Сервистік қызметтің туризмдегі рөлі және салауатты өмір сүру дағдысын қалыптастыру


Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

СЕРВИСТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ТУРИЗМДЕГІ РӨЛІ ЖӘНЕ САЛАУАТТЫ ӨМІР СҮРУ ДАҒДЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ

Туризм саласы Қазақстанда соңғы жылдары мемлекет тарапынан үлкен қолдау табуда. Елбасымыз жыл сайынғы дәсүрлі Қазақстан халқына арналған Жолдауларында елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын және халық шаруашылығының бір саласы - туризмді әлемдік деңгейге көтеру мақсатында жұмыс жүргізудің нақты бағдарламасын ұсынып келеді. Дүниежүзілік Туристік Ұйымы Бас Ассамблеясының ХVIII сессиясында сөйлеген сөзінде: «Туризм саласы ұлттарды жақындастырады, елдерді табыстырады. Қазіргі жаһандану дәуірінде ғаламдық ынтымақтастық пен өзара түсіністіктің орнауында туризмнің ықпалы айрықша. Демек, халықаралық туризм саласының дамуына бәріміз мүдделі болуымыз керек. Сонымен бірге ол баршамызға үлкен жауапкершілік жүктейтінін де ұмытпауға тиіспіз. Осы орайда мен халықтар арасын жақындата түсетін, адамдардың өзара бауырластығын сезіндіре түсетін туризм саласын бірлесіп дамытудың өзекті мәселелерін біздің бүгінгі форумда кәсіби деңгейде талқылап, табысты нәтижелерге қол жеткізетіндімізге бек сенімдімін», - деп атап өтті [1] .

Туризм - мемлекеттің саясатымен тікелей байланысты индустрия. Оны дамытудағы мемлекеттің алдында тұрған мәселенің бірі - туризм саласының мамандарын дайындау. Қазақстан туризмін дамытып, оның инфрақұрылымын жасау, сервис инфрақұрылымын жетілдіру. Осы тұрғыдан келгенде атқарылатын жұмыстар жетерлік. Сервис инфрақұрылымы - туризм жүйесіндегі қызмет көрсетудің қалыптасуының заңдылықтары туралы ғылым. Сервис инфрақұрылымы - мемлекеттік және жекеменшік шаруашылық субъектілерінің жинағы. Сонымен қатар кешенді жүйе болып табылады. Яғни, олар көп жақты қызмет түрлерінен қызмет атқарады. Олар: сауда, банк, сақтандыру, аудиториялық және тағы басқа қызметтер.

1- кесте. Осы пәннің мақсаты сервис инфрақұрылымының даму заңдылықтары мен ерекшеліктерін оқып білу

N
Даму заңдылықтары
ерекшеліктері
N: 1.
Даму заңдылықтары: Жүйеленуі
ерекшеліктері: Сервис инфрақұрылымы тұтас жүйе болып табылады, осының негізінде ұйымдастыру формалары мен әдістері, қызмет етуі мен дамуын реттеу қарастырылады.
N: 2.
Даму заңдылықтары: Тұтынушы қажеттілігі
ерекшеліктері: Сервис инфрақұрылымының жеке жүйелері. Мысалы: тұтынушының тауарлар нарығының жүйесі.
N: 3.
Даму заңдылықтары: Жеке элемент
ерекшеліктері: Сервис инфрақұрылымының жеке элементтерінің жүйесі.

Сонымен қоса, сервис инфрақұрылымының мәнін, мақсаттарын атқаратын қызметтерін; сервис инфрақұрылымының құрамын анықтайтын классификациялық жүйелерін қарастыру; нарықтың дамуына инфрақұрылымның рөлі мен мәнін анықтау; сервис инфрақұрылымының субъектілерінің қызметінің нәтижесін спецификалық сипатын ашу, іскерлік қызмет көрсету; сервис инфрақұрылымының дамуын реттеу әдістерін қарастыру, қазіргі кезеңдегі сервис инфрақұрылымының даму көздерін анықтау; инфрақұрылымдық қызметінің тиімділігін жоғарылату резервтерін анықтау; ҚР-дағы сервис инфрақұрылымының перспективалық дамуының бағыттарын анықтау қажет.

Сервистік қызметтің эмпирикалық зерттеу әдістерінің жүргізілуі (2-кесте)

N
эмпирикалық зерттеу әдістері
N: 1.
эмпирикалық зерттеу әдістері: - бақылау, өзін-өзі бақылау, әңгімелесу, сұхбат, сауалнама, эксперимент, т. б.
N: 2.
эмпирикалық зерттеу әдістері: - іс-әрекеттік бағыт, ішкі (психикалық) және сыртқы (материалды) іс-әрекет бірлігі, сервистік қызметтің даму заңдылықтарының әлеуметтік табиғаты, әлеуметтік тәжірибені меңгергендегі сервис инфрақұрылымын дамытуды зерттеу әдістерінің тарихи өзгеруі, оқыту, тәрбие, даму, қалыптасу, меңгеру, оқу іс-әрекеті, біріккен іс-әрекет, оқу ынтымақтастығы, өзара әрекет формалары, продуктивті және репродуктивті оқу іс-әрекеті, білім, дағды, іскерлік, шеберлік, шығармашылық, тұлғаның әлеуметтік жағдайда дамуы, оқу-тәрбиелік жағдайы, оқыту стратегиясы, оқыту тиімділігінің критерийлері мен категорийлер анықтамасы және арақатынасы.

Адамзат денсаулықты сақтау мен нығайту проблемасын тануға әрқашан да ұмтылып келді, себебі денсаулықсыз толыққанды өмір сүру мүмкін емес. Денсаулық жақсы болған кезде оны сезіне білмейміз, ал денсаулықты жоғалтып алған кезде ауру күйі пайда болады да, ауру ағзаның жайсыз күйі туралы үнемі белгі беріп отырады. Ертеден денсаулық пен салауатты өмір салтын сақтау туралы ғылымның пайда болу тарихы адамзат тарихының тереңіне бойлап келеді. Денсаулық және оны сақтау туралы ертедегі Рим философтары мен дәрігерлері, Византия империясы мен Шығыс елдерінде де өз жалғасын тапқан.

Дүниежүзілік есеп бойынша, туризм саласынан түсетін табыс жыл сайын шамамен 4 триллион АҚШ долларынан асып жығылады. Ал одан түскен салық 800 миллиард доллар шамасында. Сарапшылардың есебі бойынша, 2020 жылға қарай, дүниежүзі бойынша саяхат жасаушылар, күніне 5 миллиард доллар жұмсайтын болады. Ал халықаралық туризм 3 есеге артады. Егер дәл осындай болжам расталса, болашақта туризм саласы, әлемдік экономиканы алға жетелейтін бірден-бір салаға айналмақ. Туризм - шет елдік инвестицияларды тартудың тағы бір көзі. Соның арқасында тарихи, мәдени орталықтарды дамытып қана қоймай, табиғатымызды сақтауға, мыңдаған жұмыс орнын ашуға, жаңа өнеркәсіпті ұйымдастыруға да болады. Шығыстан батысқа дейін 3000, солтүстіктен оңтүстікке дейін 1600 шақырым жерді алып жатқан қазақ жерінде, тау да, дала да, орман мен теңіз де, сан алуан көлдер мен құмды алқаптар бар. Елімізің оңтүстігінде жеміс-жидек пен көкөніс өсіп жатса, солтүстігінде қақаған аяз тұрады. Табиғаттың осынша сан алуан құбылысына ие болған жерімізді көріп, тамашалаймын деушілердің саны жыл санап артып келеді. Отандық туристік ұйымдардың есебі бойынша, таяу жылдары Қазақстанға келем деушілердің саны 14 миллионға жуықтаған. Әсіресе, Алмания, Ұлыбритания, Қытай, Жапония мен АҚШ сынды мемлекеттердің саяхатшылары тарапынан аса қызығушылық байқалуда.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанда туризмнің инновациялық бағытта дамуы және даму мүмкіншіліктері
Жанұялық туризмді ұйымдастыру және жоспарлау
Ақпараттық туристік кәсіпорындар
Жанұялық қонақ үйлер бағдарламасын дамыту
Түркістан аймағында туризмнің жағдайын талдау, сонымен қатар дамыту жолдарыының іс-шаралары мен алға басу сипатын анықтау
Франшизаның туризмдегі экономикалық негіздері
Туристік қызметті басқарудың шетел тәжірибесі
ЕМДІК-САУЫҚТЫРУ ТУРИЗМІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІСІ
Кәсіпорынның маркетинг қызметін басқару
Туристік қызметтер нарығында маркетингті қолданудың ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz