Мектепке дейінгі балаларға көркем шығарма арқылы эстетикалық талғамын қалыптастыру
Кіріспе
І. Мектеп жасына дейінгі балаларға көркем шығарма арқылы эстетикалық талғамын қалыптастырудың ғылыми практикалық негіздері
1.1. Мектеп жасына дейінгі балаларға көркем шығарма арқылы эстетикалық талғамын қалыптастырудың міндеттері
1.2. Мектеп жасына дейінгі балаларға көркем шығарма арқылы эстетикалық талғамын қалыптастырудың негізгі құралдары
ІІ. Көркем шығарма арқылы мектеп жасына дейінгі балаларға эстетикалық талғамын қалыптастырудың әдістемесі
2.1. Көркем шығарма арқылы мектеп жасына дейінгі балаларға эстетикалық талғамын қалыптастырудың формалары мен түрлері
2.2 Көркем шығарма арқылы мектеп жасына дейінгі балаларға эстетикалық талғамын қалыптастырудың әдістемесі
Қорытынды

Еліміздің төл Конституциясы, жаңадан қабылдаған Тіл туралы және Білім туралы Заңдарында бүкіл қоғамның, сол сияқты жеке тұлғаның мәдени және рухани дамуының басты құралы жас ұрпаққа білім беру мен ғылымды, мәдениет пен өнерді заман талабына сәйкес өркендете отырып, балалардың бойында имандылық, эстетикалық, адамгершілік,ізгілік қасиеттерді қалыптастыру мәселелеріне ерекше көңіл аударылған. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының алдында тұрған жауапты міндеттердің бірі ел экономикасын жаңа бағытта жеделдетіп дамыту. Бұл жөнінде ел басы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2030» стратегиясында: «... барлық қазақстандықтардың өсіп өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы, экономиканы дамытудағы жетекші фактор»,- деп атап көрсетті [1, - 5б].
Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі «Балапан» бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 қаңтардағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын іске асыру мақсатында әзірленген[2].
Әр халықтың эстетикалық дүниетанымы, мәдениеті, эстетикалық талғамы өнер және әдеби туындыларымен ерекшеленетіні өмір шындығы. Ұрпақ тәрбиесінде халық көркем шығармалары баланы сұлулық заңдылықтарымен таныстыру және әсемдікке баулу құралы екені сөзсіз. Өйткені, көркем әдебиет жанрларын балалар бар жан-жүрегімен қабылдайды, сезінеді, сол арқылы өмірді танып, оған көзқарасы қалыптасады, мінез-құлық мәдениеті жетіліп, қоршаған орта туралы білімі дамиды.

1 «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 27.07. 2007 ж., № 319-III ҚР Заңы. Астана. Ақорда
2 Балапан бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
3 Аль-Фараби. Трактаты о музыке и поэзии / пер. с араб. АН Республики Казахстан, Институт философии, ответст. ред. Бурибаев М.С., Алматы: Ғылым, 1992. - 452 с.
4 Грибовская А.А., Левченко Т.А. «Народное искусство и детское творчество»: Метод. пособие для воспитателей – Алматы: Просвещение-Казахстан, 2007 год
5 Дүйсембінова Р.Қ. Қазақ этнопедагогикасын мектептің оқу-тәрбие процесіне ендірудің ғылыми-педагогикалық негіздері. Пед. ғыл. док. дисс. автореф., -Алматы, 2000.-43 б
6 Ушинский К.Д. Педагогические соч.: в 8 т., Москва, 1988, Т.4, -350 с.
7 Выготский Л.С. //Собр.соч.: Москва, 1984, -432 с
8 Калюжный А.А. Теория и практика профессиональной подготовки учителя к нравственному воспитанию учащихся в целостном педагогическом процессе:. дисс.док. пед. наук:. 2б.04.95. -Алматы. 1995.-295с
9 Қожахметова К. Қазақ этнопедагогикасының теориялық- методологиялық негіздері. Пед. ғыл. докт. дис. -Алматы, 1999, -330 б
10 Құлжанова Н. Мектептен бұрын тәрбие. - Алматы, 1923. 10 -15 б
11 Ильясова А.Н. Проблемы развития педагогической теории Казахстана (1900-1960): дисс. док. пед. наук:. 25.09.97. —Алматы, 1997. - 300 с
12 Баймұратова Б.Б Бақшадағы даярлыќ топ балаларының тілін дамыту. Алматы, 1984. 18-24б
13 Меңжанова. А.К. Мектепке дейінгі педагогика. – Алматы, -1984. 23-30б
14 Жиенбаева С.Н. Мектепке дейінгі балаларды еңбекке баулудың ғылыми педагогикалық негіздері. Дис...,пед. ғыл. канд. Алматы, 2002. 50-55б.
15 Наурызбай Ж.Ж. Научно-педагогические основы этнокультурного образование школьников: Автореф. дис. .. докт. пед. наук. – Алматы, 1997. – 45с.
16 Божович Л.И. Личность и ее формирование в детском возрасте, Москва, 1978, -310 с.
17 Подласый И.П. Педагогика. Новый курс, Учебник для студентов педагогических вузов. В 2-х кн., - М.;Владос, 2000. Кн. 1. - 576 с.
18 Сәдірмекова Ж. Жеткіншектерді халықтық педагогика арқылы адамгершілікке тәрбиелеу: Пед. ,ғыл.канд. дисс. ... авторефераты. – Алматы, 1995. – 23б - 30 б.
19 Ильина Т.А. Педагогика. М., "Просвещение", 1984.
20 Әбілдина С.Қ. Қазақ халқының ауызекі шығармашылығы арқылы бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуге болашақ мұғалімдерді даярлығын қалыптастыру. пед.ғыл.канд. дис. Алматы, 1999.
-151 б.
21 Ұзақбаев С.А. Балаларға эстетикалық тәрбие берудегі халық дәстүрі. Алматы, 1990.
22 Бейсенбаева А.А., Қалиев С.,т.б. Мектептегі тәрбие жұмысының
теориясы мен әдістемесі. /Оқу құралы. Ы. Алтынсарин атындағы Қазақтың білім академиясы. - Алматы, 1990.-138б
23 Бахтиярова Г. Қазақ этнопедагогикасы материалдарын педагогикалық пәндерді оқытуда пайдалану. дис..., пед.ғыл. канд. Алматы, 1995, -151 б.
24 Ұзақбаева С.А. Қазақтың халық педагогикасындағы эстетикалық тәрбие: Пед.ғыл. докт. дисс:. 21.05.93. -Алматы. 1993. -324б.
25 «Кел, ойнайық» (Әлем балаларының ойындары). Құрастырған және аударған Қ. Толыбаев. - Алматы: Өнер, 1990.
26 "Мәдени мұра" бағдарламасы. // Егемен Қазақстан 23.11.03.
27 Бөлеев Қ. Қазақ этнопедагогикасының теориялық – негіздері. – Алматы, 2004.- 25б.
28 Алтынсарин Ы. Шығармалары. -Алматы: Жазушы, 1986. – 201 б.
29 Табылдиев Ә. Этнопедагогика – Алматы: “Санат”, 2001. -34-40б
30 Қалиев С. Қазақ этнопедагогикасынық теориялық негіздері мен тарихы. Алматы, 1998. -320 б.
31 Ахметов Ш. Қазақ балалар әдебиеті, -Алматы. 1990. -124б.
32 Рубинштейн С.Л. Избр. соч.: Москва, 1980, -390 с.
33 Нұрғалиев Р.Н. және т.б. Шаңырақ (үй-тұрмыс энциклопедиясы). Алматы, 1989.
34 «Балбөбек» бағдарламасы. Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясының республикалық баспа бөлмесі. – Алматы қ., 1999.
35 Гризик Т.И., Аймагамбетова К.А., Майкова Г.Ж. «Познаю мир»: Метод. рекомендации для воспитателей. – Алматы: Просвещение-Казахстан, 2007.
36 Жарықбаев Қ.Б. Қазақ тәлім – тәрбиесі. – Алматы: “Санат”, 1995. – 552б.
37 ҚР МЖМБС 1.001-2009. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту. Негізгі ережелер.
38 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. «1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беру бағдарламасының мазмұнының базалық минимумы». – Астана қ., 2004.
39 На пороге школы: Методические рекомендации для воспитателей. Т.Н. Доронова и др. – Алматы: Просвещение-Казахстан, 2007 год.
40. Арушанова А.Г. «Речь и речевое общение детей».– М.: Мозаика-Синтез, 1999.
41. Қазақ балалар әдебиетінің кітапханасы (бірнеше томдық). Алматы, Жалын, 1989 ж. М.Әлімбаев, Қ. Мырзалиев, Ө. Тұрманжанов, Е. Өтетілеуов.
42. Рыжова Н.А. «Экологическое образование в детском саду». М.: Карапуз-Дидактика, 2004.
43. Терпугова Е.А. «Валеологическое воспитание детей дошкольного возраста: методич. пособие для педагогов. - Ростов н/Д: Феникс, 2007.
44. Соловьева Е.В., Коренькова Л.Г., Копытова В.И. «Математика и логика для дошкольников»: Метод. рекомендации для воспитателей. – Алматы: Просвещение-Казахстан, 2007.
45. Парамонова Л.А. «Теория и методика творческого конструирования».- М.: Академия, 2001.
46. Шулешко Е.Е. «Наглядно-дидактическое пособие по обучению дошкольников чтению, письму, счету» - М.: Мозаика-Синтез, 2002.
47 Эстетическое воспитание трудящихся. Изд-во Сибирское отд. АН СССР. Новосибирск. 1962.
48 Эстетическая кулътура и эстетическое воспитание. М., "Просвещение", 1988.
49 Жұмабекова Ф Мектепке дейінгі педагогика.- Алматы: «Санат» 2004.-45б
50 Дүкенбаева Г.Қ Сауат ашу методикасы .- Алматы: «Санат»1989. – 30б
51 Мұқанова Б.Ы. Балалардың әлеуметтік тәрбиесі. Алматы: Ғылым, 2000. — 211б,
52 Байтұрсынов А. Тіл – құрал. – Алматы: Рауан, 1998.-120 б.
53 Жұмабаев М. Шығармалары. Т. 2,3. – Алматы: Білім, 1996.-512 б.
54 Құнанбаев А. Екі томдық шығармалар жинағы. II том.-Алматы: Ғылым, 1977. - 312 б.
55 Өтетілеуов. Е., «Балақай» - Алматы қ.: Жалын баспасы, 1986 ж
56 Ғабитов Т.Қ. Қазақ мәдениетінің типологиясы. - Алматы. 2000. - 128 б.
57 Сәдірмекова Ж. Жеткіншектерді халықтық педагогика арқылы адамгершілікке тәрбиелеу: Пед. ғыл.канд. дисс. ... авторефераты. – Алматы, 1995. – 23б.
58 Қазақ педагогикалық энциклопедия сөздігі. -Алматы. Жауапты ред. Айтмамбетова Б. 1995. - 185 б.
59 Молдабаева М.М .Халықтық салт-дәстүр немесе қазақ феномені. Алматы,2003,210б
60 Рунова М.Н. «Двигательная активность ребенка в детском саду». – М.: Мозаика-Синтез, 2003.

Зерттеудің көкейкестілігі: Еліміздің төл Конституциясы, жаңадан
қабылдаған Тіл туралы және Білім туралы Заңдарында бүкіл қоғамның, сол
сияқты жеке тұлғаның мәдени және рухани дамуының басты құралы жас ұрпаққа
білім беру мен ғылымды, мәдениет пен өнерді заман талабына сәйкес өркендете
отырып, балалардың бойында имандылық, эстетикалық, адамгершілік,ізгілік
қасиеттерді қалыптастыру мәселелеріне ерекше көңіл аударылған. Сонымен
қатар, Қазақстан Республикасының алдында тұрған жауапты міндеттердің бірі
ел экономикасын жаңа бағытта жеделдетіп дамыту. Бұл жөнінде ел басы
Н.Ә.Назарбаев Қазақстан-2030 стратегиясында: ... барлық
қазақстандықтардың өсіп өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы,
экономиканы дамытудағы жетекші фактор,- деп атап көрсетті [1, - 5б].
Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету
жөніндегі Балапан бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010
жылғы 29 қаңтардағы Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның
жаңа мүмкіндіктері атты Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстан
Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 қаңтардағы № 922 Жарлығымен
бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму
жоспарын іске асыру мақсатында әзірленген[2].
Әр халықтың эстетикалық дүниетанымы, мәдениеті, эстетикалық талғамы
өнер және әдеби туындыларымен ерекшеленетіні өмір шындығы. Ұрпақ
тәрбиесінде халық көркем шығармалары баланы сұлулық заңдылықтарымен
таныстыру және әсемдікке баулу құралы екені сөзсіз. Өйткені, көркем әдебиет
жанрларын балалар бар жан-жүрегімен қабылдайды, сезінеді, сол арқылы өмірді
танып, оған көзқарасы қалыптасады, мінез-құлық мәдениеті жетіліп, қоршаған
орта туралы білімі дамиды.
Сондықтан, мектепке дейінгі мекемелерде, халықтың бай қазынасы көркем
шығармаларға балалардың қызығушылығын дамыта отырып, ұлытымыздың салт-
дәстүрі мен тұрмыс-тіршілігі жайында қарапайым түсініктер беріледі. Қазақ
фольклоры материалдарын зерделеу, осы мәселе жөніндегі ғылыми-педагогикалық
жұмыстармен танысу, отбасы тәрбиесінің ұлттық дәстүрлерін талдау балаларды
ауыз әдебиетінің түрлеріне, ертегілерге, жұмбақтарға, мақал-мәтелдерге,
жаңылтпаштарға, санамақтарға қызығушылығын ерте бастан оятып дамыту басты
міндет. Бұл орайда көркем шығарма арқылы баланың эстетикалық талғамын,
сезімін, қызығушылығын, қабылдауын, мәдениетін қалыптастырудың ғылыми-
педагогикалық және тәжірибелік тұрғыдан зерттеу қажеттілігі туындап отыр.
Эстетикалық тәрбие – кең ұғым. Ол балаға өмір құбылыстарын терең
қабылдауға, сенсорлық әрекетін дұрыс дамытуға, білімге құштарлығын
арттыруға ықпал етеді, байқағыштығы мен әсерленгіштігін (қуану, қайғыру)
жетілдіріп, олардың әсемдік жөніндегі түсінігін кеңейтеді, сұлулықты тану,
сүйе білу, оны шығармашылықпен өмірге ендіре білу қабілетін, эстетикалық
талғамын, қиялын дамытады. Сондықтан, эстетикалық тәрбиені бала дамуының
алғашқы сатысы – мектепке дейінгі кезеңнен бастау жан-жақты жарасымды
дамыған ұрпақ тәрбиелеуге алғы шарт жасайды.
Қазақ елі өзге халықтар арасындағы қарым-қатынастар көпірінің қалың
ортасында тұншығып қалмай тең дәрежеде өмір сүріп, өзінің салт-дәстүрі мен
ұлтты ерекшелендіретін қасиеттердің бәрін бойына сіңіре білді, сақтап
қалды.
Қазақ халқының дәстүрлі тәрбие ісінің берік қорымен таныстыратын,
фольклорлық мұрадағы халық педагогикасының тәлім-тәрбиелік маңызын ашатын
еңбектер баршылық. Бірақ, қазақ этнопедагогикасы бұлайша бір қырынан ғана
емес, оның этнографиялық, психологиялық фольклорлық астарларын тегіс қамтып
зерттеуді қажет ететін күрделі сала. Ұлттық көркем шығарма мұралардың
тәрбиелік мәнін саралауда ғылыми ізденістерді әлі де жетілдіруді қажет
тұтады.
Филология ғылымында балалар фольклоры деп аталатын мазмұны кең,
балалардың жас ерекшеліктеріне арналған және сол балалар аузымен ғана
айтылып, өмірге талғам-сезімін дамытатын мөлдір бұлақтың бар екендігі.
Яғни, балаларға арналған халық шығармалары сәбилер мен жеткіншектердің
табиғи ерекшеліктеріне лайықтала тұрса да, олар халықтың кәсібімен, салт-
дәстүрімен, діни наным-сенімімен өмірімен, өмірімен қайнасып, тарихи
кезеңдер ерекшелігіне, қоғамдық даму сатыларына қарай жетіліп, атадан
балаға ауысып отыратын ұлттық нәрі мол қастерлі мұра. Көркем шығарманың
дүниетанымдық ықпалы, тәлім-тәрбиелік маңызы жайлы зерттеу дәстүрі ертеден
қалып алып, дамып келеді. Кезінде қазақ даласындағы ұлы ғұламалар (Әл-
Фараби, Жүсіп Баласағұн, Қожа Ахмет Иассауи, Махмұт Қашқари т.б.) күміс
көмей, жез таңдай ақын-жыраулар (Бұхар жырау, Шалкиіз, Доспамбет, т.б.)
болашақ жастарды имандылық, адалдық, шыншылдық, әсемдік, сұлулықты тани
білуге шақырған халық даналығын жас ұрпақтарды тәрбиелеудің негізгі құралы
деп есептеген[3].
Олардың эстетикалық, рухани дамуына, қоршаған орта, табиғат, заттар
мен құбылыстардың әсемдігі мен ерекшелігі, үлкендердің еңбегі, адамдардың
тұрмысы жайындағы дүниетанымдық көзқарасының жарасымды қалыптасуына көркем
шығарманың зор ықпалы туралы теориялық ой-пікрлер, ерте грек ойшылдарының
(Аристотель, Платон) философиялық, этетикалық пікірлерінен, орта ғасыр
ғұламаларының (А.Августин, Фома Аквинский) ой топшылауларынан, қайта өрлеу
дәуіріндегі (Леонардо да Винчи, Л.Альберти, А.Дюрер т.б.) қайраткерлердің
еңбектерінен, француз ағартушыларының (Ф.М.Вольтер, Д.Дидро, Ж.Ж. Руссо),
ағылшын философтарының (Э.Хатчесон, Г.Аддисон, Э.Брек, Д.Юм, Г.Хом) және
бұдан кейінгілердің (И.Кант, Г.В.Гегель) философиялық, эстетикалық
тұжырымдарынан бастау алады[4].
Бұл саладағы ой-пікірлердің әрі қарай дамуына Н.А.Добролюбов,
В.Г.Белинский, Н.Г.Чернышевский сияқты орыс-демократ жазушылары өз
үлестерін қосты[5].
Эстетикалық тәрбиенің педагогикалық негізі мен тәжірибелік
мәселелерін зерттеуде К.Д.Ушинский, П.П.Блонский, А.С.Макаренко, А.П.Усова,
С.Т.Щацкий, В.А.Сухомлинскийдің т.б. еңбектерін атауға болады. Сонымен
қатар, мектеп жасына дейінгі балаларға бейнелеу өнері арқылы эстетикалық
тәрбие беру мәселелерін ғалымдар Г.Н.Доронова, В.А.Езикеева,
В.Б.Косминская, Т.С.Комарова, Т.Г.Казакова, Н.П.Сакулина, Н.Б.Халезова және
т.б. зерделеп, зерттеу еңбектерін жазды[6].
Ал, эстетикалық тәрбиенің психологиялық аспектілерін Л.С.Выготский,
Б.Г.Ананьев, Е.И.Игнатов, А.Н.Леонтьев, Б.М.Теплов, П.М.Яковсон,
А.В.Запорожец, В.С.Мухина, А.А.Люблинскаяның т.б. зерттеу еңбектерінде
қарастырылады[7].
Көршілес тәуелсіз мемлекеттерде мектепке дейінгі мекемелер мен
бастауыш мектептердегі эстетикалық тәрбие беруді жетілдірудің жолдарын,
әдіс-тәсілдерін: Р.Абдукадиров, З.Д.Киекбаев, Ғ.Х.Мурадов (Өзбекстан),
А.М.Магомедов(Дағыстан), М.Рахимова, Ж.М.Оразбаева (Қырғызстан), С.Раймова(
Татарстан) т.б. зерттеген[8].
Бұл зерттеулердің біз үшін құндылығы, әр ұлттың эстетикалық тәрбие
берудегі белгілі бір мақсатқа жету барысында пайдаланған мазмұндар мен әдіс-
тәсілдерін мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық сана сезімі мен
талғамын, көзқарасы мен қызығушылығын дамытуда қолдануға болады.
Ұлттық мәдениет пен жеке тұлғаның рухани және жан-жақты дамуындағы
көркем шығарманың әсері мен оқу, білімнің маңызы туралы Шоқан Уалиханов,
Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов,
Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов сынды халқымыздың ағартушы –
қайраткерлері құнды пікірлер айтқан[9].
Елімізде қазақ әйелдерінің арасынан шыққан алғашқы педагогтар
Н.Құлжанова, М.Бегалиева, М.Ниязова, Ш.Иманбаева т.б. ғылыми еңбектерінде
эстетикалық тәрбиені, әсіресе, мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесінің
өзекті мәселелері ретінде көтерген[10].
Республика көлемінде мектепке дейінгі балалардың психологиялық
мәселелері Т.Тәжібаева, С.Балаубаев, М.Мұқанов, Ә.Алдамұратов,
Х.Шериазданова, Ғ.Ракимбеков, А.Нұрахұнова т.б. сияқты психолог-ғалымдардың
еңбектерінде зерделенсе, балалар көркем шығармаларының тәлімдік мәнін
М.Ғабдуллин, Б.Момышұлы, Б.Адамбаев, Ш.Ахметов, М.Әлімбаев, Қ.Жарықбаев,
С.Қалиев, Ә.Табылдиев, М.Балтабаев, М.Бөлеев, З.Ахметова, М.Құрсабаев,
М.Смайылова, М.Оразаев, С.Ұзақбаева, Қ.Қожахметова т.б. сияқты педагог-
ғалымдар зерделеген[11].
Елімізде мектепке дейінгі тәрбиенің ғылыми-теориялық және әдістемелік
мәселелерін зерттеген: Б.Баймұратова, Қ.Меңдаяқова, М.С.Сәтімбекова,
Р.Аралбаева, Р.М.Жұмағожина, А.К.Меңжанова, Ф.Жұмабекова, Г.Меңлібекова,
Ә.С.Әмірова, М.Т.Тұрыскелдина, Н.Храпченкова, Т.Иманбеков, Т.А.Левченко,
А.Е.Манкеш, С.Жиенбаева т.б. педагог-ғалымдардың еңбектерін атауға болады.
Бұл ғылыми-педагогикалық еңбектердің құндылығы, республикадағы мектепке
дейінгі мекемелердің тәрбиелеу және білім беру іс-тәжірибелері талданып оны
ұйымдастарудың мазмұндарын, әдіс-тәсілдерін жаңартуда басшылыққа алатын
ғылыми-әдістемелік ұсыныстар болып саналуымен қатар, зерттеу жұмысымыздың
бағыт-бағдарын белгілеуге жағдай туғызды[12-14].
Аталған еңбектерде мектепке жасына дейінгі балаларға эстетикалық
тәрбие беру мәселесін алдарына мақсат етіп қоймағандықтан шолып өтіп,
балалар дамуындағы көркем шығарманың маңызы әр қырынан қаралғанымен көркем
шығарма арқылы эстетикалық тәрбие беру үрдісі кешенді зерттелмегенін
анықтадық.
Демек, ұлттық балабақшаларында, көркем шығарма материалдарының
эстетикалық тәрбие берерлік мүмкіндіктері мен оның мектепке дейінгі
мекемелердің тәрбиелеу және білім беру үрдісіне ендіру деңгейінің таяздығы
аралығында, балаларға эстетикалық тәрбие берудің бүгінгі өмір талабына сай
ұйымдастыру қажеттілігі мен оның ғылыми – педагогикалық негіздері,
мазмұндары және оны ұйымдастырудың ғылыми - әдістемелік жүйесінің
толықсыздығы аралықтарында қарама-қайшылықтар туып отыр. Бұл қайшылықтардың
шешімін табуға себепші болатын педагогикалық шарттарды қарастыру зерттеу
жұмысымыздың өзекті мәселесі болмақ. Оның көкейкестілігі мен ғылыми-
педагогикалық тұрғыдан зерттелмегендігі, тақырыпты Мектеп жасына дейінгі
балаларға көркем шығарма арқылы эстетикалық талғамын қалыптастыру деп
таңдауымызға негіз болды.
Зерттеудің мақсаты: мектепке дейінгі балаларға көркем шығарма арқылы
эстетикалық талғамын қалыптастырудың теориялық тұрғыдан негіздеп, оның
әдістемесін жасау.
Зерттеу нысаны: мектепке дейінгі мекеменің оқу-тәрбие үдерісі.
Зерттеу пәні: мектепке дейінгі балаларға көркем шығарма арқылы
эстетикалық талғамын қалыптастырудың үрдісі.
Зерттеудің міндеттері:
- мектеп жасына дейінгі балаларға көркем шығарма арқылы эстетикалық
талғамын қалыптастырудың жүйесін ғылыми-педагогикалық тұрғыдан
негіздеу;
- мектепке дейінгі балаларға көркем шығарма арқылы эстетикалық тәрбие
берудің мүмкіндіктерін ашып, моделін құрып, өлшемдерін, көрсеткіштерін
және деңгейлерін айқындау;
- мектепке дейінгі балаларына көркем шығарма арқылы эстетикалық
талғамын қалыптастырудың мазмұндарын сұрыптау, оны ұйымдастырып іске
асырудың педагогикалық шарттарын саралау;
- балабақшалардағы тәрбиелеу және білім беру үрдісіне көркем шығарма
материалдарын ендіруге байланысты ғылыми әдістемелік нұсқаулар беру.
Зерттеу әдістері: тақырыпқа байланысты философиялық, психологиялық,
педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерді ғылыми-теориялық тұрғыдан талдау,
эстетикалық тәрбие мазмұны мен бағдарламаны сұрыптау, тәрбиешілер мен ата-
аналар арасында сауалнама жүргізу, бақылау, озық
педагогикалық тәжірибелерді зерделеу, тәжірибелік-эксперимент жұмыстарының
нәтижесіне баға беру, оларды математикалық тұрғыда өңдеу ұсыныстар беру.
Зерттеудің көздері: Қазақстан Республикасының Білім беру
туралы Заңы, Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі Білім беруді
дамыту тұжырымдамасында Президентіміздің Н.Ә.Назарбаевтың дәстүрлі
Қазақстан Халқына Жолдауы, тағы басқа құжаттар, ресми материалдар,
философтардың, психологтар мен педагогтардың еңбегі, зерттеу тақырыбына
сәйкес оқу-әдістемелік құралдар, озат педагогтардың тәжірибелерін
басшылыққа алу.
Зерттеудің базасы: Түркістан қаласы №31 мектеп балабақша, Балбөбек
балабақшасында өтті.
Диплом жұмысының құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен,
тұжырымдар мен қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан
тұрады.
Кіріспе бөлімінде: тақырыптың көкейкестілігі көрсетілді, жұмыстың
мақсаты, міндеттері, зерттеудің нысаны, пәні сипатталды.
Дипломның Мектеп жасына дейінгі балаларға көркем шығарма арқылы
эстетикалық талғамын қалыптастырудың ғылыми практикалық негіздері деген
бірінші бөлімінде көркем шығарма қағидалары мен мұралары сипатталып,
эстетикалық тәрбиенің ғылыми-теориялық негізі қарастырылды.
Мектеп жасына дейінгі балаларға көркем шығарма арқылы эстетикалық талғамын
қалыптастырудың мәселесі педагогика, психология тұрғысынан теориялық және
практикалық жағынан негізделіп, ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне тән
тәрбиелік-мазмұндық сипаттама беріледі, сондай-ақ бүгінгі таңдағы жағдайы
баяндалады.
Көркем шығарма арқылы мектеп жасына дейінгі балаларға эстетикалық
талғамын қалыптастырудың әдістемесі деген екінші бөлімде мектеп жасына
дейінгі балаларға көркем шығарма арқылы эстетикалық талғамын
қалыптастырудың мүмкіндіктері тәжірибе арқылы зерттеліп, ғылыми тұрғыдан
негізделді. Тәрбиешілерге арналған курстың бағдарламасы мен балабақша
балаларына көркем шығарма арқылы эстетикалық талғамын қалыптастырудың
қосымша бағдарламасы жасалды, көркем шығарма мүмкіндіктері ашылып,
өлшемдері мен деңгейлері анықталды, тәжірибелік-эксперимент жұмыстарының
нәтижелері қорытындыланды.
Қорытындыда мәселені зерттеудің нәтижесінде анықталған тұжырымдар
және мектеп жасына дейінгі балаларға көркем шығарма арқылы эстетикалық
талғамын қалыптастырудың мазмұндары мен оның құрылымын жетілдіру жайлы
ұсыныстар берілді.
І. Мектеп жасына дейінгі балаларға көркем шығарма арқылы эстетикалық
талғамын қалыптастырудың ғылыми практикалық негіздері
1.1. Мектеп жасына дейінгі балаларға көркем шығарма арқылы эстетикалық
талғамын қалыптастырудың міндеттері
Эстетикалық тәрбие – қоғамдық дамудың әрқилы кезеңдерін бастан өткізіп
келе жатқан тарихи құбылыс. Адамға табиғатты және өнер мен сұлулық
заңдылықтарын эстетикалық тұрғыдан түсіндірудің тұңғыш теориялық ұғымдары
құл иеленуші қоғам кезеңіне жатады. Алғашқы эстетикалық тұжырымдар
Индияның, Египеттің, Қытайдың, Мисопатомияның, Ассирияның, Вавилонның әдеби
естеліктерінде бейнеленеді. Соның ішінде эстетикалық тәрбие туралы ең
алдыңғы ой пікірлер Греция ойшыларының үлесіне тиіп, шығыс елінің тамаша
ойшылдарының бірі - Әл-Фараби дәуірінен басталған. Ежелгі Грецияда
эстетикалық тәрбие мәселесі философиялық жүйенің ажырамас бір бөлігі
іспеттес қарастырылды.
Эстетиканың ғылым ретінде жеке философиялық пәнге айналу кезеңі ХҮІІІ
ғасырдан басталады. Себебі, ХҮІІІ ғасырдың басында жарық көрген ғылыми
еңбектердің көпшілігі сұлулық, әсемдік, талғам деген түсініктерге жауап
берумен қатар, олардың адам өміріндегі маңызын ашуға бағытталған.
Неміс оқымыстысы А.Г.Баумгартен өз еңбегінде гректің эстезис (сезім,
сезімдік қабылдау) деген сөзінен шыққан эстетика терминін тұңғыш
қолданып, оған жаңа философиялық пән ретінде қарауды талап ететін сезімдік
тану теориясы деп түсіндіреді[15].
Бүгінде қоғамның жаңару дәуірінде эстетикалық тәрбиеге ерекше мән
беріліп отыр. Мәселен: Б.Т.Лихачев ғылыми еңбегінде эстетикалық тәрбие –
қоғамдық өмірдегі, табиғаттағы, адамдардың іс-әрекетіндегі сұлулықты,
әсемдікті түсіне, қабылдай білу жүйесі деп анықтама берсе, ғалымдар
Н.И.Киященко мен Н.И.Лейзеров: эстетикалық тәрбие сұлулық және эстетикалық
даму заңдылықтарына сай, сұлулық пен әсемдікті бағалай алу қабілетін
жетілдіруге бағытталған мақсатты жүйе деп санаған. Эстетикалық тәрбие
дегеніміз - қоршаған дүниенің, өнердің сұлулығын баланың көру және сол
сұлулықты жасау қабілетін дамыту мақсатымен оның жеке басына ықпал етудің
мақсатты түрде бағытталған, жүйелі үдеріс[16]. Эстетикалық тәрбие дегеніміз
- өте кең ұғым. Оған табиғатқа, еңбекке, қоғам өміріне, тұрмысқа, өнерге
эстетикалық қатынасты тәрбиелеу кіреді. Алайда өнерді танып, білудің көп
қырлы және өзіндік ерекшелігі мол екені соншалық, ол эстетикалық тәрбиенің
жалпы жүйесінің ерекше бөлімі ретінде дараланады. Балаларды өнер
құралдарымен тәрбиелеу көркемдік тәрбие пәнін құрайды. Тәрбиеші баланы
сұлулықты қабылдауға, оған эмоциялық жауап беруге, сондай-ақ, эстетикалық
ұғым, эстетикалық пікір, эстетикалық баға беру қасиетін қалыптастыруға
жетелеп апаруға тиіс. Эстетикалық даму - баланың эстетикалық нәр алуға
мүмкіндік тудыратын сезім мүшелері мен шығармашылық қабілетін ұштау,
өмірдегі, көркемөнердегі әсемдікті түсінуіне, оны қабылдауына педагогикалық
жағынан ықпал ету арқылы баланың эстетикалық сезімін дамыту.
Эстетикалық сезім дегеніміз - өмірдегі, көркем өнердегі әсемдікті
қабылдаудан туатын эстетикалық нәр алу, толқу, рақаттану. Ол - адам
табиғатына ғана тән жоғары сезім. Мектепке дейінгі балалардың қолынан
көркем-өнердің барлық түрі: әңгіме құрастыру, өлең құрастыру, ән айту,
сурет салу, жапсыру сияқты іс-әрекеттің бәрі келеді. Олардың орасан мол
өзіндік ерекшелігі бар, ол ерекшелік балалардың шындықты соншалықты пәк,
тікелей бейнелейтіндігінде, ғаламат шынайылығында, бейнелейтін нәрсенің
шындығына сенетіндігінде, көрушілер мен тыңдаушылар жөнінде қам
жемейтіндігінде. Осы кезеңнің өзінде балалардың, көркем-шығармашы-лық
қабілеттері дами бастайды, бұл ойдың тууынан, оның іске айналуынан, өзінің
білімі мен әсерін ұштастыра білуінен, сезімі мен ойын білдірген кездегі
ғаламат шынайылығынан көрінеді. Бұл балалардың эстетикалық талғамын
қалыптастыруға ықпал етеді. Эстетикалық талғам - кең ұғым, ол өнердің терең
мағыналы, тамаша шығармаларын түсінуді, содан ләззат алуды ғана емес,
табиғаттың, еңбектің, тұрмыстың, киімнің сұлулығын түсінуді де қамтиды.
Балалардың эстетикалық талғамын қалыптастыруда оқыту үлкен рөл атқарады.
Мектепке дейінгі жаста балалар оқу үстінде балалар әде-биетінің, музыканың,
сурет өнерінің жасына лайық шынайы өнер шығармаларын тани білуді, сүюді
үйренеді. Балалардың көркемдік қабілеттерін, олардың эстетикалық сезімдері
мен ұғымдарын, әсемдікті бағалай білуін дамыта отырып, педагог кейінірек
адамның рухани байлығы қалыптасатын негіздерді қалай береді.
Балаға өмір сұлулығын сезінуді және түсінуді үйрету - ересектердің ұзақ
жұмысын керек ететін күрделі де қиын міндет.
Эстетикалық тәрбиенің міндеттері:
баланың эстетикалық қабылдауын жүйелі түрде дамыту;
балалардың эстетикалық түсінігі мен құштарлығын, сезімталдық қабілетін
дамыту;
• балалардың көркемдік талғамын тәрбиелеу.
Эстетикалық тәрбиенің құралдары: қоршаған дүние, табиғи орта, күнделікті
тұрмыс эстетикасы, табиғаттан, өмірден алған әсері, көркем әдебиет
шығармалары, музыкалық туындылар, бейнелеу өнері, мерекелер мен са-уықтар.
Мереке кездерінде балалар бақшасында өнердің әр түрі балаларға өзінің бар
ерекшелігімен және бірлігімен ықпал жасайды. Мерекелер мектеп жасына
дейінгі балаларға қатты әсер етеді, олардың есінде ұзақ сақталады да,
эстетикалық тәрбиенің маңызды құралына айналады. Эстетикалық тәрбиені
жүзеге асыруда балабақшаның алатын орны ерекше. Дегенмен де отбасы-ның рөлі
де зор болмақ. Балабақша мен отбасының бірлескен ықпалының бірлігі
жағдайында ғана эстетикалық тәрбие міндеттерін толық көлемде жүзеге асыруға
болады. Балалардың әрқайсысы музыкант немесе суретші болмауы мүмкін бірақ,
әрбір баланың өнерге сүйіспеншілігі мен ықыласын тәрбиелеуге, эстетикалық
талғамын, көркемдік талғампаздығын, музыканы түсінуін, сурет салудың
қарапайым дағдыларын қалыптастыруға болады. Ол арқылы эстетикалық тәрбиенің
негізі қаланады.
Эстетикалық тәрбиенің әдістері: бақылауды ұйымдастыру, әңгімелесу,
түсіндіру, өнер туындыларын көру, қызықтыру, серуен, үлгі көрсету, іс-
әрекетті ұйымдастыру, бейнелеу өнеріндегі әрекеті үшін мадақтау жөне
жетістіктерін бағалау.
Балалардың эстетикалық тәрбиесі тұрмыс эстетикасымен, еңбектегі,
табиғаттағы, қоғамдық құбылыстардағы өсемдікпен таныстыру жолымен жөне өнер
құралдары арқылы жүзеге асырылады. Балабақшадағы тұрмыс эстетикасы көркем
қарапайымдылықтан, күнделікті тұтынылатын заттардың ақылмен таңдалып
алынуынан, әр заттың өз орнында жарасып тұруынан, басы артық еш нәрсе
болмауынан көрінеді. Қабырғалардың бояуы жайдары, ашық болуы тиіс.
Балабақшаны безендіруге қойылатын талап балалардың өмірі мен денсаулығын
қорғау міндеттерімен, олармен жүргізілетін тәрбие жұмысының мазмұнымен
анықталады. Олардың ішіндегі ең бастылары:
1. Үй жиһаздарының пайдалылығы, жабдықтардың тәжірибелік тұрғыдан
қажеттілігі.
2. Тазалық, қарапайымдылық, әдемілік.
3. Әрбір заттың көзге сүйкімді, анық көрінуін қамтамасыз ететіндей түс пен
жарықтың дұрыс ұштасуы.
4. Безендірудің барлық компоненттері біртұтас ансамбль құрайтын болуға
тиіс.
Эстетикалық тәрбиенің мәні мен міндеттері айқындалады. Сондай-ақ,
эстетикалық тәрбиенің негізгі құралдары, көркемөнер құралдары, көркемөнер
шығармалары, бейнелеу өнері, эстетикалық тәрбиенің әдістері қарастырылады.
Эстетикалық тәрбиенің мектепке дейінгі жастағы жүйелі жүргізілуіне көңіл
бөліп және оны ұйымдастырудың жолдарын меңгереді.
Дәрісте ұсынылған материалдарды студенттер толық меңгеру үшін
төмендегідей мәселелерге басым көңіл бөлуі керек:
* эстетикалық тәрбиеге байланысты негізгі тірек түсініктердің мәнін ашып,
мағынасын түсіне білуі;
* эстетикалық тәрбиенің мақсаты мен міндеттерін нақты білу;
* эстетикалық тәрбиенің мазмұны мен құралдарын айқындай білу;
* эстетикалық тәрбиенің шарттары мен қағидаларын және құралдарын жете
түсінуі;
* эстетикалық тәрбиенің негізгі құралдарына, әдіс-тәсілдеріне талдау жасай
білуі, тәжірибелік жүмыстар жүргізуге жаттығуы қажет.
Жоғарыда келтірілген осы қағидаларды саралай келе, біздің ойымызша
эстетикалық тәрбие дегеніміз – тұлғаның эстетикалық талғамын, эстетикалық
сезімі мен қызығушылғын, мәдениеті мен эстетикалық қажеттілігін
қалыптастырып, болмыстағы құбылыстар мен өнер туындыларындағы әсемдікті
қабылдай білу және өзіндік шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған
мақсатты, жүйелі жүргізілетін тәрбие жұмысы деп түсінеміз.
Зерттеу тақырыбымызға сай ғылыми еңбектермен танысу барысында көптеген
ғалымдар (Б.Т.Лихачев, Д.Д.Средний, Н.И.Клященко, Н.Л.Лейзеров,
Н.А.Ветлугина) эстетикалық тәрбиенің жүйелерін бөліп қарағандары
анықталды[17]. Ғылыми жұмысымыздың зерттеу нысаны мектеп жасына дейінгі
балалардың эстетикалық тәрбиесі болғандықтан, біз Н.А.Ветлугинаның бөлген
компоненттер жүйесін басшылыққа ала отырып, эстетикалық қабылдау,
эстетикалық сезім, эстетикалық қызығушылық түсініктеріне талдау жасадық.
Бүгінгі күні қалыптасып отырған әлеуметтік-мәдени жағдайда қоғам өмірінің
барлық саласында шығармашыл тұлғаның орын мен ролі ерекше мәнге ие болып
отыр. Бұл ғасырлар тоғысында адамзат баласы жасаған техника мен
технология жетістіктерін тиімді пайдалануда шығармашылық тұрғыдан келу
қажеттігінен туындайды. Осыған байланысты педагогикалық үдеріске қойылатын
талаптар өзгереді, себебі қазіргі әлеуметтік жағдайда жинақталған мәдени-
тарихи мұраны игеру адамды дамытудың негізгі көзі болып табылады. Бұл
дегеніміз – осы тәжірибені меңгеру барысында бұрыннан қалыптасқан оны
көшіруден саналы түрде игеруге басымдық беру. Міне, нақ осы идея қазіргі
білім беру жүйесі алдына қойылатын негізгі жұмыс принципіне айналып отыр,
ол өз кезегінде білім беру және тәрбиелеу мақсатына, оның мазмұнына,
әдістері мен ұйымдастыру формаларына өз әсерін тигізеді. Бұл жерде
шығармашыл тұлға қалыптастырудың негізгі құралдарының бірі ретінде
эстетикалық тәрбиеге ерекше маңыз беріледі. Ал эстетикалық тәрбие берудің
бір жолы ретінде педагогикалық ойлар тарихындағы оның көрінісін саралау
қажеттігі дау тудырмас мәселе.
Зерттеу жұмысының пәнін жан-жақты ашып көрсету үшін эстетика,
эстетикалық тәрбие, эстетикалық тәрбие беру ұғымдарына тоқталып,
олардың мәнін, әдіснамалық және тұжырымдық негіздері мен тарихилық сипатын
ашу керек.
Энциклопедиялық сөздіктерде эстетика термині жан-жақты қарастырылып,
оның адамның сезімдік қабылдауының көрінісі ретіндегі мәні терең ашылған.
Жалпы эстетика термині ежелгі гректің aijsgavnomas - сезу,
aijsghtikov - сезіммен қабылданатын деген сөздерінен шығады. Оның
негізгі мәні – нәтижесінде адам өзінің қоршаған ортаға қатынасын рухани-
сезімдік дәрежеде сезінетін адамның болмысқа шығармашылық және сезімдік
қатынасын меңгерудің тәжірибесін зерттейтін ғылым. Эстетика термині
қазіргі ғылымда мәдениеттің эстетикалық құрамдас бөлігін көрсету үшін де
қолданылады. Кейбір оқулықтарда (мысалы, Ю.Боревтің) қазіргі эстетиканың
әлемдік көркем тәжірибені қорытатындығы айтылады. Ю.Б. Боревтің айтуынша,
эстетика – жалпы адамзаттық құндылықтар мәні, олардың тууы, болмысы, оларды
қабылдау және бағалау, сонымен қатар адамның кез келген іс-әрекеті
үдерісінде дүниені эстетикалық қабылдаудың жалпы принциптері туралы
философиялық ғылым болып табылады.
Эстетиканың басты категориялары болып эстетикалық, әсемдік, ұсқынсыздық,
қасірет, сайқымазақтық табылады.
Эстетикалық тәжірибе адам баласына өте ерте замандардан тән болды, оның
алғашқы көрінісі архаикалық адамның протоэстетикалық практикасынан
көрінеді. Яғни олардың өз тұрмысын әрлендіру үшін жасаған, қазіргі кезде
біз өнер саласына жатқызатын феномендер оның алғашқы көрінісі болып
табылады. Кейінірек эстетикалық тәжірибе мен эстетикалық сана өнерде,
күнделікті өмірде тығыз байланыста көрініс береді. Ертедегі Үндістанда,
Қытайда, Грекияда мазмұнында эстетикалық мәселелер теориялық деңгейде
көтерілген өнер туралы трактаттар мен философиялық мәтіндер пайда болды.
Ғарыштың (космостың) хаостан пайда болу тұжырымдамасы (космос сөзі ежелгі
грек тілінде ғарыштан басқа әшекей, сұлулық, тәртіп деген мағыналарға
ие), әсемдікті, үйлесімдікті, тәртіпті, ритмді, өнердегі ұқсастықты санадан
өткізуге және сипаттауға ұмтылыс шын мәнінде эстетикалық сананың алғашқы
рефлексиясы, эстетиканың ғылым ретінде пайда болуының алғашқы қадамы болып
табылады. Яғни, эстетиканың ғылым ретіндегі қалыптасуы өз бастауын осы
ежелгі дүниедегі идеялардан алады әрі қазіргі эстетиканың терминологиялық
базасын ежелгі грек тілінің сөздері құрайды.
Тарихи тұрғыда эстетиканың орталық мәселесі ретінде екі проблема
қойылды: а) әсемдік, әдемілік терминдері арқылы ашылатын эстетикалықтың
өзі; ә) кең мағынасында өнер. Өнер және әсемдік философиясы ретіндегі
эстетика – антикалық дәуірден бастау алатын классикалық эстетиканың
дәстүрлі бейнесі. Ежелгі грек философтары (Платон, Аристотель, Плотин,
т.б.) мен әртүрлі әнер теоретиктері еңбектерінде әдемілік мәселесі (оның
үйлесімділік, тәртіп, ритм, симметрия т.б. құрылымдық принциптеріндегі)
тиісінше онтологиялық сферада шешіліп, космологиямен байланысты
қарастырылды.
Орта ғасырларда эстетика, эстетикалық қабылдау дінмен тығыз байланыста
қарастырылса, жаңа заманда оған философиялық тұрғыда сыни баға беріледі.
Эстетикалықты қалыптастыру эстетикалық тәжірибе, эстетикалық сана,
эстетикалық құндылықтар мен идеялар және эстетикалық тәрбие ұғымдарымен
тығыз байланысты. Бұл жерде тәжірибе білім және тәрбие беру процесінен
тыс жатады (негізінен сол арқылы қалыптастырылса да), өйткені эстетикалық
түсініктер тек тәрбие процесінде ғана емес, сонымен қатар адамның
күнделікті өмірінің барлық сфераларында қалыптасады.
Зерттеу барысында жалпы эстетикалық тәрбиеге, оны қалыптастыруға
бағытталған жұмыстарда біртектіліктің жоқтығы байқалды. Бұл осы мәселенің
көп жақты, көп қырлы екендігінің, күрделігінің бір мысалы. Мәселен, В.Н.
Шацкая эстетикалық тәрбиенің алдына мынадай мақсат қояды: Эстетикалық
тәрбие оқушылардың өнер туындыларына белсенді эстетикалық қатынасын
қалыптастыруға, қызмет етеді, сол сияқты өнерде, еңбекте, шығармашылықта
әсемдікті жасауға халыққа барынша қатысуға итермелейді. Бұл анықтамадан
көрініп тұрғандай, автор эстетикалық тәрбиедегі маңызды орынды өнерге
береді. Өнер – эстетикалық мәдениеттің маңызды, құрамдас бөлігі, дегенмен
ол адам іс-әрекетінің бір ғана сферасын қамтиды[18]. Эстетикалық тәрбиенің
ауқымы одан да кең, ол өнермен қатар, тұрмыс, мінез-құлық, еңбек, қарым-
қатынас эстетикасын да қамтиды. Эстетикалық тәрбие адамды тек қана өнер
үшін емес, белсенді эстетикалық өмірлік іс-әрекет үшін дамытады.
Эстетикалық тәрбие дегеніміз қоршаған дүниенің, өнердің сұлулығын баланың
көру және сол сұлулықты жасау қабілетін дамыту мақсатымен оның жеке басына
ықпал етудің мақсатты түрде бағытталған, жүйелі процесі. Ол баланың алғашқы
жастарынан басталады.
Эстетикалық тәрбие дегеніміз өте кең ұғым. Оған табиғатқа, еңбекке,
қоғам өміріне, тұрмысқа, өнерге эстетикалық қатынасты тәрбиелеу кіреді.
Алайда өнерді танып, білудің көп қырлы және өзіндік ерекшелігі мол екені
соншалық, ол эстетикалық тәрбиенің жалпы жүйесінің ерекше бөлімі ретінде
дараланады. Балаларды өнер құралдарымен тәрбиелеу көркемдік тәрбие пәнін
құрайды.
Өз тарапынан, эстетикалық тәрбие балаларға жан-жақты коммунистік
тәрбие берудің бір бөлімі болып табылады. Оның әсіресе адамершілік
тәрбиесімен байланысы өте-мөте тығыз.
Өмірдегі және өнердегі сұлулықпен танысу баланың ақыл-ойы мен сезімін
тәрбиелеп қана қоймайды, сонымен бірге оның ұшқыр қиялы мен фантазиясын
дамытуға көмектеседі.
Эстетикалық тәрбиені жүзеге асыру процесінде мына міндеттерді шешу
қажет: балалардың эстетикалық қабылдауын, эстетикалық сезімі мен ұғымын,
көркемдік-творчестволық қабілетін үздіксіз дамыту, эстетикалық талғамын
қалыптастыру.
Балалардың эстетикалық қабылдауын, сезімі мен ұғымын дамыту. Бала
алғашқы жастарынан-ақ өзі түйсінбестен жарқын тартымды нәрсенің бәріне
ұмтыла бастайды, жылтыраған ойыншықтарды, әдемі гүлдер мен заттарды көрсе
қуанады. Осының бәрі оның рақаттану, қызығу сезімін туғызады. Сұлу деген
сөз балалардың өміріне ерте енеді. Олар алғашқы жастарынан бастап ән,
ертегі тыңдайды, суреттер қарайды; болмыспен бірге өнер олардың қуаныш
сезімдерінің қайнар көзіне айналады. Эстетикалық тәрбие барысында оларда
жаркын, әсем атаулының бәріне жай ғана ұмтылудан сұлулықты саналы түрде
қабылдауға көшу жүзеге асады.
Болмысты эстетикалық қабылдаудың өзіндік ерекшеліктері бар. Ол үшін
негізгі нәрсе заттардың сезімдік формалары – олардың түсі, формасы, дыбысы.
Сондықтан оны дамыту үлкен сенсорлық мәдениетті керек етеді.
Бала сұлулықты форма мен мазмұнның бірліп ретінде қабылдайды. Форма
дыбыстардың, бояулардың, сызықтардың жиынтығы ретінде бейнеленеді. Алайда
қабылдау эмоциялық жағынан боялып оған белгілі қатынаспен ұштасқанда ғана
эстетикалық қабылдауға айналады.
Эстетикалық қабылдау сезіммен, тебіренумен тығыз байланысты.
Әсемдікпен кездесуден туатын қалтқысыз қуаныш, жайдары жан толғанысы
эстетикалық сезімнің ерекшелігі болып табылады.
Тәрбиеші баланы сұлулықты қабылдаудан, оған эмоциялық жауап қатудан
оны түсінуге, эстетикалық ұғым, эстетикалық пікір, эстетикалық баға беру
қасиетін қалыптастыруға жетелеп апаруға тиіс.
Бұл педагогтан үнемі баланың зықысына тиместен, оның өмірін сұлулыққа
толтыра беруді, айналасының бәрін барынша парасаттандыра беруді талап
ететін бейнеті мол еңбек.
Балалардың көркем-шығармашылық қабілетін дамыту. Мектепке дейінгі
балалардың қолынан көркемөнердің барлық түрі: әңгіме құрастыру, өлең
шығару, ән айту, сурет салу, жапсыру әбден келеді. Әлбетте, олардың орасан
мол өзіндік ерекшелігі бар, ол ерекшелік балалардың шындықты соңшалық пәк,

жемейтіндігінде. Осы кезеңнің өзінде балалардың көркем-шығармашылық

ғаламат шынайылығынан көрінеді.
Балалар шығармашылығының ерекшелігі, сондай-ақ оның мектеп жасына
дейінгі балалардың еліктеуі секілді ең айқын ерекшелігіне
негізделетіндігінде. Ол балалардың ойын әрекетінде қоршаған ортадан алған
әсерін бейнелі түрде жүзеге асыруда кеңінен көрініс табады.
Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық алдымен нақ осы ойын арқылы
көрінеді. Балалардың инициативасы бойынша туатын ойындарға оның түпкі
ниетінің болуы тән. Әуелі ол әлі тұрақсыз болады, бір сюжет екіншісімен
ауысып жатады; балалар ересек тартқан сайын ойынның түпкі ниеті де толық
және мақсатты бола түседі.
Сюжетті-рольді шығармашылық ойындарға тақырыпты, сюжетті таңдап алуда
және белгілеуде ниет қана емес, сонымен бірге оларды жүзеге асыру да
шығармашылық қиялдау да тән. Мейлі,– деп жазды Н.К.Крупская,– олардың
мінген поезы орындықтардан, салған үйі жаңқалардан-ақ құрылсын делік. Ойын
үдерісінде бала қиыншылықтарды жеңуге үйренеді, маңайыңдағыларды танып
біледі, бұл жағдайдан шығудың жолын іздейді [19].
Балалардың шығармашылық қиялдауы мынадан да көрінеді, олар өздерінің
ойындары үшін көп жағдайда әр түрлі сюжеттерді әдейі біріктіреді:
материалды ертегілерден, әңгімелерден, өмірден, телевизия және театр
ойындарынан алады. Басқаша айтқанда, өздерінің білімдерін, көргеннен және
естігеннен алған әсерлерін ұштастырады, бәрін біртұтас етіп біріктіреді.
Мектеп жасына дейінгі балалар ойында болмыста болмаған нәрсені жиі
бейнелейді. Мысалы, ең сүйікті ойындарының бірі – космонавтар болып ойнап
жүріп, олар Шолпанға, Марсқа және басқа планеталарға сапар шегеді.
Балалардың шынайылығы ойында мейлінше айқын көрінеді. Орыстың ұлы режиссері
К.С.Станиславскийдің актерлерге енерде шынайылықты, шындықты ойнап жүрген
балалардан үйреніңдер дегені бекер емес.
Ойындағы сияқты, балалардың шығармашылық, олардың көркем өнерпаздық
қызметінің басқа түрлерінде де көрінеді. Сурет салғанда, жапсыруда, әңгіме
айтқанда, ән салғанда бала өз әсерлерін пәрменді, бейнелі түрде жеткізу,
арқылы қанағат алады. Мұнда да алдымен ой туады, содан соң барып оны іске
асыру құралы табылады; балалар өнердің әр алуан шығармаларынан алған
әсерлерін құрастырады. Бұл жағдайда да бала ойын кезіндегі сияқты
шынайылықты сақтайды: ол көргенін жай ғана көшіре салмайды, оған өзінің
қатынасын білдіреді.
Сонымен, мектепке дейін шығармашылық нышандары байқала бастайды, ол ой
құрау және оны жүзеге асыру қабілетінің дамуынан, өз білімін, ұғымын
құрастыра білуінен, өзінің ойын, сезімін, тебіренісін шынайы жеткізуінен
көрінеді. Алайда балалардың көркем шығармашылық қабілетін дамыту үшін
оларды лайықты түрде үйрету керек. Сол үйрету барысында олар өз ойларын
сөз, ән, сурет, би, драматизация арқылы бейнелеп жеткізу тәсілдерін
меңгереді. Үйрету баланы саналы көркемөнерге баулиды, жағымды эмоция
туғызады, қабілеттерін дамытады.
Көркемөнер іс-әрекеті дағдыларына үйретудің мақсаты балаларға ән айту,
сурет салу, өлең оқу т. т. жөнінде білім мен дағды беріп қана қою емес,
сонымен бірге олардың өздігінше дербес шығармашылық қызметке ынтасы мен
ықыласын туғызу болып табылады. Мәселен, мынау үш жасар Айшаның өзінің дос
қызына арнап шығарған өлеңі:
Киіне ғой, Алия!
Күн жарқырап шығып тұр.
Бақша бізді күтіп тұр.
Сөйтіп, көркемөнер іс-әрекетінің кейбір дағдыларын игере отырып, бала
оны пайдаланады, жанұяның, балалар бақшасының, өз қатарының өміріне сән
беруде, мейлі азғантай болсын, өз үлесін қосады.
Балалардың көркем шығармашылық қабілетін дамытуда педагогтың жеке
басы, оның мәдениеті, білімі, өз ісіне берілгендігі айрықша роль атқарады.
Эстетикалық талғам негіздерін қалыптастыру. Эстетикалық талғам адамның
өнерде, өмірде, тұрмыста шын сұлулықпен кездесуінен зор қанағат рухани
ләззат алуынан көрінеді. Эстетикалық талғам кең ұғым; ол өнердің терең

Балалардың эстетикадық талғамын қалыптастыруда оқыту үлкен роль
атқарады. Мектепке дейінгі балалар оқу үстінде балалар әдебиетінің,
музыканың, сурет өнерінің классикалық шығармаларымен танысады. Балалар
өздерінің жасына лайық шынайы өнер шығармаларын тани білуді, сүюді
үйренеді.
Халық ертегілерімен, С.Я.Маршактың, С.В.Михалковтың, К.И.Чуковскийдің
шығармаларымен таныса отырып, П.И.Чайковскийдің, Д.Б.Кабалевскийдің және
басқа композиторлардың шығармаларын тыңдай отырып, балалар көркем сөздің,
музыканың сұлулығы мен байлығын сезіне бастайды. Осының бәрі оларды шынайы
рақатқа бөлейді, естерінде қалады, көркемдік талғамның негіздерін
қалыптастырады.
Балалардың бойында эстетикалық талғамның негіздерін тәрбиелей отырып,
біз оларды қоршаған сұлулықты көруге және сезінуге, оны аялауға үйретеміз.
Гүлдің гүлзарда сақталғаны жақсы, ал оның гүл ашып, жұртқа қуаныш дарытуы
үшін оны мәпелеп күту керек. Топта жайлылық пен сұлулық туғызатын тазалықты
сақтау керек, қоқытпау керек, өзінің ойыншықтарын, кітаптарын жинап қою
керек. Сөйтіп, тәрбиелеу және оқыту процесінде мектеп жасына дейінгі
балалардың эстетикалық тәрбие ісінің міндеттері шешіледі.
Балалардың көркемдік қабілеттерін, олардың эстетикалық сезімдері мен
ұғымдарын, әсемдікті бағалай білуін дамыта отырып, педагог кейінірек

1.2. Мектеп жасына дейінгі балаларға көркем шығарма арқылы эстетикалық
талғамын қалыптастырудың негізгі құралдары
Адамдардың эстетикалық сезімдері олардың өмірінде зор роль атқарады.
Әсемдікті көре, түсіне, жасай білу адамның рухани өмірін байытады,
қызғылықты етеді, оған ең жоғары рухани ләззаттануға мүмкіндік береді. Біз
әр адамның адамгершілікті тұлғалық мәнін жан-жақты дамытуға ұмтыламыз,
сондықтан әр баланың сезім нәзіктігін, көркемдікті, әсем нәрсені сүйетіндей
етіп дамытуымыз керек. Адамның әcемдікті және жексұрындықты, сәулеттілік
және ұждансыздықты, қуаныш пен қайғыны т.б. түсінуіне байланысты, оның
саналы тәртібі мен мінез-құлқы айқындалады. Осыдан келіп адамның
әсемділікке шынайы көзқарасы мен мұраттары болуы керек екендігі шығады.
Қазіргі кезде эстетикалық көзқарастарды тәрбиелеу – тәрбие барысының
зейін салуды, күн санап өсіруді талап ететін мәселесі. Біздің қоғам адамына
тек қана өнердің емес, еңбек, қоғамдық қатынастар, қоршаған орта, тәртіп,
тұрмыс, табиғаттың да әсемдік жақтары ықпал етеді. Эстетикалық көзқарастар
адамның шындыққа қатынасын анықтайды.
Адам өмірінде эстетикалық көзқарас әрдайым қуатты рухани күш ретінде
көрінеді. Балаға балғын бөбектік кезеңнен бастап әсемдікке ұмтылу тән
нәрсе. Ол әрдайым бойларында әсемдік құндылықтары бар қатар-құрбыларына,
ересектерге еліктейді. Балалардың өз еңбек іс-әрекеті тиімді және сапалы
болуы үшін оның ұйымдастырылуы толысып, тамаша нәрсені қабылдау деңгейіне
жеткені жөн. Балаға сонымен қатар жасампаздықтың да әсемдігі ашылады.
Еңбек әсемдігін қабылдауды үйретіп, қоғамдық іс-әрекет әсемділігіне
сезімталдығын тәрбиелеп, мұғалім балалардың еңбек белсенділігін кеңейтуге
дем береді. Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеудің экономикалық мәселелерге
әрі тікелей, әрі жанама қатынасы бар. Бұл біздің қоғамдағы қоғамдық өндіріс
адамдардың өскелең рухани және материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыруға
бағытталғандығынан туындайды. Өндірілген товарлар сапасының әсемдігі
тұтынылу жағына үлкен әсер етеді. Мұның өзі әр баланың білім алуында
белгілі дәрежеде эстетикалық көзқарас мәдениеті болуын талап етеді.
Өнерде шоғырланған адамдардың шындыққа эстетикалық қарым-қатынасы
қоғамдық идеяларды алға алып баруымыздың құралы, сол арқылы санаға өте
күшті әсер ету жүзеге асады.
Сонымен, оқушылардың эстетикалық көзқарасын тәрбиелеу — дамыған
әсемдік сана мен талғамды, оны қабылдау және бағалау қабілетін
қалыптастырудың мақсатқа бағыттала ұйымдастырылған процесі. Эстетикалық
көзқарасты тәрбиелеу оқушыны жан-жақты және үйлесімді дамытудың жалпы
жүйесінде ең алдымен өзіне тән қызмет атқарады. Ол іс-әрекеттің барлық
түрлеріндегі әсемдік нышанын анықтап, оны оқушының әсемдікке көзқарасының
дамуы, білім алуы, қалыптасуы құралына айналдырады.
Кең ой-өрістілік сөйлеу іс-әрекетінің мазмұнынан сөз өнерін, ақыл-ой
еңбегін, шындықтың объективтік жақтарын, көркем сөз сұлулығын бөліп
қарайды. Еңбек іс-әрекетінде еңбек мақсаттары және процесі, оның нәтижесі,
сұлулығы ерекше көрсетіледі. Құқықтық іс-әрекетінде қоғамдық мұраттардағы,
дамудағы оның ынтасы мен тәртібіндегі сұлулыққа баса назар аударылады.
Бейнелеу іс-әрекеті барысында балаларға көзге көрінетін әлем, музыкада адам
жасаған дыбыс үйлесімділігінің сұлулықтары ашылады. Дене тәрбиесі мәдениеті
және гигиена негіздері арқылы бала адам денесінің тән және жан сұлулығын
таниды т.б.
Әсемдікке тәрбиелеудің оқушыны жан-жақты және үйлесімді дамытудың
жалпы жүйесінде жанама қызметі де бар.
Әсемдіктің адам үшін зор тартымды күші бола отырып, сонымен бірге оның
іс-әрекетінің белсенді және тиімді дем берушісі де болады. Оқушы
өнегелігінің әсемдігі, оның жан дүниесінің байлығы, шешендігі оны басқа
адамдарға тартымды етеді. Оқушылар алдында ашық көрініс берген еңбек
әсемдігі, ол еңбегі тартымды етеді және еңбек іс-әрекетінің процесін
жеңілдетеді. Ерлік пен шын азаматтық әсемдігі адамдарды қоғамдық тәртіп
және құқықтық әрекеттерін орындауға жетелейді.
Баланың эстетикалық көзқарасын тәрбиелеу әсемдіктің қасиеттері бар әр
түрлі өмір мен қатынастар және әсерлер ықпалымен жүзеге асырылады. Кіші
мектеп жасындағы балалардың эстетикалық көзқарасы үздіксіз дамиды. Оған
себеп болатын нәрсе - оқу, қоғамдық және тұрмыстық еңбектің жаңа жүйеге
түсуі.
Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеудің негізгі құралы - өнер. Ол шындықты
көркем, сезімді қабылданылатын бейнелер арқылы бере отырып және осылар
арқылы адам сезімі мен санасына әсер етіп, оның көзқарасын қалыптастыруға
жәрдем етеді. Педагогикада эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу, тәрбиенің
басқа салаларымен тығыз байланысы қаралады. Балалардың ақыл-ой тәрбиесін,
зерттелген құбылыстар әсемдігін ашпай жүзеге асыру мүмкін емес. Еңбекке
тәрбиелеу — адамдардағы әсемдікті, еңбек мазмұны мен процесін танымай
саналы тәртіп пен мінез құлықты тәрбиелеу мүмкін емес. Сондай-ақ әсемдікке
көзқарасты тәрбиелеуді өмірден, белсенді іс-әрекеттен және мұраттарға жету
жолындағы күрестен оқшау қарауға болмайды.
Мектеп оқушыны әсемдікті өмірден, адамдар қылықтарынан, еңбек іс-
әрекетінен, еңбек нәтижесінен көруді және ләззат алуды үйретіп қана
қоймайды, күнделікті өмірде осы әсемдікті жасау ынтасы мен іскерлігін
тәрбиелейді.
Сонымен эстетикалық тәрбие табиғаттағы, өнердегі, еңбектегі, өмірдегі
ең жақсыны қабылдау, одан ләззат алу. Эстетикалық тәрбие адамды дүниедегі
әдемілік атаулыны бағалай білуге үйретеді. Өнер шығармаларын тануға,
қастерлеуге баулиды, оған керісінше ұсқынсыздыққа жағымсыз көзқарасты
қалыптастырады.
Олардың бірі- эстетикалық сезімді және эстетикалық қабылдауды
тәрбиелеу. Өмірдегі, өнердегі әдемілікті сезу және көру адамдарда әр түрлі
болады. Біреулер әдемілікке үңіле қарап, оның сырын білуге тырысады, ал
кейбіреулер оған онша мән бермейді, қалай болса солай қарап, жанынан өте
шығады. Әдемілікті сезу үшін, оған түсіну үшін ең алдымен бейнелеу өнері,
музыка және ән саласынан әрбір адамда білім болуы қажет. Білім адамды
әдеміліктің объективтік критерилерімен қаруландырады. Білімді адам
сұлулықты бағалай біледі, түсінеді. Айналадағы дүниеге сезімталдық,
эстетикалық қабылдау қырағылығы, ықыластылық, қамқорлық баланың эстетикалық
дамуының негізі болады.
Эстетикалық ұғымды, байымдауды, баға беруді қалыптастыру — эстетикалық
тәрбиенің тағы да бір міндеті. Әдемілікті сүю, оған түсіну үшін балаға
негізінен көмектесетін білім. Сондықтан бала бейнелеу өнері саласындағы
ырғақ, үндестік, музыка мен әндегі дыбыстарды және өнер әдістері туралы
білімді игеру қажет. Осыған байланысты ол эстетикалық терең түсінуге
тырысады, байымдай және бағалай біледі.
Көркемдікке және сұлулыққа баға беру үшін эстетикалық танымның маңызы
өте зор. Эстетикалық таным - бұл өмірдегі, еңбектегі және табиғаттағы
сыртқы әдемілік пен нағыз сұлулықтың арасын ажырата білу, өнер
шығармаларына жоғары талап қою. Мысалы, мұзда конькимен мәнерлеп сырғанақ
тебу, яғни жарысы өткізіледі. Сонда орындаушыларға екі түрлі баға, яғни
бірінші баға — көркемділігін келістіре орындағаны үшін, екінші баға
мәнерлеп сырғанаудың техникасын жоғары дәрежеде игергені үшін қойылады.
Әрине, орындаушыларға әділетті баға қою үшін мамандардың, әсіресе төрешілер
алқасының танымы, білімі жоғары дәрежеде болуы керек.
Эстетикалық танымның дамуына көбінесе өнер үлгілерін қабылдаумен, не
тегінде шығармашылықпен байланысты іс-әрекеті мүмкіндік береді.
Қазіргі жағдайда біздің қоғамдық өміріміздегі қажетті мәселелердің
бірі — баланың эстетикалық белсенділігін тәрбиелеу. Ол әдемілікті сезіп
және оның заңдарын түсініп қана қоймай, осы заңдар бойынша өзін қоршаған
айналаға өзгеріс жасауы қажет. Өмірге енген эстетика (еңбек, табиғат
эстетикасы, адамдар қатынасы және жай-жағдай эстетикасы) адамды
сүйсіндіреді. Адам белсенді түрде өмірдегі әдемілікке, көркемдікке өз
үлесін қосып, оны көріксіздіктен, ұсқынсыздықтан қорғауы қажет.
Балаларды эстетикалық белсенділікке тәрбиелей отырып, оларды өздігінен
ілтипатты оқырман, қайырымды көрермен, сезімтал тыңдаушы болуға үйрету
керек. Балалар әдебиетті оқуға, кинофильмді, теледидарды, спектакльді
көруге, музыканы тыңдауға өте ынталы болады. Әр түрлі әдеби, музыкалық
шығармалардағы іс-әрекеттің оқиға желісін дұрыс түсіну үшін балаларды көп
ізденуге үйрету, бағыт беру ұстаздардың басты міндеті.
Баланың эстетикалық мәдениеті және белсенділігі тұтас педагогикалық
үдерісте дамиды. Сондықтан оның барлық еңбегі, демалысы эстетикалық бағытта
тиімді ұйымдастырылса, ол өз өміріне әдемілік элементтерін енгізе алады.
Эстетикалық тәрбиенің маңызды міндеті — өнер және әдебиет салаларында
балалардың қабілетін, ынтасын және бейімділігін дамыту. Осыған орай,
мектепте оқушылардың ықтимал мүмкіндіктерін және қабілетін барынша ашу
керек. Эстетикалық тәрбиенің негізгі құралдары — әдебиет және өнер. Олар
зор идеялық тәрбиелік роль атқарады. Әдебиет пен өнер адамдарды қуанышқа
бөлейді, жігерлендіреді, олардың идеялық жағынан баюына игі әсер етеді.
Өнер және әдебиет адам санасына белгілі көзқарастарды әр түрлі құралдар
арқылы (әдебиетте — проза, поэзия; кескіндеме — жанр, баталия, пейзаж;
мүсінде — бюст, т.б.; музыкада - симфония, оратория, ән енгізіледі).
Балалардың эстетикалық тәрбиесі балаларды тұрмыс эстетикасымен, еңбектегі,
табиғаттары, қоғамдық құбылыстардағы әсемдіктегі таныстыру жолымен және
өнер құралдары арқылы жүзеге асырылады. Балаға өмір сұлулығын сезінуді және
түсінуді үйрету – ересектердің ұзақ жұмысын керек ететін күрделі де қиын
міндет. Туған үйдің қабырғасы, баланы алғашқы жасынан бастап қоршаған
заттар оған мықтап әсер етеді. Жайлы мебель, түрлі түстердің жарасты
үйлесімі, өнер бұйымдары, үйді безеңдірудің жалпы стилі – көзбен,
түйсінумен қабылданатын осылардың бәрі сәбидің есінде, санасында сақталып
қалады. Балалар бақшасындағы тұрмыс эстетикасы көркем қарапайымдылықтан,
күнделікті тұтынылатын заттардың ақылмен таңдалып алынуынан, әр заттың өз
орнында жарасып тұруынан, басы артық еш нәрсенің болмауынан көрінеді.
Қабырғалардың бояуы жайдары, ашық болуға тиіс.
Балалар бақшасын безендіруге қойылатын талап балалардың өмірі мен
денсаулығын қорғау міндеттерімен, олармен жүргізілетін тәрбие жұмысының
мазмұнымен анықталады, Олардың ішіндегі ең бастылары мыналар:
1. Үй жиһаздарының пайдалылығы, жабдықтардың практикалық тұрғыдан
қажеттілігі.
2. Тазалық, қарапайымдылық, әдемілік
3. Әрбір заттың көзге сүйкімді, анық көрінуін қамтамасыз ететіндей
түспен жарықтың дұрыс ұштасуы.
4, Безеңдірудің барлық компоненттері біртұтас ансамбль құрайтын болуға
тиіс.
Топты безендіруде бейнелеу өнеріне: картиналарға, эстамптарға,
қолданбалы өнер заттарына ерекше орын берілуге тиіс. Бұл балалардың
эстетикалық ұғымдарын кеңейтеді, өнер шығармаларын түсінуге негіз қалайды,
көркемдік ләззат береді, өрнектің, гүлдің суретін салу, әдемі ойыншық жасау
талабын турызады.
Картинада бейнеленген сюжеттер балалардың түсінуге шамасы келетіндей
болуға тиіс. Бұлар – адамдар еңбегі, балалар бақшасының өмірі, пейзаждар,
натюрморттар, құстар мен жануарлар тіршілігі, ертегілер әлемі. Барлық
топтарда натюрморттарды, жануарлар бейнеленген эстамптарды, ертегі
тақырыбына жазылған картиналарды пайдалануға болады. Пейзаждарды естияр,
ересек және мектепке дайындайтын топтарда пайдалану ұсынылады. Мектепке
дейінгі ересек балалар атақты суретшілердің: Саврасовтың Ұзақтар ұшып
келді, Левитанның Алтын күз, Март картиналарының, Шишкин
пейзаждарының, Васнецовтың Аленушка, Ханша мен сұр қасқыр, Серовтың
Алхоры ұстаған қыз, Кончаловскийдің Сирень картиналарының және
басқаларының көшірмелерін көбірек ұнатады. Бөлмеде 2–З-тен артық картина
болмауға тиіс. Балалардың ерекше назарын аударатын үлкен бір, шағындау екі-
үш картина болғаны жақсы. Картиналарға жарық жақсы түсетін, олар біріне-
бірі кедергі жасамайтын болуға тиіс, сондықтан оларды бір-біріне тым жақын
орналастырмаған жөн. Картиналар мен эстамптарды жыл мерзімін, балалармен
жүргізілетін тәрбие жұмысы міндеттерін ескере отырып алмастыру керек.
Мысалы, алда тұрған әңгіменің тақырыбына, оқылатын көркем шығармаға, ойынға
байланысты картиналар іліп қойған жақсы.
Балалар бақшасын безендіруде халықтың қолданбалы өнер шығармаларына
маңызды орын берілуге тиіс. Барлық топтарда, хохлома болуы керек (кітап
мүйісіндегі мебель және алмасып тұратын екі-үш зат). Көңілді дымковолық
ойыншық, жестоволық поднос, керамикадан жасалған шығармалар болғаны жақсы.
Әрине, балаларды әдемі заттармен қоршап қою жеткіліксіз, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz