Мектепке дейінгі мекемелерде балаларға музыка арқылы эстетикалық тәрбие беру



1. Кіріспе
2. Музыканың бала өміріне әсері
3. Эстетикалық тәрбие берудегі музыканың рөлі
4. Тәрбиенің бір саласы .ән
5. Эстетикалық тәрбиенің мәні
6. Қорытынды
7. Пайдаланған әдебиеттер
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан 2030» страгетиясында Отанымыздың ұзақ мерзімге бағытталған «Денсаулық сақтау, білім беру салаларын жетілдіре отырып, барлық қазақс- тандықтардың тұрмыс-жағдайын жақсарту» деп көрсетті. [1]
Президентіміздің 2008 жылғы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру- мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты жолдауында: «Әзірге халықты мектепке дейінгі балалар мекемелерімен қамтамасыз етуде «бетбұрыс» жаса- ла қойған жоқ. Үкімет пен әкімдер барлық жерде бұл проблеманы терең зер- делеп, осы негізде бұл мәселенің шешімін әзірленуі тиіс. Кішкентай бүлдір-шіндердің дамуына ықпал ететін үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы ретіндегі мектепке дейінгі білім беруге баса назар аударған жөн. Және де бұл сатыны олардың шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін дамы- туға арналған тиімді бағдарламамен қамтамасыз ету қажет.
1. Н.Назарбаев «Қазақстан-2030» Алматы «Білім» 2001 ж
2. Елбасының 2008 жылғы халыққа жолдауы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру- мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» Оңтүстік Қазақстан газеті №22 2008 ж
3. Елбасының 2010 жылғы халыққа жолдауы «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу- Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Егемен Қазақстан газеті №5 2010 ж
4. Ұлт тағылымы «Музыкалық тәрбие - кәсіптік мамандыққа даярлау нысаны» К.Қыдырова, О.Әбдібекова №1 2003 ж
5. С.Ұзақбаева «Балаларға эстетикалық тәрбие берудегі халық дәстүрі» Алматы 1990 ж
6. Бастауыш мектеп «Музыка сабағы арқылы ұлттық тәрбие беру» Ә.Үсенов, С.Мәуленов №6 2005 ж
7. Қ.Жарықбаев «Ақылдың кені» Алматы «Қазақстан» 1991 ж
8. В.А.Сухомлинский «Балаға жүрек жылуы» Алматы 1976 ж
9. Қазақстан мектебі «Музыка өнерінің әлеуметтік-тәлімдік маңызы» І.Халитова, Р.Жолымбеков №11 2009 ж
10. Тәрбие құралы «Эстетикалық тәрбие берудегі музыканың рөлі» Л.Сафина №3 2009 ж
11. Қазақстан мектебі «Тәрбиенің бір бұтағы-ән» Г.Омарова №3 2009
12. Қазақстан мектебі «Мәдени-эстетикалық тәрбиенің мәні зор» Ә.Әнуарбек №9 2008 ж
13. Қазақстан мектебі «Эстетикалық тәрбие берудің кейбір жолдары» Ж.Құрманбекова №5-6 2007 ж

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Мектепке дейінгі мекемелерде балаларға музыка

арқылы эстетикалық тәрбие беру

Жоспар

1. Кіріспе
2. Музыканың бала өміріне әсері
3. Эстетикалық тәрбие берудегі музыканың рөлі
4. Тәрбиенің бір саласы -ән
5. Эстетикалық тәрбиенің мәні
6. Қорытынды
7. Пайдаланған әдебиеттер

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
Қазақстан 2030 страгетиясында Отанымыздың ұзақ мерзімге бағытталған
Денсаулық сақтау, білім беру салаларын жетілдіре отырып, барлық қазақс-
тандықтардың тұрмыс-жағдайын жақсарту деп көрсетті. [1]

Президентіміздің 2008 жылғы Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-
мемлекеттік саясаттың басты мақсаты атты жолдауында: Әзірге халықты
мектепке дейінгі балалар мекемелерімен қамтамасыз етуде бетбұрыс жаса- ла
қойған жоқ. Үкімет пен әкімдер барлық жерде бұл проблеманы терең зер-
делеп, осы негізде бұл мәселенің шешімін әзірленуі тиіс. Кішкентай бүлдір-
шіндердің дамуына ықпал ететін үздіксіз білім берудің алғашқы
сатысы ретіндегі мектепке дейінгі білім беруге баса назар аударған жөн.
Және де бұл сатыны олардың шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін
дамы- туға арналған тиімді бағдарламамен қамтамасыз ету қажет.
Әрі балалардың білім алуға, еңбекке және қоршаған ортаға бейімі,
қарым- қатынасы нақ осы кезеңде қаланатынын естен шығармауымыз керек
деп, айта отырып, елбасымыз мектепке дейінгі мекемелердің қолға алыну
керекті-гін және бұл мекемелер баланың дамуына көп көмектесетінін айтты.
[2]
Елбасымыздың биылғы Жаңа онжылдық- жаңа экономикалық өрлеу –
Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері атты жолдауында: 2020 жылға қарай
қалалық, сол секілді ауылдық жерлердегі балалар мектеп жасына дейінгі
тәрбие беру және оқытумен қамтылатын болады. Бізде мемлекеттік –жеке-
меншік әріптестігінің зор әлеуеті бар. Жекеменшік отбасылық балабақшалар
мен шағын орталықтар –бұл мемлекеттік мекемелерге балама.
Үкіметке әкімдермен бірлесіп үстіміздегі жылдың бірінші жартысында
–ақ балаларды мектеп жасына дейінгі оқытумен және тәрбиелеумен қамта-
масыз етуді арттыруға бағытталған Балапан арнайы бағдарламасын
әзірлеп, іске асыруға кірісуді тапсырамын -деп, білім минстрлігіне арнайы
сөзін бұрды.[3]

Бүгінгі таңда еліміздің дағдарыстан дамуға өтіп, даму жолының
баста-масы білім саласында мектепке дейінгі мекемеден басталмақ.
Сондықтан да 12 жылдық мектеп реформасын жолға қоюда балабақшаға оның
ішінде музыка сабағына көбірек көңіл бөлу керек деген ойды жүзеге асыру
үшін біз тақырыбымызды Мектепке дейінгі мекемеде балаларға музыка арқылы
эстетикалық тәрбие беру деп алдық.
Бұл тақырыпты зерттеуде алдымызға қойған мақсатымыз:
-Балабақшадағы музыка сабағының өз дәрежесінде өтуіне мүмкіндік жасау.
Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін алдымызға қойған міндеттер:
1.Бүгінгі таңдағы балабақшадағы музыка сабағының өтілу барысын зерттеу.
2.Тәлімгерлердің білімін жақсарту.
Зерттеу жұмысының нысаны: Түркістан қаласы №31 балабақша
Зерттеу әдісі: Ойшылдар, ағартушылар, мамандар мақалаларын,
еңбектерін оқып, талдап, салыстыру.

Музыканың бала өміріне әсері. Қоғамдық өнердің барлық салаларын
қайта құру өнерге де серпін берген сияқты жаңа шығармашылық ізденіске
құлшыныс жасалуда. Тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік даму
жолы өнердің барлық салаларын да ұлттық дарақылықты сақтау,
дербестігін мойындауды, даму жолдарын айқындауды қажет етеді.
Біздің қоғамымыздың жас мүшесінің нағыз адамзаттық дәйекті
көзқа- расының қалыптасуы тек білімге ғана негізделмейді, оған қоса
өзінің сезім түйсігінен, ар-ожданның елегінен өткен ақыл-ой қызметі
қажет. Бұл жерде өнердің алатын орны ерекше. Себебі біз өнер
бұлағынан сусындаған ата-бабаларымыздың музыка және өнер әлеміндегі ірі-
ірі тұлғалардың ғасырлар бойғы жинаған бай тәжірбиесінің арнасын
одан әрі кеңітіп дамытуымыз керек.
Музыканы қабылдау, әрине күрделі процес, осыған орай Д.Кабалевский
былай деп жазды: Музыкаға деген қызығушылық, музыкаға әуестену және
оны ұнату, оның ғажайып сұлулығы түсіну үшін қажетті шарт. Сонда ғана
ол өзінің тәрбиелік және танымдық рөлін атқара алатын болады. Ал музыкаға
қызықпаған, онымен айналыспаған, оны ұнатпаған адамға білім мен тәрбие
беремін деу сәтсіздікке ұшыратпай қоймайды. [4]
В.А.Сухомлинскийдің: Егер сәби шақта музыкалық шығарманың әсемді-
гін жүрекке жеткізе білсек, егер дыбыстардан бала адам сезімінің сан
қырлы реңін сезіне білсе, ол мәдениеттің ешқандай құралдармен жетуге
болмайтын сатысына көтеріледі. Музыкалық тәрбие- бұл музыкантты тәрбиелеу
емес, ең алдымен адамды тәрбиелеу деуінде үлкен шындық жатыр. [5] Ұлы
ойшыл Платон Музыка –адам жан дүниесін еріксіз еліктіріп, тұрмыс-
тіршіліктің қандайда болсын мұң –заласын ұмыттыратын сиқырлы күш- деп ой
түйінде-ген. [6] Музыканың негізгі мақсаты адамның эстетикалық
қажетін қана-ғаттандыру. Бұл поэзияға да ортақ қасиет, өйткені тіл
мен музыка тілі бір-біріне етене қатысқан кезде музыканың әсерлігі арта
түседі. Адамзатқа тән ерекше бір жақсы қасиет -өзін қоршаған дүниенің
әсемдік сырларына үңілу, содан рухани нәр алу, өзінің нәзік сезімін
образдар арқылы паш ету дейді ұлы ойшыл Әл-Фараби. [7]
Музыка, музыкалық дыбыстардың әсемдігі –адамгершілік және ақыл-ой
тәрбиесін берудің маңызды құралы, жүрек ізгілігі мен жан
тазалығының қайнар көзі. Музыка табиғаттың, адамгершілік қарым-
қатынастың, еңбектің сұлулығына адамдардың көзін ашады. Музыканың
арқасында адамда тек қоршаған дүниедегі ғана емес, сондай-ақ адамның
өзіндегі асқақ, сәулетті, әсем нәрсе туралы ұғым оянды. Музыка –адамның
өзін -өзі тәрбиелеудің қуатты құралы. Музыка –ақыл-ойдың қуатты қайнар
көзі. Музыкалық тәр- биесіз баланың ақыл-ойының толық құнды дамуы мүмкін
емес.Тек қоршаған дүние ғана емес, сондай-ақ адамның өзі, оның рухани
дүниесі, ақыл-ойы мен сөзі де музыканың алғашқы қайнар көзі болып
табылады. Музыкалық образ адамдарға шындық өмірдің заттары мен
құбылыстарының ерекшелік- терін жаңаша ашып береді. Баланың назары
–олардың алдынан музыка жа- ңаша тұрғыдан ашып берген заттар мен
құбылыстарға шоғырланғандай болады, сөйтіп, оның ойы жарқын
картинканың суретін салады; бұл кар- тинка сөзге айналғысы келеді. Бала
жаңа ұғымдар мен ойлар үшін дүниеден материал жинай отырып, сөзбен
шығарма тудырады. Баланың музыкаға деген сергектігін дамыта отырып,
біз оның ойын, талабын игі сезімге бөлей- міз.[8]
Музыка – сөздегі әуезділік секілді табиғат туындысы. Сөздің
басты элементі дыбыс, ал әріптер оның мәнін білдіретін құрамды бөлігі.
Музыка- ның басты элементі дыбыс, ал ноталар оның мәнін ашатын құрамды
бөлігі. Әріптер мен ноталар жасанды болса, дыбыстар –табиғат туындысы. Сөз
бен әуен екеуін тоғыстыратын да осы дыбыстар. Табиғаттың басқа туындылары
сияқты музыка да адамның жан дүниесіне әсер етеді. Айталық,
орман, таулар, ондағы өсімдіктер, көбелектер, құстар, т.б. табиғи
жаратылысының көркемдігімен адамды таңдандырса, музыка мен сөз өнерінің
туындысы поэ- зия қисыны, мағынасымен адамның сезім әлеміне қозғау
салады.
Бұл жерде көп сөз айтқаннан гөрі Абайдың екі ауыз ғана өлең
тармағын келтірсек жетерлік.
Құлақтан кіріп бойды алар,
Сұлу ән мен әсем күй...
Музыка өнерінің адамның сезім әлеміне әсерін ежелгі дәуірде-ақ
халық жақсы біліп, оны тұрмыста пайдаланған. Музыканың алғашқы туындысы
сөзді дыбыстаудағы әуезділік болса, оны бір сәт ұзағырақ уақыт аралығында
дыбыстап соза түскенде әуен пайда болады. Сөз бен әуеннің осы түйіскен
тұсын алдымен малды шақырғанда, мысалы, сиырды аухаулағанда, түйені көс-
көстегенде, жылқыны құру-құрулағанда, қойды түшәйттеп не болмаса ешкіні
шөрелеп шақырғанда пайдаланған. Ал табиғат қойнауында адасқан екі адам
бірін-бірі шақырғанда айқайлап қатты дыбыстаған. Бұларды музы-
калық дыбыстардың алғашқы элементі деуге болады. [9]
Эстетикалық тәрбие берудегі музыканың рөлі. Музыка эстетикалық
циклге жаттаын пәндердің бірі ретінде оқытылады. Музыка эстетикалық тәр-
биенің маңызды бір бөлігі бола отырып, баланың ақыл-ойы мен дене бітімін
жетілдіріп, жан-жақты өмір тәжірбиесін кеңейтуге, қызығуы мен ойлау қабі-
летін дамытуға, шығармашылық іскерлікке тәрбиелеуге мүмкіндік туғызады.
Эстетикалық тәрбиелеу көркемдік әсер етуге тірелмейді, оның құралдары
алуан түрлі, ал өнер, оның ішінде музыка сол құралдардың бірі ғана.
Бірақ мұнда өнердің, оның ішінде музыканың атқарар рөлі ерекше.
Өнердің эстетикалық тәрбие беруге қатысуы оның міндетті қызметтерінің
бірі болып табылады. Бұл міндетті қызмет, бірақ жалғыз және дербес қызметі
емес. Ол өнер атқаратын және оның табиғатымен, қоғамдық өмірдегі ерекше
орнымен анықталып, әлеуметтік қызметтердің күрделі жүйесімен жымдаса
байланысқан.
Музыкалық-эстетикалық тәрбиенің, дәлірек айтқанда, музыка
арқылы эстетикалық тәрбие берудің тікелей міндеті музыканың идеялық
мазмұнымен анықталады. Тұлғаның мақсатқа бағытталған даму жүйесін
құруды талап ететін эстетикалық тәрбие беру музыкасыз, оның қабылдануы мен
рөлін зер-делеусіз мүмкін емес. Музыканың күші оның жан-жақты әсер
ететінде.
Музыкалық шығарманы оқып, орындай отырып, бала эстетикалық тұрғы-дан
“өзінен-өзі” дамиды және ол үшін тәрбиеші тарапынан арнаулы күш-
жігер жұмсаудың қажеті жоқ деген пікір теориялық жағынан да, практикалық
жағынан да қате. Жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру үшін эстетика-лық
тәрбие беру мәселелеріне, мысалы, гармониямен, эстетикалық қабылдау- мен
және талғаммен байланысты мәселелер тәрбиешілер тарапынан арнаулы көңіл
бөлуді қажет етеді. Мектеп жасына дейінгі балаларға қабылдаудың
өткірлігі және тазалығы, өзіндік “сезімдік қызығу” тән, музыкаға
аса қы-зығады. Олардың музыкалық іс-әрекеттерін дұрыс ұйымдастыру, бір
жағы-нан, кіші жастағы балалардың эстетикалық сезімдері дамуына әсер
етеді, ал екінші жағынан, сәйкес қабілеттердің (есту, нәзік ажырату,
музыкалық есту, үнді есту қабілеті, т.б.) дамуына ықпал етеді. Әсіресе
балалар эмоциялық реакция туғызатын қасиеттерді, белгілерді,
ерекшеліктерді қабылдайды. Сон- дықтан музыка туындысын тікелей күшті
эмоция туғызатын белгілі бір акус- тикалық немесе оптикалық-акустикалық
ретінде қарастыруға болады.
Балалардың эстетикалық талғамын қанағаттандыра отырып, олардың
музыка өнері жөнідегі түсінігін кеңейтуде, ой-өрісін дамытуда заман талабы-
на сай құрылған музыка сабағының маңызы зор.
Балабақшадағы музыка сабағы балааларды әсемдік әлемінің таңғажайып
сырын терең түсініп, көркемдік атулыны шынайы сезінуге, одан рухани ләз-
зат, әсер алуға, ізгілікті мұрат-мақсаттарға жетелеп, өнегелі істерге
баулиды. Осы маңызды міндеттерді орындау үшін баланың бойындағы
қабілеттерді дамыту керек. Ал жалпы музыкалық қабілетін дамыту үшін
музыка пәнінің тәрбиешісі “сегіз қырлы, бір сырлы” болуы қажет. Ол -әнші,
музыкант, актер, әдебиетші, тарихшы –қысқасы, ғылымның әр саласынан
хабардар болғанда ғана, бүгінгі күн талбына сай тәрбиеші бола алады.
Мектепке дейінгі кезеңде білім берудің түбегейлі мақсат-
міндеттерін жүзеге асыруда музыка пәнінің де алатын орны ерекше. Балалардың
эстети- калық талғамын, рухани байлығын, әсемдігін, терең сезімін,
музыкалық сауатын қалыптастыруды шығармашылық тыңдау, музыканы айту,
тыңдау арқылы жүзеге асыру үшін музыка пәні тәрбиешілерінің алдына
көптеген міндеттер жүктейді.
Мектеп жасына дейінгі балаларға музыка пәнін оқытудың басты міндеті
және мақсаты – балаларды сабақтарда түрлі көрнекілік іс-әрекеттерге қатыс-
тыра отырып, балалар жүрегіне халық дәстүрінің рухына толы, оны қабылдай
алатын біртұтас көркемдік-эстетикалық мүмкіндіктер туғызу.
Балалар музыка сабағынан өзін қоршаған дүниенің әдемілігі мен сұлулы-
ғын өнермен үйлесімді сезінуге тиіс болса, тәрбиеші осыларға сәйкес музы-
калық шығармалардың терең педагогикалық дәстүрін таныта білетін тәрбие-нің
әдістемелік көздерін табуы қажет.
Музыка сабағы балабақшадағы басқа пәндерге қарағанда балаларға ерек-
ше әсер етіп, олардың ой-өрісінің дамып, шығармашылығының қанаттануына зор
ықпал етеді. Музыка сабағы арқылы балалар ән айтып, музыка тыңдап қана
қоймайды, ғылым-білімнің әр саласынан мағұлмат алып, бойларындағы қалаған
өнердің немесе мамандықтың негізін қалыптастырады.
Музыка сабағында балалар еркін ойлап, қиялдап, өз қиялдарының нәти-
жесін баяндауға немесе суреттеуге дағдыланады. Балалардың өнерге сүйіс-
пеншілігі, өмірге құштарлығы, еңбекке, іскерлікке ынтасын артып отыруы
үшін тәрбиешінің әр сабақты сапалы да жүйелі ұйымдастыруы қажет. Дұрыс
ұйымдастырылған музыка сабағы арқылы балалардың бойында адамгерші-
ліктің, жоғары мәдениеттіліктің негізі қаланып, саналы, тәртіпті, ақылды
бо- лып қалыптасады.
Музыка сабағы бірнеше іс-әрекеттерден тұрады: ән айту, музыка
тыңдау, музыка сауаты. Осы негізгі іс-әрекеттерді жүзеге асыру үшін қосымша
дауыс жаттықтыру, шығармашылық тапсырмалар, музыкалық ойындар қолданыла-ды.
Еліміздің тәуелсіздікке қол жеткізіп, өз өнеріміз бен рухани байлығымыз-ды,
әдет-ғұрпымыз бен салтымызды толық меңгеруге мүмкіндік алған кезде,
халқымыздың ғасырлар бойы жиналған бай мұрасын ұрпақтан-ұрпаққа
жалғастыру – музыка пәні тәрбиешісінің басты мақсаты болуы
керек. Сондықтан музыка пәні тәрбиешісі үнемі ізденіспен, әр сабағында
балалар-дың бойына ізгілік пен адамгершіліктің, әсемдік пен сұлулықтың,
инабат-
тылық пен қайырымдылықтың нәрін беретіндей әдістерді қолданып отыру
керек.[10]
Тәрбиенің бір саласы -ән. Еліміздің ертеңгі болашағы –бүгінгі өсіп
келе жатқан жас ұрпақ. Ендеше ертеңгі қоғам мүддесіне лайықты, жан-
жақты жетілген, бойында ұлттық сана, ұлттық психология қалыптасқан,
парасатты азамат тәрбиелеп өсіру басты міндетіміз екенін үнемі
назарда ұстауымыз қажет. Сондықтан балабақшаларда ұрпақ тәрбиесіне аса
жауапты қарау- тәр- биешілердің негізгі парзы. Бала-ұрпақ-өркен деген
ұғымдар ерекше ескері-ліп, бүгінгі күннің ең маңызды мақсаты жан-
жақты бала тәрбиесі болуы қажет екенін уақыттың өзі көрсетіп отыр.
Тәуелсіз еліміздің ертеңгі білімінің жеткен жетістігі келер ұрпақтың
тәрбие тағылымының тереңдігімен өлшене-тіні мәлім.
Балалардың санасын қалыптастыруда музыканың алатын орны ерекше.
Оларды тәуелсіз еліміздің білімді де мәдениетті азаматы етіп
тәрбиелеу барысында отандық патриоттық әндердің алатьын орны бөлек.
Әрине бұл бағытта жасалып жатқан тың жұмыстар, тәрбие үдерісіне еніп
жатқан ән-күй-лер көп болмаса аз емес. Осылай десек те, балабақша
бағдарламалары жұтаң. Ондағы тәрбиешілер балаларға осыдан жиырма –отыз
жыл бұрын шыққан, әбден балдырғандарды мезі еткен, кеңестік заманның
сарыны байқалатын, дәуірі өткен ескі әндерді үйретіп, әлі соны айтқызып
жүр. Оның үстіне соңғы жылдары балалар тақырыбына ән жазатын сазгерлер
де қазір бізде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі мекемелерде музыкалық аспапты қолдану жолдары
Балабақшадағы балалардың музыкасы
Тыңдауға арналған музыкалық репертуарлар
Мектепке дейінгі мекемелерде музыка арқылы эстетикалық тәрбие беру жолдары
Ойындар үйретудің балалар өміріндегі рөлі
Мектепке дейінгі балаларға ән салуды үйрету
Мектепке дейінгі ұйымдардың күнделікті өміріндегі музыка және оны пайдалану жолдары
Барлық дауысты дыбыстарды анық айту
Мектепке дейінгі мекемелердегі дене тәрбиесі
Балалардың музыканы қабылдай білу қабілеттілігі жайында
Пәндер