Әкімшілік құқық бұзушылық туралы



1 Әкімшілік құқық бұзушылық
2 Мемлекеттік басқаруды жетілдіру
3 Қоғамдық қатынастарды әкімшілік . құқықтық реттеудің ерекшеліктері
Мемлекеттік басқару саласында қоғамдық қатынастарды реттейтін заң нормаларының жүйесі. Әкімшілік құқық бұзушылық қарым-қатынастардың бір тарабы мемлекеттік басқару органдары немесе осы органның лауазымды адамы, ал екінші тараптан мемлекеттік орган мен лауазымды адамы, сонымен қатар жекелеген адамдар (еліміздің азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар), қоғамдық ұйымдар, ұжымдық қоғамдар болуымен сипатталады. Адамдардың қызметі, олардың мінез-құлқы, сонымен қатар белгілі бір мүлкі әкімшілік-құқықтық қатынастардың объектісі болып табылады.
Әкімшілік құқық - Қазақстан Республикасы құқық жүйесінің ең үлкен және күрделі салаларының бірі.
Қоғам өмірінің аса маңызды жақтарын құқықтық реттеу қандай да болмасын мемлекеттің ажыратылмас элементі екендігі ежелден белгілі. Мемлекеттік әкімшілік - құқықтық нормалар арқылы өзінің өкілетті органдары атынан қоғамның қажеттерін қанағаттандыру және де азаматтарының өміріне қалыпты жағдайларды қамтамасыз ету үшін экономикалық және әлеуметтік, мемлекеттік мәні бар аса маңызды ұйымдық шараларды жүзеге асырып отырады.
1. Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. - Алматы: Жеті жарғы, 2008

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Мемлекеттік басқару саласында қоғамдық қатынастарды реттейтін заң
нормаларының жүйесі. Әкімшілік құқық бұзушылық қарым-қатынастардың бір
тарабы мемлекеттік басқару органдары немесе осы органның лауазымды адамы,
ал екінші тараптан мемлекеттік орган мен лауазымды адамы, сонымен қатар
жекелеген адамдар (еліміздің азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы
жоқ адамдар), қоғамдық ұйымдар, ұжымдық қоғамдар болуымен сипатталады.
Адамдардың қызметі, олардың мінез-құлқы, сонымен қатар белгілі бір мүлкі
әкімшілік-құқықтық қатынастардың объектісі болып табылады.
Әкімшілік құқық - Қазақстан Республикасы құқық жүйесінің ең үлкен және
күрделі салаларының бірі.
Қоғам өмірінің аса маңызды жақтарын құқықтық реттеу қандай да
болмасын мемлекеттің ажыратылмас элементі екендігі ежелден белгілі.
Мемлекеттік әкімшілік - құқықтық нормалар арқылы өзінің өкілетті органдары
атынан қоғамның қажеттерін қанағаттандыру және де азаматтарының өміріне
қалыпты жағдайларды қамтамасыз ету үшін экономикалық және әлеуметтік,
мемлекеттік мәні бар аса маңызды ұйымдық шараларды жүзеге асырып отырады.
Мемлекеттік басқаруды жетілдіруде оның тиімділігін және мемлекеттік
органдардың қабылдаған шешімдері үшін азаматтардың алдындағы
жауапкершілігін арттыруда әкімшілік құқық маңызды құрал ретінде рөл
атқарады. Оның көмегімен қоғамдық өмірдің әртүрлі жақтарының басым
көпшілігін қамтитын мемлекеттік басқару саласында Қазақстан Республикасының
заңдарының орындалуы қамтамасыз етіледі.
Әкімшілік - құқық азаматтардың мемлекетті басқаруға қатысуларының
құқықтық және ұйымдық нысандарын бекітеді, өкілетті органдар мен лауазымды
адамдар үшін де, сондай-ақ қатардағы азаматтар үшін де тиісті
мінез-құлық ережелерін тағайындайды. Оның көмегімен Қазақстан
Республикасында құқықтық қатынастарға барлық қатынасушылардың құқықтық
мәдениеті қалыптасады. Қазіргі кезеңдері әкімшілік құқықтың негізгі
проблемаларының бірі - өкілеттік орталық органдары мен жергілікті
органдарының арасындағы біріне-бірінің бағыныстылығы мен өзара бірлесіп іс-
қимыл жасаудың жаңа қатынастарының құру проблемасы болып отыр.
Бұл проблеманың маңыздылығы және оны шешудің түбегейлі нақтылы жолдары
Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан
халқына Қазақстан - 2030 жолдауында тұжырымдалып , ерекше атап қойылған.
Қазіргі кезде ең бір қауіпті құбылыс - бұл қоғамдық өмірдің барлық
салаларына барған сайын дендеп ене бастаған сыбайлас жемқорлық. Ол қоғамның
барлық салаларына, мемлекеттің Конституциялық негіз
деріне қатер төндіреді. Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің,
Ұлттық қауіпсіздік туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы
заңдардың ерекше маңызы бар.
Қазіргі кезеңдегі ғылымда әкімшілік құқық терминінің әртүрлі
анықтамаларын кездестіруге болады. Мысалы, оқулық әдебиеттерде әкімшілік
құқық-тиісті мемлекеттің құқық жүйесінің дербес саласы деп айтылған, ол
жалпы түрде әкімшілік құқықты басқару құқығы деп айтуға болады делінген.
Заң энциклопедиясы әкімшілік құқықтың (ағылшынша adminis trative faw )
ұғымын мемлекеттікбасқаруды ұйымдастыру және оның атқару - өкім ету
қызметінің процесінде пайда болатын қоғамдық қатынастардың реттейтін ұсақ
саласы ретінде анықталған.
Сонымен, әкімшілік құқықты сипаттайтын аса маңызды мына төмендегідей:
1.Әкімшілік құқық - құқықтың дербес саласы.
2.Ол мемлекеттік басқару саласында қалыптасатын қоғамдық қатынастардың
реттеушісі болып табылады.
3.Әкімшілік құқықтың негізгі мазмұны Қазақстан Республикасы мемлекеттік
және өзін - өзі басқару органдарының , олардың лауазымды адамдарының және
Азаматтарының басқару қызметі болып табылады.
Әкімшілік құқық мемлекеттің басқару саласындағы пайда болатын, дамитын
және тоқталатын қоғамдық қатынастарды ғана реттеуге арналған.
Барлық осы тәрізді қоғамдық қатынастар қалай болғанда да мемлекеттік
басқару органдарының, яғни атқарушы органдардың атқарушылық - өкім етушілік
қызметін жүзеге асыру процесімен байланысты.
Әкімшілік құқық экономикалық , әлеуметтік- мәдениет және әкімшілік - саяси
құрылысқа басшылық жасау туралы мемлекеттік басқарудың міндетте
рін жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастардың белгілі бір тобына
ғана ерекше көңіл аудара отырып , арнайы бағыттау арқылы өзінің реттеушілік
ықпалын тигізеді. Сонымен бірге бұл қоғамдық қатынастар мемлекеттік басқару
органдарының басқару функцияларын жүзеге асыру барысында пайда болады.
Сонымен, әкімшілік құқықтың пәнін шын мәнісінде басқарушылық қоғамдық
қатынастар құрайды.
Оған тағы бір басқа тағайындалған құқықтық режимді сақтауды да, реттелетін
басқарушылық қатынастар шеңберінде тараптардың заңды құқықтары мен
мүдделерін қорғауды да қамтамасыз ететін құқық қорғау (юрисдикция)
функциясы қосылады.
Әкімшілік құқық - атқарушы билікті мемлекеттік басқару қызметін нақтылы
жүзеге асыруға байланысты және сол туралы пайда болатын қоғамдық
қатынастарды реттеуге арналған құқықтық нормалардың жиынтығы болып
табылады, Қазақстанның құқықтық жүйесінің саласы бола алады.
Әкімшілік құқық реттеу функциясын жүзеге асыра отырып, басқару
қатынастарына, оларға қатынасушылардың мінез - құлқына өз нормаларының
реттеушілік ықпал жасайтын құқықтық құралдарының немесе тәсілдерінің
белгілі бір жиынтығын пайдаланады.Бұл қоғамдық қатынастарды құқықтық
реттеудің әдістері болып табылады.
Қазақстан құқығының қай саласы болмасын құқықтық реттеудің құралы ретінде
мынадай үш заңдық мүмкіндіктерді пайдаланады: тапсырма беру, тыйым салу,
ерік беру.
1.Тапсырма беру - құқықтық нормада қаралған жағдайда осы не басқа іс -
қимыл жасауаға тікелей нақты түрде міндет жүктеу.
2.Тыйым салу - құқықтық нормада қаралған
жағдайда осы не басқа іс-қимылды жасамауға тікелей заңды түрде міндет
жүктеу.
3.Ерік беру - құқықтық нормада қаралған жағдай осы не басқа іс - қимылды
өзінің қалауы бойынша жасауға заңды түрде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әкімшілік жауаптылықтан босату институтындағы құқықтық қатынасты ізгілендіру мәселесі
Әкімшілік жауаптылық
Әкімшілік құқық бұзушылық үшін тағайындалатын жауаптылық
Әкімшілік құқық бұзушылық ұғымы
Әкімшілік құқық бұзушылық заңнама туралы
Әкімшілік жауапкершіліктің түсінігі
Әкімшілік құқық бұзушылық – әкімшілік жауаптылық негізі: ұғымы, ерекшеліктері
Әкімшілік жазаларды қолдану ережелері
ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕР ЖӘНЕ ДӘЛЕЛДЕУ
Әкімшілік құқық бұзушылықтың түрлері
Пәндер