Нотариаттық қызмет субъекьтілерінің пәндік дәрістер


3. Лекция тақырыбы: Нотариаттық қызмет субъектілерінің құзіреті.
Лекция жоспары:
1. Нотариаттық қызмет субъекьтілерінің пәндік және аумақтық құзыретінің түсінігі.
2. Мемлекеттік және жеке практикамен айналысатын нотариустардың құзыреті
3. Жергілікті атқару органдарының лауазымды тұлғаларының құзіреті
4. Консулдық мекемелердің лауазымды тұлғаларының құзіреті
Лекция мақсаты: Студенттерге нотариаттық іс-әрекеттер жасау кезіндегі нотариустардың аумақтық құзыретін және ҚР нотариат туралы заңына сәйкес нотариустар басқа нотариаттық іс-әрекеттер жасау лауазымды тұлгалардың құзыретін анықтау
Лекция мазмұны
1. ҚР "Нотариат туралы"заны және Қазакстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығымен бекітілген 1998 жылғы 28 шілдедегі N 539. Қазакстан Республикасында нотариаттык іс-әрекеттерді жасаудың тәртібі туралы Нұскаулыққа сәйкес
белгіленген кұзыреттер шегінде нотариаттык іс-әрекеттер жасауы кезінде мемлекеттік нотариустардың және жеке практикамен айналысатын нотариустардың, сондай-ақ нотариаттык іс-әрекеттер жасауға уәкілдік берілген жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарының және консульдық міндетті аткарушы адамдардың Қазакстан Республикасы атынан нотариаттык іс-әрекеттер жасау тәртібін белгілейді.
Қазакстан Республикасының әкімшілік-аймақтык бөлінісіне сәйкес бір облыстың, республикалык маңызы бар каланың және астананың аумагы нотариаттык округ болып танылады.
Нотариустың қызмет ету аумағы
Заңға сәйкес нотариаттық округ шегіндегі мемлекеттік нотариустың қызмет ету ау-мағын аумақтық әділет органы белгілейді.
Нотариаттық аумақ шегіндегі жекеше нотариустың қызмет ету аумағын нотариаттық палатамен бірлесе отырып, аумақтық әділет органы белгілейді. Аумақтык әділет органы халыққа мемлекеттік және жекеше нотариустардың қызмет ету аумағын үнемі хабарлап отырады.
Нотариус кызметінің аумағы мынадай нотариаттық іс-әрекеттер жасаған кезде сақталады:
1) мұраға сенімгерлік басқарушыны тағайындайды;
2) мұраға құқық туралы куәліктер береді;
3) ерлі-зайыптылардың және ортак бірлескен меншік құқығындағы мүлкі бар өзге адамдардың ортак мүліктегі үлеске меншік кұқыгы туралы куәліктер береді;
4) тіркелуге жататын мүлікті иеліктен алу және кепілге салу туралы шарттарды куәландыру
Ал басқа жағдайлардың бәрінде жеке және заңды тулғалардың нотариаттық іс-әрекегтер жасату үшін кез келген нотариусқа жүгінуге қүқығы бар.
2. Нотариус мынадай нотариаттық іс-әрекеттер жасайды:
1) мәмілелерді куәландырады; (Мысалы қолданылып жүрген заңға сәйкес мәмілелердің мынадай түрлері міндетті нотариаттық куәландырылуға жатады:
а) рента шарты;
б) өсиеттер;
в) мүліктік баскаруға, егер занда өзгеше көрсетілмесе нотариаттык куәлан-дыруды талап ететін мәмілелерді жасауға берілетін сенімхаттар;
г) азаматтық зандармен көзделгендегіден басқа жағдайларда қайта сенім білдіру тәртібімен берілетін сенімхаттар;
д) шаруашылық серіктестіктерінің күрылтайшылық қүжаттары;
е) неке шарттары;
ж) занды мүрагерлердің олардың және мүраға әуестік кезектілігі мен олардың үлестерінің мөлшері туралы келісімі;
з) алиментті төлеу туралы келісімі.
2) шаруашылык серіктестіктерінің кұрылтай кұжаттарын куәландырады; (Құрылтай шартын куәландыру кезінде нотариус мәмілелерді куәландырудың жалпы ережелерін басшылыкка алады. Жарғыны куәландыру кезінде нотариус құрылтайшылардың колдарының дұрыстыгын куәландырады) .
3) сенімгерлік баскарушыға мұрагерлікті тағайындайды;
4) мұраға кұкык туралы куәліктер береді;
5) жұбайлардың және ортак бірлескен меншік кұкығындағы мүлкі бар өзге де адамдардың ортақ мүліктегі үлеске меншік кұкығы туралы куәліктер береді; (Мысалы:ерлі-зайыптылардың біреуі ерлі-зайыптылардың ортак мүлкіне билік ету жөніндегі мәміле жасасқан кезде, егер неке шартымен мүліктің өзге тәртібі белгіленбеген болса, екіншісінің келісімі керек болады. Сондықтан ерлі-зайыптылардың біреуі жылжымайтын мүлікке билік ету жөніндегі мәмілені және белгіленген тәртіппен нотариаттық куәландыруды және (немесе) тіркеуді талап ететін мәмілені жасасу үшін ерлі-зайыптылардың екіншісінің нотариаттык куэ-ландырылған келісімін не иеліктен айыруға жататын мүлік иесінің некеде тұрмайтыны туралы арызды талап ету қажет) .
6) мүліктерді иеліктен алуға тыйым салады және салынған тыйымды алып тастайды;
7) құжаттардың көшірмелері мен олардан алынган үзінділердің дұрыстығын куәландырады;
8) кұжаттарға қойылған қолдың түпнұскалығын куәландырады;
9) кұжаттардың бір тілден екінші тілге дұрыс аударылғанын куәландырады;
10) азаматтың тірі екендігі фактісін куәландырады;
11) азаматтың белгілі бір жерде болу фактісін куәландырады;
12) құжаттардың берілген уақытын куәландырады;
13) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін басқа және жеке заңды тұлға-ларға береді;
14) ақшаларды депозитке қабылдайды; 15) <*>
16) вексель наразылықтарын жасайды;
17) құжаттар мен багалы қағаздарды сақтауға қабылдайды;
18) теңіз наразылықтарын жасайды;
19) дәлелдемелерді қамтамасыз етеді.
Нотариусқұқықтары:
1) өзіне жүгінген жеке және заңды тұлғалардың мүдделеріне сәйкес нотариаттық іс-әрекеттер жасауға;
2) мәмілелердің, өтініштер мен баска да кұжаттардың жобаларын жасауға;
3) құжаттардың көшірмелерін және олардың үзінділерін әзірлеуге;
4) нотариаттык іс-эрекеттер жасау мәселелері бойынша консультациялар беруге;
5) Қазакстан Республикасының заң актілерінде белгіленген коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де кұпияны қүрайтын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сактай отырып, жеке және заңды түлғалардан нота-риаттык іс-эрекеттер жасауға кажетті күжаттар мен мәліметтер талап етуге;
6) ғылыми, педагогтік және шығармашылық қызметпен айналысуға, соның ішінде жалдау шарты бойынша айналысуға;
Нотариустың міндеттері
1) Нотариат туралы Заңның және Қазақстан Республикасының нотариат кызметін рет-тейтін баска да нормативтік күкыктык актілерінің талаптарына сәйкес нотариаттық іс-әрекеттер жасауға;
2) азаматтарға және заңды түлғаларға құкыктар мен міндетгерді түсіндіруге, олардың заңды білмегендігі өздеріне зиян келтіруге пайдаланылуы мүмкін болмауы үшін, жасалған нотариаттык іс-әрекеттерінің салдарлары жөнінде ескертуге;
3) кәсіптік қызметін жүзеге асыруға байланысты өзіне белгілі болған мәліметтерді кұпия үстауға;
4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келмейтін жағдайда нотариаттық іс-әрекеттер жасаудан бас тартуға;
5) кәсіптік әдепті сақтауға;
6) әділет органына және (немесе) нотариаттык палатаға өз іс-әрекеттеріне түскен шағымдар бойынша өзі жасаған нотариаттык іс-эрекеттер туралы мәліметгер, өзге құжаттар, ал қажет болған жағдайларда жеке түсініктемелер, оның ішінде кәсіптік әдеп талаптарын сақтамау мәселелері жөнінде түсініктемелер беруге міндетті.
Нотариустың кызметін шектеу
1. Нотариустың:
1) кэсіпкерлік қызметпен айналысуга;
2) шарттарды жасасу, өзгерту және бүзу кезінде делдалдық қызмет көрсетуге;
3) өкілді органға депутат болып сайланған жағдайда нотариус міндеттерін орындауға құқығы жоқ.
2. Жеке практикамен айналысатын нотариустың жалдама кызметкер ретінде еңбек қатынастарында болуға құкығы жоқ.
Нотариаттық іс-әрекеттер нотариаттык кеңсенің уй-жайында, үй-жайдан тыс жерлерде де жасалуы мүмкін. Егер нотариаттық іс-әрекеттер нотариат кеңсесі немесе жеке қызметпен айналысатын, нотариус кеңсесі үй-жайынан тыс жерлерде жасалса, онда құжаттағы куәландыру жазбасында және нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеуге арналған тізілімде нотариаттық іс-әрекеттёр жасалған орын-ның мекен-жайы және уақыты көрсетіле отырып жазылады.
Нотариаттық іс-әрекеттер бұл үшін барлық қажетті кұжаттар табыс етіліп, мемлекеттік нотариус нотариаттық іс-әрекеттер жасаған жағдайда мемле-кеттік баж салығы төленген не жекеше нотариустың нотариаттық іс-әрекеттеріне ақы төленген күні жасалады.
Нотариаттык іс-әрекеттерді жасау мынадай негіздер бойынша:
1) жеке және заңды тұлғалардан қосымша мәліметтерді талап ету кажет болганда;
2) қужаттарды сараптамага жібергенде;
3) басқа бір мүдделі адам куэландырмакшы болған кұкықты немесе фактіні сотта даулаушы мүдделі адамның жазбаша өтініші бойынша кейінге калдырылуы мүмкін. Бүл ретте нотариус қабылданған өтінішке оның кабылданған күні және өтініш беруші адамның жеке басын анықтағаны, сондай-ак өтініш берген адамға сотка жүгіну тәртібі мен мерзімін түсіндіргені жөнінде белгі соғады.
Нотариаттык іс-әрекет жасауды кейінге қалдыру туралы қаулы шыққан күннен бастап бір айдан аспайтын мерзімге кейінге қалдырылуы мүмкін ("Нота-риат туралы" Қазакстан Республикасы Заңының 41-бабының 2-тармағы) .
Нотариаттық іс-әрекет жасау кейінге қалдырылған жағдайда нотариус мүдделі адамға нотариаттық іс-әрекет жасауға жүгінген күннен бастап уш жүмыс күнінен кешіктірмей, нотариаттық іс-әрекет жасауды кейінге калдыруының дэлелді себебі көрсетілген каулыны береді.
Мүдделі адамның арызы бойынша нотариаттык іс-әрекет арыз берілген күннен бастап он күннен аспайтын мерзімге кейінге қалдырылуы мүмкін ("Нота-. риат" Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабының 3-тармағы) .
Егер осы мерзімнің ішінде соттан арыздың түскені туралы жазбаша хабар-лама алынбаса нотариаттық іс-әрекет жасалуға тиіс.
Басқа бір мүдделі адам куәландыруды өтінген кұкық пен фактіні даулаушы мүдделі адамның өтінішінің түскені туралы соттан жазбаша хабар алынған жағ-дайда, нотариаттык іс-әрекеттер жасау сот істі шешкенге дейін токтатыла түрады ("Нотариат туралы" Қазакстан Республикасы Заңының 41-бабының 4-тармағы) .
3. Аудандық манызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімі аппаратының лауазымды адамы жасайтын нотариаттық іс-әрекеттер
Елді мекенде нотариус болмаған жағдайда аудандық маңызы бар қала-ның, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің экімі аппаратының нотариаттық іс-әрекеттерді жасауга уәкілетті лауазымды адамы мынадай нотариаттық іс-эрекеттер жасайды:
1) өсиеттерді куәландырады;
2) сенімхаттарды куәландырады;
3) кұжаттар көшірмелерінің және олардан алынған үзінділердің дұрыстыгын куәландырады;
4) өтініштерге қойылған қолдың түпнұскалығын куәландырады;
Қазақстан Республикасының заң актілерінде жергілікті атқарушы органның лауазымды адамдары жасайтын өзге де нотариаттық іс-эрекеттер көзделуі мүмкін.
4. Консулдық қызметті жүзеге асыратын адамдар жасайтын нотариаттық іс-әрекеттер
1. Қазақстан Республикасының атынан консулдық қызметті жүзеге асыратын лауазымды адам мынадай нотариаттық іс-эрекеттер жасайды:
1) Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлікті иелік-тен алу туралы шарттардан баска мәмілелерді куәландырады;
2) мұраға қүқық туралы куәліктер береді;
3) ерлі-зайыптылар мен ортак бірлескен меншік қүқығындағы мүлкі бар өзге де адамдардың ортақ мүліктегі үлеске меншік күқығы туралы куәліктер береді;
4) күжаттардың көшірмелері мен олардан алынған үзінділердің дүрыстығын куәландырады;
5) күжаттарға койылған қолдың түпнұсқалығын куәландырады;
6) күжаттардың бір тілден екінші тілге аудармасының дүрыстығын куэлан-дырады;
7) азаматтың тірі екендігі фактісін куәландырады;
8) азаматтың белгілі бір жерде болу фактісін куәландырады;
9) күжаттар берілген уақытты куәландырады;
10) жеке және заңды түлғалардың өтініштерін баска жеке және заңды түлға-ларға береді;
11) ақшаны депозитке кабылдайды;
12) сақтауға қүжаттар және бағалы қағаздар қабылдайды;
13) теңіз наразылықтарын жасайды;
14 ) дәлелдемелерді камтамасыз етеді.
Қажетті әдебиеттер:
1. ҚР "Нотариат туралы"Заны, 1997.
2. Қазакстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығымен бекітілген 1998 жылғы 28 шілде N 539. Қазакстан Республикасында нотариаттык іс-әрекеттерді жасаудың тәртібі туралы Нұскаулык
4. Лекция тақырыбы Нотариаттық әрекеттерді жасаудың негізгі ережелері.
Лекция жоспары:
1. Нотариаттық әрекеттерді жасау орны.
2. Жеке тұлғалардың жеке басын анықтау.
3. Нотариатты тәртіппен куәландырылатын құжаттар мәтініне қойылатын талаптар.
Лекция мақсаты: Студенттерге нотариаттық әрекеттерді жасау орны, жеке тұлғалардын басын аңықтау тәртіптері, және құжаттарын мәтіне қойылатын талаптарды қарап, оларды үйрету.
Лекция мақсаты:
1. Нотариат меншікті қорғаумен сақталуыны қамтамасыз ететін, жеке және заңды тұлғалардың кұкықтары мен заңды мүдделерін корғайтың, заңды нығайту, қылмыстарды ескертуге заң жұзінде бекітілген жүйе. Аталған нотариаттың функцияларды жеке қарауға болмайды, демек бұлар әр түрлі нотариаттық іс-әрекеттер жасалған кезде жүзеге асады.
Шарттарды, құжаттардың көшірмелерін куәландыру және басқа нотариаттық іс әрекеттер бұлар барлықтары азаматтар мен мекемелердің мүдделерін қорғайтын функцияларға жатады. Нотариус барылық әрекеттер жасаған кезде басқа азаматтардың және мекемелердің заңмен қорғалатын мүдделерін бүзұға мүмкін. Себебі, нотариус әр уақытта белгілі бір субъектілерге қатысты әрекеттер жасайды. Болашақта ондай заңсыз әрекеттер жасамау үшін, нотариус заңмен белгіленген процедуралық нормаларды қолдануға қажет.
Мысалы, Жакипов нотариаттық кенсеге оқу дипломның көшірмесін куәландыруға өтініш етті. Нотариус нотариаттық іс-әрекеттер жасады, дипломды куәландырды. Бірақ, диплом жалғандығы айқындалды. Енді өйлап көрсек бұл маман қанша оз қызметіне сай дұрыс емес, сапасыз әрекеттер жасады, және мұндай әрекеттер жасауға нотариустын да өз уақытында дұрыс әрекеттер жасап, дипломдың жалған екендігін айқындап, оны сараптамаға жіберсе, мүндай жағдайлар болмас еді.
Сонымен нотариаттық органдарында қызметінде процессуалдық (іс-жүргізу) нормалары өте маңызды орын алады.
1. Заңға сәйкес азаматтар, мекемемелер, кәсіпорындар, ұйымдар нотариаттық іс-әрекеттер жасау туралы өтінішпен кез келген мемлекеттік нотариат кеңселерінде жұмыс істейтін нотариустар мен жеке практикамен айналысатын нотариустарға және нотариаттық іс-әрекеттер жасауға уәкілетті лауазымда тұлғаларға хабарласуға мүмкін.
Бірақ Қазақстан Республикасының заң актілерінде сәйкес жасайтын өзге де нотариаттық іс-әрекеттер көзделуі мүмкін.
Мысалы әкімнің шешімен берілген жерде құрылыс салу шарты, тек сол жердегі орналасқан нотариустармен кукәландыру мүмкін. Пәтерді сату шарты тек сол жерінде орналасқан мүліктің нотариаттық органдарымен куәландыру мүмкін Мұраны қабылдау туралы арыз тек сол мұра ашылған орындағы нотариуспен куәландыруға болады. Депозиттерге ақша және бағалы қағаздар қабылдау, тек міндеттеме орындау жерінмде орналасқан нотариустар жасалады.
Нотариус Қазакстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес баска мемлекеттердің құқық нормалары негізінде нотариаттық іс-әрекет жасайды.
Нотариус Қазақстан Республикасы халықаралык шарттарының талаптарына сәйкес жасалған құжаттарды қабылдайды, сондай-ақ егер бұл Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралык шарттарда көзделсе, баска мемлекеттердің заңдарында белгіленген нысанда куәландыру жазбаларын жазады.
Нотариаттық іс-әрекеттер жасауға арналған үй-жай белгіленген аумақ шегінде болуға тиіс. Кейбір жағдайларда нотариаттық іс-эрекеттер мемлекеттік нотариат кеңсесінің үй-жайынан тыс және жекеше нотариустың үй-жайынан тыс жерлерде жасалуы мүмкін Бұл жағдайларда нотариус нотариаттык іс-әрекеттерді тіркеуге арналған тізілімге бұл туралы мәліметтер тіркеледі.
Мемлекеттік нотариалдық кеңседе қызмет жасайтын нотариус, және жергілікті атқарушы органның лауазымды тұлғасы нотариалдык іс-әрекетті жасағаны үшін мемлекеттік бажды, Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көрсетілген ставкамен алады.
Жекеше нотариустардың нотариалдық іс-әрекеттерді жасау төлемі Қазақстан Республикасы салық заңнамасында керсетілген мемлекеттік баждардың өлшеміне сәйкес ставка бойынша жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының консулдық мекемелерінің лауазымды тұлғасы нотариалдық іс-әрекеттерді жасағаны үшін алымды консулдық тарифпен айқындалған алымға сәйкес алады.
Нотариаттық іс-әрекетті жүмыс орнынан тыс жерде жасаганда мүдделі адамдар нотариустың нақты көлік шығындарын өтейді ("Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабының 6-тармағы) .
Мемлекеттік нотариус тағайындаған сараптама бойынша шығыстарды төлеу Қазақстан Республикасы тағайындаған азаматтық іс жүргізу заңдарымен белгіленген тэртіпте жекеше нотариуспен - сараптама мекемесімен (сарапшымен) келісім бойынша белгіленген мөлшерде мүдделі адамдармен жүргізіледі.
Нотариустың кажетті жағдайларда шақыратын өзге мамаидардың қыз-метіне ақы төлеу, сондай-ақ мамандардың өздеріне жүктелген міндеттерді орын-дауына байланысты акы төлеу мүдделі адамдардың көрсетілген мамандармен келісімі. бойынша жүргізіледі.
2. Нотариус нотариаттық іс-әрекет жасаған кезде нотариаттық іс-әрекет жасауды өтінген азаматтың, оның өкілінің немесе заңды түлга өкілінің жеке басын анықтайды. Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын аныктау Қазақстан Республикасы ішкі істер немесе әділет органдары берген Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты немесе жеке куэлігі бойынша жүргізіледі. Кэмелетке толмағандардың жеке басын ата-анасының бірі (асырап алушысы) немесе камқоршысы кәмелетке толмағандардың тууы туралы куэлігінің және ата-анасының бірінің (асырап алушысының), камкоршысының жеке куәлігінің немесе паспортының негізінде аныктайды. Егер осы мерзімнің ішінде соттан арыздың түскені туралы жазбаша хабарлама алынбаса нотариаттык іс-әрекет жасалуға тиіс.
Әскери кызметшілердің жеке басы әскери бөлімдер мен әскери мекемелердің командованиелері беретін әскери қызметшілердің жеке куэлігінің немесе әскери билетінің негізінде анықталады.
Түрақты түратын азаматтығы жок адамның жеке басы Қазақстан Республикасы ішкі істер немесе әділет органдарының түратын жері бойынша тіркелгені туралы белгі соғылған куәлігі бойынша анықталады.
Қазақстан Республикасының аумағына уақытша келген азаматтыгы жок адамның жеке басы оның түратын елінің кұзыретті органдары берген және белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының ішкі істер немесе әділет бөлімдерінде тіркелген, оның жеке басын куәландыратын жарамды қужаты бойынша аныкталады.
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетел азаматының жеке басы жарамды ұлттық төлкұжаты мен Қазакстан Республикасында коныстануға ар-налған уакытша ықтиярхат бойынша анықталады,
Қазақстан Республикасының аумагына уақытша келген шетел азаматының жеке басы белгіленген тәртіппен тіркелген жарамды ұлттық төлқұжаты бойынша немесе оны ауыстыратын құжат бойынша анықталады.
3. Нотариат меншікті қорғаумен сақталуыны қамтамасыз ететін, жеке және заңды тұлғалардың кұкықтары мен заңды мүдделерін корғайтың, заңды нығайту, қылмыстарды ескертуге заң жұзінде бекітілген жүйе. Аталған нотариаттың функцияларды жеке қарауға болмайды, демек бұлар әр түрлі нотариаттық іс-әрекеттер жасалған кезде жүзеге асады.
Шарттарды, құжаттардың көшірмелерін куәландыру және басқа нотариаттық іс әрекеттер бұлар барлықтары азаматтар мен мекемелердің мүдделерін қорғайтын функцияларға жатады. Нотариус барылық әрекеттер жасаған кезде басқа азаматтардың және мекемелердің заңмен қорғалатын мүдделерін бүзұға мүмкін. Себебі, нотариус әр уақытта белгілі бір субъектілерге қатысты әрекеттер жасайды. Болашақта ондай заңсыз әрекеттер жасамау үшін, нотариус заңмен белгіленген процедуралық нормаларды қолдануға қажет.
Мысалы, Жакипов нотариаттық кенсеге оқу дипломның көшірмесін куәландыруға өтініш етті. Нотариус нотариаттық іс-әрекеттер жасады, дипломды куәландырды. Бірақ, диплом жалғандығы айқындалды. Енді өйлап көрсек бұл маман қанша оз қызметіне сай дұрыс емес, сапасыз әрекеттер жасады, және мұндай әрекеттер жасауға нотариустын да өз уақытында дұрыс әрекеттер жасап, дипломдың жалған екендігін айқындап, оны сараптамаға жіберсе, мүндай жағдайлар болмас еді.
Сонымен нотариаттық органдарында қызметінде процессуалдық (іс-жүргізу) нормалары өте маңызды орын алады.
Мәмілелерді куәландыруда және кейбір нотариаттык іс-әрекеттерді жасауда мәмілеге қатысушылар мен нотариаттық іс-әрекет жасауға тілек білдірген басқа адамдардың койылған қолдарының түпнұскалығы тексеріледі.
Азаматтардың әэрекет қабілеттілігі және мәмілелерге қатысушы заңды тұлғалардың нотариаттық іс-әрекет жасау сәтіндегі кұкық кабілеттілігі тексеріледі. Өкілмен мәміле жасау жағдайында оның өкілеттілігі тексеріледі. Жеке тұлғаның әрекет қабілеттілігі жеке басты куәландыратын кұжатта көрсетілген жасы бойынша, сондай-ак нотариуспен әңгімелесудің барысында анықталады.
Мәмілеге қатысушылардың кейбірінің жүйке ауруы немесе ақыл-есінің кемдігі салдарынан өз әрекеттерінің мәнін түсіне алмауы немесе өзін-өзі билей алмауы немесе спирт ішімдіктеріне немесе есірткі заттарға салыну салдарынан өзінің отбасын материалдық жағынан ауыр жағдайға ұшырататыны нотариустың болжамына негіз болса, ал адамның әрекет кабілеттілігі жок немесе әрекет қабілеттілігі шектелгені жөнінде мәліметтер болмаса, нотариус мәмілені жасауды он кунге кейінге калдыра тұрады және адамды әрекет қабілеттілігі жоқ немесе әрекет қабілеттілігін шектелген деп тану туралы сот шешімінің баржоғын тексереді. Егер сот осындай шешім шығармаса, нотариус Қазакстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңына сәйкес, өзінің болжамы туралы соттың алдында осы адамды әрекет кабілеттілігі жоқ деп немесе әрекет қабілеттілігін шектеу жөнінде мәселе қоюға кұқыкты адамдардың біріне немесе ұйымдардың біріне хабарлайды және қабылданган шешім туралы хабарлауды өтінеді. Құзыретті адамдардың қабылдаған шешімдеріне қарай нотариус мәмілені не куәландырады, немесе оны сотта іс каралғанға дейін токтата тұрады.
Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген заңды тұлғаның құқык кабілеті оны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік пен Жарғы (Ереже) бойынша анықталады. Занды тұлғаның Жарғысында (Ережесінде) көрсетілген мақсаттар мен міндеттерге кайшы келетін мәміле немесе басқа нотариаттық іс-әрекет куэландырылмайды.
Шетел заңды тұлғасының әрекет қабілеттілігі сауда тізілімінің көшірмесі немесе осы заңды тұлғаның белгіленген тәртіпте тіркелгендігін растайтын басқа кұжаттар бойынша аныкталады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz