Мемлекет типологиясына кеңірек анықтама беру, мемлекетті жіктеудің әдіс-тәсілдерін көрсету


МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ . . . 3
І МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТИПОЛОГИЯСЫ
- Марксистік теориясының мемлекеттің типтері туралы пікірі, яғни
формациялық әдістің мазмұны . . . 4
- Мемлекет типологиясының цивилизациялық әдісі, оның негізгі критерийлері . . . 5
- Мемлекетті жіктеудің тарихи хронологиялық түрлері . . . 9
ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ТАРИХИ ТИПТІК - ЖАҒДАЙЫ
2. 1. Мемлекеттік құқық . . . 14
2. 2. Қазақстан мемлекетін нығайту - тұрақтылық пен прогрестің басты
факторы . . . 17
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 29
Кіріспе
Адамзат дамуының мыңдаған жылдарға созылған тарихында бірін-бірінің орнына келіп жатқан мемлекеттер көп болды, олар қазіргі кездің өзінде де аз емес. Осыған байланысты оларды классификациялаудың мәселесі қазіргі кезде өте бір күрделі мәселелердің қатарына жатып келеді.
Мемлекеттердің тарихи даму логикасын көрсететін, оларды бір критерийлердің негізінде белгілі бір топқа жіктеп қоюға мүмкіндік беретін мемлекеттердің классификациясы типология деп аталады.
Курстық жұмыстың мақсаттарына тоқталып кететін болсам, олар: мемлекет типологиясына кеңірек анықтама беру, мемлекетті жіктеудің әдіс-тәсілдерін көрсету және де адамзат тарихында болған мемлекеттердің тарихи-хронологиялық түрлерін көрсетіп беру болып табылады.
Мемлекетті жіктеу процесстері олардың тарихи дамуын дұрыс түсіну үшін қажет. Типология - қоғамның тарихи дамуының негізгі мазмұны мен нышандарын түсіну үшін қолданылатын әдіс пен тәсілдер. Мемлекеттің даму процесі бүкіл дүние жүзі дамуының бір бөлім болып табылады. Оны анықтап түсінгеніміз - бүкіл тарихты жақсылап оқып, қамтығандығымызды білдіреді. Мемлекеттің дамуы үздіксіз процесс болып табылады және уақыт өткен сайын олардың жаңа типтерінің пайда болуы да ғажап емес. Сондықтан да бұл институтты зерттеу өте қызықты болып табылады. [1]
1 МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТИПОЛОГИЯСЫ
- Марксистік теориясының мемлекеттің типтері туралы пікірі, яғни формациялық әдістің мазмұны
Мемлекеттің даму процесі мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, мәдени, саяси мазмұнымен және алдында тұрған мақсаттарымен байланысты болып табылады. Мемлекеттің тарихи типін белгілейтін экономикалық жағдай, жеке меншіктің түрі, сонымен байланысты қоғамның дифференцияциалау процестері жатады. Ал тарихи типтің дамуы мемлекет қай топтардың мүддесін қорғайды, халықтың қандай демократиялық құқықтары мен бостандықтарын қорғайды, басқару процесінде қандай демократиялық әдістер мен тәсілдер қолданытынын көрсетуге тиіс.
Мемлекет және құқықтың тарихи типі қоғамның, экономиканың дамуымен байланысты болса да, мемлекеттің ерекше даму заңдары бар. Мысалы, Рим құқығы туралы айтатын болсақ, корпус Юрис Цивилис деген ірі кодификациялық заң қабалданған кезде мемлекет ыдырап, басқа халықпен жауланып, экономикасы терең дағдарысқа ұшыраған еді. Батыс Рим империяны франктер басып алып, өздерінің Франк империясын құрған кезде, Византияда император Юстиниан жүйелеу жұмыстарын басқарып, құқықтық кодекстің жазылуын қадағалады. Бұл кезде экономиканың, мемлекеттің және құқықтың дамуы бір-біріне сәйкес болған жоқ. Құқықтың дамуы мемлекеттен көп жоғары болды. [2]
1. 2 Мемлекет типологиясының цивилизациялық әдісі, оның негізгі критерийлері
Мемлекетті типтерге бөлудің марксистік әдісі. Бұл пікір қоғамды зерттеуде таптық мәселелерімен байланысты. К. Маркс, Ф. Энгельс, мемлекет үстемдік таптың мүддесін қорғайтын құрал деп түсіндіреді.
Марксистік көзқарас тұрғысынан мемлекеттің тарихи типі ретінде мемлекетті бір формацияға жатқызып қарауға мүмкіндік беретін оның маңызды деген белгілері мен сипаттарының жиынтықтап алғандағы көрінісі. Өмір сүрген мемлекеттердің барлығын тарихи типке бөлудің критериі ретінде қоғамдық-экономикалық формация болып табылады, яғни белгілі бір өндірістің тәсіліне негізделген қоғамның тарихи типі.
Марксистік типологияның пайымдауынша қоғамдық-экономикалық формацияның төрт типіне (құл иеленушілік, феодалдық, буржуазиялық және социалистік), экономикалық базистің төрт типіне мемлекеттің төрт типі - құлиеленушілік, феодалдық, буржуазиялық және социалистік әр қайсысы өзінің белгілерінің жиынтығымен сәйкес келеді. Бір тарихи типтің екіншімен ауысуы революцияның нәтижесінде болатын объективті, табиғи-тарихи процесс болып табылады. Бұл процесте әр кейінгі мемлекеттің типі алдыңғыға қарағанда тарихи прогрессивті болуы қажет болып табылады.
Формациялық көзқарасқа негізделген мемлекет типінің марксистік теориясы анау айтқындай жақсы емес, өйткені онда бірізділік пен схемалылық басым болып табылады.
Марксизмнің мемлекет типологиясына сәйкес мемлекеттер қатаң тәртіпте белгіленген бір жолмен жүру керек секілді болды. Дегенмен мемлекеттердің даму эволюциялары оған қарағанда анағұрлым көп қырлы болып табылады. Мысалы, мемлекеттердің барлығына құлиеленушілік типі сәйкес келмеді, өйткені олардың дамуында қозғалыс артқа қарай бағыт алған болатын (профеодалдық мемлекеттер) .
Ғалымдардың пікірінше, марксистік теорияны қабылдамауға, тіптен керек болса одан бас тартуға болады, бірақ алдымен оны істеу үшін оның орнына анағұрлым ақылға сыйымды теория ұсыну қажет. Мүмкін осы формациялық көзқарасқа тағы бірнеше толықтырулар жасау керек шығар. Олардың кейбіреулерінің ұсынысы бойынша өмір сүріп келе жатқан формациялық көзқарасқа тағы "шығыстық мемлекет", "өндірістің азиаттық нысаны", "профеодалдықты" қосу қажет деп түсінеді. Ендігі кезде "посткапитализм" мемлекеттері деген түсініктің өзіне жаңаша қарау керек. Бұл дегеніміз не: мемлекеттің жаңа типі ма, әлде мемлекеттердің басынан өтетін өтпелі кезеңдер ме? Сонымен қатар социалистік жолмен, социалистік бағытты алып өмір сүріп жатқан мемлекеттерді сынға алуға болмайды. Мемлекеттің ең ірі деген мемлекеттерінің бірі - Қытай Халық Республикасы - өзінің елінің даму бағытын нақ осы социализммен ұштастырып отырғандығын біз қазіргі күні көріп отырмыз. [3]
Марксизм мемлекетті - бір таптың екінші бір тапты қанауы деп түсіндіреді. Типті осындай бөлудің прогрессивті де негативті де жақтары басым болып табылады. Бір жағынан мемлекет таптың құрылуымен байланысы анық көрінеді, топтар және таптар құрылмаған қоғамдарда мемлекет орнамайды. Негізінен алғанда мемлекеттердің алдындағы мақсат екіге бөлінеді: бір жағынан бүкіл қоғамның мүдделерін қорғап, жалпы қоғамдық мәселелерді шешу, ал екінші жағынан - таптардың арасындағы қайшылықтарды бәсеңдету. Қоғамда таптар анық құралмаған кезде мемлекет пайда болған жағдайлар да кездеседі. Мысалы: Шығыс мемлекеттерді марксизм құл иеленуші мемлекеттерге жатқызады, ал негізінен бұл мемлекеттерде құл иеленушілік қарым-қатынастар әлі қалыптасқан да жоқ еді, мемлекеттерді туғызған басқа да жағдай да - географиялық жағдайлар мен қоғамның жалпы экономикалық функциялары мен қызметтері (мысалы, Египет мемлекетінде - Ніл өзенімен байланысты жер суару жұмыстар) . Сонымен, марксистік типологиясының негізін қалыптастыратын қоғамның экономикалық базисі мен таптық құрылысы. Марксизм мемлекеттің тарихи типтерін қоғамның даму құрылысымен және экономикалық формация деген түсініктерімен байланысты болды. Экономикалық формация базис (бұл қоғамның белгілі бір даму дәуіріндегі экономикалық құрылыс) пен қондырмадан (әрбір базистің өзінің қондырмасы болады) тұрады. Базисті өндірістің тәсілі белгілейді. Өндіріс өндірістік қатынастар мен өндіруші күштерден тұрады. Осы формация марксизм құл иеленушілік, феодалдық, буржуазиялық және социалистік мемлекеттерді сәйкес келтіреді. Мемлекеттің тарихи типтері осы экономикалық-қоғамдық формация мен тығыз байланыста дамуға тиісті.
Бұлайша мемлекеттедің типтерін жіктеудің тиімді жақтары:
1) Әлеуметтік-экономикалық факторлардың негізінде мемлекетті бөлу идеясының өзі тиімді, себебі шын мәнісінде ол қоғамға маңызды ықпал етеді;
2) Ол мемлекеттің табиғи-тарихи дамуындағы ерекшеліктерін көрсетеді.
Жетімсіз жақтарына:
1) ол көп жағдайда біржақты, арықтау жоспарларымен сипатталады, сонымен бірге, тарих көпжақты кестелі және әр уақытта сол үшін алдын-ала белгіленген кестеге сай болуы әруақытта болмайды.
2) бұл ретте рухани факторлар есепке алынбайды.
Әлемдік әдебиеттерде мемлекет типологиясының классификациясына көптеген негіздер келтірілген болатын. Басқаларға қарағанда олардың ішінде ең көп кездескені мемлекеттерді демократиялық және демократиялық емес деп бөлуді ұсыну болатын. Мемлекеттерді тануға көмек көрсететін мұндай классификация тек мүмкін ғана емес, сонымен қатар маңызды болып табылады. [4]
Соңғы кездері мемлекеттердің типін тоталитарлық, авторитарлық, либералдық және демократиялық деп жіктеу кең етек алуда.
Тоталитарлық мемлекетте адам мемлекеттің машинасының винтигі болып табылады. Билік не басқарушы элитаның немесе диктатор мен оның айналасындағылардың қолында болады. Ал қалған барлығы басқару мен билік етуден аластатылады. Бұл кезде құқықтық реттеудің режиміне "Заңмен тыйым салынбағандардың барлығына рұқсат етіледі" деген сәйкес келеді.
Авторитарлық мемлекет тоталитарлық мемлекеттерден оның құрамында кішкене болса да демократиялылық пен заңдылықтың элементтері бар болады.
Либералдық мемлекеттер доктриналар мен идеялардың негізінде құралады. Бұл мемлекетерде тұлғаның мемлекеттен құқықтық тұрғыдан автономиялануына мүмкіндік беріледі, мемлекеттің жеке өміріне негізсіз қол сұғуға мүмкіндіктер жасалмайды. Бұл мемлекеттерде азаматтардың құқықтары мен міндеттері заңмен бекітілген, бірақ олардың жүзеге асырылуына мүмкіндіктер беріледі, "Заңмен тыйым салынбағандардың барлығына рұқсат беріледі" деген құқықтық режиміне негізделген. Дегенмен мемлекеттің және қоғамның құрылысын өзгертуге бағытталған әрекеттерге тыйым салынады.
Демократиялық мемлекетте мемлекеттің және қоғамның маңызды деген сауалдарын шешуде азаматтардың нақтылы қатысуына мүмкіндік берілген және мемлекеттің барлық органдары сайланбалы және адамдардың бақылауында болады.
Қарастырылып жатқан классификация ғылыми және практикалық маңызға ие болып отыр. Оның басты критериі ретінде саяси, нақтырақ айтқанда мемлекеттік-құқықтық режим болып табылады.
Аталған мемлекет типологиясы жалпы алғанда және толықтай құқыққа да тиесілі болып табылады. [5]
Мемлекеттерді цивилизациялық, өркениеттік критериімен де бөлу қазір жиі кездеседі. Цивилизациялық әдістің және формациялық бөлудің айырмашылықтары көп. Формациялық критерий көбіне қоғамның таптық құрылысы мен өндірістік тәсіліне көңіл аударады. Бұл типологияның сыңар жақ түсіндірілуі. Мемлекеттердің ерекшеліктерін білу үшін қоғамның барлық салаларының базисін зерттегенде оған қоса қоғамның мәдени-рухани деңгейін зерттеп, орнын көрсету қажет және қанаушы таптан басқа қоғамды құрған барлық топтарды зерттеп орындарын, рөлін, маңызын түсінген дұрыс. Қоғамның әдет-ғұрыптарын, әр топтың саналары мен құқықтарының деңгейін білу қажет. Ал зерттеудің ең маңызды мақсаты - жеке адамның бостандығы мен құқықтарын, әлеуметтік жағдайын және еңбектегі қарым-қатынастарын жақсы білу - мемлекетке мінездеме беру үшін өте керек нәрселер. Қоғам бірнеше топтарға бөлінетін болса да, мемлекеттің алдында тұрған мақсат сол топтардың арасындағы қайшылықтарды бәсеңдетіп бүкіл халықтың мүддесін қорғау. Осы әдісті біз цивилизациялық әдіс деп атаймыз. Цивилизациялық әдіс мемлекет өзінің еленде тұратын адамдары үшін қандай жақсылық істеді, экономикалық, саяси, әлеуметтік, өнегелі қоғамның дамуы үшін қандай шара қолданды деген сұрақтарға жауап береді.
Цивилизациялық пікір бойынша мемлекеттің тарихи типі өзгеру үшін экономикалық базисқа қосымша қоғамның мәдени және рухани сана-сезімі жоғары деңгейде болуы қажет.
Жоғарыда айтқандай, өркениетті жолдың негізінің белгісі ретінде оның рухани жағы (мәдени, діни, ұлттық, психологиялық) жатады. Осы жолды жақтаушылардың өкілі А. Дж. Тойнбидің ойынша, өркениет - қоғамның жабық және жекелеген жағдайы, діни, ұлттық, географиялық және басқа белгілерінің жалпылылығымен өзгешеленеді. Соған байланысты олардан мынадай өркениетті бөліп айтуға болады: мысырлық, қытайлық, батыстық, провославиелік т. б.
Бұл теорияның маңызды және пайдалы тұстарына:
- Мәдениет факторларының белгілі жағдайдағы маңыздылығы бөліп көрсетілген;
- Әртүрлі өркениеттің ерекшелігін сипаттайтын рухани белгілердің кеңеюіне байланысты, мемлекетті кейіптеу төмендемеген.
Жетімсіз жақтарына:
- Әлеуметтік-экономикалық факторлар бағаланбайды.
- Бұл - мемлекетті типтеу емес, қоғамды кейіптеуге жатады.
Бұдан көргеніміздей, мемлекетті жіктеудегі өркениеттік көзқарас қазіргі заманғы қоғамның бірлік, тұтастық идеяларына негізделеді, ал өркениет әлеуметтік жүйеден тәуелсіз болатыны мемлекеттердегі, қоғамдағы адамдардың ақыл-ой байлығының құндылықтары болып табылады. Өркениеттің тұтастығы техниканың, әлеуметтік ұйымдардың, дін мен философияның өзара әрекеттесуі нәтижесінде жүзеге асырылады және осының ішіндегі ең біріншісі қалған компонентерді анықтайды.
Атап айтқандай, бұл көзқарастың, яғни мемлекеттің типін анықтаудың өркениеттік көзқарастың өз кемшіліктері бар. Менің ойымша, осы екі көзқарасты - формациялық пен өрениеттікті қосу арқылы біз мемлекетті классификациялаудың ең ықтимал және дұрыс классификациялауы пайда болар еді.
Мемлекетті типке классификациялау барлығын қамтушы болып табыламайды. Бұрынғы кезде де, қазіргі кездің өзінде өтпелі мемлекеттер деген мемлекеттердің түрлері қалыптасқан. Олардың біреулері колониалдық жүйенің құлдырауы нәтижесінде пайда болған және олар өмірде бар мемлекеттердің типіне сәйкес өмір сүрген (әдетте, буржуазиялыққа), ал кейбіреулері мемлекет типінің бірнеше түрлеріне сәйкестеніп, өздерінің даму жолдарын таңдады, ал ендігі үшіншілері мемлекеттерде бар типтерге ұқсас емес даму жолын таңдаған.
Марксистік әдебиеттерде өтпелі кезеңдегі мемлекетерге онша мән бермейді. Олардың пайымдауынша, мемлекет бір типтен, екінші бір типке революциялық жолмен өтеді және өтпелі мемлекеттер уақытша болып табылады деп ойлады. [6]
1. 3 Мемлекетті жіктеудің тарихи хронологиялық түрлері
Бұл әдістің бірнеше түрлері бар. Мысалы, иллюстрациямен істелген дүниежүзілік тарих кітабында ағылшын тарихшысы Маргарет Олифант бүкіл тарихты былай бөледі: Ежелгі цивилизациялар, Рим және ежелгі тарих, орта ғасырлар, ғылыми жаңалықтар ашу кезеңдері (1555-1650), өзгеріс және дағдарыс кезеңдері (1650-1800), одан кейін 19 ғасыр және қазіргі дәуір. Сонымен, мемлекеттің дамуын бұл тарихшы сегіз кезеңге бөледі. Ал кейбір шет елдердің ғалымдары мемлекеттің дамуын келесі кезеңдерге бөлетіні жақсы мәлім:
- Ежелгі мемлекеттердің тарихы, бұл кезең екіге бөлінеді: Шығыс мемлекеттердің тарихы, оған біздің дәуірге дейін төртінші мыңжылдығындағы пайда болған Египет мемлекеттерінен бастап, Вавилон, Қытай, Ассирия, Үндістан, Персия және басқа да Шығыс мемлекеттері жатады. Бұл кезеңнің мемлекеттері шығыс деспотияларға жатады. Бұдан кейінгі көне дәуірдегі антикалық мемлекеттерінің кезеңдері басталады, бұл кезең біздің эраның 476 жылына дейін созылады;
- 476 жылдан басталған кезең орта ғасырларға жатады, бұл кезең орта ғасырларға жатады, бұл кезең шығыс мемлекеттердің тарихында қараңғы ғасырлар деп аталды, ол ислам өркениетімен байланысты, бұл араб халифатының көлеңкесімен пайда болған ислам мемлекеттерінің тарихы. Еуропа мемлекеттерінде бұл кезең феодалдық мемлекеттердің тарихы, ол ағылшын буржуазиялық революциясына дейін жалғасады.
- Келесі кезең 20 ғасырдың басына дейін жаңа ғасырларға жатады.
- Ал қазіргі 20 ғасырдың аяғы мен 21 ғасырдың басы қазіргі дәуір деп аталады.
Хронологиялық бөлудің басқа да түрлері бар: ежелгі ғасырлар, орта ғасырлар, жаңа ғасырлар және қазіргі дәуір. Бұл хронологиялық бөлудің көп прогрессивтік жақтары бар. Мемлекет қай таптың мүддесін қорғайды немесе оның экономикалық жағдайының ерекшеліктері бар ма деген сұрақтарға жауап бергеннен басқа, бұл даму кезеңінің, дәуірдің жалпы ерекшеліктері бар ма деген сұрақтарға жауап бергеннен басқа, бұл даму кезеңінің, дамудың жалпы ерекшеліктері бар екенін анық анықтайды.
Шығыс мемлекеттері. Қазіргі уақытқа дейін шығыс мемлекеттері құлиеленуші мемлекеттердің типіне жатқызылған. [7] Шындығында, сол кездің өзінде бұл мемлекеттерді жаңа мемлекеттік типке жатқызу туралы ұсыныстар жасалып жүрген болатын және кейбір авторлардың пайымдауынша оны ондай типке бөліп қарастыруға жеткілікті негіздер бар.
Ертешығыс мемлекеттері (Египет, Вавилон, Үндістан, Қытай және тағы басқалар) бес мың жыл бұрын пайда болған. Бұл жерлерде мемлекет ұжымдық еңбекпенен басқаратын болғандықтан, мемлекет ендігі кезекте жерге жеке меншік құқығын басқарып отырды. Соның нәтижесінде қауым мүшелері мемлекетке тәуелді болып қалады.
Егер айтылғанды басқаша айтсақ, шығыстық типтегі мемлекеттердің экономикалық негізгі жерге мемлекеттік меншік және ирригациялық құрылымдар. Бұл мемлекеттерде жерге монархтың және оның жақтастарының жеке меншік құқығы да болды. Жерге меншік құқығының мұндай сипаты қоғамның құрылымын пирамида секіліді анықтай бастады: пирамиданың басында - монарх (фараон, патша) отырды, одан төменгі қатарда - оның жақындары, одан төменгі сатыда - төменгі сатылы шенеуніктер отырды. Пирамиданың негізі ретінде - мемлекеттің эксплуатациялауының басты объектісі болған қауымдастар мен құлдар болды.
Шығыстық мемлекеттердің бірқатарында құлдық отбасылық сипатта болды, оларда құлдар әдеттегі қауымдастардан айырмаланбады.
Шығыстық мемлекеттер бірнеше қызметтерді атқарды:
- қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру (иррогациялық құрылымдарды эксплуатациялар мен құруға байланысты) ;
- қаржылық - алым - салықтарды бақылау;
- әскери - барлық территорияларды қорғау және басқа бөтен территорияларды жаулап алуды ұйымдастыру;
- құлдардың қыспағын және қарсылық көрсетулерін басып-жаншу.
Құлиеленуші мемлекеттер. Құлиеленушік сипатындағы мемлекеттер ертешығыстық мемлекеттерден кейін жеке меншіктің пайда болуының, мүліктік жіктелу, қоғамның таптарға бөлінуі салдарынан пайда болды. Анағұрлым классикалық құлиеленуші мемлекеттер Грецияда және Римде пайда болды.
Құлиеленуші мемлекеттердің экономикалық базисі ретінде құлиеленушілердің тек жерге және өндіріс құралдарына ғана емес, сонымен қатар негізгі жұмыс күші - құлдарға деген меншік құқығын ие бола бастауы себеп болды. Материалдық игіліктерді жасаушылар - құлдар ешқашан құқық субъектілерінің статусына ие болған жоқ, сонымен қоймай олар эксплуатацияның құралы болған заттармен теңестірілді. Олардың мәжбүрлілігі экономикадан тыс мәжбүрлеумен қамтамасыз етілді.
Құлиеленуші мемлекеттік биліктің ұйымдастырылу нысаны унитарлық монархиялар және республикалар болды. Мысалы, монархия Ежелгі Римде өмір сүрді. Ол басқарудың республикалық нысанының орнына келді және көп уақыт бойы оның белгілеріне ие болып жүрді. Құлиеленуші республиаканы басқарудың нысаны екі түрде болды. [8] Біріншісі - барлық бостандықтағы халықтар мемлекеттік биліктің басты органдарын сайлауда қатысты. Екінші мемлекеттер - аристократиялық республика. Бұл жерде мемлекеттік биліктің басты басшыларын әскери-жер аристократиясының өкілдері сайлады.
Феодалдық мемлекеттер. Феодалдық өндірістік қатынастардың негізінде қазіргі кезде белгісіз болып отырған көптеген мемлекеттердің пайда болды. Бұл Англиядағы мен Франциядағы, Германия мен Ресейдегі, Чехия мен Польшадағы, скандинавиядағы мемлекеттердегі, Япониядағы және де басқа да елдердегі мемлекеттер. Қазіргі кездің өзінде бірқатар елдерде феодалдық сарқыншақтар сақталып қалған.
Феодалдық мемлекеттердің экономикалық негізі жерге деген феодалдардың меншік құқығымен және крепостной шаруаларға деген толық емес меншік құқықтарынан пайда болды. Қоғамның негізгі таптары феодалдар мен крепостной шаруалар болды. Сонымен қатар басқа да әлеуметтік топтар: қалалық қолөнершілер, саудагерлер мен көрестер өмір сүрді.
Феодалдық мемлекеттердің таптық дифференциациясы сословиеге бөлінумен көрінді. Оларды барлығы бір бірінен өздерінің заңмен бекітілген құқықтары мен міндеттері арқылы айқындалды. Русьте, мысалы, князь, дворян, және духовендер сияқты анағұрлым үлкен құқықтық статусқа ие сословиелер өмір сүрді.
Феодалдық мемлекеттердің мемлекеттік аппаратына әскерлер, полиция отрядтары, жандармерия, барлау органдары, салық жинау органдары және соттар кірді.
Феодалдық мемлекеттердің доминациялы нысаны әр түрдегі монархиялар болды. Басқарудың республикалық нысаны мемлекет-республикалар ғана болды (Венеция, Генуя, Новгород, Псков) .
Феодалдық мемлекеттердің соңғы этаптарында өз еңбегін еркін түрде сататын жұмыскерлерді талап ететін буржуазиялық өндірістік қатынастар пайда бола бастады. Бірақ бұл жаңа қатынастардың пайда болуына феодалдар мен олардың мемлекеттері қиындық тудырды. Сондықтан да жаңа, жас буржуазия мен феодалдар арасында қарсылықтар буржуазиялық-демократиялық революциялардың нәтижесінде шешілуі тиіс еді. Аталған құралдардың негізінде мемлекеттің жаңа типі пайда болды.
Буржуазиялық (капиталистік) мемлекет.
Мемлекеттің бұл типі қоғамның дамуына бейімделе алатын ең тұрақты мемлекеттің типі бола алды. Алғашқы капиталистік мемлекеттер үш жүз жыл бұрын пайда болған. Буржуазия билікке "Теңдік, бостандық, ағайындық" деген ұрансөздермен жетті. Буржуазиялық мемлекеттіліктің орнауы феодалдық мемлекеттіліктің орнауына қарағанда - социализмге баратын жолға қарай бір қадам алға басу болып табылады.
Буржуазиялық мемлекеттердің экономикалық негізі ретінде өндіріс құралдарына деген жеке меншік құқығы болды. Бұл мемлекеттерде барлық азаматтар заң алдында тең болатын. Буржуазиялық қоғамның құрылымы көп кезге дейін негізгі екі таптан: буржуазиялар мен жұмысшылардан құралған болатын.
Буржуазиялық мемлекеттер өзінің даму кезеңдерінде бірнеше этаптарды басынан кешірді. [9]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz