүруде. Қазір заман өзгерісіне сай халықтың да жағдайы жақсарды. Елімізде туристік саяхатқа, демалуға баратындардың саны күрт артты. Бұл ішкі туризм саласын дамытуға мүмкіндіктің бар екенін көрсетеді. Еліміздің тұрғындарын демалу үшін шетке шығармай табиғаты таңғалдырар өз жерімізде жағдайын жасап берсек, туризм сөз жоқ, өркен жаяды. Ал Шнейдмюллердің айтуы бойынша, соңғы кездері туризм бағытына инвестиция құюға мүдделі адамдардың қатары молайыпты. Ал ішкі және сырттан келушілер туризмі бойынша облыста 2007 жылы 7700 адамнан бастап, 2009 жылы 8300 адамға көбейеді. 2010 жылы 8600 адамнан бастап, 2011 жылы 8900 адамға жетеді деп болжанып отыр. Өткен жылы облыс аумағында демалушылар саны 7 мыңға жетіп, бар-жоғы екі шетелдік келіп, саяхаттап кетіпті. Биылғы жылы облыстың туристік фирмалары мен туризм орындарынан 65, 9 миллион теңге кіріс түседі деп есептеліп отыр.
Бұл жерді байлар сатып алған ба?. .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz