Рим құқығының тарихы


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім

2. 1. Рим құқығының тарихи мәні.

2. 2. Рим құқығы қайнар көздерінің түсінігі.

2. 3. Заңгерлер қызметі, олардың қызмет нысандары.

2. 4. Юстиниан кодификациясы

ІІІ Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

“Рим құқығы” деген термин ежелгі Рим мемлекетіндегі құлиеленушілік кезіндегі құқықты білдіреді. Рим құқығының оқытатын пәні мүліктік құқықтың негізгі институттары болып табылады. Бұл құқықтың пәніне мүліктік институттар мен бірге отбасылық қатынастар да енеді. Бұл негізінен б. э. -ғы 6 ғасырға дейінгі аралықты қамтиды.

Қазіргі кезде “азаматтық құқық” термині белгілі бір қоғамдағы мүліктік қатынастарды реттейтін құқық саласын білдіреді.

Латын тілінде “азаматтық” деген сөзге civilis деген сөз сәйкес келеді. Бірақ Рим құқығындағы jus civile деген сөз қазіргі кездегі “азаматтық” деген сөзге сәйкес келмейді. Jus civile Рим құқығында әртүрлі мағына береді. Бұл термин арқылы тек ежелгі Римдегі құқық айтылады және Рим азаматтарына ғана қолданылады. Олар квириттер деп аталды. Сондықтан да кей жерлерде Рим құқығы квириттер құқығы деп те аталады. Яғни, Рим құқығында jus civile нормалары тек ежелгі Рим тұрғындарына ғана қолданды. Ал jus gentium (халық құқығы) нормалары Римдегі барлық халықтарға (перегриндерге) қолданылған деп білеміз. Яғни, jus gentium нормалары перегриндер мен ежелгі Римдіктердің де арасындағы мүліктік қатынастарды реттеді. Мұнымен бірге оның дамуы барысында преторлық құқық қалыптасты. Ол халық жиналыстары, сенат нормаларынан тұрды.

Рим құқығының маңыздылығы, ол сол кездегі жетілген жүйе болумен қатар, кейінгі құқықтық жүйенің де дамуына, сонымен бірге мәдениеттің дамуына әсер етті.

Рим құқығының негізгі көріністері бүгінгі азаматтық құқықтық теориясын қалыптастырлды. Сонымен бірге Рим құқығы өзінің нақтылығымен, айқындылығымен, жалпы заңдық техникасы жоғары дәрежеде болумен, оның бүгінгі өз мәнін жоймағандығымен маңызды.

Рим құқығының тарихи мәні.

Рим мемлекеті тарихын үйренуде, төмендегі мәселелерді меңгеру қажет:

1) алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырау себептері және мемлекеттің пайда болуы;

2) мемлекеттің пайда болу негізгі кезеңдері;

3) демократиялық құлдық республиканың пайда болуы және оның б. э. д. Y-IY ғасырлардағы мемлекеттік құрылымы.

Рим мемлекетін сипаттауда оның пайда болуына, қоғамдық құрылысы мемлекеттік құрылысына көңіл бөлу керек. Себебі Спартак мемлекетін сипаттауда оның мемлекеттік және қоғамдық құрылысына, ерекше назар аударуды қажет етеді.

Сонымен қатар Рим мемлекетінің тарихында және құқығында Серви Туллидің жасаған реформасының мемлекет реформасына әсерін және ерекшелігін түсіну керек. Афины және Рим мемлекеттері мемлекет-қала “полис” дәрежесінде дамыды. Бұл құбылыс мемлекеттерде құлдық қоғамның пайда болуына әсер еткенін білеміз. Бұл жағдайда мемлекеттердің құл иеленушілік сипаттамаларына, ерекшелігіне яғни айырмашылықтарына мән бере отырып, Афины демократиялық республикасы мен Рим демократиялық республикасының құрылымы негіздеріне талдау жасай отырып, билеуші органдар байланысы және басқаруы, басқарушы - билеушілер арасындағы қатынастардың мәнін түсіну қажет.

Рим құқығының негізгі белгілері және Рим құқығының тарихи мәні “Рим құқығы” термині құл иеленушілік қауымда құрылған Рим мемлекетінің, яғни антикалық Римнің құқығын білдіреді. Рим құқығының жүйесі сондай-ақ бұл мемлекеттің тарихи дамуы тұтастай алғанда көбінесе шет мемлекеттер құқығының тарихы курсында оқытылады.

Рим азаматтық құқығының оқыту пәні - мүліктік құқықтың маңызды институттары болып табылады (отбасылық қатынастар да жатады) .

Рим құқығының негізгі институттарына мына төмендегілер кіреді: меншік құқығы; шарттар мен міндеттемелер; отбасылық құқықтық қатынастар; мұрагерлік мәселесі, сондай-ақ жеке құқықтарды талап арқылы қорғау мәселелері және тағы басқа маңызды мәселелер.

Сонымен бүгінгі азаматтық құқыққа Римдегі ежелгі цивильдік құқық, халықтық құқық (jus gentium) және преторлар құқығының жиынтығы сәйкес келеді. Бұл құқықтардың жиынтығын (jus privatum) жеке құқық деп атады.

Жеке құқық көпшілік құқықпен өзіндік ерекшелігі бойынша ажыратылады. Ежелгі Римдегі кәсіпқой заңгерлердің бірі - Ульпиан көпшілік құқық мемлекет мүддесін, жеке құқық жеке мүдделерді қорғайтындығын айтып құқықты осылай бөлді.

Рим мемлекетіндегі заңгерлердің сол кездегі құқық жүйесінің жеке және көпшілік деп бөлінуі бүгінгі дамыған құқық жүйесінде көрініс тапқан.

Римде құқықтың jus civile және jus gentium жүйелері қатар дамып, уақыт өте олар бір-біріне жақындады. Тіпті олардың нормалары бір-бірімен ауысып отырды (jus gentium ертедегі Римдіктер арасында, jus gentium барлық арасында) .

Рим құқығының негізгі тарихи кезеңдері:

Рим құқығының қалыптасуы мен ары қарай дамуын тұтастай алып қарағанда екі дәуірге бөлуге болады:

I дәуір - Рим құқығының құрылуы мен дамуы. Ежелгі Рим мемлекетінің қалыптасуы мен байланысты (антикалық мәдениетімен қоса) ( б. э. д. VIII - б. э. V ғғ) .

II дәуір - тарихи дәстүрге байланысты Рим құқығының басқа елдермен тығыз байланысты дамуы (саяси жағынан, заң тәжірибесіне, ағарту ісі мен заң ғылымы жағынан) (б. э. VI ғ) .

Мұндағы Рим құқығының пайда болуы мен дамуын зерттеушілер екінші кезеңге байланыстырады. Бұл кезеңді кейде классикалық Рим құқығы кезеңі деп те атайды. Рим құқығының маңызына тоқталсақ, рим құқығына тек мемлекет әсері ғана емес, мәдениеттің де дамуы себебін тигізді. Мәдениет саласының қалыптасуы арқасында сауда саттықта қарқынын алды, сол кездің өзінде-ақ құқықтық міндеттемелер сатып алушы мен сатушы, борышқор, шарт, міндеттемелер сияқты құқықтық элементтер көріне бастады.

Өзінің мәні мен маңызына байланысты Рим құқығы қазіргі заңгерге өте керек нәрсе болып тұр. Оны оқып түсіну заң тәжірибесінде де, дәл айтқанда заң шығару жұмысымен айналысушыларға да маңызды.

Рим мемлекетінің дамуының классикалық дәуірі кезеңінде jus civile мен jus gentium жүйесінің ерекшеліктері сақталды. Бірақ олардың негізгі айырмашылықтары болмай қалды.

Оған әсіресе, Қаракаллының б. э-212 жылы жасаған эдиктінің әсері мол болды. Бұл бойынша шеттен келген перегриндер Рим азаматтығын алуға құқылы болды. Юстининан кезінде (YI ғасыр) jus civile және jus gentium жүйесі біріктіріліп құқықтық ортақ бір жүйесін құрды оны және ол jus gentium деп аталды.

Рим мемлекеті тарихында мемлекеттің республикалық билігінен монорхиялық билікке көшу себептерін көрсету, Рим құқығы тарихын үйренуде Рим жеке құқығының жетілген формалары ретінде жеке меншіктің ерекшелік мәнін ашады.

Рим құқығы тарихын оқуда оның жеке мәніне Рим құқығының негізінде жеке жағдайларда: субьективтік құқық (жеке адам) жеке меншіктік құқық, міндеттемелік құқық түрлеріне көңіл бөлеміз (келісім, кінә, кездейсоқ мүліктің жойылуы, келісім шарт түрлері т. б. ) .

Ежелгі Рим мемлекеті құқығының Ерте шығыс елдері құқығынан ерекшелігі, онда қылмыстық процесс нормалары жеке құқық нормаларына қылмыстық құқық процесстен азаматтық құқыққа жалғасып жатады.

Рим құқығы қайнар көздерінің түсінігі.

Рим құқығына байланысты көптеген елдерде “қайнар көз” ұғымын бірнеше мағынада түсіндіреді, олар:

  1. құқық нормаларының мазмұны ретінде;
  2. құқық нормаларының құрылу (қалыптасу) тәсілі мен нысаны ретінде;
  3. құқықты тану ретінде.

Құқық қайнар көзінің мазмұны қоғам өмірінің материялдық жағдайы болып есептеледі.

Заң оқулықтарында “құқықтың қайнар көзі” дегенде мына сауалдардан бастау табатындығын көрсетеді, ол: қай құқық нормасынан, қандай бағытпен және қандай жолдармен қалыптасады.

Рим құқығында қайнар көздің мынадай түрлері кездеседі: 1) Әдеттік құқық ( әдет-ғұрып) ; 2) заңдар; 3) магистраттық құқық; 4) Заңгерлердің іс-әрекеті; 5) Мемлекет басшысының ( императордың) қаулылары.

I. Әдеттегі құқық - тәжірибеде кездесетін нормалар, яғни бұл адамдардың жүріс-тұрыстарының ережелері. Адамдар арасындағы қоғамдық қарым-қатынастарды реттеуде әдет-ғұрып мінез-құлықтың неғұрлым көне әрі қуатты нормативі болып табылады. Көне Рим дәуіріндегі әдет-ғұрыптардың нормалары мен институттары түгелдей заң нормасынан аспаған. Тек қана мемлекеттік билігі бар қоғамның мүддесіне сай заң нормасына айналған. Яғни заңды күші бар саяси өкімет жол берген әдет-ғұрыптар ғана құқықтық әдет-ғұрыпқа айналған. Әдетте олар арнайы еш жерде тіркелмеген. Олардың көбінің түп-тамыры сонау көне заманға кетеді. Ұрпақтан ұрпаққа ауысқан.

II. Заңдар. Рим құқығының мәдениетінде негізгі құқық ретінде қарастырады. Заңның заң екендігін білдіру үшін ол арнайы органнан шығуы тиіс болды және оны халық орындауға міндетті болатын. Заңдарға қаулылар жатты, олардың өзіне тән мазмұндары мен тәртіптері көзделетін.

III. Магистраттық құқық ( магистраттар эдикттері) . Рим мемлекетінің саяси дәстүрінде ежелгі кездерде әкімшілік функцияны атқаратын арнайы мамандар болған жоқ. “Эдикт” деген термин магистраттың ауызша хабаролауы дегенді білдіреді. Ал магистраттың өзі Рим мемлекетінде - мемлекет қызметшісін білдірген.

Римдік тарихшы Тит Ливий “Fons omnis publici privatigue juris” деп аталатын XII таблицаны барлық көпшілік және құқықтардың қайнар көзі деп атады.

Рим құқығында құқықтың қалыптасуында ерекше бір түрі - магистраттар эдикті. “Эдикт” деген термин diko (айтамын) деген мағынаны білдіреді. Алғашқы кезеңдерде эдик магистраттар тарапынан белгілі бір мәселені шешуді алдын-ала оның тәртіптері ауызша айтылып қойды. Кейін келе эдикт арнайы бағдарламалары түрде жазбаша түрде жарияланатын болды.

Магистраттар өздері шығарған эдиктінде олардың жұмыстарының негізі неге сүйенетін қандай жағдайда талап қойылатыны міндетті түрде көрсетілуі тиіс болды.

Әрбір эдикт магистрат кезінде және соны шығарған магистартқа міндетті сипатта болды. Бірақ әрбір эдиктінің ережелері өзгермей сақталып келе берді. Өйткені магистрантардың барлығы үстем таптың мүддесін қорғап, соған бейімдеп эдиктіні шығарды.

Әсіресе, магистрат преторлардың (бұлар қалалық және Римдік азаматтар мен перегриндердің арасындағы дауларды шешеді) және курильдік эдиктердің (бұлар жергілікті саудаға байланысты дауды шешті) маңызы зор болды.

Б. э. д. III - ғасырда Римде сауда қатынасы жоғары дәрежеде дамыды. Цивильдік құқықтың бұрынғы қалыптасқан нормалары ол қатынастардың реттеу қажеттілігін өтей алмады. Сондықтан ондай қажеттіліктер магистраттар эдиктілері арқылы жоюға заңдар шығаруға оларды өзгертуге құқығы болмады. Магистрат немесе претор соттық қызметінің басқарушысы ретінде цивильдік нормалардың маңызын көрсетіп оны пайдаланды. Сонымен бірге қажет емес деп жатқан нормаларды пайдаланбауға құқылы болды.

Соттық магистраттардың құқық жасаушылық қызметтері біртіндеп дамыды. Алғаш преторлар цивильдік құқықтық нормаларының іске асырылуына жол ашып, оѓан ықпал етіп, оның орындалуына көмектессе. Кейін олар эдикт арқылы цивильдік нормаларды толықтыратын мүмкіндігіне ие болды.

Сонымен преторлық эдикт цивильдік құқықтың нормаларын жоймады, оны жаңа нормаларымен толықтырып отырды. Яғни, цивильдік құқықтың жаңа институттарын қалыптастырды.

Құқық мазмұнының бастауы қоғамдағы өмірдің материялдық жағдайы болып табылады. Мәселен, құлиеленушілік қоғамда осы қоғамның өмір жағдайы Рим құқығы нормасының мазмұны болып табылады.

Рим құқығы нормасының қалыптасу түрі, оның тарихына мыналар жатады:

  1. Әдеп құқығы;
  2. Заң (ұлттық жиналыстың қаулылары, сенат қаулылары, императорлық конституция) магистраттар эдикті, заңгерлер әрекеті.

Сонымен бірге “Рим құқығының қайнар көзі” Рим құқығын танудың бастаулары ретінде түсіндіріледі. Оған мысалы, заңдық ескерткіштер ретінде Юстинианның кодификациясы, Рим заңгерлерінің шығарамалары, Рим тарихшыларының шығармалары жатады. Олар Тита Ливия б. э. - I ғасыр, Цицерон б. э. д. I ғасыр т. б.

Рим құқығын танудың негізгі қайнар көздері бізге жеткен бұрынғы ағаш, тал және ондаѓы басқа да жазбалар болып табылады.

Рим құқығындағы маңызды қайнар көзінің бірі Папирустар. Тарих ғылымында оны зерттеу үшін арнайы ғылым саласы -папирология қалыптасқан. Рим құқығының қайнар көздерін мынадай 3- топқа бөлуге болады.

1. әдет құқығы және заң;

2. магистраттар эдикті;

  1. заңгерлер қызметі.

Заңгерлер қызметі, олардың қызмет нысандары.

Заңгерлердің іс-әрекеті. Заңгерлікпен айналысу Ежелгі Римде ең көрнекті қызмет болып есептелетін. Білімді заңгер сол заманның өзінде құқық жағынан кеңестер беріп, сот мәжілістерінде қатысып, ғылым мен білім саласында да еңбек етіп жүрген.

V. Мемлекет басшысының қаулысы. Мемлекеттік - саяси мәдениеттің тұрақтануына байланысты, монарх өзінің билігін көрсету үшін түрлі қаулылар шығара бастады, Рим құқығы үшін бұл да қайнар көз ретінде кірді. Қаулының мынадай түрлері қолданылды:

1) Эдикт немесе жарлық - бұған барлық нормалар тұтастай реттелінген (жеке немесе жариялы сала) .

2) Мандат - мемлекет қызметкерлеріне жүктелген қаулы, көбінесе жеке немесе қылмыстық құқық салаларына арналған.

3) Рескрипт - жеке тұлғалардың сауалдарына императордың жіберген жауабы.

4) Декрет - императордың сот шешімі.

Римдік заңгерлер қоғамда жоғары беделге ие болып, үстем таптың қатарына жатты. Олардың қызмет жағдай жоғары орында тұрды. Заңгерлердің ақыл-кеңестері нормаларды түсіндірулерінің маңызы зор болды. Заңгерлердің құқық жасаушылық қызметтері б. э. III ғ. Классикалық деңгейге жетті. Негізгі өкілдері Цицерон, Аквиллия, Галла, Муция, Манилия, Капитон, Ульпиан, Гая т. б.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Рим құқығының қайнар көздері
Рим құқығының жалпы сипаты
Шетелдердің мемлекет жəне құқық тарихы
Римдік құқығымен термині мен көне рим құқығы
Рим мемлекетінің құрылуы жайлы
Әдеттегі құқық және заң
Ежелгi Римнің саяси ой-санасы
Құқықтық жүйелер
Латын тілінің шығу тарихы туралы ақпарат
Ежелгі Римнің мемлекеті және құқығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz