Оқушылармен жеке жасалынған жұмыс қорытындысы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Оқушылармен жеке жасалынған жұмыс қорытындысы .

10. 12. 2009-25. 12. 2009 күндер аралығында ата-анасының тапсырысы бойынша

1 "Б" сынып оқушысы Тұран Диаспен зерттеу жұмыстары жүргізілінді. Мақсат- есте сақтау қабілетінің төмен екендігі және сыныптағы оқушылармен қарым қатынасын байқау.

Жүргізілген әдістемелер;

Зерттеу барысында Кери Йирасектің мектептік жетілу тестінің көмегімен Диастың мектепке бейімделуі деңгейі анықталды. Тест қорытындысы бойынша Диастың бейімделу деңгейі орташа.

Есте сақтауды дамытуға арналған ойындар жүргізілінді; «Менің ісімді қайтала» мақсаты- есту қабілетін дамыту, «Тыңда және орында» мақсаты-зейінді және ойды дамыту.

Зерттеу барысында жаттаудың түрлі әдістері қолданылды: көру арқылы есте сақтау, есту арылы есте сақтау және қол қимылы арқылы есте сақтау. Үш әдістің ішінен Диасқа қолайлы болған әдіс- қол қимылы арқылы есте сақтау әдісі. Бұл әдіс жаттаудың мағынасына қарай қолды қимылдатып отырамыз.

Дарынды оқушылармен жүргізілген жұмыстар:

Дарынды оқушыларға құрылған жұмыс жоспары бойынша мынадай жұмыстыр атқарылды:

Дарындылықты анықтауда бірнеше жақта қарастырылды. Интеллектуалдық дарындылық, шығармашылық дарындылық, әртістік дарындылық, музыкалық дарындылық, техникалык дарындылық және спорттық дарындылық.

Хаан мен Кафф әдістемесі негізінде жасалынған «Дарындылық картасы » әдістемесі жүргізілді. Негізгі қызметі-диагностикалау, екінші қызметі-дамытушылық. Бұл әдіс-10, 9, 8, 7 сыныптың дарынды оқушыларымен жүргізілді.

Жұмыс барысында дарындылықтың қалыптасу деңгейлері екі топта қарастырылды.

Актуальді дарындылық -бұған қабілеттілігі қалыптасқан белгілі іс-әрекетте өз жетістігін байқата алатын әлеуметтік ортада, үлкен сында жоғары көрсеткішті иемдене алатын балаларды жатқызуға болады. Бұл топқа жататын оқушылар-Күмісбек Ғани 10 «Ә», Әбдуали Аян 10 «Б», Ехсан Айкерім 8 «А», Орал Дидар 11 «Ә», Қазалиев Алмас 10 «А» т. б

Потенциалдық дарындылық - баланың жалпы психикалық мінезінде белгілі бір қабілеті бар, бірақ ол еш жерде байқалмайды, сондықтан жағдай жасағанда ғана нәтижелі болады. Бұл топқа жататын оқушылар- Қазалиева Іңкәр 8 «А», Жақсұғұлова Зухра 8 «Ә», Дастанов Санжар 9«А» т. б

Үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілген жұмыстар:

2009-2010 оқу жылындағы үлгерімі төмен оқушыларға құрылған жұмыс жоспары бойынша мынандай жұмыстар атқарылды:

Оқушылардың оқу пәндеріне үлгермеу себептерін, оқу әрекетіндегі басты қызығушылықтарын, қарым-қатынасының және іс-әрекетінің әртүрлі аймағындағы қорқынышты зерттеу, таным процестерін анықтау мақсатында “Оқудағы үлгермеудің себептері”, “Оқуға деген қызығушылығы”, “Қызыл-қара кесте”, “Аяқталмаған сөйлем” атты тест, сауалнамалар жүргізілді. “Сиқырлы орман”, “Әңгіме құрастыру” ойындар мен жаттығулар өткізілді.

Психологиялық көмек

Психологиялық қызметтің 2009-2010 оқу жылының атқарған жұмысының жарты жылдық есебі.

Жаңа оқу жылында біздің жұмысымыз бірінші сынып оқушыларының арасында Кери-Ийрасиктің әдістемесін өткізуден басталды. Мақсаты-оқушылардың мектепке психологиялық дайындығымен мектеп өміріне бейімделуін байқау.

1-сыныптардан 179 оқушы сынақтан өтті. Сынақ қорытындысы бойынша оқушылардың мектепке психологиялық дайындығымен мектеп өміріне бейімделуін төмендегі кестеден байқауға болады.

:
1"А": 1"А"
1"Ә": 1"Ә"
1"Б": 1"Б"
1"В": 1"В"
1"Г": 1"Г"
1"Д": 1"Д"
1"Е": 1"Е"
: Жоғары деңгей
1"А": 60%
1"Ә": 80%
1"Б": 60%
1"В": 60%
1"Г": 50%
1"Д": 55%
1"Е": 60%
: Орташа деңгей
1"А": 30%
1"Ә": 20%
1"Б": 40%
1"В": 40%
1"Г": 30%
1"Д": 25%
1"Е": 30%
: Төмен деңгей
1"А": 10%
1"Ә": 10%
1"Б":
1"В":
1"Г": 20%
1"Д": 15%
1"Е": 10%

Бірінші сынып оқушыларымен мектепке бейімделу деңгейін қалыптастыру мақсатында, баланың мектепте оқуына психологиялық дайындығын дамытуға арналған жаттығулар мен ойындар өткізілді.

5-ші сынып оқушыларының жаңа буынға бейімделулерін, қалыптасу деңгейін анықтап, оқушылардың жаңа буынға тез бейімделіп кетуіне жағдай жасалып, көмек көрсетілді. Филлипс тесті алынып қорытындысы шығарылды. “Кел, танысайық!”, “Бесінші сынып дегеніміз не?”, “Біз және біздің дағдымыз”, “Біз және біздің кемшіліктеріміз бен жетістіктеріміз”, “Біз және біздің сынып” атты тренингтер, сауалнамалар жүргізілді. Зерттеу қорытындысы бойынша оқушылардың бейімделу деңгейлері, жоғары деңгейді көрсетті.

8-сынып оқушыларымен танымдық интеллектуалдық және логикалық қабілеттерін анықтау мақсатында В. Серебрякофтың «Интеллектуалдық» тесті алынды. Тест қорытындысы бойынша, оқушылардың логикалық даму деңгейлерінің жоғары екенін көрсетті.

Мінез-құлықтағы жағымды қасиетті қалыптастыру, дамыту, өзара әрекеттестікті жетілдіру, ұйымшылдыққа баулу мақсатында Эмоция”, ойындары және “Темперамент тесті” алынды. Темперамент тестінің қорытындысын төмендегі диаграммадан көруімізге болады.

Мектеп бітірушілердің кәсіптік қабілеттерін шағын зерттеу аясында 9-сынып оқушылары сынақтан өтті. 9-сыныпты бітірушілердің кәсіптік жеке бейнесін бағалау барысында оқушылар төмендегідей мамандықтарды таңдаған.

10- сынып оқушыларынан «Интеллектуалдық кәсіптік қабілеттілік»тесті және «А. Климовтың дифференциалды-диагностикалық» сауалнамасы жүргізілінді. Мақсат- оқушылардың пәндер бойынша логикалық деңгейлерін және пән аралық байланыстарын анықтау. Тест қорытындысы төмендегідей көрсеткішті көрсетеді.

11«А», «Ә» сыныптарына сауалнама жүргізілді. Мақсаты- оқушыларды мамандық таңдауға бейімдеу.

Зерттеу жұмысына оқушылар толық қатысты. Оқушылардан алынған сауалнаманың нәтижесі:

Қандай жоғарғы оқу орнына түсесіз?- деген сұраққа, ЕҰУ -тін көбі таңдаған. Қандай мамандық таңдадың және неліктен осы мамандықты таңдадың?- деген сұраққа, «өзіміздің қалауымыз бойынша, кішкентай кезіміздегі арманымыз» деп жауап берді. Болашақтағы жоспарың?- деген сұраққа, «ҰБТ-дан жоғары ұпай жинау, өз ісін жақсы меңгерген маман болу, жақсы жерге жұмысқа орналасу, елімізді көркейтуге қызмет ету, өмірден өз орнымызды табу»- деп жауап берген.

«Ұлттық бірыңғай тестілеудің психологиялық жағдайларын шешу жолдары»атты лекция оқылды. Мақсат-бірыңғай мемелекеттік емтиханға дайындық кезеңінде оқушылардың мінез-құлық стратегиясымен тактикасын өңдеуін, өзін-өзі реттеуін, өзін-өзі бақылау дағдысын қалыптастыру.

Лекция барысында Ұлттық бірыңғай тестілеудің психолгиялық шешу жолдары бойынша оқушыларға күн тәртібін құруға, материалдарды есте сақтап, қайта жаңғыртуға, өз қабілеттерін молынан қолдауға, стресстік жағдай бола қалғанның өзінде, оны жеңудің жолдары бойынша ауқымды ақпарат оқылып, оқушылармен талданды.

Өз кезегінде оқушылар қызығушылықтарын білдіріп, өз күн тәртіптерімен бөлісіп, болашақта жаңадан алынған ақпараттарды іске қосуға ниет білдіріп жатқандар да кездесті.

«Ұлттық Бірыңғай Тест-білім сапасының негізі» атты тренинг өтілді.

Тренинг мақсаты:

Мектеп түлектерінің ҰБТ-ға дайындығын тексере отырып, қорқыныш пен іштей қинаған сезімдерден құтылуға, адал болуға психологиялық көмек көрсете отырып, бойларына сенімділік ұялату, жол таңдай білуге үйрету.

Сабаққа арналған орын

Жұмыс кеңістігін дұрыс ұйымдастыр. Үстел үстіне сары және күлгін түстен суреттер мен заттар қой, өйткені ол интеллектуалдық белсенділікті арттырады.

Үлкен материал қорын қалай есте сақтау керек

Материалды сұрақтар бойынша қайтала. Алдымен еске түсір және міндетті түрде білетініңді барлығын қысқаша жаз, сосын даталар мен фактілердің дұрыстығын тексер. Кітапты оқу кезінде жауаптың тірек пунктері мен негізгі ойларды сыз. Кішкене қағаздарға әрбір сұраққа жауаптың қысқаша жоспарын құруды үйрен. Емтиханнан бір күн бұрын жауаптардың қысқаша жоспарын қарап шық.

Ойды қалай дамытамыз?

1. Ақылды болғың келсе парасаттылықпен сұрақ қоюға, мұқият тыңдауға, ештеңе айту қалмаса үндемеуге, салмақты жауап беруге үйрен.

2. Білімді ойлаусыз игеру мүмкін емес, білімсіз ойлау да мүмкін емес.

3. Ойлауды дамыту - бұл өз ақылыңды байыту. Білім қайнары әртүрлі болуы мүмкін: мектеп, кітаптар, теледидар, адамдар. Олар заттар мен құбылыстар, адамдар туралы хабарлар береді.

4. Ойлау сұрақтардан басталады. Барлық ашылулар «Неге?» және «Қалай?» сұрақтар арқылы жасалынған. Сұрақ қоюға? Оған жауап табуға үйрен.

5. Ойлау - дайын стандартты шешімдер керекті нәтижеге жетуге мүмкіндік бермегенде белсене түседі. Сондықтанда ойлауды дамыту үшін зат немесе құбылысты жан-жақты көре білу әдеттегіден жаңаны байқай білу іскерліктерін қалыптастыру.

6. Затта немесе құбылыста түрлі белгілерді байқау, ойлау қасиетіне қажет заттар немесе құбылыстарды өзара салыстыру қабілетін игеру.

7. Адам объектінің белгілерін неғұрлым көп байқаса, оның ойлауы соғұрлым жетілген. Бұл іскерлікті зеріктікке, аңғарымпаздыққа арналған ойындарда, логикалық есептер мен басқатырмаларды шешкенде жаттықтыруға болады.

8. Ойлау мен сөлеу бөлінбейді. Ой дамуының міндетті түрдегі шарты - оқығанын еркін жеткізу, пікір-сайыстарға қатысу, жазба сөйлеуін белсенді қолдану, өзің аяғына дейін түсінбейтініңді басқаға айтып беру.

Есте сақтаудың кейбір заңдылықтары

1. Есте сақтаудың қиындығы оның көлеміне пропорционалды өседі. Үлкен үзіндіні оқыту қысқаға қарағанда тиімдірек.

2. Біркелкі жұмыста есіңде сақтағаның көп болса, онда түсіну де жоғары.

3. Бөліп оқыған, бірден оқығаннан жақсы. Бірден оқымай үзілістермен, аз-аздап оқыған жөн.

4. Жай ғана бірнеше рет оқығаннан гөрі, есіңде қалғанын қайталауға көп уақыт бөлген тиімдірек.

5. Егер көп және аз екі материалмен жұмыс істесең, көбінен бастағаның жөн.

6. Түсінде адам есте сақтамайды және де оны ұмытпайды.

Жұмыс қабілетін қолдану шарты

1. Ақыл-ой мен дене еңбегін кезектестіру

2. Гимнастикалық жаттығуларды, яғни денені айналдыру, баспен тұру жаттығуларын жасаған дұрыс, өйткені ми жасушаларына қан жақсы жүреді

3. Көзді сақтау үшін, әрбір 20-30 минутта үзіліс жасау (кітаптан көзіңді

СТРЕСС

Қазіргі заманда жиі қолданатын, сәнді сөз.

СТРЕСС - бұл адам ағзасының физикалық және психикалық тұрғыдан күштену қалпы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының үлгермеушілігінің алдын алу және жеңудің жолдары
Студенттердің педагогикалық практикасын кешенді тапсырмаларды құрастыру және қолдану негізінде жетілдіру
Математикалық ұғымдар туралы түсінік
Сабақтың тиімділігін арттыру мақсатында оқыту технологиясын тиімді пайдалану жолдары
Жоғары сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмысы
Инклюзивті білім берудің ерекшеліктері
Білім беру мекемелеріндегі педагог- психологтың атқаратын қызметі
Қызметін жаңа бастаған ауыл мектебі мұғалімінің кәсіби бейімделуінің педагогикалық жағдайлары
Оқушылардың денсаулығы басты назарда
Бастауыш сыныпта инклюзивті білім беруді ұйымдастыру ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz