Мекеменің қызметтік іс жүргізу



Өкім
Акт (заңнама)
Бұйрық. Қаулы.
Бұйрық
Жарғы
Өкім – белгілі бір лауазымды тұлға шығаратын билік құжаты. Өкімді ҚР Президенті, Премьер-Министрі және әкімдер әкімшілдік-өкімдік,[1] жедел және жеке дара сипаттағы мәселелер бойынша шығарады. Президент пен Премьер-Министр өкімдері ҚР-ның бүкіл аумағында, ал әкім өкімі өзі басқарып отырған әкімшілдік-аумақта немесе өкімнің өзінде көрсетілген шекте міндетті күші болады. Өкім тиісінше Президент әкімшілігінің, Үкіметтің немесе әкімдіктің регламентінде белгіленген тәртіпте әзірленіп, шығарылады. Төмен тұрған лауазымды тұлғаның өкімін жоғары тұрған лауазымды тұлға, заңсыз өкімді сот жоюы мүмкін. Заңсыздығы жойылғанша өкімнің күшін прокурор тоқтата тұра алады.
Шешім - сюжеттің құрамдас бір бөлігі, шығармадағы оқиға желісінің әбден шиеленісіп барып, тиянақталатын, кейіпкерлер арасындағы тартыс-қақтығыстар, әр түрлі қайшылықтардың бір арнаға келіп тоғысып, оқиғаның даму барысындағы байланған түйіндер шешілетін тұсы. Шешімнің сюжет құрылысындағы негізгі бір кезең ретіндегі үлкен мәні - мұнда кейіпкерлердің тағдыры түгелдей анықталады, олардың мінез-бітімі айқын, толымды сипат алады.
1. Орысша-қазакша заңдық түсіндірме сөздік-анық тамалық. - Алматы: Жеті жарғы, 2008. ISBN 9965-11-274-6
2. “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
3. Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6

Пән: Іс жүргізу
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Өкім – белгілі бір лауазымды тұлға шығаратын билік құжаты. Өкімді ҚР
Президенті, Премьер-Министрі және әкімдер әкімшілдік-өкімдік,[1] жедел және
жеке дара сипаттағы мәселелер бойынша шығарады. Президент пен Премьер-
Министр өкімдері ҚР-ның бүкіл аумағында, ал әкім өкімі өзі басқарып отырған
әкімшілдік-аумақта немесе өкімнің өзінде көрсетілген шекте міндетті күші
болады. Өкім тиісінше Президент әкімшілігінің, Үкіметтің немесе әкімдіктің
регламентінде белгіленген тәртіпте әзірленіп, шығарылады. Төмен тұрған
лауазымды тұлғаның өкімін жоғары тұрған лауазымды тұлға, заңсыз өкімді сот
жоюы мүмкін. Заңсыздығы жойылғанша өкімнің күшін прокурор тоқтата тұра
алады.

Шешім - сюжеттің құрамдас бір бөлігі, шығармадағы оқиға желісінің
әбден шиеленісіп барып, тиянақталатын, кейіпкерлер арасындағы тартыс-
қақтығыстар, әр түрлі қайшылықтардың бір арнаға келіп тоғысып, оқиғаның
даму барысындағы байланған түйіндер шешілетін тұсы. Шешімнің сюжет
құрылысындағы негізгі бір кезең ретіндегі үлкен мәні - мұнда кейіпкерлердің
тағдыры түгелдей анықталады, олардың мінез-бітімі айқын, толымды сипат
алады. Егер шешім алдында күрес, тартыс асқындап, мейлінше үдей түсіп,
оқиға әбден ширығып, шарықтау шегіне жетіп, оқырман тоғыз жолдың торабында
тұрғандай болса, ол оқиғаның тағы қандай шырғалаңға соғарын, немен тынарын
ойлап, кейіпкерлердің тағдыры не жағдаймен аяқталуына көзі жетпей, сан-
сауалға жауап күтіп толғанатын болса, ал шешім тұсында осының бәрінің соңғы
нүктесі қойылып, шиеленіскен түйіні тарқатылады. Шешімнің оқиғаны өмірдің
логикасына сәйкес әр түрлі арнаға салып жіберу, кейіпкерлердің тағдырын
әрқалай тиянақтау мүмкіндігі мол. Өйткені қандай оқиға болсын, оны әр түрлі
аяқтап, бітіруге болатыны аян.

Оқиғаны қалай өрбіту, кейіпкерлер тағдырын қандай күйге алып келу -
бұларды жазушы өмірдің заңына, шындыққа сәйкес, кейіпкерлердің характеріне
орайлас келтіреді және өзінің идеялық мақсатымен ұштастырады. Ендеше
шығарманы аяқтаған тұста өмірде болуға мүмкін жағдайлардың қайсысын негізге
алуды лайық көреді - ол жазушының таңдауында. Міне, шешімнің шығарма
мазмұнын, идеясын, тәрбиелік мәнін айқындауда айрықша орны бар екені осыдан
аңғарылады. Бұл тұста кейбір жағдайлардың сыры ашылып, басқаша танылып,
тіпті кейіпкердің жағымды көрініп келген әрекеті керісінше жағымсыз болып
шығуы да ықтимал.

Жарлық — мемлекет басшысының қабылдайтын құқықтық актісі. Құқықтық
жағынан Жарлық нормативтік және нормативтік емес болып бөлінеді.
Нормативтік Жарлық мемлекеттің бүкіл аумағында міндетті күші бар құқықтық
нормаларды белгілейді. Нормативтік емес Жарлық нақты оқиғаға байланысты
шығарылады (мысалы, азаматтарды лауазымды қызметке тағайындауға,
марапаттауға, т.б. байланысты). Қазақстан Республикасының Конституциясында
(45-бап, 1-тармақ): “Қазақстан Республикасының Президенті Конституция мен
заңдар негізінде және оларды орындау үшін Республиканың бүкіл аумағында
міндетті күші бар жарлықтар мен өкімдер шығарады” деп көрсетілген. Жарлық
жарияланған күннен не Жарлықта арнайы көрсетілген мерзімнен бастап
мемлекеттің барлық территориясында күшіне енеді.

Акт (заңнама)

Акт (құқық) – заңды мәні бар шешім, іс-әрекет немесе құжат. Мысалы,
нормативтік акт, сараптама актісі, азаматтық хал-ахуал актісі.
Акт - болған құбылысты мазмұндайтын және іске қатысушылардың қолы қойылған
ресми құжат.[1]
НОРМАТИВТІК АКТ – қоғамдық қатынастың белгілі бір аясын реттеуші құқық
нормаларынан тұратын мемл. құжат. Н. а. заңдарда көрсетілген арнайы
тәртіпте даярланады және оны тек мемлекеттің арнайы құзыры бар органдары
ғана шығарады. Бір мемл. органның басқа мемл. органның құзырына берілген Н.
а-іні шығаруға құқығы жоқ. Мыс., заңды тек қана ҚР Парламенті қабылдайтын
болса, заң күші бар жарлықты ҚР Президенті шығарады. Н. а-іге заңдар,
президент жарлықтары мен өкімдері, үкімет шешімдері мен өкімдері, мин-тер
мен агенттіктердің, салалық к-ттердің нұсқаулары мен ережелері, бұйрықтары,
жергілікті мәслихаттар мен әкімдердің өз құзырлары шегінде шығарған
шешімдері мен өкімдері жатады. Н. а-ілер құқықтың негізгі қайнар көздерінің
бірі болып табылады.
Бұйрық. Қаулы.
Өкілеттік құжаттарға мекеменің қызметтік іс-әрекеттеріне және
қызметкерлеріне байланысты жазылатын бұйрықтар мен нұсқаулар жатады. Мұндай
құжаттарға мекеме, ұйым, бірлестік жетекшісі қол қояды. Бұйрықтарда
ұйымның, өндірістік-шаруашылық және маңызды бағыттағы моселелері жазылады.
Сондықтан оларды безендіруде, сақтауда нактылы талаптар қойылады.
Бұйрықтар жобасын дайындауда реквизиттер құрамы толык болуы тиіс жоне
безендірілуі мен оған қол қойылуы белгіленген тәртіп бойынша жүргізіледі.
Бұйрыққа қол қойылған соң ол тіркеуге алынады, түп нұсқасы немесе оның
көшірмесі я үзіндісі бұйрықта орындаушыларға беріледі және оларға бақылау
жасалады.
Бұйрықты безендірудің ең негізгі бөлігі — оның мәтіні. Бұйрық мәтіні
өкілеттік бөлімдерден құралып, "БҰЙЫРАМЫН" деген сөзбен беріледі және жеке
жолға жазылады.
Орындалуы міндетті бүл өкілеттік құжат мәтіні нақты, түсінікті, қысқа
жазылады. Онда іс-әрекеттің орындалу мерзімі, орындаушының аты-жөні
көрсетіледі. Бұйрықта түсініксіз сөз орамдары мен сөйлемдер болмауы керек.
Егер бұйрық бірнеше ісәрекетгің орындалуына негізделген болса, мәтіннің
өкіметтік бөлігі бөліктерге бөлінеді және олар араб цифрларымен белгіленіп,
азат жолдан басталып жазылады.
Бұйрықта іс-әрекетті орындаушы көрсетілсе, онда оның аты-жөні, фамилиясы,
кызметі толық жазылуы тиіс.
Бұйрықтың орындалуы үнемі іске асып отыруды қажет ететін жағдайда, орындалу
уақытына шек қойылмайды яғни мерзімі көрсетілмейді. Бұйрықтың соңында
жауапты адамның аты-жөні, фамилиясы жазылады.
Бұйрықтың соңғы бөлімінде оны орындауға міндетті және жауапты тұлғаның
қызметі көрсетіледі.
Бұйрық
Бұйрық - жетекшінің мекемені басқарудың барысында, алда тұрған маңызды,
ағымдағы, күнделікті, кадрлық мәселелерді шешу мақсатында беретін,
қарамағындағылар орынадауға тиісті нормалардан тұратын өкілеттік құжаттың
бір түрі.
Бұл құжаттың жауапкершілігі оған қол қоятын лауазымды адамға жүктеледі.
Бұйрық ауызша да жазбаша да беріледі, төменде біз жазбаша берілетін бұйрық
түрлерін қарастырамыз. Жұмыс жүргізу ыңғайлы болу үшін мекемеде бұйрықты
екі топқа бөледі: 1) мекеменің негізгі жұмыстарына байланысты; 2) жеке
құрамға байланысты. Ірі мекемелердің маңызды іс-әрекетіне байланысты
бұйрықтар А4 форматты қағазда басылады. Бұйрықтың мынадай реквизиттері бар:
елтаңба, мекеме немесе кәсіпорынның аты және оның қандай ұйымға қарасты
екені, құжат аты, жазылған күні, орны, индекс, тақырып, қол, қол қойылған
адамның аты-жөні, келісім туралы белгі. Бұйрық мөтіні әдетте екі бөліктен
тұрады:
1) констатациялык; 2) өкімдік.
1. Констатациялық (айқындаушы, анықтаушы, фактіні көрсетуші бөлігі)
бөлікте, бұйрықтың мақсаты, бұйрықты беруге негіз болған факті көрсетіледі.
Өкілеттік құжаттың тақырыбы, нөмірі, датасы жазылады.
Егер бұйрықтың берілуіне жоғары тұрған ұйымнан келіп түскен құжат негіз
болса, онда ол құжаттың аты, нөмірі, күні осы бөлікте жазылады.
Егер берілетін бұйрық түсіндіруді қажет етпесе констатациялык бөлік
жазылмайды.
2. Өкімдік бөлік "БҰЙЫРАМЫН" деген сөзден басталады да, бұйрық мазмұны жаңа
жолдан басталып, әр бөлімі араб цифрларымен белгіленді. Бұйрықты дайындау
барысында, оны орындалуына мүдделі мекемелер және құрылымдармен келісіледі.
Келіскені туралы белгі бұйрық жобасынын бір данасына қойылады. Келісілген,
бланкке басылған бұйрыққа мекеме ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Іскерлік хаттарды аудару кезінде қолданылатын әдіс-тәсілдерді анықтау, ерекшеліктерін сараптамалау
Ұйымдық-өкілеттік құжаттар және олардың түрлері. Іс қағаздарының формалары мен түрлері
ҚЫЗМЕТТІК ХАТТАРДЫ РЕСІМДЕУ
Мемлекеттік тілде іс жүргізу пәнінен студенттерге арналған оқу құралы
Қызметтік хат
Құжаттарды әзірлеу және ресімдеу
Құжаттың құрастырылған немесе шығарылған орны
Хат және оның түрлері
Құжат айналымы туралы жалпы түсінік
Алматы қаласындағы аудандық орталық аурухана
Пәндер